Баспа №1 18. 09. 2013 Бет тен

Loading...


жүктеу 424.16 Kb.
Дата10.09.2017
өлшемі424.16 Kb.

ПОӘК О42-18-4.1.03/01-2013


Баспа №1 18.09.2013

Бет тен



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ




3 деңгейлі СБЖ құжаты

О Ә К

042-16-20.01.20.03/01-2012


«Қаржы» пәнінен оқытушыларға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

№ 2 баспа


5 В050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы үшін

«Қ А Р Ж Ы»

ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей 2012



1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ:
Құрастырушы:

__________Акишева Д.М.- Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетінің «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, экономика магистрі;


2. ТАЛҚЫЛАНДЫ:

2.1. Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетінің «Қаржы» кафедрасының отырысында талқыланды және бекітілді


Хаттама №___ ___ ___ 2012 ж
«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі, ____________Масалимова С.Ж.
2.2.Қаржы-экономикалық факультетеінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды
Хаттама №__ ___ ___ 2012 ж
Оқу-әдістемелік бюросының төрағасы, __________ Тойкин С.Х.

3. БЕКІТІЛДІ:

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді және басылымға жіберуге ұсынылды


Хаттама №__ ___ ____2012 ж
Оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы,

бірінші проректор, ___________ Рскелдиев Б.А.




Мазмұны


1.

Қолдану саласы




2

Нормативтік сілтемелер




3

Жалпы мәліметтері




4.

Оку пәнің (модуль) мазмұны




5.

Студентерінің өздік жұмысының тақырыптарының тізімі




6.

Пәні бойынша оқу-әдістемелік картасы




7.

Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етiлу картасы




8.

Әдебиеттер





1. ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ

Берілген құжат сәйкес пән бойынша оқу процесін ұйымдастырудың негізгі процедураларын жүйелеп, реттейді және «Қаржы» кафедрасында қолдануға ұсынылады.

«Қаржы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені 5В050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған. Ол студенттерді курс мазмұнымен, оның көкейкестілігі және қажеттілігімен, курс саясатымен таныстырып, студенттердің оқу процесінде меңгеретін талаптары мен дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді. Оқу - әдістемелік кешен пәнді оқып үйренуде негізгі құрал болып табылады.
2. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР.

«Қаржы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде өңделген «Пәннің оқу-әдістемелік кешені туралы ереже» талаптарына сәйкес өңделген.

5В050900 «Қаржы» мамандығының Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты 5.04,019- 2011 ж. Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Бұйрығымен бекітіліп, қолдануға енгізілген.

3. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР.


  • Дәріс сабақты жүргізуші - Акишева Д.М., аға оқытушысы, магистр

  • Практикалық сабақты жүргізушілер – Омарова А.К.,оқытушы, магистр Нурмадиева Г.Д.- оқытушы, магистр

  • Кафедра – Қаржы;

  • Байланыс ақпараттары – тел: 53-03-16, оқу ғимараты № 8, кабинет № 229-230;

  • Дәріс сабақты өткізу орны - оқу ғимараты № 1, кабинет № 612

  • Тәдіри сабақтың өткізу орны - оқу ғимараты № 8, кабинет № 509,505

  • Пәннің атауы – «Қаржы»;

  • Кредит саны – 2;

  • Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.


3.1 Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы.

Қаржы туралы ғылым экономикалық ғылымдар жүйесінде маңызды орын алады. Қаржы ғылымының теориялық негіздері ұдайы өндіріс және мемлекет туралы ілім болып табылады.

Берілген курс экономикалық профиль студенттерінің алған білімдерін мейлінше дамытатын, нақтылайтын және тереңдететін профилдік пән болып табылады. Қаржының пәні өндірістік қатынастардың ажырамас бөлігі ретіндегі қаржы қатынастары болып табылады., олар мақсатты ақша қорлары қалыптасатын қоғамдық өнімді бөлуге бағытталған өндірістік қатынастар сипатының өзіндік еркшелігімен ерекшеленеді.

«Қаржы» оқу курсының сызбасы және оның құрылымы оқу процесін мейлінше жеңілдетуге мүмкіндік береді. Курста қаржының табиғаты, функциялары, олардың басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы, шаруашылық өмірдегі көрінісінің ерекшеліктері қарастырылады, қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың нысандары мен әдістері арқылы жүзеге асырылу механизмі қарастырылады.

Ғылымның обьектісі қаржы ресурстары-ақша қаражаттарының және қорларының жиынтығы, сондай-ақ бұл қаржы нысандарында іске асырылған көздері болып саналады.

Қаржының субьектілері аталған қатынастардың қатысушылары – шаруашылық, коммерциялық, мемлекеттік, қоғамдық және өзге орнадары, мекемелер, үй шаруашылықтары, басқа экономикалық агенттер болып табылады.

Қаржыны зерттегенде теория мен практиканың, тарихи және қисындық тәсілдемелердің бірлігін сақтау қағидалы түрде қажет болуы тиіс.

Бағдарламада басқа экономикалық пәндермен өзара байланысқан курстың негізгі бөлімдері мен негізгі бөлімдердің тақырыптарының мазмұндары ашылған. Курсты оқыту әдістері, қаржыларға арналған отандық және шетелдік әдебиеттер берілген. Бағдарламаға сонымен қатар Қазақстан Республикасының Заңынан, Президент Жарлығынан, ресми материалдар мен нормативтік актілерден, оқулықтар мен оқу құралдарынан тұратын әдебиеттер тізімі енгізілген.


3.2Берілген курстың мақсаттары:

  • студенттерге қаржының теориялық аспектілері бойынша, қаржылық жүйенің қызмет ету негіздері, жалпы мемлекеттік қаржылар мен шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржыларының, бағалы қағаздар нарығының негіздері және т.б. бойынша біртұтас білім жүйесін қалыптастыру;

  • пәннің мәнін және мазмұнын сипаттайтын терминологиялық ұғымдық ақпарат беру;

  • барлық ұғымдардың өзара байланысын, олардың ішкі мазмұнын ашу.



3.3 Пәнді оқытудағы негізгі міндеттер:

  • студенттерге қаржылардың, жалпы алғанда қаржылық жүйенің теориясы бойынша тиісті білім беру;

  • оларға қаржылық сферада қызмет ету үшін қажетті практикалық дағдыларды дарыту;

  • қаржы жүйесінің болашақ профессионалдарына мүмкін болатын қаржылық жаңалықтар, интернет-технологиялар және басқаларды ескере отырып жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеу.


3.4 Пәнді оқу нәтижесінде студент:

  • қаржыладың қызмет етуі мен теориялық аспектісін, сонымен қатар қазіргі қаржылық жүйені, оның құрылымын ұйымдастырудың формалары мен принциптерін оқып үйренеді;

  • өз бетінше экономикалық шешім қабылдау және талдау дағдысын, қаржы саласында практикалық дағдыларды меңгереді;

  • қаржы түсінігінің, қаржыларды басқаруа, қаржылық жоспарлау, қаржылық реттеу негіздерінің, қаржылық жүйе түсінігінің, мемлекет, шаруашылық жүргізуші субьектілер, үй шаруашылығы қатынастарының негізгідерінің теориялық аспектілерін меңгереді;

  • теорияда алған білімдерін практикамен ұштастыра білуді, қаржы жүйесінің қызметін жетілдіруге мүмкіндік беретін шараларды өңдеуді уйретеді;

  • «Қаржы» пәнінің экономикалық категорияларын, қазіргі заманғы қаржылық саясатты, шаруашылық операциялардың жүзеге асырырлуының негізгі ережелерін түсініп біледі;

  • қаржы жүйесінің экономикалық категорияларының негіздері туралы, сонымен қатар мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметтері және қаржылық нарықтың қызмет ету негіздері және т.б. туралы түсінік алады;

  • өзіндік экономикалық ойлауды, талдау нәтижелерін қорытындылауды, тиімді шешім қабылдау бойынша шараларды өңдеуді үйреніп, практикалық дағдыда меңгеріп, қаржы саласында ерекше арнайы білім алады;


3.5 Курстың пререквизиттері: «жоқ»

3.6 Курстың постреквизиттері: «жоқ».

3.7 Жұмыс оқу жоспарынан көшірме – 1 кестеде келтірілген


Кесте 1 - Жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Курс


Семестр

Кредит-тер

Дәріс

(сағат)


СПС (сағат)

ОСӨЖ (сағат)

СӨЖ (сағат)

Барлығы (сағат)

Қоры-тынды бақылау формасы

2

3

2

15

15

15

45

90

емтихан

3

5

2

15

15

30

30

90

естихан


4 ОҚУ ПӘННІҢ (МОДУЛЬ) МАЗМҰНЫ

Кесте 2 - Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы





Тақырып мазмұны

Дәріс

Практика

ОСӨЖ

СӨЖ




1 модуль Каржы: мәні, міндеттері мен













1

Тақырып 1. Кiрiспе. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен ролі.

Қаржы ұғымы құндық экономикалық категория ретінде. Ақша және қаржы. Қаржының обьективті және субьективті себептермен анықталатын қажеттілігі. Қаржының табиғаты. Тауар-ақша қатынастарыжәне қаржы. Ұдайы өндіріс процесіндегі қаржылар.

Қаржы қатынастарының қатысушылары. Қаржынық құрамы, оның қызмет ету сфералары.

Қаржының спецификалық белгілері, тауар-ақша қатынастары жүйесіндегі олардың шекаралары. Нарық жағдайында жаңа қаржы қатынастарының дамуы.

Қаржының функциялары. Қоғамдық ұдайы өндірістегі экономикалық категорияның функиялары мен ролін шектеу. Қаржының функцияларына экономистер көзқарастарының эволюциясы.

Қаржының басқа экономикалық категория-армен (бағамен, еңбекақымен, несиемен) өзара байланысы.

Қаржы ресурстары мен қорлары қаржы қатынастарының материалдық заттай иелері ретінде. Қаржы ресурстарының көздері. Қаржы ресурстарының өсу факторлары.


1

1

1/2

3/2

2

Тақырып 2. Қаржы жүйесiн ұйымдастыру

Қаржылық жүйе ұғымы. Категорияның қызмет ету сипатына сапалық әдістемелердіқамтып көрсететін қаржы жүйесінің элементтері. Қаржы жүйесін сыныптаудың белгілері. Қаржы қатынастары обьектілерінің мәнін жиынтық түрде анықтайтын қаржы жүйесінің бөліктері мен буыдары. Функционалдық белгісі бойынша қаржы жүйесінің құрылымы.Қаржы жүйесінің құрылымының сызбасы.

Қаржы жүйесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары. Қаржы жүйесін жетілдірудің бағыттары. Нарықтық жағдайда экономиканы құрудағы қаржы жүйесінің ролі.


1

1

1/2

3/2

3

Тақырып 3. Қаржылық саясат және қаржылық механизм.

Қаржылық саясат мазмұнын ашу. Қаржылық тактика және қаржылық стратегия. Қаржылық саясаттың мазмұны, мiндеттерi, принциптерi, мақсаттары. Қаржылық механизм құрылымы. Қаржылық рычагтар. Нарықтық қатынастарға көшу кезiндегi Қазақстан Республикасының қаржылық саясатының ерекшелiктерi.

Қаржыларды басқарудың принциптерi және мазмұны. Қаржыларды басқарудағы ғылыми көзқарас. Қаржыларды басқарудың элементтерi. Қаржы министрлiгi және Мемлекеттiк Кiрiс министрлiгiнiң құқықтары және мiндеттерi. Кәсiпорындар және ұйымдарды басқару.

Қаржылық жоспарлау мазмұны. оның ерекшелiктерi. Қаржылық жоспарлау объектiлерi және субъектiлерi. Қаржылық жоспарлау принциптерi, әдiстерi. Қаржылық жоспарлауды iске асыру этаптары. Қазақстан Республикасы қаржылық жоспарларының жүйесi. Қаржылық болжау қажеттiлiгi. Мемлекеттiң жиынтық қаржылық балансы. Кiрiстер және шығыстар балансы. Кәсiпорынның қаржылық көрсеткiштерi. Нормалар және нормативтер.

Қаржылық қатынастарды құқықтық реттеу. Қаржылық-құқықтық механизм. Қаржылық-құқықтық нормалар. Қаржылық-құқықтық әдiстерi. Мемлекеттiң қаржылық қызметiнiң мазмұны. Қаржылық-құқықтық актiлер.

Қаржылық бақылау мәнi. Қаржылық бақылаудың принциптерi және мақсаттары.Субъектiлерiнен тәуелдi қаржылық бақылау түрлерi. Аудиторлық бақылау. Қаржылық бақылау әдiстерi. Ревизия қаржылық бақылаудың негiзi ретiнде. Қазақстан Республикасында қаржылық бақылауды ұйымдастыру.



1

1

1/2

3/2




2 Модуль Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қаржылары







1/2

3/2

4

Тақырып 4 Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қаржыларының қызмет ету негiздерi.

Кәсiпорын және ұйым қаржыларының табиғаты, олардың ұдайы өндiрiс процесiндегi ролi. Кәсiпорын және ұйым қаржыларының функциялары. Кәсiпорын, мекеме және ұйым қаржыларының ерекшелiктерi. Кәсiпорын ұйым, мекемелердiң жiктелуi. Негiзгi ұйыдастырушылық құрылымдардың кәсiпорын қаржыларының ерекшелiктерi. Шаруашылық серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар, мемлекеттiк кәсiпорындар қаржылары.



1

1

1/2

3/2




3 Модуль Мемлекеттік қаржылар







1/2

3/2

5

Тақырып 5. Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы.

Мемлекеттiң экономикалық өмiрге қатысуы. Экономикалық ресурстарды қайта тарату қажеттiлiгi. “Жанама әсерлер” әсерi және оларды реттеу шаралары. “Қоғамдық товар” ұғымы. Мемлекеттiк қаржылар функциялары. Мемлекеттiк қаржылар үзбелерi және олардың сипаттамасы. Мемлекеттiк меншiк формалары.

Экономикалық категория ретiндегi “мемлекеттiк кiрiстер” ұғымы. Алғашқы, аралық және соңғы кiрiстердi қалыптастыру. Мемлекеттiк кiрiстер диалектикасы. әртүрлi қайнар көздерден қалыптасатын мемлекеттiк кiрiстердiң құрамдас бөлiктерi. әртүрлi белгiлерi бойынша мемлекеттiк кiрiстердi жiктеу.

“Мемлекеттiк шығындар” ұғымының мәнi. Мемлекеттiк шығындардың әлеуметтiк-экономикалық ролi. Принциптерi. Мемлекеттiк шығындардың критерилерi және жiктелу түрлерi. Мемлекеттiк шығындарды қаржыландыру әдiстерi және формалары. Экономикаға. әлеуметтiк-экономикалық шараларға шығындар. Бiлiм беруге, денсаулық сақтауға шығындар. әлеуметтiк шараларды қаржыландыруға шығындар. Қорғанысты қаржыландыру шығындары.



1

1

1/2

3/2

6

Тақырып 6. Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру.

Салықтардың ұғымы, оның мәні. Салықтардың функциялары. Мемлекеттік дамуымен және тауар-ақша қатынастарынң жетілдірілуімен байланысты салықтардың және олардың функциясының эволюциясы.

Салық салудың және салықтарды ұтымды ұйымдастырудың қағидаттары. Салық жүйесі, нарықтық экономика жағдайында оны құруға қойылатын негізгі талаптар.Салықтарды ұымдастыру мен алудың негізі ретіндегі салық элементтері. Тура және жанама салықтар және олардың ұйымдастырылуы.


1

1

1/2

3/2

7

Тақырып 7. Мемлекеттiк бюджет.

Мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық табиғаты. Бюджеттiк қатынастардың спецификасы. “Мемлекеттiк бюджет” ұғымы. ҚР-ның мемлекеттiк бюджетiнiң кiрiстерi және шығыстары құрамы және құрылымы. Бюджеттi құруда қолданылатын принциптер. Бюджеттiк жiктелу және оның ерекшелiктерi. Бюджет тапшылығын туғызатын факторлар. Бюджеттiк процестi ұйымдастыру.

Мемлекеттiк бюджеттер мазмұны, олардың қаржылық жүйе құрылымындағы орны. Жергiлiктi бюджеттер: олардың аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуындағы ролi. Жергiлiктi бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң құрамы. Жергiлiктi бюджеттiң шығыс бөлiгiнiң құрамы. Арнайы экономикалық аймақтар қаржыларының мазмұны.


1

1

1/2

3/2

8

Тақырып 8. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қажеттіліг мен мәні. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы бюджеттен тыс қорлардың ролі.

Бюджеттен тыс қорлардың сыныптамасы. Басқарудың жергілікті органдарының бюджеттен тыс қорлары. Қорлардың қаражат-тарын қалыптастыру проблемалары. Дағдарыстың даму кезеңіндегі Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуіндегі қайшылықтар.

Әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар.Қазақстан республикасының Ұлттық қоры. Әлеуметтік сақтандыру қоры. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры. Әлеуметтік сақтандыру қоры.Инновациялық және инвестициялық қорлар 2015 жылға дейін Қазақстанның индустралды-инновациялық дамуының стратегиясын жүзеге асырудың қаржылық көздері ретінде.



1

1

1/2

3/2

9

Тақырып 9. Мемлекеттiк кредит және мемлекеттiк қарыз.

Мемлекеттiк кредит мәнi. Функциялары. Мемлекеттiк кредит формасы. Мемлекеттiк кредит жiктелуi. Мемлекеттiк кредиттiк қатынастарда қолданылытын әдiстер. Халықаралық мемлекеттiк кредит. Мемлекеттiк қарыз ұғымы. Iшкi мемлекеттiк қарыз мәселелерi. Мемлекеттiк қарызды басқару және оның негiзгi әдiстерi.



1

1

1/2

3/2




4 Модуль







1/2

3/2

10

Тақырып 10. Үй шаруашылықтарының қаржысы.

Үй шаруашылықтары экономикалық қызметтің субьектілері ретінде. Ұдайы өндіріс үрдісіндегі экономикалық ресурстардың толық айналымын қамтамасыз етудегі үй шаруа-шылықтарының ролі. Өндіріс факторларының нарығы және оған үй шаруашылықтарының қатысуы. Үй шаруашылықтары қаржысының мәні, олардың фунцияларының мазмұны. Үй шаруашылықтары қаржы ресурстарының ұғымы, олардың құрамы мен құрылымы. Үй шаруашылықтарының бюджеті. Кірістерді қалыптастыру. Ақша қорлары: жеке, бірлескен қорлар. Үй шаруашылықтарының кірістері мен олардың сипаттамасы. Үй шаруашылықтарының жалпы табысы. Үй шаруашылықтарының тұрақты және уақытша кірістері. Үй шаруашылықтарының кірістерін қалыптастыру-дағы еңбекақының ролі.



1

1

1/2

3/2

11

Тақырып 11. Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері

Сақтандырудың экономикалық табиғаты және оның қызметiнiң сфералары. Сақтандырудың мақсаты және олардың категориялары. Сақтандыру қорларын қалыптастыру әдiстерi. әлеуметтiк сақтандыру. әлеуметтiк қауiпсiздендiру қоры. Жеке және мүлiктiк сақтандыру ерекшелiктерi. ҚР-дағы сақтандыру iсi.



1

1

1/2

3/2

12

Тақырып 12. Экономиканы мемлекеттiк қаржылық реттеу.

Қаржы-экономикалық реттеудiң шетелдiк концепциялары. Экономиканы мемлекеттiк қаржылық реттеу мәнi және жiктелуi. Макроэкономикалық тепе-теңдiк және қаржылар. Шығындар мультипликаторы және салықтық мультипликатор қызметi. Фискалдық саясат варианттары. Салықтардың нарықтық тепе-теңдiкке әсерi



1

1

1/2

3/2

13

Тақырып 13. Қаржы нарығы.

Қаржылық нарықтың ерекшелiктерi және оның басқа нарықтардан айырмашылығы. Қаржылық нарықтың қызмет ету алғышарттары. Бағалы қағаздар түрлерi. Бағалы қағаздар эмиссиясының мақсаттары. Қаржылық нарықтың қатысушылары. Қаржылық нарық жiктелуi. Қор биржасының функциялары және оның қаржылық қызметi.



1

1

1/2

3/2

14

Тақырып 14. Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесiндегi қаржылар.

Сыртқы экономикалық қатынастар сипаты және оның даму бағыттары. Қазақстандағы экспорттық-импорттық операциялар. Сыртқы экономикалық қызметтердi реттеу әдiстерi. Валюталық курс әсерiнiң механизмi. Кеден бажы және оның бағыттары. Кәсiпорын және ұйымдар валюталық ресурстарын қалыптастыру. Елдiң төлем балансы. Төлем балансының құрылымы және жағдайы.



1

1

1/2

3/2

15

Тақырып 15. Қаржы және инфляция.

Инфляция іс-әрекетінің факторлары. Инфляция табиғаты және оның қаржылармен байланысы. Инфляцияның типтерi, олардың сипаты. Инфляцияның айқындалу формалары және инфляция механизмi.

Инфляцының әлеуметтік-экономикалық салдары. Ақшалай табыстар мен жинақ ақшалардың құнсыздануы. Табыстар мен байлықты қайта бөлу. Ақша қаражаттарын заттандыру. Инвестициялық қызметтің төмендеуі. Халықтың және кәсіпорындардың ақша қаражаттарын бүркемелі тәркілеу.

Қазақстандағы инфляция ерекшеліктері. Бейімделу саясатының шаралары. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты. Баға мен еңбекақыны реттеу.



1

1

1/2

3/2




Барлығы

15/15

15/15

15/30

45/30


5. СТУДЕНТЕРІНІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ


  1. Ұдайы өндірістегі қаржының рөлі

  2. Басқа құндық экономикалық категориялармен қаржының өзара іс-әрекеті

  3. Қаржы ресурстары мен ақша қорлары

  4. Қаржылық жоспарлаудың объектісі, мақсаты, міндеттері және қағидаттары

  5. Қаржы жоспарларының негізгі түрлері, олардың сипаттамасы

  6. Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылау органдары

  7. Негізгі үйымдық-құқықтық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының ерекшеліктері

  8. Негізгі өндірістік капиталдар, олардың толық айналымы

  9. Өндірістік капиталдарды қалыптастырудың және олардың өсімдерін қаржыландырудың көздері

  10. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары

  11. Кәсіпорынның шығындары

  12. Шаруашылық жүргізуші субъектінің табыстарын қалыптастыру және бөлу

  13. Өндірістік емес сфера мекемелері мен ұйымдары қаржысының ерекшеліктері

  14. Өндірістік емес сфера мекемелері мен ұйымдарының кірістерінің көздері және негізгі шығыстары

  15. Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер

  16. Жанама пайдаларды реттеу

  17. Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттамасы және құрамы

  18. Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстардың сыныптамасы

  19. Әлеуметтік мақсаттарға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру

  20. Инновациялық дамуды қаржыландыру

  21. Қорғаныс пен басқаруды қаржыландыру

  22. Салықтардың экономикалық мәні, қағидаттары және функциялары

  23. Салықты алудың амалдары және салықтық есептердің әдістері

  24. Тура салықтар, олардың сыныптамасы

  25. Корпорациялық табыс салығы

  26. Жеке табыс салығы

  27. Әлеуметтік салық

  28. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері

  29. Меншік салықтарының (жер,мүлік,көлік құралдарының) қысқаша сипаттамасы және маңызы

  30. Жанама салықтар және олардың сипаттамасы

  31. Қосылған құн салығы

  32. Акциздер, олардың фискалдық және реттеуші рөлі

  33. Алымдардың, төлемақылардың арналымы және рөлі

  34. Салықтарды аударып салу үдерісінің ерекшелеліктері

  35. Салық салудан жалтарыну

  36. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары , экономиканы басқару механизмі ретінде

  37. Бюджет тапшылығымен байланысты бюджет саясатының тұжырымдары

  38. Бюджет жүйесіндегі бекітіп берілген және реттеуші табыстар

  39. ҚР жергілікті бюджеттерінің табыс бөлігінің құрамы

  40. ҚР жергілікті бюджеттерінің шығыс бөлігінің құрамы мен құрлымының ерекшеліктері

  41. Бюджет жүйесіндегі субвенциялар және алынымдар

  42. Бюджеттік үдерістің кезеңдері ( республикалық, жергілікті деңгей)

  43. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы

  44. Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз етудің ерекшеліктері

  45. Жинақтаушы зейнетақы қорларын қалыптастыру және пайдалану

  46. ҚР Ұлттық қоры: қордың қалыптасуы және миссиясы

  47. Инвестициялық қор, оларды пайдаланудың бағыттары

  48. Инновациялық қор, Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудағы оның рөлі

  49. Ішкі және сыртқы мемекеттік борыштың проблемалары

  50. Ұдайыөндірістік үдерістегі үй шаруашылықтарының рөлі

  51. Үй шаруашылықтарының бюджеті, оның кірістері мен шығыстары

  52. Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі

  53. Халықтың тұрмыс деңгейін реттеу

  54. Халықтың тұрмыс деңгейінің қаржылық және әлеуметтік индикаторлары

  55. Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер кедейлікті төмендетудің фаторы ретінде

  56. Респупликаның сақтық рыногы, оның даму бағыттары

  57. ҚР-дағы қаржы рыногының ерекшеліктері

  58. Бағалы қағаздардың негізгі түрлері олардың қысқаша сипаттамасы

  59. Қаржы рыногының инфрақұрылымы,оның құрамы

  60. Кеден баждары, олардың арналымы, түрлері

  61. Қазақстан экономикасына шетелдік капиталды тартудың проблемалары

  62. Инфляцияның тұрпаттары, түрлері және олардың қаржылық аспектілері

  63. Инфляцияға қарсы саясаттың шаралары

  64. Шығындар инфляциясын жою

  65. Сұраным инфяциясын жою жөніндегі қаржылық-экономикалық іс шаралар


6 «ҚАРЖЫ» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ
Кесте 3 – «Қаржы» пәні бойынша оқу-әдістемелік картасы

Тақырыптар

Көрнекті материалдар

Өздік жұмыс тапысрмалары

Бақылау формасы

Дәріс

сабақтың


Тәжірибелік сабақтың










1

2

3

4

5

Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен ролі.


Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен ролі.

Курс бағдарламасы, слайдтар, сызбалар, тесттер

  1. Қаржы даму тарихы

  2. Қаржылық ресурстар және оның қалыптасу қайнар көздері




Ауызша сұрау, жазбаша сұрау

Қаржы жүйесiн ұйымдастыру

Қаржы жүйесiн ұйымдастыру


Курс бағдарламасы, слайдтар, сызбалар, тесттер

  1. Қаржылық жүйені жетілдірудің негізгі бағыттар

  2. Шет елдердің қаржы жүйесі.

Эссе

Қаржылық саясат және қаржылық механизм.

Қаржылық саясат және қаржылық механизм.

Курс бағдарламасы, слайдтар, сызбалар, тесттер

  1. Қаржылық жоспарлау мен болжауды жетілдірудің негізгі.

  2. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру

  3. ҚР қаржыларын салықтық басқару.




Ауызша сұрау, жазбаша сұрау

Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қаржыларының қызмет ету негiздерi.

Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қаржыларының қызмет ету негiздерi.

Курс бағдарламасы, слайдтар, сызбалар, тесттер

1. Шаруашылық жүргізуші субъектінің табыстарын қалыптастыру және бөлу



Ауызша сұрау, жазбаша сұрау

Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы.

Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы.

Курс бағдарламасы, слайдтар, сызбалар, тесттер

1 Өндірістік емес сфера мекемелері мен ұйымдары қаржысының ерекшеліктері

2. Өндірістік емес сфера мекемелері мен ұйымдарының кірістерінің көздері және негізгі шығыстары



Ауызша сұрау, жазбаша сұрау

Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру.

Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру.

Курс бағдарламасы, слайдтар, сызбалар, тесттер

1.ҚР салықтық жүйесі

2. Жанама салықтар алуды ұйымдастыру

3. Арнайы салықтық режимдер


Ауызша сұрау, жазбаша сұрау

Мемлекеттiк бюджет.

Мемлекеттiк бюджет.

Курс бағдарламасы, слайдтар, сызбалар, тесттер

1. Бюджет жүйесіндегі бекітіп берілген және реттеуші табыстар

ҚР жергілікті бюджеттерінің табыс бөлігінің құрамы



  1. ҚР жергілікті бюджеттерінің шығыс бөлігінің құрамы мен құрлымының ерекшеліктері




Ауызша сұрау, жазбаша сұрау

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.

Курс бағдарламасы, слайдтар, сызбалар, тесттер

1.ҚР бюджеттен тым қорлардың қызмететуі

2. ҚР Ұлттық қлры



Ауызша сұрау, жазбаша сұрау

Мемлекеттiк кредит және мемлекеттiк қарыз.

Мемлекеттiк кредит және мемлекеттiк қарыз.

Курс бағдарламасы, слайдтар, сызбалар, тесттер

1. Ішкі және сыртқы мемекеттік борыштың проблемалары


Ауызша сұрау, жазбаша сұрау

Үй шаруашылықтарының қаржысы.

Үй шаруашылықтарының қаржысы.

Курс бағдарламасы, слайдтар, сызбалар, тесттер

Халықтың тұрмыс деңгейінің қаржылық және әлеуметтік индикаторлары

Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер кедейлікті төмендетудің фаторы ретінде




Ауызша сұрау, жазбаша сұрау

Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері.

Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері.

Курс бағдарламасы, слайдтар, сызбалар, тесттер

1. Әлеуметтің сақтандырудың ерекшеліктері

3.Қазақстандағы сақтандыру нарығының дамуы.



Ауызша сұрау, жазбаша сұрау

Экономиканы мемлекеттiк қаржылық реттеу.

Экономиканы мемлекеттiк қаржылық реттеу.

Курс бағдарламасы, слайдтар, сызбалар, тесттер

Халықтың әлеуметтік топ табыстарың салықтық бюджеттік реттеу

Ауызша сұрау, жазбаша сұрау

Қаржы нарығы.

Қаржы нарығы.

Курс бағдарламасы, слайдтар, сызбалар, тесттер

1.ҚР-дағы қаржы рыногының ерекшеліктері

2.Бағалы қағаздардың негізгі түрлері олардың қысқаша сипаттамасы

3.Қаржы рыногының инфрақұрылымы,оның құрамы


Ауызша сұрау, жазбаша сұрау

Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесiндегi қаржылар.

Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесiндегi қаржылар.

Курс бағдарламасы, слайдтар, сызбалар, тесттер

1. Кеден баждары, олардың арналымы, түрлері

2. Қазақстан экономикасына шетелдік капиталды тартудың проблемалары




Ауызша сұрау, жазбаша сұрау

Қаржы және инфляция.


.Қаржы және инфляция.


Курс бағдарламасы, слайдтар, сызбалар, тесттер

1 Инфляцияға қарсы саясаттың шаралары

Шығындар инфляциясын жою



Сұраным инфяциясын жою жөніндегі қаржылық-экономикалық іс шаралар

Ауызша сұрау, жазбаша сұрау

7. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТIЛУ КАРТАСЫ


Оқулық және оқу-әдiстемелiк құралдарыны» атауы.

Кiтапханадағы саны

Студенттер саны

Қамтылу пайызы, %

Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Каржы : Оқұлық. – А., 2005

12

14

86

Абылкасымова Ж.А., Акишева Д.М. Қаржы / УМК. – Семей, 2005

2

14

14

Мельников В., Ильясов К. Финансы. – А-ты, 2001

50

14

357

Мельников В.Д. Ильясов К. Финансы. – А,1997

10

14

71

Сабанти Б. Теория финансов. – М., 98, 2000

17

14

121

Общая теория финансов / Ред. Дробоздиной. – М.. 1995

15

14

107

Финансы. Денежное обращение. Кредит / Ред. Дробоздиной. – М., 1997, 2000

29

14

207

Ковалева А.М. Финансы. – М., 1998

2

14

14

Гринолл Э. Финансы и фин. Планиров.- М.,1998

2

14

14

Финансы, денежное обращение, кредит / Ред. Сенчагова В. – М.,1999

2

14

14

Балабанов А., Балабанов И. Финансы. – Спб, 2000

21

14

150

Берлин С.И. Теория финансов. – М.,2000

20

14

143

Большаков С.В. Основы управления финансами: Уч. П. – М., 2000

15

14

107

Вахрин П.И., Нешитой А.С. Финансы: Уч. – М., 2000

15

14

107

Деньги и фин. Институты : Тесты и задачи / Под ред И.Т.Балабанова. – Спб, 2000

15

14

107

Финансы: Уч. / Под ред. М.В. Романовского. – М., 2000

12

14

86



8. Әдебиеттер

«Қаржы» курсын оқу барысында заңдылықтар мен оқу әдебиеттері маңызды орын алады. «Қаржы» басқарудың қызметтерінің бірі болып табылады, сондықтан «Қаржы» пәнін оқу барысында нарықтық экономиканы жетілдіру бағыттарын анықтайтын заңдылық органдардың шешімдерін сүйеніп, нарық жағдайында экономиканы басқарудың тиімді әдістерін меңгеру қажет. Сәйкесінше «Ақша, несие, банктер» курсы Қазақстан Республикасының Парламентінің, Үкіметінің, Мемлекеттік реттеу және қадағалау органдарының төменде көрсетілген заңдылық актілеріне сүйенеді.



Экономика және қаржы жөніндегі заңдылық және нормативтік актілер


    1. Қазақстан бликасының Конституциясы.

  1. Қазақстан Республикасыныңң Азаматтық Кодексі

  2. Қазақстан Республикасындағы жалры мемлекеттік басқару туралы.

  3. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі.

  4. Елдегі жағдай туралы және ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы (тиісті жылға арналған), Республика Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы.

  5. 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустралдық-инновациялық дамуының стратегиясы.

  6. 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімді фискалдық саясаты.

  7. Республикалық бюджет туралы. (тиісті жылға арналған.)

  8. Салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексі.

  9. Шаруашылық серіктестері туралы.

  10. Акционерлік қоғамдар туралы.

  11. Бағалы қағаздар нарығы туралы.

  12. Инвестициялық қорлар туралы.

  13. Қазақстанның инвестициялық қоры туралы.

  14. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау.

  15. Жеке кәсіпкерлік туралы.

  16. Мемлекеттік кәсіпорынтуралы.

  17. Өндірістік кооперативтер туралы.
  18. Коммерциялық емсе ұйымдар туралы.


20.Арнаулы экономикалық аймақтар туралы.

21.Банкроттық туралы.

22.Аудиторлық қызмет туралы.

23.Төменгі күн көріс туралы.

24. Қазақстан Республикасында зйнетақымен қамсыздандыру туралы.

25.Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы.

26.Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек туралы.

27.Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы туралы.

28.Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы.

29.Білім туралы.

30.Ғылым туралы.

31Сақытқ қызметі туралы.

32.Валюталық реттеу туралы.

33.Трансферттік бағаларды қолданукезіндегі мемлекеттік бақылау туралы.

34.Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі.

35.Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі туралы қағида.

36.ҚазақстанРеспубликасының экономика және бюджеттік жэоспарлау министрлігі туралы қағида.
Оқулықтар және оқу құралдары.


  1. Қ.Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев Қаржы, Оқулық - Алматы, 2003

  2. Қ.Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев Қаржы, ТОО «Издательство LEM», Алматы, 2005

  3. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. Учебник для вузов - Алматы: Фнн Эко 2001 г.

  4. Мельников В.Д. Основы финансов. Учебник. ТОО «Издательство LEM», Алматы, 2005

  5. Е. Дербисов Финансы Казахстана, Алматы, «Ихтисат», 1996

  6. П.И. Вахрин, А.С. Нешитой Финансы – М.: Учебник, 2000 г,

  7. Балабанов А.И., Балабанов М.Т. Финансы СПб: Изд. «Питер», 2000,

  8. Финансы, денежное обращение и кредит: Учебник. Под ред. В.К. Сенчагова, А.И. Архипова, М.: «Проект», 2000г.

  9. Финансы. Учебник для вузов, под ред. М.В. Романовского и др.- М.: ЮНИТИ, 2000 г

  10. Финансы, под ред. В.М. Родионовой- М.: Финансы и статистика, 1999

  11. Берлин С.И. Теория финансов: Учебное пособие - Изд-во Приф, 2000 г.

11. Финансовое право. Учебник.(отв) редактор Н.И. Химичева- М.: Юристь, 1999 г.

12. Мельников В.Д. Закономерности и противоречия содержание сущности финансов экономической науки. Сб. Науч. трудов. КАЗЭУ- Алматы, 2001 г

13. Шуляк П.Н. Финансы предприятия. Учебник-М.: Изд. Дом «Дашков и К», 2000г

14. Финансы предприятий Шеремет А.Д., Сайфуллин Р.С.,1999 г

15. Шахов В.В. Введение в страхование. Изд-2-ое. Учебное пособие – М.: 2000

16. Л.П. Белых Основы финансового рынка, М., Финансы, изд. ЮНИТИ, 1999 г.



17. А.М. Бабич, Л.Н. Павлова Государственные и муниципальные финансы. М. ЮНИТИ, 1999 г

Монографиялар мен жинақтар


  1. Алпысбеков К. Артық қаржы қайда бөлінеді// Егемен Қазакстан-2001-29 қазан

  2. Әуелбаев С. Халық қаржы және қаражатының теориясы// Қаржы-қаражат-1999-№8-9, б.52-62

  3. Бекболатұлы Ж. Қаржы-несие мекемелерінің тиімділігінің арттыру факторлары// Қаржы-қаражат-1999-№5-6, б.40-45

  4. Елубаева Ж.М. Бюджетная система Республики Казахстан: теория и направления развития.-Алматы, 2004

  5. Зейнелғабдин А.Б.Қаржыдан қайтарам қажет// Егемен Қазакстан-2001-17 шілде

  6. Зейнелғабдин А. Бюджет жүйесі, қалыптасу мен даму болашағы//Егемен Қазақстан-2001-10 қараша

  7. Зейнелғабдин А. Экономиканың нақты секторын қолдау бюджеттік мүмкіндіктерді ұтымды пайдануды талап етеді // Егемен Қазакстан-2002-6 сәуір

  8. Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система: экономическое содержаниеи механизм использования.-Алматы, Каржы-Каражат,1995

  9. Интыкбаева С.Ж. Фискальная политика и ее роль в обеспечении устойчивого развития экономики Казахстана-Алматы, Каржы-Каражат, 2002

  10. Құсайынов Б. Бюджет жүйесі бұлтиып келеді// Егемен Қазақстан-2001-19 шілде

  11. Келімбетов К. Бюджет жүйесін жетілдіру// Заң-2002-№3-б.27-34

  12. Күлекеев Ж.Жоспарлы дамуға көшеміз// Ақиқат-2000-№7-б.27-32

  13. Мұхамеджанов А. Сарапшылар қателесті, 2001 жыл каржы саласындагы тағы бір ілгерілеу жылы болды.// // Егемен Казакстан-2002-1 кантар

  14. Маянлаева Г.И. Организация страхового дела в Республике Казахстан, Алматы-ТОО LEM, 2000

  15. Маянлаева Г.И. Теория и практика страхового дела (в схемах и таблицах.)-Алматы- ТОО LEM, 2000

  16. Мельников В.Д. Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана-Алматы, Каржы-Каражат,1999

  17. Мельников В.Д. Закономерности и противоречия содержания сущности финансов в экономической науке..В сб.научных трудов КазЭУ «Регулирование Казахсанской экономики: уроки, теория и практика Вып.4.-Алматы. Экономика,2001

  18. Мельников В.Д. Современная экономическая парадигма государственных финансов. Материалы международной конференции «Казахстан на пути к нововй модели развития: тенденции, потенциали императивы роста» Часть 6,8-Алматы, экономика,2001

  19. Мельниколв В.Д.Общественные товар: приемлемость в теории и практике государственных финансов Казахстана. Материалы международной научно-практической конференции. Сб.научных трудов –Алматы, Экономика,1999

  20. Мельников В.Д. К вопросу о трактовке категорий «деньги -финансы»: ососбенности и противоречия современных подходов.Журнал «Мир финансов»: декабрь, 2003

  21. Пушкарева В.М.История финансовой мысли и политика налогов-М, Инфра М-1996

  22. Рудый К.Ф. Финансово-кредитные проблемы зарубежных стран.-М новове знание,2003

  23. Стиглиц Д.Ю. Экономика государственного сектора. Из-во МГУ.- М.:Инфра - М,1997

  24. Сумароков В.Н. Государственные финансы в системе макроэкономического регулирования –М .: Финансы и статистика, 1996 г.

24. Хмыз О.В. Финансирование глобальных инвестиций // Финансовый менеджмент, 2007, №4, стр. 59-73

25. Абдулдаев А. Қазақстанның қазіргі кездегі қаржы жүйесіндегі ролі мен маңыздылығы // Экономика негіздері – 2010- №4-5- Б 21-22.

26. Абиева С.Н. Салықтық реттеу және оның экономиканы мемлекеттік реттеудегі ролі//ҚРҰҒА хабарлары -2012-№2- Б 95-98.

27. Абишева Ж. Экономиканың нақты секторының кәсіпорындағы дағдарыс жағдайында пайда болуының негізгі себептері: ішкі және сыртқы факторлар// Қоғам және дәуір – 2011-№2-Б78-82.

28. Абуова Ж.М. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығына әсет етуші факторларды анықтау//Банки Казахстана – 2011-№8-Б33-35.

29. Айдарбек М. Қаржы жүйесінің интеграциялануы//Экономика негіздері – 2010- №4-5-Б36-38.

30. Айтқалиева Э. Банкроттық – нарық қатынасының бір бөлігі // Экономика негіздері- 2011- 19-25 мамыр.Б-4.

31. Ақпанова А. Бюджет жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру бағыттары // Қазақстан жоғарғы мектебі – 2012- №2.

32.Алмасов А. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығын реттеу //Экономика негіздері – 2011- №2-3. Б 45-46.

33. Асанова С. Қазақстандағы мемлекеттік қаржылық бақылаудың даму тарихы // Қоғам және дәуір – 2011- №2- Б 48-51.

34. Дементьева А. Қазақстандағы исламдық қаржыландырудың даму перспективалары// Егемен Қазақстан – 2012- 28-маусым.

35. Жумина Г. Сақтандыру нарығының қаржылық тұрақтылығын талдау // Ізденіс- 2011- №1 Б5-9.

36. Жумабеков З.А. Инфляцияның кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсері// Әл-Фараби ҚазҰУ Хабаршысы- 2012- №5-Б89-91.

37.Маглумов Е. Қаржылық саясат – экономиканы мемлекеттік реттеу құралы // Экономика негіздері – 2010- №4-5-Б- 38-40.

38. Нағашбаева Г. Қаржылық дағдарыс жағдайында бюджеттік реттеуді жетілдіру жолдары // Экономика негіздері – 2010- №4-5- Б-40-42.

39. Нокина Ж. Қазақстан Республикасындағы бюджетті атқаурдың кейбір мәселелері // Заң және заман – 2012- №2- Б-162-164.

40.Тайсариева М. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің мәселелері// Экономика негіздері – 2011-№2-3- Б-9-11.

Кесте 5 – Пән бойынша студенттердің білімі аттестация (межелік бақылау) келесі шкаласы (балл түрінде) бойынша анықталады






1

2

3

4

5

6

7

P1

8

9

10

11

12

13

14

15

P2

Дәріс

+

+

+

+

+

+

+

(30)

+

+

+

+

+

+

+

+

(30)

ПС

5

10

10

15

15

20

25

100

5

10

10

10

15

15

15

20

100

ОСӨЖ

0

5

5

5

5

10

10

40

0

5

5

5

5

5

5

10

40

СӨЖ

0

5

10

10

15

15

15

70

0

5

5

10

10

10

15

15

70

Межелік бақылау



















60

60






















60

60

Барлығы






















(300)

270

























(300)

270

Р1- бірінші межелік бақылау

Р2 – екінші (нәтижелі) межелік бақылау
Р1 max = 300 балл и Р2 max = 300 балл, семестрде 600 балл жиналған кезде – қорытынды рейтинг студенттердің білімі 100 %.пайызға сәйкес келеді

Кесте 6 – Емтиханда студенттердің білімі келесі жүйе бойынша бағаланады



Баға

Әріп. эквивалент

%

балл

Өте жақсы

А

А-


95-100

90-94


4,00

3,67


Жақсы

В+

В

В-



85-89

80-84


75-79

3,33

3,00


2,67

Қанағаттандырлыған

С+

С

С-



Д+

Д


70-74

65-69


60-64

55-59


50-54

2,33

2,00


1,67

1,33


1,00

Қанағаттадырылмаған

F

0-49

0,00

Аяқталмаған

I

-

NA

Пәнді өрындаған

Р

Өтті

-

: ebook -> umkd
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Саясаттанумамандығына арналған «КӘсіби қазақ тілі» пәнінің
umkd -> ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері
umkd -> Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі
umkd -> «ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...