Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары: с-3 санаты үшін



жүктеу 139.64 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі139.64 Kb.



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

     


Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**



С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**


* Ескертуге: осы лауазымдарға аумақтық тәжірибе бойынша қосымша талаптар қойылу мүмкін.

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

*** Ескертуге: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.

**** Ескертуге: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-3

154071

208205

С-4

138 248

186 551


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, 010000, Астана қаласы, Кенесары к., 36 үй, анықтама үшін телефондар: (87172) 555-945, электрондық мекен-жайы: akhmedina.r@minagri.gov.kz, mazhitova.s@minagri.gov.kz, «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орнласуға мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

  1. Кадр және ұйымдастыру жұмысы басқармасының басшысы, (санаты С-3), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Басқарманың жұмысына жалпы басшылық ету;

еңбек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың, мемлекеттік қызмет туралы, әкімшілік рәсімдер туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің орындалуын бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Президентінің, ҚР Үкіметі мен Премьер-Министрдің, ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің Кеңсесі және алқа қаулыларының тапсырмалары мен актілерінің уақытылы орындалуын бақылау жұмыстарын жүргізу; Комитеттің кадрлық стратегиясы мен кадрлық саясатын әзірлеуге қатысу; Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомствалық бағынысты мекемелерінің кадрлық қызметіне әдістемелік көмек көрсету; басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша директивалық құжаттардың, Комитеттің жоғары тұрған басшылары тапсырмаларының орындалуын бақылау; басқарма қызметкерлерінің еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауларына жалпы бақылауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қолдану; Басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауларын, жалпы бақылауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдау; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқықтану саласында: заңтану Мынадай құзыреттерінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

  1. Ветеринариялық шараларды ұйымдастыру басқармасының басшысы, (санаты С-3), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Комитет басшылығы тапсырмаларын белгіленген мерзімде сапалы орындауды ұйымдастырады, Басқарма құзырына жататын құжаттарды, материалдарды әзірлеуде қатысады. Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес ветеринария саласындағы қызмет атқаратын мемлекеттік органның және бағынысты мекемелерінің қызметтеріне бақылау атқарады. Әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жануарлар ауруларын нозологиялық бөлек бірліктеріне эпизоотиялық жағдайға байланысты болжау негіздемесіне жоспарын келісуді іске асырады. Ветеринарлық-алдын алу және диагностикалық, референттік мониторингтік және тағам қауіпсіздін қамтамассыз ету зерттеулер шаралары бойынша жоспарлау.Заңнамамен анықталған тәртіпте (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті шешімі жобасын дайындау және келісімдеу, осыған қатысты Комитеттің комиссия құру және басқада керекті құжаттарды дайындау) ветеринариялық препараттарды республикалық меншіктен ЖАО коммуналдық меншікке беру рәсімін жүргізілуін бақылайды. Басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауларын, жалпы бақылауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдау; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Ветеринария саласында: ветеринариялық медицина немесе ветеринариялық санитария (ветеринария немесе ветеринариялық дәрігер) мамандықтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттерінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

  1. Кадр және ұйымдастыру жұмысы басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметімен жіберілген актілер мен тапсырмаларының, Министрлік басшыларының хаттамалық тапсырмаларының және бұйрықтардың орындалуына бақылау жүргізу. Комитеттегі электрондық құжат айналымының біріңғай жүйесі бойынша жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің орындалуына бақылау жүргізу, заңды және жеке тұлғалар бойынша есептерді қалыптастыру. Азаматтарды қабылдау бойынша есептерді және азаматтарды қабылдауды жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру. Комитеттегі құжаттарды басқару және құжаттандыру бойынша нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Мұрағатымен бірлесіп жұмыс жасау. Ведомстволық мұрағатқа тапсыру мақсатында құжаттарды өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізу. Министрлік сайтының ақпараттық қолдауын қамтамасыз ету. Құжаттарды уақытылы және сапалы түрде орындау, соның ішінде басқарма құзыретіне кіретін бақылау хаттар және Комитет басшыларымен берілген жазбаша және ауызша тапсырмаларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқықтану саласындағы жоғары білім: заңтану. Мынадай құзыреттерінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

  1. Кадр және ұйымдастыру жұмысы басқармасының бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға арналған демалыста болу кезеңіне 2017 жылғы 4 қазанға дейін), (С-4 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Комитеттің кадрлық саясатын және кадрлық стратегиясын әзірлеуге қатысу; мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты Комитеттің бұйрықтарын ресімдеу; жеке істерді жүргізу және сақтау, қызметтік тізімдерге қажетті жазбаларды енгізу; мемлекеттік қызметшілердің міндетті арнайы тексерістен өтуін ұйымдастыру; мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілін анықтау үшін материалдар дайындау; мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; кадрлар жай-күйінің мониторингі жөніндегі есептер дайындау; бос лауазымды орындарға конкурстар өткізуді қамтамасыз ету; қызметкерлерді аттестациядан өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру; құрылымдық бөлімшелердің қызметінің тиімділігін бағалауды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін бағалау, лауазымдарға біліктілік талаптарын және лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу; аумақтық бөлімшелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың кадр қызметтеріне әдістемелік көмек көрсету; әскери міндеттілерді әскери есепке алуды жүргізу; аумақтық бөлімшелердің құрылымдарын әзірлеу; Комитетті, аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылық құрамын талап етілетін кәсіп кадрларымен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру; кадрларды таңдау, іріктеу және ауыстыру бойынша талдауды және жұмысты жүзеге асыру; «Е-қызмет» интеграциялық ақпараттық жүйесіндегі жұмысты жүргізуді жүзеге асыру. Ведомстволық мұрағатқа тапсыру мақсатында құжаттарды өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізу. Министрлік сайтының ақпараттық қолдауын қамтамасыз ету. Құжаттарды уақытылы және сапалы түрде орындау, соның ішінде басқарма құзыретіне кіретін бақылау хаттар және Комитет басшыларымен берілген жазбаша және ауызша тапсырмаларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқықтану саласындағы жоғары білім: заңтану. Мынадай құзыреттерінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

  1. Биологиялық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы, (С-4 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар өсіруді, дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, сондай-ақ ұйымдардың өндіру, сақтау және іске асыру, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларының пайдалануға қабылдауды жүзеге асыратын өндіріс объектілерін Мемлекеттік комиссияларға қатысуын ұйымдастыру. Ветеринария саласында жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын орындауына қатысты ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүргізу. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.

Мемлекеттік қызметтер көрсету:



  • ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркей отырып тіркеу куәліктерін беру;

  • ветеринариялық препарат пен жемшөп қоспаларынсынақтан өткізу;

- ветеринариялық препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру.

Ведомстволық мұрағатқа тапсыру мақсатында құжаттарды өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізу.



Министрлік сайтының ақпараттық қолдауын қамтамасыз ету. Құжаттарды уақытылы және сапалы түрде орындау, соның ішінде басқарма құзыретіне кіретін бақылау хаттар және Комитет басшыларымен берілген жазбаша және ауызша тапсырмаларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Ветеринария саласында: ветеринариялық медицина немесе ветеринариялық санитария (ветеринария немесе ветеринариялық дәрігер) мамандықтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттерінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;


  1. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және орны ауыстырылатын объектілер басқармасының бас сарапшысы, (уақытша, негізгі қызметкердің 3 жасқа дейін бала күтүміне арналған демалыста болу кезеңіне 2018 жылғы 1 қыркүйекке дейін), (С-4 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы тасымалданатын объектілерді мемлекеттік ветеринариялық санитариялық бақылауды жүзеге асыру; Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық санитариялық шаралар бойынша, Кеден одағы комиссиясының ветеринария саласындағы шешімдердінің орындалуын бақылау және қадағалау; Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуына жол бермеу бойынша ветеринариялық шараларына қадағалауды жүзеге асыру; Тасымалданатын объектілерді импорттаушы кәсіпорындарды инспекциялау жұмысын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасына импортталатын, бақылауға жататын өнімдердің барлық түрлеріне ветеринариялық сертификаттар жобаларын әзірлеу және оларды шет мемлекеттерінің мемлекеттік ветеринариялық қызметтерімен келісуді ұйымдастыру. Ведомстволық мұрағатқа тапсыру мақсатында құжаттарды өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізу. Министрлік сайтының ақпараттық қолдауын қамтамасыз ету. Құжаттарды уақытылы және сапалы түрде орындау, соның ішінде басқарма құзыретіне кіретін бақылау хаттар және Комитет басшыларымен берілген жазбаша және ауызша тапсырмаларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Ветеринария саласында: ветеринариялық медицина немесе ветеринариялық санитария (ветеринария немесе ветеринариялық дәрігер) мамандықтары бойынша жоғары білім. Мынадай құзыреттерінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесу өткiзудiң орны: Астана қаласы, Кенесары к., 36 үй, Ауыл шаруашылығы министрлігінің әкімшілік ғимараты.

Әңгімелесу өткiзудiң мерзiмi «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларымен реттелген.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар шақырылады.

___________________________________


      (мемлекеттік орган)    

                           



Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      

__________                ____________________________________


(қолы)                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      


«____»_______________ 20__ ж.



Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет