Баспасөз-мәлімдеме 10 ақпан 2016ж сағат10. 30–13. 30 аралығында Республикалық Достық Үйінің «Баспасөз залында»



жүктеу 45.92 Kb.
Дата15.01.2017
өлшемі45.92 Kb.
ромб 1.jpg
БАСПАСӨЗ-МӘЛІМДЕМЕ
10 ақпан 2016ж. сағат10.30–13.30 аралығында Республикалық Достық Үйінің «Баспасөз залында» Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғылыми басылымы «Орталық-Азия өнертану журналының» бірінші номерінің баспасөз конференциясы/тұсаукесері өтеді.
Бұл халықаралық журналда Орталық-Азия аймағына қатысты авторлық материалдар – мақалалар, зерттеу нәтижелері, кітап, көрме, фильм, спектакль және т.б. өнер мен мәдениет саласындағы жаңалықтарға шолулар жарияланады.

Журналдың бірегейлігі – бұл Орталық Азияда, тіпті ТМД елдері кеңістігінде тұңғыш журнал және осы платформада өнер мен мәдениетті танудың бірден-бір ғылыми мамандандырылған мәселелеріне арналуында. Басылым ғалымдарға гуманитарлық ғылымдар аясында көркем бөлімдегі кәсіби ортада жариялануға зор мүмкіндік береді.

Журналдың шығарылу мақсаты алдағы уақытта дами отырып, ҚР БҒСҚК басылымдар тізіміне және халықаралық импакт-факторлы басылымдар қатарына ену. Басылым – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Мақалалар мен материалдардың рәсімделу ережесімен журнал сайтында http://cajas.kz/ танысуға болады.
Орталық-Азия өнертану журналының бірінші нөмірі барлық жағынан алғанда да өте символды болып шықты. Біздің шақыруымызға тек аймақтан ғана емес, сонымен қатар Еуропа және Азия елдерінен де әріптестеріміз үн қосты.

Журналдың басты материалы ретінде PhD докторы, Финляндиядағы Хельсинки университетінің музиология профессоры Эеро Тарастидің Қарсылық семиоткасы: тұрмыс, жад, тарих, қарама-қайшы белгілер деп аталатын жаңа мақаласын санауға болады. Бұл – Леви-Стросстың шәкірті және IASS/AIS (International Association for Semiotic Studies) институтының негізін қалаушы шебердің терең философиялық мәні бар мәтіні. Мақала «Семиотиканың қазіргі заманғы проблемаларын зерттеуге белсене қатыса алатынын» күмәнсіз дәлелдеп шығып, мәдениеттің барлық құбылыстарына ойлы, дискурсивті түрде қарауға жол ашып береді.

Қазақстанның Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры, өнертану ғылымының кандидаты С. А. Шкляева өзінің Қазақстан мешіттерінің интерьеріндегі ретроспективті жаңашылдық (1991-2015) атты мақаласында белгілер мен парадокстар тақырыбын жалғастырады. Онда автор «қазақ ою-өрнектеріндегі ойлар қисыны мен синтаксисі» тұрғысында безендірілген қазіргі заманғы мешіттердің өзара байланысын мұқият зерттейді.

PhD докторы, Үндістанның Калькутта қаласындағы Азия зерттеу институтының стипендиаты Дилором Каромат Амир Хусрау Дехлавидің «Qiran-us-sa’dain»-нындағы парсылық музыкалық модустар жайлы деген мақаласында біз қатар орналассақ та, жетік біле бермейтін, жергілікті жердің тұрмыс салты мен музыкалық аспаптарымен әдемі үйлесімін табатын Шығыс музыкасының мұрасын ашып көрсетеді.

Құрманғазы атындағы ҚҰК профессоры, қазақ композиторы, өнертану кандидаты Бақтияр Аманжолов Тәңіршілдіктің музыкалық дәстүрлері деп аталатын мақаласында адамзаттың рухани тәжірибесінің архетиптік негіздерінің өзара байланысы туралы еске ала отырып, Тәңірлік музыка дәстүрлерінің географиялық картасын» ұсынады.

И. П. Котляровский атындағы Харьков ұлттық университеті украин және шетел музыкасының тарихы кафедрасының оқытушысы, аспирантура түлегі Е. В. Ващенконың Композиторлық ойлау  жүйесі мәселелері аспектісіндегі А. Шнитке шығармашылығы мақаласы бізді қазіргі заманғы ойлау жүйесіне алып барады. Мақала қазір «композиторлық дүниетанымның өзіне композиторлық әрекеттің музыкалық көріністердің бүкіл кешенін бағындыратын ұғымға баламалы стиль ретінде көріне алатынын» жеткізіп, біздің заманымыздың ұлы композиторы творчествосын авторлық тұрғыда көрудің қыр-сырын ашады.

Филос. ғыл. докторы, профессор Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Қ. З. Халықов Интенционалдылық: сценографиядағы жаңа феноменологиялық тұрғыдан келу деген мақаласында сценографияның философиялық дискурстағы жаңа тенденцияларын зерттеудің жайларын алға тартады. Мақала «мазмұнның, пішімнің, образдың сана-сезім көмегі арқылы тактильді және визуалды алаңды кореляциялау жолдарын көрсетіп береді.

Қазақстанның Астана қаласындағы ҚазҰӨУ қауымдастырылған профессоры, өнертану кандидаты Нәзира Рахманқызының Бүгінгі қазақ киносының кейіпкері деген жұмысында Қазақстандағы авторлық киноның ахуалына сын тұрғысында талдау жасалған. Автор онда «авторлық фильмдер қаһармандарын уақыттың, қоғамның, қолайсыз оқиғалардың кепілдері ретінде» дәлелдеп көрсетеді.

PhD докторы, Suleiman Demirel университетінің қауымдастырылған профессоры М.Ергебеков Контент-анализ тәсілі: Коммуникация және кинотану зерттеулері мысалында атты жұмысында жаңа медианың тілдік құралына талдау жасайды. Автор зерттеуінде «статистиканың пайдалылық, сенімділік және кодтау секілді алуан түрлерінде көрінетін контент-анализді» пайдаланады.

Қазақстанның қазіргі заманғы өнеріндегі өзара ұштасушылық пен философиялық дискурс Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА аға оқытушысы, куратор, PhD ізденушісі Юлия Сорокинаның Қазақстан бейнеартының тілек нысаны деген не? мақаласында көтеріледі. Автор осы ойды ашу үшін «Жак Лаканның тілек дискурсын Қазақстан суретшілері жасаған видожұмыстарының көпшілігіне, сондай-ақ олардың әлемдік арт-қауымдастықтың арасында танымал болуға ұмтылулары үшін ортақ платформаларының герменевтік кілті ретінде пайдаланады.

Аймақ кескіндеме өнерінің проблемаларын зерттеуге арналған зерттеушілік қадамдар мен тәсілдемелік талдамаларды жинақтау жайы Өзбекстан республикасы Ғылым академиясы өнер білімі институты бейнелеу және декоративті-қолданбалы өнер бөлімінің бас ғылыми қызметкері Н. Р. Ахмедованың мақаласында сөзге тиек етіледі. Орта Азия кескіндеме өнерінің этномәдениет дәстүрлері мәселелері (1960-жж.) деген бұл жұмыста Орталық Азия бейнелеу өнерінің маңызды құрамдас бөліктері қарастырылады.

Болашақ ұрпақты оқыту көркемдік үдерістің бөлінбес бөлшегі болып табылады – Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Бибігүл Нүсіпжанова мен ҚазҰӨА проректоры, педагогика ғылымдарының докторы Гауһар Алдамбергенованың бірлескен авторлығымен жарық көрген Музыка- орындаушылықтағы рефлексивті процесстер деген мақала осы жайында ой қозғайды. Мұнда «белсенді ойлаушы музыкант-орындаушының кәсіби әрекетінде рефлексивті үдерістерін табиғатын тереңірек ашуға, жеке тұлғаның өнерге қызмет етуге арнаған творчестволық болмысының интеллектуалды механизмін тірек ететін рефлексивті сана-сезімі аумағына енуге ұмтылыс» қарастырылған.



Барлық сұрақтар бойынша

хабарласуласуларыңызды сұраймыз:

Бас редактордың орынбасары – Халықов Қ.З.:+77078913411



Шығарылым редакторы – Сорокина Ю.В.: +77014012297

Т.Жүргенов атын.ҚазҰӨА Халықаралық бөлім, Махметова Г.К.: 2611572



Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет