«Бекітемін» Жаратылыстану-математика факультетінің деканы Медешова А. Б 2010 ж География Мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын студенттерге арналған Қазіргі дүние географиясы Пәннің оқу-әдістемелік кешені



жүктеу 0.68 Mb.
бет2/5
Дата15.05.2017
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4   5


4. Пәннің әдебиеттерімен қамтамасыз етілу картасы.

Кафедра география

Пән: Қазіргі заман географиясы

Тьютор : Ходжанова .БХ

Кредит саны – 1.



Әдебиет атауы

Б а р л ы ғ ы

Ескерту

Кітапханада

Кафедрада

Студенттердің қамтылу пайызы

Электронды түрі

1

2

3

4

5

6

7

1

Алаев Э.Б. Социально-экономическая география. Понятийно- терминалогический словарь. М; 1983




1

11

-

Кітапха-наның жабдық-тау бөлімі-нен кафедра-ға алу керек.

2

Баранский Н.Н. Становление советской экономической географии. М., Мысль.,1980

1 дана




11 %

-

3

Гладкевич Г.И. Введение в экономическую и социальную географию. Смоленск, 1994,1997

1 дана




11 %

-

4

Дмитриевский Ю.Д., Вольф М.Б. География сельского хозяйства. М., 1980




1 дана

11 %

-

5

Максаковский В.П. «Географическая культура». М., 1998




1 дана

11 %

-

6

Саушкин Ю.Г. Введение в экономическую географию М., МГУ,1970

13 дана




90 %

-

7

Саушкин Ю.Г. Экономическая география: история, теория, методы, практика. М; Мысль,1973




1 дана

11 %

-

8

Семевский Б. Введение в экономическую географию,, Л,,1978.




2




-

9

Скопин А.Ю. Введение в экономическую географию М., 2001

1




11 %

-

10

Калашникова Т.М. Экономическое районирование М., 1982










-

11

Ковалев С.А., Ковальская Н.Я. География населения СССР. М.,1980




12

33 %

-

12

Экономическая и социальная география. Основы науки. Под ред. Голубчик М.М. – М.: Владос ,2003

5 дана

-

60 %

-

13

Максаковский В.П. Географическая картина мира. Кн. 1: Общая характеристика мира. – М.: Дрофа,2003

20 дана

-

100 %

+

14

Максаковский В.П. Географическая картина мира: 230 «каналов углубления» к курсу «Эконом. и соц. геог. Мира» (10 кл.)-Ярославль: Верх.-Волжс. Кн. Изд-во. Ч.З.: Глобальные проблемы человечества.-1996.-160 с.

1 дана

-

10 %

-

15

Максаковский В.П. Географическая картина мира: 230 «каналов углубления» к курсу «Экон. и соц. география мира» (10 кл.).- 2-е изд., испр. И доп.- Ярославль: Верхняя Волга. Ч. 1.: Общая характеристика мира.-1998.-320 с.

1 дана




10 %

-

16

Перцик Е.Н. Города мира: География мировой урбанизации:Учеб. Пособие.- М:Междунар. Отношения,1999.-380 с

2 дана

-

20 %

-

17

Максаковский В.П. Экономическая и социальная география мира: Учеб. М.:2000

8 дана

-

80 %

-

18

Экономическая и социальная география СССР. В 2-х т. Учеб. Под ред. В.Я. Рома. М.: Просв.,1986

35




100 %

-

19

Максаковский В.П. Географическая картина мира. 2 бөлім. Общая характеристика мира. – М.: Дрофа,2003










7






5. Пән бойынша дәріс конспектілері

1 апта

1 кредит сағат.

1 дәріс



Тақырыбы: Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы.

Дәріс мазмұны. 1. Дүние жүзі елдерінің санымен топтамасы.

2.Дүние жүзі елдерінің типологиясы.



Дәріс мақсаты: Дүние жүзі елдерінің саяси орнымен танысып, олардың топтамасына, типологиясына сипаттама беру.

Қажетті сөздер: объект, дүние жүзі елдері, тәуелсіз елдер, отаршыл елдер, БҰҰ, мүше, гигант-елдер, халық, территория.

1. Дүние жүзі елдерінің санымен топтамасы.

Белгілі орыс географы Н.Н. Баранский өз жұмыстарының бірінде жазып өткен – мемлекет өзінің табиғи, шаруашылық, мәдени және саяси жағынан – географияның негізгі объекті болады, сондықтан мемлекеттердің саны және топтамасы сұрағы үлкен қызығушылықты тудырады.

20 ғ. бойы жалпы дүние жүзі елдерінің саны өсіп тұрды. Бұл ең алдымен Бірінші дүние жүзілік соғыс және Екінші дүние жүзілік соғыс нәтижесіндегі жер бөлінуден пайда болды. 2000 жылғ мәліметтерге қарағанда дүние жүзінде 225-230 ел бар.

Сонымен қатар 20 ғ. тәуелсіз мемлекеттер саны да өсуде және саяси тәелді елдер саны азаюда. Соғыстан соңғы дүниенің бөлінуі, сонымен қатар империализмнің отарлау жүйесінің ыдырауы да 1945 жылдан кейін саяси тәуелсіздікті Азия, Африка, Америка, Океания және Европаның (Мальта) 102 саны алды. Ал өзін өзі басқара алмайтын елдер саны (кология, протекторат, теңіз департаменттері және т.б.) 1900 жылғы 130-дан 2000 жылы 35 дейін төмендеді. Қазір олар Кариб теңізінде және Океанияда аралдық мекендер.

Тәуелсіз мемлекеттердің санын анықтаған кезде маңызды сілтеме ретінде мемлекеттердің БҰҰ-ғы мүшелігі.

БҰҰ мүшелерінің санының өсуі 1950-1989 жылдар арасында негізінен отаршылдықан жаңа босаған елдер кірген. Олар солай атайды да, босаған елдер. 1990-2000жж БҰҰ құрамына тағы да бірнеше босаған елдер кірді, олар (Намибия, Эритрея және т.б.), сонымен қатар БҰҰ мүшелер санының өсуі постсоциалисттік елдердің кіру нәтижесінде болды.

Елдер жылдан жылға өсіп жатқан соң, оларға нақты бір топтама жасау керек, олар әдетте бірнеше критерий бойынша жасалады.

Территория көлемі бойынша елдер өте ірі, ірі, орта, кішкене және мүлдем үсақ болып бөлінеді. Дүние жүзінің ең ірі елдерінің бірінші ондығына немесе гигант –елдер жатады: Ресей (17,1 млн км2), Канада (10,0), Қытай (9,6), АҚШ (9,4), Бразилия ( 8,5 ), Австралия (7,7), Үндістан (3,3), Аргентина (2,8) Қазақстан (2,7) және Судан (2,5). Бұл елдер мекендейтін құрлықтың 55% алып жатыр.

Халық саны бойынша да осындай топтама жасалады. Бұл жағдайда да дүние жүзінің бірінші 10 елі ерекше көзге түседі, олар дүние жүзі халқының ¾ бөлігін өз жерлерінде шоғырлап отыр: Қытай (1261 млн адам), Үндістан (1014), АҚШ (281 ), Индонезия (212), Бразилия (170), Пакистан (156), Ресей (145), Бангладеш (129), Жапония (127), Нигерия (112).

Халқы саны 50-ден 100 млн –ға дейін елдер саны 13: Европада - Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия және Украина; Азияда – Вьетнам, Филиппины, Тайланд, Иран және Турция; Африкада – египет және Эфиопия және Латын Америкасында Мексика. 55 елде халық саны 10-нан 50 млн-ға дейін болатын. Ал халық саны 1 млн-нан 10 млн-ға дейін болатын елдер одад да көп.

Географиялық орнының ерекшеліктері бойынша олар көп жағдайларда Дүние жүзілік мұхитқа шығатын және шықпайтын болып бөлінеді. Теңіз маңы елдері арасында аралды елдерді бөлуге болады( мысалы, Европада Исландия және Ирландия, Азияда Шри-Ланка, Африкада Мадагаскар, және т.б.). Аралды елдердің бір түрі – ол архипелаг –елдер. Мысалы Индонезия 13 мың аралда, Филиппины 7000 және Жапония шамамен 4000 аралда орналасқан.

Дүние жүзі мұхитына 42 мемлекет шыға алмайды. Олардың ішінде ТМД елдерінен – 9, Европа – 11, Азия – 5, Африка -15 және Латын Америкасынан – 2. Дүние жүзілік мұхитына тікелей шығыс болмаса ол елдің географиялық орнының жағымсыз жағдайларына жатады.



2.Дүние жүзі елдерінің типологиясы.

Дүние жүзі елдерінің типологиясы - өте күрделі әдістемелік мәселелердің біріне жатады. Оның шешуімен эконом-географтар, экономисттер, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар және басқа ғылымдардың өкілдері.

Белгілі жағдайда елдер типологиясы тарихи категория саналады. Дүние жүзілік социалисттік жүйенің ыдырауынан кейін елдер келесі типология бойынша бөлінеді: 1) экономикалық тұрғыда жоғары дамыған; 2) даму үстіндегі; 3) өтпелі экономикасы бар елдер. Сонымен қатар дамыған елдер және даму үстіндегі елдер типологиясы болып та бөлінеді.

Соңғы жылдары халықаралық статистика Дүние жүзілік банкпен ұсынған елдермен әлем территорияларының нақты типологиялық топтамасын ұсынды. Ол топтама Валдық ішкі өнім көрсеткішіне негізделген, сондықтан негізгі 3 топқа бөлінеді. Біріншіден, бұл төмен пайдасы бар елдер, олар: Африканың 42, Азияның 15, Латын Американың 3, Океанияның 1 және ТМД елдерінің – 6 (Армения, Азербайджан, Қырғызстан, Молдавия, Тәжікстан, Түркменистан) елдері. Екіншіден, орташа пайда сы бар елдер, олар өзара орта пайдадан төмен елдерге (Европаның -8, ТМД – 6, Азиягығ -9, Африканың -10, Латын Америкадан -16, Океаниядан -8 ел) және ортапайдадан жоғары елдер (Европаның 6, Азияның 7, Африканың 5, Латын Америкасының 16 елдері ) жатады. Үшіншіден, жоғары пайдасы бар елдер: оларға Европанығ 20 елі, Азияның 9, Африканың 3 ,Солтүстік Американың 2, Латын Американың 6 және Океанияның 6 елдері жатады:Жоғаы пайда бар елдер қатарына «үлкен жетілік» елдері жатады, сонымен қатар Жапония, Мальта, Кипр, Катар, БАЭ, Бруней, Бермуд, Багам, Мартиника, Реюньон аралдары жатады.

ІВӨ көрсеткіші дамыған және даму үстіндегі елдер арасында толық нақты шекара қоя алмайды. Мысалы, кейбір халықаралық ұйымдар сандық шек ретінде адамның бір басына 6000 доллар көрсеткішін алады. Ал егер оның негізіне екі мүшелік типологияны алатын болсақ, онда барлық бұрыңғы социалисттік елдер өтпелі экономикалы, соның ішінде Ресейде бар, олар даму үстіндегі категорияға жатады, ал кувейт, Катар, БАЭ, Бруней, Бахрейн, Барбадос, Багамы аралдары – экономикалық тұрғыда дамыған елдер категориясына жатады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.


  1. Дүние жүзі елдерінің санының өсу динамикасы қандай?

  2. Елдер территория көлемі бойынша қалай бөлінеді?

  3. Елдер географиялық орна бойынша қалай бөлінеді?

  4. Елдер халқы саны бойынша қалай бөлінді?

  5. Дүние жүзі мемлекеттерінің типологиясы неше тпология бойынша ерекшеленеді?

Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая картина мира, 1 б

2 апта.

2 кредит сағат.

2 дәріс.



Тақырыбы: Дүние жүзінің табиғи ресурстар географиясы.

Дәріс мазмұны: 1. Географиялық орта жайлы түсінік.

2. Табиғи ресурстарды қолдану тарихы.

Дәріс мақсаты: Саяси географияның анықтамасын талдап, оның басты бір бағыты геосаясатты зерттеп, саяси-географиялық орынға сипаттама беру.

Қажетті сөздер: саясат, интеграция, территория, деңгей, макро, мезо және микро, мемлекеттік құрылым, басқару, аспект.



  1. Саяси география анықматасы.

Саяси география – география және саясаттану ғылымдарының қиылысында пайда болған, шектес ғылым саналады.

Саяси географияның тәуелсіз ғылыми бағыт ретінде қалыптасуы 19 ғ соңында -20 ғ басында болған. Ол неміс географы, этнограф, әлеуметтанушы Фридрих Ратцельдің «Политическая география» атты еңбегіне байланысты. Ратцельдің идеяларын соңынан өз жұмыстарында ағылшын географы Хэлфорд Маккиндер, Швед саясаткері Рудольф Челлен және басқа да авторлар жалғастырған. Саяси географияға көптеген орыс географтары да көңіл бөлген.

Саяси географияның анықтамалары өте көп. Соның мысалы ретінде келесі анықтаманы алуға болады: саяси география – бұл саяси құбылыстар және үрдістердің территориалды дифференциациясы туралы ғылым. Бірақ көп жағдайларда бұл ғылым саласындағы мамандар оны басқаша анықтаған. Мысалы, Машбиц Я.Г. бойынша саяси география аудан және мемлекет, қала және ауылдық мекеннің әлеуметтік-экономикалық, тарихи, саяси, этномәдени және табиғи даму ерекшеліктеріне байланысты класстық және саяси күштердің территориалдық орналасуын зерттейді. Ал Колосов В.А. бойынша қазіргі саяси-географиялық зерттеулерді үш территориалды деңгейге бөлуге болады: макродеңгей – барлық дүние жүзі және оның ірі аймақтарын зерттейді, мезодеңгей - дара мемлекеттер және микродеңгей – дара қала, аудандарды және т.б. бөлшектерді зерттеген.

Ғаламдық жән аумақтық деңгейде саяси географияның зерттеу саласына дүние жүзінің саяси картасындағы өзгерістерде (жаңа мемлекеттердің пайда болуы, олардың мемлекеттік құрылымының өзгеруі, мемлекеттік шекарасының өзгеруі және т.б.), негізгі саяси, әскери және экономикалық топтамалар күштері арасындағы өзгерістер, территориалдық қатынастардағы маңызды территориалдық аспект, соның ішінде халықаралық қақтығыстар және әскери конфликттер ошақтар географиясын да еңгізілу керек. Сонымен қатар Мұхиттың саяси географиясы атты сала да өте тез дамуда.

Ал саяси –географиялық елтану келесі сұрақтарды қарастырады:


  • қоғам және мемлекет құрылым ерекшеліктері, басқару түрлері және әкімшілік-территориалдық бөлінуі, ішкі және сыртқы саясат;

  • мемлекеттік территорияның қалыптасуы, оның саяси-географиялық орны, шекараны бағалау және шекара аудандардың негізгі табиғи ресурстарымен қамтамасыз болуы;

  • халықтың әлеуметтік-класстық құрылымындағы географиялық ерекшеліктер, оның ұлттық және діни құрамы, әлеуметтік топтар, ұлттар, және мемлекеттік және жергілікті билік органдары арасындағы сяаси қатынастар;

  • мемлекеттердің партиялық-саяси күштердің географиясы, соның ішінде саяси партиялар, профодақтар, қоғамдық ұйымдар және қозғалыстар, олардың саяси және қоғамдық өмірге деген әсері;

  • дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу, референдум, сонымен қатар демонстрация, қарулы қақтығыстар, сепаратисттік, партизандық қозғалыстар.

2. Геосаясат.

Геосаясат (географиялық саясат) - саяси географияның негізгі бағыттарының бірі. Ол да саяси география сияқты дүние жүзінде болып жатқан үрдістер мен құбылыстарды зерттейді. Ғаламдық және аймақтық деңгейде оның басты міндеті халықаралық қатынастар географиясын зерттеу, әсіресе ұлы державалар арасындағы күштер балансы. Дара мемлекеттер деңгейінде қалыптасқан әскери-саяси және экономикалық өзарақатынастар жүйесіндегі мемлекеттің орны, олар оның сыртқы саясатына әсерін тигізеді және геосаяси орнындағы өзгерістерді анықтап отырады.

Географиялық факторлардың негізгілері ретінде әдетте келесілері қарастырылады:


  • географиялық (кеңістік, орын, табиғи жағдай және ресурстар);

  • саяси (мемлекеттік құрылымның түрі, қоғамның әлеуметтік құрылымы, басқа елдермен өзарақатынасы, саяси одақтарда және блоктарға қатысу, мемлекеттер шекарасының сипаты және олардың режимі, ыстық нүктелердің болуы);

  • экономикалық (халықтың өмір сүру деңгейі, экономиканың басты салаларының даму деңгейі, сыртқы экономикалық байланыстарға қатысу);

  • әскери (әскери күштердің даму деңгейі, әскери мүмкіншілігі және әскери дайындығы, әскери инфроқұрылымның даму деңгейі, әскери кадрларды дайындау деңгейі, әскери шығындар);

  • экологиялық (табиғи ортаның деградация деңгейі және оларды қорғау жөніндегі шаралар);

  • демографиялық (халықтың ұдайы өсуі, оның құрамы және қоныстануы);

  • мәдени-тарихи (ғылымның, білімнің, деңсаулық сақтау, мәдени және еңбек дәстүрлерінің даму деңгейі, этникалық және діни өзарақатынастар, кримоногенді жағдай.

Өз дамуында геосаясат саяси география сияқты бірнеше кезеңнен өтті.

Бірінші кезеңі – классикалық геосаясат кезеңі. Ол 19 ғ соңын 20ғ басын қамтып жатыр. Бұл кезде көптеген әскери-саяси қақтығыстар болып жатты, дүние жүзінің территориясын бөлу, ал ол нәтижесінде Бірінші Дүние жүзілік соғысқа келіп соқтырады. Басты идеологтар, геосаясат әкелері ретінде неміс географы Ф.Ратцель, швед саясаттанушысы Р.Челлен және ағылшын географы Х.Маккиндер саналады.

Екінші кезеңі Бірінші және Екінші дүние жүзілік соғыс арасындағы уақыт, реваншизм идеясы Германияда кең таралды. Фашисттік Германияда геосаясат ресми мемлекеттік доктрина санала бастады,

Үшінші кезең Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін басталды. «Салқын соғыстың» 40 жылын қамтып отырды. Бұл кезеңде геосаясаттық ізденістер Батыс европа елдерінде, әсіресе Германияда, Францияда және Ұлыбританияда. халықаралық геосаяси журнал шыға бастады, сонымен қатар геосаяси ойдың орталығы АҚШ-қа көшті.

Төртінші кезең 20 ғ-дың 80-шы жылдары болды. Оны кей кездері жаңа конфронтациялық емес кезең деп те атайды. Бұл кезеңде капитализм социализмді жеңеді. Дүние жүзілік геосаяси жағдайды күрделендіретін мәселе – ол жалғыз бір супердержава – АҚШ-тың бөлініп шығуы болды.Ол диктат саясатынан бас тартпаған. Содан кейін дүние жүзілік аренада басқа да аймақтық лидер елдеріде бөліне бастады. Олар: Батыс Европа, Жапония, Қытай, Үндістан, Араб дүниесі.

3. Саяси-географиялық орын.

Саяси география білім жүйесінде саяси-географиялық орынға бірінші орын берілген. ЭГО және СГО арасында нақты шегі жоқ. Мемлекеттің немеме бір аймақтың маңызды экономикалық орталықтарға, дүние жүзілік көлік және сауда жолдарын, интеграциялық топтамаларға, туристтік ағындарға қатысты орналасуы тек экономикалықемес, сонымен қатар саяси географияға да қатысты.

Саяси-географиялық орын дегеніміз – ол объектінің (елдің, оның бөлшегі, елдер тобы) басқа мемлекеттерге және олардың тобына саяси объект ретіндегі қатынасы. Мемлекеттің СГО – елдің географиялық орнымен байланысты саяси жағдайлардың кешеңі саналады.

Саяси-географиялық орынның макро-, мезо- және микроорындарын бөледі.

Мемлекеттің және аймақтың макро-СГО – бұл ғаламдық саяси өзарақатынастың жүйесіндегі орны. Ең алдымен елдің басты саяси-әскери және саяси топтамаларға, халықаралық қақтығыстар ошақтарына және әскери конфликттерге байланысты бағалайды. Макро-СГО – тарихи категория.

Мезо-СГО – бұл елдің өз аймағындағы немесе субаймақтағы орны. Оны бағалаған кезде көршілес елдердің сипаты маңызды рөл атқарады. Мысалы: Германия және Франция арасындағы қатынастар, АҚШ және Канада арасындағы қатынастар.

Микро-СГО мемлекет, қала және т.б. учаскенің жағымды немесе жағымсыз орналасуы саналады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.


  1. Саяси география дегеніміз не?

  2. Оны қалптастырушы авторлары кімдер?

  3. Геосаясат дегеніміз не?

  4. Геосаясаттың дамуы неше кезеңнен тұрады?

  5. Саяси-географиялық орын дегеніміз не?

  6. Саяси-географиялық орынның неше түрі бар?

Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая картина мира.

3 апта

3 кредит сағат.

3 дәріс.



Тақырыбы: Дүние жүзі халықтар географиясы.

Дәріс мазмұны: 1. Халықтың ұдайы өсуі.

2.Дүние жүзі халық санының динамикасы.

3.Демографиялық жарылыс және дағдарыс.


  1. Халықтың ұдайы өсуі.

Халықтың ұдайы өсуі – демография ғылымы зерттейтін халыққа тән қасиеттерінің бірі. Ұдайы өсу дегеніміз дүниеге келу және өлу үрдістері нәтижесіндегі жаңару, яғни халықтың өсуі немесе азаюы.

Халықтың табиғи қозғалысының талдауын дүниеге келу көрсеткіштерінен бастайды. Оны әр түрлі көрсеткіштер арқылы өлшейді. Олардың ішінде ең кең тараған түрі дүниеге келудің жалпы коэффиценті, яғни 1000 адамға келетін жаңа дүниеге келген бала санының көрсеткіші, промилле % бірлігімен есептеледі. Мысалы, егер дүниеге келудің жалпы коэффициенті 15% болса, онда орта есеппен алғанда 1000 адамға 15 бала туылған.

Дүниеге келу факторы жөніндегі маңызды сұрақты көптеген демографтар зерттеген. Дүниеге келу көрсеткішіне бірнеше факторлар әсер етеді:

-табиғи-биологиялық факторлар – мысалы, жылы және салқын климатты елдерде жыныстық дамулары әр түрлі уақытта болады;

-демографиялық фактор – оған халықтың жыныстық құрылымы жатады; халықтың жастық құрылымы, неғұрлым халық жас болса, соғұрлым қоғамның демографиялық потенциалы жоғары болады;

-әлеуметтік-экономикалық, мәдени және психологиялық факторлар – оларға халықтың хал-ахуалының жалпы деңгейі, сауттылық деңгейі, урбандалу деңгейі, некеге тұру, ажырасу, жанұялық жағдайы жатады.

Халықтың ұдайы өсуінің екінші құрамды бөлшегі - өлім көрсеткіші. Оны да мың адамға анықтайды.

Өлім де туу сияқты негізінде биологиялық фактоға байланысты. Сонымен қатар эндогенді факторлар – адам ағзасының кәрленуі және экзогенді – қоршаған ортаның әсері.

ХХ ғасырдың І-ІІ жартысында жалпы өлім коэффициентінің төмендеуі байқалды, оның себебі:

-медициналық қызмет көрсету жетілдірілген;

-адамның жеке гигиенасының және өмірдің санитарлы –гигиеналық жағдайларының жақсаруы нәтижесінде эпидемиялық және инфекциялық аурулар азайды;

-тамақтану жағдайының жақсаруы.

Туу және өлу халықтың ұдайы өсуін санау үшін негіз саналады.

Ұдайы өсу = Туу - өлу

Халықтың ұдайы өсуінің режимінің 3 түрі бар


  1. кеңейтілген ұдайы өсу – туу көрсеткіші өлім көрсеткішінен едәуір жоғары, оның нәтижесінде халықтың тұрақты өсуі байқалады.

  2. Қарапайым ұдайы өсу – туу және өлім көрсеткіші бірдей, сондықтан халық саны өспейді, тек қана бір ұрпақ келесі ұрпақпен ауысып тұрады.

  3. Тартылған ұдайы өсу - өлу көрсеткіші туу көрсеткішінен жоғары, туылған балалар саны өмірден өткен ата-аналарының санын жаппайды.

2. Көне замандағы жер бетінің халқы саны жөнінде тек шамамен айтуға болады. Мысалы, неолиттің басында біздің планетамызда барлығы 10 млн. адам өмір сүрген., оған сәйкес халық тығыздығы 100 км2 8-10 адам, ал орташа өмірдің ұзақтығы 20 жас. 1500 ж. Жер халқы 425-450 млн адамға жетеді.

Содан соң, Еуропада өнеркәсіп пайда болады, ауылшаруашылық дамиды, медицинаның дамуы демографиялықүрдістерге әсер етеді.

ХІХ ғ. І-ІІ ж дүниежүзі халқы 1,5 есе өседі, жылына 17млн. адамға өсіп тұрды.

ХХғ І-ІІж. демографиялық жағдай өте күрделі болған. Бір жағынан, Азия, Африка және Америкадағы халық санының күрт өсуі, екінші жағынан ол екі дүниежүзілік соғыстар. Мысалы, СССР ҰОСоғысы кезінде 27 млн адамды жоғалтты.

Адамзаттың демографиялық тарихында үлкен әсер қалдырған із ХХғ І-ІІж болды. Осы кезде демографиялық жарылыс пайда болды, ол Азия, Африка және латын Америка елдерінің демографиялық ауысудың екінші фазасына аяқ басуымен байланысты.

3. Демографиялық жарылыс механизмі даму үстіндегі елдерде демографтар жан-жақты зерттелген. Осы демографиялық жағдайдың заңды нәтижесі болып келеді. Осы жағдайға екі басты ерекшелендірітін қасиеті тән.

1) саяси тәуелсіздігін алған соң даму үстіндегі елдерде әлемдік медициналық жетістіктерін пайдалануға мүмкіншілік туындаған. Өлім көрсеткішінің төмендеуіне жас елдердің экономикалық және мәдени даму саласындағы алғашқы жетістіктері де жағымды әсер тигізді.

2) қазіргі кезде дүниеге келген 145 млн баланың 125 млн даму үстіндегі елдерге жатады. Сондықтан өлім және туу үрдістеріндегі осындай сәйкессіздік көптеген елдерде демографиялық жарылысқа әкеліп соқтырды.

Қазіргі кезде ұдайы өсу бойынша даму үстіндегі елдерді 3 топқа бөлуге болады.


  1. Бірінші топқа демографиялық жарылыс шыңдары анық көрінетін елдер жатады. Оларға туу және ұдайы өсудің жоғары көрсеткіштері тән. Бұл елдерде бір әйелге 6-8 баладан келеді.

  2. Екінші топқа соңғы 15-20 жылда демографиялық жарылыс төмендей бастаған даму үстіндегі елдер жатады.Демографиялық ауысудың екінші фазасында болғанымен, туу сонымен қатар өлім коэффициенті де төмендейді.

  3. Бұл елдер қатары демографиялық ауысудың үшінші фазасында . Туу коэффициенті 20%, ал халықтың орташа жылдық өсу темпі -1%. Мысалы, Қытай, Тайланд, Аргентина.

Дүниежүзінің экономикалық тағыда дамыған елдер үшінші фазаға аяқ басты. Бұл 3 топқа бөлінеді.

1.Бірінші топқа жағымды демографиялық жағдайы сақталған елдер жатады, мысал ретінде АҚШ-ты алуға болады. 14,2% -8,7% = 5,5%. Осы топқа Канада, Франция, Нидерланды; Новегия, Ирландия жатады.

2. Халықтың кеңейтілген ұдайы өсуімен қамтамасыздандырылған. Оған ең бастысы Еуропа елдері қатысты, сонымен қатар «нольдік» өсімі бар елдер: Австрия, Бельгия, Испания.

3. Депопуляция үрдісі бар елдер жатады. Туу көрсеткіші өте төмен.%%




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет