Баяндама Тақырыбы: Жобалау технологиясы



жүктеу 85.98 Kb.
Дата19.03.2017
өлшемі85.98 Kb.
Баяндама

Тақырыбы:



Жобалау технологиясы

Баяндамашы: М. М. Тулеуханова

2016-2017 оқу жылы

Біз білім беру адамзаттың ортақ мүлкіне айналған дәуірде өмір сүрудеміз. Бір жерде жаңалық ашылса, басқа жерде оны тез үйреніп үлгеруде. Біздің міндетіміз - дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну. Олай етпесек, көштен қаламыз. Өйткені, ғасырымызда барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда. Ал дамудың негізі- білімде.

Қазіргі таңда жеке адамның жан-жақты дамуына үлкен мән беріліп отыр. Жас жеткіншектердің келешегін оның отбасының материалдық тұрмысы емес, қабілеті, талабы, ерік күші айқындауы керек. Баланың бойына өзіне деген сенімділік, жауапкершілік сезімдерін үйде ата-анасы, мектепте ұстаздар сіңіреді.

Еркіндік дегенді өзгелерге зиян келтірместен нақты шешім қабылдай білу, өз мәселелерін өздері шеше білу, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдау, кез келген қиыншылықтарды жеңе білу, өз талап-тілегіне қол жеткізе білу деп ұғыну керек.

Жаңашыл педагог В. Шаталов технологиясының басты ұстанымы – кезеңдік бақылау, үздіксіз қайталау, ірі блоктар бойынша оқыту, тірек белгілерін пайдалану, жеке тұлғаны жетістікке жетелеу, күш түсірмей оқыту, тәрбиемен байланыстыру.

Білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының дербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан, оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктіктіліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындайды.

Оқушыларды еркін ойлауға, талпынысқа баулу-мұғалімге қажетті әдістердің ең бастысы. Бұл тұрғыда мұғалімдер біраз құлшыныста болып, оқушыларға бағыт беру керек.

Осындай әдістердің бірі-жобалау технологиясы. Жобалау әдісі, ол ынтымақтастықта оқыту, оның түпкі тамыры педагогикалық тұрғыда емес, ең бастысы әлеуметтік тұрғыда, кең түрде адамзат байланысының көкейкестілігін ұғыну, бір проблемаға түрлі көзқараспен қарау, «қажетті» мен «бардың» арасындағы қарама-қайшылықты анықтау.

Оған:


  • Оқушыларға білімді сансыз көп бермей, керекті білімін өздігінен алуға үйрету және алған білімдерін танымдылық қабілетте практикалық істерге жұмсау;

  • коммуникативті дағды мен іскерлікті қабылдап, әр түрлі топтарда жұмыс істеу дағдысын, әр түрлі рөлдерді (лидер, орындаушы, посредник) ойнау дағдысын қалыптастыру;

  • кең түрде адамзаттың байланысының көкейкестілігін, түрлі мәдениетпен танысу, бір проблемаға түрлі көзқараспен қарау;

  • зерттеушілік әдісті қолдану дағдысы тұлға дамуының негізі ретінде керекті ақпарат, факті жинау; түрлі көзқараста сараптау дағдысы; қорытынды жасап, пайымдау жатады.

Жобалау құрылымы: тақырыпты таңдау, қатысушының саны, зерттеудің маңыздылығы, проблема міндеттерді рөлдерге бөлу, бақылау, талқыға салу, нәтижені дайындау.

Талаптар: өздігінен іс-әрекет етуі, зерттеушілік қабілеті.

Алгоритм: жұмыс жасау реті; проблема, міндет, іздену, зерттеу, нәтижені көрнекілеу, презентация.

Мұғалімнің рөлі: маман, консультант, басшы, ұйымдастырушы, координатор, эксперт, яғни, саралаушы, бағалаушы.

Бағалау: ішкі және толық түрде.

Портфолио: жобалаудың іс-қағаздары, барлық жиналған ақпарат көздері.

Моральдық ұстанымдар: өзара көмек, сенімділік.

Презентация: карта, видеофильм, слайд, көрме, газет-журнал, әрекет етуші фирма, болжау, анықтама, ойындар, альбом, реферат, т.б.

Жобалаудың жалпы құрылымы.

1. Алдымен жобаның тақырыбын, типін таңдау, қатысушының санын анықтау.

2. Зерттеудің маңыздылығы тақырыптың аумағында болу үшін, мұғалім мәселелердің тиімді жақтарын ойлау керек. Мәселені мұғалімнің көмегі (мәселені анықтайтын сұрақтар, жағдайлар) арқылы оқушылар өздері ортаға шығарады, бұл жерде ұжымдық талқылау арқылы «ой қозғау» өткізіледі.

3. Міндеттерді топтарға бөлу, зерттеу әдістерін талқылау, ақпарат іздеу, шығармашылық шешімдер қабылдау.

4. Жобалауға қатысқандардың дербес және топпен зерттеулерін, шығармашылық міндеттері бойынша өздік жұмыстарын бақылау.

5. Алған ақпараттары бойынша топтар арасында аралық талқыға салу (сабақта, ғылыми орталықта, топпен жұмыста, кітапханада).

6. Қорғау.

7. Ұжымдық талқылау, экпертиза, сыртқы бағалау нәтижелері, қорытынды.



Жобалау әдісіне қойылатын талаптар.

Зерттеудегі шығармашылық жоспардың проблемалары мен міндеттерін кіріктірілген білімді, оны шешу үшін ізденушілігін талап ету (мысалы, әлемнің түрлі аймақтарындағы демографиялық жағдайларды зерттеу, жер шарының әр түкпірінен бір проблемаға байланысты түрлі ақпараттар жинау, қышқыл жаңбырдың қоршаған ортаға тигізетін әсері жайлы проблеманы).

Практикалық, теориялық, танымдық нәтижелердің көрсеткіштері (мысалы, берілген аумақтың демографиялық көрсеткіштері, бұған әсер ететін тенденциялар, даму деңгейін қадағалау жайлы баяндама, жобалаудағы жұптасымен бірлесіп қабырға газетін шығару, іс-шараның жоспары).

Оқушылардың өздігінен іс-әрекет етуі (дербес, жұппен, топпен).

Жобалаудың мазмұнының құрылымы (нәтижелерін ретімен көрсету).

Жобалау әдісінің алгоритмі.


  1. Мәселе (нендей нәрсе үшін оқу керек, қандай нәтиже, қарама-қайшылық, себепті анықтау, қарама-қайшылықты нақтылау).

  2. Жобалау (топқа бөлу, ақпарат көздерін анықтау, нәтижені көрсету үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді анықтау, бағалаудың критерилерін құру, әр оқушының міндеттерін бөлу, кім немен айналысады).

  3. Ақпарат көздерін іздестіру (өздігінен). Негізгі құралдар: сұхбат, сұраулар, бақылау, эксперимент.

  4. Соңғы нәтижені көрнекілеу, қорытындыны айғақтау.

  5. Презентация (фестиваль түрінде, жобалауды қорғау, ауызша есеп беру, жазбаша есеп беру, видеофильм, альбом).

Жобалау түрлері

  1. web.сайт. информатика. 8. жобалау заңдары;

  2. сараптамалар; 9. ойындар;

  3. карта; 10. мультимедиялық жоба;

  4. видеофильм; 11. болжау;

  5. көрме; 12. белгілі бір бөлім бойынша анықтама;

  6. газет,журнал; 13. салыстыру сараптамасы;

  7. әрекет етуші фирма; 14. оқу-әдістемелік құрал.

Жобалаудың іс-қағаздары:

1) жобалау төлқұжаты;

2) жобалауды орындау және әр этаптың жоспары;

3) топтардың аралық есеп берулері (әр оқытушының жеке тапсырмалары, топтардың толық есептері, әр этаптың жүргізу формалары)

4) барлық ақпараттар;

5) нәтижелер, зерттеулер, сараптамалар;

6) бүкіл идеялардың жазбалары, болжаудың шешімдері;

7) топтардың арасында өткізілген дискуссиялардың есебі;

8) кездескен бар мәселелер мен шығару жолдарының қысқаша жазбасы;

9) эскиздер, сұлбалар, сызулар;

10) презентация материалы;

11) басқа да жұмыс материалдары.


Жобалық іс-әрекеттің қозғалысы:

  • Мақсаттың қойылуы;

  • Жоспарлау;

  • Тәжірибеде іс-жүзіне асыру.


Жобалау бойынша жұмыстың ерекшелігі:

  • Мүмкіндігінше қосатын өзіндік үлесі;

  • Ағымдағы іс-әрекет;

  • Потенциалды қол жетерлік жеке нәтиже.


Оқушының есеп беруі:

  • Қосымша ынталандырады;

  • Жаңа элементтерді ашады;

  • Тренинг-жаттықтырады;

  • Жұмыс ырғағын өзгертеді.


Әдісті қабылдау жағдайлары.



  1. Жобалаудың нәтижесін тым көтеріңкі бағалаудан және өтілген жағдайларды нақты бағаламаудан сақтану.

  2. Тиісті бағасын алу үшін, оқушылар тапсырманы өте мұқият орындауы керек.

  3. Жобалау тек қана реферат түрінде болмауы керек.

  4. Жұмыстың мазмұны тақырыптан ауытықымауы керек.

  5. Тәрбиелік міндеттерді іске асыру.

ХХ ғасырдың соңғы тоқсанында барлық дамыған елдерде дарынды балаларды анықтап, оларды дамыту негізінде оқыту жүйесі жүргізілуде.

Қазақстан Республикасында соңғы бес жылда қолға алынып, жүйелеуден өтіп жатқан «Дарын» бағдарламасының педагогтар алдына қойып отырған мақсаты- тұлғаның жалпы қабілеттерін дамыта отырып, белгілі бір саладағы ерекшелігін танытуына жан-жақты қолайлы жағдай тудыру. Сондықтан балаларымыздың терең білім алуымен қатар, өз пікірін ортаға салу сияқты қабілеттерін дамыту ұстаз қаумының міндеті.



Бұл міндеттердің жүзеге асуы, оқушылардың іс-әрекеттерін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты. Олай болса, менің іс-тәжірибемдегі оқушыны еркін ойлауға, талпынысқа баулуға үйрететін қажетті әдістердің бірі-жобалау әдісі(проект).

Жобалау әдісімен зерттеу әдісін оқу үрдісінде қолдану мұғалімнің позициясын өзгертеді, ол үшін жобалау әр түрлі формада болу керектігін білу және оны оқу үрдісінде қолдану мұғалімнің ыждахаттылықпен дайындалуын талап етеді. Әдісті сабақ барысында қолдануға бағыт беріп, көмектескен ОПМБАИ-ның әдіскері Нағима Шаймұратқызының айтылуынша, жобалау технологиясы сапалы білімге қол жеткізу тәсілі. Жобалау әдісінің мерзімі әр түрлі 1 сағаттық, 4-6 сағаттық, қысқа уақыт аралығында, яғни, апталық болуы мүмкін, онда белгілі бір блок, тарау, бөлім бойынша зерттеу жүргізіледі және ұзақ мерзімді, яғни, 1 айға созылуы мүмкін. Жобалау типі – монопроект, яғни, 1 пән бойынша және пән аралық болуы тиіс. Қатысушылардың санына байланысты дербес, жұптас, топ арқылы жұмыс жасалынады.

Ұсынылып отырған сабақ жоспарым ұзақ мерзімге, яғни, 1 айға бағытталған, себебі, ауа райын бақылап, зерттеу және оны компьютерге түсіру ұзақ уақытты қажет етеді.

Жобалау тақырыбы: ауа райын бақылау, зерттеу.

Пән: география, информатика.

Түрі: кіріктірілген.

Жобалау типологиясы. 1. Жобалаудағы іс-әрекет етуші тұлға –зерттеуші.

2. Пән мазмұны бойынша – пәнаралық.

3. Координаталық белгісі – ашық, негізгі көрсеткіштер бойынша.

4. Байланыс белгісі – ішкі, мектеп ішінде, 7 сынып бойынша.

5. Қатысушыларға байланысты- топпен жұмыс.

6. Ұзақтығы-1 ай.



Мәселе немесе жоспарлы нәтиже: 1 ай бойы ауа райының көрсеткіштерін қарау, яғни, күндізгі және түнгі температура, желдің бағытын, жауын-шашын мөлшерін, атмосфералық қысымды және болжамды нақты деректермен, телевизор, газет, интернет арқылы мәнін анықтау, оны электронды техникаға кіргізіп, келешекке жан-жақты сараптама жасау және болжау.

Мақсаты.

Оқуға деген қызығуын арттыру, ой қабілетін, бақылаушылығын, танымдылығын дамыту, шығармашылық әрекетін, логикалық ойлауын қалыптастыру.

Түскен немесе алған ақпаратпен жұмыс істеу икемділігін, зерттеу дағдысын, құбылыс арасындағы сәйкестікті таба білу іскерліктерін дамыту.

Коммуникативтік сапаны дамытуда өзара ынтымақтастыққа, сыйластыққа баулу.



Информатика бойынша. Ақпараттану үрдісінің негізгі түрлерімен танысу, іздену, елестету, бір-біріне көмектесу, жүйелеу, қолдану, сақтау. Ақпаратты талдау дағдысын қалыптастыру, электронды кестемен жұмыс істеуді үйрету.

Міндеті. Оқу үрдісін бағыт бере отырып ұйымдастыру; ақпаратты ізденуде мақсат қоя білу, іздену, таңдап алу; графикалық формада жазылған мәліметтерді, диаграммаларды түсіндіру және саралау.

Жобалауды орындау.

1-этап.

География сабағында тапсырма беріп, қандай көрсеткіштер жинақтау керектігін айту.

Информатика сабағында кестенің формасын таңдау және қандай қағазға жазылатынын анықтау.

1 ай бойы оқушылар керекті ақпаратты тіркеп отырады, яғни, жұмыстың көп бөлігі компьютерден тыс өткізіледі. Ақпаратты жинауда зерттеу жұмыстарын, ізденушілік жұмыстарын жүргізеді, келешекті болжайды. ЭТ-ны тек қана сараптауда, диаграмма құруда пайдаланады.



2-этап.

Айдың соңында бақылаудан жиналған мәліметтерді саралап, пайымдап, керектісін алып, информатика сабағында ЭТ-ға көшіреді. Кестеге түсіріп, диаграмма құрайды, міндетті және мүмкіндік деңгейде ізденеді. Дайын нәтижелерінен газет, альбом, карта, т.б. шығарып, сыртын эстетикалық тұрғыда көркемдейді.



3-этап.

Оқушылар кішкене топтарға бөлінеді, әр топ дайын нәтижелеріне сараптама жасай отырып сәйкестікті табады, оны қорғайды, есеп береді. Болжаудың шешімдерін анықтайды. ЭТ-ға кестеге түсіреді, диаграмма жасайды.



4-этап.

Нәтижені бағалау: нәтижеде негізгі өзектілігі ашық болуы; эстетикалық талғамға сай болуы; әрбір қатысушы әрекетінің көрініс табуы.



Қорытынды: оқушылардың білімдерін қорытындылау, алдыңғы сабаққа тапсырма беру.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет