Білім беру бағдарламасы Қазақ тілі (бірінші тіл) пәнінің тест спецификациясы



жүктеу 464.66 Kb.
бет2/7
Дата15.01.2017
өлшемі464.66 Kb.
1   2   3   4   5   6   7

2.1

2.2Бағалау міндеттері




БМ1

Коммуникативтік құзырлылығы

Оқушылар білуі керек:



  • әр түрлі деңгейдегі мәтіндерді салыстыруды және сыни тұрғыдан жауап беруді, ғаламтор, БАҚ материалдары, кітаптардан әр түрлі ақпарат көздерінен алынған жанрлардың абстрактылы және нақты тақырыптарын түсінуді;

  • дәйектілікпен тиімді талдауды, бағалауды, болжауды, іріктеу және ақпаратты беруді, идеяны дамыту және қалыптастыруды, интерпретация және әр түрлі болжамдарды, тәуелсіз көзқарастарды қолдана білуді;

  • тақырыптарды анықтап жалпы сипаттауды және ойды тұжырымды етіп айтуды, өз пікірлерін жеткізуді;

  • стилистика түрлерін, көмескі және басқа да мағынада айтылған сөздерді анықтауды;

  • шығармашылық жұмыстарды орындауды, терең дәлелдеулермен қызықтыруды, түрлі жанрдағы мәтіндерді (әдебиет, сыни, тарихи, философиялық, ғылыми және т.б.) меңгеруде терең білімділігін көрсетуді;

  • семантикалық тұтастықты қарастыруды, мазмұндаманың біркелкілігі мен реттілігін, сонымен қатар әдеби құралдарды әдеби тілдің нормаларымен сәйкестендіріп шебер қолдануды.

БМ2

Тіл құзырлылығы

Оқушылар білуі керек:



  • оқылатын тілді ауызша дәл және тиімді меңгеруді, сол сияқты жазбаша түрде қарапайым шартты белгілерді лайықты лексикалық, грамматикалық, синтаксистік құрылымдарды және пунктуациялық белгілерді қолдана білуді;

  • әр түрлі жанрдағы күрделі мәтіндердің лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін талдауды және құрылымын салыстыруды анықтауды.

БМ3

Мәдениетаралық құзырлығы мен заманауи қоғамды білуі

Оқушылар білуі керек:



  • өздерінің жеке пікірлерін айту арқылы идеяларын жеткізуді, әр түрлі әлеуметтік-мәдени мәнмәтіндерді, жағдайлар мен фактілерді жаһандық мәселелерге әкеле отырып бағалауды.



3Емтихан жұмысының сипаттамасы



Барлығы үш тапсырма беріледі.

1-тапсырма Тыңдалым мен айтылымға арналған. Бұл тапсырмада 11-сыныпта өтілген тақырыптар бойынша қысқаша шолулар жасауы мен ауызша тілдесу дағдылары және тыңдаған мәтінді түсінулері бағаланады.

2-тапсырма Оқылым және мәтінді талдауға арналған. Бұл тапсырмада мәтіндердің айырмашылық ерекшеліктерін анықтап түсіндіру қабілеттері бағаланады.

3-тапсырма Жазылымға арналған. Жазылымда оқушылардың шығарма жазу қабілеттері және тілдің көмегімен мұқият жоспарланған әрекетті құра алуы, сонымен бірге аргументтер келтіре отырып, жүйелі және сенімді жаза алу қабілеттері бағаланады.



3.11-емтихан жұмысы: Тыңдалым және айтылым

Оқушылар тыңдалым және айтылым бойынша емтихан жұмысын жұппен орындайды. Емтиханды Зияткерлік мектептердің екі мұғалімі қабылдайды. Олардың біреуі әңгімелесуші рөлінде болса, екінші мұғалім тыңдайды және балдарды қою кестесіне сәйкес балл қояды.


Бұл тапсырмада оқушылардың жалпы түсіну үшін тыңдай алуы, басқа оқушымен және емтихан алушымен өзара әрекеттесіп жауап бере алуы, өз көзқарасын нақты, дәл, еркін сөздік корлары мен құрылымдарын пайдалана отырып қорғап, түсіндіре алу қабілеттері бағаланады. Балдар критериалды балл кестесіне сәйкес қойылады.


Бағалау міндеттері

Балдар

Сипаттама

БМ1 (33.3%)

БМ2 (33.3%)

БМ3 (33.3%)


40


Берілген алты мақаланың ішінен емтихан алушының таңдауымен оқушыларға мақала беріледі. Олар берілген мақала бойынша мақаладағы қозғалған тақырыпты кеңейтілген талқылауға әкелетін қысқаша шолу жасаулары қажет. Мақалалар - 11-сыныпта өтілген тақырыптарға сәйкес және пікірталасқа негіз болатын тақырыптар деп танылған мақалалар.

БАРЛЫҒЫ

40





Дайындыққа берілетін уақыт (емтиханды бақылау жағдайында)

Емтихан басталардан 20 минут бұрын әр оқушыға дайындық үшін қазақ тіліндегі мақалалар беріледі. Оқушылар қысқаша шолу дайындайды және мақаланың тақырыбы бойынша өз ойларын қалыптастырады. Дайындық уақытында бір–бірімен сөйлеспес үшін оқушыларды Зияткерлік мектептері қызметкері бақылайды. Оқушыларға жазбалар жазып, оны емтихан тапсырмасын орындау барысында көмек ретінде пайдалануына болады, бірақ оқушылардың дайын материалды дауыстап оқуына рұқсат етілмейді. Сөздіктерді қолдануға тыйым салынады.


Тыңдалым және айтылым бойынша емтихан жұмысы

Бұл емтихан жұмысы А және В оқушыларының қатысуымен жұппен орындалады. Балдар әр оқушыға жеке қойылады. Бір оқушыға қойылатын балл екінші оқушының көрсеткішіне бағынышты болмайды.

А бөлімі (шамамен 10 минут)

А оқушы мақаланың тақырыбына, сұрақтарына қысқаша шолу жасайды (екі минуттан артық емес), бұл уақытта B оқушы тыңдайды. B оқушы А оқушыға мақаланың қысқаша мазмұнына, тақырыбына сәйкес екі сұрақ қояды. Егер В оқушы сұрақ қоюға дайын болмаса,

онда емтихан алушы А оқушыға сұрақты өзі қояды. Содан кейін емтихан алушы оқушылармен мақалада қарастырылатын маңыздырақ сұрақтарды талқылайды. Талқылау кезінде оқушылар өзара, сонымен бірге емтихан алушымен де бірге байланыста болу қажет.
B бөлімі (шамамен 10 минут)

В оқушы мақаланың тақырыбына, сұрақтарына қысқаша шолу жасайды (екі минуттан артық емес), бұл уақытта А оқушы тыңдайды. А оқушы В оқушыға мақаланың қысқаша мазмұнына, тақырыбына сәйкес екі сұрақ қояды. Егер А оқушы сұрақ қоюға дайын болмаса, онда емтихан алушы В оқушыға сұрақты өзі қояды. Содан кейін емтихан алушы оқушылармен мақалада қарастырылатын маңыздырақ сұрақтарды талқылайды. Талқылау кезінде оқушылар өзара, сонымен бірге емтихан алушымен де бірге байланыста болу қажет.

Мүмкіндігінше оқушылар бұл емтиханды жұппенен тапсыруы керек. Егер кандидаттардың саны тақ сандар болса, және топта үш кандидат болатын болса, онда тест 30 минутқа созылып, төмендегідей үлгіде өтеді.
А бөлімі (10 минуттай)

А оқушы қысқаша шолу жасайды. В оқушы А оқушыға екі сұрақ қояды. Содан соң А және В оқушылар емтихан алушымен бірге сұрақтарды талқылайды.


В бөлімі (10 минуттай)

В оқушы қысқаша шолу жасайды. С оқушы В оқушыға екі сұрақ қояды. Содан соң В және С оқушылар емтихан алушымен бірге сұрақтарды талқылайды.


С бөлімі (10 минуттай)

С оқушы қысқаша шолу жасайды. А оқушы С оқушыға екі сұрақ қояды. Содан соң С және А оқушылар емтихан алушымен бірге сұрақтарды талқылайды.


Сұрақ кітапшасы алты карточкадан тұрады, әр карточкада 11-сыныпта өтілген тақырыптарға сәйкес келетін, құрамында 200-ден артық емес сөзден тұратын мақалалар бар.

Зияткерлік мектептерде емтихан өткізуге арналған Нұсқаулықта емтиханның тыңдалымы мен жазылымы қауіпсіз өтуі үшін басқару жолдары ұсынылады.

Оқушылардың жауаптары диктофонға жазылып алынады. Оқушы жауаптарының жазбалары мен қойылған балдарды тексеру Зияткерлік мектептерінің орталықтандырылған модерациялауынан өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет