«Бекітемін» Жаратылыстану-математика факультетінің деканы Медешова А. Б 2010 ж География Мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған Қазіргі дүние географиясы Пәннің оқу-әдістемелік кешені



жүктеу 0.68 Mb.
бет4/5
Дата15.05.2017
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4   5

Дәріс мазмұны: 1. АҚШ-тың мемлекеттік территориясының қалыптасуы.

2.АҚШ иммиграннтар елі.

3.АҚШ-тағы урбандалу үрдісі.

Дәріс мақсаты: Солтүстік Америка елдерімен танысу, мемлекеттік территориясының қалыптасуытарихы мен иммангранттар елі туралы , мемлекеттегі урбандалу процесә туралы мағлұматтар беру.

АҚШ көптеген экономикалық көрсеткіштер бойынша дүние жүзінің жетекші державасы. Оның 50 штат пен федеральды Колумбия округінен (астана Вашингтонның аумағы) тұратын демократиялық республика екені белгілі, 48 штат шоғырлана орналасқан, екеуі негізгі аумақтан бөлек: Аляска және гавай аралдары «Мұхиттың арғы жағына» орналасқандығы және Еуропа мен Азияда тұтынып тұрған соғыс ошақтарының шалғайлығы бұрынғы уақытта бұл елдің қауіпсіздігіне сенімді кепіл болды, Атлантика, сондай-ақ Тынық мұхиты аймағында орналасқан мемлекеттермен еркін сауда қарым-қатынастарын оңайлатты.

Құрама штаттарының қазіргі өркендеп отырған жағдайы орасан мол табиғи байлықтарды игеруінің нәтижесі.Бүгінде АҚШ Батыс әлемінде тас көмір мен қоңыр көмір, сондай-ақ уран қоры жөнінен бірінші орын, газ, мыс, мырыш қоры жөнінен екінші, мұнай, темір рудасының қоры жөнінен алтыншы орын алады. Соның өзінде пайдаланылып жатқан көптеген кен орындары сарқылған,Никель, марганец, хромит, кобальт, және т.б. жетіспейді. (не мүлде жоқ)

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1.Бұл елдің дүние жүзіндегі рөлі қандай

2.Оның қуаты зор екенін қалай түсіндіруге болады.

3.Дүние жүзілік шаруашылықтағы АҚШ-тың арасалмағы қалай және неліктен өзгеруде.

4.АҚШ-тың саяси, экономикалық-географиялық жағдайын, оның елдің шаруашылық дамуы мен қауіпсіздігіне ықпалын сипатта.

5.АҚШ аумағындағы пайдалы қазбалардың құрамы мен орналасу ерекшеліктері.

Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая картина мира, 2 б

14 апта.

27 кредит сағат.

14 дәріс.



Тақырыбы: Латын Америка елдері.

Дәріс мазмұны: 1. Латын Американың географиялық атауларының пайда болуы.

2.Латын Американың саяси картасы.

3.Латын Американың этникалық құрамының қалыптасуы.

Дәріс мақсаты: Латын Американың географиялық атауларының пайда болу тарихы, саяси картасы туралы және этникалық құрамының қалыптасуының қалыптасуы туралы мағлұматтар беру.

Латын Америкасы деп Америка құрама штаттарының оңтүстікке қарай орналасқан елдерді (Вест Индия аралдарын қоса) атайды. Картаға қарағанның өзінде олардың үлкен және кіші, халқының қоныстануы сирек және тығыз, жазық және таулы континентік және аралдық әр алуан елдер екені көрінеді. Аймақ елдері әлеуметтік- экономикалық даму деңгейлері жөнінен де едеәуір сараланады, мұның өзі табиғи, тарихи, саяси және басқа жағдайларының алуан түрлі болуымен байланысты.

Латын Америкасы мемлекеттерінің төлтума мәдениеті, өзіндік ерекшелігі көп әрі оқиғаларға бай тарихы бар. Үндіс тайпалары мен ұлыстары ацтектерінің, майялардың, кеуалардың, инктердің кемел дамыған ежелгі өркениеттері дүние жүзіне мәлім.

Испан және португал отаршылдарына қарсы ұзақ та қантөгіс күрестің нәтижесінде Латын Америкасы елдерінің көпшілігінің халықтары 19 ғасырдың басында-ақ тәуелсіздігіне қол жеткізді.

Сөйтіп, латын Америкасы елдерін олардың өткен отарлық заманы едәуір дәрежеде біріктіреді. Олардың солтүстіктегі қуатты көршісі- АҚШ-қа қазіргі экономикалық тәуелділігі де ортақ жағдай болып отыр. Бұл елдің сыртта іске қосқан капиталының жартысынан астамы нақ осы Латын Америкасында орналастырылған.Өзіне қажетті стратегиялық шикізаттың 70 пайызына дейінін, соның ішінде қалайы жентегі мен бокситтердің 90 пайызынан астамын, мыс және темір рудаларының 50 пайызыны жуығын АҚШ нақ латын Америкасынана алады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1.Азия мен африканың дамушы елдерімен салыстырғанда Латын Америкасының әлеуметтік –экономикалық дамуы деңгейінің неғұрлым болуының себебі не

2.Латын Америкасы елдерінің өнеркәсіптік ұйтқысы қай жерлерде пайда болды.

3.Латын Америкасы немен сауда жасайды.

4.Аймақтың физикалық- географиялық ерекшеліктерінің Латын америкасы елдері шаруашылығының географиясына қандай ықпалы бар.

5.Латын Америкасы қалаларының қауырт өсуіне қандай факторлар себепші болып отыр.



Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая картина мира, 2 б

15 апта.

15 кредит сағт.

15 дәріс.



Тақырыбы: Австралия және Океания.

Дәріс мазмұны:

1. Австралияның қоныстануы және қазіргі қоныстану ерекшеліктері.

2.Океанияға сипаттама.

Дәріс мақсаты: Австралияның қоныстануы және қазіргі қоныстану ерекшеліктері туралы түсінік беру және Океанияға сипаттама беру.

Австралия одағы немесе Австралия мемлекетінің құрамына австралия материгі, Тасмания аралы, сондай-ақ іргелес шағын аралдар кіреді.Бұл елдің географиялық жағдайының сипатты бір белгісі-өзге континенттер мен әлемнің жетекші мемлекеттерінен тым шалғайлығы,Бұл – кемел дамыған мемлекет, Ұлыбритания бастаған Достастықтың мүшесі.

Халық саны біршама аз бола тұра ел орасан зор аумаққа орналасқан. Негізінен тропик өңірінде жатқан Австралияның табиғаты көп жағынан бірегій табиғат. Ол дүние жүзіндегі Ең жазық континент.Оның климаты өте-мөте құрғақ, жер беті сулары аз.жер шарында бірде-бір материкте ағын сулары жоқ өңірлер мұндағыдай көп емес. Жер бетінде суы тапшы аумақтарда артезиан сулар жиі кездеседі.Оқтын-оқтын болатын қуаңшылықтар, шаңды дауылдар, ормандардың өртенуі, апатты нөсер жауындар австралияның экономикасына жиі-жиі нұқсан келтіріп отырады.

Елде минерал ресурстар мол. Бокситтің дүниежүзілік қорының үштен бірі осында.Темір рудасы, түсті металдар рудалары, тас көмір көп.Соңғы жылдары мұнайдың ( Квинсленд штатында және қайраңда) және табиғи газдың келешегі мол.

Неғұрлым құнарлы топырақтары Австралияның далалық аудандарында.Онда орман көп емес.

Снымен, Австралияның экономиканы дамытатындай жақсы табиғи мүмкіндіктері бар.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1.Бір-бірінен соншалық шалғай елдер-австралия мен канаданы біріктіретін не

2.Австарлия табиғатының бірегейлігі неден көрінеді.

3.Мұхит аралдары елдерін табиғатының ғажап әсемдігіне қарап арал тұрғындары үшін бір жұмақ өңір екен деуге болады

4.Австралияның табиғатының ерекшелігі неде және ол осы елдің шаруашлығының дамуы мен орналасуның қалай әсер етіп отыр.

5.Австралиялықтардың қоныстануында, олардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірінде иммиграцияның рөлі қандай



Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая картина мира, 2 б

Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая культура мира, 1 б

Әдебиеттер тізімі.

1.Алаев Э.Б. Социально-экономическая география. Понятийно- терминалогический словарь. М; 1983

2. Баранский Н.Н. Становление советской экономической географии. М., Мысль.,1980

3. Гладкевич Г.И. Введение в экономическую и социальную географию. Смоленск, 1994,1997

4. Дмитриевский Ю.Д., Вольф М.Б. География сельского хозяйства. М., 1980

5. Максаковский В.П. «Географическая культура». М., 1998

6. Саушкин Ю.Г. Введение в экономическую географию М., МГУ,1970

7. Саушкин Ю.Г. Экономическая география: история, теория, методы, практика. М; Мысль,1973

8. Семевский Б. Введение в экономическую географию,, Л,,1978.

9. Скопин А.Ю. Введение в экономическую географию М., 2001

10. Калашникова Т.М. Экономическое районирование М., 1982

11. Ковалев С.А., Ковальская Н.Я. География населения СССР. М.,1980

12. Экономическая и социальная география. Основы науки. Под ред. Голубчик М.М. – М.: Владос ,2003

13. Максаковский В.П. Географическая картина мира. Кн. 1: Общая характеристика мира. – М.: Дрофа,2003

14. Максаковский В.П. Географическая картина мира. Кн 2. Региональная характеристика мира. – М.: Дрофа,2007

15. Хрущев А.Г. География промышленности. – М.: Мысль,1986

16. Холина В.Н. География человеческой деятельности: экономика, культура, политика: Учебное пособие для 10-11 кл. школ гуманитарного профиля.- М.: Просвещение,2001

17. Вернадский В.И. Биосфера и ноосфера. – М.,1989

18. Родионова И.А. Политическая карта мира: учебно-справочное пособие по географии. М.: Московский лицей,2000

19. Ром В.Я. Экономическая и социальная география СССР –М.: Просвещение .1986

20. Экономическая и социальная география в СССР. История и современное развитие.- М.: Просвещение,1977

21.Саушкин Ю.Г. Географическая наука в прошлом, настоящем, будущем.- М.: Просвещение ,1980

22. Географические проблемы устойчивого развития.- Уральск,2001

23. Лаппо Г.М. География городов.- М.: Владос,1997

24. Краткие итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан,- Алматы.: 1999

25. Моисеев Н.Н. Человек и ноосфера-М.,1990- с. 263



26. Развитие народного хозяйства в Западном Казахстане: потенциал, проблемы и перспективы.- Материалы международной научно- практической конференции, посвященной 40-летию ЗКАТУ.- Уральск,2003

«Қазіргі дүние географиясы» пәні бойынша глоссарий
Экономико-географиялық жағдайқандай да бір обьект, аудан немесе қала экономикалық маңыздылығы.

  1. Географиялық еңбек бөлінісі – қоғам еңбек бөлінісінің таралу түрі.

Географиялық ойлау – біріншіден территориямен байланысты, өзінің қорытындыларын картада көрсету, 2-ден бір элемент немесе бір саланың байланысты кешені.

Экономикалық аудан – бұл өзінің маманданған, ерекшеленген шаруашылықтың кешенді дамуымен, географиялық жағдайымен, табиғи және еңбек ресурстары.

Қоғамды территориалды ұйымдастыру – материалдық кәсіпорын өндірісінң таралуы және тұрғындардың табиғатты пайдалану байланысына өзара байланыстылығына әрекет етуші аудан мақсатында.

Территория – бұл құрлықтың бір бөлігі оның табиғи және антропогендік ерекшеліктерімен.

Локалитет – бұл геотаралудың кешенді ұяшығы, өзіне 3 міндетті элементті қамтиды: орынды ресурс базасы және мекен ету негізі, елді мекен, тұрғындардың концентрация орны және технокешен (кәсіпорын мен коммуникация) табиғат ресурстарын қайта өңдеу.

Шаруашылық диверсификациясы – ауданның салалық құрылымының күрделенген процессі, еңбектің жаңа салаларының дамуы мен пайда болуы.

Территорияның бөлінуі – ауданның құрылымдың территориалдық бөліну үрдісі.

Делимитация – мемлекеттік шекараның жалпы өту бағытының анықталуы және оның географиялық картаға түсірілуі.

Демаркация – белгілі орынға мемлекеттік шекара сызығын өткізу және оның өзіне тән шекаралық белгілерінің қойылуы.

Территория сыйымдылығы - өзгермейтін жағдайларға байланысты фактілік және тығыздың арасындағы қатынас.

Өндіріс күштерінің таралу ерекшеліктері – бұл жалпы объективті себепті- ілесушілік қоғамдық өндіріспен территорияның арасындағы, таралу аспектінен соңғы дамудың анықталу байланысы.

Интеграция – географиялық білім арасындағы үлкен процесі, көбінесе жалпы белгілерінің өсуімен ерекшеленеді.

Инфроқұрылым - өндірісте тікелей қатысы жоқ материальдық жүйе, желі, бірақ өндіріс үрдісіне қажет.

Классификация – сандық белгілеріне қарай өзара бөлінетін объект тобы, ал бұнда сапалық бөліну көрші класстар бойынша объект дамуының қозғалысын немесе иерархиялық тәртіп.

Комплекс – жоғарғы деңгейлі және зат, энергия және ақпараттық құрайтын жүйе, жоғары энергетикалық үнемдеу және ішкі ортамен салыстырғанда үлкен тұрақтылық жүйесі.

Мегаполис – бірлескен урбандалған ареалға біріккен қалалардың өсуі.

Миграция – адамдардың территория бойынша көшіп-қонуы.

Орналасудың тірек қалақаны – ірі орталықтармен олардың қосатын магистральдық бірігуі.

Территорияны игеру – территорияны халық шаруашылығына қосу, бұған дейін табиғи өзгермеген ландшафтқа ие.

Шаруашылықтың салалық құрылымы – бұл бөлінген, өндірістік емес шаруашылықтың құрамы бұл немесе басқа территориалдық объект.

Периферия – орталыққа қарсы және басқа территорияны қосатын бірлігі.

Таралу – геотерритория бойынша құбылыстардың таралуы.

Территориалдық құрылым – бұл таралымда міндетті жағдай байланыстардың болуы.

Типология – зерттелгелі тұрған объектінің турлері бойынша бөлінуі, бұл сапалық белгілері бойынша ерекшеленеді.

Урбанизация - қала тұрғындарының өсу процессі, ондағы тұрғындар концентрациясы, әсіресе үлкен қалаларда және қалалық өмір таралған.

Фактор – белгілі – бір күш, процесті өткізу үшін керек күштер бірлігі.

Экономикалық әлеуметтік география – қалыптасу үрдісі, даму мен территориядағы әлеуметтік-экономикалық жүйе және осы жүйелерді басқару туралы ғылым.

7. Лабораториялық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар – лабораториялық сабақтар бағдарлама бойынша жоспарланбаған.

Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар

1 апта.

ОЖСӨЖ 1.

Тақырыбы: Мемлекеттік құрылым: басқару түрлері.

Мақсаты: Мемлекеттік басқару түрлері, яғни монархия және республикаға нақты толық түсініктеме беріп, оларға жататын елдерді жаттау.

Өткізу түрі: электроннды оқулықпен және контур картамен жұмыс

Мазмұны: 1. Республика.

2.Монархия.



Әдістемелік нұсқау: Ең алдымен «республика» және «монархия» сөздеріне сөздік бойынша анықтама жазып, содан соң СОВРЕМЕННАЯ ПОЛИТИЧЕСКАЯ КАРТА МИРА тарауынан, «Государственный строй» тақырыбындағы картаны контурға түсіріп, монархия және республикалы басқару түрлері бар елдерді түспен көрсетіп, түсіру керек. Содан соң «Монархии в современном мире» атты кестені дәптерге түсіріп, картамен кестеге түсініктеме жазу керек. Осы тақырып бойынша есеп тапсырған кезде дүние жүзіндегі монархия елдерін жатқа айту керек.

Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая картина мира; Максаковский В.П. География – электроннды оқулық.

2 апта.

ОЖСӨЖ 2

Тақырыбы: Дүние жүзіндегі конфликттер ошақтары.

Мақсаты: Дүние жүзіндегі әскери қақтығыстар ошақтарын ажырата біліп, олардың мекенжайын жақсы білу керек. Қазіргі заманның конфликттеріне сипаттама беру.

Өткізу түрі: Электроннды оқулықпен және контур картамен жұмыс.

Мазмұны: 1. Қазіргі заманның конфликттер ошағы.

2. Тұрақсыздық доғасы.



Әдістемелік нұсқау: СОВРЕМЕННАЯ ПОЛИТИЧЕСКАЯ КАРТА МИРА тарауындағы «Конфликты в современном мире» тақырыбынан «Очаги конфликтов в современном мире» картасын контурға шарты белгілерімен түсіру керек. Сонымен қатар осы картадағы «Дуга нестабильности» доғасын картаға міндетті түрде көшіріп, курсормен әр бір мемлекет үстіне тіреп олардың мекен жайын және кестедегі басқа да мәліметтерін дәптерге түсіру керек. Содан соң түсініктеме жазу керек.

Әдебиеттер: Максаковский В.П. География – электроннды оқулық.

3 апта.

ОЖСӨЖ 3.

Тақырыбы: Дүние жүзі халық санының динамикасы.

Мақсаты: Дүние жүзі елдерінің халық санының өзгеру динамикасын талдау және сол елдерге сипаттама беру керек.

Өткізу түрі: электроннды оқулықпен және контур картамен жұмысү

Мазмұны: Халық саны бойынша «рекордсмен» - елдер.

Әдістемелік нұсқау: ГЕОГРАФИЯ НАСЕЛЕНИЯ МИРА тарауынан «Численность населения» тақырыбынан «Страны-рекордсмены» по численности населения» атты картасын котурға халық саны бойынша жоғары көрсеткіштер және төмен көрсеткіштері бар елдерді түсіру. Содан соң осы контур картаға түсініктеме жазу.

Әдебиеттер: Максаковский В.П. География – электроннды оқулық.

4 апта.

ОЖСӨЖ 4

Тақырыбы: Электронизация және комплексті автоматизация.

Мақсаты: Электронизация және комплексті автоматизация ұғымдарымен танысып, оларға анықтама беру керек.

Өткізу түрі: Дәріс элементтері бар конспектілеу.

Мазмұны: Электронизация және кешеңді автоматизаия.

Әдістемелік нұсқау: Оқытушы бұл сабақты дәрістік түрде өткізу барысында, студенттер тақырып бойынша конспект жазып отырады.

Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая картина мира, 1 б -159 бет

5 апта.

ОЖСӨЖ 5

Тақырыбы: Халықаралық экономикалық интеграция.

Мақсаты: Халықаралық экономикалық интеграция ұғымына түсініктеме беріп, оны талдау керек.



Өткізу түрі: дәріс элементтерімен конспектілеу.

Мазмұны: Халықаралық экономикалық интеграция.

Әдістемелік нұсқау: Оқытушының жетекшілігімен, яғни дәріс кезінде студенттер осы тақырыпты конспектілеу керек.

Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая картина мира, 1 б -179 бет.

6 апта.

ОЖСӨЖ 6.

Тақырыбы: Ауыл шаруашылық.

Мақсаты: Дүние жүзінің ауыл шаруышылығының салаларына толық сипаттама беріп, әр бір саласын талқылау керек.



Өткізу түрі: электроннды оқулықпен және контур картамен жұмыс.

Мазмұны: Ауыл шаруашылық.

Әдістемелік нұсқау: ГЕОГРАФИЯ МИРОВОГО ХОЗЯЙСТВА тарауынан «Сельское хозяйство» тақырыбынан «Ауыл шаруашылық» картасын контурға түсіру, яғни халықтың жан басына шаққандағы ауыл шаруашылық өнімін өндіру көрсеткіштері бойынша картаны бояу керек. Содан соң картаға түсініктеме жазу.

Әдебиеттер: Максаковский В.П. География – электроннды оқулық.

7 апта.

ОЖСӨЖ 7

Тақырыбы: Халықаралық авиациялық, теңіз және темір жол көлігі.

Мақсаты: Дүние жүзі көлік жүйесінің түрлеріне сипаттама беру, әсіресе авиациялық, теңіз және жол көліктеріне түсініктеме беру.

Өткізу түрі: электроннды оқулықпен және контур картамен жұмыс.

Мазмұны: Халықаралық авиациялық, теңіз және темір жол көліктері.

Әдістемелік нұсқау: ГЕОГРАФИЯ МИРОВОГО ХОЗЯЙСТВА тарауынан «Транспорт» тақырыбы картасының астында орналасқан «Междунардный авиационный, морской и железноорожный транспорт» картасын контурға барлық көлік бағыттарын ажыратып түсіру керек. Содан соң осы картаға түсініктеме жазу керек.

Әдебиеттер: Максаковский В.П. География – электроннды оқулық.

8 апта:

ОЖСӨЖ 8.

Тақырыбы: Дүние жүзілік қаржы нарығы және қаржы орталықтары.

Мақсаты: Дүние жүзілік қаржы нарығына және ірі қаржы орталықтарына сипаттама беріп, оларды талдау керек.

Өткізу түрі: дәріс элементтерімен конспектілеу.

Мазмұны:1. Дүние жүзілік қаржы нарық.

2. Дүние жүзінің қаржы орталықтары.



Әдістемелік нұсқау: Оқытушы дәріс түрінде түсіндіру барысында студенттер өз дәптерлеріне конспектілеп отырады.

Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая картина мира, 1б – 364 бет

9 апта.

ОЖСӨЖ 9

Тақырыбы: Ғаламдық экологиялық жүйенің деградациясы.

Мақсаты: Ғаламдық экологиялық жүйесінің деградацясы ұғымына түсініктеме беріп, оны суреттеу керек.

Өткізу түрі: электроннды оқулықпен және контур картамен жұмыс.

Мазмұны: Ғаламдық экологиялық жүйенің деградациясы.

Әдістемелік нұсқау: ГЛОБАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ЧЕЛОВЕЧЕСТВА тарауынан «Деградация глобальной экологической системы» картасын контурға түсіріп, оған толық сипаттама жазу керек.

Әдебиеттер: Максаковский В.П. География – электроннды оқулық.

10 апта.

ОЖСӨЖ 10.

Тақырыбы: Батыс Европаның саяси географиясы және аймақтары.

Мақсаты: Батыс Европаның саяси картасымен танысу және әр бір елге саяси сипаттама беріп, аймақтарын талқылау.

Өткізу түрі: электроннды оқулықпен және контур картамен жұмыс.

Мазмұны: 1. НАТО және ЕО елдері.

2.Мемлекеттке сипат «Визитная карточка».

3.Батыс Европа аймақтары.

Әдістемелік нұсқау: ЗАРУБЕЖНАЯ ЕВРОПА тарауынан «Политическая карта» тақырыбынан «Зарубежная Европа» картасының төменінде орналасқан НАТО және ЕС елдерін контур картаға түсіру керек. Екінші тапсырма бойынша «Зарубежная Европа» картасынан әр бір елдің үстінен курсормен түртіп елдің «Визитная карточкасын» кесте түрінде түсіру керек. Үшінші тапсырма бойынша «Регионы» атты тақырыптан Батыс Европаның аймақтарын түсіру керек. Содан соң екі карта және кестеге түсініктеме жазу керек.

Әдебиеттер: Максаковский В.П. География – электроннды оқулық.

11 апта.

ОЖСӨЖ 11.

Тақырыбы: Азия халқының географиясы.

Мақсаты: Шетел Азия елдерінің халқының орналасу түрімен, халықтың тығыздығына және жалпы Азия елдерінің халқына сипаттама беру.

Өткізу түрі:электроннды оқулықпен және контур картамен жұмыс жасау.

Мазмұны: 1.Азия халқының тығыздығы.

2.Азия халықтары.



Әдістемелік нұсқау: ЗАРУБЕЖНАЯ АЗИЯ тарауынан «Население» тақырыбынан «Плотность населения Азии» картасын контура түсіру керек, содан соң осы картаның жоғары жағында орналасқан «Народы Азии» картасын да контурға түсіріп, екі контурға түсініктеме жащу керек.

Әдебиеттер: Максаковский В.П. География – электроннды оқулық.

12 апта.

ОЖСӨЖ 12.

Тақырыбы: Африка шаруашылығы.

Мақсаты: Африка континентінің шаруашылығына толықтай сипаттама беріп, шаруашылық салаларымен танысу.

Өткізу түрі: электроннды оқулықпен және контур картамен жұмыс.

Мазмұны: 1. Африка өнеркәсібі.

2.Африка ауыл шаруашылығы.



Әдістемелік нұсқау: АФРИКА тарауынан «Промышленность» және «Сельское хозяйство» тақырыбынан «Промышленность Африки» және «Сельское зозяйство» карталарын контурға түсіріп, оларға түсініктеме жазу керек.

Әдебиеттер: Максаковский В.П. География – электроннды оқулық.

13 апта.

ОЖСӨЖ 13.

Тақырыбы: АШҚ штаттарының символикалары.

Мақсаты:

Өткізу түрі:

Мазмұны:


Әдістемелік нұсқау: ОҚУЛЫҚТАН КЕСТЕ ТҮРІНДЕ ДӘПТЕРГЕ ТҮСІРУ.

Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая картина мира, 2 б

14 апта.

ОЖСӨЖ 14.

Тақырыбы: Латын Америкасының аймақтары және интеграцялық топтамалар.

Мақсаты: Латын Америка аймақтарына және интеграциялық топтамаларына сипаттама беріп, оларды талдау керек.

Өткізу түрі: электроннды оқулықпен және контурмен жұмыс

Мазмұны: 1. Латын Америкасының аймақтары.

2.Латын Америкасының интеграциялық топтамалары.



Әдістемелік нұсқау: ЛАТИНСКАЯ АМЕРИКА тарауынан «Регионы» тақырыбынан «Региональная структура Латинской Америки» картасын төмендегі шартты белгілерге қарап түспен көрсетіп контурға түсіру керек. Әр бір аймақтың үстінен курсормен түрткенде әр бір елге қысқаша түсініктеме болады. Сол түсініктемені дәптерге немесе картаға жазу керек. Екінші тапсырма бойынша «Интеграционные группировки» тақырыбынан «Интеграционные группировки Американского континента» атты картасын контурға түсіріп, астында орналасқан ұяшықтардағы атаулар бойынша түсіру керек. Осы атаулар үстінен курсормен түртіп, пайда болған сипаттаманы жазып алу керек. Содан соң осы екі контур картаға түсініктеме жазу керек. Әдебиеттер: Максаковский В.П. География – электроннды оқулық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет