Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012



жүктеу 2.34 Mb.
бет11/12
Дата15.01.2017
өлшемі2.34 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Тақырыпша бойынша сұрақтар:

  1. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыс құрамына сипаттама беріңіз.

  2. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстың саралаушы құрамдарына түсінік беріңіз.

  3. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздар ұғымына тән белгілерді атаңыз.

  4. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуға байланысты қылмыстардың аяқталу, даярлану, оқталу моменттеріне тоқталыңыз.

  5. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 206-бабы - жалған ақша мен бағалы қағаздарды сату мақсатында жасау, сақтау, не сату мен Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 207-бабы - жалған төлем карточкасын және басқа да төлем-есеп құжаттарын сату мақсатында жасау, не сатудың байланысын ашыңыз.

  6. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны, не сатқаны үшін жаза тағайындау ерекшелігі қандай?

  7. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстар бойынша жаза тағайындауда ескеруді қажет ететін ауырлататын мән-жайларды атаңыз.

  8. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны, не сатқаны үшін жазаны жеңілдететін қандай мән-жайлар бар?



ҚОРЫТЫНДЫ
Қылмыстық теорияда бағалы қылмыстар нарығында кездесетін қылмыстар классификацияланбаған. Оларды негізінен екі топқа бөліп қарастыру керек:

- бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберуге тікелей қатысты қылмыстар,

- бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберуге жанама қатысы бар қылмыстар.

Бағалы қағаздар нарығында кездесетін қылмыстарға мынадай жалпы қылмыстық құқықтық сипаттама тән:

Бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберуге тікелей қатысты қылмыстардың барлық тобына кінәнің тікелей қасақаналық нысаны тән. Қылмыскердің бағалы қағаздар нарығындағы қылмыстық іс-әрекеттерінде пайдакүнемдік, кек алу, қарсыласының беделін түсіру, күнін көру үшін елді экономикалық күйрету, қарсыласын материалдық қиындыққа ұшыратуы сынды ниеттер болады.

Бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберуге тікелей қатысы бар қылмыстардың субъектілерінің көпшілігі (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202, 202-1, 203, 204, 205, 206-баптарында) – арнайы, тек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 206-бабында субъект жай немесе соттылығы бар тұлғалар болуы мүмкін.

Бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберуге тікелей қатысы бар қылмыстардың жалпы объектісі экономикалық қызмет саласында туындайтын өзара біртектес, бір топқа біріккен құқықтық қатынасқа түсушілердің заңды экономикалық мүддесі болып табылады.

Бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберуге тікелей қатысы бар қылмыстардың топтық объектісі – экономикалық қызмет саласында өзара біртектес қоғамдық қатынастардың тобына біріккен, заңмен қорғалынатын мүдде болып табылады.

Қарастырылған қылмыстардың түрлік объектісін заңмен белгіленген тәртібі бар бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберуге байланысты туындайтын мүдде, деп қарастырамыз.

Бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберумен байланысты қылмыстардың заты жекеленген қылмыс түрлеріне қарай әркелкі болады.

Бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберумен байланысты қылмыстардың заты жекеленген қылмыс түрлеріне қарай әркелкі болады, олар бағалы қағаздар, бағалы қағаздарды шығару мен орналастырудың қорытындысы жайлы есеп, эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісі, бағалы қағаздардың операциялары туралы мәліметтер, бағалы қағаздар ұстауға құқық беретін құжат – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмі.

Бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберуге тікелей қатысты қылмыстардың объективті жағы инвесторға ірі мөлшерде зардаптар алып келетін қоғамға қауіпті іс-әрекеттер болып табылады. Оны белгілі бір мақсатқа жетуді көздеген бірыңғай әрекеттерден түріндегі күрделі жалғаспалы қылмыс, деп сипаттауға да болады. Зардаптар ірі мөлшерде инвесторға келіп, мемлекеттің мүддесіне де нұқсан тигізеді.

Бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберуге тікелей қатысты қылмыстар бірнеше сатылардан тұрады және адамдардың тобымен жасалынады.

Бағалы қағаздар нарығындағы қылмыстар бланкетті диспозицияға негізделген.

Бағалы қағаздарды шығару мен айналымға жіберумен тікелей байланысты қылмыстарға бұрмалау, құжаттағы жалғандық тән.

Бағалы қағаздар нарығындағы қылмыстармен күресуде жазаның ең тиімді түрі – айыппұл.

Заңымызда айыппұлдың шектерін анықтау барысында сотпен міндетті түрде есепке алынған қылмыскердің, оның отбасының жағдайы туралы мәліметтердің негізінде қылмыстың ауырлығын есепке алып, айыппұл көлемін максималды бағалау қажет.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзудың (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-бабы) тікелей объектісі – бағалы қағаздарды шығару процесіндегі нақты қоғамдық қатынастарға түсушілердің қылмыстық заңмен қорғалынатын мүдделері.

Бағалы қағаздар эмитенті лауазымды адамның ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер берудің (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-1-бабы) тікелей объектісі – бағалы қағаздар нарығында қалыптасатын қатынаста қылмыстық қолсұғылған бағалы қағаздарды ұстаушы немесе эмитенттің заңмен қорғалынатын мүдделері.

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне көрінеу жалған мәліметтер енгізудің (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 203-бабы) тікелей объектісі – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерiн жүйелеуге байланысты туындайтын қатынастарда бағалы қағаздарды ұстаушының, мемлекеттің экономикалық мүдделері.

Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының көрінеу жалған мәліметтер берудің (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабы) тікелей объектісі бағалы қағаздар нарығында кәсіби көмек көрсету барысында туындайтын қатынастардағы инвестордың, эмитенттің, басқа қатысушыларының қылмыстық заңмен қорғалынатын заңды мүдделері болып табылады.

Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 205-бабы) жөніндегі қылмыстың тікелей объектісі – арнайы ережемен бекітілген бағалы қағаздармен операцияларды жүргізуге байланысты туындайтын қатынастарға түсуші эмитенттің, инвестордың, бағалы қағаздар нарығының басқа да қатысушыларының, мемлекеттің қылмыстық заңмен қорғалынатын экономикалық мүдделері.

16 Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзу (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-бабы) жөніндегі қылмыстың объективтік жағын көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіту және бағалы қағаздарды шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіту түріндегі әрекеттер құрайды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзу осы жоғарыда топтастырып көрсетілген (адымды қадамдар) әрекеттерге қатысты айтылады. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзуды көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіту және бағалы қағаздарды шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіту түріндегі әрекеттермен шектеу орынсыз, себебі заңнамада эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың ережесі тек аталған іс-әрекеттерді құрайды, деп белгіленбеген. Бұл қылмыстық норма үшін «эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзу» деген атаудағы ұғым тым кең, оның нақтылау қажет.

Аталған қылмыстарды іс-тәжірбиеде қарау, бағалы қағаздар нарығындағы қылмыстық норманы қолдану барысында бағалы қағаздарды шығаруға байланысты экономикалық-құқықтық категориядағы түсініктерге қылмыстық құқықтық баға беру кезінде қиыншылықтар жиі кездеседі, себебі, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңда эмиссия проспектісін бекіту ұғымы айтылмаған.

Сондықтан, біздіңше, бағалы қағаздардың эмиссиялау проспектісін бекіту - бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын өкілетті органға ұсыну үшін эмитенттің өзінің қабылдаған шешімі.

Қылмыстық норманың мазмұнына жүгінсек, көрінеу сенімсіз ақпараты бар эмиссия проспектісін бекіту жөніндегі қылмыстық факт анықталған жағдайда, эмитент эмиссия проспектісіне сенімсіз мәлімет енгізе отырып, бекіткені үшін, ал уәкілетті орган мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырғаны үшін жауап бермек. Заң шығарушы мұнда ірі залалдың келуіне қарамай, әрекеттің қауіптілігін көрінеу сенімсіз ақпараты бар эмиссия проспектісін, есепті бекіту жөніндегі қылмыс фактісімен өлшейді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-бабындағы көрінеу (қылмыстың объективті жағын құрайтын қылмыстық іс-әрекеттердің) жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіту және бағалы қағаздарды орналастыру жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіту түріндегі қылмыстық әрекеттердің қатарына, бағалы қағаздарды эмиссиялау процесінің кезекті әрекеті ретінде қаралатын мемлекеттік тіркеуден өтпеген эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды жатқызу қажет.

Бағалы қағаздар эмитенті лауазымды адамның ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер беру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-1-бабы) жөніндегі отандық қылмыстық заңнамада инвесторға эмитент лауазымды адамының тиісті мәліметтерді тапсырудан жалтару шарасы қарастырылмаған. Бұл мәліметтер бағалы қағаздарды эмиссиялауда, бағалы қағаздардың қайталама нарығында да тиісті тұлғаларға тапсырылуы тиіс.

Бағалы қағаздар эмитенті лауазымды адамның ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер беру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-1-бабы) жөніндегі отандық қылмыстық заңнамада инвесторға эмитент лауазымды адамының тиісті мәліметтерді тапсырудан жалтару шарасы қарастырылмаған. Бұл мәліметтер бағалы қағаздарды эмиссиялауда, бағалы қағаздардың қайталама нарығында да тиісті тұлғаларға тапсырылуы тиіс.

Бағалы қағаздар эмитенті лауазымды адамның ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер беру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-1-бабы) жөніндегі қылмыстық нормада лауазымды адамның мемлекеттік қызметші болуы шарт. Ал эмитент – эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарушы заңды тұлға, барлық жағдайда оның өкілінің мемлекеттік қызметші болуы мүмкін емес, ол тек мемлекеттік бағалы қағаздарға ғана қатысты. Бұл жағдайда қылмыс субъектісі «эмитент лауазымды адамы» ұғымының орнына «эмитенттің басқарушы тұлғалары» деген ұғым қолдану орынды. Эмитенттің басқарушы тұлғалары – мемлекеттік органға, бағалы қағаздарды ұстаушыларға, инвессторға ақпаратты бермеген, не жалған ақпарат берген жауапты тұлғалар.

Сондықтан, бағалы қағаздар эмитенті лауазымды адамның ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер беру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-1-бабы) туралы нормада белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыру түріндегі жаза тек эмитент-мемлекеттік қызметші-лауазымды тұлғаға ғана қолданылуы тиіс.

Бағалы қағаздар эмитенті лауазымды адамы бағалы қағаздардың түрі, саны, эмитенттің атауы мен мекен-жайы, сондай-ақ бағалы қағаздарды ұстаушы мен эмитенттің жеке шотындағы есеп, мәмілелер және бағалы қағаздармен басқа да операциялар туралы ақпараттар бағалы қағаздар эмитенті лауазымды адамның ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер беру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-1-бабы) туралы қылмыстың заты болуы тиіс.

Кәсіби қатысушы мемлекеттік органдарға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға бағалы қағаздармен жүргізген қызметтері туралы мәліметтер беруге міндетті. Оларға мыналар жатады: бағалы қағаздардың саны мен түрлері, бағалы қағаздардың операциялары туралы мәліметтер. Сондықтан да осы мәліметтер бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының көрінеу жалған мәліметтер берудің қылмыс заты болып табылады.

Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзудың (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 205-бабы) қылмыс заты бағалы қағаздармен байланысты операциялар жүргізудің ережесі болуы тиіс.

Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қатысушылардың көмегімен төмендегідей операцияларды жасауда заңбұзушылықтар кездеседі:



  • уәкілетті органның бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға қатысты шығарылған актілерін орындамауы. Мысалы, бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді тоқтата туралы шешімін орындамау немесе лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы уәкілетті органның шешімін орындамау,

  • бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық және қызметік құпияны ашу (Коммерциялық құпия мәліметтерді эмитентке және бағалы қағазды ұстаушыға сенімхат негізінде олардың өкілдеріне берілуі мүмкін. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңның 41-бабы);

  • бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының заңмен белгіленген талаптарды бұзуы (Заңның 44-бабы);

  • инсайдерлік мәліметті заңсыз қолдану (Заңның 56-1-бабы);

  • лицензиялау тәртібін бұзу (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы – заңсыз кәсіпкерлік);

  • мемлекеттік тіркеуге байланысты (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-бабы);

  • бағалы қағаздарды ұстауға байланысты (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 203-бабы);

  • жосықсыз іс-қимылдар жасау (Заңның 56-бабы);

  • бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау (Заңның 56-бабының 1-тармағының 5-тармақшасы);

  • нақтылы ұстаушының заңмен белгіленген тиымдарын жасауы (Заңның 59-бабының 2-тармағы);

  • брокер мен дилерлердің мәмілелер жасаудағы заңсыз әрекеттері. Мысалы, эмитент, инвестор үшін тиімсіз мәміле жасауы;

  • бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi шарт бұзылған жағдайда тiркеушiге қойылатын талаптарды сақтамау (Заңның 68-бабы);

  • кастодианды қызмет көрсету туралы шартты бұзу (Заңның 76-бабы);

  • трансфер-агент қызметімен байланысты (Заңның 77-бабы);

  • орталық депозиторий қызметіменмен байланысты (Заңның 82-бабы);

  • биржалық сауда ережелерін бұзу (Заңның 85-бабы);

  • бағалы қағаздар нарығында заң міндеттеген тұлғалардың (эмитент – заңның 101,102-баптары), сауда-саттықты ұйымдастырушы – заңның 104-бабы, уәкілетті орган – заңның 105-бабы, лицензиат – заңның 103-бабы) ақпараттарды ашып көрсетпеуі, толық көрсетпеуі (дұрыс емес ашып көрсетуі). Алайда, бұл заңбұзушылықтардың барлығын қоғамға қауіпті іс-әрекет ретінде қарастырудың жөні жоқ.

Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу жөніндегі қылмыстық іс-әрекеттер мынадай салаларды қамтиды: эмиссиялық операциялар; кредиттік операциялар; вексельдерді есепке алу, қайта есепке алу (пансиондау) операциялары; өз есебінен және тапсырмалар бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сату операциялары; бағалы қағаздарға байланысты қызмет көрсетулер; депозитарийлік операциялар. Бұл операциялар брокерлiк, дилерлiк, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн жүргiзу, инвестициялық портфельдi басқару, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару, кастодиандық, трансфер-агенттiк, бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру, депозитарийлiк қызмет сынды бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтермен байланысты.

Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережесі кәсіби қатысушылармен жүзеге асырылатын азаматтық мәмілелерді және басқа да заңды әрекеттерді түгелімен қамтиды. Олардың заңсыз (жарамсыз да) клиентке тиімсіз мәмілелер құруы (келісім-шарт бойынша олардың мүдделерін қорғайтын, не олармен заңды қатынасқа түссе), өздеріне жүктелген міндеттерді дұрыс атқармауы (Мысалы, «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу» туралы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 203-бабында қарастырылған бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi эмитентпен жасалған шарттың негізінде жүзеге асыратын тiркеушi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiміне көрінеу жалған мәліметтер енгізуі) бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережесін сақтамау болып есептелінеді. «Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережесін бұзу» ұғымы бағалы қағаздар нарығына қатысушы субъектілердің заңды қызметтеріне қайшы іс-әрекеттер деген мағынаны қамтиды.

Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзудың (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 205-бабы) қылмыс субъектісі лауазымды адам деп көрсетіледі. Ал, «лауазымды адам» ұғымы «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес тек мемлекеттік қызметшілерга ғана қатысты қолданылуы тиіс. Ал, кәсіби қатысушылар ол санатқа жатпайды. Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзушылар, ол бағалы қағаздар операциясын жүргізу функцияларын шарт негізінде атқаратын кәсіби қатысушылар болып табылады.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару тәртібін бірнеше мәрте бұзу, ірі, аса ірі мөлшерде залал келтірудің қоғамға қауіптілігі қылмыстық заңнамада қарастырылмаған. Ал, бұл жағдайлардың заңнамада ескерілуінің қылмыстылықтың алдын алуда мәні зор. Бұл қылмыстық норманың саралаушы бабында көрсетілуі тиіс.

Ірі мөлшердегі деп азаматқа 100 еселенген айлық есептік көрсеткіш, мемлекетке немесе ұжымға 500 еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде келген зиянды, ал, аса ірі – азаматқа 500 еселенген айлық есептік көрсеткіш, мемлекетке немесе ұжымға 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде зияндардың келуін саралаушы белгі ретінде жауаптылықты ауырлататын мән-жайға жатқызу қажет.

Бағалы қағаздарды шығару тәртібін бірнеше мәрте бұзған немесе ірі мөлшерде залал келтіргені үшін тұлға мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы тиіс.

Аса ірі мөлшерде залал келтіргені үшін мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы қажет.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-1-бабының 2-тармағын құрайтын саралаушы белгілерге мыналар жатқызылғаны жөн: қылмысты бірнеше мәрте жасаса, сондай-ақ аса ірі мөлшерде зиян келтірсе. Мұнда, ірі мөлшердегі зиян деп азаматтарға 100 еселенген айлық есептік көрсеткіш, мемлекетке немесе ұжымға 500 еселенген айлық есептік көрсеткіш, ал аса ірі деп - азаматтарға 500 еселенген айлық есептік көрсеткіш, мемлекетке немесе ұжымға 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі залалдың келуін айту қажет.

Шынайы бағалы қағаздарға ұқсатпай, өрескел даярлаған бағалы қағазды айналымға жіберу әрекеті алаяқтық деп сараланады.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Аргументы и факты. – 1996. - №42; Коммерсант-Daily. – 1995, март -24.

  2. Бу Свенсон. Экономическая преступность /под ред. Могушева. Перевод со швед. Ю.А.Решетова - М., 1987.- 156 с.

  3. Г.Д.Тленчиева. Проблемы борьбы с экономической преступностью в Казахстане. - Алматы: Жеті жарғы, 1996.- 187 с.

  4. Я.Я.Дементьева. Проблемы борьбы с экономической преступностью в зарубежных странах: дис… канд. юрид. наук: 12.00.08.– М.,1996.- 222 c.

  5. Б.В.Волженкин. Преступления в сфере экономической деятельности (экономические преступления). – СПб.:Изд-во: «Юридический центр «Пресс»», 2002.- 156 с.

  6. Уголовное право России. Особенная часть /под ред. А.И. Рирога. –М.,1996. - 236 с

  7. Е.И.Кадовик. Ценные бумаги как предмет уголовно-правовой охраны: дис... канд. юрид. наук.- Москва, 1999.-164 с.

  8. А.Б.Сарсембаев. Криминологические и уголовно-правовые проблемы обеспечения экономической безопасности в Казахстане: дис... канд. юрид. наук.- Караганда, 2009.-156 с.

  9. И.Ш.Борчашвили. Резерв для совершенствования Уголовного кодекса Республики Казахстан есть //Актуальные проблемы уголовного права, криминологии и уголовно- исполнительного права в свете Концепции правовой политики Республики Казахстан. Материалы международной научно-практической конференции. – Караганда, 2005. - С. 26-35.

  10. Б.С.Утевский. Вина в советском уголовном праве. - М., 1953.- 264 с.

  11. П.С.Дагель, Д.П.Котов. Субъективная сторона преступления и ее установление. - Воронеж: Изд-во Воронеж. унив., 1974. – 243 с.

  12. А.А.Пионтковский. Советское уголовное право часть общая.- М., 1929.- 358 с.

  13. В.Р.Щавинский. Уголовная ответственность за незаконную эмиссию негосударственных ценных бумаг: автореф. …канд. юрид. наук. - Киев, 2004.-20 с.

  14. Р.О.Орынбаев. Специальный субъект преступления. - Алматы: Наука. 1997.- 153 с.

  15. Э.Ф.Фролов, Р.Р.Галиакпаров. Множественность преступных деяний как институт уголовного права. - М., 1967.- 356 с.

  16. Н.С.Лейкина, Н.П.Грабовская. Субъект преступления //Курс советского уголовного права. - Часть Общая. - Л., 1968.- Т.1.- С.367.

  17. В.С.Никифоров. Об объекте преступления по советскому уголовному праву //Сов. гос. и право.- 1956.- №6. – С.60-70.

  18. А.И.Трайнин. Общее учение о составе преступления. - М.: Госюриздат, 1957.- 363 с.

  19. Н.С.Таганцев. Русское уголовное право. Лекции. Общая часть.- Изд-во 2-е. –СПб., 1902.-Т.1.-С.45.

  20. Е.И.Каиржанов. Объект преступления – интересы социальных субъектов: монография. - Алматы: Экономика, 2008. - 160 с.

  21. Г.А.Кригер. Квалификация хищений социалистического имущества. -М., 1971.- 285 с.

  22. Е.И.Каиржанов. Проблемы борьбы с уклонением от уплаты налогов.-Алматы, 2001. - 165 с.

  23. Н.С.Таганцев. Лекции по русскому уголовному праву. Часть общая. - М.:Спб, 1888.- Вып.2.– 1085 с.

  24. В.Н.Кудрявцев. Общая теория квалификаций преступлении. - М.: Юрид. лит., 1972.- 352 с.

  25. Б.А.Куринов. Научные основы квалификаций преступлений. - М., 1984.-342 с.

  26. Т.В.Пинкевич. Криминологические и уголовно-правовые основы борьбы с экономической преступностью. - М., 2003.- 178 с.

  27. И.В.Шишко. Экономические правонарушения. – Спб., 2004.- 251 с.

  28. Уголовное право России. Особенная часть /под ред. Б.В. Здровомыслова. - М., 1966.- 265 с.

  29. И.Камынин. Злоупотребления на рынке ценных бумаг // Законность. -М., 2002. - №7.- С.6.

  30. Е.И.Каиржанов. Уголовное право РК (общая часть): учеб.пособ.- Алматы, 2003.- 254 с.

  31. А.А.Пионтковский, В.Р.Меньшагин. Курс советского уголовного права (Особ. ч.). - М., 1955.- Т.1. – 800 с.

  32. Н.А.Коржанский. Объект и предмет уголовно-правовой охраны. – М.: Акад. МВД СССР, 1980. - 248 с.

  33. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.-Алматы: Юрист, 2009.-56б.

  34. В.Н. Кудрявцев. Теоретические основы квалификации преступления. -М.: Госюриздат, 1963.-324 с.

  35. Л.А.Ағыбаева. Уголовная ответственность за подлог документов: автореф. …канд.юрид.наук. – Алматы, 2000. – 30 с.

  36. А.В.Кузнецов. Ответственность за подлог документов.- М., 1959. - С. 19-20.

  37. С.И.Ожегов. Словарь русского языка. - М., 1953. - С.383

  38. Энциклопедический словарь. Брогауза и Ефрона. - Т.XXI-а. 1897. - С.521.

  39. Г.А.Кригер. Борьба с хищениями социалистического имущества. - М., 1965.- 278 с.

  40. Ысқақов. Қазақ түсіндірме сөздігі. - Алматы, 1985.- Т5. – 364 с.

  41. Н.И.Панов. Способ совершения преступления и уголовная ответственность. - Харковь, 1982. - 161 с.

  42. Н.Ф.Кузнецова. Курс уголовного права. Общая часть. - М., 1999. – 539 с.

  43. С.В.Познышев. Основные начала науки уголовного права. - М., 1907.-С.52.

  44. Р.Т.Нуртаев. Борьба с неостороженными видами преступлений.-Алматы, 1990.- С.91.

  45. А.Мамытов. Советтік қылмыстық право. - Алматы, 1971.-129 б.

  46. Б.Ж.Жунисов. Проблемы уголовно-исполнительной политики. –Алматы, 1995.- С.9.

  47. Е.Қайыржанов, Д.Бұғыбайқызы. Кәмелетке толмаған қылмыскерге жаза тағайындаудың ерекшеліктері: монография. - Алматы: «Өркениет», 2000.-156 б.

  48. В.И.Жуковский. Субъект преступления в уголовном праве России: автореф. ... канд. юрид. наук.- Стоврополь, 2002.-28 с.

  49. Уголовное право России. Особенная часть /под ред. И.Я.Козаченко, З.А.Незиамовой, Г.П.Новоселова. - М., 1997.- 295 с.

  50. Уголовное право России. Особенная часть /под ред.Н.И.Ветрова, Ю.И.Лапунова. - М., 1998.- 345 с.

  51. Курс уголовного права. Особенная часть /под ред.В.Н.Борзенкова, В.С.Комиссарова. - М., 2002. - Т.4.- 389 с.

  52. Б.В Волженкин. Экономические преступления. – СПб., 1999.- 266 с.

  53. Уголовное право России. Особенная часть /под ред. А.И. Рарога. – М., 1996.- 366 с.

  54. Н.А.Лопашенко. Вопросы квалификации преступлений в сфере экономической деятельности. - Саратов, 1997.- 278 с.

  55. М.В.Митрошина. Ценные бумаги как объект гражданско-правовой и уголовно-правовой охраны: дис. ... канд. юрид. наук.: 12.00.08.- М., 2000. -206 с.

  56. Н.А.Лопашенко. Преступлений в сфере экономической деятельности. Комментарий к главе 22 Уголовного кодекса Российской Федерации. - Ростов-на Дону: Феникс, 1999.- 382 с.

  57. Л.Д.Гаухман, С.В.Максимов. Преступления в сфере экономической деятельности. -М.,1998. – 278 с.

  58. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. Общая и Особенная части / под общ.ред. И.Ш.Борчашвили. Изд-во 2-е. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. - 992 с.

  59. ҚР Қылмыстық кодексіне түсінік / Жалпы редакторлар С.М.Рахметов, Т.Ә.Бапанов. - Алматы: Изд-во «Норма-К», 2004.- 648 б.

  60. А.А.Пионтковский, В.Р.Меньшагин. Курс советского уголовного права (Особ. ч.). - М., 1955.- Т.1. – 800 с.

  61. Н.Д.Дурманов. Сов. угол. право (особ. ч.). -М.: Госюриздат, 1958.- 73с.

  62. Б.С.Утевского. Сов. угол. право (особ. ч.): учебное пособие. - М., 1951.- 455 с.

  63. Финансы, денежное обращение и кредит: учебник /под ред. член корр РАЕН Л.А.Дробозиной – М., 1997. – 224 с.

  64. Финансы и кредит. - М.: Госфиниздат, 1956.- 435 с.

  65. Нац. Банк РК Правила организаций статистической отчетности в банках РК: Постановление №342 от 15 ноября 1999г. //Юрист-справочная правовая система. Юрист 3.0 Документ Закон РК.

  66. Межд. Конвенция по борьбе с подделкой денежных знаков. 1929г. 20 апреля //Сборник действующих договоров, соглашений и конвенций заключенных СССР с иностранными государствами. - М., 1993. -Вып 7.- С.456.

  67. Л.А.Ағыбаева. Уголовная ответственность за подлог документов: автореф. … канд. юрид. наук:12.00.08. -Алматы, 2000.- 30 с.

  68. Бюллетень Верховного Суда РСФСР. –М., 1962.- №2.- С.10.

  69. А.В.Григорьева. Уголовная ответственность за мошенничество становления в условиях новых экономических отношениях: дис… канд. юрид. наук: 12.00.08.- Саратов. Гос. Академия права, 1996.-197 с.

  70. Л.А.Буклерова. Уголовно-правовая охрана официального документа оборота: дис… канд. юрид. наук: 12.00.08. - Волгоград. Юрид. инст.,1997.-169с.

  71. С.И.Ожегова. Русский словарь. - М.,1960.- 900 с.

  72. Ысқақов. Қазақ түсіндірме сөздігі. -Алматы,1985.- Т5. – 364 с.

  73. И.В.Солопанов. Ответственность за фальшивомонетничество: учебное пособие. - М.: Высшая школа МООП РСФСР, 1962.- 92 с.

  74. Г.Ф.Поленов. Ответственность за похищение: подделка документов и их использования.- М.: Юрид. лит.,1980.- 71 с.

  75. В.С.Овчинский. Интерпол (в вопросах и ответах). -М.: ИКФРА, 2001.- 320 с.

  76. Абдо Салех Абдулла Аль-Дамара. Проблемы борьбы с изготовлением и сбытом поддельных денег, ценных бумаг и акцизных марок: автореф. … канд. юрид. наук:12.00.08. - Ташкент, 2000.- 24 с.

  77. В.Н.Кудрявцев. Объективная сторона преступления. -М.,1960.- 244 с.

  78. Е.И.Казаков-Турбовский. Криминалистические методы расследования и предупреждения преступлении, посягающих на советскую кредитную и денежную систему: автореф. … канд. юрид. наук: 12.00.09. - Харьков, 1967.- 25 с.

  79. А.В.Григорьева. Уголовная ответственность за мошеничество становления в условиях новых экономических отношениях: дис… канд. юрид. наук:12.00.08.- Саратов. Гос. Академия права, 1996. - 197 с.

  80. И.И.Карпец. Наказание. Социальные, правовые и криминологические проблемы. - М.: Юрид. лит., 1973. - 228 с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет