Білім алушылардың КҮтілетін оқу нәтижелері жетістігін бағалау жүйесінің ерекшеліктері мұханбетжанова Ә. М

Loading...


жүктеу 90.18 Kb.
Дата10.05.2017
өлшемі90.18 Kb.
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КҮТІЛЕТІН ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мұханбетжанова Ә.М.- педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті.

Кинжибаева Ф.Б - магистр,Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті.

Имашева А.А.– Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 1 курс магистранты

Атырау қаласы



E-mail:pedagogika_@mail.ru

Еліміздің білім беру саясатын айқындайтын «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» және басқа да құжаттарындағы білім беруді жаңарту талаптары интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы нақты міндеттерінен туындап отыр. Бұл міндеттер әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі факторы білім алушы тұлғаның құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған білім беру мазмұнын бүгінгі күн сұраныстарына сәйкестендіру мақсатын көздейді. Соған сай, елімізде білім беруді жаңарту арқылы білім берудің жаңа мазмұнын қалыптастыру міндеттері нақтыланды [1].

Білім мен ақпаратқа бет алған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі ретінде қарастырылуда. Бүгінгі күні қазақстандық білім жүйесі фундаменталдық және сапалылық қасиеттерін сақтай отырып, нарық заңдылықтары негізінде пайда болып отырған өзгерістерге ілкімділікпен жауап бере алатын болу қажеттігі туып отыр. Білім мен ғылымды дамыту – еліміздің адам ресурстарының сапасын арттырып, оның бәсекеге қабілетін қамтамасыз етудің алғы шарттары болып табылады.

Қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың басты міндеттерінің бірі білім мазмұнын жаңарту болып табылады. Білім беру мазмұны оқушыларға тек белгілі бір білім, іскерлік, дағдылар жиынтығын меңгертіп қана қоймай, оқушы тұлғасын дамытуға, өмірлік проблемаларды өз бетімен және тиімді шешуге, тұлғаның өзін-өзі анықтауына, әлеуметтенуіне және өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап білім, тәжірибе және қабілеттердің жиынтығын меңгертуге бағытталған. Білімге бағытталған оқытудан құзыретті тұлғаға бағдарлы білім беруге көшу білім беру мазмұнында әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, коммуникативтік мәдениет компоненттерінің, сонымен бірге, еңбек, жанұялық қарым-қатынастар, салауатты өмір салтын ұстану, өмір қауіпсіздігін сақтау мәдениетінің көрініс табуын көздейді [2].

Осылайша қазақстандық білім беру саласына белгілі бағыт берілді, бұл ізгіліктік, тұлғалық, тұлғалық-бағдарлы, іс-әрекеттік, құзыреттілік тұрғылыр негізінде білім беру. Оның басты мақсаты – оқушының өз тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін барлық жағдайды тудыру. Мектепте әрбір бала қайталанбайтын, ешкімге ұқсамайтын даралық ретінде қалыптасуы тиіс. Мектептің негізгі міндеті – баланың даралығын ашу, оның айқындалуына, дамуына көмек беру. Бұл білім беру мазмұнына өзгеріс енгізу қажеттілігінің бір көрінісі[3].

Жаңартылған білім беру кеңістігінде қоғамға қажеттік, ұтқырлық, өзара сенім білдірудің ең басты шарты ретінде білім беру сапасы алынып, сапа көрсеткіштері ретінде құыреттіліктер қарастыруда.

Білім берудің құзыреттілік тұрғығыға негізделген жаңа нәтижелеріне қол жеткізу білім беру жүйесінің барлық деңгейлерін өзара сабақтастықпен жаңғыртуға, білім беру мазмұны мен білім беру үрдісін ұйымдастыруды жетілдіруге тікелей байланысты.

Құзыреттілікке негізделген білім беру тұрғысынан оқу нәтижелерін бағалау білімалудың белгілі сатысында білім алушылардың қол жеткізгенбілімдерінің деңгейлерін талдауға негізделеді. ЭЫДҰ баяндамасында құзыреттіліктің үш санатын атап көрсетеді (ЭЫДҰ, 2003):

- құралдарды интерактивті қолдану: сөйлеу, символдар мен мәтіндер; білім

мен ақпарат; технологиялар.

- әркелкі топтарда әрекет ету: басқалармен жақсы қарым-қатынаста болу қабілеті, командамен жұмыс жасау және ынтымақтастық, шиеленісті шеше білу және басқару.

- өз бетінше әрекет ету: көріністі жан-жақты көре білу және әрекет ету қабілеті, жеке жобалар, өмірлік жоспарларды қалыптастыру, жүзеге асыру, қажеттіліктер мен нормаларды, қызығушылықтарды, құқықты сақтап қалу, қорғау.

Білім берудегі құзыреттілік тұрғы адамның іс-әрекетке дайындығын, өмірге қажетті құзыреттіліктерді алу жолымен социумда қызмет етуін анықтайды. Күтілетін нәтижелер ҚР МЖМББС және оқу бағдарламасын толықмеңгерудің қорытындысы бойынша туындайтын білім алушылардыңтәжірибесінен және қабілетінен, дағдысынан, білімі мен білігінен көрінеді[4].

Осыған орай орта білім жүйесінің жаңартылған білім беру мазмұны айқындалып, білім беру стандарттары мен жаңа бағдарламалары, жаңа оқулықтар жасалып биылғы оқу жылынан бастап республика мектептерінің бірінші сыныптарына енгізіліп отыр. Орта білім саласындағы осы өзгерістер кәсіби және қосымша білім беру жүйелеріне де өз әсерін тигізіп, ондағы білім нәтижелерін осы тұрғыдан қарастыруға әрекеттер жасалуда.

Елімізде жүргізіліп жатқан білім беруді жаңарту үрдістерінің басты мақсаты білім берудің жаңа сапасын қалыптастыруды, жаңа сапалы білім беру жолдарын табуды көздейді. Педагогикалық басылымдарда да, мұғалімдер мен мектеп мекемелері басшылары тәжірибесінде «білім сапасы», «білім сапасын арттыру» деген сөздер жиі кездесетін, айтылатын ұғымдар. Оның дәстүрлі қолданыстағы түсініктік мәні белгілі бір пән бойынша оқушылардың алған «төрттік» және «бестік» бағаларының арасалмағы білім сапасының көрсеткішін құрайды. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш мектептегі сыныптар арасындағы, аудан немесе қала бойынша мектептер арасындағы рейтингтерге де негіз болатын басты сапалардың бірі.

Осы тұрғыда қарастырар болсақ біздің қолданып жүрген «білім сапасы» түсінігі іс жүзіндегі «білім берудің сапасын бағалауды» көрсетпейтіні белгілі, өйткені шын мәніндегі білім сапасы оның нәтижелілігінен көрінеді, ал «төрт» пен «беске» оқитын оқушылардың нәтижелі білімінің көрсеткіші болмауы да мүмкін.

Нәтижеге бағытталған білімнің бүгінгі қоғам сұраныстарына сай жаңа сапасын жүзеге асыру – білім беру мазмұнын ғана өзгертуді қажет ететін тар шеңбердегі жұмыс емес. Бұл білім берудің барлық салаларын – мектепке дейінгі білім ұйымдарынан бастап – педагогикалық білім беретін жоғары оқу орындарына дейін қамтитын кең ауқымды өзгерістер. Олардың мәні – білім жүйесінің барлық салаларындағы дәстүрлі білім нәтижелеріне жаңа тұрғыдағы көзқарас қалыптастыруда.

Сонда «білім беру сапасы» немесе «жаңа сапалы білім» беруді қалай түсінуге болады? Осыған сай, бұл жерде «білім беру» деген түсініктің өзін де айқындап алу қажеттігі бар, өйткені соңғы кезде білім берудің мәнін түсіндіретін көзқарастардың өзі сан түрлі өзгеруде. Мысалы, кеңес дәуіріндегі «Педагогикалық энциклопедияда» (1967) білім беру – «білім, білік және дағдыны беру үрдісі мен нәтижесі» деп берілсе, кейін И.Я.Лернер, М.Н.Скаткиндердің осы бағыттағы зерттеулерінің ықпалы негізінде «білім беру – әлеуметтік тәжірибені меңгеру үрдісі мен нәтижесі деп түсіндіріліп, оның негізгі элементтеріне білім, білік, дағды, шығармашылық әрекеттер тәжірибесі мен құндылықтар» деп нақтылана бастады[5,6].

«Білім беру нәтижесі» бүгінге дейін екі түрлі айқын мағынада қолданылып келеді. Біріншісін оқушының білім алу барысында жеткен белгілі бір білім, білік, дағды нәтижелері ретінде қарастыратын болсақ, оны бағалау немесе, белгілі бір бағдарламаны игеру деңгейі деуге болады. Екіншісі, оқушылар тобының немесе мектептің үлгерім көрсеткіші. Біздің өз жұмысымызда қарастырғалы отырған «білім нәтижесі» ұғымы осы екеуіне де жатпайды. Жоғарыда айтылған қалыптасқан түсініктер бойынша білім нәтижесі оқушылардың нәтижесі ретінде көрсетілсе, біздің түсінігімізде, «оқушылардың білім нәтижесі» ұғымы мен «білім беру нәтижесі» ұғымдары біріктіріліп, білім беру оқушының шын мәнінде көрсете алатын нәтижелеріне бағытталады, және бұл соңғы кездері әдебиеттерде «нәтижеге бағытталған білім беру» терминімен түсіндіріледі.

Білім алушылардың күтілетін оқу нәтижелері жетістігін бағалау жүйесі

білім беру мазмұнының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Жаңартылған орта білім беру мазмұнында білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі енгізіліп отыр.Жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушыларды оқуға ынталандыруға, қызығушылығын арттыруға, дамытуға бағытталған.

«Критериалды бағалау» терминін алғаш Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған, ол әдеттегі мінез-құлық моделінің жиынын анықтау үдерісін,білім алушылардың оқу жетістігі деңгейінің шамасы мен қолжетімділігініңарасындағы сәйкестікті сипаттады. Бұл білім алушы әрекетін алдын алаанықталған критерийлерді тіркеп жинақтау арқылы бағалауды білдіреді.

Глейзер критериалды стандарттағы бағалаудың басқа білім алушылар жетістігіне тәуелділік пен салыстыруға қатысы жоқ екенін, сондай-ақ, әр білімалушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпараттануға бағытталғандығынатап көрсетеді[7].

Білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі оқыту,оқу, бағалаудың өзара байланысына және оқу үдерісін ұйымдастырудыңбірыңғай тәсілдерін қамтамасыз етуге негізделген. Бұл барлық бағалау элементтері арасындағы өзара байланыс орнатуды,теориялық негіздемені болжамдайды (оқу мақсаттары, бағалау түрлері,құралдары мен нәтижелері). Білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі:

• оқыту мен бағалаудың тұтастығына негізделеді;

• білім алушылардың үлгерімін, ілгерілеуін қамтамасыз етудің бірыңғай

тәсілін қалыптастыруға бағытталады;

• оқу бағдарламасына сәйкес дағдыларды дамытуды, білім алу дәлелдерін

жинақтауды, оқу мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

• оқубағдарламасыныңмазмұнынегізіндегіәрсыныпүшінпәнбойынша

бағалаудыңформалары мен тәсілдерініңәртүрлілігінқамтиды.

Егер әр білім алушыға, оның ата-аналарына түсінікті анық, өлшемді бағалау критерийлері берілсе, бұған қол жеткізуге әбден болады. Критериалды бағалау жүйесі жалпы білім беретін мектептердегі білімалушылардың оқу жетістіктерін бағалау тәжірибесіне өзгерістер енгізудіңнегізін анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардыңхалықаралық стандарттарға сәйкестігін, әр білім алушының оқудағықажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.ЭЫДҰ мәліметі бойынша (2014), критерий негізіндегі бағалаудыңбарынша нақты сипаттамасы бар, ол қазақстандық мектептерде оқытусапасын арттыру үшін қажетті жағдайларды құруға мүмкіндік береді[8].

Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсатыбағалаукритерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралышынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлыққатысушыларға ұсыну.Оның міндеттері:

1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;

2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнеміжетілдіріп отыруына жағдай жасау;

3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерінқалыптастыруға көмектесу;

4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз:

-білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;

- мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;

-ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;

-басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралыақпараттар ұсыну.

Қазақстандық жалпы білім беретін мектептер үшін жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушыны дамыту, оның оқуға қызығушылығы мен мотивациясын арттыруға бағытталып отыр. Әрбір оқушы мен оның ата-анасына бағалаудың түсінікті, айқын және өлшемді критерилерін орнатқан жағдайда оған қол жеткізуге мүмкіндік береді.



Критериалды бағалау – оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген, оқу үрдісіне қатысушыларға алдын-ала белгілі, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негізделген үдеріс. Бұл бағалаужүйесінің артықшылықтары:

  • Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;

  • Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады;

  • Үлгі оқушыларға алдын-ала белгілі;

  • Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі;

  • Білім берудің сапасы артады;

Қорытындылай келе, жаңартылған білім берудің бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықталады. Критерий құру арқылы бағалауда тек қана оқушы бағаланады, орындалған жұмыстары алдыңғы берілген үлгімен салыстырылады. Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік алады және ата – анасына ақпарат бере алады. Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түседі. Олар өз білімінің деңгейін саралап, алға ұмтылады, жақсы жетістікке жетуге тырысады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. - http://www.edu.gov.kz

  2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.Астана,2012. -http://www.nao.kz

  3. Мұханбетжанова Ә., Мұханбетжанова А.Ө. Білім берудің жаңа парадигмасы және педагогика ғылымының даму тенденциясы - «Ұлт тағылымы»№2 2010. 31-35 б.

  4. «Қазақстан Республикасы бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты». 25 сәуір,2015 жыл. -http://www.nao.kz

  5. Лернер И.Я. Качества знаний учащихся. Какими они должны быть? - М.: Знание, 1978.- 47с.

  6. Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики.-М., 1980. – 297 с.

  7. Глейзер, Р. (1963). Обучающие технологии и измерение целей обучения. Журнал«Американский психолог», 18(8), 519-521.

  8. ЭЫДҰ мәліметі ЭЫДҰ (2014). Ұлттық білім беру саясатына шолу. Қазақстандағы ортабілім беру.

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...