Бүгінгі күні әлемдік дамудың жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістерге тез бейімдеушілікті талап етіп отырғаны бәрімізге белгілі



жүктеу 165.16 Kb.
Дата15.05.2017
өлшемі165.16 Kb.


1.Автордың аты-жөні (толық) Нұрсейітова Бағлан Құмарқызы

2. Туған күні, айы, жылы 1966 жыл 27 наурыз

3. Жұмыс орны «Асубұлақ орта мектебі» КММ

Толық мекен-жайы: аудан (қала) ШҚО Ұлан ауданы Асубұлақ аулы Садовская 23/2 телефон 87233878481 (үй) 87719591427 (ұялы)

e-mail bnurseyitova@mail



4. Қызметі : қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі нешінші ІІ деңгей

5. Педагогикалық жұмыс өтілі 26 жыл

6. Оқытатын пәні қазақ тілі және әдебиет

Түсініктеме

Бүгінгі күні әлемдік дамудың жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістерге тез бейімдеушілікті талап етіп отырғаны бәрімізге белгілі. «Өмір бойы азық боларлықтай білім беру» идеясы енді « өмір бойы өздігінен үйрену, яғни Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауындағы «өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деген сөзінің түбінде білім беруді жаңғырту идеясы жатқанын байқаймыз. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы білім беруге қол жеткізуді қамтамасыз ету жолында білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адам капиталын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы бойынша оқуға педагог кадрларды белсенді тарту болып табылады. (Нұсқаулық хат, 2014-2015 жыл) Сондықтан Кембридж бағдарламасы бойынша деңгейлік курсты оқып шыққан сертификатталған мұғалімдерге оқытудың заманауи түсінігіне сай келетін бай білімді игеріп қана қоймай, оқушы және мұғалім құзыреттілігін жетілдіруге байланысты оқытудың жаңа стилін іс-тәжірибесіне енгізуді қажет етеді. Соның бірі- қазіргі кезде бағдарламаның барлық жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасы- яғни, орта мерзімді жоспарлау.

Бұл орта мерзімді жоспарлау -5-сыныптың қазақ әдебиетінен ІҮ тоқсан бойынша 22 – сағатқа арнап жасалған. Мектепте оқытылатын пәндер жүйесiнде орны ерекше болып табылатын әдебиет адамның өмiрге деген көзқарасы мен эстетикалық талғамын қалыптастыруға үлкен үлес қосады. «Қазақ әдебиетін жаңаша оқыту-шынайы ұлттық патриотизмді қалыптастырып, рухани болмысымыз бен идеялық мұратты орнықтырудың бірден-бір тұжырымы. Пәнді оқыту барысында шәкірттерге білім мазмұнын игертумен қатар, оларға ұлттық тәлім-тәрбиеге негізделген мәдени құндылықтарды, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлерді таныту, оқушылардың тілдік қорын байыту, әдеби білімнің жүйелілігі, үздіксіздігі, сабақтастығы, білім мазмұнының тарихилық сипаты мен пәнаралық байланыс ұстанымдары басшылыққа алынуы тиіс» делінген. (Нұсқаулық хат, 2014-2015 жыл)

Айтылған міндеттерді және оқушыға білім бере отырып, оның еркiндiгiн, белсендiлiгiн қалыптастыру, өз бетiнше шешiм қабылдауға дағдыландыру қазiргi оқытудың басты талабы болып табылатынын, оның сыни тұрғыда ойлауын дамыту оның танымдық белсендiлiгiн, сабаққа қызығушылығын аттыруға ықпал ететінін ескере отырылып жасалды .

Орта мерзімді жоспарлауда оқушылар нені білуі тиіс, қандай түйінді идеяларды түсінуі керек, қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек, қандай оқу нәтижелері болу керек , сондай-ақ жеті модуль ықпалдастырылған сабақта қандай интерактивті әдіс-тәсілдер (стратегиялар), АКТ-ны қолдануға болатыны көрсетілді.

Бұл жоспарлау өзімнің жеке іс-тәжірибемнен алынғандықтан әр сабақта міндетті түрде сын тұрғысынан ойлауға үйрету әдістерін қолданамын, себебі сын тұрғысынан ойлау « Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік» (МАН, 41-бет)

Атап айтқанда жуан/жіңішке сұрақтар, ИНСЕРТ кестесі, бес жолдық өлең, кластер құру, ой қозғау, РАФТ, галереяны шарлау, эссе жазу, тор көзді талқылау,аялдамамен оқу, БҮҮ кестесі, Венн диаграммасын жасау және т.б бірлескен топтық жұмыста қолданылатын ең белсенді әдістерге жатады.

Сол секілді жоспарға топтық зерттеу- бірлескен жұмыс кіргізілді. Бұл сабақтарда оқушылар бірлесе отырып белгілі бір мәселені шығармашылықпен графикалы түрде шешеді. Постерге түсіру кезінде қандай да бір графикалық органайзерлер – кластер, Венн диаграммасын , Т- кестесін толтыру т.б әдістерді ұсынған жөн. Бұл тәсіл оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, өз ойын кез келген ортада жеткізе білу машығын қалыптастыруға көмектеседі.

Сондай-ақ, заманауи қоғамның ақпараттандыру жағдайында мұғалім АКТ-құзыреттілігін біліп, қосымша ресурстарды пайдалана отырып, соның ішінде интернет және пән бойынша ақпаратты табу мен өңдеу білігін оқушылардың бойында қалыптастыруы керек. Сабақта презентация қорғау, слайд жасау, электронды оқулықпен жұмыс, фильмнен үзінділер алу секілді тапсырма түрлері де қамтылған.

Бағалаудың ең тиімді тәсілі ретінде эссе жазғызу да оқушының қандай білім алғандығының және қалай жұмыс жасағанының дәлелі болады. Сондықтан оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты эссе жазғызу да жоспарда көрсетілді.

. «Баланы диалогка тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатыны» дәлелденіп келеді (МАН, 46-бет) Сондықтан диалогтік оқыту арқылы оқушылардың өзара әрекетін ұйымдастыру –сабақтың ажырамас бір бөлшегі екенін байқауға болады.

Қорыта келгенде,бүгінгі күні оқу үрдісінің негізін тек интерактивті әдіс-тәсілдер құрауы керек, сондықтан деңгейлі бағдарламаны бітірген мұғалімдер өздерінің әдістемесінің төрінен жоғарыда айтылған әдіс-тәсілдер көруі қажет.

Орта мерзімді жоспарлау

5- сынып. ІҮ тоқсан

Пән: қазақ әдебиеті

« Шеберліктің белгісі- түрлі әдісті болу»

Л.Н. Толстой

Сабақтың тақырыбы

Оқыту және оқу мақсаттары

Күтілетін нәтижесі

7 модульдің енгізілуі

Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері

Қолданылатын материалдар, көрнекіліктер

С. Мәуленов

Менің Республикам



Оқушылар ақын туралы мәлімет алады, өлеңнің мәнін түсінеді, талдау дағдысын жетілдіреді, пікірлесуге, өз ойларын айтуға жаттығады, Отанды сүюге, Қ.Р. рәміздерін қастерлеуге, елжандылыққа тәрбиелеу

Сабаққа мақсат қоюды, топта ынтымақтастықпен жұмыс жасауды жалғастырады, сын түрғысынан ойлау қабілеттерін жетілдіреді



СТО, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, АКТ

ой қозғау, топта талқылау , аялдамамен оқу бес жолдық өлең



Оқулық. Қазақ әдебиеті

Ақынның портреті

Интернет -қор


С. Жүнісов

Ақырғы бәйге



Жазушы туралы қысқаша мәлімет алады,атақты әнші, ақын, сал-сері Ақан серінің пырағы Құлагердің мерт болуына байланысты тарихи дерек бойынша мәліметтермен танысады

Топпен жұмыс жасай отырып, презентация қорғауды және оны критерий бойынша бағалауды үйренеді

АКТ , оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау

Презентация қорғау, талқылау, бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»


Интернет-қор

Қосымша материалдар

Папка -жинақ


С. Жүнісов

Ақырғы бәйге

Сюжеттік талдау


Әңгімені мазмұнына , сюжет дамуына байланысты жеке бөлімдерге бөліп, әр бөлімдегі негізгі мәселелерді анықтайды, талдайды, өз көзқарастарын білдіреді

Топпен, жұппен

жұмыс жасауды жалғастырады, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіреді



СТО, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, диалогтік оқыту

Жуан/жіңішке сұрақтар,зерттеушілік әңгіме, топта талқылау, кластер құру

Тор көзді талқылау



Оқулық. Қазақ әдебиеті


С. Жүнісов Ақырғы бәйге

Жазушының суреткерлік шеберлігі



Жазушының суреткерлік шеберлігі, тілінің көркемдігін талдайды,драмалық тартыс туралы трагедиялық образ туралы алғашқы қарапайым түсінік алады

Сабаққа мақсат қоюды бірлесіп жұмыс жасауды үйренеді

СТО, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау

диалогтік оқыту



Постер қорғау (кластер, Венн диаграмассы, Т- кестесі)

Критерий бойынша бағалау



Оқулық. Қазақ әдебиеті


С. Жүнісов

Ақырғы бәйге

Эссе « Аты аңыз Құлагер тұлпарым-ай»


Мерттіккен Құлагердің және Ақанның трагедиялық жан күйін қалай қабылдағандарын жазбаша түрде береді, өз ойларын көркем тілмен жеткізе білуге жаттығады


Эссе жазу әдісін жетілдіреді, түсінгендерін, түйсінгендерін, әңгіменің идеясын, жазушының көзқарасын жазбаша жеткізе білуді үйренеді

Дарынды және талантты балаларды оқыту, СТО

рефлексия жасау



Сұрақтан басталып, сұрақтан аяқталатын эссе

Галереяны шарлау



Түрлі- түсті парақтар

Қ. Мырзалиев

Ана өлеңі



Өлеңді талдай отырып, идеясын түсінеді

Сабаққа мақсат қоюды, бірлесіп жұмыс істеуді үйренеді, рефлексия жасауды үйренеді

СТО, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, АКТ, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Жуан/жіңішке сұрақтар, талдау

Бес жолдық өлең



Оқулық. Қазақ әдебиеті

Қ. Жұмаділов

Қозыкүрең



Әңгіменің мазмұнымен танысады, қазақ-қырғыз халықтары арасындағы тарихи қалыптасқан қарым-қатынастың мәнін ашады

Топпен жұмыс жасауды жалғастырады, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіреді

СТО, АКТ, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,

оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау



БҮҮ кестесі, жуан/жіңішке сұрақтар, талқылау



Оқулық. Қазақ әдебиеті

Интернет қор



Қ. Жұмаділов

Қозыкүрең

Талдау сабағы


Табиғат перзенті жылқы малына деген сүйіспеншілік көзқарастың әңгімедегі көрінісін, ұрпақтар жалғастығы туралы идеяны талқылайды

Топпен жұмыс жасауды жалғастырады, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіреді, критерий бойынша бағалауды үйренеді

СТО, АКТ,

оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, дарынды және талантты балаларды оқыту



Диалогтік оқыту-зерттеушілік әңгіме, ИНСЕРТ кестесі, ыстық орындық

Оқулық. Қазақ әдебиеті


Шығармашылық жұмыс


Шығармадағы екі ел арасындағы достықтың идеясын жеткізе біледі

Топтық бірлескен жоба қорғауға үйренеді

СТО, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау,оқытуды басқару және көшбасшылық


Постер қорғау (кластер, Т- кестесі)

Критерий бойынша бағалау



Флипчарт , түрлі-түсті маркерлер, стикерлер

Ж. Нәжімеденов

Сен ақылды болсаң екен»

Жаманыңды көрмесем


Өлеңдердегі сенім, өнеге - әкенің балаға деген сезімін талдау арқылы, өз ойларын жеткізеді, ақынның көзқарасын түсінеді

Критерий бойынша бағалауды, топта бірін-бірі бағалауды жалғастырады

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сын тұрғысынан ойлау, АКТ

Түсініктеме күнделігі, бағалау критериийлері, бесжолдық өлең

Оқулық. Қазақ әдебиеті

Электронды оқулық



Н.Сералиев Аңсау

Әңгіме туралы ұғымды кеңейте отырып, мазмұнымен танысады

Топпен жұмыс жасауды жалғастырады, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіреді, критерий бойынша бағалауды үйренеді

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сын тұрғысынан ойлау, АКТ

ЖИГСО, талқылау, жуан/жіңішке сұрақтар, рефлексия

Оқулық. Қазақ әдебиеті


Н.Сералиев Аңсау- кейіпкерлерге талдау

Әңгімедегі ана парасаттылығы мен бала бауырмалдығын кейіпкерлер бейнесі арқылы ашады

Критерий бойынша бағалауды, шығармашылықпен жұмыс жасауды үйренеді

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сын тұрғысынан ойлау

оқытуды басқару және көшбасшылық



Жуан/жіңішке сұрақтар, талқылау

Хат жазу, бағалау



Түрлі-түсті парақтар

Т. Молдағалиев Бауырлар

Өлеңде көтерілген аса маңызды мәселе – қандас бауырларды және оның елжандылық мәнін түсінеді

Сабаққа мақсат қоюды бірлесіп жұмыс жасауды үйренеді

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сын тұрғысынан ойлау, АКТ

Презентация қорғау, талқылау, бағалау « Екі жұлдыз, бір тілек»

Интернет-қор

Қосымша материалдар

Папка –жинақ



Ф. Оңғарсынова «Оюлар»

Ақын туралы мәлімет алады, өлеңнің мазмұнымен танысады, өз беттерімен талдау арқылы өлеңнің идеясын түсінеді, тақырыпты қорытады, өз пікірлерін , көзқарастарын білдіре отырып, ауызша қисынды сөйлеуге жаттығады, қазақтың салт-дәстүрі мен өнеріне деген құрмет сезімге тәрбиеленеді


Топпен жұмыс жасауды жалғастырады, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіреді, критерий бойынша бағалауды үйренеді

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сын тұрғысынан ойлау, АКТ, диалогтік оқыту

Презентация-слайд, БҮҮ, жуан/жіңішке сұрақтар,

Эссе «Ғасыр қойнауынан жеткен өнер»



Интернет-қор

Қосымша материалдар

Папка -жинақ

Оқулық. Қазақ әдебиеті




М. Шаханов Отырар

Өз беттерімен көркем туындыны оқу, талдау, бағалауға жетелеу, шығармашылық қабілеттерін, өзін-өз дамыту, іскерлігін, белсенділігін жетілдіреді,

елжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиеленеді



Сабаққа мақсат қоюды, бірлесіп жұмыс істеуді үйренеді, рефлексия жасауды үйренеді

СТО, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, АКТ, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Талдау, сұрақ/жауап, диалогтік оқу

Рефлексия «Тор көзді талқылау»



Интернет-қор

Қосымша материалдар

Папка -жинақ


М. Шаханов Отырар

Баллададағы Қайырхан образы, Шыңғыс хан мен Шағатай бейнелерін талдау арқылы өлеңнің тарихи негізін түсінеді

Топпен жұмыс жасауды жалғастырады, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіреді, критерий бойынша бағалауды үйренеді

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сын тұрғысынан ойлау, дарынды және талантты балаларды оқыту

Венн диаграмасы,РАФТ,

Критерий бойынша бағалау

Рефлексия «Бағдаршам»


Оқулық Қазақ әдебиеті

К.Ахметова Қазағым менің

Ақын өлеңіндегі лиризм, өлеңнің халықты сүюге, бірлікке шақырған идеясын түсінетін болады

АКТ-ны тиімді қолдану, электронды оқулықпен жұмыс істеуді үйренеді

СТО, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, АКТ, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Сурет бойынша сыни ойлау, жуан/жіңішке сұрақтар, электронды оқулықпен жұмыс, бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»

Интернет-қор

Қосымша материалдар

Папка -жинақ

Оқулық


Шығармашылық жұмыс- «Қазағым менің»

Қазақ халқының өршіл рухын, көрген қасіретін жырлаған ақынның идеясын жазбаша жеткізеді

Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіреді, критерий бойынша бағалауды үйренеді

СТО, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау

Эссе « Мәңгілік ел идеясы -қазақ елінің басты ұраны»

Оқулық Қазақ әдебиеті

Д.Дефо Робинзон Крузо

«Мәңгілік кітаптар» қатарына жататындығын және дүниежүзілік мәдениетте биік орны бар шығарма екені туралы түсінік ала отырып, мазмұнымен танысады

Топпен жұмыс жасауды жалғастырады, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіреді, критерий бойынша бағалауды үйренеді

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сын тұрғысынан ойлау, АКТ

Фильмнен үзінді көру және талқылау, аялдаммамен оқу,

Оқулық Қазақ әдебиеті

Д.Дефо Робинзон Крузо

Кейіпкердің басынан кешкен оқиғалары, оның аралдағы өмірі, еңбекке бейімділік қасиеттерді талдау

Топпен жұмыс жасауды жалғастырады, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіреді, критерий бойынша бағалауды үйренеді

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сын тұрғысынан ойлау, дарынды және талантты балаларды оқыту

Постер қорғау (кластер, Т- кестесі)

Критерий бойынша бағалау



Флипчарт , түрлі-түсті маркерлер, стикерлер

Қолданылған әдебиеттер тізімі



  1. Әлімов А . Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері Алматы 2013 жыл

  2. Әлімов А, Қосанов Б.М, Базарбекова Р.Ж. Интербелсенді әдістеме Алматы 2010 жыл

  3. Жанпейісова М.М Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде Алматы 2006

  4. Мирсеитова С . Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде Қарағанды 2011 жыл

  5. Мұғалімге арналған Нұсқаулық ІІ деңгей

6.2014-2015 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат 2014 жыл

7.Қазақ әдебиеті . Оқу бағдарламасы 5-9-сынып 2014 жыл

8. 5-сынып. Қазақ әдебиеті

Қосымша


Топтық жұмыста қолданылатын интерактивті әдістер мен тәсілдердің сипаттамалары

« Мені қолымнан төмен қарай тартпаңыз, жоғары да тартпаңыз, қолым ауырады. Мен үшін қиналмай, еркін жоғары қарай көтерілетін білім баспалдағын табыңыз»

Топтық іс-әрекет:



    • оқушының оқуға деген қызығушылығының артуы

    • іскерлік дағдысының дамуы

    • өзіне деген сенімділігінің қалыптасуы

    • өздігінен оқып, түйінді мәселелерді іріктеп алу, сызба, моделін құрастыра алу

    • мақсатқа өз бетімен ұмтылуы

    • ойлау белсенділігі, тапқырлығы, шешім қабылдау әрекетінің дамуы

    • шығармашылықпен айналысуға талпынысы

    • өзіндік пікір айтуы

Бес жолдық өлең, бестармақ немесе синквейн. Ақпаратты түйіндеу, күрделі ойларды, сезімді және түсінікті бірнеше сөзбен жеткізу қабілеті – үлкен шеберлік. Ол түсініктік қорға негізделген зерделі рефлексияны қажет етеді. Синквейн «cing» – бес деген француз сөзінен шығады. Ол бес жолдан тұратын өлең. Материалды синтездеу тәсілі ретінде қолданылады. Форманың ықшамдығы ақпаратты түйіндеу, ойды бірнеше маңызды сөздермен, кең және қысқа сөйлемдермен жеткізу қабілетін дамытады. Синквейн жеке өзіндік жұмыс ретінде, жұппен жұмыс үшін, сирек топтық шығармашылық ретінде ұсынылуы мүмкін. Бес жолдық өлең бес жолдан тұрады, ал әрбір жол саны және сөз таптары белгіленген сөздерден құралу керек

Бірінші тармақ- 1 сөз (зат есім)

Екінші тармақ- 2 сын есімнен тұру керек

Үшінші тармақта 3 етістіктің болуы шарт

Төртінші жол оқушының негізгі сөзді бағалайтын кез келген сөз таптарынан тұратын төрт сөзден тұрады

Бесінші жол негізгі атаудың басқаша баламасы, оның синонимі болуы керек



Т-кестесі- бір-біріне қарама –қарсы немесе салыстыруға болатын ақпарат пен пікірлерді келтіруге арналған жазу кестесі.

Кластерлер («жүзім шоқтары»)- идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер.

БҮҮ (білемін,білгім келеді, үйрендім)- сабақтың басынан аяғына дейін қолданылатын стратегия. Оқушылар сабақты тиімді меңгеру үшін барлық рәсімдерді жасай алады-1) не білетіндерін ойға түсіреді, 2) талдайды 3) сабақта не үйренгендерін түйіндейді.

Венн диаграммасы – оқушыларды синтез/анализ/бағалау жоғары деңгейдегі ойлау қызметіне әкелетін салыстыра білу қабілетін дамытуда пайдаланылатын

ЖИГСО- оқушылардың бірін-бірі оқытуда көмектесуіне арналған жұмыс түрі. Мұнда әрбір оқушы материалды толық меңгереді. Олардың әрқайсысы басқадан үйреніп, басқаны үйретуде белсенді рөл атқарады.

РАФТ- бұл рөл, аудитория,формат (қалып) және тақырып, яғни әртүрлі тақырыпты тәжірибеден өткізіп, әр түрлі аудиторияға бағыттап, әр түрлі мақсатқа жауап беріп және қалыпты таңдай отырып, оқушылардың жазу дағдысын дамытуға мүмкіндік беретін тәсіл.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет