Библиографиялық сыпаттама құрастыру ережесі Библиографиялық сыпаттама

Loading...


жүктеу 64.99 Kb.
Дата25.01.2017
өлшемі64.99 Kb.
Библиографиялық сыпаттама құрастыру ережесі
Библиографиялық сыпаттама – бұл құжаттарды талдау, библиографиялық мәліметтерді айқындау, сыпаттама элементтерінің жиынтығын анықтау, мәліметтерді бөліп тұратын шартты белгілерге сәйкес белгіленген ретпен орналастыруды ұйымдастыру үрдісі. Библиографиялық сыпаттаманы құрастыру үшін тек сипатталатын құжаттың тақырыбын (авторын) таңдау, сыпаттамаға тақырыптарды, құрастырушыларды, редакторларды шығару, тіпті сыпаттамадағы сөздерді қысқарту ережесі қарастырылған бірқатар мемлекеттік стандарттар жүйесі өңделген. Қазіргі кезде ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сыпаттама. Құрастырудың ережесі мен жалпы талаптары» стандарты қолданылады. Мемлекеттік стандартқа сәйкес библиографиялық сыпаттаманың құрамы төмендегі элементтер аймағының жиынтығынан тұрады:

  • Тақырып және жауапты тұлғалар туралы мәліметтер аймағы.

  • Басылым аймағы.

  • Спецификалық мәліметтер аймағы.

  • Шығу мәліметтері.

  • Физикалық сипаттама аймағы.

  • Серия аймағы.

  • Ескертулер аймағы.

  • Стандарттық нөмір (немесе оның баламасы) мен қол жету мүмкіншілік аймағы.

Сыпаттаманың элемент аймақтары міндетті және факультативті болып бөлінеді. Жеке басылымның (кітаптар, видеокассеталар, аудиокассеталар, оптикалық дисктер) библиографиялық сыпаттамасының міндетті элементі шифр болып табылады. Шифр – басылымның кітап қоймасындағы сөреде тұрған орнын білдіретін шартты белгі. Шифрға индекс (жіктеу кестелеріне сәйкес білім салаларының сандық белгілері) және библиографиялық сыпаттаманың бірінші сөзі бойынша авторлық белгілердің арнайы кестесі арқылы анықталынатын авторлық белгілер (әріптер мен сандар) енеді. Индекс пен авторлық белгі бөлшек ретінде орналасады.

Библиографиялық сыпаттаманы құрастыру үшін мәліметтерді басылым мұқабасынан емес, титул бетінен алынатынын білу қажет.

Мемлекеттік стандарттарға сәйкес бір автордан үш авторға дейінгі басылымдардың библиографиялық сыпаттамасының тақырыбы ретінде бірінші автордың фамилиясы жазылады. Ал кейінгі авторлар және құжатты құрастыруға қатысқан басқа тұлғалардың фамилиясы сыпаттаманың тақырыпшасынан кейін көрсетіледі. Егер де төрт немесе одан да көп автор болса, онда сыпаттама тақырыбы ретінде басылымның атау жазылып, авторлардың фамилиясы тақырыпшада беріледі.
Библиографиялық сыпаттама құрастыру үлгілері
Бір, екі және үш авторлардың кітабы
Бір деңгейлі библиографиялық сыпаттама. Автордың фамилиясы (немесе бірнеше авторлардың) немесе құжаттың тақырыбы бойынша сипатталатын жеке том.
Сатанова, Л.М. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы [Мәтін]: Оқулық / Л.М.Сатанова. - Алматы : Бiлiм, 2010. - 224 б. - ISBN 5-280-00002-7.

Мұнда библиографиялық сыпаттаманың міндетті элементтері көрсетілген:



  • Сатанова, Л.М. — сыпаттаманың бас тақырыбы (автордың фамилиясы мен аты-жөні);

  • Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы — негізгі тақырып;

  • [Мәтін] — материал ұсынылған физикалық форма (материалдың физикалық формасы әртүрлі болуы мүмкін: [Нота], [Карта], [Электрондық ресурс] және т.б.);

  • оқулық — тақырыпқа қатысты мәліметтер (шығарманың түрі, жанры, қандай оқырман тобына арналғаны, басқа тілден аударылғаны жайлы және т.б.);

  • / Л.М.Сатанова — жауапты тұлғалар туралы мәліметтер (библиографиялық сыпаттаманың объектісі болатын құжатты құрастыруға қатысқан адамдар мен ұйымдар туралы ақпарат. Егер де кітапта екі немесе одан көп автор болса, онда қиғаш сызықтан кейін олар туралы мәліметтер көрсетіледі).

  • Алматы: Білім, 2010 — басылым шыққан жер (Алматы), басылымды әзірлеуші (Білім), басылымның шыққан уақыты (2010 жыл);

  • 224 б. — құжаттың көлемі (басылымдағы беттердің саны);

  • ISBN 5-280-00002-7 — сыпаттама объектісіне берілген стандарт нөмірінің аймағы: кітаптың халықаралық стандарт нөмірі.

Егер құжатта төрт және одан да көп автор болса, онда құжаттың атауы бойынша сипатталады. Анықтама басылымдар, энциклопедиялар, заң жинақтары, нормативті құжаттар және т.б. басылым атауы бойынша сипатталады. Мысалы:



Балалар энциклопедиясы [Мәтін]: энциклопедия / Бас. ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2008. – Т. 1 : А-Е. – 296 б.
Көп томдық басылымдар
Көп деңгейлі библиографиялық сыпаттама. Сыпаттама құрастырудың бұл түрінің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып, ортақ ереже бойынша жүзеге асырылады. Осылайша сыпаттаманың негізгі тақырыбы ретінде көп томдық басылымның ортақ тақырыбы келтіріледі, яғни барлық басылымға немесе жеке томға сыпаттама жасағанда бір негізгі тақырып көрсетіледі. Мысалы, құжат тұтастай:

Бабалар сөзі [Мәтін]: жүз томдық. – Астана: Фолиант, 2010.



Жеке том

Бабалар сөзі [Мәтін]: жүз томдық. – Астана: Фолиант, 2010. – (Мәдени мұра). – 57- ші том: Тарихи жырлар. – 408 бет.

Тақырыпқа қатысты мәліметтерде көп томдық басылым томдарының саны туралы мәлімет міндетті түрде көрсетіледі.
Жинақтар, газеттер, журналдар мақалалары

(бір, екі , үш және төрт автор)
Аналитикалық сыпаттама. Басылымды тұтастай қарастыратын сыпаттама түрлеріне қарағанда бұл сыпаттаманың өзгешелігі аналитикалық сыпаттаманың объектісі ретінде кітаптың құрамдас бөлімі (бөлім, тарау, параграф, мақала); журнал мақалалары; газет мақалалары; электрондық ресурстар алынады.

Кітаптың құрамдас бөліміне құрастырылған аналитикалық библиографиялық сыпаттама құрастыру үлгілері:

Жұмашева, Т.С. Мұғалімнің коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру [Мәтін] / Т.С.Жұмашева // «Әуезов оқулары – 8: Ғылыми жетістіктер - өркениеттің мәдени және экономикалық дамуының негіздері»: Халықар. ғыл.-тәж. конф. еңбектері. – Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2009. – Т. 1. – 117-119 б.
Журнал, газет мақалаларына аналитикалық библиографиялық сыпаттама құрастыру үлгісі:

Жылысбаева, А.Н. Оңтүстік Қазақстан облысының қоршаған орта жағдайының мәселелері [Мәтін] / А.Н.Жылысбаева // Оңтүстік Қазақстан ғылымы мен білімі. - 2008. - № 1 (66). - 43-45 б.
Егер құжаттың құрамдас бөлімі газетте орналасса, онда барлық элементтер бірдей сипатталып, басылым нөмірінің орнына шығарылған күн көрсетіледі.

Мысалы:


Байтасов М. Тарихы терең қазыналы өлке: Отырар ауданына – 75 жыл [Мәтін] / М.Байтасов // Оңтүстік Қазақстан. - 2010.- 21 қыркүйек. - 3 б.
Электронды ресурстар
Рұқсат етілген жергілікті электрондық ресурстарға библиографиялық сыпаттама құрастыру үлгісі:

Әмірханов, М. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы [Электрондық ресурс]: Электрондық кітап / М.Әмірханов. - А.: Нұр-пресс, 2007. - 1 электрон. опт. диск (CD-ROM) - Жүйелік бағдарламалар: IBM PC, Windows 98 Word 6.0.- Тақырыбы экраннан алынған.
Рұқсат етілген алыстағы электрондық ресурстардың библиографиялық сыпаттамасын құрастыру үлгісі:

Рұқсат етілген алыстағы электрондық ресурстардың библиографиялық сыпаттамасын құрастыру үлгісі:



М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ақпараттық білім беру орталығының электрондық каталогы [Электрондық ресурс]: мәліметтер базасы М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ақпараттық білім беру орталығының қорына түскен барлық басылым түрлерін қамтиды. — Электрон.мәлімет (10 файл, 115 мың жазба). — Шымкент, [199-]. — Кіру тәртібі: http:// www.lib.ukgu.kz/ — Тақырып экраннан алынған.


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...