«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары және тәуелді акционерлік қоғамдарының директорлары кеңесі, байқаушы кеңестері отырыстарының материалдарын қарастыру регламенті



жүктеу 262.19 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі262.19 Kb.
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Басқармасының шешімімен бекітілген

24.12.2014 жылғы № 41/14 «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Басқармасының күндізгі отырысы хаттамасының № 12 Қосымшасы



«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары және тәуелді акционерлік қоғамдарының директорлары кеңесі, байқаушы кеңестері отырыстарының материалдарын қарастыру регламенті

І. Жалпы ережелер

1. Осы регламент «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) еншілес ұйымдары және тәуелді акционерлік қоғамдарының директорлары кеңесі, байқаушы кеңесі (бұдан әрі – ЕТҰ) отырыстарының қарастыруға шығарылатын мәселелерін уақтылы және сапалы түрде қарастыру жолы арқылы Холдингтің тиімді қызметін ұйымдастыру мақсатында жасалды.

2. Холдинг ЕТҰ директорлары кеңесінің, байқаушы кеңесінің құрамына өкілдерді директорлар кеңестері, байқаушы кеңестер отырысында өз мүдделерін ұсыну үшін сайлайды. ЕТҰ директорлары кеңесінде, байқаушы кеңестерде Холдинг өкілі ретінде (бұдан әрі – Холдинг өкілі) лауазымды тұлға, Холдинг жұмыскері немесе басқа тұлға бола алады.

3. Холдинг өкілі ЕТҰ директорлар кеңестері мен байқаушы кеңестер отырыстарында қарастырылатын мәселелердің саны, күрделілігі, өзара байланысы мен қарастырылу тәртібі материалдардың сапалы және жан-жақты қарастырылуына ықпал ететін жұмыс тәжірибесін дамытуға ұмтылуы міндетті.

4. Холдинг өкілі ЕТҰ директорлары кеңесінің комитеттеріне сайланған жағдайда, Регламент ЕТҰ директорлары кеңесінің комитеттері отырыстарында материалдарды қарастыру рәсімдеріне таратылады.
ІІ. Материалдарды алу

5. ЕТҰ корпоративтік хатшысы/байқаушы кеңес хатшысы Холдингтің іс жүргізуге жауапты құрылымдық бөліміне директорлар кеңесінің, байқаушы кеңестің күндізгі немесе сырттай отырыстарына материалдарды (бұдан әрі – материалдар) директорлар кеңесінің, байқаушы кеңестің отырысы өтетін күнге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын, материалдардың қағаз көшірмелерін ұқсас мерзімдерде Холдинг директорлары Кеңестеріндегі өкілдеріне бере отырып шығарады.

6. Холдингтің іс жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімі директорлар кеңесінің, байқаушы кеңестің алдағы уақытта өтетін отырысы туралы хабарламаны, барлық мәселелер бойынша материалдарды электрондық тасығышта бар болған жағдайда, қосымша берілген шақыртумен бірге тіркейді. Холдингтің активтерді басқару және корпоративтік дамытуға жауапты құрылымдық бөлімі мүдделі құрылымдық бөлімдер арасында материалдарды ары қарай бөлістіруді қамтамасыз етеді.

7. ЕТҰ директорлары кеңестерінің, байқаушы кеңестердің күндізгі бір отырысының күн тәртібіне енгізілетін мәселелердің ұсынылатын саны 15 (он бестен) аспауы тиіс, бұл ретте, мәселелерді топтастыруға рұқсат берілмейді.

8. Холдинг корпоративтік хатшыдан/ ЕТҰ байқаушы кеңесінің хатшысынан ЕТҰ директорлары кеңесі, байқаушы кеңес отырыстарының материалдарын алу барысында толыққанды және шынайы ақпараттардың негізінде шешім қабылдау мақсатында келесі құжаттардың бар болуын талап етеді:


  • директорлар кеңесі, байқаушы кеңес отырысының күн тәртібі;

  • ЕТҰ ішкі құжаттарына сәйкес келісілген, ЕТҰ атқарушы органы басшысының немесе мүшесінің немесе отырыстың күн тәртібіне мәселені енгізуге уәкілетті тұлғаның қолы қойылған отырыстың күн тәртібінде қарастырылатын әрбір мәселесіне берілген түсіндірме жазбалары. Түсіндірме жазбасының мәніне қойылатын талаптар № 1 Қосымшада келтірілген;

  • ЕТҰ ішкі құжаттарына сәйкес бұрыштамалары қойылған және келісілген, отырыстың күн тәртібіндегі әрбір мәселесі шешімдерінің жобасы;

  • ЕТҰ атқарушы органы басшысының немесе мүшесінің немесе отырыстың күн тәртібіне мәселені енгізуге уәкілетті тұлғаның бұрыштамасы қойылған бекітуге, мақұлдауға, келісуге немесе қарастыруға шығарылатын құжаттардың жобалары;

  • Холдингтің мәжілістік-кеңес беру органдары шешімдерінің (бар болған жағдайда) көшірмелері (көшірмелерінің үзінділері);

  • ЕТҰ атқарушы органдары және ЕТҰ алқалық-кеңесші органдары отырыстары (шешімдері) хаттамаларының үзінді көшірмелері (қажет болған жағдайда);

  • ЕТҰ директорлары кеңестерінің (бар болған жағдайда) көшірмелері (көшірмелерінің үзінділері);

  • ЕТҰ директорлары кеңесі, байқаушы кеңесі отырыстарының сырттай дауыс беру бюллетендері (директорлар кеңесі, байқаушы кеңесінің сырттай отырыстары өткізілген жағдайда);

  • Бар болған жағдайда басқа да қосымша құжаттар (тұсау кесерлер, көрсетілген мәселелердің күн тәртібіне енгізілуін негіздейтін мемлекеттік органдардың және (немесе) басқа да заңды тұлғалардың шешімдерінің көшірмелері, анықтама материалдары).

9. ЕТҰ ішкі құжаттарына сәйкес корпоративтік хатшы/байқаушы кеңес хатшысы мен ЕТҰ атқарушы органы – жіберілетін материалдардың уақыттылығына, толықтығына және ЕТҰ ішкі құжаттарымен қарастырылған материалдардың келісімдерінің бар болуына жауапты болып табылады.

10. егер қосымша мәселелер бар болса немесе ақпараттардың жеткіліксіздігі жағдайларында Холдингтің өкілі және/немесе Холдингтің құрылымдық бөлімдері корпоративтік хатшыға/ЕТҰ байқаушы кеңесінің хатшысына Холдингтің активтерді басқару және корпоративтік дамыту ісіне жауапты құрылымдық бөлімі арқылы түсіндірме жазбасын немесе қосымша материалдарын ұсыну туралы сұранымды жолдайды. Егер түсіндірме жазбасы мен қосымша материалдарды бергеннен кейін шешім қабылдауға ықпал ететін негізгі ақпараттар жоқ болған жағдайда директорлар кеңесіндегі Холдингтің өкіліне, мәселені түзетуге жіберу үшін дауыс беруге кеңес беріледі.

11. Егер ЕТҰ атқарушы органы тарапынан уақтылы сапасыз және/немесе жеткіліксіз ақпараттар берілген жағдайда, Холдинг өкіліне ЕТҰ директорлары кеңесі, байқаушы кеңесі отырыстарында ұсынылатын материалдардың сапасын жақсарту бойынша шара қабылдау және қажет болған жағдайда ЕТҰ жауапты жұмыскерлеріне тәртіптік жаза қолдану туралы мәселені көтеруде бастамашы болуға кеңес беріледі.
ІІІ. Холдингтің құрылымдық бөлімдерімен материалдардың қарастырылуы

12. Холдингтің активтерді басқару және корпоративтік дамытуға жауапты құрылымдық бөлімі материалдарды алғаннан кейін 1 (бір ) жұмыс күні ішінде қарастырылуы тиіс нақты мәселелерді көрсете отырып, Холдингтің құрылымдық бөліміне материалдарды жібереді. Холдингтің ЕТҰ директорлары кеңесінің, байқаушы кеңесінің отырысы материалдарына қатысты ұсыныстар мен ескертулерді дайындау бойынша құзыреттіліктерді құрылымдық бөлімдер арасында бөлістіру № 2 Қосымшада көрсетілген.

13. Холдингтің құрылымдық бөлімі ЕТҰ директорлары кеңесі, байқаушы кеңесі отырысының материалдарын қарастырып, Холдингтің активтерді басқару және корпоративтік дамытуға жауапты құрылымдық бөліміне ұсыныстар мен ескертулерді материалдарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды. Холдингтің құрылымдық бөлімдері басшылары № 2 Қосымшаға сәйкес құзыреттіліктерге қатысты мәселелер бойынша қорытындылардың берілу уақыттылығы мен сапасы үшін жауапкершілік көтереді. Холдингтің құқықтық қамтамасыздық етуге жауапты құрылымдық бөлімінің басшысы – директорлар кеңесі, байқаушы кеңес отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қорытындылардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі сапасы мен уақытында берілуі үшін жауапты болып табылады.

14. Холдингтің құрылымдық бөлімдері тарапынан материалдарға қатысты ұсыныстары мен ескертулерін жолдау, Холдингтің электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалану арқылы іске асырылады. Бұл ретте, Холдингтің құрылымдық бөлімдерімен материалдарды қағаз тасушыда келісуге болмайды.

15. Құрылымдық бөлімдермен берілген ұсыныстар мен ескертулердің негізінде, сондай-ақ, өз жайғасымынан әрекет ете отырып, Холдингтің активтерді басқару және корпоративтік дамытуға жауапты құрылымдық бөлімі жиынтықты қорытындыны Холдинг өкіліне № 3 Қосымшаға сәйкес, отырыс өткізілетін күнге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды. Құрылымдық бөлімдердің ұсыныстары мен ескертулері жиынтықты қорытындыға толық қосымша ретінде беріледі.
IV. Холдинг Басқармасындағы комитеттер

16. Егер Холдингтің ішкі құжаттарына сәйкес ЕТҰ директорлары кеңесі, байқаушы кеңестерге қарастырылуға шығарылатын мәселе Холдинг Басқармасындағы комитеттермен алдын ала қарастырылуы тиіс болған жағдайда, жауапты құрылымдық бөлімі/ЕТҰ лауазымды тұлғасы осы мәселе бойынша материалдарды сәйкесті комитетке аталған мәселені ЕТҰ директорлары кеңесі, байқаушы кеңестің күн тәртібіне Холдинг Басқармасы комитеттерінің қызметін реттеуші ішкі құжаттарымен анықталған тәртіпте жолдайды.


V. Холдинг өкілінің ЕТҰ директорлары кеңесіне, байқаушы кеңестеріне мәселені қарастыруға шығару тәртібі

17. Холдинг өкілі ЕТҰ директорлары кеңесіне, байқаушы кеңестеріне мәселені келесі жағдайларда қарастыруға шығара алады:

1) директорлар кеңесінің, байқаушы кеңестің қарастыруына шығару туралы Холдинг Басқармасының тапсырмасы бар болғанда;

2) Холдингтің құрылымдық бөлімдерінің бастамасы бойынша;

3) жеке бастамасы бойынша.

18. Мәселені ЕТҰ директорлары кеңесінің, байқаушы кеңестің қарастыруына шығару Холдинг өкілімен келесі тәсілдер арқылы іске асырылады:

1) сәйкесті мәселені ЕТҰ директорлары кеңесінің, байқаушы кеңестің қарастыруына шығару қажеттілігі туралы ЕТҰ директорлары кеңесінің, байқаушы кеңестің төрағасы атына жазбаша жүгінуді жолдау арқылы;

2) егер Холдинг өкілі ЕТҰ директорлары кеңесінің, байқаушы кеңестің төрағасы болып табылған жағдайда, сәйкесті мәселені ЕТҰ директорлары кеңесінің, байқаушы кеңестің қарастыруына шығару қажеттілігі туралы корпоративтік хатшының, ЕТҰ директорлары кеңесінің, байқаушы кеңесі хатшысының атына жазбаша жүгінуді жолдау арқылы;

3) ЕТҰ директорлары кеңесінің, байқаушы кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкесті мәселені шығару қажеттілігі туралы ЕТҰ атқарушы органына жазбаша жүгінуді жолдау арқылы;

4) ЕТҰ директорлары кеңесінің, байқаушы кеңес отырысының барысында мәселені ЕТҰ ішкі құжаттарына және (немесе) Жарғымен қарастырылған тәртіпте енгізуге бастамашылық ету арқылы.


VI. Қорытынды жағдайлар

19. ЕТҰ директорлары кеңесінің, байқаушы кеңесінің күндізгі отырысының күн тәртібінде қарастыруға ұсынылатын мәселелері № 2 Қосымшада белгіленген.

20. Егер Холдинг өкілінің пікірінше күндізгі отырыста талқылануы қажет деп танылған №2 Қосымшада тізімделген мәселелерді немесе басқа да мәселелерді ЕТҰ директорлары кеңесінің, байқаушы кеңесінің сырттай отырысына дауыс беру арқылы шығарған жағдайда, мұндай мәселелердің күндізгі отырыста қарастырылуы туралы ұсыныспен сырттай дауыс беру бюллетенінде ерекше пікір қалдыруға кеңес беріледі.

21. ЕТҰ директорлары кеңесімен, байқаушы кеңесімен алдын ала бекітілген және/немесе мақұлданған бірегей акционердің/акционерлердің жалпы отырысының/ЕТҰ қатысушыларының жалпы отырысының құзыретіне кіретін мәселелер Холдингтің атқарушы органының қарастыруына Холдингтің ішке құжаттарымен орнатылған тәртіпте шығарылады, бұл ретте шығарылатын материалдарды № 2 Қосымшаға сәйкес құрылымдық бөлімдермен келісуге кеңес беріледі.


1 Қосымша
Түсіндірме жазбасының мазмұнына қойылатын талаптар
ЕТҰ директорлары кеңесі/байқаушы кеңес шешімдерінің жобаларына берілетін түсіндірме жазбасы келесі бөлімдерден тұруы тиіс:

1. Заңнама актілері туралы мәліметтерден, ЕТҰ мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ органдарының актілерінен, қарастырылып отырған мәселе бойынша тапсырмалардан және оларды тарату нәтижелерінен.

2. Мәселе мәнінің жіті баяндалуынан, директорлар кеңесінің/байқаушы кеңестің қарастыруына мәселені шығару қажеттілігінің негіздемесінен (құқықтық жағын қоса).

3. Шығарылатын мәселе бойынша дәлелдерімен бірге ұсынылатын шешімі;

- ДК комитетімен аталған мәселенің қарастырылу нәтижелері бойынша мәліметтер (бар болған жағдайда);

- қабылданатын шешім бойынша күтілетін нәтижелердің мерзімдері мен нақты мақсаттары;

- шешімді іске асырумен байланысты болжалды қаржы шығындары;

- шешім қабылданған жағдайда болжалды қоғамдық-экономикалық және құқықтық нәтижелері;

- шешім қабылданған немесе қабылданбаған жағдайда туындауы мүмкін болған болжалды тәуекелдер;

- аталған тәуекелдерді тарату нәтижелері және оларды төмендету бойынша шаралар;

- ЕТҰ ішкі құжаттарын соңғылықта шешімге сәйкестендіру қажеттілігі;

- басқа да мәліметтер.


Түсіндірме жазбасының ұсынылатын көлемі – екі беттен артық емес.

2-қосымша


Холдингтің құрылымдық бөлімшелері арасында күндізгі отырыста мәселелерді қарастыру қажеттілігі бар ЕТҰ директорлар кеңесі, байқаушы кеңес отырыстарына ендірілетін мәселелерді бөлу





Директорлар кеңесі, байқаушы кеңес отырыстарында қарастырылатын мәселелер

Құрылымдық бөлімше

Күндізгі қарастыру

1.

ЕТҰ Даму стратегиясын бекіту, ЕТҰ даму стратегиясын іске асыруға түзетулер ендіру және мониторинг жүргізу

СжТД, АБКДД, ЭБЖД, КҚД, ЖҚД, АРБД, ҚД, АТҚ, ОҚД, МЖСжАЖД (МЖС ЖҚО және ҚКМ бойынша)

ˇ

2.

ЕТҰ Даму жоспарын іске асыруға түзетулер ендіру және мониторинг жүргізу, бекіту

СжТД, АБКДД, ЭБЖД, КҚД, ЖҚД, АРБД, ҚД, МЖСжАЖД (МЖС ЖҚО және ҚКМ бойынша)




3.

Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар ендіруді алдын ала мақұлдау немесе оны жаңа редакцияда бекіту

АБКДД, БЕЕД, ЭБЖД, АРБД, ТБД, РR, ЭБЖД, МЖСжАЖД (МЖС ЖҚО және ҚКМ бойынша)




4.

ЕТҰ Дивиденд саясатын алдын ала бекіту

КҚД, БЕЕД, ЭБЖД




5.

Қоғамның аяқталған қаржы жылы (жарты жылға) үшін таза кірісін бөлу тәртібі және қоғамның бір жай акциясына есептелген бір жылға (жарты жылға) дивиденд мөлшері туралы ұсыныстар, сондай-ақ дивидендтер төлемеу туралы шешім ендіру

КҚД, БЕЕД, ЭБЖД




6.

Жылдық қаржылық есептілікті алдын ала бекіту

БЕЕД




7.

ЕТҰ жылдық есепті алдын ала бекіту

АБКДД, БЕЕД, ЭБЖД, АРБД, ЖҚД, КҚД, СжТД, ТБД, РR, ЭБЖД, МЖСжАЖД (МЖС ЖҚО және ҚКМ бойынша)




8.

ЕТҰ Ішкі аудит/комплаенс-бақылау жүргізу қызметінің жылдық аудиторлық жоспарын бекіту

АБД, ТБД




9.

ЕТҰ Ішкі аудит/комплаенс-бақылау жүргізу қызметінің сан құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, оның басшысы мен мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ Ішкі аудит/комплаенс-бақылау жүргізу қызметінің жұмыс тәртібін белгілеу, Ішкі аудит/комплаенс-бақылау жүргізу қызметі қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу, сыйлықақы беру және әлеуметтік қорғаудың мөлшері мен шарттарын айқындау, сондай-ақ көлемі мен шарттарын айқындау, Ішкі аудит/комплаенс-бақылау жүргізу қызметі басшыларының қызметінің басты көрсеткіштерін айқындау

АБД, АБКДД, АРБД




10.

ЕТҰ Ішкі аудит/комплаенс-бақылау жүргізу қызметінің тоқсандық және жылдық есептерін қарастыру

АБД, ҚБ орындалған аудиторлық тапсырманың ерекшелігіне байланысты




11.

ЕТҰ акцияларын төлеуге тапсырылған немесе ірі мәміле заты болып табылатын мүліктің нарық құнын анықтау бойынша бағалаушыны анықтау, сондай-ақ қаржылық есептілік аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымды алдын ала мақұлдау және оның қызметтерін төлеу мөлшерін анықтау

БЕЕД, ЭБЖД, ОҚД,




12.

Директорлар кеңесі комитеттерін құру, олар туралы ережелерді бекіту, сондай-ақ комитеттердің мүшелерін сайлау

АБКДД, комитет құзыреттілігі бойынша: АРБД/АБД/СКДД/ТЗД/ТБД




13.

Алдын ала директорлар кеңесі (байқаушы кеңес) туралы ережені бекіту, оған өзгертулер мен толықтырулар ендіру

КХҚ, АБКДД




14.

Алдын ала корпоративтік басқару кодексін, сондай-ақ өзгертулер мен толықтыруларды бекіту

КХҚ, АБКДД




15.

Корпоративтік хатшы/байқаушы кеңес хатшысы туралы ережені бекіту

КХҚ, АБКДД




16.

Директорлар кеңесі (байқаушы кеңес) қызметтерін бағалау әдіснамасын және Директорлар кеңесі (байқаушы кеңес) қызметтерін бағалау туралы есепті бекіту

КХҚ, АБКДД




17.

ЕТҰ Директорлар кеңесі (байқаушы кеңес), директорлар кеңесі (байқаушы кеңес) комитеттері және корпоративтік хатшы/байқаушы кеңес хатшысының жұмыстары туралы есепті бекіту

АБКДД құзыреттілігі бойынша: АРБД/АБД/СКДД/ТЗД/ТБД




18.

ЕТҰ атқарушы органы туралы ережені бекіту







19.

Корпоративтік хатшыны/байқаушы кеңес хатшысын тағайындау, өкілеттік мерзімін белгілеу, өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, лауазымдық жалақы мөлшерін анықтау, сондай-ақ сыйлықақы беру және әлеуметтік қорғаудың мөлшері мен шарттарын айқындау, мақсат картасын бекіту

АБКДД, АРБД, ЭБЖД




20.

Атқарушы органның сандық құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, атқарушы органның мүшелерін сайлау, сондай-ақ атқарушы органның төрағасын қоспағанда, олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату

АБКДД, АРБД




21.

Атқарушы органның төрағасы мен мүшелері үшін қызметтерінің негізгі көрсеткіштерін, олардың нысаналы мақсаттарын және ҚНК орындалуы туралы есепті бекіту

АБКДД, ЭБЖД, СжТД, ЖҚД, КҚД, АРБД, ҚД, АТҚ, МЖСжАЖД (МЖС ЖҚО және ҚКМ бойынша)




22.

ЕТҰ атқарушы органның төрағасы мен мүшелерінің еңбек ақы төлеу мөлшерін, еңбек ақы төлеу және сыйлықақы беру сыйлықақы төлеу) және әлеуметтік қорғаудың шарттарын айқындау

АРБД (ЭБЖД)




23.

ЕТҰ атқарушы органның мүшесі басқа ұйымдарда жұмыс істеу/лауазымды атқару мүмкіндігіне қатысты келісім беру туралы шешім қабылдау

АРБД




24.

Жарияланған акциялар санын өсіру немесе жарияланған акциялардың орналастырылмаған түрін өзгерту туралы алдын ала шешім қабылдау

КҚД, ТБД




25.

Акцияларды орналастыру туралы, жарияланған акциялар саны шегінде орналастырылатын (сатылатын) акциялар саны, әдісі және оларды орналастыру (сату) бағасы туралы шешім қабылдау

КҚД, ТБД




26.

ЕТҰ орналастырылған акцияларды немесе басқа бағалы қағаздарды сатып алу және оларды сатып алу бағасы туралы шешім қабылдау

КҚД, ТБД, АБКДД




27.

ЕТҰ міндеттемелерді меншік капиталының он және одан көп пайыз мөлшерін құратын шамаға ұлғайту

КҚД, ҚД, ТБД, ЖҚД




28.

ЕТҰ облигациялар және туынды бағалы қағаздар шығарылымы туралы шешім қабылдау және шаттарын анықтау

КҚД, ҚД, ТБД




29.

Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарын және бекіту және оның орындалу мониторингі

АБКДД, ТБД, АТҚ, ЭБЖД, АРБД, БҚ, КҚД, ҚД, АБД




30.

ЕТҰ корпоративтік есепке алу саясатын және салықтық есепке алу саясатын бекіту

БЕЕД, ҚД




31.

ЕТҰ басқа заңды тұлғалардың (жарғылық капиталға қатысу үлесі) он және одан көп пайыз акцияларын сатып алу (иеліктен шығару) туралы шешім қабылдау

АБКДД, ТЗД, ЭБЖД, КҚД, ҚД, ТБД, ЖҚД, МЖСжАЖД (МЖС ЖҚО және ҚКМ бойынша)




32.

ЕТҰ ерікті негізде қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы мәселені алдын ала мақұлдау

АБКДД, СжТД, ТЗД, АРБД, ЭБЖД, КҚД, ҚД, ТБД, ЖҚД, БЕЕД




33.

ЕТҰ шет елде филиалдар мен өкілдіктер құру және оларды жабу туралы шешімдер қабылдау, сондай-ақ олар туралы ережелерді бекіту

АБКДД, БЕЕД, ЭБЖД, АРБД




34.

ЕТҰ Ірi мәмiлелер және мүдделiлiк бар мәмiлелер жасасу туралы шешім қабылдауы

ЖҚД, БЕЕД, КҚД, қойылатын сұрақтың ерекшелігіне байланысты басқа да мүдделі құрылымдық бөлімшелер




35.

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелерін қарастыру және бекіту

ЖҚД, КҚД, ТБД, МЖСжАЖД




36.

ЕТҰ қызметкерлерінің штат санын және ЕТҰ ұйымдастыру құрылымын бекіту

ТБД, АРБД, АБКДД




37.

Тәуекелдерді басқару бойынша ЕТҰ ішкі рәсімдерін бекіту

ТБД




38.

Тәуекелдер бойынша тоқсан сайынғы есептерді қарастыру

ТБД, КҚД, ҚД




39.

ЕТҰ Іскерлік этика кодексін бекіту

АРБД, АБКДД




40.

Мүдделік даулар және корпоративтік дауларды реттеу бойынша саясатты (саясаттарды) бекіту

АБКДД, КХҚ, АРБД




41.

ЕТҰ Ақпараттық саясатын бекіту

PR, АТҚ, ТБД




42.

ЕТҰ акциялардың он және одан да көп пайызы тиесілі заңды тұлғаның жалпы акционерлер жиналысына (АЖЖ) қатысты қызмет мәселелері бойынша шешімдер қабылдау







1)

Қоғам жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакциясында бекіту

АБКДД, БЕЕД, АРБД, ТБД, PR, ЭБЖД, ГЖСД




2)

Осы кодекстi қабылдау қоғамның жарғысында көзделген жағдайда, корпоративтiк басқару кодексiн, сондай-ақ оған енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыруларды бекіту

АБКДД, КХҚ




3)

ЕТҰ ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату

АБКДД, СжТД, АРБД, ТБД, ЭБЖД, КҚД, БЕЕД




4)

қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту немесе қоғамның орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрiн өзгерту туралы шешiм қабылдау

КҚД, ТБД




5)

қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау шарттары мен тәртібін, сондай-ақ оларды өзгертуді айқындау

КҚД, ТБД




6)

қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару туралы шешім қабылдау

КҚД, ТБД




7)

орналастырылған акциялардың бір түрін акциялардың басқа түріне айырбастау туралы шешім қабылдау, мұндай айырбастаудың шарттары мен тәртібін айқындау

КҚД, ТБД




8)

директорлар кеңесінің сан құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы төлеудің және шығыстарын өтеудің мөлшері мен шарттарын айқындау

АБКДД, АРБД, ЭБЖД




9)

қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу

БЕЕД, ОҚД




10)

жылдық қаржы есептілігін бекіту

БЕЕД




11)

қоғамның есепті қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту

КҚД, БЕЕД, ЭБЖД




12)

қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау

КҚД, БЕЕД, ЭБЖД




13)

қоғам акцияларының ерікті делистингі туралы шешім қабылдау

КҚД




14)

қоғамға тиесілі барлық активтердің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын сомадағы активтердің бір немесе бірнеше бөлігін беру (алу) арқылы қоғамның өзге де заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы не өзге де заңды тұлғалардың қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығуы туралы шешім қабылдау

АБКДД, СжТД, КҚД, ҚД, ТБД, ИЖД, ЖҚД, МЖСД




15)

акционерлердің жалпы жиналысын шақыру туралы қоғамның акционерлерге хабарлау нысанын белгілеу және мұндай ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында беру туралы шешім қабылдау

АБКДД, PR




16)

қоғам акцияларды ұйымдастырылмаған нарықта сатып алған жағдайда олардың құнын белгілеу әдістемесіне өзгерістерді бекіту (егер оны құрылтай жиналысы бекітпесе, әдістемені бекіту)

КҚД, ТБД, АБКДД




17)

акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту

ҚБ қойылатын сұрақтың ерекшелігіне байланысты




18)

акционерлерге қоғам қызметі туралы ақпарат беру тәртібін белгілеу, оның ішінде, егер мұндай тәртіп қоғам жарғысында белгіленбесе, бұқаралық ақпарат құралын анықтау

PR, АБКДД, ТБД




19)

акционерлердің жалпы жиналысының басқа мәселелері

ҚБ құзыреттілігіне сәйкес қойылатын сұрақтың ерекшелігіне байланысты




43.

Акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің) он және одан да көп проценті Холдингке немесе ЕТҰ тиесілі заңды тұлға акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылатын қызмет мәселелері бойынша шешімдер қабылдау







1)

Серіктестік жарғысын өзгерту, оның жарғылық капиталы көлемін, орналасқан жері мен фирмалық атауын өзгертуді қоса алғанда, немесе серіктестік жарғысын жаңа редакцияда бекіту

АБКДД, БЕЕД, АРБД, ТБД, БҚ, ЭБЖД, АРБД, ТБД




2)

Серіктестіктің атқарушылық органын құру және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе оның мүлігін сенімгерлікпен басқаруға тапсыру туралы шешім қабылдау және осы тапсырудың шарттарын анықтау

АРБД, АБКДД




3)

Серіктестіктің байқаушы кеңесін және (немесе) ревизиялық комиссиясын (ревизор) сайлау және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің ревизиялық комиссиясының есептері мен қорытындыларын бекіту

АБД, АРБД, АБКДД




4)

Жылдық қаржылық есептілікті бекіту және таза табысты бөлу

БЕЕД, КҚД, ЭБДЖ




5)

оларды бекіту серіктестіктің жарғысында серіктестіктің өзге органдарының құзыретіне жатқызылған құжаттардан басқа, серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ішкі ережелерді, оларды қабылдау рәсімін және басқа да құжаттарды бекіту Ішкі ережелерді, рәсімдерді

ҚБ құзыреттілігіне сәйкес қойылатын сұрақтың ерекшелігіне байланысты




6)

серіктестіктің өзге шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім шығару

АБКДД, СжТД, КҚД, ҚД, ТБД, ЖҚД, МЖСД




7)

Серіктестікті ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату

АБКДД, ТСжТД, ЭБЖД, АРБД, ТБД, КҚД, БЕЕД




8)

тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекіту

БЕЕД




9)

серіктестікке қатысушыдан үлесті мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім шығару

АБКДД, ТБД




10)

серіктестіктің бүкіл мүлкін кепілге беру туралы шешім шығару

АБКДД, ТБД




11)

серіктестік мүлкіне қосымша жарналарын енгізу туралы шешім шығару

КҚД, ТБД, ЭБЖД




12)

серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібін және мерзімдерін бекіту

PR, АБКДД, КХҚ





Қысқартулар тізімдемесі:


СжТД – Стратегия және талдау департаменті

КҚД – Корпоративтік қаржы департаменті

АБКДД – Активтерді басқару және корпоративтік даму департаменті

ЖҚД – Жобалау қаржыландыру департаменті

ЭБЖД – Экономика және бюджетті жоспарлау департаменті

ТБД – Тәуекелдерді басқару департаменті

АРБД – Адами ресурстарды басқару департаменті

АБД – Аудит және бақылау жүргізу департаменті

БЕЕД – Бухгалтерлік есепке алу және есептілік департаменті

МЖСжАЖД – Мемлекеттік жеке-серіктестік және арнайы жобалар департаменті

ҚД – Қазынашылық департаменті

АТҚ – Ақпараттық технологиялар қызметі

ҚҚД – Құқықтық қамтамасыз ету департаменті

ОҚД – Операциялық қызмет департамент

PR – PR-қызметі

ҚБ – құрылымдық бөлімше




МЖС ЖҚО – «Мемлекеттік жеке-серіктестік жобаларын қолдау орталығы» ЖШС




ҚКМ – «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ

3-қосымша



Жиынтық қорытындылар үлгісі

1 бет
20_____ жылғы «_____»__________ «__________________» АҚ/ЖШС Директорлар кеңесінің/Байқаушы кеңестің №____ күндізгі (сырттай) отырысының материалдары бойынша жиынтық қорытынды
2 бет
Күн тәртібі:
3 бет
____ мәселе бойынша: (Мәселе атауы)

Мәселенің мәні: (мәселенің қысқаша мазмұны)

Жоба шешімі: (қабылдауға ұсынылған жоба шешімі)

Жиынтық қорытынды:

Жоба шешімі бойынша қарастырылатын мәселеге қатысты Холдингтің құрылымдық бөлімшелерімен ұсынылған қорытындылар есебімен, көз қарастыра көрсетіледі, қарастырылып жатқан мәселе бойынша ескертулер, ұсыныстар тәуекелдер болған жағдайда дауыс беру бойынша нұсқаулар беріледі.

Холдинг Өкілінің дауыс беруі мүмкін нұсқалары:


  • иә;

  • иә, жоба шешіміне немесе материалдарға өзгерту ендіру талаптары кезінде;

  • қалыс қалды;

  • қарсы;

  • қарсы, сондай-ақ жоба шешімінің өзге тұжырымдамалары бар ұсыныстарымен;

  • қайта өңдеуге жіберу;

  • мәселені күн тәртібінен алып тастау.


4 бет
201_ жылғы «_____»__________ №

Директорлар кеңесінің/Байқаушы кеңестің

күндізгі (сырттай) отырысына

материалдар бойынша «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның

құрылымдық бөлімшелерінің

жиынтық қорытындыларына қосымша



Холдингтің құрылымдық бөлімшелерінің ескертулер мен ұсыныстарды ендіру туралы ақпарат


1.Директорлар кеңесі/Байқаушы кеңес отырысы өтетін күні:




2. АБКДД Холдингтің құрылымдық бөлімшелеріне Директорлар кеңесі/Байқаушы кеңес материалдарын жіберетін күні



3.Холдингтің құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстар мен ескертулерді беру мерзімдері:



р/н

Құрылымдық бөлімше атауы

Күн тәртібі аясында мәселелерді қарастыру

Қорытындының болуы, ұсыну күні














Қосымша: Мүдделі құрылымдық бөлімшелердің қорытындысы

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет