Білім беру бағдарламасы Қазақ тілі (бірінші тіл) пәнінің тест спецификациясы



жүктеу 464.66 Kb.
бет6/7
Дата15.01.2017
өлшемі464.66 Kb.
1   2   3   4   5   6   7

7.2 2-емтихан жұмысы: Оқылым және мәтінді талдау

Төмендегі екі мәтінді оқуға 15 минут беріледі. Мәтіндерді оқып болған соң, берілген тапсырмаларды орындаңыз. Тапсырманы орындағанда тіл сапасына, тапсырманы анық және ұқыпты орындауға мән беріңіз.


Тапсырма:
Төменде берілген мәтіндердің бірі - Ахмет Байтұрсыновтың 1926 жылы жазылған тіл өнері туралы мақаласынан үзінді, ал екіншісі - 2011 жылда жазылған блог авторының қазіргі қазақ тілі туралы пікірі. Мәтіндер әр түрлі кезеңдеріндегі қазақ тілінің даму үрдісінен көрініс береді.
1 а) Екі мәтінді салыстырып, олардың тілі мен стилінің формасын, ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз. [15]
1б) Сізге мектепаралық ғылыми конференцияда тіл дамуы туралы өз пікіріңізбен баяндама жасау қажет делік. Осы мәтіндердегі мағлұматты қолданып, баяндамаңыздың тезисін жазыңыз. Тезисіңіз шамамен 120-150 сөзден тұруы тиіс. Пікіріңізді қажетті деректермен қолдап, қорғай біліңіз. [20]
А мәтіні: Ахмет Байтұрсынов, Тіл тазалығы, 1926.


Тіл тазалығы
Тіл тазалығы дейтініміз - ана тілін басқа тілдің сөзімен шұбарламау. Басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу қажет. Орыстың жақсы жазушыларын алсақ, олар көбінесе мына түрлі сөздерден қашқан:
а. Ескірген сөздерге жоламаған.

ә. Жаңадан шыққан сөздерден қашқан.

б. Өз тілдерінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан қашқан.

в. Жергілікті сөздерге, яғни бір жерде айтылып, бір жерде айтылмайтын сөздерге жоламаған.


Қазақ әдебиеті қатып пісіп жетпеген уақытта біз қазақ сөзін ескі, жаңа деп талғамаймыз, жергілікті сөз екен деп оған қатал қарап, қашып тұрмаймыз. Жалғыз-ақ, біздің мықтап қашатынымыз - жатшылдық (жат сөзшілдік) болуы тиіс. Себебі біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей айрылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдениет жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пән сөздерінің даярлығына қызықпай, өз ана тілімізден қарастырып, сөз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болып, жоғарыда айтылған талғау салтының шарты орындалады.


5
10

15


В мәтіні: Тіл туралы блогта жазылған пікір, 2011.


Басқа тілден сөз алу тіл дамуында айтарлықтай орын алатын үрдіс. Басқа тілден келген сөздер екі тіл қауымдастығы арасындағы мәдени қарым-қатынастың нәтижесі деп санайды зерттеушілер. Сөз алу екі жақты болуы мүмкін. Мысалы, қандай да бір түсініктің немесе заттың мүлдем басқа мәдениеттен келуі. Бұған араб және парсы тілдерінен басқа тілдерге тараған ‘шахмат’ (шах өлді) ойыны және оның атауы жақсы мысал бола алады.
Бірақ, көп жағдайда бұл үрдіс бір жақты болып кетеді. Бір жақтылық – екі тіл қауымдастығының біреуінің қандай да бір артықшылыққа ие болуының көрсеткіші. Яғни, «сөз беруші» жақ ие болып отырған түсініктер мен дүниелердің «сөз алушы» жақты қызықтыратын, құнықтыратын күшке ие болуы.
Бұл жағдай басымыздан жуықта ғана өтті. Қызықсақ та, қызықпасақ та, сөз қорымыздың елу пайызы орыс сөздерімен алмастырылды. Ал тіл даму заңдылықтарына сүйенсек, басқа тілден сөз алу үшін бір керемет қажеттілік болу керек. Компьютер, телефон сияқты сөздердің баламасы табылмайды-мыс болғанымен, француз тілін бақылайтын ұйым компьютер сөзінің баламасын тауып алып, барлық оқулықтарында жазып, қолданысқа енгізіп бағуда. Себеп? Француздар өздерінің ұлттық мүдделерін, әсіресе тіл мүддесін өліп бара жатса да сатпайды.
Соңымен, оқырманның назарын қазақ тілшілері мен ғаламтор қолданушылары кеңінен қолданып жүрген глобалды және контент сөздеріне аудармақпын. Қазақ сөз қорында глобалды деген сын есімге жаһандық, ауқымды, дүниежүзілік деген баламалар жетіп жатыр. Сонда бұл бөтен сөзді қабылдауың қажеттілі бар ма?
Контент сөзінің тілімізге жымысқыланып орыс хаккерлері арқылы келіп, қалып қойғаны қызық жәйт. Бірнеше жыл бұрын бұл сөз орыс тілді хаккерлердің «сөздігіне» өзара қарым-қатынасты жеңілдету үшін жүрдім- бардым еніп кеткені белгілі. Бірақ кейбір қазақ тілді басылымдар қазір бұл сөзді мазмұн деген сөздің орнына қолданып жүрген іспетті. Орыстар бұл сөзді сөздіктерінде «содержание, содержимое» деп аударады және сөздің хаккерлердің тіліне жататынын міндетті түрде көрсетіп қояды. Әсіресе «содержимое» мағынасы ғаламторға қатысты тақырыптарда көп қолданылып жүр. Яғни, ғаламторға немесе ақпаратық технологияларға қатысы жоқ жерде бұл сөз қолданылмайды. Бұл бөтен сөзді қазақ тілінде жаппай қолданатын қандай қажеттілік бар? Меніңше, себептері терең сарапты онша қажет ете қоймайды. Бұл туралы жеке басымның болжамдары төмендегідей:
1. Баяғы қанға сіңіп кеткен орыс тілін немесе басқа тілдерді қазақ тілінен жоғары қою, бұл сөздер қазақ тілінен табылмайды-мыс және бұл сөздерді қолдансақ басқа тілдерді білетінімізді көрсету (әлеуметтік тіл білімінің еншісіндегі сұрақтар). Кеңес заманында екі сөздің біріне орыс сөздерін қосып сөйлеу сән болатын.
2. Екінші себеп, баяғы енжарлық пен немқұрайдылық, ізденістен бас тарту.
3. Үшінші болжам – ғаламтор арқылы ағылып келіп жатқан ағылшын сөздеріне төтеп бере алмай мойынсұну. Төтеп берудің орнына көзді жұмып қабылдай салу.

5
10
15
20
25

30

35

40


2. Кино актер
Төмендегі мәтін - кино актерінің ток-шоуда өзінің киноға түсу тәжірибесі туралы айтқан әңгімесі.

Тапсырма: Мәтіннің тілі мен стилінің ерекшеліктерін сараптаңыздар. [15]


Жүргізуші: Түсірілім барысындағы қиындықтар мен есте қаларлық оқиғалар туралы айтып берсеңіз.

Актер: О, ол туралы айтсақ, бір ажалдан қалған жағдай да болды. Атамыз көп жасаған еді, жарықтық, жасын беретін шығар. Бір күні Днепр өзені үстінде баржаны сүйретіп жалпы көріністер түсіріліп жатты. Мен сыртта күтіп отырған едім. Бір кезде мені шақырды. Ойланбастан катерге көтерілдім.

Сценарий бойынша мен жасырынып отыруым керек, қолымда револьверім бар. Содан катер қатты жылдамдық алып баржаны жұлқып қалғанда трос үзіліп, басындағы шойын темір келіп балтырымның қара етіне тиді. Жаныма батқаны соншама, жерге жата кеттім. Тұра алмай жатырмын. Ешкім байқамайды. Өлдім деп ойладым. Режиссер рупормен: – «Қасым сенің шығатын жерің, тұр»,- деп айқайлап жатыр. Біраздан кейін мен көрінбеген соң келіп көрді де, жылдам «жедел жәрдем» шақырып, ем көрсетілді. Сөйтіп Құдай сақтап, жаным қалғаны бар. Егер басыма не болмаса сүйегіме тисе парша-парша болатын еді. Дәрігерлер ауырғанын басып берді.  – Жұмысты жалғастыра аласың ба?, - деп сұрады режиссерім. Намысыма тырысып сол күні түсірілімді жаралы түрде аяқтадым. Содан кейінгі үш күн бойы режиссерім қайта-қайта кешірім сұрап жүрді. 

Басқалар үшін қауіп-қатері молдау деген- атқа міну, қиын болған жоқ. Ауыл баласы болғандығымның арқасы ғой. Барлығы таңқалысып жатты. Жылқымен бірге жаратылғандайсың деп таңдай қағысты. Атпен түсірілген жерлерін бір дубльде түсірдік. Тура сол жерде тағы бір рет жарақаттандым. Сюжет бойынша мен шауып келемін де жаралы күйде аттан ақырындап сырғып құлаймын. Басында репетиция кезінде бір-екі рет құладым, бәрі жақсы болды. Ал негізгі түсірілім кезінде сол баяғы репетиция бойынша аттан ақырындап сырғып құладым да, жерге жақындағанда аттың жалын қоя беріп, жерге гүрс ете қалдым.

Сол кезде арқама бірдеңе гірш етіп қатты батты. Тастың үстіне түстім-ау дедім. Режиссердің ‘тоқта’ деген сөзін, жаным шығып бара жатса да шыдап күтіп жаттым. Сөйтсем, микрофонның станциясын арқама тағып қойғанын ұмытып кетіппін. Омыртқам әлі күнге дейін ауырады. Бірақ сол дубльді түсіре салысымен режиссер ойынға риза болғаны соншама, “сен бүгінен бастап менің баламсың, мен сенің өкіл әкең боламын”- деп шын жүректен жарылып жатты. “Қазақша “сынок” деген қалай болады’, - деп қазақшасын сұрап, мені елге кеткенше «балам» деп жүрді. 

Маған қиын тигені - орыс тіліндегі күрделі сөздерді тез айту болды. Әйелім орыс тілді болғанан кейін балалардың тілі қазақша шықсың деп, өзім орысша сөйлемеуші едім. Соның әсері болар, жәй сөйлеген түк емес қой, тез айтатын үлкен текстерде қиналып жүрдім.

Жұмыс барысында барынша тәртіп сақтауға тырыстым. Қазақ актерлері осындай екен деп айта жүрсін деп, жақсы пікір қалыптастыру ойымда болды. Ұдайы белгіленген уақытта сақадай сай тұру, грим мен киім киюге бөлінген уақытты кешіктірмей деген сияқты. Арнайы бөлінген автомобиль жүргізушісі де бір күні – «Қуандық, сен басты кейіпкер ретінде бір керігіп, бір минут болса да кешікші ең болмаса?», - деп қалжыңдағаны да бар.

Ол жерде шынымен жұлдыз ауруымен сырқаттанып қалуға толық болады. Өйткені, басты кейіпкер ретінде алақанға салып жүреді. Арнайы көліктен басқа киініп шешінудің өзін арнайы адамдар жасайды. Сәл үзіліс болса шай сусыныңды алдыңа жайып тастайды, арнайы белгіленген жайлы орын сайланған, қолыңдағы жүгің болса дубль арасында қолың талмасын деп арнайы адам көтеріп тұрады. Койшы әйтеуір, балаша қарайды ғой.


5

10

15

20
25

30

35
40

45



2-емтихан жұмысы: Балдарды қою кестесі
Балдарды қою кестесі екі түрге бөлінеді.

Балдарды қою жолының жинақталған кестесі: жекеленген сұрақтардың нақты мазмұнына сілтеме жасамайды тек сұрақтарға қолдануға арналған. Балдарды қою жолының жинақталған кестесі 20-25 аралық диапазонында белгіленген. Берілген кестеде балдарды қою оқушының диапазон аралығындағы толық балының аясында қарастырылады. Негізгі ұстаным - орташа балдың басқа баллмен салыстырмалы түрде қойылатындығында.


Белгіленген тапсырмаға қойылатын балл әрбір тапсырманың мазмұнын бағалайды және тапсырманың қасына қойылады.

1a және 2-тапсырмалар үшін оқушы жауабының мазмұны туралы ақпарат беру мақсатында нақты тапсырмаларға қойылатын балды қою кестесі алынады. Ол балдарды қою жолының жинақталған кестесімен бірге қолданылады.


1a мен 2-тапсырмалары үшін балдарды қою жолының жинақталған кестесі:


Диапазон

Балдар

Сипаттама

5

13-15

  • Көркем тіл құралдарын орынды және сенімді қолданады.

4

10-12

  • Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, мақсаты мен мағынасын, стилі мен тіл айырмашылықтарын жақсы түсінетінін нақты тапсырмаларға қойылатын балды қою кестесіндегідей етіп көрсетеді;

  • Көркем тіл құралдарын орынды қолданады.

3

7-9

  • Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, мақсаты мен мағынасын, стилі мен тіл айырмашылықтарын жеткілікті түсінетінін нақты тапсырмаларға қойылатын балды қою кестесіндегідей етіп көрсетеді;

  • Көркем тіл құралдарын жеткілікті қолданады.

2

4-6

  • Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, мақсаты мен мағынасын, стилі мен тіл айырмашылықтарын орташа түсінетінін нақты тапсырмаларға қойылатын балды қою кестесіндегідей етіп көрсетеді;

  • Көркем тіл құралдарын жеткіліксіз және орынсыз қолданады.

1

1-3

  • Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, мақсаты мен мағынасын, стилі мен тіл айырмашылықтарын аз түсінетінін нақты тапсырмаларға қойылатын балды қою кестесіндегідей етіп көрсетеді;

  • Көркем тіл құралдары өте аз және орынсыз қолданады.

0

0

  • Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, мақсаты мен мағынасын, стилі мен тіл айырмашылықтарын мүлдем түсінбейтінін нақты тапсырмаларға қойылатын балды қою кестесіндегідей етіп көрсетеді Көркем тіл құралдарын жұтаң және орынсыз қолданады.


Белгіленген тапсырмаға қойылатын балл кестесі: 1a сұрағы

21-бетте көрсетілген балдарды қою жолының жинақталған кестесімен бірге қолданылады



Екі мәтіннің ұқсастығы

Мәтіннің екеуі де қазақ тілі мәселелеріне арналған.

Олардың негізгі мақсаты оқырманды нақты мәселелермен таныстыру.

Екі мәтіннің айырмашылығы

A Мәтіні

В Мәтіні

Түрі

  • Ғылыми мақаладан үзінді




Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы)

  • Қазақ тілі мәселесі қызықтыратын кез-келген оқырман

  • Блог оқырмандары, журналистер

Мақсаты

  • Лингвистикада кездесетін мәселелерді көрсету

  • Олардың шешімі жөнінде ұсыныс беру

Мазмұны

  • Жалпы мәлімдеме

  • Нақты сөздермен бекітілген жеке көзқарас

Стилі

  • Ғылыми, қысқа




  • Формальды емес, деректендірілген

Тілі

  • Тіл тазалығы туралы қысқаша түсініктен басталады




  • Оның түсінігінде мысалдар мен зерттеулер берілмеген




  • Тіл тазалығы туралы жақсы мысал ретінде орыс жазушыларына жүгінеді







  • Мәлімдеме




  • Автор тіл мәселелерін әдебиетпен байланыстрады




  • Оның тіліне эмоция жеткіліксіз, бірақ өте білікті

  • Кірме сөздер туралы толық сипаттамадан басталады




  • Оның түсінігі бірнеше мысалдармен немесе зерттеулермен берілген




  • Тіл тазалығы туралы жақсы мысал ретінде Француз тіліне жүгінеді




  • Бірнеше сөйлем түрлерін қолданған, соның ішінде сұраулы сөйлем де бар







  • Автор тіл қолданысының, соның ішінде ғаламтордағы тіл қолданысының сұрақтарын көтерген




  • Автор эмоционалды, тіпті ашулы (ирониялық -мыс қосымшасын қолдануы сол ашуын нақты көрсетіп тұр)

Балдарды қою жолының жинақталған кестесі: 1b сұрағы


Диапазон

Коммуникация

Тіл құзырлылығы

5

9-10 балл

  • Аудиторияны керемет түсінеді, мақсаты мен түрі сәйкес, ережені өте жақсы біледі.

  • Өр пікірін жеткізуде материалды тез қорытып, стильдік тазалықты сақтайды.

9-10 балл

  • Қиын мағыналарды білдіруге арналған грамматикалық және лексикалық құрылымдарды керемет қолдана алады.

  • Тіл шеберлігі өте жақсы, кейде байқаусызда мардымсыз қателіктер жібереді.




4

7-8 балл

  • Аудиторияны білікті деңгейде түсінеді, мақсаты мен түрі ережеге сай, жақсы әсер ете алады.

  • Өр пікірін жеткізуде материалды, ақпаратты қызықты қорытып, жүйелі де орынды стильді сақтайды.

7-8 балл

  • Күрделі және жай мағыналарды білдіруге арналған грамматикалық және лексикалық құрылымдарды жақсы қолдана алады.

  • Тіл шеберлігі жақсы, кейде байқаусызда қателіктер жібереді.




3

5-6 балл

  • Аудиторияны орташа түсінеді, мақсаты мен түрі ережеге сай жеткілікті әсер ете алады.

  • Өз пікірін жеткізуде материалды қорытып, стильді сақтайды.




5-6 балл

  • Жай мағыналарды білдіруге арналған грамматикалық және лексикалық құрылымдарды орташа қолдана алады.

  • Тіл шеберлігі орта деңгейде, Қателіктер байқалғанмен, мағынаға кері әсерін тигізбейді.




2

3-4 балл

  • Аудиторияны түсіну қабілетін көрсеткісі келеді, мақсаты мен түрі ережеге сай және әсер етуі орташа.

  • Өз пікірін жеткізуде материалды қорытуға қызығушылық танытады.

3-4 балл

  • Жай мағыналарды білдіруге арналған грамматикалық және лексикалық құрылымдарды аз қолдана алады.

  • Тіл шеберлігі нақты емес, кейбір қателіктер мағынаға кері әсерін тигізеді.




1

1-2 балл

  • Аудиторияны аздап түсінеді, мақсаты мен түрі ережеге сай, әсер етуге тырысады.

  • Өр пікірін жеткізуде материалды қорытуға қызығушылық таныту деңгейі төмен, себебі стильді түсінбеген

1-2 балл

  • Жай мағыналарды білдіруге арналған грамматикалық және лексикалық құрылымдарды өте аз қолданған. Мағынасы қисынсыз.

  • Жиі қайталанатын қателіктер мағынаға кері әсерін тигізеді.




0

0 балл

  • Аудиторияны түсінбейді, мақсаты мен түрі, ережеге сай емес, әсер етуі төмен.

  • Жұмыс көлемі өте аз, байланыссыз.

0 балл

  • Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын түсінбеген.

  • Үнемі қайталанатын қателер мағынаны солғындатады.


Ескерту: Шығармашылық жауапқа байланысты, 1b сұрағына балл қою кестесі көрсетілмеген

Белгіленген тапсырмаға қойылатын балды қою кестесі: 2-сұрақ
21-бетте көрсетілген балдарды қою жолының жинақталған кестесімен бірге қолданылады.


Түрі

Спикер шет елде болған тәжірибесі туралы сөз қозғайды

Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы)

Ток-шоу көрермендері мен кино сүйер қауым

Мақсат

Қауымның көңілін көтеру

Стилі

Формальды емес, әзіл-сықақ, ауызша, көңіл аудару

Тілі

  • Спикер өз сөзін эмоционалды «ах» шылауымен бастап, сұраққа жауап беруге дайын екендігін айтады.

  • Кейін ол түсірілім кезінде жанының аман қалғанын атасының «ұзақ өмір» сүргенімен байланыстырады, себебі Ол негізінен өмірді әзілге айналдырғандықтан деп түсіндіреді.

  • Қауіпті жағдайды суреттегенде аудиторияға әсер ететін ‘жұлқып қалды’, ‘жата кеттім’ және ‘қоя беріп’ қимыл етістіктері, кейбір сөзінде ‘парша-паршасы шығатын еді’, және дыбысқа еліктегіш ‘гүрс ете қалдым’ мен ‘гірш етіп қатты батты’ секілді сөздерді қолданады.

  • Ол өзінің ауыр жағдайын сипаттау мақсатында ‘жаным шығып бара жатса да’ идиомасын қолданады

  • Көп жағдайда ол Мен есімдігін қолданғанымен, қасында адамдарының бар болғанын жеткізу үшін ‘Біз’ есімдігін қолданып, өзінің топта екендігін білдірді.

  • Ол ‘сақадай сай тұру’ идиомасын қолданғанда, өзінің түсірілім кезінде қаншалықты

  • тәртіпті болғанын көрсетті.

  • Бас актер рөлінде ол ‘алақанға салып жүреді’ идиомасымен қаншалықты маңызды болғанын көрсетті. Кейін ол фильм түсірілімі кезінде жасалған ұсыныстардың тізімімен бөлісіп, «Жоқ дегенде, кішкентай баладай еркеледім» деген сөздерімен жұмыс барысында қаншалықты бақытты сезінгенін көрсетті.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет