Білім беру бағдарламасы Қазақ тілі (бірінші тіл) пәнінің тест спецификациясы



жүктеу 464.66 Kb.
бет1/7
Дата15.01.2017
өлшемі464.66 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7
Кірік«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ»

ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ

Кіріктірілген білім беру бағдарламасы

Қазақ тілі (бірінші тіл) пәнінің

тест спецификациясы

11 КЛАСС

білім беру бағдарламасы

Қазақ тілі (бірінші тіл спецификациясы

11-сынып

АСТАНА 2013

Мазмұны


1Мақсаты 4

1.1Халықаралық стандарттармен байланысы 4

1.2Оқу бағдарламасымен байланысы 4

1.3Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделімен байланысы (КБКМ) 4

2Бағалауға шолу 5

2.2Бағалау міндеттері 6

3Емтихан жұмысының сипаттамасы 7

3.11-емтихан жұмысы: Тыңдалым және айтылым 7

3.22-емтихан жұмысы: Оқылым және мәтінді талдау 9

3.33-емтихан жұмысы: Жазылым 9

3.4Балдарды бөлу 10

3.5Бағалау тілі 10

4Емтихан өткізу процесін басқару 11

6 Бағаларды қою процесі 12

6.1 Деңгейлеу дескрипторлары 13

7 Мысал сұрақтар үлгісі: 15

7.1 1-емтихан жұмысы: Сұрақтар 15

7.2 2-емтихан жұмысы: Оқылым және мәтінді талдау 19

7.3 3-емтихан жұмысы: Жазылым 26



1Мақсаты

Бағалаудың мақсаты - оқушылардың оқу процесінде алған білімі мен білігін анықтау. Емтихандар оқушылардың жоғарғы деңгейдегі мәселелерді аналитикалық тұрғыдан шешу үшін 21 ғасырдың жаһандану жағдайындағы пәндік дағдыларды қолдану мүмкіндіктерін дәлелдейді.



1.1Халықаралық стандарттармен байланысы

Бағалау халықаралық стандарттармен салыстырыла отырып дайындалды. 11-сыныптағы бірінші тіл ретіндегі Қазақ тілінің бағалауы Cambridge International AS Level халықаралық деңгейіне сәйкес келеді.





1.2Оқу бағдарламасымен байланысы

11-сынып оқушыларының жиынтық бағалауы бірінші тіл ретіндегі Қазақ тілі пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын ғана бағалайды және осы бағдарлама төңірегіндегі оқу нәтижелерімен анықталады.



1.3Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделімен байланысы (КБКМ)

Сыртқы жиынтық бағалау Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделінің бір бөлігі болып табылады, сонымен бірге оған қалыптастырушы бағалау және ішкі жиынтық бағалау кіреді.



Бағалаудың міндеттері бірінші тіл ретіндегі Қазақ тілінің оқу бағдарламасы мен оқу жоспары мазмұнын және осы құжаттардағы оқу мақсаттарын қамтиды. Қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық бағалау оқу мақсаттарына негізделгенімен, оқушылардың білігін біршама басқа формада тексереді.


2Бағалауға шолу

Барлық оқушылар үш тапсырма орындайды.




1-емтихан жұмысы: Тыңдалым және Айтылым

Шамамен 20 минут, дайындыққа 20 минут

Берілген емтихан жұмысы жұппенен өткізіледі және 40 балмен бағаланады. Сынақ басталардан 20 минут бұрын әр оқушыға 11-сыныптың тақырыбына немесе өтілген тақырыпқа сәйкес келетін 200 сөзден аспайтын мақала (статья) беріледі. Сынақ уақытында А оқушы алдымен мақаланың қысқаша мазмұнын және онда қозғалған сұрақтарды айтады. В оқушы оны тыңдайды және А оқушыға мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтарды қояды. Содан соң бұл ары қарай емтихан алушы мен екі кандидат арасындағы мақалада қозғалған маңыздырақ мәселе төңірегіндегі пікірталасқа ұласады. Сынақтың екінші бөлімінде дәл осы жағдай қайталанады. Яғни мұнда өз мақаласының қысқаша мазмұнын айтуды В оқушы бастайды. Сөздіктерді қолдануға тыйым салынады.

Қорытынды 40 балл бірінші тіл ретіндегі қазақ тілін бағалауға арналған жалпы соманың үштен бірін құрайтын 50 балға сәйкестендіріледі.



Жалпы балл санының33%

2-емтихан жұмысы: Оқылым және мәтінді талдау

2 сағат 15 минут

Оқушылар 50 балмен бағаланатын екі міндетті тапсырманы орындайды.

1-сұрақ өтілген тақырыптарға сәйкес келетін жалпы көлемі 700 сөзден аспайтын 2 үзіндіден тұрады. Сонымен бірге 1-сұрақта екі жазбаша тапсырма бар: (а) бөлімінде үзіндінің тілі мен стилін салыстыру қажет, (b) бөлімінде белгілі-бір аудиторияға арналған нақты мақсаты бар 170-200 сөзден тұратын мәтін жазу керек. 2-сұрақта құрамы 600 сөзден аспайтын ауызекі сөйлеу тіліндегі мәтінге талдау жүргізу қажет.

Сөздіктерді қолдануға тыйым салынады.


Жалпы балл санының 33%

3-емтихан жұмысы: Жазылым

1 сағат 45 минут

Оқушылар берілген алты тапсырманың ішінен 2 тапсырманы орындайды. Ол тапсырмалар жалпы 50 балмен бағаланады. Әр сұрақтың жауабы үшін бірдей сандағы балдар беріледі. Оқушылар А бөлімінен бір тапсырманы – шығармашылық жазба жұмысын жазуды таңдайды және В бөлімінен бір тапсырманы - белгілі-бір аудиторияға бағытталған жазбаны таңдайды. Әр бөлімде құрамы 450-600 сөзден тұратын жазба жұмысын немесе құрамы 225-300 сөзден тұратын қысқаша екі азат жолдан тұратын, мазмұны бойынша байланысып келетін жазба жұмысын жазу керек. А бөлімінде оқушылар хабарлама немесе сипаттама мәтінін, ал В бөлімінде дискуссиялық немесе аргументті мәтін жазу қажет. Екінші бөлімнің жұмысы белгілі-бір аудитория үшін анықталған форматта (мысалы, журналдағы үлкен мақала, кәдімгі мақала, сыни мақала, газетке хат, сахналық сөз, дикторлық мәтін) ұсынылу керек.

Сөздіктерді қолдануға тыйым салынады.



Жалпы балл санының 33%





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет