Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012



жүктеу 2.34 Mb.
бет4/12
Дата15.01.2017
өлшемі2.34 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Тақырыпша бойынша сұрақтар:

  1. Бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберуге тікелей қатысты қылмыстардың топтық объектісі не?

  2. Бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберуге тікелей қатысты қылмыстардың топтық объектісі, заты не?

  3. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының объектiлерге нені жатқызамыз?



1.6 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ШЫҒАРУ МЕН АЙНАЛЫМҒА ЖІБЕРУГЕ ТІКЕЛЕЙ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ
Қылмыс құрамының келесі элементі – қылмыстық объективтік жағы. Қылмыстың объективтік жағы – бұл қылмыстық құқықпен қорғалатын объектілерге қолсұғатын, заңмен көрсетілген қоғамға қауіпті әрекеттердің сыртқы белгілерінің жиынтығы. Қылмыстық құқық оқулықтарында қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілерге мыналар жатады:

- қоғамға қауіпті әрекет пен әрекетсіздік,

- қоғамға қауіпті зардап;

- әрекет, әрекетсіздік пен зардап арасындағы себепті байланыс;

- уақыт, орын, жағдай, әдісі, құралы.

В.Н.Кудрявцевтың бұл жөнінде пікіріне келсек, кез келген қылмыстың объективті жағы сырттай қарағанда субъектінің қылмыстық әрекетімен басталып, қылмыстық нәтиже берумен аяқталынатын, оқиғалар мен құбылыстардың кезектілігінен тұратын, заңмен қорғалынатын мүддемен байланысты қоғамға қауіпті заңсыз қолсұғушылық процес болып табылады [34, 50-60 б.].

Бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберуге тікелей қатысты қылмыстардың объективті жағы инвесторға ірі мөлшерде зардаптар алып келетін қоғамға қауіпті іс-әрекеттер болып табылады. Оны белгілі бір мақсатқа жетуді көздеген бірыңғай әрекеттерден түріндегі күрделі жалғаспалы қылмыс, деп сипаттауға да болады. Зардаптар ірі мөлшерде инвесторға келіп, мемлекеттің мүддесіне де нұқсан тигізеді.

Бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберуге тікелей қатысты қылмыстар бірнеше сатылардан тұрады және адамдардың тобымен жасалынады. Бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберуге тікелей қатысы бар төмендегідей қылмыстық іс-әрекеттерден тұрады: көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіту және бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіту (бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзу – Қазақстан Республикасы ҚК 202-бабы), эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарушы заңды тұлғаның лауазым иесінің мемлекеттік органмен және бағалы қағазды ұстаушыға ақпараттарды бермеуі, жалған мәліметтерді ұсынуы (эмитент лауазымды тұлғалардың ақпараттарды бермеуі немесе көрінеу жалған мәліметтер беруі – Қазақстан Республикасы ҚК 202-1-бабы), бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне осы бағалы қағаздарға деген құқықтың басқа адамға ауысуына әкеп соғатын көрнеу жалған мәліметтер енгізу (бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне көрнеу жалған мәліметтер енгізу – Қазақстан Республикасы ҚК 203-бабы), мүліктік пайда алу мақсатында мемлекеттік органдарға бағалы қағаздармен жүргізілетін әртүрлі азаматтық құқықтық мәмілелер жасау туралы ірі зиян келтірген көрінеу жалған мәліметтер беру (бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру – Қазақстан Республикасы ҚК 204-бабы), бағалы қағаздармен жүргізілетін әртүрлі азаматтық құқықтық мәмілелерді жасауды ұйымдастыруға, олармен жасалған мәмілелерге кепілдік беру, бағалы қағаздардың айналымын тиімді ету, қаржы ресурстарының қайта бөлінуі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған мәмілелер жасау, оларды тіркеу, бағалы қағаздарды листингке қосу сынды әрекеттерді атқаруда ірі мөлшерде зиян келтіру (бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзудың – Қазақстан Республикасы ҚК 205-бабы), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалған банкноттары мен мәнеттерін, мемлекеттік бағалы қағаздарды немесе Қазақстан Республикасы валютасындағы басқа бағалы қағаздарды не шетел валютасы мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату мақсатында жасау, сақтау, сату (жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау немесе сату – Қазақстан Республикасы ҚК 206-бабы).

Украина Республикасы Қылмыстық кодексінің 223-бабының 1-тармағының диспозициясында бағалы қағаздарды шығару (эмиссиялау) мен айналымға жіберу тәртібін бұзудың объективтік жағын заңда белгіленген тәртіп бойынша эмиссиялауды тіркеуден өткізбей ашық нысанда бағалы қағаздарды орналастыру, ал 2-тармағында бағалы қағаздардың эмиссиялануын тіркеуге ұсынатын құжаттарға көрінеу сенімсіз ақпараттар енгізу, сондай-ақ бұл құжаттарды бекіту әрекеттері құрайды. В.Р.Щавинский өз еңбегінде «бағалы қағаздарды шығару» мен «айналымға жіберу» ұғымдарын заң шығарушының айыра алғаны жөн, деп сынайды. Бұл нормада Украина Республикасы Қылмыстық кодексінің 223-бабының 1-тармағының диспозициясында бағалы қағаздарды шығару (эмиссиялау) мен айналымға жіберу тәртібін бұзу (егер тек осы аталған қылмыстық норманың мазмұнына түсінік беретін болсақ) бағалы қағаздарды эмиссиялау кезеңінде өтетін жағдай – тіркеуден өткізбеген бағалы қағаздарды орналастыру, бағалы қағаздардың эмиссиялануын тіркеуге ұсынатын құжаттарға көрінеу сенімсіз ақпараттар енгізу, сондай-ақ бұл құжаттарды бекіту - әрекеттерімен ғана шектеледі.

Тақырыпша бойынша сұрақтар:


  1. Бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберуге тікелей қатысты қылмыстардың объективті жағы не?

  2. Бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберуге тікелей қатысы бар қандай қылмыстық іс-әрекеттерден тұрады?



1.7 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ШЫҒАРУ МЕН АЙНАЛЫМҒА ЖІБЕРУГЕ ТІКЕЛЕЙ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАРДАҒЫ ЖАЛҒАНДЫҚ
Бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберуге тікелей қатысты қылмыстардағы жалғандық мәселесіне тоқталсақ.

Құжаттардың жалғандығына байланысты фактілер қоғамымызда ертеректен-ақ орын алып отырған құбылыстардың бірі болып табылады. Бұл қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі олардың объектілерінің құндылығымен, маңыздылығымен ерекшеленеді, сондай-ақ ол жалғандық қылмыстарды жасау құралы ретінде де қауіпті. Құжаттардың жалғандығының қаупі жалған құжаттар жағдайлар мен фактілердің шындығын бұрмалай отырып, мемлекет пен азаматтардың, мемлекеттік емес органдар мен мекемелер арасындағы айналымға түсуінде де. Өйткені, құжаттардағы жалғандық органдардың қызмет өкілдерінінің азаматтардың шынайы құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету іс-әрекеттерінің дұрыс бағаланбай, бұрыс шешім шығаруына жол береді.

Ал, жалған құжаттармен күресудің негізгі құралы Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы болып табылады.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен даму қарсаңындағы жаңа қоғамдық қатынастарды қорғау және сақтау мақсатында орын алған Қылмыстық кодекстің «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар» атты 7-тарауында бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберумен тікелей байланысты қылмыстардың қатарында бұрмалау, құжаттағы жалғандық үшін жауапкершілік қарастырылған біршама нормалар бар, атап айтсақ: бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзу (ҚР ҚК 202-бабы), эмитент лауазымды тұлғалардың ақпараттарды бермеуі немесе көрінеу жалған мәліметтер беруі (ҚР ҚК 202-1-бабы), бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне көрнеу жалған мәліметтер енгізу (ҚР ҚК 203-бабы), бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (ҚР ҚК 204-бабы), жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау немесе сату (ҚР ҚК 206-бабы).

Жалғандықты қылмыстың дара түрі ретінде қарау барысында жалғандық зардап әкелетін объекті, қылмыс затының құндылығы мен сипаты, қылмыс субъектісі сынды қылмыс құрамдары назарға алынады. Бұрмалаудың жүйесін құрудың теориялық негізі қылмыс объектісі болып табылады.

Қылмыстық құқықтық әдебиеттерде жалпы бұрмалау объектісінің түсінігі жөніндегі мәселе бойынша ғылымдардың әр түрлі пікірлері бар. Көпшілік ғалымдардың пікірлерінше, жалған құжаттарды жасау, оларды сатудың объектісі ретінде мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің қызметтері болуы тиіс [35, 59 б.].

Қылмыстық заңнамада жауаптылық көзделген қылмыстық әрекеттердің негізі «құжат» түсінігімен тығыз байланысты. Мұндай іс-әрекеттерге бар жалған құжаттардың түрлері, сонымен қатар олардың ұрлануы және бұзылуы, басқа да кейбір қылмыстар жатады.

Сондықтан бұрмалаудың негізін білу үшін «құжат» түсінігін анықтау маңызды. Құжаттың өзі қылмыстың заты болып табылады. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 206-бабындағы қылмыс заты болып жалған ақша және құнды қағаздар табылады.

Бұрмалау кезінде қоғамдық қатынастарға міндетті түрде қол сұғылады, бұл оның қоғамдық қатынастың сыртқы құрамына әсер ету арқылы құжат ретінде әрекет ететін материалды зат.

Құжаттарды бұрмалау барысында қылмыс жасау құралы ретінде өздері емес, кінәліге шын құжатты бұрмалауға көмектесетін немесе толық жалған құжатты жасауға көмектесетін заттар болады (резинке, ручка, жазу машинкасы, компьютер, сия және тағы басқалары).

Басқа жағдайларда жалғандық жасау құралы ретінде әрекет ететін бір зат бір кезеңде басқа қылмыстың құралы болып табылады. Бұрмалау үшін қолданған жалған мөр осындай әрекеті жасау құралы болады, бірақ бұл мөр басқа қылмыстың заты ретінде әрекет етеді – мөрлерді жалған жасау ретінде. Құжаттар туралы осыны да айтуға болады.

Көбінесе, құжаттар жеке қылмыстардың жасалуы немесе қылмыстық әрекеттерді жасыру құралы ретінде жүзеге асырылады. Бұл ретте шын құжаттар да, сонымен қатар жалған құжаттар да жүзеге асырыла алады. Бұл құжаттардың түрлерінің арасында айырмашылығы ретінде, яғни бұрмаланған құжаттар шын құжаттарға қарағанда болжаған немесе шынында орын алмаған өтірік жағдайлар мен фактілерді куәландырады [36, 19-20 б.].

Сондықтан құжаттың жалғандығы немесе шын екендігі жөніндегі анықтамалар үшін құжаттың шығу көзі де назарға алынуы тиіс.

Құқықтық мағынадағы құжаттар болып, тек қана заңдық мағынаға ие, белгілі бір фактілерді куәландыратын жазбаша актілер табылады. Егер өзінің мазмұнынан тәуелсіз кез келген акт бұрмалаудың заты болатын болса, онда кез келген жазбаша актіні бұрмалағаны үшін жазалауға тиіс, бірақ оның мазмұны құқық үшін нарықсыз. Ал құжаттың құралы заң шығарушы үшін құнсыз емес. Әр түрлі жалған құжаттардың қылмыстық құрамын бөле отырып, заң шығарушы сол немесе басқа құжаттың мазмұнын өз назарына алады. Қылмыстық кодекстің 206-бабы бойынша жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау немесе сату, яғни жалған ақшаларды жасау және оларды сату көрініс табады. Бұл құжаттардың айырмашылығы, олардың шығу көздерінде емес, олардың мазмұнында.

Құжат болып заңдық мағынаға ие, белгілі бір фактіні куәландыратын жазбаша акт ретінде ғана бола алады.

Қылмыстық құқық теориясында құжаттар өзінің шығу көзі бойынша екі түрге бөлінеді: ресми және жеке.

Жеке құжат – бұл жеке тұлғалармен жасалынатын және олардан шығатын құжат. Құжаттарды тек қана мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар, мекемелер, қызметтік тұлғалар шығарған ретте ғана олар ресми болып табылады. Ресми құжат – бұл ресми қайнар көзге ие құжат.

Тұлға өзінің уәкілеттілігін көрсететін мемлекеттік немесе мемлекеттік емес қызметіндегі жеке құжаттарды да жалған жасауы мүмкін. Бұл қызметтік жалғандық болып табылады. Қызметтік жалғандық, бұл банк қызметкерлері жайлы айтатын болсақ, олардың жалған мәліметтерді енгізуі, сол аталған құжаттарға олардың мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгізу, не көрнеу немесе қолдан жасалған құжаттар беру болып табылады. Өзінің қызмет бабын пайдалана отырып тұлғалармен жасалған жалған құжаттар қоғамға зор қауіп тудыруы мүмкін немесе мемлекеттік және қоғамдық аппараттық қызметінің бұзылуына алып келеді. Жалғандық құжаттың мінездемесін өзгертпейді, ол бұл кезде жеке құжат болып қала береді.

«Ресми құжат» термині тек мемлекеттік мекемелер, ұйымдар мен мемлекеттік емес мекемелер шығаратын құжаттарды қамтиды.

Қылмыстық кодекстің 202-бабында, яғни бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу – көрінеу сенімсіз ақпараты бар эмиссия проспектісін бекіту, сондай-ақ бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрнеу сенімсіз есепті бекіту. Мұнда жалған, сенімсіз мәліметтерді, яғни есепті бекіту жөнінде айтылады. Бұл қылмыстың объектісі – бағалы қағаздардың эмиссиясына байланысты бағалы қағаздар рыногында қалыптасатын қоғамдық қатынастар табылады, ал объективтік жағы – көрнеу жалған ақпараты бар эмиссия проспектісін бекіту түріндегі, не бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрнеу жалған есепті есепті бекіту түріндегі әрекет.

Эмитент лауазымды тұлғалардың ақпараттарды бермеуі немесе көрінеу жалған мәліметтер беруде (Қазақстан Республикасы ҚК 202-1-бабы) жалғандық эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарушы заңды тұлғаның лауазым иесі мемлекеттік органмен және бағалы қағазды ұстаушыға бағалы қағаздардың аты, саны, эмитенттің атауы, мекен-жайы, сондай-ақ бағалы қағазды ұстаушының немесе эмитенттің жеке шотында жатқандығы туралы шындыққа жатпайтын мәліметтерді ұсыну түрінде көрінеді.

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімін жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы тіркеуші – заңды тұлғаның қызметіне бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу жүйесін құрайтын деректерді жинақтау, тіркеу, өңдеу және сақтау және ұсыну кіреді. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне көрнеу жалған мәліметтер енгізу жөніндегі норма бойынша (Қазақстан Республикасы ҚК 203-бабы) жалғандық тіркеушінің бағалы қағаздарды ұстаушылар санын, белгілі бір күнгі бағалы қағаздың меншік иелерін анықтау, айналымдағы бағалы қағаздар көлемімен эмиссияның тіркелген параметрлерінің сәйкестігін бақылау, эмитеттің шешімі бойынша бағалы қағаздармен күрделі операциялар орындау, бағалы қағазға құқығын растауда барысындағы деректерді және бағалы қағаздардың қиындық фактілері туралы бұрмаланған, қате ақпаратты тізілімге енгізуі нысанында қарастырылады.

Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының көрінеу жалған мәліметтер беруінде (Қазақстан Республикасы ҚК 204-бабы) бағалы қағаздармен жасалған операциялар туралы мәліметтер беруге өкілетті мемлекеттік органның қызметкері мәлімет сұратқан уәкілетті тұлғаға, бағалы қағаздың меншік иесіне бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы көрінеу жалған деректер береді.

Барлық жалған құжаттар – бұл шындыққа сәйкес емес, оны жоятын немесе жасыратын құжаттар. Жалғандық, егер қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар шеңберіне жанасса және оның қоғамдық қауіптілік деңгейі қылмысқа сәйкес қоғамдық қауіпті болса ғана, қылмыстық құқық жүйесіне енеді. Ғылыми еңбектерде «өтірік», сонымен қатар «жалған», «жалғандық» терминдері қатар қолданылады.

Алдау қылмыстық жауаптылық көзделген жалғандықтың басқа түрлерімен қатар қолданылып жатады. Мұнымен алдау түсінігін анықтап алуымыз керек. С.И.Ожеговтың «Орыс тілі аудармасында» «алдау – бір нәрсе жөнінде жалған көрініс, жаңылысу», деп қарастырылады [37, 383 б.].

В.Дальдың сөздігінде алдау - әр түрлі жалған әрекет немесе жұмыс, «өтірік шындық, екі жүздік, қулық ретінде көрініс алады» деп түсіндіріледі. Ал басқа сөздіктерде алдау «жалған көрініс, қиял» деп айтылады. Брокгауз бен Ефронның энциклопедиялық сөздігінде алдауды – біле тұра басқа тұлғаны адастыру, жаңыстыру, деп көрсеткен [38, 521 б.].

Қылмыстық әдебиеттерді зерттей отырып, криминалист-ғалымдардың мынадай тұжырымдарын байқаймыз: алдаудың анықтамасы бір қылмысқа апарып тіреледі – алаяқтыққа, ал басқа алдау әрекетін қамтитын құрамдарда алдаудың нақты белгілері талданады.

Ал Г.А.Кригер алаяқтық алдау жөнінде айтады [39, 144 б.]. Алаяқтық алдау – тұлғаны адастыру мақсатымен шындықты қасақана жою немесе жасыру, оған әлеуметтік мүлік кіреді және бұл жолмен қылмыскердің қарауына мүлікті өз еркімен беруге алып келеді.

Қылмыстық құқық теориясында жалғандықты материалды және интеллектуалдық деп ажыратады. Қылмыстық құқық ғылымында жалғандықтың заңдық түрлеріне материалдық жалғандық немесе интеллектуалдық жалғандық жатады. Шетел заңнамасында да жалғандықтың бұл екі түрі айтылады.

Қылмыстық құқықтық ғылымында көрсетілген жалғандықтың бөлінудің түрлері ғылыми және монографиялық әдебиеттерінде де көрініс алады. Бірақ бұл бөлуді көптеген авторлар ұстанбайды. Мысалы, Я.М.Брайнин бұл жалғандықты материалды және интеллектуалды бөлінуін «тәжірибелік мағынасынан айырған, өйткені жалғандықтың екі түрі де қылмыстық мақсатқа жету құралы ретінде әрекет етеді және бірдей жазаланады», деп ойлайды.

Интеллектуалды жалғандық материалды жалғандыққа қарағанда криминалистикалық сараптама көмегімен анықталына алмайды. Оны анықтау үшін тергеу әрекеттерінің көмегімен құжаттың мазмұны шындыққа сәйкес, не сәйкес емес екендігін тексеру керек:

А.Н.Трайниннің пікірінше, материалдық жалғандықта шынайы құжат ретінде басқа жалған құжат даярланады, ал интеллектуалдық жалғандық шын құжатқа жалған мәліметтерді енгізуден тұрады.

Жапон заңнамасында құжатты бөтен атпен теріс қылық арқылы жасау интеллектуалдық жалғандыққа жатады. Бұл жерде шындықты, құжаттың шығу көзін жою, оның түрі бұзылады, бұнда жалғандықтың материалды іздері қалады. Қызметтік тұлғаның атынан қол қою фактісі – құжаттың түрінің бұзылғандығын куәландырады.

Егер субъект қызметтік тұлғаның дайын қолын қолданса (мысалы, қызметтік тұлға бланкіні кейін толтыру мақсатымен оған қол қойса) және құжатты жасаса, ол материалды жалғандық жасайды, өйткені мәтінді толтыру – бұл криминалистік сараптаманың затын құруы мүмкін жазбаша іздерді жасау болып табылады.

Егер жалған құжат қызметші тұлғаның өзінің өкілеттігі негізінде шын бланкіде жасалса, онда бұл материалды емес интеллектуалды жалғандық болып табылады. Сондықтан материалды өзгерістерді ажыратуға болмайды. Мұндағы құжат түрі емес, бірақ мазмұны бұзылған. Шынайы бланкіге қарамастан, мұндағы әріп, таңба ретіндегі материалдық іздер қалады. Өзінің өкілеттігі шеңберінде, заңмен осы қызмет тұлғаға белгіленген ретте ғана әр ресми құжат жасалуы тиіс. Сондықтан материалдық жалғандық, бұл құжаттың түрін бұза отырып, шындықты жою және онда материалдық іздерді қалдыру әрекеттері болып табылады. Материалдық жалғандық екі жолмен жасалынады: құжаттағы шындықты, оның түрін өзгерту жолымен және онда материалды іздер қалдыру жолымен.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде «жалғандық» термині жеке тұлғалар жағынан материалдық жалғандықты белгілеу үшін қолданылады. Мысалы, жалған ақшалар және мемлекеттік бағалы қағаздарды белгілеу үшін «жасау» термині қолданған. Бұл қылмыс құрамында «жалғандық» терминін қолданамыз, өйткені жауаптылық тек ақшалар мен бағалы қағаздарды жасау үшін ғана емес, сонымен қатар шын ақшалар мен бағалы қағаздарды бұрмалау үшін де көзделген. Жалғандық ретінде Қылмыстық кодекстің 206-бабындағы қылмыс үш балама әрекеттерді жасаумен сипатталады – жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау немесе сату.

Сонымен, бағалы қағаздар нарығындағы қылмыстарды бұрмалау, не жалғандық жөніндегі қылмыстар аясында қарастырудың өзіндік маңызы бар. Мұнда бұрмаланған құжаттар, мәліметтердің азаматтық айналымдағы, нақты айтқанда бағалы қағаздар нарығындағы құндылығын, жалған, бұрмаланған құжаттардың қатынас субъектілеріне алып келер зардаптарын ескере отырып, қылмыстық әрекеттер үшін жазалау саясатын әділ қамтамасыз етуге болады.

«Қылмыс құралын» «қылмыс заты» ұғымынан ажырата алу керек. Қылмыс заты – қылмыстық әрекет әсер еткен мүлік болса, қылмыстың құралы – бұл субъектінің қылмыстық әрекетін жүзеге асыруына көмекші себепші болатын мүлік, не олардың комплексі. Түсіндірме сөздікте «құрал» ұғымы екі мағынаны береді: 1) құрал – мақсатқа жетудің жолы, 2) құрал-жабдық – қызметті жүзеге асыруда қолданылатын зат [40, 55-57 б.]. Филологияда «құрал» термині кең және тар мағынада пайдаланады. Көпшілік криминологтар бұл ұғымды қылмыс жасау үшін қолданылатын мүлік (құжат, механизм, сондай-ақ қандай-ақ қандай да материалдық дүние) деп түсінеді.

Қылмыс нормасына түсініктеме бергенде аталған қылмыстың құралын әр жағдайға қатысты нақтылап көрсеткен жөн. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасауда қылмыстың құралы техникалық құрал, көшірме құрал, қағаз, қайшы және тағы басқалар болса, сақтау кезінде қылмыс құралы – қалта, кітап, қойма, т.б., жалған ақша мен бағалы қағазды айналымға жіберудің құралы, сол жалған ақша мен бағалы қағаздың өзі болады. Мұнан, ҚР ҚК 206-бабының қылмыс құралы қылмыстық әрекет түрлеріне қарай әркелкі болатынын байқаймыз.

Қылмыстың әдісі – қылмыстың объективті жағын сипаттайтын белгі. Қылмысты жасаудың әдісі мен құралы бір-бірінен бөлек, бірақ тығыз байланысты ұғымдар. Қылмыстың әдісі деп қылмысты жасау кезінде сүйенетін жоспарланған әрекеттердің бағдарламасын (әдісін) айтады [41, 41 б.]. зерттелініп отырған қылмыстарға байланысты нормалардың диспозицияларында қылмыстық әрекетті жасаудың әдісі туралы сөз қозғалмайды. Әдіс түрлі қылмыстық істерде анықтауға тиісті мән-жайлар болып табылады.

Мысалы, жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасаудың толық және ішінара әдістері болады. Толық даярлау әдістері төмендегідей болып келеді: суретін салу, фотобейнесін түсіру, көшірмесін алу (электрографиялық), полиграфиялық және басқа да әдістер.

Қылмыстың объективтік жағының бір элементі – зардап. Қылмыстың нәтижесі кінәлінің әрекеті, әрекетсіздігінің әсерінен болатын қылмыс құрамының объективтік белгісіне кіретін, қылмыстық заң қарастырылған қоршаған ортадағы өзгерістер болып табылады. Бұл нәтижелер заңмен қорғалынатын объектіге тікелей, не жанама зиян келтіреді, не шығынның келу қаупін төндіреді. Н.Ф.Кузнецованың пікірінше, барлық қылмыстар құқықтық тәртіпті орнату барысында құқықтық шығын әкеледі, құқықтық мемлекет жүйесінің дұрыс функциялануына кедергі келтіреді [42, 237 б.].

Заң шығарушылық пен нормативтік практикада қылмысты нәтижесі үш бағытта көрінеді:

- нәтиже нақты көретіледі (материалдық);

- нәтиже нақты баяндалмаса да, әрекет-әрекетсіздіктің қауіптілігі жөнінде айтады;

- «ауыр, не аса ауыр зардап» немесе «ірі, не елеулі мөлшерде» шығын әкеледі. Екі бағыт та құқық нормасының диспозициясында көрініс табады.

Ірі мөлшердегі зиянның ұғымы ҚР ҚК 189-бабымен реттеледі, яғни қылмыскер қылмысты жасау кезінде жеке тұлғаға ҚР заңымен бекітілген 100 айлық есептік көрсеткіш, ұйымға немесе мемлекетке 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде залал алып келуі тиіс.

Қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін зиянның белгілі мөлшерде келуі негіз болып табылатын ҚР ҚК 202-1-бап (ірі мөлшерде), 203-баптың 2-тармағы (ірі мөлшерде), 204-бап, 205-бап, 206-баптың 2-тармағы «в» тармақшасындағы қылмыстық іс-әрекеттер (ірі мөлшерде) жатады.

Іс-тәжірбиеде жасалынған әрекеттерді саралауда ірі мөлшерде зардаптың келгенін дәлелдеу көп қиындықтар туғызады. Осыған орай мынадай мәселе туындайды, ол заң шығарушының «зиян» деген ұғымымен байланысты. «Зиян» - нақты шығын және жіберіліп алынған пайда ескеріледі ме? Бұл мәселе тек осы бап үшін ғана маңызды сұрақ емес, басқа баптарға да қатысты. Қылмыстық кодекс күшіне енген кезде сот тәжірбиесінде бұл сұрақ көтеріліп, біртін келе, азаматтық кодекске сәйкес, зиян ұғымына тек нақты келген шығын ғана емес, жіберіліп алынған пайданы да кіргізу жөнінде ұсыныстар болды. Сондықтан да біздің пікірімізше, мұндай ұсыныс Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жоғарыда аталған баптарға да қатысты қолданылса. Басқа шаруашылық субъектілерінің нарығына қол жеткізу қиын (шектелген ретте) болған сәтте зардап жіберіліп алынған пайда нысанында, ал құнын есептей алған кезде тұтынушыға зардап нақты зиян нысанында есептелінеді.

Әрекеттің қоғамға қауіпті зардабы жауаптылықты ауырлататын жағдай ретінде тек ол кінәлінің әрекетімен объективті және субъективті түрде байланысты болған жағдайда ғана бағаланады. Ал аталған қылмыс субъектісіне қатысты тек зиянды келтірушінің кінәсін қамтитын ауыр зардаптардың келуін жауаптылықты ауырлататын жағдай деп түсіну қажет.

Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртібін бұзу (ҚР ҚК 202-бабы), жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау немесе сату (ҚР ҚК 206-бабы) жөніндегі қылмыстардың құрамы – формальды. Қылмыстық әрекеттердің біреуі жасал кезден бастап қылмыс аяқталған болып саналады.

Бағалы қағаздар эмитенті лауазымды адамның ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер беру (ҚР ҚК 202-1-бабы), бағалы қағаздарды ұсынушылар тізіліміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу (ҚР ҚК 203- бабы), бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының көрінеу жалған мәліметтер беруі (ҚР ҚК 204-бабы), бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу (ҚР ҚК 205-бабы) жөніндегі қылмыстардың құрамы – материалдық. Қылмыс аяқталды есептеу үшін қылмыстық нормада көрсетілген мөлшерде зиян келуі шарт.



Тақырыпша бойынша сұрақтар:

  1. Қылмыстық кодекстің «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар» атты 7-тарауында бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберумен тікелей байланысты қылмыстардың қатарында бұрмалау, құжаттағы жалғандық үшін жауапкершілік қарастырылған нормаларды атаңыз?

  2. Қылмыстық құқық теориясында құжаттар өзінің шығу көзі бойынша қанда түрге бөлінеді?

  3. Жеке құжат дегеніміз не?

  4. Ресми құжат дегеніміз не?

  5. Қылмыстық құқық теориясындағы материалды және интеллектуалдық жалғандық дегеніміз не?

  6. бағалы қағаздар нарығындағы қылмыстарды бұрмалау, не жалғандық жөніндегі қылмыстар аясында қарастырудың маңызы неде?

  7. «Қылмыс құралын» «қылмыс заты» ұғымынан ажыратаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет