Білім беру бағдарламасы Қазақ тілі (бірінші тіл) пәнінің тест спецификациясы



жүктеу 464.66 Kb.
бет4/7
Дата15.01.2017
өлшемі464.66 Kb.
1   2   3   4   5   6   7

3.5Бағалау тілі

Бағалау тілі - қазақ тілі.




4Емтихан өткізу процесін басқару

Бағалау материалдардың қауіпсіздік шаралары мен емтихан өткізу тәртібін қатаң түрде сақтай отырып және бағалаудың әділдігін көрсете отырып жүргізілу керек. Зияткерлік мектептерде емтихан өткізуге арналған Нұсқаулық жазылып шығарылады. Ол төмендегілерді қамтиды:



  • емтихан материалдары және олардың қауіпсіздігі;

  • әкімшіліктің және кезекшілер мен мұғалімдердің міндеттері;

  • емтихан өткізуге арналған материалдар мен аудиторияларды дайындау;

  • жазбаша, ауызша және практикалық емтихандарды өткізу үшін сәйкес келетін кабинеттерді дайындау;

  • курстық жұмыстарды тіркеуге арналған рәсім;

  • курстық жұмыстарды модерациялау және реттеу рәсімі;

  • емтихан тапсырушыларға бақылау жасау рәсімі;

  • балл қоюға арналған материалдармен қоса емтихан аяқталғаннан кейінгі рәсімдер.

Берілген Нұсқаулық барлық оқушылар, кезекшілер және менеджерлер емтиханның әділ, ұйымшыл өтуіне көз жеткізе алатындай болып, барлық мектептерде емтихандардың бір қалыпта, стандартталған тәртіпте өтуіне кепілдік береді.


5. Балдарды қою
Балл қою кестесі сұрақ кітапшаларымен қатар құрастырылады.

Барлық емтихан алушылар стандарттау процесінде белгіленген балл қою кестесінің бірдей нұсқасын пайдаланады


Бағалаудың объективтілігі мен балл қою кестесінің дұрыс қолданылғанын қамтамасыз ету мақсатында емтихан алушының тексерген жұмыстарын Кембридж халықаралық емтихан кеңесінің экспертімен және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығының бас емтихан алушысының үйлестіруімен қайта тексеріледі.

6 Бағаларды қою процесі

Әрбір оқытылған пәннің бағалау қорытындысы баға түрінде ұсынылады. Мынадай бағалар қойылады: A*, A, B, C, D және E, мұндағы A* ең жоғарғы баға, ал Е-ең төменгі оқу жетістігі.

Баға U (‘қанағаттанарлықсыз’) сынақ тапсырылған жоқ дегенді білдіреді.
Оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейі әр емтихан жұмыстары үшін емес, емтихан жұмыстарының санына қарай бөлінген барлық жұмыстардың (белгіленген спецификацияға сәйкес қойылған) жалпы балынан есептеп шығарылады.
Тест спецификациясында белгіленген негізгі деңгейлер А, С және Е болып табылады, оларға дескриптор қоса беріледі.
Деңгейлік бағалаудың шегін белгілеу процесі күрделі әрі көп жұмысты қажет етеді, сондықтан өтпелі балды Біліктілік ұйымы анықтайды. В және D деңгейлері үшін өтпелі балл нәтижелерді статистикалық өңдеу процесінде белгіленеді.
A*, A, B, C, D және E деңгейлері қорытынды бағаны қою үшін балға айналдырылады. Балдар төмендегі кестеде көрсетілген шкалаға сәйкес дәстүрлі бағаға ауыстырылады.

Балды бағаға айналдыру шкаласы


Орындау пайызы

0-50 %

51-74 %

75 - 89%

90- 100%

Балдар

0-12

13-17

18-21

22-24

Баға

қанағаттанарлықсыз

қанағаттандырылған

жақсы

үздік



6.1 Деңгейлеу дескрипторлары

Негізгі деңгей дескрипторлары оқушылардың мүмкіндік деңгейін анықтайтын белгілі бір стандарт жөніндегі жалпы түсінігін қалыптастыру үшін беріледі.

Практика жүзінде оқушыға берілген деңгей оның бағалау тапсырмаларын қалай

орындағанына байланысты болады. Оқушылардың емтихан жұмысының кейбір бөлімінде көрсеткен төмен нәтижесі басқа бөлімінде жоғары нәтиже көрсетуімен теңесуі мүмкін.




Деңгейлер

Деңгейлеу дескрипторлары

A деңгейі

Қазақ тілін толық меңгергенін, ғаламдық, әлеуметтік, мәдени сұрақтар жайлы білімін және пән ішіндегі байланыстарды түсінетінін көрсетеді. Жаһандық әлеуметтік және мәдени сұрақтардың мақсатты мәтіндермен ара қатынасын жеңіл және дәлме-дәл белгілей алады.

Сөйлеу тілінің сапасы

Құрамында әр түрлі ерекшеліктері мен формалары қамтылған сөйлеу тіліндегі сілтемелер мен мәдени иллюзиялары бар көптеген күрделі мәтіндерді және олардың астыртын мағынасын түсінеді. Әлеуметтік, академиялық және іскерлік мақсаттағы нақты стильде тілдік формалардың алуан түрлерін, лексикада аз қолданылатын сөздік қорды, күрделі құрылымдарды еркін және дәлме-дәл пайдаланады. Берілген деңгейде күтілетін мол сөздік қор мен грамматикалық формаларды қатесіз қолданады. Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтайды.


Ұйымдастыру мен коммуникативтік жетістігі

Мәтін мазмұнында кең мағынасы бар күрделі идея толығымен ашылған, ұйымдық құрылымдар мен байланыс құралдарын кеңірек пайдалана алған. Оқушылар барлық ақпарат көздеріне қол жеткізе алады, ақпараттарды тез және еркін саралай алады, өз ойларын еркін, жоспарсыз жеткізе алады. Коммуникативтік міндеттердің шартты белгілерін білетінін көрсетеді. Коммуникативтік міндеттерге жауап бере отырып, тұтас аудиторияның назарын ұстай алады, күрделі идеяларды тиімді және сенімді етіп жеткізе алады.



C деңгейі

Қазақ тілінен жақсы білімін көрсетеді, жаһандық әлеуметтік және мәдени сұрақтар мен пәнішілік өзара байланысты айқын түсінеді. Жаһандық әлеуметтік және мәдени сұрақтардың мақсатты мәтіндермен ара қатынасын белгілей алады.

Сөйлеу тілінің сапасы

Құрамында әр түрлі ерекшеліктері мен формалары қамтылған сөйлеу тіліндегі сілтемелер мен мәдени иллюзиялары бар жеткілікті күрделі мәтіндерді және олардың астыртын мағынасын түсінеді. Әлеуметтік, академиялық және іскерлік мақсаттағы нақты стильде тілдік формалардың алуан түрлерін, лексикада аз қолданылатын сөздік қорды, күрделі құрылымдарды дұрыс пайдаланады. Қарапайым және күрделі грамматикалық формаларды пайдалануды бақылайды және пайдаланады. Ара-арасында мәтіннің мазмұнын түсінуде қиындық келтірмейтін қателерді жібереді.


Ұйымдастыру мен коммуникативтік жетістігі

Мәтін логикалық бірізділікпен жақсы құрылған және ұйымдық құрылымдар мен байланыс құралдарын кеңірек пайдалана алған. Негізгі мағынасы баяндалған, бірақ кейбір маңызды идеялар дамымаған. Жазбаның құрылымы түсінікті, бірақ арасында ой жалғасын бақылап отыру қиынға түседі; кейбір идеялар бір-бірімен жақсы байланысқан. Әлеуметтік және академиялық мәнмәтінде өз ойын едәуір еркін және жоспарсыз жеткізеді. Мәтін түсінікті және әр түрлі тақырыптарды кеңірек қолдана отырып жете сипатталған; өзекті тақырыптар бойынша өзінің көзқарасын білдіреді.








E деңгейі


Қазақ тілінен базалық білімін көрсетеді, жаһандық әлеуметтік және мәдени сұрақтар мен пәнішілік өзара байланысты қарапайым деңгейде түсінеді. Жаһандық әлеуметтік және мәдени сұрақтардың тұтас мәтіндермен ара қатынасын белгілеуде қиналады.



Сөйлеу тілінің сапасы

Күрделі мәтіндерді түсінуде базалық білімін көрсетеді, бірақ олардың ерекшеліктері мен астыртын мағыналарын түсінбейді. Осы деңгей үшін аздаған грамматикалық құрылымды пайдаланады. Сөздік қоры жұтаң, сөздерінде (орфографиялық, мағыналық) қателер жиі кездеседі. Қайталанатын қателер маңызды да, маңызды емес те қателер болып саналады және мәтіннің мазмұнын түсінуде жиі қиналады. Мәтіннің мақсатына келетін стиль мен заңдылықтар туралы бейхабар.


Ұйымдастыру мен коммуникативтік жетістігі

Тапсырманың көп жерлері түсініксіз, бірнеше маңызды идеялары мен жіберілген кемшіліктері бар. Мәтін анық құрылмаған, идеялары бір – бірімен байланыспайды немесе жеткілікті дәрежеде байланыспаған. Таныс тақырыптарға да қарапайым байланыстағы мәтін жазылған. Берілген мәтіннің түріне қажетті, маңызды шартты белгілердің көп бөлігінен қателіктер жібереді. Ойы жұтаң берілген, тұтас аудиторияға кері әсерін тигізеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет