Білім беру бағдарламасы Қазақ тілі (бірінші тіл) пәнінің тест спецификациясы



жүктеу 464.66 Kb.
бет3/7
Дата15.01.2017
өлшемі464.66 Kb.
1   2   3   4   5   6   7

3.22-емтихан жұмысы: Оқылым және мәтінді талдау

Оқушыларға 50 балмен бағаланатын екі міндетті тапсырманы орындауға 2 сағат беріледі.

1-сұрақ үшін мәтіндер қазақ тіліндегі жарнама, брошюралар, үнқағаздар, редакциялық мақалалар, жаңалықтар, мақалалар, шолулар, блогтар, журналистік зерттеулер, хаттар, автобиография, күнделіктер, эссе, хабарлау-сипаттау шығармалар секілді әр түрлі дерек көздерінен алынды.
Сөздіктерді қолдануға тыйым салынады.

Бұл тапсырма оқушылардың мәтіндердің ерекше айырмашылықтарын анықтау қабілеттерін, өз жауаптарында ақпараттарды дұрыс ұйымдастыру мен жазылымның қызметін байланыстыра алуын, сөздік қоры секілді аспектілерге түсінік беруін, нақышты сөздерді қолдануын (мысалы, метафора мен теңеуді қолдану), сөздердің реті мен сөйлем құрылымын, формальды деңгейін, коммуникациялық қарым-қатынасын, тысқары пікір мен алдын-ала болжай алуын бағалайды. Балдар критериалды балл қою кестесіне сәйкес қойылады.



Бағалау міндеттері

Балдар

Сипаттама

БМ1 (45%)

БМ2 (45%)

БМ3 (10%)


35


1-cұрақ көлемі 700 сөзден кем емес екі үзіндіге негізделген, өзара байланысы бар тақырыптарға қатысты 2 жазбаша тапсырмадан тұрады: (а) бөлімінде оқушыдан екі үзіндінің стилі мен тілін салыстыру талап етіледі; (b) бөлімінде оқушылар белгілі бір тақырыпта және кәсіби аудиторияға сәйкес лексиканы қолданып 170-200 сөзден тұратын мәтін жазуы керек. Оқушылар мәтін жазу барысында үзіндінің түпнұсқасынан дәлелдер мен фактілерді келтірулері керек.

БМ1 (45 %)

БМ2 (45%)

БМ3 (10%)


15


2-сұрақ тек бір үзіндіден тұрады.Үзінді ауызекі сөйлеу тілінен алынған, сөз саны 600 сөзден кем емес. Оқушылар алған үзіндінің стилін талдап, түсінік берулері қажет.

БАРЛЫҒЫ

50






3.33-емтихан жұмысы: Жазылым

Оқушыларға ұсынылған алты сұрақтың екеуіне жауап беру үшін 1 сағат 45 минут беріледі. Тапсырмалар жалпы 50 балмен бағаланады. Жұмыс екі бөлімнен тұрады: А бөлімі және В бөлімі. Әр бөлім үш сұрақтан тұрады. Оқушылар А бөлімінен бір сұраққа, В бөлімінен бір сұраққа, жалпы екі сұраққа жауап береді: Әр сұраққа бірдей сандағы балдар қойылады. Сөздікті қолдануға тыйым салынады.

Берілген тапсырмада балдар белгілі бір аудиторияға арналған жазба жұмыстарында тиісті лексикалық қорларды, стильдерді нақты мақсатпен жаза алу қабілеттеріне, ойларын анық жеткізе алуларына, аргументтер жүйесін құра алуына, дәйекті түрде сенімді етіп жаза алғандары үшін қойылады. Балдар критериалды балл қою кестесіне сәйкестендіріліп қойылады.


Бағалау міндеттері

Балдар

Сипаттама

БМ1 (45%)

БМ2 (45%)

БМ3 (10%)


25

A бөлімі

Шығармашылық жазба жұмысы (хабарлама/сипаттама)

Оқушылар үш сұрақтың біреуін таңдайды. Құрамы 450-600 сөзден тұратын (немесе екі немесе одан да қысқарақ байланысқан 225-300 сөзден тұратын сабақтас мәтіндер) хабарлама немесе сипаттама мәтінін жазу керек. Берілген сұрақ оқушының оқиғаны бейнелі баяндай алуын, нақты әсерлерді құра алуын, мысалы, көңіл күйді жеткізе алуы немесе кейіпкерді сипаттай алуы секілді қабілеттерін бағалайды.



БМ1 (45%)

БМ2 (45%)

БМ3 (10%)


25

B бөлімі

Белгілі бір аудиторияға бағытталған жазба (дискурсивті/деректендірілген)

Оқушылар үш сұрақтың біреуін таңдайды.

Құрамы 450-600 сөзден тұратын (немесе екі немесе одан да қысқарақ байланысқан 225-300 сөзден тұратын сабақтас мәтіндер) жазба жазу керек. Белгілі бір аудиторияға арналған әр сұрақ үшін жазбаның нақты жанры берілген (мысалы, журналдағы мақала, кәдімгі мақала, сыни мақала, газетке хат, сахналық сөз, дикторлық мәтін). Берілген сұрақ оқушылардың өз ойларын анық жеткізулерін, аргументтер жүйесін құра алуларын, дәйекті түрде сенімді етіп жаза алу қабілеттерін бағалайды.


БАРЛЫҒЫ

50





3.4Балдарды бөлу

Жалпы бағалау мен әрбір тапсырмаға қойылатын балдарды үйлестіру төмендегі кестеде берілген. Кестеде өңделмеген балдар көрсетілген. 1-тапсырма үшін жалпы балл сомасы 50 балды құрайды, сондықтан әр тапсырманың балдары жалпы бағалаудың үштен бір бөлігін құрайды.







1-емтихан жұмысы: Тыңдалым және Айтылым

2-емтихан жұмысы: Оқылым және мәтінді талдау

3-емтихан жұмысы: Жазылым

Барлығы

БМ1

13.3

22.5

22.5

58.3

БМ2

13.3

22.5

22.5

58.3

БМ3

13.3

5

5

23.3

БАРЛЫҒЫ

40

50

50

140

11-сыныпта қазақ тілін осы деңгейде ана тілі ретінде оқитын оқушылар үшін көрсетілген БМ1 және БМ2 дағдылардың сәйкестігі мен мүмкіндігі жағынан мәні мен мағынасы бірдей деп күтіледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет