Бекітілді, хаттама №5 15қаңтар2015 ж профессор Жанбеков Х. Н. 6М011300-Биология мамандығына магистратураға оқуға түсуге арналған емтихан сұрақтары магистратура Алматы, 2015ж



жүктеу 0.49 Mb.
бет1/6
Дата26.04.2017
өлшемі0.49 Mb.
  1   2   3   4   5   6
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Жаратылыстану және география институты
Ботаника және зоология кафедрасы

Кеңес мәжілісінде қарастырылып

бекітілді, хаттама №5«15қаңтар2015 ж.

_____________ профессор Жанбеков Х.Н.



6М011300–Биология

мамандығына магистратураға оқуға түсуге арналған

емтихан сұрақтары

магистратура

Алматы, 2015ж.

«6М011300–Биология» мамандығына магистратураға оқуға түсуге арналған емтихан бағдарламасы


Құрастырушылар:

Ботаника және зоология кафедрасыныңпрофессорлары, б.ғ.к.:

Иманкулова С.К.

Мынбаева Б.Н..

.
доценттері, б.ғ.к.:

Есимов Б.К.,

Жақсыбаев М.Б.
Өсімдіктер физиологиясы және биохимия кафедрасының проф. б.ғ.к.:

Сағатов К.С.

доцентттері,б.ғ.к.:Загриценко И.П.

Исабеков Б.М.

Анатомия, физиология, гигиена және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының профессорлары: м.ғ.д. Балғынбеков Ш.А.

б.ғ.к. Төленбек И.М., Бабашев А.М.

доцент, б.ғ.к., Татаринова Г.Ш.

аға оқытушы, б.ғ.к. Шыныбекова Ш.С.

Абай атындағы ҚазҰПУ «6М011300 – Биология» мамандығының магистратурасына оқуға түсуге арналған емтихан бағдарламасында жалпы ережелер, мамандық бойынша оқуға түсу емтиханға кіргізілген пәндер тізімі мен әдебиеттер тізімі берілген.

Абай атындағы ҚазҰПУ «6М011300 – Биология» мамандығының магистранттарына арналған оқуға түсу емтихан бағдарламасын магистранттар оқу барысында пайдалануына болады.


Кафедра меңгерушісі _______________ Иманкулова С.К.
Ботаника және зоология кафедрасы мәжілісінде қарастырылып, бекітілді (15 қаңтар 2015 ж., хаттама №5).

Мазмұны
І. Жалпы ережелер
ІІ. «6М011300 - Биология» мамандығы бойынша магистратураға оқуға түсуге арналған емтиханға енгізілген пәндер тізімі
ІІІ. Пәндер және емтихан сұрақтары тізімі бағдарламасы



    1. Ботаника

3.2. Зоология

3.3.Генетика

3.4. Эволюция ілімі

3.5. Биохимия



    1. Адам және жануарлар физиологиясы

    2. Цитология және гистология

    3. Адам анатомиясы


І Жалпы ережелер


    1. 6М011300- «Биология» негіздері мамандығы бойынша бағдарламаны6.08.-2010ж. «Анатомия, физиология, гигиена және өмір қауіпсіздігі негіздері» кафедрасы келесі бұйрықтарға сәйкес жасады: «Жоғары білім. Бакалавриат» ҚР МЕМСТ-на; «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2011 жылдың 20 сәуірінде қабылданған № 152 бұйрығы, «Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестациялауды жүргізудің Типтік ережесіне бекіту туралы» ҚР БҒМ01.11.2010 №506 бұйрығы.

    2. Оқуға түсуге қажетті теориялық курстарды талапкерлердің меңгеру сапасын бақылайтын қорытынды кезең болып табылады.

    3. Оқуға түсуге 5В011300- «Биология» мамандығы бойынша оқу және жеке оқу жоспарын толық орындаған талапкерлер жіберіледі.

    4. Талпкерлердің оқуға түсуі кешенді емтихан түрінде жүреді.

    5. Мамандық бойынша оқуға түсуге арналған емтиханға базалық және профильдік пәндер тізімі енеді.

    6. Оқуға түсуге арналған емтиханның құрылымы «Биология» мамандығының бағдарламасы және оқу жоспарындағы оқу бағдарламаларына сәйкес дайындау деңгейінің талаптары бойынша анықталады.

    7. Оқуға түсу емтихан бағдарламасын, оны және тапсырмалар мазмұнын кафедра меңгерушілері, оқытушылары емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламасы негізінде дайындады.

    8. «Биология» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы кафедралар мәжілісінде қарастырылады, факультеттің Кеңесі шешімімен бекітіледі.

    9. Жоғары бағаға көтеру мақсатында емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

1.10 Емтихан тапсыру нәтижелері тапсырылған күні жарияланады.
ІІ. «6М011300 - Биология» мамандығы бойынша оқуға түсу емтиханына енгізілген пәндер тізімі:

  • Ботаника

  • Зоология

  • Генетика

  • Эволюция ілімі

  • Биохимия

  • Адам және жануарлар физиологиясы



ІІІ. Пәндер және емтихан сұрақтары тізімі бағдарламасы

3.1 Ботаника
Өсімдіктерді классификациялаудың практикалық және тоериялық маңызы. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасының даму тарихы. Систематиканың кезеңдері. Жасанды, табиғи, филогенетикалық системалар. К.Линнейдің бинарлық номенклатурасы. Систематкианың дамудағы эволюциялық теорияның маңызы. Филогенетикалық системаны құрудың принциптері.

Таксономикалық категориялар туралы түсінік. Түр негізгі таксономикалық бірлік екендігі. Туыс, тұқымдас, қатар, класс, бөлім, дүние.

Өсімдіктер систематикасының ғылым ретінде қазіргі кездегі мақсаты және оның практикалық маңызы.

Органикалық дүниенің қазіргі заманғы системасы. Прокариоттар және эукариоттар. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер туралы түсінік. Филогенетикалық байланыстар.

Прокариоттар

Бактериялар бөлімі (Bacteriophyla). Жалпы сипаттама. Клетка құрылысы. Бактериялардың морфологиялық типтері. Көбеюі, тұқым қуалаушылық информацияның берілу тәсілдері. Қолайсыз жағдайларда тіршілігін сақтап қалуға бейімделуі. Бактерияның табиғатта таралуы және қоректенуі. Олардың органикалық заттар ыдырауына қатысу және табиғатта зат айналымындағы маңызы. Бактериялардың әрекетін ауыл шаруашлығында және өнеркәсіпте пайдалану. Ауру туғызатын патогендік бактериялар.

Вирустар (Virophyta) бөлімі. Құрылысы және химиялық құрамы. Вирустардың табиғаты. Өсімдіктер, жануарлар және бактериялар вирустары.

Балдырлар (Algae). Эукариотты балдырларға жалпы сипаттама. Балдырлардың морфологиялық құрылымының деңгейі және структуралық варианттары. Хроматофораларының алуан түрлілігі. Жыныссыз көбею. Жыныстық процестері. Даму циклдары, варианттары: ұрпақ алмаспай және алмасу арқылы. Изоморфты және гетероморфты ұрпақ алмасу. Балдырлардың пигментті топтары. Классификациялаудың жалпы принциптері.

Саңырауқұлақтар (Fungi, Mycota) бөлімі. Саңырауқұлақтар клеткаларының ерекшеліктері. Саңырауқұлақтардың вегетативтік денесі. Бунақталған және бунақталмаған мицелий. Мицелийдің түр өзгерістері. Субстратқа мицелидің орналасуы. Сапрофиттік, паразиттік және симбиотрофты тіршілік етуге бейімделуі. Спора түзудің негізгі белгілері, оның әртүрлілігі. Вегетативтік көбею. Саңырауқұлақтардың жынысты көбеюінің эволюциялық тенденциялары. Жоғарғы және төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар туралы түсінік және олардың классификациялау принципі. Саңырауқұлақтардың кластары. Жетілмеген саңырауқұлақтар.

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы. Құрлықты ауа тіршілік ортасының ерекшеліктері. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесінің морфологиялық және анатомиялық жіктелуі. Негізгі мүшелері мен ұлпалары. Құрлықта тіршілік етуімен байланысты көбею органдарының өзіндік ерекшеліктері. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жыныс органдарының шығу жолдарының мүмкіндіктері. Даму циклдерінің ерекшеліктері. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің бөлімдері. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің биосфераның эволюциялық қалыптасуындағы маңызы.

Мүктәрізділер бөлімі (Bryophyta). Мүктәрізділердің ажыратуға болатын белгілері. Даму циклдерінің өзгешіліктері. Мүктәрізділердің жер үсті өсімдіктері эволюциясының ерекше бағыты екендігі. Мүктәрізділердің қарапайымдылығының белгілері және ерекшеліктері.

Плаунтәрізділер бөлімі (Lyocpodiophyota) . Жалпы сипаттамажәне айырықша белгілері. Ұсақжапырақтылық (микрофиллия). Тіршілік және даму циклі. Тең және әртүрлі споралық. Таралуы. Классификациясы.

Қырықбуындылар немесе бунақтылар бөлімі (Equisetophyta). Жалпы сипаттамажәне ажыратуға болатын ерекшеліктер. Қазып алынған қырықбуындылар: гиениелықтар, каламмиттер. Жалпы сипаттама. Тіршілік еткен уақыттары. Кластары: гинеялар, сынажапырақтылар, каламиттер, қырықбуындар.

Шаңжапырақтәрізділер бөлімі немесе Папортниктер (Polypodiohyta). Жалпы сипаттама және бөлімнің негізгі ерекшеліктері. Спорофиттің морфологиялық және анатомиялық құрылысы. Даму циклі. Папортниктәрізділердің қазбадан табылғандары: протоптеридиум, стауроптерис, кладоксилон. Жапырақтарының шығу тегі (макрофиллия). Классификациясы.

Ашықтұқымдылар бөлімі(Pinoplyta немесеGymnospermae) . Жалпы сипаттама және негізгі ерекшеліктері. Тұқым. Тұқымның биологиялық маңызы. Тіршілік формалары. Анатомиялық және морфологиялық құрылысының ерекшеліктері. Даму циклінің өзгешіліктері. Классификациясы.

Жабықтұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер бөлімі (Angiospermae немесе Magnoliophyta). Гүлді өсімдіктер құрлық өсімдіктерінің эволюциясының ең жоғары кезеңі екендігі. Гүлді өсімдіктерінің эволюциясының ең жоғары кезеңі екендігі. Гүлді өсімдіктердің вегетативтік денесінің морфологиялық, анатомиялық, биохимиялық өзгешеліктері. Гүл, оның шығу тегі. Тозаңдану. Ұрық қалтасының құрылысы. Қосарынан ұрықтану, эндоспермнің ерекшеліктері. Жеміс, оның биологиялық маңызы. Жабықтұқымдылардың шығу орны, пайда болған уақыты және жорамалданған тектерінің ұрпағы (сыртқы көрінісі). Гүлді өсімдіктердің әртүрлілігі, олардың қазіргі кездегі жердің өсімдіктер жамылғысындағы рөлі. Классификациялау принциптері.


«Ботаника» пәні бойынша сұрақтар:

  1. Гүлді өсімдіктердің жыныстық көбеюі. Қосарлы ұрықтану және оның биологиялық мәні

  2. Тірі организмдер қоректенуінің негізгі типтері. Автотрофтар мен гетеротрофтарға сипаттама

  3. Плаунтәрізділердің морфологиялық-анатомиялық сипаттамасы. Шығу тегі. Даму циклі. Классификациясы, олардың табиғи және шаруашылық маңызы

  4. Мүктәрізділердің морфологиялық - анатомиялық сипаттамасы. Шығу тегі. Даму циклі. Кластарға бөлінуі және таралуы. Табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы

  5. Спораның түзілуі және оның жоғары сатыдағы өсімдіктердің даму кезеңінде алатын орны

  6. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы. Төменгі сатыдағылармен ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің шығу тегі

  7. К.Раункиер жүйесі бойынша өсімдіктердің тіршілік формасының классификациясы

  8. Саңырауқұлақтардың жалпы морфологиялық сипаттамасы, классификациясы, шығу тегі. Экологиялық топтары. Табиғатта, шаруашылықта және адам өміріндегі маңызы

  9. Жалаңаш тұқымды өсімдіктер: морфологиялық – анатомиялық сипаттамасы, шығу тегі, даму циклы, классификациясы. Табиғи және шаруашылық маңызы

  10. Жабық тұқымды өсімдіктердің морфологиялық – анатомиялық сипаттамасы, даму кезеңдері, шығу тегі, кластарға бөлінуі

  11. Папоротник тәрізділердің морфологиялық – анатомиялық сипаттамасы. Шығу тегі, табиғаттағы және шаруашылық маңызы

  12. Бактериялар мен вирустар, олардың биологиялық ерекшеліктері

  13. Жасыл өсімдіктердің ғарыштық және планетарлық ролі

  14. Өсімдік клеткаларының, ядроның бөліну жолдары.

  15. Өсімдік ұлпаларының жіктелуі (классификациясы). Түзуші ұлпалар.

  16. Тамырдың морфологиялық құрылысы, атқаратын қызметі. Тамырлар жүйесі.

  17. Жапырақтың морфологиялық құрылысы, атқаратын қызметі, орналасуы, жүйкеленуі.

  18. Өсімдік гүліндегі аналық және аталықтың жиынтығының құрылысы, атқаратын қызметі.

  19. Жемістер жүйесі. Қақырайтын және қақырамайтын жемістер, мысал келтір.

  20. Өсімдіктердің экологиялық топтары.

«Ботаника» пәні бойынша ұсынылатын әдебиеттер:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет