Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 5В050900 Қаржы Пән циклы атауы және коды Сақтандыру

Loading...


бет1/4
Дата02.12.2019
өлшемі1.88 Mb.
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4
Қаржы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Экономика және құқық факультеті

Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг кафедрасы


«Бекітемін»

ОӘЖжҚББО жетекшісі

____ Кадиркулова А.Н.

« »________ 20__ ж.


SYLLABUS


Даярлау бағытының коды және атауы

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры

5В050900 Қаржы

Пән циклы атауы және коды

Сақтандыру



Оқу формасы

Қашықтықтан білім беру технологиясы

Академиялық кредит

3

Академиялық сағат

120

Оқыту тілі

қазақ

Оқу жылы / семестр

2019-2020/ 5

Білім деңгейі

бакалавриат


Ақтөбе, 2019 ж.
Студентке арналған пән бағдарламасы (SYLLABUS) Сақтандыру пәні бойынша оқу бағдарламасы («15» 01 2019 ж.) негізінде құрастырылды.
Құрастырушы:

Пән оқытушысы: ________ Ажаипова И.Ш., аға оқытушы


Кафедра мәжілісінде қарастырылды
№ 1 хаттама, «03 » қыркүйек 2019 ж.
Кафеда меңгерушісі ________ Таскарина Б.М.

(қолы ) ( аты-жөні)



Факультеттің Әдістемелік кеңес мәжілісінде мақұлданды
№1 хаттама, «04 » қыркүйек 2019 ж.

Әдістемелік кеңес төрағасы ________ Тлеукабылова К.Б.

(қолы ) (аты-жөні)




1. КУРС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР:

Пән оқытушысы: Ажаипова И.Ш., aich-aktobe@mail.ru

«Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг» кафедрасы, № 314 кабинет.
2. ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ:

«Сақтандыру» - арнаулы пән және қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін бұл курстың мақсаты – студенттердің сақтандыру категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алудағы, олардың сыныптамасын, әлеуметтік-экономикалық процестердегі маңызы мен орнын біліп алудағы теориялық жәнен практикалық жағынан әзірлігін қамтамасыз ету; қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс-әрекетін және қаржыны қоғамның дамуының нақты жағдайларында қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу пәннің міндеті болып табылады.


3. ББ МОДУЛЬДІК ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ


Курс

Семестр

Дәріс

Практика/

семинар

ОСӨЖ


СӨЖ


Бақылау формасы

3

5

5

5

0

80

қорытынды бақылау формасы – компьютерлік тест


4. ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТЫ: сақтандыру ісі саласында жүйелі білім беру, оның ішінде, сақтандырудың теориялық аспектілерін, сақтандыру ісін ұйымдастыру, сақтандыру қатынастарын мемлекеттік реттеу, сақтанды-рудың салалары бойынша оның ерекшеліктерін зеделеу болып табылады.
5. ПӘН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСАТЫН НЕГІЗГІ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕР:

- қаржы-экономикалық міндеттерді шешуде аналитикалық ойлауды қалыптастыру және дамыту;

- жеке және мүліктік сақтандыру шарттарын жасау кезінде сақтандыру операциялары мен аудитін талдау мен бағалауды жүргізе білу;

- сақтандыру саласында кәсіби қызығушылықты қалыптастыру;

- алынған теориялық білімді практикада қолдана білу, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандырушылардың қызметін жақсартуға ықпал ететін іс-шараларды әзірлеу;

- сақтандырудың негізгі экономикалық категориялары, сақтандырушылар қызметінің негіздері туралы ұғымды білу, қайта сақтандыру және өзін-өзі сақтандыру қызметі туралы ұғымды білу, шетелдік сақтандыру нарығының жұмыс істеу негіздері және т. б.;


6. ПӘНДІ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

- сақтандырудың негізгі принциптері мен ерекше ерекшеліктері туралы толық түсінікке ие болу;

- нарықтық экономикаға барабар сақтандыру қорғау түрлерін әзірлеу;

- сақтандыру бизнесінің теориясы мен тәжірибесін түсіну және оның негізгі ережелерін пайдалану.




Блум таксономиясы деңгейлері

Білу және түсіну

Қолдану

Талдау

Синтез

Бағалау

Оқыту нәтижелері (ОН)


сақтандырудың негізгі экономикалық категориялары, сақтандырушылар қызметінің негіздері туралы ұғымды білу, қайта сақтандыру және өзін-өзі сақтандыру қызметі туралы ұғымды білу, шетелдік сақтандыру нарығының жұмыс істеу негіздері және т. б.

алынған теориялық білімді практикада қолдана білу, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандырушылардың қызметін жақсартуға ықпал ететін іс-шараларды әзірлеу

- жеке және мүліктік сақтандыру шарттарын жасау кезінде сақтандыру операциялары мен аудитін талдау мен бағалау

Шығармашылық тұрғыдан эссе жазады;
Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;
Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін
шығармашылықпен қолданады.



Бар мәліметтер негізінде пайымдама жүргізеді. Сыртқы критерийлер негізінде пайымдама жасайды. Деректер мен бағалау пайымдамалары арасындағы ерекшеліктерді ажырата біледі. Шешімге келеді, Сыни тексеріп, бағалау жүргізеді. Дәлелдеп, ұсыныс жасайды.



7. ПӘННІҢ ПРЕКРЕКВИЗИТТЕРІ:

"Экономикалық теория"," Микроэкономика"; "Макроэкономика», «Экономикалық теория», «Ақша,несие,бантер», «Қаржы»


8. ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ:

"Статистика", "Бухгалтерлік есеп және талдау", "Бағалы қағаздар нарығы" және т. б.


9.ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ: Оn-line, Off-line режимдері

10. СӨЖ кестесі:




ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы (тақырыбы)

Тапсырма түрі

Сағат саны

Орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты кестеге сәйкес)

СӨЖ тапсырмалары

1

Сақтандырудың экономикалық мәні және мақсаты

Аннотация

8

04.11-25.11.2019

2

Қазақстан Республикасындағы сақтандыруды жіктеу

Мәнжазба

8

3

Тәуекел түсінігі және оның экономикалық салдары.

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

8

04.11-25.11.2019

4

Сақтандыру мәселелерін заңнамалық регламенттеу

АННОТАЦИЯ

8

04.11-25.11.2019

5

Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының институционалдық құрылымы.

Эссе

8

04.11-25.11.2019

6

Сақтандыру компаниясының қызметін ұйымдастыру

Мәнжазба

8

04.11-25.11.2019

7

Жеке сақтандыру

Аннотация

8

04.11-25.11.2019

8

Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру (МЖЖ).

АННОТАЦИЯ

8

04.11-25.11.2019

9

Кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру

Эссе

8

04.11-25.11.2019

10

Актуарлық қызмет


ПРЕЗЕНТАЦИЯ

8

04.11-25.11.2019

11. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

11.1 Дәрістер

Дәріс 1: Сақтандырудың экономикалық мәні және мақсаты

Мақсаты: нарықтық экономикада сақтандыру қатынастарының пайда болу негіздерін зерттеу және бекіту.

Тақырып жоспары:

1. Сақтандыру түсінігі, оның қазіргі қоғамдағы қажеттілігі мен мәні.

2. Сақтандыру функциялары мен принциптері

3. Сақтандырудың экономикалық табиғаты.

4. Сақтандыру қатынастарының жүйесі.


Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп – қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл – ауқатын  қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерінде (натуралдық – заттай қосалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай – ақ ақша ресурстарында кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв пен сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Сақтандырудың мақсаты –   қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

1 қатынастардың ықтималдық сипаты;

2 қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез  келген ауқымда – мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

– сақтық қатынастарының ақшалай сипаты,

– сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы,

– оның іс – қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отыруы,

– сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы.

– ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалылығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).

Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субьектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі  болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы кредит институты ретінде қарауға болады.

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек

көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру – қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категориялардың қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.

Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешілігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының  болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.

Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.


Дәріс 2: Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың жіктелуі.

Мақсаты: Сақтандыру ісінің негізгі ұғымдарын, терминдерін, ҚР-дағы сақтандырудың жіктелуін зерделеу және бекіту.

Тақырып жоспары:

1. Сақтандыруда қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер.

2. Сақтандыруды жіктеу қажеттілігі. Сақтандыруды жіктеу негіздері.

3. Сақтандыру объектілері бойынша және қауіптілік түрі бойынша жіктеу.

4. Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың жіктелуі: салалар, түрлері және кластары.

5. Міндетті әлеуметтік сақтандыру және оны өткізу шарттары.

6. Әлеуметтік және жеке сақтандырудың жалпы және ерекше белгілері.

7. Сақтандыруды жүргізудің нысандары мен әдістері.


Республика нарықтық өзгерістердің кеңейіп, тереңдеуі сақтандырудың рісін кеңейтіп, ықпалын да арттыруда. Әдетте, мемлекет халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде, техногендік, экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, сақтандыру системасын ұтымды пайдаланады. Тұрақты әрі сапалы түрде сақтық беру жүйесінің болуы әрбір дамыған экономиканың айқын белгісі, бұған дәләе іздесек, дүние жұзінің көптеген елінде кездестіруге болады.

Сақтандыру жүйесінің жағдайы тұрғындар мен шаруашылық субьектілердің сақтық мәдениетке және олардың сақтануға деген нық сенім дәрежесіне тәуелді болады. Қазақстанның Сақтандыру жүйесін орнықтыруда белгілі бір табыстарға қол жеткізілді десек те, қоғамға сақтандырудың рөлі және оның нарықтық экономикадағы орны мен даму өзгерістері туралы хабарламаларды әрдайым жеткізіп тұру қажет.

Сақтандыру белгілі бір қауіптен туатын қаржылық проблемаларды жоюға арналғанын түсіну, жан – дүниеге кәдімгідей тыныштық береді. Бұл өз автокөлігін, үйін, т.б.с.с. мүліктерін сақтандырған иелер үшін қалай маңызды болса, дәл солай өнеркәсіп, сауда үшін де қажеттілігі өте актуалды мәселе. Шынында да, көптеген түрлі қауіптер туындайтын жағдайда, адам өзінің ақшасын кәсіпкерлікке неліктен жұмсауға тиіс? Ал егер адамдар түрлі кәсіпкерлікке қаржы жұмсамаса, бұл жұмыс орындарының қысқаруына, тұтыну тауарлары өндірістің азаюына, импорт көлемінің көбеюіне, халықтың жалпы тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мінеки. Осы әсерде, сақтандыру кәсіпкердің кәсіпкерлік іс – әрекеттеріндегі қауіптерінің қомақты бір бөлігін сақтандырушыға жүктейді. Мұны түсінуге сондай – ақ сақтандырудың көптеген міндетті түрлерін енгізуге итермелейді. Мысалы, бұл транспорт иелерінің А:Қ:Ж: , нотариустармен аудиторларды сақтандыру, ал 2005 ж. 1 шілдесінен бастап жұмыс беруші жұмысшыны еңбек міндеттеттемелерін атқарудағы өміріне зияндылық туғызатын жағдайдан азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру енгізілді.

Сақтандырудың тағы бір жағымды жағы, ол кәсіпкерлердің белсенділігі мен іскерлігін ынталандырып, едәуір өсуіне ықпал жасайды. Бұл өз тарапынан өндірісті дамытуға капитал жұмсау арқылы асырылады, ал басқа жағдайда болса бұл қаржының келешектегі болжамды бір шығынды жабу үшін өтімді резерв ретінде сақтауға тура келеді. Сонымен қатар, орташа және ірі фирмалар төтенше жағдайға арналған қаржы резервтерін жасауы мүмкін, әрине ол қаржыны дер кезінде тез алу мүмкіндігі, әрі оны сақтау барысында есептелетін пайыздық ставканың төмендеуі қажет. Сақтандыру компаниялары мінеки осы жеңілдіктерді қамтамасыз ете алады.

Сақтандыру компанияларында шоғырланған сақтық қорының арқасында, әрбір кәсіпкер, өз қожалығында жеке резервтік қор жасауынан гөрі, одан әлдеқайда келі қаржы жинап, өз кәсібін қажетті деңгейде сақтықпен қорғай алады. Әрине бұл жерде, сақтық алуға жұмсалатын жарнаны, кәсіпкерлікке болатын белгілі бір «шығын» деп есептеу керек. Сонымен қатар, кәсіпкер өзінің іскерлігін төмендетпей, сақтандыру компаниясымен жасалған серіктестік келісім арқасында, төніп қалады –ау деген қауіп – қатерге алаңдамай жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді. Қысқаша айтқанда, кәсіпкер өндіріс басқару, жүргізу барысында жан дүниесі бір қалыпта тыныштықта жұмыс істейді.

Сақтық қажеттілігі, шығын ала жүретін қаржы келеңсіздігімен байланысты. Осы орайда сақтандыру компанияларының кәсіпорынның шығынын болжып, бақылауға деген қызығушылығы әбденорынды. Бұны жоққа шығарудың қажеті де жоқ, өйткені мекеменің шығынын болжап, бақылаудан бас тартса, онда ол сақтандыру компаниясы өзінің сақтық беру кәсібін де тоқтатуна мәжбүр болады.

Сақтандыру компаниялары өзінің қарамағындағы орасан зор ақша сомаларын шоғырландырған. Бұл қаржының жиналуы, сақтық жарнаманың төлену күні мен сақтық талап бойынша төлем жасайтын құн арасындағы мерзім кезінде орын алады. Мысалы, сақтық жарнамасы қаңтар айында түсірілсе, ол сақтық талап сол жылдың желтоқсан айына дейін де, тіпті одан кейін де түспеуі мүмкін. Сақтандырушы ол ақшаны, заңды пайдаланушы ретінде, кез – келген сақтық төлемдеріне жұмсай алады. Сақтандыру компаниясы ұзақ мерзім бойы жиналған барлық ақшалардың жарнама төлемақыларын қожалық етеді. Аталған мол ақша мыңдаған жеке заңды тұлғалар салған сақтық жарнама төлемдерінен жиналатынын атап өткен жөн.

Сақтандыру жүйесі экономиканың бір саласы болып орын алуы, «амалсыз» жиналған қорлардың пайда болуына себепкер болады. Мысалы, өз үйін сақтандырып отырған кісіде акция, меншікке мүлік сатып алуға, не несиеге беруге артық ақшасы болмауы мүмкін ғой. Сондай кезде оның сақтық жарнама ретінде берген ақшасы басқа мыңдаған адамдардың сондай төлемдеріне қосылып мол қаржының басын құрайды, ол қаржыны сақтандыру компаниясы тиімді инвестициялық салымдарға аударуына байланысты.

Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланысылған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше оқиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпымемлекеттік материалдық резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорынның , ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдыруы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның обьектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе – теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.

Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымындағы қорларды әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғаудың бағыттылығы болады. Бұл қатынастардың іс – әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен байланысты.

Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және олардың осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалығына жете отырып, адамдардың денсаулығы мен әл –

ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субьектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі  қатынастар болып табылады. Бұл – жалпы, сақтандыру мен өмірді сақтандыру және шаруашылық жүргізуші субьектілер үшін мүлікті сақтандыру.

Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.

Сақтандыру теориясында жекелей бағалау әдісі, орташа шама әдісі, проценттер әдісі бар.



Орташа шама әдісі шағын топқа бөлшектенеді, сөйтіп қатердің

белгілері бойынша мөлшерді анықтау үшін қолданылады, мысалы,

сақтандыру обьектісінің баланстық құнын, өндірістік қуатын, технологиялық циклдың түрін және т.б.

Проценттер әдісі  шикізаттар мен тағы басқалардың материалдарының жаңа түрлерін, өнеркәсіптегі жаңа өндірісжағдайымен сол секілді оның технологиясының өзгерістерінде, жаңа көлік жүйесін игеруде, құрлықтағы, судағы, әуәдегі жол қатынастарының жоғары өткізіп жіберу әрі тасымалдық мүмкіндігі бар жерлерде қолданылады.

Нарықтық экономикада сақтандыру қатердің мөлшерімен тығыз байланысты. Қатерді туралау, тарату мен бөлу техникалық тәсілден құрылады, яғни бұдан іс жүзінде барлық сақтандыру кешенін өткізу ұйымдастырылады. Қатердің пайда болуы адамдардың еркі мен оқиғаның кездейсоқтығына тәуелді емес. Бұл күтпеген апат пен бақытсыздық оқиғасына қатысты болады. Адамзат қатерге тиімді бақылау қойып және де оның қажет емес әсер ықпалын ең аз мөлшерге дейін жеткізгенде ғана сол тиісті ғылыми білімге, сол дәрежеге қол жеткізеді. Қатерді бағалау үшін нақты хабар (мәлімет) қолда болуы қажет.

Теория мен практика жүзінде экологиялық, көліктік, саяси және арнайы қатерлер деп бөлінеді.

Экологиялық қатер табиғи ортаның ластануымен байланысты, яғни нақты бір сақтандыру мүддесіне әкеп соғады. Көлік қатерлері автомобиль көліктерін, өзен, теңіз бен әуе кемелерін сақтандыруға келтіреді, сол секілді өзен, теңіз, әуә, автомобиль, әрі теміржол көліктерімен тасылатын жүктерді сақтандырылуына әкеледі.

Саяси (жазалау) қатерлер егемен мемлекет пен оның азаматттарына қатысты шет ел мемлекеттері тарапынан жасалатын құқыққа қарсы әрекеттеріне, шараларымен акцияларына байланысты. Бұл қатерлер сақтандырушының зор жауапкершілігінің ішіне кіреді.

Арнайы қатерлер деп – бұл ерекше құнды жүктерді тасымалдауды сақтандыру, мысалы, алтын, күміс және басқа қымбат заттар, металдар және олардан істелген бұйымдар, өнер шығармалары, қолда бар

ақшалар т.б. Осы қатердің мазмұны сақтандыру шартындағы ерекше жағдайда атап көрсетіледі және де сақтандырушы жауапкершілігінің

көлеміне енгізіледі.Сақтандырушы құрылған сақтандыру қорынан сақтандыру оқиғасы пайда болған кездегі зардапқа өтем беруге сақтандыру шарты әрекет етіп тұрған бүкіл кезең бойына қаржы беруге дайын болуға тиіс. Міне, осылайша теориялық тұрғыдан сақтандырушы сақтандыру ісін жүзеге асырумен байланысты тек бір ғана өзгеше қатердің қауіп – қатеріне ұшырайды.

Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қоладнылады, олар: бюджеттік жіне сақтық әдістері.

Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамдың қаражаттарын пайдалануды болжайды.

Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады, жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.

Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде – қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте – әлеуметтік сақтандыруда – қос әдіс, үшінші бөлікте – жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдіс пайдаланылады.

Сақтандырудың экономикалық категориясының материалдық ақшалай иелері сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері, сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету мен сақтық қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшылықты төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады.

Сақтық қорлары – қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтануға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамдас бөлігі. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.

Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден бір бөлігі. Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық қызметтерін көрсетуде түрленеді және мұндай қызметтер көрсетудің еркін нарығында ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы сақтық

тарифтері мен жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге сұраным олардың сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады.

Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен зияндарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады.

Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары белгілі бір уақытта тікелей арналымында – сақтық төлемдерін төлеу үшін пайдаланылады. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі тиіс. Өз кегезінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсытыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтерін көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдарының осыған ұқсас операциясы сақтық рыногында пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардың қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.

Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субьектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.

Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.



Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі обьективті  түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі.

Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі салаларының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуы, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субьектілердің мүмкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты. Сақтандыру табыс түсіру

мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды

инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі болып табылады.

Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады. Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға н/е оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгеленген соманың шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.

ҚР- ның Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:



  • міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті;

  • сақтандыру обьектісі бойынша – жеке және мүліктік;

  • сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және жинақтаушы емес.

Біздің қоғамыздағы сақтандыру өзі өмір сүрген уақыт ішінде өзінің қалыптасуы мен даму процесіне байланысты айтарлықтай өзгерістерге төтеп берді. Сақтандыру жиырмасыншы жылдан бастап, сала ретінде өндіріс процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге, осылар арқылы материалдық игіліктерді жасауға ықпал ете бастады. Бүгінде біздің мемлекетіміз экономикалық әрі саяси күрделі жағдайда тұр. Сақтандыру ұйымдары аталмыш қиындықтарды бастан кешіп әрі құбылмалы жағдайға икемделіп, өздері де өзгерістерге түсуде. Cоңғы жылдар ішінде сақтандыру жүйелері түбегейлі қайта құрылушыларға төтеп берді. Осыған орай отандық сақтандыру нарығын демонополизациялаудың фактісі болып әрі осының жалғасы ретінде айтарлықтай жеделдікпен альтернативтік сақтандыру компаниялары құрыла бастады. Қазіргі сақтандырушылардың қызметтері үшін үлкен мүмкіншілік бар. Сақтандырудың бұрынғыларынан түбегейлі өзгеше жаңа түрлері пайда болды, бұл жерде сақтандыру жағдайындағы орын алған олқылықтар мен кемшіліктер ескерілген. Нарықтық қатынастың қалыптасуына орай, өзге салалармен қатар, сақтандырудың да қазіргі ҚР – ның экономикасындағы ролі арта түсуде. Осы мақсатқа орай экономикалық инфрақұрылым мен сақтандыру ісінің өзінде инфрақұрылым құру үшін сақтандыру механизмі енгізілген. Сақтандыру тіпті де оп – оңай іс емес, керісінше бұл күрделі әрі сан қырлы экономикалық механизм. Біздің қоғамымыздың экономикалық өмірінде, оның ішінде сақтандыру ісінде нарықтық қатынасты құру, жетілдіру мен дамыту міндеттері алға қойылуда. Нарықтық экономика сақтандырудың негізі болып табылады. Осы себепті де нарық пен сақтандыру қатері өзара байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...