«Бекітемін» Тжкббф деканы Отыншиев М. А

Loading...


жүктеу 444.82 Kb.
бет1/3
Дата08.09.2017
өлшемі444.82 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы


«Бекітемін»

ТжКББФ деканы

_______ Отыншиев М.А.

«_____» _________2010 ж

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән: Фармакология

Мамандық : 0306000 - Фармация

Курс: 2

Семестр: 3,4

Сағат саны: 92

Шымкент 2010ж.

Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 5 тамыздағы №604 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды.

Кафедра мәжілісінде қаралды _____________________________________

«___» ______ 2010ж. №____хаттама

Кафедраның меңгерушісі, проф Орманов Н.Ж.

Әдістемелік кеңес мәжілісінде бекітілді

«___» ______ 2010ж. №____хаттама

Әдістемелік кеңес төрайымы _________________________

Дайындаған оқытушы_____________________________________________

1. Алғы сөз

Фармакология теориялық және клиникалық медициналық пәндерді байланыстыратын

ғылым. Фармакология- биохимиямен, молекулалық биологиямен, физиологиямен және басқа да пәндермен тығыз байланыста болады және жаңа дәрілік заттарды іздестіру мақсатында эндогенді және экзогенді физиологиялық белсенді заттардың жұмыс істеу механизмдерін зерттейді.
Фармакология пәнінің мақсаты- дәрілік заттардың организмге тигізетін фармакологиялық әсерінің негізіне жататын жалпы заңдылықтар туралы ұғымды білім алушыларға қалыптастыру.

Фармакологияны оқытудың міндеттері:


  • шипашақтарды рәсімдеудің жалпы принциптеріне және шипашақ жазбаларын құрастыруға үйрету;

  • дәрі- дәрмектердің түрлері және оларды шипашақтар бойынша жазып беру әдістері туралы білім беру;

  • дәрі- дәрмектердің әртүрлі мөлшерін есептеуді үйрету;

  • дәрілік заттар биотрансформациясының түрлері туралы ұғым беру;

  • фармакокинетика және фармакодинамиканы зерттеудің негізгі фармакологиялық әдістері туралы түсінікті қалыптастыру;

  • зерттелетін дәрі- дәрмектер топтарының фармакокинетикасы және фармакодинамикасының, фармакологиялық қасиеттері туралы білім беру;

  • фармакологиялық әсерлерінен болатын ағзалар мен жүйелер қызметтеріндегі өзгерістерді болжауға үйрету және т.б.

2. Тақырыптық жоспар

3- семестр

Теориялық сабақ



Тарауы мен тақырыптың аталуы

Сағат саны

Оның ішінде

Теориялық сабақ

Тәжірибелік сабақ

1



Тарау 1.

Тақырып 1

Жалпы рецептура. Қатты дәрілік түрлер.



2

2

-

Тақырып 1.1.

Жұмсақ дәрілік түрлер.



2

2

-

Тақырып 1.2.

Сұйық дәрілік түрлер және әр түрлі дәрілік түрлер



2

2

-

2

Тарау ІІ.

Тақырып 1.

Жалпы фармакология. Дәрілік заттардың фармакодинамикасы



2

2

-

Тақырып І.1.

Дәрілік заттардың фармакокинетикасы



2

2

-

3

Тарау ІІІ.

Тақырып 1.

Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер. Жергілікті анестетиктер.



2

2

-

Тақырып 1.1.

Бырыстырғыш дәрілер.



2

2

-

Тақырып 1.2

Бүркеуші дәрілер. Сіңіргіш дәрілер. Тітіркендіргіш дәрілер.



2

2

-

4

Тарау ІV.

Тақырып 1.

Эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер.



2

2

-

Тақырып 1.1.

М-Н холиномиметиктер.



2

2

-

Тақырып 1.2.

Антихолиноэстеразалық дәрілер.



2

2

-

Тақырып 1.3

М- холиноблокаторлар.



2

2

-

Тақырып 1.4.

Ганглиоблокаторлар.



2

2

-

Тақырып 1.5.

Кураре тәрізді дәрілер



2

2

-

5

Тарау V.

Тақырып 1.

Ұйықтататын дәрілер



2

2

-

Тақырып 1.1.

Эпилепсияға қарсы қолданылатын дәрілер.



2

2

-

Тақырып 1.2.

Құрысуға қарсы дәрілер



2

2

-

6

Тарау VІ.

Тақырып 1.

Паркинсон ауруына қарсы қолданылатын дәрілер



2

2

-

Тақырып 1.1.

Наркозға арналған дәрілер. Этил спирті.



2

2

-

Барлығы: 38


Тәжірибелік сабақ




Тарауы мен тақырыптың аталуы

Сағат саны

Оның ішінде

Теориялық сабақ

Тәжірибелік сабақ

1

Тарау 1

Тақырып 1.

Кіріспе.



2

-

2

Тақырып 1.1.

Жалпы рецептура. Қатты дәрілік түрлер.



2

-

2

Тақырып 1.2.

Жұмсақ дәрілік түрлер.



2

-

2

Тақырып 1.3.

Сұйық дәрілік түрлер. Егуге арналған дәрілік түрлер.



2

-

2

2

Тарау ІІ.

Тақырып 1.

Жалпы фармакология.



2

-

2

3

Тарау ІІІ.

Тақырып 1.

Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер. Жергілікті анестетиктер.



2

-

2

Тақырып 1.1.

Бырыстырғыш дәрілер.Бүркеуші дәрілер. Сіңіргіш дәрілер. Тітіркендіргіш дәрілер.



2

-

2

4

Тарау ІV.

Тақырып 1.

Эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер. М- Н- холиномиметиктер. Антихолинэстеразды дәрілер.



2

-

2

Тақырып 1.1.

М- холиноблокаторлар. Ганглиоблокаторлар.



2

-

2

Тақырып 1.2.

Кураре тәрізді дәрілер.



2

-

2

5

Тарау V.

Тақырып 1.

Ұйықтататын дәрілер. Эпилепсияға қарсы қолданылатын дәрілер.



2

-

2

Тақырып 1.1.

Құрысуға қарсы дәрілер.



2

-

2

6

Тарау VІ.

Тақырып 1.

Паркинсон ауруына қарсы қолданылатын дәрілер. Наркозға арналған дәрілер. Этил спирті.



2

-

2

7

Қорытынды

2

-

2

8

Тарау VІІ.

Тақырып 1.

Анальгетиктер. Наркотикалық анальгетиктер.



2

-

2

Тақырып 1.1.

Бейнаркотикалық анальгетиктер .



2

-

2

9

Тарау VІІІ.

Тақырып 1.

Психотропты дәрілер. Нейролептиктер. Транвилизаторлар.



2

-

2

Тақырып 1.1.

Тыныштандыратын (седативті дәрілер). Антидепрессанттар.



2

-

2

10

Тарау ІХ.

Тақырып 1.

Тыныс алу мүшелеріне әсер ететін дәрілер.



2

-

2

Барлығы: 38


4-семестр

Теориялық сабақ



Тақырыптың атауы

Сағат саны

Теориялық сабақ

Тәжірибелік сабақ

1

Тарау І.

Тақырып 1.1.

Анальгетиктер (ауырсынуды басатын дәрілер)



2

2

-

Тақырып 1.1.

Наркотикалық анальгетиктер



2

2

-

Тақырып 1.2.

Бейнаркотикалық анальгетиктер



2

2

-

2

Тарау ІІ.

Тақырып 1.

Психотропты дәрілер. Нейролептиктер. Транквилизаторлар.



2

2

-

Тақырып 1.1.

Тыныштандыратын (седативті дәрілер). Антидепрессанттар.



2

2

-

Тақырып 1.2.

Нормотимиялық дәрілер. Психостимуляторлар. Ноотропты дәрілер.



2

2

-

3

Тарау ІІІ.

Тақырып 1.

Тыныс алу ағзаларының қызметіне әсер ететін дәрілер.



2

2

-

Тақырып 1.1.

Тыныс алу стимуляторлары. Жөтелді басатын дәрілер. Қақырық түсіретін дәрілер.



2

2

-

Тақырып 1.2.

Бронхолитикалық дәрілер. Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер.



2

2

-

4

Тарау ІV.

Тақырып 1.

Ас қорыту ағзаларының қызметіне әсер ететін дәрі- дәрмектер.



2

2

-

Тақырып 1.1.

Тәбетке әсер ететін дәрілер. Құстыратын және құсыққа қарсы дәрілер.



2

2

-

Тақырып 1.2.

Асқазанның секреторлы қызметі бұзылуында қолданылатын дәрілер. Антацидті дәрілер. Гастропротекторлар.



2

2

-

Тақырып 1.3.

Өт айдайтын дәрілер.



2

2

-

5

Қорытынды

2

2

-

Барлығы 28


Тәжірибелік сабақ




Тақырыптың атауы

Сағат саны

Теориялық сабақ

Тәжірибелік сабақ

1

Тарау І.

Тақырып 1.1.

Тыныс алу стимуляторлары. Жөтелді басатын дәрілер. Қақырық түсіретін дәрілер.



2

-

2

2


Тарау ІV.

Тақырып 1.

Ас қорыту ағзаларының қызметіне әсер ететін дәрілер.



2

-

2

Тақырып 1.1.

Тәбетке әсер ететін дәрілер. Құстыратын және құсыққа қарсы дәрілер.



2

-

2

Тақырып 1.2.

Асқазанның секреторлы қызметі бұзылуында қолданылатын дәрілер. Антацидті дәрілер. Гастропротекторлар.



2

-

2




Қорытынды сабақ

2

-

2

Барлығы: 10


2. Пәннің мазмұны.

Теориялық сабақ

Тарау І.

Тақырып 1. Кіріспе. Жалпы рецептура. Қатты дәрілік түрлер.

Фармакологияның анықтамасы, оның басқа медициналық және биологиялық ғылымдар арасындағы орны. Фармакология дамуының негізгі кезеңдері. Фармакологияның Ресейде және Қазақстанда дамуы. Негізгі ғылыми мектептер. Жаңа дәрі- дәрмектерді іздек принциптері. Химиялық құрылымы мен заттардың әсерлері арасындағы тәуелділікті зерттеу негізінде жаңа дәрі- дәрмектерді синтездеу. Дәрі- дәрмектерді сынаудың негізгі әдістері мен принциптері. Молекулалық фармакологияның міндеттері. Рецепт, дәрі-дәрімектер, дәрілік түрлер. Рецептуралық бланктердің түрлері. Рецепттердің жазылуының, құрастырылуының жалпы ережелері және рецепт бойынша дәрілердің дәріханада берілуі. Рецептте дәрілік түрдің жазу ережелері. Қатты дәрілік түрлердің анықтамасы және сипаттамасы және жазылу ережелері.


Тақырып 1.1.

Жұмсақ дәрілік түрлер.

Рецепт, дәрі-дәрімектер, дәрілік түрлер. Рецептуралық бланктердің түрлері. Рецепттердің жазылуының, құрастырылуының жалпы ережелері және рецепт бойынша дәрілердің дәріханада берілуі. Рецептте дәрілік түрдің жазу ережелері. Жұмсақ дәрілік түрлердің анықтамасы және сипаттамасы және жазылу ережелері.


Тақырып 1.2.

Сұйық дәрілік түрлер және әр түрлі дәрілік түрлер

Сұйық дәрілік түрлердің анықтамасы және сипаттамасы және жазылу ережелері. Күшті әсер ететін, улы есірткі дірілер және есеңгірету әсері бар дәрілердің жазылу ерекшеліктері.


Тарау ІІ.

Тақырып 1.

Жалпы фармакология. Дәрілік заттардың фармакодинамикасы

Жалпы фармакологияның анықтамасы мен міндеттері. Дәрі-дәрімектердің фармакокинетикасы, анықтамасы және мазмұны. Организмге дәрі-дәрімектердің енгізілу жолдары. Әртүрлі жолдармен енгізілген дәрілік заттардың организмге сіңірілу механизмдері және оларға әсер ететін факторлар. Биологиялық тосқауылдар. Дәрілік заттардың тасымалдануы. Дәрілік заттардың қанда қорға жиналуы және потенциалды- белсенді жағдайы. Дәрілік заттардың организмнен шығу жолдары. Дәрілік заттардың жүйелік элиминациясы.

Фармакокинетиканың негізгі параметрлері. Фармакокинетика үрдістерін математикалық модельдеу. Дәрілік заттардың фармакодинамикасы, анықтамасы және мазмұны. Дәрілердің алғашқы фармакологиялық реакциясы (әсері), таралуы және әсер ету механизмі. Дәрілік заттардың әсер ету принциптері. Спецификалық рецепторлар, агонистер және антагонистер туралы ұғым. Дәрілік заттардың организмдегі биомолекулалармен байланысу түрлері: механизмі, сіңірілуі, таралуы, айналуы және шығарылуы, әсерінің түрлері: жергілікті және резорбтивті; тіке және жанама (екіншілік); жалпы жасушалық; таңдамалы, ерекше; негізгі және жанамалық; қайтымды және қайтымсыз; терапиялық және уытты. Фармакотерапияның түрлері.

Дәрі-дәрімектердің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына әсер ететін факторлар. Фармакологиялық әсер ету нәтижесінің дәрі- дәрмектер қасиеттеріне және оларды қолдану ерекшеліктеріне тәуелділігі. Дәрілік заттардың химиялық құрылымы мен физика- химиялық қасиеттірінң маңызы. Әсер ету нәтижесінің әсер ететін заттар мөлшеріне тәуелділігі. Мөлшердің түрлері: минимальды, орташа және жоғары терапиялық, бір реттік, екпінді, тәуліктік, курстық, уытты және өлтіретін. Орташа тиімді мөлшер, терапиялық индексі және терапиялық әсерлер кеңдігі туралы ұғым.

Қайталап енгізгенде дәрілік заттар әсерлерінің өзгеруі: кумуляция (материалдық және функционалдық), сенсибилизация, үйрену, дәріге тәуелділік (психикалық және физикалық). Дәріге тәуелділікпен күресудің медициналық және әлеуметтік аспектілері.

Дәрі- дәрмектерді біріктіріп қолданғандағы әсері. Заттардың фармакологиялық өзара байланысы. Синергизм, оның түрлері. Антагонизм, оның түрлері. Антидотизм. Дәрілік заттардың фармацевтикалық өзара әсері. Дәрілік заттардың фармакологиялық және фармацевтикалық үйлесімсіздігі туралы ұғым. Дәрілік заттар әсерлерінің организм ерекшелігіне тәуелділігі: жеке ерекшеліктеріне, физиологиялық және патологиялық жағдайларына, генетикалық факторларға.

Дәрілік заттар әсерлерінің жағымсыз (теріс) түрлері: табиғаты аллергиялық емес жағымсыз әсері; препараттың шамадан тыс мөлшеріне байланысты уытты әсері; табиғаты аллергиялық әсерлер (ГНТ, ГЗТ); организм сезімталдығының төмендеуіне байланысты әсерлері; спецификалық және уытты әсерлердің көрінісі (эмбриоуытты, фетоуытты, мутагенді, тератогенді және канцерогенді әсерлер).


: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қазақстан тарихы» Мамандығы : 0302000 «Мейірбике ісі»
2014 -> БАҒдарламасы «Кәсіпорын менеджменті»
2014 -> Ойындарды өткізу мерзімі
2014 -> Ғаламды ұстап тұрған зат емес, заңдылық
2014 -> Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және
2014 -> «Бекітемін Ректор, ҰҒА ҚР академигі А. М. Ғазалиев 2014 ж
2014 -> Қан ұрғылайтын бұрқақпен немесе серпімді ағынмен бөлінеді. Қан ұрғылайтын бұрқақпен немесе серпімді ағынмен бөлінеді
2014 -> «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттiк көрсетілетін


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...