Бижанова Айгүл Рабханқызы Қазақстан республикасы заңындағы бағалы қАҒаздарға жанама байланысты қылмыстар алматы, 2012

Loading...


жүктеу 1.29 Mb.
бет1/7
Дата09.09.2017
өлшемі1.29 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7



Бижанова Айгүл Рабханқызы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ЗАҢЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРҒА

ЖАНАМА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАР

Алматы, 2012

ӘОЖ

ББК


Б
Б Бижанова А.Р. Қазақстан Республикасы заңындағы бағалы қағаздарға жанама байланысты қылмыстар: Оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2012-72б.

ISBN
Экономикалық қылмыстар арасында бағалы қағаздарға тікелей байланысты қылмыстар ерекше орын алады.

Автор оқу құралында бағалы қағаздарға жанама байланысты қылмыстарға қылмыстық құқықтық сипаттама береді, қылмыс құрамы мен жаза мәселелерін жан-жақты қарастырады.

Оқу құралы жоғары оқу орны заңгер студенттеріне көрсетілген тақырыпты терең меңгеру үшін оқу әдістемелік оқу құралы ретінде ұсынылып отыр.


ӘОЖ

ББК

Рецензенттер: Төлеубекова Б.Х.- заң ғылымдарының докторы, профессор.



Байжанова Қ.- заң ғылымдарының кандидаты.

Атаханова Г.М.- заң ғылымдарының кандидаты.

Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ғылыми-әдістемелік кеңес пен редакциялық-баспа кеңесімен ұсынылған. «___» ___2012ж. хаттама.

Оқу құралы 1343 « » атты тақырыптағы гранттық қаржы есебінен шығарылды.
Б -------------- © Бижанова А.Р., 2012.

ISBN © әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



МАЗМҰНЫ
Кіріспе .................................................................................................................... 4
1 Қазақстан Республикасы заңындағы бағалы қағаздарға жанама байланысты қылмыстар

1.1 Бағалы қағаздардың ұғымы мен түрлері ........................................................ 6

1.2 Бағалы қағаздар нарығының қатысушылар ................................................... 17

1.3 Эмиссиялық қызмет ........................................................................................ 20


2 Бағалы қағаздарға жанама байланысты қылмыстар үшін жауаптылық

2.1 Бағалы қағаздарға жанама байланысты қылмыстардың жалпы сипаты .......33

2.2 Бағалы қағаздамен жанама байланысты қылмыстардың жекеленген түрлері .....................................................................................................................................37

2.2.1 Бағалы қағаздармен байланысты меншікке қарсы кейбір қылмыстар ..... 50

2.2.2 Экономикалық қызмет саласындағы бағалы қағаздармен жанама байланысты кейбір қылмыстар ............................................................................. 63

2.2.3 Бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар .... 68


Қорытынды ............................................................................................................ 71
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...................................................................... 71

КІРІСПЕ
Мемлекет тұтастығы, ел тыныштығы - өмiр арқауы. Соңғы жылдары елiмiз нарықтық кезеңдi, оның заңдылықтарын бастан кеше отырып, көп қиыншылықтарды кездестiруде. Қиындықтар – қайшылықтар мен қылмыстардың негiзi. Қоғамымыз осы қылмыстылықпен күресудің алдына алу жолдарын іздестірумен келеді. Бұл заң ғалымдарының қылмыстықпен күресуде зерттеу жұмысының аздығынан емес, қоғамның дамуымен себепті байланыстың да өз үлесін қосатынында. Ал, Қазақстан Республикасын дамыған елдермен iргесi тең, салауатты елдер қатарында көру үшiн экономикалық қылмыстылыққа жол бермеудiң, оның алдын алудың маңызы зор.

Бүгiнде бағалы қағаздар аясында кездесетін қылмыстар экономика саласындағы қылмыстардың бiрi ретiнде ауқымды мәселе. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығындағы қылмыстардың алдын алу жөнiнде әлеуметтiк, экономикалық, саяси жағдайларды ескере отырып, қылмыстылыққа криминологиялық және қылмыстық құқықтық баға беретiн арнайы еңбектер аз, бүгінде ол толық өз шешімін таппай, кешенді зерттелмей отыр. Азаматтық, қаржы, инвестиция, банктік, әкімшілік және қылмыстық құқық салаларын байланыстырып отырған нарықтық заманға сай бағалы қағаздардың айналымдағы күйі, оның нормативтік базасының күн өте өзгерістерге ұшырап отыруының қиындықтары да өз алдына бір төбе.

Аталған қылмыстылықтың халықаралық деңгейдегi мәселе болуы да тақырыптың өзектiлiгiн дәлеледей түседi.

Экономикалық қылмыстардың жекеленген түрлеріне еңбек жазған отандық ғалымдарды атап өтсек: Н.М.Әбдіров, Т.К.Әкімжанов,  А.Н.Ағыбаев, Е.О. Алауханов, Б.А. Бегалиев,  И.Ш. Борчашвили,  Н.О. Дулатбеков, Е.І. Қайыржанов, С.Е. Қайыржанова,  Р.Б. Құлжақаева,  А.Б. Қызайбеков,  А.Е. Мизанбаев,  А.Х. Миндағұлов, Т.Т. Мұқашев,  Г.Ж. Мухамадиева, Б.М. Нұрғалиев, М.О. Нүкенов,  С.М. Рахметов,  И.И. Рогов,  Г.Р. Рүстемова,  Б.У. Сейтхожин,А.А. Смағұлов, А.А.Темербеков, Г.Д. Тленчиева, Қ.Ш.Уканов, 

Б.Х.Төлеубекова,  А.Ш.Шаршеналиев және т.б.

Ал, көршілес елдердің ғалымдары арасында мына авторлардың ғылыми еңбектері бар: М.М.Ветошкина, Г.Г.Дашкова, Д.А.Звягищев, Е.И.Кадовик, В.Д.Ларичев, Н.А.Лопашенко, М.В.Митрошина, С.П.Ставило, С.В.Русеева, В.И.Токаренко.

Біз бағалы қағаздар нарығындағы қылмыстарды бағалы қағаздармен тікелей және жанама байланысы бар қылмыстар деп топтастырдық. Қылмыстық теорияда бағалы қағаздарды қылмыс құралы және қылмыстың объектісінің заты тұрғысынан қарастыра отырып, қылмыстық құқықтық реттеудің тиімділігіне көз жеткізуге тырыстық. Бұл еңбекте біз бағалы қағаздармен жанама байланысы бар қылмыстарға қылмыстық құқықтық сипаттама берілген.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРҒА ЖАНАМА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАР
1.1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Бағалы қағаздар нарығы - шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы нарығының бөлігі. Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қор құрылымдарының - бағалы қағаздардың көптілігімен қол жетеді.

Бағалы қағаздар нарығы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және оларды алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе, күрделі жұмсалымдарды инвестициялау процесіне қатысты.

Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы мүлдем болған емес. Оны дамыту үшін едәуір уақыт керек, өйткені ол меншікке қатысты қайта құрумен (ең алдымен мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру және акционерлеу) және мемлекеттік қаржы саясатының сипатын өзгертумен тікелей байланысты.

Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы 1991 жылдан бастап қалыптаса бастады. Брокерлік фирмалар, қор биржалары құрылып, алғашқы Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қатысушылар пайда болды. Бұл мәселеде мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі және акционерлендірілуі шешуші роль атқарады. Қысқа мерзім ішінде күллі ұлттық шаруашылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше кәсіпорындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік капитал ретінде көрінді. Қазақстанда өткен ғасырдың 90-жылдарының орта шенінде БҚН туралы заңдармен қор биржасының қызметін реттейтін нормативтік актілер шыға бастады. 1995 жылдың қаңтарында бағалы қағаздар жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясы құрылып, ал үкімет бағалы қағаздар нарығын (БҚН) дамытудың үш жылдық Бағдарламасын бекітті. Оны орындаудың нәтижесінде БҚН қалыптасу және одан әрі даму барысы мынадай:

- бағалы қағаздар ды шығару мен айналысқа түсіруді және қатысушы субьектілердің реттейтін, сондай-ақ БҚН туындайтын мемлекеттік реттеу қатынастарының құрылымын анықтайтын заңнамалық негіз қалыптасты.

- бағалы қағаздар нарығының институттың инфрақұрылымы қалыптасып, оның негізі болатын брокер-дилерлік фирмалар, кастодиандар және зейнетақы активтерін басқару компаниясы (ЗАБК), сонымен қатар техникалық инфрақұрылымы, орталық депозитарий қор биржасы қызмет істеуде.

- қалыптасқан акциялар және облигациялар нарығы одан әрі дамуда;

- БҚН арнайы мамандарды дайындау жүйесі құрылып одан әрі өз жұмысын жетілдіруде;

- Қазақстан Республикасы БҚН әлемдік нарық жүйесімен интеграциялануда.

Алайда, эмитенттердің нақты эмиссиялық белсенділігінің төмендігінен Қазақстан қор биржасы өзінің нарықтын өсу деңгейіне жетті деуге болмайды. Сондықтан біртіндеп ішкі инвестициялық базаның өсіру инвестициялау реттеудің тиімділігін арттыру есебінен БҚН дамыту мүмкіндіктерін жалғастыру қажет.

Бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуі елдің экономикасындағы жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде алдын ала анықталады. Тек осындай тәуелсіз меншік иелері ғана бағалы қағаздар нарығында қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсете отырып, әрі оларды әр түрлі шығындарға тиімді етіп жұмсауға бағыштай отырып, сауда мәмілелерін жасай алады.

Өркениетті елдердегі бағалы қағаздардың төмендегідей түрлері бар: жеке фирмалардың облигациялары, корпоративтік, жеке акциялар, кепілдікке мүлік салу және коммуналдық облигациялары, жеке фирмалардың акциялары, бюджеттің кемшілігін жоюға арналған мемлекеттік облигациялар, аралас меншік нысанындағы кәсіпорындардың акциялары.

Нарықта табыс түсіру және тәуекел бойынша олардың арасында үнемі үздіксіз бәсекелерге өрбиді. Өндірістің экономикалық өрлеуі кезінде көптеген жағдайда жеке және корпоративтік акциялар мен облигациялар бойынша дивиденттер мен пайыздар мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша пайыздан жоғары болуы мүмкін.

Айта кететін жай, АҚШ-мен салыстырғанда Батыс Еуропа елдерінде, әсіресе Францияда, сондай-ақ Жапонияда мемлекеттік сектордың бағалы қағаздарға қосқан үлесі жоғары. Сондықтан оларда әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар облигациялары көптеп шығарылады. Ал Батыс Еуропа елдерінде шығарылатын кепілдікке мүлік салу облигацияларын және коммуналдық облигацияларын тек ипотекалық банктер эмиссиялайды, сондай-ақ олар қор биржасынан тыс сатылады.

Р.А.Мирзалимова ғылыми зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын төмендегідей кезеңдерге бөліп қарайды:

Бірінші кезең (1994-1995 жылдар) – жекешелендіру – мемлекеттік кәсіпорындар жаппай акционерлік қоғам нысанына қайта құрылды, акциялар жеке еңбек ұжымының қолына көшті, сондай-ақ чектік жекешелендіру, инвестициялық тендерлермен және конкурстармен сипатталды.

Екінші кезеңде (1995-1998 жылдар) бағалы қағаздарға байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының құрылуы, бағалы қағаздар нарығында кәсіби қатысушылардың (брокерлер/дилерлер, инвестициялық компаниялар) пайда болуымен тығыз қатысты отандық бағалы қағаздар нарығының қалыптасуының алғашқы нышандары байқалды.

Үшінші кезеңде (1996-1999 жылдар) бағалы қағаздар нарығы бір қадымдап күрделене бастады, инвестициялық қорлар, регистраторлар, депозиторийлер, номиналды ұстаушылар, кастодиандар, институты қалыптаса бастады, жүйе біршама жақсарды.

Төртінші кезең (2001-2008 жылдары) Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігінің (2004 жылдың 1 қаңтары), Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының құрылуыбағалы қағаздар нарығын реттейтін негізгі заңнамалардың қабылдануымен ерекшелінеді: 2003 жылдың 2 шілдесіндегі «Бағалы қағаз рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2004 жылдың 7 шілдесіндегі «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2003 жылдың 13 мамырындағы «Акционерлік қоғам туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Бағалы қағаздар нарық шаруашылығы жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жұмсау және айырбастау процесіндегі ыңғайлы, әрі тиімді құрал рөлін атқарады. Халыққа белгілі бір кәсіпорыннның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлтттық байлықты басқаруды жеңілдетеді.

Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы, әдетте, нақтылы шаруашылық келісім-шарттарға негізделеді.

Әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы өндірістің құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің бағалы қағаздар нарығына тигізген жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму үстінде.

Бағалы қағаз нарығы бағалы қағаздарды шығару, тарату және сатумен байланысты экономикалық қатынас жүйесін құрайды және төлемдік функцияларды атқарады:

- сатушы мен сатып алушының контрактісін қамтамасыз етеді;

- қаржылық құндылықтарға сұраныс пен ұсыныстарды жүйеге келтіріп, құндарды тұрақтандырады.

Қор нарығында сату-сатып алу мәмілесінің объектісі бағалы қағаздар болып табылады.

Бағалы қағаз экономикалық механизм ретінде өндірісте экономикалық қаражатпен инвестициялаудың құралы болып табылады. Эмитенттің бағалы қағаздарды эмиссиялау меншік құрылымын жақсартуға, әр түрлі тәукелдерді төмендетуге, қаржылық орнықтылықты нығайтуға, қаржылық ағындарды тиімді басқаруға, инвестициялық тартымдылықты күшейтуге, борыштық құралдар ретінде қаражаттар тартуға септігін тигізеді.

Сонымен қатар, ол (қазына) жинақтау арқылы айналым құралы (түрлі азаматтық заңды мәмілелердің құралы) және төлем құралы функцияларын жүзеге асырады. Оның банкке салынатын жай салымдардан ерекшелігі сол, бағалы қағаз өндіріс ортасында инвестицияны куәландырады, сондай кірістерді алып келе отырып еркін айналысқа түседі.

Бағалы қағаз - заңды құжаттың түрі. Заңды құжат деп қандай да заңдық маңызы бар фактілерді, құқықтық қатынастарды куәландыратын құжатты айтамыз.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (2003ж. дейінгі) бағалы қағазға төмендегідей анықтама береді: «Бағалы қағаз дегеніміз міндетті реквизиттерді сақтай отырып толтырылатын, мүліктік құқықтарды куәландыратын, көрсеткен кезде ғана қанағаттандырылатын заңды құжат» [1, 309 б.]. Бағалы қағаздарға төмендегідей белгілер тән:

- бағалы қағазды иеленуші мен оны айналымға жіберуші тұлғалардың арасындағы құқықтық қатынастарды және сол бойынша міндеттемелерді куәландырады;

- заңды құжат белгіленген нысанда жазылады;

- реквизиттер сақталынады;

- бағалы қағаз азаматтық құқықтың да объектісі.

Қазақстанда бағалы қағаз жөніндегі заңдарда бағалы қағазда көрсетілген мүліктік игіліктерді алу үшін түпнұсқаны көрсету керек делінген. Әрине, мұнда бағалы қағаздың нысанына қарай құжатты және құжатсыз деп бөлінетіндігі ескерілмейді. Егер де бағалы қағаз айналымда құжатсыз нысанда жүрсе, онда пікірталас тумас та еді.

Бағалы қағазды тек заңды ұйымдар ғана шығарады.

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңның 4-бабына сәйкес, бағалы қағаздар нарығының объектісіне мыналар жатады:

- акция, облигация және заңда белгіленген тәртіпте уәкілетті орган бағалы қағаз деп таныған басқа да құжат;

- заңға сәйкес жанама бағалы қағаз деп танылғандар;

- басқа мемлекеттің заңдарына сәйкес бағалы қағаз шығарылып, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасы аумағына айналымға жіберілген шетел эмитенттерінің бағалы қағаздары;

- ипотекалық куәлік, коносамент және Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес, бағалы қағаздар мәртебесіне ие басқа да бұйырушы құжаттар.

Қазақстан Республикасы аумағында шығарылатын бағалы қағаздарды төмендегідей топтауға болады:

- мемлекеттік және мемлекеттік емес;

- негізгі және жанама;

- құжатсыз және құжатты;

- ақшалай және капиталды (қаржылық);

- атаулы, ұсынбалы және ордерлі;

- нарықтық және нарықтық емес.

Эмитент түріне қарай: мемлекеттік және мемлекеттік емес (жеке) бағалы қағаздар болып бөлінеді. Мынадай мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлері бар: Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік индексацияланған қазыналық міндеттемесі (МЕИКАМ), Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік қысқа мерзімді қазыналық міндеттемесі (МЕККАМ), Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің мемлекеттік орта мерзімді қазыналық міндеттемесі (МЕОКАМ), Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің мемлекеттік қысқа мерзімді қазыналық міндеттемесі (МЕКАВМ), Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің мемлекеттік орта мерзімдік қазыналық валюталық міндеттемесі (МЕОКАВМ), ҚР мемлекеттік ішкі займдық Ұлттық жинақ облигациясы (НСО), номиналы ұлттық валютадағы Ұлттық банктің қысқа мерзімді нотасы, шетел валютасындағы Ұлттық банктің қысқа мерзімді нотасы, Қазақстан Республикасы жергілікті атқару органының мемлекеттік бағалы қағазы [2, 154 б.].

Мерзіміне қарай бағалы қағаздар: қысқа, орта, ұзақ мерзімді болады.



Бағалы қағаз нарық түріне қарай:

- негізгі (акция, облигация, коносамент, ипотекалық куәлік, қойма куәлігі, мемлекеттік қарыз). Мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері бар: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарызы, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарызы, жергілікті атқару органдарының қарызы. Үкіметтің мемлекеттік бағалы қағаздарының эмитенті қаржы Министрлігі болып табылады [3, 7 б.].



- жанама. Ол қаржы және баға тәуекелдерін сақтандыруға (хеджерлеуге), өтімдіктің артуына, қарыз алу құнының төмендеуіне, қажетті нарыққа шығу мүмкіндігін алу үшін және негізгілерден шығатын бағалы қағаз. Ол нарықта айналыста жүрген корпоративтік бағалы қағаздардың тізбесін аяқтайды. Жанама бағалы қағаздарға мыналар жатады: опцион, варрант, депозиторлық қолхат [4, 34 б.], фьючерс, кэпс, форворд, сондай-ақ американдық депозиторий акциясы, американдық депозиторий қолхаты, күрделі депозиторий акциясы, күрделі депозиторий қолхаты [5, 424 б.].

Бағалы қағаздар атаулы, ұсынбалы және ордерлік болуы мүмкін.

Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесiлi болады.

Ұсынбалы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар бағалы қағазды ұсынушыға тиесiлi болады.

Ордерлiк бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесiлi болады.

Ұсынушыға бағалы қағазбен куәландырылған құқықты басқа адамға беру үшiн бағалы қағазды сол адамға тапсыру жеткiлiктi.

Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар талапты (цессияны) жеңiлдету үшiн белгiленген тәртiп бойынша берiледi.

Атаулы бағалы қағаз бойынша құқықтарды басқа адамға берген кезде берiлетiн қағаз жойылады, ал оның жаңа иесiне басқа бағалы қағаз берiледi.

Ордерлiк бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағазға берiлген жазу- индоссамент арқылы берiледi.Ордерлiк бағалы қағаз бойынша құқық берушi адам (индоссант) құқықтың болуы үшiн ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшiн де жауапты болады.

Бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берiлетiн адамға- индоссатқа немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкiлiк болуы мүмкiн (орындауға тиiс адам көрсетiлмейдi).

Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды индоссатқа бермей-ақ (сену индоссаментi) индоссаментке тапсырумен ғана шектелуi мүмкiн. Бұл жағдайда индоссант өкiл ретiнде әрекет жасайды.

Бағалы қағазды берген адам және оның индоссиялаған барлық адамдар оны заңды иесiнiң алдында бiрге жауап бередi. Бағалы қағаздың заңды иесiнiң сондай қағазбен куәландырылған мiндеттемесiн бағалы қағаз бойынша мiндеттенгендердiң арасынан бiр немесе бiрнеше адамның орындауы туралы талабын қанағаттандырған ретте олар бағалы қағаз бойынша өздерiнен бұрын мiндеттенген өзге адамдарға керi талап қою (регресс) құқығына ие болады.

Құжатты бағалы қағаз материалдық нысанда шығарылады, мүліктік құқықтары реестрде, ал құжатсыз бағалы қағаздағы мүліктік құқық бағалы қағазды ұстаушының реестрінде тіркелінеді. «Акционерлік қоғам туралы» Қазақстан Республикасының заңының (1998 жыл) 36-бабына сәйкес, ұйымдастырылған нарықта тәуелсіз регистраторға реестр жүргізуге міндетті акционерлік қоғам өз акциясын тек құжатсыз нысанда шығарады. Құжатты бағалы қағазды иеленушінің құқығы сол бағалы қағазды ұсыну арқылы куәландырылса, ал құжатсыз нысандағы бағалы қағазды иеленушінің құқығы регистратор мен номиналды ұстаушымен расталынады.

Құжатсыздандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздар меншік иелерінің құқықтарын тіркеушілер немесе нақты ұстаушылар растайды. Бағалы қағаздарды иелерінің талап етуі бойынша тіркеуші немесе нақтылы ұстаушы оларға бағалы қағаздарға өздерінің құқықтарын растайтын құжаттар беруге міндетті. Инвестордың қолына бағалы қағаз орнына сертификат, не үзінді (бағалы қағаз емес, бірақ оны ұстаушының бағалы қағазда көрсетілуге тиісті мүліктік құқықтарын куәландыратын құжат) беріледі. Электронды жазба ұсынбалы, ордерлі бағалы қағаздарда қолданылмайды.

Ислам бағалы қағаздары – шығару талаптары исламдық қаржыландыру принциптеріне сәйкес келетін, материалдық активтердегі бөлінбейтін үлесті иелену құқығын және (немесе) оларды пайдаланудан түскен активтер мен табыстарға, нақты жобаларды қаржыландыру үшін осы бағалы қағаздар шығарылған қызметтерге немесе активтерге билік ету құқығын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаздар.

Қазақстан Республикасы аумағында кездесетін бағалы қағаздар мен төлем құралдары шетел мемлекетінде шығарылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасында шығарылған болып келеді. Өз территориямызда қаржы инструменттер ұлттық валютада, заңда көрсетілген ретте шетел валютасында шығарылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы территориясында шығарылған вексельдің валютасы теңге болып табылады. Шетел валютасындағы вексель, облигация «Валюталық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көрсетілген жағдайда айналымда жүреді. Заңға сәйкес, облигацияның номиналдық құны ұлттық валютада да, шетел валютасында да көрсетілуі мүмкін [6, 357 б.].

Шетел валютасындағы төлем құжат - азаматтық құқықтық мәміле-шарт, Қазақстан Республикасы заңнамалары мен сот шешімінің талаптарына сәйкес, ақшалай міндеттеме орындалу үшін қажет, не негіз бола алатын, сомасы шетел валютасындағы құжат. Қазақстан Республикасы төлем құжаттарының тізімі көрсетілген. Оларға мыналар жатады: төлем тапсырма, чек, вексель, төлем талап-тапсырма, кеден және салық қызметі органының инкассалық бұйрықтары, және өкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген басқа да төлем құжаттар.



: Content -> Files -> SciPublications -> Annotations
Annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012
Annotations -> Абай институтының хабаршысы. №6
Annotations -> Ақшалова Б. Н. ф.ғ. к., доцент
Annotations -> Жер кадастры
Annotations -> Көптілеуова Д. Т., Амантай Ж. Б
Annotations -> Оқулықнама Аңдатпа
Annotations -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
Annotations -> Менеджер сөздігі русско-английский и
Annotations -> Мамандықты өзін-өзі аттестациялау нәтижелері бойынша анықтама 6М090500 (6N0907) – "Әлеуметтік жұмыс", Ғылыми және педагогикалық даярлау бағыты
Annotations -> Кіріспе «Өмірдің өзегі – адамның өзі. Өмірді, өнерді жасайтын тағы да адам. Әрине, бұл соншалықты тың тұжырым да емес, уақыт көрігінде қорытылып, тіршілік толқынында суарылған қағида. Талант иесін өмірдің


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...