Баспасөз баяны астанада «Қазақстан 2050» Демократиялық күштердің жалпұлттық коалициясының отырысы өтіп жатыр. «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудағы қажетті

Loading...


жүктеу 31.13 Kb.
Дата08.09.2017
өлшемі31.13 Kb.
БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
Астанада «Қазақстан - 2050» Демократиялық күштердің жалпұлттық коалициясының отырысы өтіп жатыр. «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудағы қажетті жағдай ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қоғамның күшін жұмылдыру коалиция мүшелері талқылаған тақырып болды.

Шараға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров, сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, елдегі саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысып отыр. Сонымен бірге бірқатар сарапшылар шақырылды: Transparency Kazakhstan қамқоршы кеңесінің төрайымы Наталья Малярчук, белгілі ғалым-заңгерлер Исидор Борчашвили, Марат Башимов, қоғам қайраткері Талғат Әбдіжаппаров, «Стратегия» қоғамдық қорының президенті Гүлмира Елеуова.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы мақсаттарға қол жеткізудің басты шарты ретінде мемлекет пен барлық қоғамның жемқорлыққа қарсы күш-қайратын жұмылдыруды атап өткен болатын. Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХV съезінде сөйлеген сөзінде атап өткеніндей: «Саяси көшбасшылықтағы түбегейлі мәселе – біздің ымыраға көнбейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиямыз».

Бүгінгі уақытта стандарттау, реттеу және бақылау жолы арқылы мемлекеттік органдардың қарапайым азаматтарға көрсететін қызметінің сапасы айтарлықтай артты. «Электрондық үкімет» пен ХҚО арқылы «бір терезе» жолымен тұрғындарға қызмет көрсету өз тиімділігін дәлелдеді. Ауыл әкімдерін сайлау институтын енгізудің есебінен басшылардың жергілікті азаматтардың алдындағы есептілігі күшейді. Рұқсат ету рәсімдерінің сандарын қысқарту жолымен бизнеске түсетін әкімшілік салмақ айтарлықтай жеңілдеді. Шағын және орта бизнесті тексеруге мараторий жарияланды. Оның сыртында құқықтық-нормативтік база жетілдірілуде. 2015 жылдан бастап күшіне енетін Қылмыстық кодексте жемқорлық қылмысы үшін шартты жаза қолдануға тыйым салу, жемқорлық қылмыс жасаған тұлғаларды мемлекеттік қызметте мансап құқын иеленуге өмірлік тыйым салу қарастырылған.

Шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров тұңғыш рет 2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық Стратегияның жобасын таныстырды.

Сондай-ақ, 2014 жылдың шілдесінде «Нұр Отан» партиясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасын әзірлеп, қалың бұқараның талқылауына ұсынған болатын.

«Мемлекет пен азаматтық қоғамның әріптестігі, ашықтық, жариялылық пен мемлекеттің қоғамға есептілігі, заң үстемдігі, жемқорлық құқықбұзушылық үшін жазаның қолданылмай қалмайтындығы, нөлдік төзімділік пен жемқорлықты жұрт алдында жазғыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі қағидаттар болуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге болатынына байланысты қоғамда қалыптасқан көзқарасты түбегейлі өзгерту қажет», - деп атап өтті ДКЖК отырысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

«Нұр Отан» партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасының жобасы туралы бағдарламаны әзірлеген жұмысшы тобының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Нұрлан Әбдіров әңгімелеп берді, партия қатарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың механизмі туралы «Нұр Отан» партиясы қарамағындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық Қоғамдық Кеңестің төрағасы Қайырбек Сүлейменов хабарландырды.

Белгілі болғандай, бағдарлама жобасы 6 мыңнан астам алаңда талқыланып, оған 800 мыңнан астам қазақстандық қатысты. Барлығы 800 астам ұсыныстар мен толықтырулар түсті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы партиялық бағдарлама а.ж. күзінде Саяси кеңестің отырысында қабылданады деп күтілуде.

Отырыс қорытындысы бойынша ДКЖК мүшелері Коалиция атынан барлық Қазақстан азаматтарына арнаған Үндеу қабылдады


Анықтама үшін:

Елдегі 7 партияны біріктірген, «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық демократиялық күштердің коалициясы «Нұр Отан» партиясының бастамасымен 2009 жылы құрылды.



2010 жылдың желтоқсанында Кеңеске еліміздегі 16 үкіметтік емес ұйым кірді, олардың қатарында: Қазақстан кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстанның азаматтық альянсы» және т.б. бар.

Коалиция Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларындағы және Мемлекет басшысының басқа да бағдарламалық құжаттарындағы баяндалған, сондай-ақ қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуді өкілетті органдардың тиімді жүзеге асыруы үшін бірқатар ұсыныстар әзірлеуге бағытталған.
: sites -> default -> files -> press files
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
files -> Сот ісін жүргізу тілі принципін қолданудың кейбір мәселелері туралы
files -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
files -> Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы
files -> Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу үшiн жұмыстарды қабылдау
press files -> Демократиялық жалпұлттық күштер коалициясының мүшелері Ұлт Жоспары –«100 нақты қадамды» талқылайды 2015 жылдың 18 маусымында «Қазақстан-2050»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...