«Бекітемін» Мектеп директоры



жүктеу 61.76 Kb.
Дата05.03.2017
өлшемі61.76 Kb.
«Бекітемін»

Мектеп директоры:

Русинов В.А.
5 орта мектебі оқушыларының жалпы тәртіп ережесі
1. Оқушылар сабақ басталғанға дейін 15 минут қалғанда мектепке келеді; таза, ұқыпты киінген, сыртқы киімін киім ілгіште шешеді, ауысымды аяқ киімін киеді, жұмыс орнына отырады да, алдағы саббаққа қажетті барлық оқу құралдарын дайындайды.

2. Оқушы мектеп бағдарламасымен бекітілген мерзімде үй тапсырмасын орындауға міндетті.

3. Мұғалімнің бірінші талабы бойынша күнделікті ұсыну қажет.

4. Күнделікте үй тапсырма жазбасын күнделікті жүргізу керек.

5. Сабаққа барлық қажетті оқулықтар, дәптерлер, оқу құралдары, жазба бұйымдарын әкелу керек.

6. Кез-келген мақсатта қару (сонымен қатар пышақ), жарылғыш, өрт қауіпті заттар; спирт ішімдіктері, сигарета, есірткі және басқа бас айналдыратын және улы заттарды мектеп аумағына әкелу және кез-келген тәсілмен қолдануға болмайды;

7. Шылым тартуға тыйым салынады

8. Шайнағыш сағызды шайнау, сабақта плеер және мобильдік байланыс құралдарын қолдану рұқсат етілмейді.

9. Әдепсіз сөздерді қолданып, өнегесіз дене қимылын жасау тыйым салынады.

10. Мектеп оқушылары мұғалімдер, техникалық қызметкерлер, оқушылар, ата-ана, мектепке келушілер абыройын сыйлау керек.

11. Дене күшімен тайталас, қорқыту және мазақ қылу, жеке тұлғаны кемітуге тырысу, ұлттық немесе нәсілдік белгі бойынша кемсітушілік жарамайтын тәртіп формасы болып табылады. Мектеп осындай тәртіпті үзілді-кесілді айыптайды.

12. Оқушылар мектеп мүлігін сақтайды, өз және бөтен мүлікке ұқыпты қарайды, мектеп аумағында тазалық және тәртіпті сақтайды. Мектеп мүлігіне материалдық залал келтірген жағдайда ата-ана (заңды өкілдер) оны өтеуге міндетті.

13. Барлық оқушылар өз дене мүмкіндіктеріне қарай мектеп және мектеп аумағын көріктендіру бойынша қатысады.

14. Оқушылар жеке меншік құқығын сыйлау қажет. Мектептегі кітаптар, киім және басқа жеке киімдер оның иесіне жатады.

15. Бөтен заттарды иемденген оқушыларға қылмыстық жазалауға дейін тәртіптік шаралар қолданады.

16. Жоғалған немесе ұмытылған заттарды тапқан оқушыларға кезекші әкімшілік немесе мұғалімге оларды тапсыру ұсынылады.

17. Сабақ жүріп жатқанда педагог немесе медициналық қызметкер келісімінсіз мектептен кетуге болмайды. Кезекші әкімшілік немесе мұғалімге мұғалім немесе медициналық қызметкерден қысқаша хатты ұсынып, мектептен шығуға болады.

18. Сабақтарды өткізіп жіберген жағдайда оқушы сабақта болмау себебі туралы анықтама немесе ата-анадан (оның орнын басатын тұлғалар) қысқаша хатты сынып жетекшіге ұсынуы тиіс.
Сабақтағы тәртібі
1. Мұғалім сыныпқа кіргенде, оқушылар орнынан тұрып, сәлемдеседі. Оқушылар сол сияқты сабақ кезінде (компьютерде жұмыс уақытынан басқа) сыныпқа кірген кез-келген үлкен адаммен сәлемдеседі.

2. Әр мұғалім осы ереже шегінде өз сабақтарында оқушылардың тәртіп ережесін анықтайды.

3. Сабақ кезінде шулау, өзі алаңдау, сонымен қатар бөтен әңгіме, ойындар және сабаққа жатпайтын басқа істермен басқа жолдастарын алаңдатуға болмайды, себебі осылай басқа оқушылардың қажетті білімді алу құқығы, сонымен қатар мұғалімнің функционалдық міндеттерін орындау құқығы бұзылады.

4. Сабақта оқушылар мектеп құрал-жабдықтарын қолдануға құқылы, олар бұл құрал-жабдықтарды сабақ аяқталған соң мұғалімге қайтарады. Бұл құрал-жабдықтарға сақтықпен және ұқыпты қарау керек.

5. Егер оқушы мұғалімге сұрақ қойғысы немесе мұғалім сауалына жауап бергісі келсе, ол қолын көтереді.

6. Әр түрлі даулы және бір мағыналы емес сауалдарды талқылау кезінде оқушы сыпайы формада өз көзқарасы мен өз сенімінде тұруға құқылы.

7. Мұғалім рұқсат еткен соң, үзіліске шығуға болады.

8. Мұғаліммен сөйлескенде оқушы тұрады. Қолды қалтада ұстауға болмайды. Еркін қарым-қатынас режиміне көшу тек үлкендер рұқсатымен болады.

9. Сабақ кезінде, партада отырғанда оқушы дұрыс отыру, аяқтарын қою, басын еңкейтуді қадағалауға міндетті. Оқушы дұрыс отыруға қатысты мұғалім өкімін орындауға міндетті.
Сабақ басталғанға дейін, үзіліс кезінде және сабақ аяқталған соң оқушылар тәртібі.
4. Үзіліс кезінде оқушы міндетті:

өз жұмыс орнында тазалық және тәртіпті ретке келтіру;

мұғалім сұраса, сыныптан шығу;

мұғалім талаптарына бағыну.



2. Үзіліс кезінде оқушылар қауіпсіздік мақсатында (шатыр, жертөле, асүй, физикалық және химиялық зертханалар) тыйым салынатын жерлерден басқа мектепте еркін қозғалады.

3. Үзіліс кезінде оқушыларға бір-бірін итеру, заттарды лақтыру және дене күшін қолдану тыйым салынады.

4. Үзіліс кезінде оқушыларға сынып жетекші немесе кезекші әкімшілік рұқсатынсыз мектептен шығуға тыйым салынады.

5. Терезелерді өз бетінше ашу, терезе алдында отыруға үзілді-кесілді тыйым салынады.

6. Үзіліс кезінде баспалдақтар бойынша, терезе ойығының жанында және ойындар үшін қолайсыз басқа орындарда оқушыларға жүгіруге болмайды.

7. Кезекші сынып үзіліс кезінде тәртіпті сақтау үшін кезекші мұғалімге көмкетеседі.
Асханада оқушылар тәртібі
1. Асханада тамақтану кезінде оқушылар жақсы мәнерді сақтап, өзін әдепті ұстау қажет.

2. Оқушылар асхана қызметкерлеріне сыйластықпен қарау керек.

3. Тамақтану кезінде сөйлесуге болмайды.

4. Оқушылар тамақтанған соң үстелді жиыстырады, орындықтарды орнына қояды.

5. Оқушылар мектеп асханасының мүлігіне ұқыпты қарайды.

6. Асханаға сыртқы киімде келуге болмайды.

7. Оқушылар графикке сәйкес немесе сабақтар аяқталған соң ас қабылдау үшін асханаға барады.
Сынып бойынша кезекші міндеттері
1. Кезекшілер сынып бойынша кезекшілік графигіне сәйкес тағайындалады.

2. Кезекшілер келесі сабаққа сыныпты дайындау үшін педагог мұғалімге көмектеседі, сынып бөлмесін мүмкіндігінше жиыстырады.

3. Үзіліс кезінде кезекші оқушы (оқушылар) сыныпты желдетеді, келесі сабаққа оқу материалын ілуге көмектеседі, мұғалім өтініші бойынша дәптерлерді таратады.

4. Жұмыс күн аяғында кезекші мұғалімдер келесі жұмыс күн (жиһаз шаңын сүртеді, гүлдерге су құяды, еден жуады) үшін сыныпты дайындайды.
Мектеп бойынша кезекші міндеттері
1. Кезекшілікті 5-11 сынып оқушылары жүзеге асырады.

2. Кезекші міндеттеріне кіреді:

мектепке кіре берісте оқушылардың ауысымды аяқ киімін тексереді;

үзіліс кезінде дәліз бойынша, баспалдақтарда тәртіпті қадағалайды;

оларға бекітілген мектеп учаскелерінің тазалығы және тәртібін қамтамасыз етеді;



оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне қажетті көмек көрсетеді.

3. Сабақтар аяқталған соң, күнделікті оларға бекітілген мектеп учаскелерін тәртіпке келтіреді де, оларды сынып жетекші немесе кезекші әкімшілікке тапсырады.

4. Кезекші оқушылар тарапынан бұзушылықты болдырмау кезінде дене күшін қолдануға құқылы емес.
Оқушылардың сыртқы түріне берілетін ұсыныстар
1. Оқушылар сабаққа арналған таза, ұқыпты киімде мектепке келуі тиіс. Киім стилі офис-іскерлік.

Киім бір түсті болу керек. Іскерлік стиль спорт аяқ киімі (сонымен қатар кроссовкалар), футболка, спорт костюмі, қысқа белдемше, денеге жабысып тұратын киімдер, дененің ашық бөліктері, жарқын, түрлі-түсті киімдер, джинсы, қысқа майка мен күртелер, шорты, пирсинг түрлерін болғызбайды.

2. Киім жас шамасына сәйкес болу керек, киім иесінің өзіне және қоғамға сыйластығын білдіруі тиіс.

3. Косметиканы қолдану және сабаққа әшекейлерді тағуға болмайды.

4. Мектепте барлық оқушылар ауысымды аяқ киімде жүреді.

5. Спорт киімі дене шынықтыру сабағына арналған, ол басқа сабақтарда орынсыз.

6. Мектепте ешқандай себептерсіз сыртқы киімде жүруге рұқсат етілмейді.

7. Технология сабақтарында ер балалардың жұмыс халаты, ал қыздарда - фартук мен бас киімі болуы тиіс.

8. Салтанатты жалпы мектеп іс-шараларына оқушылар тиісті формада: қыз балалар - қара қоңыр белдемше мен ақшыл блузкада, ал ер балалар – костюм және ақшыл жейдеде келеді. Сонымен қатар ер балалардың галстугі болғаны жөн.

9. Мерекелік кештер, концертке оқушылар өз қалауы және сынып жетекшімен келісім бойынша киімді таңдайды.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет