Банктік қарыз шартының мазмұнына қойылатын талаптар бар ма?



жүктеу 19.55 Kb.
Дата23.06.2017
өлшемі19.55 Kb.
Банктік қарыз шартының мазмұнына қойылатын талаптар бар ма?

ҚР АК1 382-бабына сәйкес шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында, шарт ережелерi тараптардың өз қалауы бойынша белгiленедi.

Банктер туралы заңның 34-бабына сәйкес банктік қарыз шартының міндетті талаптарының тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.

№18 қағидаларға2 сәйкес шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардан басқа, тараптардың келісімі бойынша белгіленген тиісті түрдегі талаптардағы шарттар үшін №18 Қағидаларда белгіленген міндетті талаптар болуы тиіс.

Оған қоса, №18 Қағидаларда қарыз алушылар толық хабарландырылуы мақсатында банктерге жеке тұлғалармен жасалатын банктік қарыз шарттарының алғашқы екі бетінде шарт жасасқан күн, қарыздың мақсаты, қарыздың жалпы сомасы және валютасы, қарыздың мерзімі,  сыйақы ставкасының түрі (тіркелген немесе құбылмалы), сыйақы ставкасының мөлшері жылдық пайызбен, сенімді жылдық тиімді салыстырмалы есептеудегі сыйақы ставкасының (бұдан әрі – ЖТСМ) мөлшері, өтеу тәсілі (қолма-қол ақшамен, қолма-қол ақшасыз), қарызды өтеу әдісі: аннуитеттік (теңдей төлемдермен өтеу) немесе сараланған (негізгі борышты теңдей үлеспен өтеу арқылы) не банктің ішкі ережелеріне сәйкес басқа тәсілмен, қарызды бойынша берешекті өтеу кезектілігі, негізгі борышы уақтылы өтелмеген және сыйақы төленбеген жағдайда тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) есептеу тәртібі және оның мөлшері. Сонымен қатар, жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шартында қарыз беруге байланысты комиссиялардың толық тізбесі және олардың заем беруге байланысты алынуға жататын мөлшері көрсетіледі.

Одан басқа, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау және алынатын қарыздар туралы олардың хабарландырылуы үшін қарыздардың негізгі параметрлерін көрсетумен міндетті түрде шартқа жадынаманы қосу туралы талап (қарыз сомасы және мерзімі, төлем мөлшері, сыйақы мөлшерлемесі, міндеттемелерді уақтылы орындамағаны үшін тұрақсыздық мөлшері) қолданылады.



1Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

2Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысымен бекітілген «Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет