Бекітемін «kegoc» АҚ Директорлар Кеңесінің

Loading...


жүктеу 0.58 Mb.
бет1/4
Дата17.02.2017
өлшемі0.58 Mb.
  1   2   3   4

Б ТБЖ KEGOC 00-200-10

Басылым 2




«ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН КОМПАНИЯСЫ»

(Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АкционерЛІК ҚОҒАМЫ


БЕКІТЕМІН

«KEGOC» АҚ Директорлар Кеңесінің


«29» 12_ 2010 жылғы 9 хаттамасы

БАСШЫЛЫҚ
ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

Б ТБЖ KEGOC 00-200-10


Дана № _____
Басылым 2
Енгізу күні ____________

Астана




Мазмұны


  1. Қолдану саласы

  2. Нормативтік сілтемелер

  3. Терминдер мен анықтамалар

  4. Белгілер мен қысқартулар

5 Жауапкершілік және өкілеттік

6 Тәуекелдерді басқару жүйесі

7 Қалыпты қабілеттілікті анықтау

8 Тәуекелдерді сәйкестендіру

9 Тәуекелдерді бағалау

10 Тәуекелдерді басқару

11 ТБЖ құжаттарын жыл сайын әзірлеу, түзету, мониторингтеу және бақылау тәртібі

12 Осы басшылықпен басқару

1-қосымша. «KEGOC» АҚ ТБЖ-ның ұйымдық құрылымы

2-қосымша. «KEGOC» АҚ Тәуекелдер тізілімінің нысаны

3-қосымша. Болған залалдар мен даулар жөніндегі деректер базасының нысаны

4-қосымша. Тәуекелдерді сапалық жағынан бағалау үшін арналған балдық шкала

5-қосымша. Тәуекелдер картасының нысаны

6-қосымша. Бақыланатын тәуекелдердің жай-күйі, тәуекелдерді басқару және жаңа тәуекелдерді анықтау жөніндегі шаралардың орындалуы туралы ақпарат

7-қосымша. Келісу парағы

8-қосымша. Танысу парағы

9-қосымша. Өзгерістерді тіркеу парағы

10-қосымша. Мерзімді тексерістерді есепке алу парағы


3

3



4

4

5



5

9

10



12

17
20

22

23

24


25

26
28

29

30

31



32

33









Қолдану саласы

1.1 Осы Тәуекелдерді басқару жүйесі жөніндегі басшылық (бұдан әрі – ТБЖ Басшылық) «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамындағы (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ) тәуекелдерді басқару рәсімін сипаттайды.

1.2 ТБЖ Басшылық тәуекелдерді басқаруды енгізудің халықаралық озық тәжірибесін, халықаралық стандарттар мен басшылықтарды (COSO әдістемесі және т.б.), «KEGOC» АҚ-ның Тәуекелдерді корпоративтік басқару саясаты мен жұмыс тәжірибесін, Қазақстан Республикасының заңнамасын, Жалғыз акционердің талаптарын есепке ала отырып, әзірленді.

1.3 ТБЖ Басшылықты «KEGOC» АҚ-ның барлық құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде «KEGOC» АҚ-ның филиалдары, «KEGOC» АҚ-ның Алматы қаласындағы өкілдігі қолданады және «KEGOC» АҚ-ның ішкі корпоративтік торабының ресурстарында орналастырылады.

1.4 ТБЖ Басшылық «KEGOC» АҚ-ның ішкі нормативтік құжаты болып табылады және мемлекеттік басқару органдарынан, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен рейтингтік агенттіктерден басқа тараптарға ұсынуға жатпайды.

2  Нормативтік сілтемелер

Осы ТБЖ Басшылықта Қазақстан Республикасының мына нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік құжаттарына сілтеме жасалды:

– ISO 14001:2009 Экологиялық менеджмент жүйесі. Қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық;

– OHSAS 18001:2007 Кәсіби қауіпсіздікті басқару және денсаулықты қорғау жүйелері. Талаптар;

«KEGOC» АҚ 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған ұзақ мерзімді даму стратегиясы (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ-ның ұзақ мерзімді стратегиясы);

– СТ KEGOC 00-202-10 Ұйым стандарты. «KEGOC» АҚ-ның Тәуекелдерді корпоративтік басқару саясаты;


– СТ KEGOC 00-101-07 Ұйым стандарты. Құжаттаманы басқару;

– СТ KEGOC 00-509-10 Ұйым стандарты. «KEGOC» АҚ-да жоспарлауды басқару;

– Е KEGOC 00-315-10 «KEGOC» АҚ-ның Даму жоспары мен бюджетін әзірлеу, келісу, бекіту, түзету, оларды орындау және орындалуын мониторингілеу ережесі;

– Н KEGOC 00-201-09 Сезгіштікке талдау жүргізу әдістемесі;

– Ішкі аудит қызметі туралы ереже.






3 Терминдер мен анықтамалар

Осы ТБЖ Басшылықта «KEGOC» АҚ-ның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес терминдер, оның ішінде тиісті анықтамалары бар мына терминдер қолданылады:



3.1 Тәуекел: «KEGOC» АҚ-ның мақсатқа қол жеткізуіне теріс ықпал ететін оқиғаның болу ықтималдығы.

3.2 Компанияның қалыпты қабілеті (тәуекелге деген шабыт): «KEGOC» АҚ өзінің меншік активтері есебінен (меншік капиталы және табыстары) қаржылық нәтижелерге, қаржылық тұрақтылыққа, бизнестің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге елеусіз әсер етпей қаржыландыра алатын жоспарланбаған залалдардың жиынтық көлемі.

3.3 Тәуекелдерге төзімділік: ұйымның стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуіне елеулі түрде әсер етпейтін мақсатты көрсеткіштерден ауытқудың қолайлы деңгейі.



3.4 Тәуекелдер тізілімі: «KEGOC» АҚ-ға тән және (немесе) оның қызметтеріне байланысты тәуекелдер тізбесі.

3.5 Негізгі тәуекелдер: Күрделі тәуекелдерді және қызыл аймаққа өтудің аса жоғары ықтималдығы бар тәуекелдерді есепке алғандағы тәуекелдер.

3.6 Тәуекелдерді басқару мәдениеті: «KEGOC» АҚ-да қабылданған тәуекелдерді басқарудың барлық жүйесінің тиімділігіне әсер ететін мінез-құлық принциптері.

3.7 Тәуекелдерді өздігінен ұстап қалу: «KEGOC» АҚ-ның жоспарланбаған залалдарды ағымдағы ақша ағыны, меншік капиталы, резервтік қор мен басқа да меншік қаражаттары есебінен жабуға бағытталған шаралардың жиынтығы.
4 Белгілер мен қысқартулар
Осы ТБЖ Басшылықта мына қысқартулар қолданылады:

«KEGOC» АҚ – «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы;



  • ТБЖ Басшылық – «KEGOC» АҚ-ның Тәуекелдерді басқару жүйесі жөніндегі басшылығы;

ТБЖ – тәуекелдерді басқару жүйесі;

ЕБҰ – еншілес бағынысты ұйымдар;



  • ІАҚ – Ішкі аудит қызметі;

  • Аудит жөніндегі комитет – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті.


5 Жауапкершілік және өкілеттік
5.1 Осы ТБЖ Басшылық «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.

5.2 Осы ТБЖ Басшылық талаптарының орындалуын бақылауға Басқарма төрағасының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары жауапты.

5.3 Осы ТБЖ Басшылық талаптарының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес болуына және олардың орындалуына Корпоративтік даму департаментінің директоры жауапты.

5.4 Осы ТБЖ Басшылық талаптарының орындалуына «KEGOC» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде ЕБҰ-ның басшылары жауапты.




: up files
up files -> «Альфа-Банк» еб ақ
up files -> «kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің
up files -> Бекітілді «kegoc» АҚ Басқармасының
up files -> Клиенттің жадынамасы
up files -> «sat & Company» АҚ «Отан» ажзқ» АҚ акцияларының бақылаушы пакетін сатып алуды аяқтады «sat & Company»
up files -> «kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «11» желтоқсандағы №12 хаттамасымен бекітілген
up files -> «kegoc» Аš Директорлар Ке£есіні£
up files -> «Альфа-Банк» еб ақ visa/Mastercard халықаралық төлем карточкасына жаңғырмалы несиелеу лимитінің түрінде берілетін банктік қарыз шартының (қосылу шартының талаптарымен) жалпы (Типтік) талаптары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...