Білім беру бағдарламасы Қазақ тілі (бірінші тіл) пәнінің тест спецификациясы



жүктеу 464.66 Kb.
бет5/7
Дата15.01.2017
өлшемі464.66 Kb.
1   2   3   4   5   6   7

7 Мысал сұрақтар үлгісі:

Төменде сұрақтар мысал ретінде көрсетілген, бұл толық сұрақ кітапшасы емес.

Әрбір сұрақтың соңында оған берілетін балл көрсетілген, мысалы [2].

Бағалау кестесі әр сұрақтың жанында көрсетіліп, қай сұраққа қандай баға қойылатындығы көрсетіледі.



7.1 1-емтихан жұмысы: Сұрақтар






Төмендегі мақаланы оқуға жиырма минут беріледі. Бұл тапсырманың шарты - мақаланың мазмұнын және мақалада талқыланған тақырыптарды қорытындылап, ол туралы әңгімелесуге әзірлену.

 

Тақырып:  Жаңа технологиялар

 

Ғылым медицинаға қалай көмектеседі

 

Біздің заманымызда өмір қарқыны өте жылдам, сондықтан адам физикалық және моральдық қиындықтарға жиі ұшырайды.  Жаңа өмірге қалай бейімделу керек? Оның жолы – жаңа технологияларды қолдану, атап айтқанда, ресейлік инженерлер мен дәрігерлердің медицина саласында ашқан жаңалықтарын қолдану.



 

Дәстүрлі медицина химиялық дәрілерді қолданады, ал кез-келген дәрінің міндетті түрде кері әсері болары белгілі. Көп жағдайларда емделушілер дәрісіз өмір сүре алмайтын күйге жетіп, дәріге тәуелді болып қалады. Ғалымдар дәрісіз емдеу жолдарын ұзақ жылдар бойы іздеуде. Көп жылдық ізденістің нәтижесінде Зеленоград қаласының ғалымдары "Руслан" атты құралды жасап шығарды.  Бұл құрал көне шипагерлік дәстүрлер мен қазіргі заман ғылымы, шығыс шипагерлігі мен қазіргі физика ғылымы негізінде жасалған. "Руслан" ағзаның өзінің иммунитетін жақсартып, әр түрлі ауруларды емдеуге көмектеседі. Ең бастысы - адам ауруханаға бармай, өз үйінде отырып-ақ емделе алады. Емделуші бірнеше күннен кейін өзін жақсы сезіне бастайды.

 

Қиял дейсіз бе? "Жоқ! Қиял емес, келешектен жеткен медицина" - дейді дәрігерлер.




1-емтихан жұмысы: Балдарды қою кестесі

Тыңдалым және айтылым бойынша емтихан жұмыстарына қойылатын балдар балдарды қою кестесінде көрсетілген төрт критериймен бағаланады, барлық критерийлерге оқушылар жауап бермеген жағдайда, көрсетілген бір белгінің қолайлысын ғана қолданады.




Диапазон

Бал дар

Лексика

мен тіл құрылымдарын қолдану

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

Жазылым стиліне сәйкес балама оқу

5

9–10


Алуан

түрлі лексикалық құралдар мен тілдік құрылымдарды орынды қолданады.



Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

Тақырыпты өте жақсы түсінеді.
Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды.
Талқылау кезінде өз ойын жетік жеткізе алады.

Қиын мағыналарды еркін суреттейді.
Жүйелі түрде қажетті жазба жұмысының стильдерін қолданады.

4

7–8


Күрделі сұрақтарды талқылауда түрлі лексикалық құралдар мен тілдік құрылымдарды қолданады.

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

Тақырыпты жақсы түсінеді.
Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып әрі орынды жеткізеді.
Талқылау кезінде өз ойын жеткізе алады, бірақ кей уақыттарда сырттан қолдауды қажет етеді.

Өз ойын жетік жеткізеді, бірақ қиын мағыналарды кідіріп суреттейді.
Жүйелі түрде қажетті жазба жұмысының стильдерін қолдана алады.

3

5–6


Қанағаттандырар-лықтай лексикалық құралдар мен тілдік құрылымдарды қолданады.

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсініспеушілікті тудырмайды.

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.
Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады
Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын-ала дайындап келгендей көрінеді.

Қарапайым мағыналарды оңай суреттейді.
Жүйелі түрде қажетті жазба жұмысының стильдерін қолдана алады, бірақ аздап қателер кездеседі.




2

3–4


Лексикалық құралдар мен тілдік құрылымдарды аз қолданады.

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді.
Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.

Тақырыпты түсінуде қиналады.
Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады тақырыпты ашуды дамыта алмайды.
Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.

Өте қарапайым мағыналарды ғана суреттейді.
Кейде қажетті жазба жұмысының стильдерін қолдана алады.

1

1–2


Лексикалық құралдар мен тілдік құрылымдарды өте аз қолданады.

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын өте аз түсінеді.
Түсініспеушілікті тудыратын қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.
Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тіпті жауап бере алмайды.
Талқылау кезінде өте аз қатысады.

Сөзі біркелкі емес.
Жазба жұмысының орынсыз стильдерін қолданады.

0

0


Сөз саптауы өте аз, тілдік құрылымдарды қолданбайды

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын мүлдем түсінбейді.
Қателер үнемі қайталанылады
Бұрыс мағынаны көрсетеді

Тақырыпты түсінбейді.
Күтпеген сұрақтарда жауап бере алмайды.
Талқылау кезінде қатыспайды.

Сөзі қисынсыз.
Жазба жұмысының орынсыз стильдерін қолданады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет