Білім беру бағдарламасы бойынша «Информатиканы оқыту әдістемесі»

Loading...


Дата23.05.2020
өлшемі258.33 Kb.
түріБілім беру бағдарламасы
05В011100 «Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша «Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары

28. Мектеп информатикасының базалық курсы .

Базистік оқу жоспарына сәйкес информатикаға бөлінген сағат санының қысқалығына байланысты білімге қойылатын талаптар да қайта қаралып нақтыланады.

Стандарт құрылымы талапқа сәйкес төмендегідей бөлімдерден тұрады:

- қолданылу аймағы;

- нормативті сілтемелер; анықтамалар мен қысқартылған сөздер;

- жалпы ережелер, информатика пәнінің жалпы сипаттамасы;

- оқу бағытының түрлері мен мазмұны;

- информатикадан оқу жүктемесінің көлемі;

- информатикадан білім берудің базалық мазмұны;

- оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;

- оқу үрдісін ұйымдастыру мен оны жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптар.

Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде информатика курсын үздіксіз оқытудың төмендегідей құрылымы ұсынылады: пропедевтикалық, базалық (негізгі) және бағдарлы кезеңдер. Бірақ, бұл ұсынысты барлық мектептер толық меңгермейді, мектептің спецификасына байланысты біреулері – толық, ал біреулері толық емес. Информатика курсы бойынша мектептегі білімнің негізгі өзегі – информатиканың базалық курсы, өйткені информатика бойынша білім беру стандартының жобасына сәйкес базалық курс «оқушының информатика бойынша дайындығының міндетті жалпы білімдік минимумы» болып табылады. Мектептегі информатика пәнін негізінен іске асыратыны информатиканың базалық курсы, себебі информатикадан білім беру жобасының стандарты бойынша, базалық курс информатикадан оқушылардың дайындықтарының міндетті жалпы білімдік минимумын қамтамасызетеді(2017жылғы«25»қазандағы №545 бұйрығына 12-қосымша).  6-сыныпқа арналған оқу пәнінің базалық мазмұны:

1) «Компьютерлік жүйелер мен желілер». Эргономика, қауіпсіздік техникасының ережелері. Есептеу техникасының дамуының тарихы. Компьютердің негізгі құрылғыларының өзара байланысуы. Операциялық жүйенің негізгі функциялары. Сымсыз желілер;

2) «Мәтіндік құжаттардағы сілтемелер». Түсіндірме. Гиперсілтемелер. Мазмұн. Реферат жасау;

3) «Мәтіндік ақпаратты ұсыну». Ақпаратты тасымалдау. Мәтіндік ақпаратты шифрлеу. Ақпаратты екілік код түрінде ұсыну;

4) «Компьютерлік графика». Векторлық бейнелерді құру. Растрлық және векторлық бейнелерді салыстыру;

5) «Компьютерлік ойындарды әзірлеу». Компьютердегі есептерді шешу қадамдары. Алгоритмді блок – схема түрінде ұсыну. Компьютерлік ойынның тұжырымдамасы;

6) «Компьютерлік ойындарды құру». Ойын ортасындағы сценарийді әзірлеу және жүзеге асыру. Ойынды жасау барысында қолданылатын компоненттер. Программа ортасында қателерді табу және жөндеу. Ойындар үшін құжаттамалар. Сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұн, атау, түсіндірме). Қолданылған ресурстарға сілтемелер.



29.Бастауыш сыныптарда балалардың дамуына АКТ-ны қолданудың негізгі бағыттары.

Бастауыш сыныптарда жас ерекшелігіне сай АКТ-ны қолдануда оқу материалдарының сапасы артады, оқушылар өз бетінше ізденуге, еркін ойлануына және оқушылардың әдетінше ғаламтордағы әдемі көріністерге қызыға бермей, шынайы өмірді әдемілеп бейнелеуге болатынына көз жеткізді және оның күнделікті өмірге жақын екендігін түсінді

Жалпы оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы: 

1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады. 

1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады. 

2. Шығармашылық қабілеттері артады. 

3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады. 

4.Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды. 

5. Компьютерлік сауатты болуға үйренеді. 

Информатиканы бастауыш сыныптан бастап оқыту қажеттiгiн алғаш рет 1979 жылы А. П. Ершов, Г. А. Звенигородский жəне Ю. А. Первин ұсынған. Олар төменгi сыныптар үшiн информатиканы оқыту мазмұны мен программалаушы түрiндегi ойлауды қалыптастыру үшiн қажеттi көрiнiстер мен түсiнiктердi анықтаудың құрылымын ұсынды. Бұл ой-тұжырымдар келесi А. А. Дуванов, Я. Н. Зайдельман, Ю. А. Первин, М. Гольцмандар бiрлесiп жасаған «Роботландия» программалалық-əдiстемелiк жүйеде көрiнiс тапты.Роботландия курсы бастауыш сыныптарға информатиканы енгiзудi алғаш рет бастаған тəжiрибелiк жұмыстардың бiрi, өйткенi, бұл жылдары орта мектептiң тек 9-10 сыныптарына ғана информатика пəнi оқытылатын едi. Сондықтан, бiрден төменгi сыныптарға информатиканы енгiзудi авторлар былай түсiндiредi: оқушылардың ойлауының қалыптасуына информатика курсының рөлi өте маңызды екендiгiн; ЭЕМ-де оқушылардың ақпараттармен практикалық жұмыстар жүргiзу қажет екендiгiмен; компьютер информатика курсын роботтар елiне деген сияқты қызықты ойындарға айналдыруға мүмкiндiктер туғызадыдеп тұжырымдайды: – оқушыларға əлемнiң ақпараттық бейнесiн қалыптастыру (бұл мiндет информатикада жаратылыстану ғылымында қойылады); – оқушыларда компьютерлiк сезiм қалыптастыру. Мұнда оқушылар ЭЕМ-дi тиiмдi пайдалана бiлулерi керек. Қажеттi құрал ретiнде пайдалану мерзiмi мен мүмкiндiктерiн бiлуi керек; – ойлаудың операциялық стилiн қалыптастыру.

6-9 жастағы балаларға компьютерлiк бiлiм берудiң келесi мақсаттары мен мiндеттерiн қамтыған: – ойлаудың түрлерiн дамыту үшiн компьютердi пайдалану; – компьютердi оқытудың, жобалаудың, музыкамен шұғылданудың, бейнелеу өнерiмен айналысудың, есептеудiң өңдеу құралы ретiнде пайдаланудың мүмкiндiктерi жөнiнде түсiнiктер беру; – балалардың есептеуiш техникаға деген қызығушылығын жəне жағымды сезiмдiк қарым-қатынасын тудыру; – балалардың компьютермен жұмыс iстеуге бiлiмдерiн, біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыру.

Бiздiң елiмiзде бастауыш мектептерге информатика курсын 1-3 сыныптардың оқу үдерісіне алғаш рет дамытушы компьютерлiк ойындар арқылы енгiзудi Ж. С. Сардарова ұсынған. Оның алға қойған мақсаты: бастауыш мектептердiң оқу барысында пайдаланатын дамытушы компьютерлiк ойындар жүйесiн теориялық тұрғыдан негiздеумен қатар, олардың пайдалану əдiстемесiн жасау болып табылады. Қазақ мектептерiнiң бастауыш сыныптарына алғаш рет мектептiң 1-3 сыныптарына арналған «Компьютерлiк сауаттылық элементтерi» атты пəн енгiзілдi. Курсты оқыту үшiн 1-3 сыныптарға арналған төмендегідей мазмұнды бағдарламалар ұсынды: Электрондық есептеуiш техника туралы түсiнiк. Компьютер, оның мүмкiндiктерi, пайдалану аясы, қызметi жөнiнде алғашқы мағлұмат, қауiпсiздiк, санитарлық-гигиеналық талаптар. Компьютержəне оның мүмкiндiктерi, негiзгi тетiктерi. Компьютердi жұмысқа дайындау жəне жұмысты аяқтау. Пернетақта пернелері, олардың қызметi жəне қолданылу аясы. Арнаулы белгiлер. Қазақ, орыс жəне ағылшын алфавитiне жаттығу. Мəтiнмен жұмыс. Сандарға арифметикалық амалдарқолдану. Дайынжаттықтырушыпрограммаменжұмысжасау. Компьютердiң көмегiмен сурет салу. “Торкөз” тестік редакторы. ”Иллюстратор”, ”Конструктор” графиктiк программаларымен жұмыс. Өз бетiмен арнаулы пернелердің көмегiмен сурет салу. “Музик” жаттықтырушы программасымен жұмыс. Геометриялық фигуралар. Бұл бағдарламалар Алматының №131, 163 мектептерiнде сынақтан өткiзiліп, келесiдей қорытындылар жасалды: бастауыш сынып оқушыларының жаңа технологияны танып меңгеруге жəне компьютерлiк ойындарға деген баланың қызығушылығының жоғары деңгейде болғандығы анықталды; берiлген курсты тез де жеңiл меңгергені; компьютерлiк ойын негiзiнде құралған материалдарды ерекше ынтамен меңгергендiгiн байқатқандығын анықтады да, «Компьютерлiк сауаттылық элементтерi» курсын бастауыш мектептерде оқытудың тиiмдi екендiгiне көз жеткiзедi.



30.Мектеп курсында “Компьютер ақпаратты өңдеудің әмбебап құрылғы ретінде” бөлімін баяндау әдістемесі.(325-326 бет М.П.Лапчик,Ж.К.Нұрбекова Информатиканы оқыту әдістемесі Алматы,2014)

Тақырып: «Компьютер ақпаратты өңдеудің əмбебап құрылғысы ретінде».

Компьютерді ақпаратты өңдеудің əмбебап құрылғысы ретінде оқып-үйренуді келесі схема түрінде жүзеге асыруға болады: ком- пьютер құрылғысы жəне олардың қызметі – компьютер жұмысының программалық принципі – программалық жабдықтама құрылымы – операциялық жүйелер – файлдық жүйе – графикалық пайдаланушы интерфейсі.

1-сабақ

Тақырып: «Компьютер құрылғысы жəне олардың қызметін оқып-үйрену əдістемесі».



Дидактикалық мақсаты: Компьютер құрылғысы жəне олардың қызметін оқып-үйренудің əдістемелік аспектілерін бейнелейтін жалпы кəсіби дайындықтың білімдік компонентін игеру.

Оқытуды ұйымдастыру формалары: сараланған-топтық.

Оқыту технологиялары мен əдістері: жағдайлық тапсырмаларды шешу əдісі.

Оқыту құралдары: оқу-əдістемелік əдебиет [2,3].



Теориялық мəліметтер

Информатиканы оқыту үдерісінде белгілік-символдық құралдары коммуникативтік орналастыратын, танымдық-жүйелендіретін жəне модельдейтін қызметтерді орындайды. Оқу материалын дəстүрлі бе- руде, алдыңғы кезекте білімді əрі қарай жүйелендіретін мағынаны білдіретін түсіндірмелі-көрнекілік ақпарат иллюстрация-схемалары қолданылады.Схемалар-графтар информатика бойынша оқу материалының құрылымын бөлшектеп жеке элементтерге (фреймдер) бөлу жəне олардың арасындағы ішкі логикалық байланысты оларды қосатын жəне бағытталған сызықтар көмегімен белгілеу жолымен бейнелейді. Блок-схемалар үшін кеңістіктік жəне уақыттық алгоритмнің бейнесіне тəн, олардың фреймнен маңызды айырмашылығы, бей- неленген материалдың құрылымы қатты, яғни схемада бір элемент болмаса себеп-салдар байланыстарында үзіліс пайда болады [4].

Егер құрылымы аяқталмаған түрде немесе сабақта құрастырылса кестелік-матрицалық құрылымды информатиканы оқыту үдерісінде қолдану тиімді. Құрылымдық-логикалық схемаларды схема-графтар деп атайды, олардың элементтері дидактикалық жіктеулер нысан- дары жəне білімнің мағыналық байланыстары немесе оқу пəнінің тақырыптары болып табылады. Функционалды құрылымдық- логикалық схемалар формуламен, графикамен, суретпен (элемент- тер қызметтік мазмұнын ашатын) толықтырылған оқу материалының графын көрсетеді.

Оқытудың технологиялық компоненті

І. Оқу ақпаратын құрылымдау.

1-тапсырма. Мектеп оқулықтарында қандай компьютер құрылғылары (олардың қызметі мен сипаттамасы) қарастырылатындығын талқылаңыз.

2-тапсырма. Сыртқы жады құрылғысын жазба тəсілі жəне ақпаратты санауы бойынша жіктеңіз. Нəтижелерін қызметтік құрылымдық-логикалық схемалар түрінде көрсетіңіз.



ІІ. Жағдаяттық есептер.

1-жағдаят. Жаңа білімді меңгеру сабағын жоспарлай отырып, мұғалім келесідей бақылау сұрақтарын тұжырымдады: ақпаратты енгізу құрылғысы қандай қызметті қамтамасыз етеді? Қандай негізгі пернелер топтарын пернетақтада ерекшелеуге болады жəне олардың қызметі қандай? Енгізу координаттық құрылғыларының қандай типтері бар жəне олардың əрекет принципі қандай жəне т.б.



Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Сабақта қандай тақырып оқып-үйретіледі? Оқушылар қандай компьютер құрылғыларымен танысады?

2. Сабақтың негізгі ұғымдары жұмысын ерекшелеңіз жəне түсіндірмелі сөздік құрастырыңыз. Бақылау сұрақтарының тізімін толықтырыңыз.

3. Жаңа материалды оқып-үйрену кезеңінде талқылау үшін эвристикалық сұрақтарды ұсыныңыз. Оқушылардың субъективті тəжірибесін сабақты табысты өткізу үшін қалай қолдануға болады?



2-жағдаят. Мұғалімге «Компьютерлендірілген киім» қызықты фактісі кезікті: Токиода жапондық электрондық корпорациялардың бірі болашақ киімін көрсетті (текстиль мен жоғары технологияларды біріктіру).

Күртеше жеңіне кішкене жатық экран жəне миниатюрлі пернетақта қойылған. Мини-компьютер интернетке ұялы байланыс бойынша кіреді. Егер күртешеге тыңдағыштарды микрофонмен бірге қосса, онда ұялы телефон туралы ұмытуға болады, өйткені жеңде əңгімелесушінің суретін көруге болады.



Практикалық тапсырмалар

1. Аталған фактіні информатика сабағында қалай пайдалануға болады? Аталған факт бойынша «Ұғымдар ағашы» схема-графын құрастырыңыз.

2. Оқушылардың пəн бойынша қосымша материалдарды оқып- үйренуге бағытталған өзіндік жұмысын қалай ұйымдастыру керек?

Əдістемелік ұсыныстар

Сабақта оқу ақпаратын құрылымдауға арналған жəне 2 жағдаяты шешу үдерісінде тапсырмаларды орындау үшін іздеу жүйесін пайда- лану мақсатқа лайық.

Ақпаратты өңдеу – бұл мақсатқа бағытталған үдеріс. Ақпаратты өңдеуді табысты орындау үшін орындаушыға өңдеу тəсілі белгілі бо- луы керек, яғни қажетті нəтижеге жетуге бағытталып орындалатын əрекет тізбегі. Мұндай əрекеттің тізбектілігін информатикада өңдеу алгоритмі деп атау қабылданған.

Ақпаратты өңдеу туралы əңгіме базалық курстың сəйкесінше алгоритмдеу тарауында қарастырылады. Мұнда біз алгоритмдер тақырыбы информатиканың негізгі іргелі ұғымдарынан – ақпараттық үдерістер ұғымынан шығатындығына назар аударғымыз келіп тұр. Оқушылар ақпаратты өңдеуге байланысты жағдайларға мысалдар келтіре білуі тиіс. Мұндай жағдайларды екі типке бөлуге болады.



Өңдеудің бірінші типі: жаңа ақпаратты, білімнің жаңа мазмұнын алумен байланысты өңдеу. Бұл өңдеудің типіне математикалық есептерді шешу жатады. Бұған логикалық ойлауды қолдану жолы- мен əртүрлі тапсырмаларды шешуді жатқызуға болады.

Өңдеудің екінші типі: пішіннің өзгеруімен байланысты, бірақ мазмұнын өзгертпейтін өңдеу. Ақпаратты өңдеудің бұл типіне, мы- салы мəтінді бір тілден екіншісіне аудару жатады. Пішін өзгереді, бірақ мазмұны сақталуы тиіс.

31.Жаратылыстану-математикалық жəне гуманитарлық бағыттарға арналған информатиканың кəсіби курстары.

Жаратылыстану-математикалық бағыт үшін «Информатика» пəнін игеруде информатиканың алгоритмдер мен программалау, ақпараттық технологиялар, ақпараттандыру құралдары бөлімдері техникалық жəне жаратылыстану-ғылыми қызмет саласында қолдану мүмкіндіктерін ашуға бағытталып қарастырылады.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптарда «Информатика» пəні мазмұнының негізі ретінде келесі аспектілер алынады:

1) іргелі ғылым ретінде информатиканың қазіргі жағдайының мектеп курсына сəйкес бейнеленуі;

2) «ақпараттық үдеріс» ұғымы арқылы оқыту мазмұнын сабақ- тастыру негізінде информатиканың ғылыми пəн ретіндегі мəнін көрсету;

3) оқу материалын адамгершілік, ізгіліктілік, патриоттық жəне т.б. тəрбиелік құндылықтармен байыту;

4) оқушылардың ойлауын қалыптастыру жəне дамыту, оларға шектен тыс ақпараттар ағымымен қаруландыруға мүмкіндік бермеу;

5) ақпаратпен тиімді жұмыс істеу əдістеріне үйрету;

6) информатика курсының пəнішілік жəне пəнаралық байланыс- тарын белсенді түрде қолдану;

7) тəжірибеде қалыптастырылған білім мен біліктіліктерді жал- пылай қолдану тəсілдеріне үйрету.

Жаратылыстану-математикалық бағыт үшін «Информатика» пəнінің теориялық жəне тəжірибелік мазмұны 1:1 қатынасы бо-йынша құрылған. Информатика сабағын өткізу барысында 20 ми- нут теориялық бөлімге, ал 25 минут тəжірибелік бөлімге арналып оқытылады. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сынып- тар оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

10-сынып оқушылары:

Нені білу керек:

– қолданушылық интерфейс мəнін;

– жоғарғы деңгейдегі программалау тілдері орталар түсінігін;

– программалау жүйелерiнiң ерекшелiктерiн;

– құрылымдық, модульдық, объектiлi-бағдарлы программалау

ұғымдарын;

– макрос ұғымын;

– анимацияныжəнемультипликацияныұйымдастырунегiздерiн; – үйретуші, бақылаушы, ойын программаларын жасау

принциптерiн;

– компьютердi программамен қамтамасыз ету ретi мен ережелерiн;

– растрлық жəне векторлық графиканы өңдеу құралдарын;

– компьютерлiк презентация ұғымын;

– ақпараттық-логикалық модельдердi жасау технологиясын;

– пошталық программалармен жұмыс жасау принциптерін. Нені меңгеру керек:

– компьютерге қолданбалы программалық жабдықты орнатуды; – жоғарғы деңгейдегі программалаудың кез келген ортасында

символдық айнымалыларды өңдеуді программалау;

– офистікпрограммаларортасындатүрліақпараттардыөңдеуді; – макростармен жұмыс істеуді;

– арнайыпрограммалыққұралдаркөмегiменпрезентация жасай алуы;

– пошталық программалармен жұмыс жасауды. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт үшін «Информатика» оқу пəнінің міндеттері:

– əлемдік бейнені қалыптастыруда, қоғамдағы ақпарат пен ақпараттық процестердің мəнін айқындайтын информатиканың білімдерін меңгерту;

– мектеп пəндерін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдана отырып, ақпараттық модельдерді нақтылы обьектілер мен үдерістерді түрлендіру, талдау жəне оны қолдана білу дағдыларын игерту;

– түрлі мектеп пəндерін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары мен информатиканы оқыту əдістерін оқушының өзіндік танымдық іс-əрекетін жəне шығармашылық қабілетін дамыту. Гуманитарлық бағыт үшін «Информатика» пəнінің теориялық жəне тəжірибелік мазмұны 1:1 қатынасы бойын- ша құрылған. Информатика сабағын өткізу барысында 20 ми- нут теориялық бөлімге, ал 25 минут тəжірибелік бөлімге бөлініп, оқытылады.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жоғары сыныптар оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

10-сынып оқушылары:

Нені білу керек:

– тұйықталған жəне ашық ақпараттық жүйелер ұғымын;

– кері байланыс ұғымын;

– мəтіндік ақпаратты өңдеудегі компьютерді программалық

қамтамасыз етудің мəнін;

– объектілі-бағдарланған программалау ұғымын;

– макростар ұғымын;

– объектілі-бағдарланған программалау ортасында символдық

өңдеудің мəнін;

– аударма программаларының мəні;

– порталдар ұғымын;

Нені меңгеру керек:

– тұйықталған жəне ашық ақпараттық жүйелерде тапсырмалар

орындауды;

– мəтіндік ақпаратты өңдеудегі компьютерді программалық

қамтамасыз етумен жұмыс істеуді;

– вирустан қорғау программаларымен жұмыс істеуді;

– объектілі-бағдарланған программалау ортасында символдық

айнымалыларды программалауды;

– аударма программаларымен жұмыс істеуді;

– веб-сайттар мен порталдардың мүмкіндіктерін қолдануды.

32.Мектептің жоғарғы сатысында информатиканы саралап оқыту (10-11 сыныптар).

(М.Шошақ: Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі 85бет)

Қазіргі жаңа педагогикалық технологиялардың бірі – профессор Ж.Қараевтың «Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы». Оқушының танымдық білімін кеңейтуге, қабілетін арттыруға септігін тигізеді. Ерекшеліктері:

- таланттылар өз қабілеттері мен икемділігін одан əрі бекіте түседі;

- əлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады;

- күшті топтарға оқуға деген ынта артады;

- білім дəрежесі бірдей оқу топтарына оқу жеңілдейді жəне т.б. Біздің негізгі мақсатымыз – оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені ол оқушының ойлауы, елестетуі мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан басталады. Оларды толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшеді. Бұл оқушылар арасында белсенділік туғызады жəне əр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына кепілдік береді. Ол үшін сабақтың соңында жиналған ұпайларына сəйкес нүктені оқушы өзі «даму мониторингі» бетіне белгілейді. Мониторинг бойынша мұғалім əр оқушының өткен материалды қандай деңгейде меңгергенін қадағалап, үлгермеушімен қосымша жұмыс жүргізеді. Бұл жағдайда əр оқушы əр тақырып бойынша бағаланады. Оқушының даму мониторингісі оның жеке басының қабілетіне қарай тақырып бойынша игерген білім сапасының объективті сипатын көрсетеді. Осы жағдайда оқушылардың даму деңгейі басқалармен емес, уақыт өткен сайын өзімен-өзін салыстыру арқылы анықталады. Ол оқушыға деген ізгілік қатынасты көрсетеді. Ал ұстазға сабақтан тыс уақытта оқушымен жеке жұмыс істеу үшін үлгірімі төмен оқушыға қажет тақырыпты анықтауына жəне оқу сапасын көтеруге мүмкіндік туады. Деңгейлік тапсырмаларды қолданудың оқыту үрдісіндегі оң нəтижелері: 1) Оқушылардың ауқымды жаттығуларды орындалуына мүмкіндік туды. 2) Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерінің дамуына əсері зор. 3) Өзін - өзі бағалауға, өзін - өзі дамытуға ұмтылады. 4) Жаңа материалды қалай меңгергенін айқындауға мүмкіндік туғызады. 5) Білімдерін нақтылап, өмірмен байланыстыра отырып, ой-өрісін дамытуды үйренеді. 6) Топпен жұмыс жасауды, пікірін нақты дəлелді мысалдармен ұштастыруға бейімделеді. 7) Оқушылар ұжыммен жұмыс жасап, бірлік пен ынтымақтың биік дəрежеге апаратынын түсінеді



33.Мектеп информатика курсындаКоммуникациялық технологиялар бөлімін баяндау әдістемесі.

«Коммуникациялық технологиялар» бөлімін баяндау əдістемесі. Коммуникациялар. Жергілікті жəне ауқымды компьютерлік желілер. Ақпараттық ресурстар жəне компьютерлік желілер сервистері. Бүкіл əлемдік өрмек, файолық архивтер, интерактивті байланысу.Электрондық пошта байланыс құралы ретінде. Желіден ақпараттарды іздеу.Іздеу машиналары. Коллекция интернеті.

Бұл технологияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт – бағдар беруі арқылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді. Білімді меңгере отырып, оқушы сын көзбен қарауға, өз ойын еркін айтуға, өз құқықтарын қорғай білуге, ақпарат көздері арқылы ізденуге, білімін толықтыруға жәрдемдеседі.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиалық және онлайн сабақтары. Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған. Осыған байланысты күнделікті сабақта:

-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық

оқулықтарды);

-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);

-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);

-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже

береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді.

Біз жұмыстарымызды сыртқы түрткінің мағынасын өзгертіп, оқуға баланың қызығушылығын арттырып, оқушыдан «оқығым келеді», «мен тапсырма орындап көрейінші», «менің жауап бергім келеді» деген сияқты мотивтермен оның іштей оқуға талпынуына үйлестіріп оқытқымыз келеді.

Оқыту процесі барысында ақпараттық технологиялардың түрінің бірі интерактивті тақтаның көмегімен сабақта тіл дамытуға арналған жаттығулардың құрылуы танымдық іс - әрекеттің дамуы арқылы оқушылардың қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру Ақпараттық технология негіздері тұлғаның қазақ тілі пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабақта видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Ақпараттық технологияның қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылатын формалары мен әдістері.

Ақпараттық технологияларды сабақ үстінде пайдаланудың формалары мынадай болып келеді:

- сабақ барысында техниканы қолдану арқылы материалды түсіндіру,

оқушыны сөйлету және пікірталас, бекіту, оқушылардың білімін бақылау,

жеке жұмыс, талдау, тестілеу, қажет ақпаратты іздестіру;

- сабақтан тыс уақытта оқушының дербес, өздігінен қолдануы, яғни үй

тапсырмасын орындау, рефераттар даярлау, өзіндік бақылау;

- мұғалімнің сабаққа даярлық кезеңінде қолдануы, яғни арнайы материалды іріктеп алу, тапсырмаларды дайындау және тағы басқа.

АКТ әдістерін төмендегідей бірнеше бағытта қолданып отыруға болады:

Сабақтарда талдау жасау үшін компьютер немесе

басқа да ақпараттық құралдар арқылы көрнекілік ретінде суреттер, диаграмма мен бейнероликтерді кеңінен қолдануға болады.

2. Оқушылардың есту, көру қабілеттерін дамыту үшін табиғаттағы заңдылықтар мен үрдістерді анимация арқылы қолдануға тиімді.

3. Мультимедиялық оқулықтар көмегімен күрделілігі жөнінен түрлі деңгейдегі тапсырмалар мен практикалық жұмыстарды орындауға болады.

4. Алған білімдерін тексеріп, бекіту өте тиімді. Қазіргі кезде оқытудың жаңа

үрдісіне сай колледждерде барлық пәндерден тест әдісі кеңінен қолданылады. Әсіресе тарау, тақырыпты қорытып, қайталауда тест тапсырмаларын оқушылар қызыға орындайды.

Ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ-компьютер, интерактивті тақта, ғаламтор) оқушының оқуға мотивациясын арттырады және пәндерді оқу барысында мынадай мүмкіндіктерге қол жеткізеді:

Оқу материалдарының мазмұнын көрнекілікті, түсінікті, қызықты етеді;

Оқу материалдың суреттерін динамика түрінде көрсетуге (құбылыстарды әр түрлі жағынан және әр түрлі деңгейде);

Оқушылармен жылдам және тиімді тестілеу өткізу;

Оқушылармен өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру, анықтамалық материалмен жұмыс істеуге үйрету;

Жеке тұлғалық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыға комфорттық жағдай жасау;



34.Дидактикалық принциптер жəне информатиканы оқыту əдістері. Информатиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері. (М.Шошақ 24-25бет,39бет)

Информатиканы оқытуда əдістерді дұрыс таңдай жəне сабақта тиімді қолдана білу керек. Əдіс (грек тілінен – бағыттау деген мағынаны білдіреді) дегеніміз бір мақсатқа жету тəсілі. Дидактикада оқытудың əдістері деп мұғалім мен оқушылардың біріккен ісəрекетін жəне оқушылардың танымдық іс-əрекетін құру əдісін түсінеді. Оқытудың əдістерінің мəселелерін шешуде атақты дидакт Бабанскийдің оқытудың əдістерін мұғалім мен оқушылардың реттелген бір-бірімен байланысты іс-əрекеті ретінде анықтайтын тұжырымын ұстанамыз. Бұл білім беру мəселелерін шешуге, жеке тұлға тəрбиелеп, дамытуға бағытталған. Педагогикада оқытудың əдістерінің үлкен арсеналы жиналған. Əдісті жіктеудің өзінің анықталған ережесі болады. Алайда функционалды жағынан информатиканы оқытуда жіктеудің ең қолайлысы түсіндірмелі- иллюстративті, репродуктивті, мəселелік, бөліктеп іздеу, зерттеу əдістерімен ерекшеленеді



Түсіндірмелі-иллюстративті əдіс оқушылардың жаңа теоретикалық материалмен танысқанда компьютермен, бағдарламалық қолданбалармен жұмыста алғашқы білімдерінің қалыптасуында пернетақтамен жұмыс істеп үйренуінде қолданылады.Мұндай əдістерді (əңгіме, мазмұндама, түсіндірме) материал ақпараттық түрде болғанда немесе практикалық жұмыстың əдістерін сипаттағанда қолданған дұрыс.

Репродуктивті əдіс информатика сабақтарында тренажер бағдарламалармен жұмыста (мысалы, пернетақталық тренажер), оқытушы жəне бақылау бағдарламаларымен əртүрлі кіріспе, жаттықтырушы жаттығуларды орындағанда, комментариймен жаттығуларда қолданады. Мəселелік əдісті (мəселе сұрақтар, жағдайлар) графикалық ақпаратпен жұмыста қолданған жөн. Бөліктеп-іздеу əдісін қолданғанда оқушылар болжам құруға, есепті бақылау, тəжірибе, жоспар құру немесе танымдық есептің алгоритмін шешу, жобалау жəне тағы басқалары арқылы шешуге қызығады. Зерттеу əдісіне бақылау, тəжірибе, компьютермен, плакаттармен жəне басқаларымен жұмыс кіреді. Бұл жағдайда мұғалім оқушылардың өзіндік ізденушілік іс- əрекетінің ұйымдастырушысы ретінде танылады. Бағдарламалық оқыту əдісінде информатика сабақтарында үйретуші бағдарламалар қолданылады. Бұл əдіс «Есептеуіш техникасының сандық негіздері», «Бағдарламалық қамтамасыздандыру» тақырыптарында аса тиімді. Үйретуші бағдарламада берілген материал қатаң тəртіпте беріледі, əрбір кадр жаңа материал, бақылау сұрағы мен тапсырмадан тұрады. Модельді əдіске математикалық немесе компьютерлік құрылуы кіреді. Бұл «бəсеңдейтін жобалау» əдісі. Орта мектептің информатика мұғалімі модельдерді құру үшін электронды кестелермен жұмыста қолданады. Жобалау əдісі оқытудың жаңа əдісі болып табылады. Мұнда оқушылардың іс-əрекеті жаңа жұмыс орнын жобалайтын автоматтандырылған жұмыс жүйелерінің дамытушысының іс-əрекетімен сəйкес ұйымдастырылады. Жоба рөлінде белгілі бір тақырыпты оқу компьютерлік курсы, логикалық ойын, компьютерде модельденген зертханалық құрал-жабдықтың макеті, электронды пошта арқылы тақырыптық байланыс жəне тағы басқалары болуы мүмкін.

Информатика пəні мұғалімдерінің педагогикалық əрекеттеріне қойылатын талаптардың дидактикалық принциптеріне сəйкестілігі мыналардан түрады: - мұғалімні материалды берудегі ғылыми жəне жүйелілік принциптері; - оқытудағы кFрнекілік принциптері; - информатика сабағындагы тəрбиелей оқытуды принциптері. Дидактика принциптері – сабақ беруде (оқытуда) басшылыққа алынуға тиісті білім берудің жəне оқытудың ортақ теориясының негізгі қағидалары. Кейбір 40 принциптерді білу кейбір білмейтін принциптердің орнын оңай толтырады. (Гельвеций К.). Бұл принциптердің нақтылы ұғымының өрнектелуін информатиканы оқыту контексінде қарастырайық.

1) Ғылыми принцип бойынша (С.И. Архангельскийдің пікірін қолданған дұрыс): "Барлық хабарланатын оқу мəліметтері қазіргі алдыңғы қатарлы ғылым жетістіктеріне толығымен сəйкес келуі керек", яғни, мұғалім берілетін (оқытылатын) материалдың дəлдігіне, шындылығына жəне нақтылығына ерекше көңіл бөлуі тиіс, материалдың мазмұны, ғылыми ұғымдардың ұқыпты түрде іріктелуі қажет. Ғылыми принципін сақтау, білім беру мазмұнында осы облыстағы жаңа жетістіктерінің қамтылуын қажет етеді. мысалы ретінде компьютерлік тестілеуді айтуға болады. 2) 0қуды жүйелілік принципі (М.И. Скаткиннің сөздері бойынша) "ұғымдар мен пəн бөлімдерін оқытып, түсіндіргенде, олардың логикалық байланыстылығын жəне өзара алмаса алуын құрастыра алуында", яғни, жаңаны үйрену (ұғымдар, ережелер, талдаулар) оқушылар бұрын өтіп кеткен материалды терең түсінуінен. 3) Басқа пəндерден информатиканы өзгешілігі - ол білімнің жеңіл, жаттанды түрде ұғынылуын қабылдамайды. Яғни бұл жерде əрбір оқушының жəне тұтас сыныптың білімді белсенді жəне саналы түрде ұғыну принципінің маңызы зор. Бұл принципті іске асыру - оқыту барысында жекелік деңгейін арттыратын əдістерді қолданған кезде ғана мүмкін, мысал ретінде əрбір оқушының жеке өзі бір компыотерде жұмыс істеген кездерін келтіруге болады. 4) Оқытудың көрнекілік принципі қағидасы бойынша білімді саналы игеру, оқушылардың ғылыми танымының жəне көзқарастарының қалыптасуы тек сезімдік-практикалық тəжірибесі негізінде ғана қалыптасуы мүмкін, яғни объектілер мен құбылыстарды саналы түрде қабылдау - мектеп қабырғасындағы танымның бастапқы қадамы болып табылады. Информатикадан жаңадан беріп жүрген жас мамандарда сабақта қолданылатын көрнекілік құралдар аз, сол себептен көбірек қолдануға тырысу керек. 5) Тізбектілік жəне циклділік принциптері. Тізбектілік оқу материалының ұғымдардың логикалық тізбегі немесе қайталау материалдың бекітілу ретінде жүрілетін жəне ешқандай шеңберлері болмайтын ағаш ретінде берілуін білдіреді. Информатикада тек қана тізбектілік принципін қолдану жеткіліксіз, тізбектілік циклділік формасында жүзеге асырылуға тиісті. Бұл ұғымдардың барлық жаңа контекстерімен байытылып қайталанатындығын білдіреді. Егер өзге пəндер үшін бұл қалаулы жол болса, информатика үшін бірден-бір мүмкін жол болып табылады. Ол бəрінен бұрын информатика мазмұнын сипаттайтын күшті ішкі пəнаралық байланыстан туындайды.6) Тəрбиелей оқыту принциптері — дидактикадағы оқыту мен тəрбиелеудің арасындағы тығыз байланыстылықты қамтиды. Əдетте тəрбиелік əсер оқу үрдісі кезінде пайда болып, оқушының өзіндік қасиеттері дəл сол кезде қалыптасады. Бұл принцип дидактикалық барлық принциптерін біріктіреді. Принципті іске асыру -мұғалімнің өзінің жеке қасиеттеріне, жеке тұлғасының сапалылығына байланысты екендігі əр мұғалімнің есте сақтағаны дұрыс. Осы айтылған принциптердің бəрін информатиканы оқытуда қолдану оны тереңірек түсініп, тек жеке сабақ емес, іргелі, басқа пəндерімен тығыз байланысты пəн ретінде қалыптастырады.

Оқыту әдістемесінде дидактикалық принциптердің ең бастысы көрнекілік екені белгілі. Әрбір оқылатын ұғым, оқушылардың санасында қалайда бір көзбен шолынатын бейнемен бекітілуі қажет. Мысалы, екі санды қосу алгоритмінің орындалуын, оқушы мынадай түрде түсінуі керек . алг қосу

бүт А,В,С басы

енгізу А

енгізу В С:=А+В

шығару С соңы.



35.Күнделікті өзін-өзі бағамдау нысаны.(М.Шошақ 63 бет)

Оқыту үрдісінде оқушылардың өзін-өзі бақылау өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарлама материалымен игерген іскерлігі мен дағдысының беріктігі ақпаратты алумен қамтамасыз етеді. Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабаққа тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар игеру, ауыру т.б.) қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн. Бақылаудың дербес формасы əрбір оқушының білімін, іскерлігін жəне ынтасын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалы жəне саралап оқыту барысында жақсы нəтиже береді.

Оқушылардың үлгерімін бақылау нəтижесінде бағалау арқылы көрсетіледі. Бағалау деп жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нəтижесін білімнің, іскерліктің жəне дағдының сапасын анықтауды айтады. Үлгерімді бағалаудың білім беру жəне тəрбиелік маңызы бар. Білім берудің мағынасы оқушылар объективті білім алады. Үлгерімді бағалаудың нəтижесінде жақсы білім алады, ой-өрісі кеңиді, ғылыми көзқарасы қалыптасады, іскерлікті, дағдыны игереді. Тəрбиелік мағынасы жағынан объективті бағалау жеке адамның қасиеттерін (еңбекқорлық, қайырымдылық, ұжымшылдық т.б.) қалыптасудың құралы. Білімді, іскерлікті жəне дағдыны тексеру жəне бағалау танымдық ісəрекет кезеңдерінің бірі болады. Бұл жерде негізгі мақсат – оқушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімін жəне кері байланысын есепке алу. Оқушылардың білімін бағалау үшін мынадай жағдайларды ескеру қажет: а) оқушы білімінің жақсы жақтарын жəне кемшіліктерін дəлелдеу; баға əділетті болуы қажет, оқушының бағасын əдейі төмендетуге, оған өте жеңіл-желпі қарауға жəне ымырашылыққа салынуға болмайды; ə) əрбір баға – бұл тек білімге есепке алу емес, ол шын тəрбиелік құрал. Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайлыққа салынуға болмайды. Үлгерімді бағалау «балл» есебінде көрсетіледі. Біздің мектептерде үлгерімді бағалау жүйесі бес балды болып қабылданған: «5» бағасы – оқу материалын толық, дəл логикалық ізділікпен айтылған жауапқа қойылады; «4» бағасы – материалын толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады; «3» бағасы – жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады; «2» бағасы – оқушы жауабынан оқу қателіктер, білімінде елеулі кемшіліктер бар; «1» бағасы – тексерілген оқу материалы бойынша білім жоқ, толып жатқан өрескел қателері үшін қойылады. Есеп беру – бұл оқытудың белгілі кезеңінде оқушылар мен мұғалімнің жұмысын жинақтап қорыту. Үлгерімді есепке алуда мынадай мəселелерді еске алған жөн: Оқу бағдарламасы бойынша тақырыпты жəне тарауды оқып-үйрену үрдісінде оқушылардың білімін, іскерлігін жəне дағдысын жан-жақты бақылау керек; əрбір аяқталған тақырып бойынша оқушылардың жұмысы туралы жеткілікті толық қорытынды шығарып отыру; оқушыларға толық мінездеме беру үшін олардың оқу жылындағы статистикалық үлгерім мəліметтеріне талдау жасау қажет. Дидактикада бұл (үрдіс) алған білімді меңгеру деңгейін оқыту бағдарламасында жазылған этолондық деңгейлерді салыстыру үрдісі.

36.Информатика бар курстардың мазмұнын салыстырмалы талдау.

(М.П.Лапчик,Ж.К.Нұрбекова Информатиканы оқыту әдістемесі Алматы,2014 92-95бет)

1990 жылдардың басында-ақ, информатика курсы мектептер- ден енгізілгеніне 5 жыл өткеннен кейін (экспериментальдық бас- тама) тəжірибеге деген ынта негізінде жалпы орта мектептерде информатиканы оқытудың жаңа құрылымы жасала бастады. Жаңа құрылымның ерекшелігі, бір жағынан «жаңару» жəне төменгі буынға лайықталып оқу мазмұнының «азаюы» болса, екінші жағынан, информатика саласы бойынша мектептегі білім берудің базалық мазмұны бөлшектенді. Бұл 1990 жылдардың басында Ре- сей Федерациясының Оқу министрлігі ұсынған эксперименттік оқу жоспарларында [17] көрініс тапты, олар информатиканы үздіксіз оқыту тұжырымдамасының бастамасы еді.Жалпы білім беретін бастауыш мектептің 3-4 сыныптарына арналған информатика курсының бағдарламасы. Бағдарламаны жасағандар: (А. М. Гольцман, А. А. Дуванов, Я. Н. Зайдельман, Ю. А. Первин).

Бұл курстың мақсаты – есептерді шешудің алгоритмдік тəсілдерін дамыту, əлемнің ақпараттық бейнесі туралы түсінік қалыптастыру, іс-əрекет құралы ретінде компьютерді іс жүзінде меңгерту. Бағдарламаның мазмұны курстың барлық тақырыптарын қамтитын негізгі төрт бағыттың төңірегінде жасалды:

1. Дүниетанымдық (ақпарат – сөзі төңірегінде). Бұл жерде ақпарат жəне ақпараттық үдерістер (ақпаратты өңдеу, сақтау жəне беру) туралы түсініктер қарастырылады. Нəтижесінде дүниенің ақпараттық мəнін көре білуді, ақпараттық үдерістерді танып, талдай білуді қалыптастыру қажет.

2. Практикалық (компьютер сөзі төңірегінде). Мұнда компьютерді əмбебап ақпараттық машина ретінде таниды, ЭЕМ қолданылатын жерлері қарастырылады, балалар машинамен жұмыс істеуге дағдыланады.

3. Алгоритмдік (негізгі сөз – алгоритм, орындаушы, программа). Бұл курста кең таралған программалау тілі оқытылмайды. Роботландияның программалау шыңы – орындаушыларды басқару тілі, дамыған тілдердің негізгі құрылымдары бар болса да, қарапайымдылығы сақталады. Бұл шыңға жету алгоритмдік есептерді шығару арқылы, қарапайым атқарушыларды программалау арқылы жүзеге асырылады. Нəтижесінде алгоритмдер, оны жазу жəне орындау туралы түсінік қалыптасады.

4. Зерттеу бағыты (негізгі сөз-шығармашылық). Курстың мазмұнымен əдістемесі шығармашылық, зерттеушілік сапасын қалыптастыруға бағытталған.

Курс аптасына 2 сағаттан алғанда екі жылға жоспарланып, бастауыш мектептің 3-4 сыныптарына арналған. Курстың ерекшелігі – оның қолданбалы бағытында. Роботландияның бағдарламалық құралдарымен таныса отырып, балалар өз қолдарымен, яғни компьютерлік қабырға газеті, өз шығармаларынан кітаптар, машинада салынған суреттерден вернисаж, музыкалық редактордың сүйемелдеуімен концерттер т.б. қызықты объектілер жасай алады. Балалардың жасын ескеріп, оқытудың ойын түріне көбірек орын берілді. Оқытудың екінші жылында оқыту жобалар жүйесін қолдану ұсынылады – жеке немесе топтық тапсырмаларды балалар ұзақ мерзімде (тоқсанда, жарты жылда) мүмкіндігі бар оқу құралдары – мəтіндік редактор, графикалық жəне музыкалық ақпарат жəне басқа да Роботландияға кірмейтін қолданбалы бағдарламаларды пайдаланып орындайды.

Осы екі жылдық курсты бітірген оқушылар басқа пəндерді оқу барысында компьютерді еркін жəне сауатты пайдалана алады деп есептелген. Сонымен қатар, оқушылардың информатикалық білім мазмұнына қойылатын талаптарды анықтайтын маңызды құжат «Информатика бойынша мектептегі білім мазмұнының негізгі компоненттері» қабылданды .

«Негізгі компоненттердің» мазмұны курстың мазмұндық- əдістемелік желісін анықтайтындай төмендегідей қысқаша түрде жинақталды:

1. Ақпараттық үдерістер, ақпараттың берілуі.

2. Алгоритмдер жəне программалау.

3. Компьютер жəне программамен қамтамасыз ету.

4. Формальдау мен модельдеу негіздері.



5. Ақпараттық технология.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
ауданы кіміні
конкурс туралы
Мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
жалпы білім
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
мелетке толма
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...