Білім беру бағдарламасы Қазақ тілі (бірінші тіл) пәнінің тест спецификациясы



жүктеу 464.66 Kb.
бет7/7
Дата15.01.2017
өлшемі464.66 Kb.
1   2   3   4   5   6   7

7.3 3-емтихан жұмысы: Жазылым


Назар аударыңыздар, төмендегі сұрақтар мысал ретінде көрсетілген, бұл толық сұрақ кітапшасы емес.


А бөлімінен бір сұраққа және В бөлімінен бір сұраққа жауап беріңіз. Барлық сұрақтардың маңызы мен бағалау шарттары бірдей. Әр сұраққа жазған жауабыңыз 450-600 сөз болуы тиіс.
А бөлімі: Шығармашылық жазба жұмысы
1 Қазақ мәдениетінде ат беру рәсімі ерекше рәсім екені белгілі. Ат беру рәсімі кейде күтпеген жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Өзіңіздің немесе отбасыңыздағы біреудің есімі туралы немесе ойдан шығарған кейіпкерге ол есімнің неге берілгені туралы күлкілі оқиға жазыңыз.
2 Көз алдыңызға бір ауылдың екі бейнесін елестетіңіз: бірнеше жыл бұрын ауылдың гүлдеп тұрған күйін және тұрғындары қалаға көшіп, ауылдың құлазып тұрған күйін. Ауылдың осы екі күйінің әрқайсысы туралы екі мәтін жазыңыз. Әр мәтін 230-300 сөз болуы тиіс. Мәтініңізде ауылдың осы екі күйіне сай орнаған көңіл күй мен ауылдың бейнесін тәптіштеп сипаттап беруге тырысыңыз.

В бөлімі: белгілі бір аудиторияға бағытталған жазба
3 Сіз «Дәрілерді жануарларға қолданып тексеру: қолдану және қарсы болу» атты телеарналық пікірталасқа қатыспақсыз. Пікірталаста қорғайтын ұстанымыздың сөзін жазыңыз. Жазбаңызда қажетті деректер және мысалдар келтіріп, өз пікіріңізді қорғаңыз.
4 Туристік кітапшаға арнап өзіңіз тұратын қала немесе аймақ туралы мәтін жазыңыз. Аймақ туралы барынша толық ақапарат беріп, көрнекті жерлерін әсірелеп суреттеп, туристерді қызықтыруға тырысыңыз.

3-емтихан жұмысы: Балдарды қою кестесі

3-емтихан жұмысын тексеру үшін балдарды қою жолының жинақталған кестесі:.



Мұнда нақты тапсырмаға балл қоюға арналған кесте жоқ. Әрбір сұраққа қойылатын балдың жоғарғы деңгейі 25 балл.
A Бөлімі: Шағармашылық жазылым

Диапазон

Балдар

Сипаттама

5


21-25

  • Тапсырмаға деген шығармашылық ұстанымы бар, аудиторияны жандандырады, өз пікірін өте сенімді білдіреді;

  • Құрылымы сәйкес және қатаң сақталған;

  • Оқырманға әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын қолданған;

  • Еркін, аяқталған ой-пікірлері күрделі нәтижелерді дәлме-дәл, биік деңгейде көрсете алады.

4

16-20

  • Аудиторияның қызығушылығын туындату үшін қажетті түрлері мен мазмұнын сәйкестендіре отырып, жүйелі түрде өз пікірін нақты білдіреді;

  • Құрылымы сәйкес және әсерлі;

  • Оқырманға әсер ету мақсатында қолданылған құралдарының үйлесімділігі, суреттеу мен баяндау жазбалары қажетті деңгейде;

  • Сөз сөйлеу мәнері әсерлі, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.

3

11-15

  • Қажетті ұстанымы, сәйкестендірілген құрылымы мен шығармашылық қабілеті анық, аудиторияны сезеді, өз ойын жобалап жеткізеді;

  • Қолданылған құрылымы дұрыс, бірақ кейбір жағдайда жүйеленбеген, құрылымнан ауытқу кездеседі немесе біртексіз құрылымдар бар;

  • Тіл қолдануға деген талпынысы, суреттеу мен баяндау жазбалары қажетті деңгейде;

  • Нақты, бірақ біртекті сөз құрылымдарын қолдану немесе техникалық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) қажетті әсер алуды төмендетеді.

2

6-10

  • Қажетті ұстаным мен мазмұн, аудиторияны сезу қабілеті байқалады;

  • Құрылымы анық емес, нақты суреттеу мен карама-қайшылықтарды баяндау қабілеті жоқ, өз ойын шамалап жеткізеді;

  • Тіл құралдарын қолдану әрекеті бар, суреттеу жазбалары қанағаттандырарлық күйде;

  • Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.

1

1-5

  • Мағына мен мәселеге тоқталғанмен, көздеген мақсатқа сай емес, қалыбы нақтыланбаған, мысалы, суреттеу сұрағына баяндау арқылы жауап береді, өз ойын білдіруде шектеуліктер байқалады;

  • Құрылым жеткіліксіз, ұйымдастырылмаған, ауытқулар байқалады;

  • Тек кейбір жағдайда ғана тілдің жиі қолданылатын әдістері баяндау мен суреттеу жазбаларына сәйкес;

  • Шақтарды қолданылуы анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы), мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.

0

0

  • Жұмыс қойылған мақсатқа сай емес, түсініксіз, құрылым мен мазмұны сай емес;

  • Төменгі деңгейде ұйымдастырылған техникалық және құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) оқушының жалпы әсер ету қабілетін көрсетуге кедергі келтіреді.

B бөлімі: Дискурсивті / деректендірілген жазылым

Диапазон

Балдар

Сипаттама

5

21-25

  • Тапсырманы орындаудағы қызықты да әсерлі, қажетті түр мен өзіндік құралдарды бірегей қолданады, аудиторияны жандандырады және пікірін сенімді де нақты білдіреді;

  • Катаң ұстанымы мен сәйкестендірілген құрылымы мәселені логикалық күйде дамытады;

  • Оқырманға әсер ету, нақтылау, түсіндіру мақсатында қолданылған көркем тіл құралдарының аясы өте кең;

  • Еркін, аяқталған ой-пікірлері күрделі нәтижелерді дәлме-дәл, биік деңгейде талқылай алатынын көрсетеді.

4

16-20

  • Тапсырмаға жақсы дайындалған, қажетті қалыпта қызығушылықты туындатады, өз пікірін нақты білдіреді;

Құрылымы әсерлі және сәйкес, мәселе мен деректерді талдауы нақты;

  • Оқырманға әсер ету, нақтылау, түсіндіру мақсатында қолданылған құралдары үйлесімді;

  • Сөз сөйлеу мәнері әсерлі, қиын деректер келтірілген, техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.

3

11-15

  • Қажетті ұстанымы, сәйкестендірілген құрылымы мен шығармашылық қабілеті анық, аудиторияны сезеді, өз ойын жобалап жеткізеді;

  • Қолданылған құрылымы дұрыс, бірақ жүйеленбеген құрылым, құрылымнан ауытқу кездеседі немесе біртексіз құрылымдар бар;

  • Әсер ету, нақтылау, түсіндіру мақсатында қолданылған тіл құралдары кей жағдайларда жеткіліксіз деңгейде;

  • Нақты, бірақ біртекті сөз құрылымдарын қолдану немесе техникалық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) қажетті әсер алуды төмендетеді.

2

6-10

  • Қажетті ұстанымы мен мазмұны, аудиторияны сезу қабілеті байқалады, өз пікірін сирек білдіреді;

  • Құрылымы анық емес, нақты деректер мен дамыту қабілеті жеткіліксіз;

  • Тіл құралдарын қолдану әрекеті бар, суреттеу, деректендіру мен әсер ету қанағаттандырарлық күйде;

  • Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) кездеседі.

1

1-5

  • Жұмыс қажетті деңгейде, мағыналы болғанымен, көздеген мақсатқа сай емес, мәселені түсінгенімен, өз ойын нақты жеткізе алмайды;

  • Құрылымы жеткіліксіз, дұрыс ұйымдастырылмаған, тақырыптан ауытқулықтар байқалады;

  • Суреттеу, деректендіру мен әсер ету мақсатында тілдің құралдары кей жерлерде ғана қолданылған;

  • Баяндауы түсініксіз, техникалық және құрылымдық қателер

  • (шақтарды қолданылуы анық емес, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.

0

0

  • Жұмыс қойылған мақсатқа сай емес, түсініксіз, құрылым мен мазмұны төмен деңгейде;

  • Таңдалған тақырыпты түсінбеген;

  • Төменгі деңгейде ұйымдастырылған, техникалық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) оқушының әсер ету қабілетіне кедергі келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет