Балалар әлеміндегі әдебиеттер



жүктеу 256.71 Kb.
Дата14.05.2017
өлшемі256.71 Kb.
Балқаш қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі

С.Сейфуллин атындағы №7мектеп-гимназиясы коммуналдық

мемлекеттік мекемесі

(білім беру мекемесінің толық атауы)



Балалар әлеміндегі әдебиеттер

Орындаған кітапхана меңгерушісі: Байжұманова Саягүл Тұяққызы

Балқаш қаласы

Түсінік хат

Балалар әдебиеті – жалпы әдебиеттің дамуы үшін баспалдақ болады. Балалар әдебиеті ертегілерден бастау алып- қазақтың ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, жыраулар поэзиясы – тұнып тұрған қазына.

Негізі ХІХ ғасырда қаланған балалар әдебиеті ХХ ғасырда С.Дөнентаев, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, Т.Жомартбаев шығармалары арқылы дамып өрістеді.

Жиырмасыншы жылдардың аяғында І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ө.Тұрманжанов секілді қаламгерлердің тікелей балалар әдебиетімен шұғылдануы, өздерімен бірге қаламдастарын тартып, көптеген мәселелерді ортаға салып, ойласып шешуі - әдебиеттің бұл саласына ерте назар салына бастағанын аңғартады.

М.Әуезовтің “Көксерек” философиялық әңгімесі, Ө.Тұрманжановтың “Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос” мысал-поэмасы, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесі қазақ балалар әдебиетінің табысына айналды. Қазақ ақын-жазушылары аталған шығармаларымен әлемдік балалар әдебиетінің образдық галлереясын жаңалады, жанрлық байлығын толықтырды дей аламыз. Балалар өмірін бейнелеген Б.Соқпақбаев, С.Бақбергенов, Н.Серәлиев, О.Сәрсенбаев, М.Мағауин, Б.Бұлқышев, С.Мұратбеков, Б.Момышұлы, Д.Исабеков секілді аға буын шығармаларынан Отан соғысы жылдарындағы балалар тағдырын табамыз.

Жасөспірімдерді дұрыс бағытқа сілтеп, сол үшін ат салысатынның бірі - балалар әдебиеті. Балалар әдебиеті - жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл дамытатын, оларды адамгершілікке тәрбиелейтін өмір оқулығы. Оның мақсаты - мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап, он алты жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды беру. Осының барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Оның келешегіне жол ашады, бағыт сілтейді. Өмірге жанасымды, икемді, төзімді күрескер етеді.



Мақсаты: Оқушыларға балалар әдебиетін насихаттау арқылы - кітап оқуға баулу. Балалар әдебиетінің жанашыр қаламгерлері туралы дәріптеу, оқушылардың жазғы демалысы уақытында бағдарламаға сай қосымша әдебиеттерді оқуға кеңес беру.
Міндеті: Балалардың рухани мәдениетін әдеби кітаптарды оқыту арқылы сөздік қорларын байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, имандылыққа баулу арқылы білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Бағдарлама барысы:

  1. Балалар әдебиеті – рухани қазына

  2. Қазақ балалар әдебиетінің қаламгерлері

  3. Балаларға арналған халық ертегілері

  4. Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің алатын орны

  5. С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының

кітапханасынан әдеби кітаптарды оқуға кеңес

Өзектілігі – мектеп жасына дейінгі балбөбектен бастап, жасөспірімдік жасқа дейінгі мектеп оқушыларына әдеби тілде жазылған қызықты шығармалар ұсынатындығымен ерекшеленеді.

Күтілетін нәтиже: Әдебиет – тәрбие құралы. Әуелі жеке дарындардың дуалы ауыздарынан шығып, кейін оны халық қалап, қастерлеп, жаттап, жадында қалдырып, ғасырлар бойы өңдеп, өркендетіп, қадірлеп қалыптастырып, асылым деп ақыл-санасына сіңірген әдебиеттің үкілі үлгілері – мәдени мұрамыздың ең құнды қазынасы. Ол – ұрпақ тәрбиесінің күн сәулесіндей әсерлі нұрымен от алатын ой тамызығы болып, жанды жалындататын, қиялды қияндататын, ақыл-сананың айшықты көріністерін бейнелейтін қасиетті, киелі мұра. Әдебиет мұрасы арқылы жан-дүниеміз тазарып, ұрпағымыздың өркениеті өсе түспек.

Балалар әдебиеті – рухани қазына

Балалар әдебиеті – балалар өмірінің энциклопедиясы. Ең бастысы – балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, имандылыққа тәрбиелеу. 

Балалар әдебиеті жас ерекшеліктеріне байланысты бірнеше салаға бөлінеді. Балаларға арналған шығармалар жасөспірімдердің ой-өрісін, сана-сезімін дамытып, оларға заман талабына сай тәлім-тәрбие беруге бағытталады. Балалардың ойлау, түйсік, түсіну қабілеті суреттеліп отырған оқиғаның, көркем образдың нақтылығы, дәлдігін өз өмірінің айналасынан алуды қажет етеді. Балалар әдебиетінің тілі ойнақы, жеңіл әрі көркем, қысқа да мейлінше түсінікті, айқын да дәл, әрі әсерлі болуға тиісті. Себебі, балалар әдебиетінің тілі олардың сөздік қорын байытуға жәрдемдесетін бірден-бір құрал. Балаларға арналған ірі туындылардың идеялық-эстетикалық қырларын халық педагогикасының көзқарастарын, өмір тәжірибесін, қоғам талабын, жазба әдебиетке тигізген әсері, дәстүрлік мәселесі, зерттеу жайын мамандар ғана тұжырымды түрде жеткізіп бере алады.

Кітап көрмесін ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз – балалардың кітап оқуға деген құмарлықтарын арттыру, әлемдік және ұлттық мәдениетке тарту арқылы баланы дамыту және оның өзін жетілдіруге көмек көрсету. Әрбір баланың ішкі дүниесін дамытып, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу, балалық шақ құндылықтарын насихаттап, әлем туралы жан-жақты және шынайы ақпарат алуын қамтамасыз етуге себепкер болу. Балалар әдебиеті – жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытатын, оларды адамгершілік қасиеттерге баулитын өмір оқулығы. Өзінің қалыптасуы, даму барысында бірнеше жүз жылдықтарды қамтитын қазақ балалар әдебиетінің өз тағылымы бар, уақыт пен қоғамда болып жатқан өзгерістер, сол кездердегі идеялогиялық қағидалардың әдеби шығармаларға тигізген әсерлері бүгінгі күні біраз әдеби шығармаларға басқа қырынан қарауды талап етеді. Тарихи кезеңдердегі әртүрлі әдеби үдеріске байланысты қай шығарманы қалай оқыту керектігі жөнінде сөз ету – уақыт талабы. Өйткені балалар әдебиеті – қазақтың мәдениеті мен әдебиетінің құрамдас бір бөлігін құрайтын халықтың озық ойлы, терең де тамырлы әдебиеті. Балалар әдебиеті – халық ауыз әдебиетінен бастау алады. «Бесік жыры» – нәресте туғанда, шілдехана күні, оны алғаш рет бесікке бөлегенде айтылатын өлең.

Қазақ даласының танымал ағартушысы, қазақ халқының бірінші педагогы, балалар әдебиетінің негізін қалаушы -Ыбырай Алтынсарин. Ол балаларды өнер-білімге тәрбиелейтін, еңбекке баулитын, этникалық, эстетикалық тәрбие беретін өлеңдер мен әңгімелер жазды, онда жастарды оқуға, талаптанып талпынуға, білім алуға шақырды. Сондай-ақ, қазақ фольклорынан балалардың тіліне, ұғымына жеңіл шығармаларды іріктеді орыс балалар әдебиетінен қысқа да қызықты әңгімелер аударып, құрастырды, ана тілінде алғашқы оқулықты («Киргизская хрестоматия», 1879 ж.) бастырып шығарды. Оның әңгімелері негізінде хат таныған баланың қай-қайсысына болса да түсінікті. Қазақ балалар әдебиетінің ең жоғары деңгейде дамыған кезі – 1970- 1980 жж. арасы. Бұл жылдарда балаларға және жастарға арналған шығармаларды жариялайтын «Жалын» баспасы ашылып, баспаның жанынан республикалық жабық әдеби конкурс өткізіліп балалар әдебиетінің одан әрі ұлғаюына айрықша әсер етті.Сол бәйгеге қатысып, бағын сынаған жас талапкерлердің бір тобы бұл күнде белгілі қаламгерлердің қатарына қосылса, олардың көптеген шығармалары балалардың қолдан тастамай, сүйіп оқитын кітаптарына айналды.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев “Ғылым таппай мақтанба”, “Интернатта оқып жүр”, “Әсемпаз болма әрнеге” деген өлеңдерінде қазақ балаларын оқуға, өнерге үндеді. Қазақ балаларына арналған оқулықтар мен өлеңдер жинақтары ХХ ғ-дың басында көбейе бастады. 1912 ж. орыс ақын-жазушыларының мысалдарын қазақ тіліне аударып, оған өзінің төл шығармаларын қосып, “Үлгілі тәржіма” атты кітап және “Үлгілі бала” оқулығын шығарған педагог-жазушы Спандияр Көбеевтің қазақ балалар әдебиетін дамытуға сіңірген еңбегі мол. Ақын С.Торайғыров балаларға арнап өз кезіндегі өзекті мәселелерді өрнектеген өлеңдер “Шәкірт ойы”, “Оқып жүрген жастарға”, “Бір балуанға” жазды.

Кеңес дәуірінде идеологияның өзекті бір саласы ретінде балалар әдебиетінің де дамуына арнайы көңіл бөлінді. Алғаш шыға бастаған “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газеті мен “Пионер” (қазіргі “Ақ желкен”) журналында, “Пионер” (“Октябрь балалары”, “Қазақстан пионері”, қазіргі “Ұлан”) газетінде балаларға арналған өлең-жырлар, әңгімелер жарияланды. С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ш.Иманбаева жеке өлеңдерін, І.Жансүгіров “Малта”, “Шәркей”, “Жұмбақ” сурет-кітапшаларын, Ө.Тұрманжанов “Қошан кедей” әңгімелер жинағын шығарып, дамуына елеулі үлес қосты. Қазақ балалар әдебиетінің 30-жылдары Қ.Әбдіқадыров, А.Тоқмағамбетов, Т.Жароков, Ж.Саин, Ж.Сыздықов балаларға арнап өлеңдер жазды. 40-жылдардағы Қ.Аманжоловтың, М.Хакімжанованың, Ә.Тәжібаевтың, Ғ.Ормановтың балаларға арналған өлең-тақпақтары жиі жарияланып тұрды. 50-жылдардан бастап қазақ балалар поэзиясында бала психологиясына терең бойлаған балалар ақындары бой көрсетті. Ақын-жазушылар Ө.Тұрманжанов, С.Бегалин, М.Әлімбаев, Ә.Дүйсенбиев, Қ.Мырзалиев, Қ.Ыдырысов, Ж.Смақов, Қ.Баянбаев, С. Қалиев, Е.Егеубаев, т.б. балаларға арнап, көптеген кітаптар жазды. Оларда балаларды Отанды сүюге, ғылым, білімге жетелейтін тартымды тақпақтар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, ертегілер мол. Қазақ балалар әдебиетінде сондай-ақ, сатиралық шығармалармен О.Әубәкіров, Ш.Смаханұлы, жаңа поэмалармен Х.Ерғалиев, Ә.Сәрсенбаев, жаңаша ертегілермен Ө.Тұрманжанов, Қ.Мырзалиев, Ә.Ахметов ақындар Ж.Өмірбековтің, І.Мәмбетовтің, Қ.Мүсіреповтің, Т.Молдағалиевтың жинақтарымен, суретше-кітаптарымен толысты.Ұлы Отан соғысы тақырыбына арнап жазылған Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы, С.Бақбергеновтің «Талғат» повесі мен

М. Хакімжанованың «Мәншүк» атты поэмасы толығынан балалардың оқуына икемделіп кеткен шығармалар деп атаймыз. Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған Талғаттың, Кеңес Одағының Батырлары Қайырғалидың, Мәншүктің, Әлияның ерлік образдары, әсіресе, жас өспірімдердің жүрегінен берік орын алған, ең сүйікті кейіпкерлері екені баршаға аян. Сонымен қатар Отанға деген қаһармандықтың, табандылықтың, анаға, табиғатқа деген сүйіспеншіліктің ең жоғарғы үлгілерін көрсететін осы сияқты көптеген таңдаулы шығармалар еліміздегі әрбір балаға мәлім.

Қазақ балалар әдебиетінің өрісі одан әрі кеңейіп, “Бөбектерге тарту”, “Алтын күн аясында”, “Балдырғанның базарлығы”, “Жыл он екі ай” (1965 жылдан бері жыл сайын шығып тұрды). “Біздің кітап”, “Кел шырқайық, балалар” сияқты жинақтар басылып шықты. Жазушылар І.Жансүгіров, Ш.Хұсайынов, С.Омаров, Т.Ахтанов, Ш.Ахметов, т.б. – балаларға арналған алғашқы пьесаларын жазды.

Әрбір ата-ана өз балаларының жақсы оқуын, білімді болғанын қалайды. Кітап оқуға деген құмарлығын арттырып, мәдениетті болып өсуіне тәрбие береді, жалпы рухани дүниесін байыта түсуге ат салысады. Балалардың рухани байлығын арттырудың сан түрлі жолдары бар. Балаға нанымды болу үшін оқиғаны көз алдына елестетіп, шынайы өмірде сезініп білуі тиіс. Бала өзінің оқығанын, естігенін өз көзімен көре алады, төл мұраларымен танысады, дүниетанымы кеңейеді, кітап әлемінің тарихымен қауышады..


Қазақ балалар әдебиетінің қаламгерлері

Ыбырай Алтынсаринның қазақ әдебиеті тарихындағы орны 

  Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзенттік махаббатын арнаған, туған халқының игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген. 

Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. , Ыбырайдың әдеби туындылары балалар дүниесіне өте жақын. Сондықтан да ол қазақ балалар әдебиетінің атасы деп танылған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Оның шығармалары мұғалімдер даярлайтын оқу орындарында кең көлемде оқытылады. Мектеп оқулықтарына енгізілген.c:\documents and settings\сая\рабочий стол\5.jpg

Ауыр заманда білім алып,ат жалын тартып мінгесін- ақ Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтерді.Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек білім деп есептеді.Бұл ретте ол жалғыз болған жоқ. Байтақ Қазақстанның әр өңірінен ұлт басына төнген қауіпті терең сезініп, ұлттық құлдыраудан құтылудың жолдарын көрсеткендер болды.


Солардың ішінде ұлы Абайдың орны ерекше.
Абай мен Ыбырайдың ақындық,ағартушылық енбектері бірін –бірі толықтырып, үндесіп жатты.Олардың бұл үндестігін терең зерттеп дәлелдеген ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов болды.
Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі болды.Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар енгізді. Шиеленіскен тартыстар, бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да дамытты. Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады.

Надандықтың белгісі-


Еш ақылға жарымас…
Жөн білмеген адамға
Қыдыр ата дарымас…
Әңгімелерінің идеясы, еңбекті сүю, қадірлеу, жақсы мінез- құлыққа бағыттау, халқын сүю махаббат- мейірім перзенттік парыз, т.б.

Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы «Қазақ хрестоматиясы» (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылады..Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде «Сөз басы» деген атпен алған.Қазір бұл өлеңдер «Кел, балалар,оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар» деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді.Қазақ жастарын білім алуға,мәдениеттің жаңа дәстүрлерін игеруге,бойға сіңіруге шақырды. «Кел, балалар,оқылық» өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.


Ал «Өнер- білім бар жұрттар» өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімге қолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді. Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері әлеуметтік мәселелерге арналған. Бұған «Өсиет өлеңдер», «Әй жігіттер» тәрізді т.б. өлеңдерін атауға болады.Мұндай өлеңдері биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық- қарлықты, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті зияндығын көрсетіп, адал- еңбектің адамгершілік мінез- құлығын бейнелейді. Мысалы:
Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен,
Кете бар, кессе басың, шыңдықпенен.
Қорек тал бейнеттен де, тәңірім жәрдем,
Телмірме бір адамға мұңдықпенен.
Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз
Азған елдің ішінен
Алыс- алыс қашыңыздар
Зияндасты кісіден.
Жақсыны көзден салмаңыздар,
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар…

Ыбырай Алтынсариннің жемісті еңбек етіп, едәуір жақсы шығармалар қалдырған саласының бірі- проза жанры болды.Оның » Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Надандық», «Лұқпан хакім», т.б. бірсыпыра шығармалары қоғамдық өмірдің әр алуан жақтарын суреттеуге арналған. Бұл еңбектерінде жазушы өз дәуірінің елеулі мәселелерін көтере отырып, еңбекші халықтың қоғамдық санасын оятуды, тәрбиелеуді мақсат етеді.


«Бай баласы мен жарлы баласы» — Ыбырай шығармаларының биік шыңы. Ол, біріншіден, озық ойларының жемісі әңгіме оқушысын еңбек етуге, өмірін сырын ұғына түсуге бағыттайды. Үсеннің іс -әрекеттін жазушы сүйсіне жазады. Асан мен Үсенді салыстыра отырып, олардың адамдық қасиеттерін еңбекке қатысына қарай бағалайды.

Бұл әңгімеден сол дәуірден өмір көріністерін, көшпелі тұрмыстың беймаза тірлігін көреміз. Қазақ энциклопедиясы жазушының бұл әңгімесіне орыстың сол кездегі озық ойлы адамдарының көңіл аударғанын Н.Иванов деген журналистің орыс тіліне аударып, «Родник» журналының 1890 жылғы 6-санында жарияланғанын атап көрсетеді

Қорыта келгенде, ЫбырайАлтынсарин- реалист жазушы, ағартушы педагог, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы, тіл тазалығы үшін күрескер, тұңғыш кемеңгер.
Көрнекті әдебиетші ғалым Қ.Жұмалиев өзінің «ХҮІІІ- ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» деген ғылыми – зерттеу еңбегінде педагог- жазушыға: ХІХ ғасырда қазақ даласынан шығып, орыс, Европа мәдениетіне қолы жеткен оқымысты, халық ағартушылар дәрежесіне көтерілген әрі педагог, әрі ақын- жазушы Ыбырай Алтынсаринның өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор »- деп баға береді.
Оның еңбектері жан-жақты зерттеліп, ондаған ғылыми –зерттеу еңбектер жазылған,докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалды.
Өзінің өнегелі өмірі, тынымсыз ізденісі, жан- жақты таланты арқылы танылған Ыбырай Алтынсарин шығармаларының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны расан зор.
Ө.Тұрманжанов c:\documents and settings\сая\рабочий стол\45.jpg

Ө.Тұрманжанов балалар әдебиетіне келу жайын былай баян етеді: «Мен балалар тақырыбына 1929 жылдан бастап шындап жаза бастадым. Балаларға арнап жазған тырнақалды кітапшам «Қарлығаш». Ол 1930 жылы Алматыда басылып шықты. Онан соң сол жылдары «Құрыш құс», «Карл» деген кітаптарым да басылып шықты. Жазғандарымның дені балалар мен жасөспірімдерге арналған».

Әдебиеттанушы Қ.Ергөбек Ө.Тұрманжановтың балалар әдебиетімен айналысуына себеп болған екінші жайтты да атап көрсетеді. Ол бұған КСРО Жазушыларының 1934 жылы болған бірінші съезінің себеп болғанын айтады. Съезде назар аударылған мәселелердің бірі балалар әдебиеті болды. Бұл съезге қатысқан І.Жансүгіров елге оралысымен, қазақ балалар әдебиеті мәселелерін қолға алады. Өзге әріптестерін әдебиеттің осы саласына жұмылдырады. «Жалпы осы жылдары баланы болашақ тұтқан бірсыпыра қаламгер балалар әдебиетіне бетбұрыс жасады. Содан да отызыншы жылдары қазақ балалар әдебиеті қаламгерлерінің қатары толығып, недәуір еңсе көтеріп қалды. Өтебай Тұрманжановтың балалар әдебиетіне біржола бет бұрып, тұрақты машықтануына әсер еткен екінші фактор осы» - дейді ғалым Қ.Ергөбек.

«Таң өлеңдері»,«Қошан кедей»,«Карл», «Пулемет», «Құрыш құс», «Таң сыры», «Еңбек және мектеп», «Қарлығаш» секілді кітаптары жарық көреді. Ө.Тұрманжанов балалар тақырыбына 1929 жылдан бастап шындап жаза бастаған екен. Балаларға арналған алғашқы кітапшасы – «Қарлығаш». Алғашқыда көптеген өлең, поэма, проза жазған ол бертін келе бойдағы бар дарын қуатын, алтын уақытын осы салаға біржола бағыштады. Ө.Тұрманжанов балалар әдебиетінің кезеңдік проблемалары, жеке таланттары жайлы мақала да жазып отырды. Ө.Тұрманжановтың бүлдіршіндерге арнаған өлең-жырларынан сәбиге тән бала тілін, оқушыға тән асқақ сезімді, романтизмді, лиризмді оңай аңғарамыз. «Ән салайық» айналып өлеңінде:c:\documents and settings\сая\рабочий стол\9.jpg



Балалар-ау, балалар!

Бойларыңа қарап ал.

Беттеріңді жуып ал,

Белдеріңді буып ал.

Бастарыңды құрап ал,

Тізбектеліп тұра қал.

Жұрт тыңдасын тамсанып,

Би билейік, ән салып- деп балаларды көңіл көтеруге шақырады.

Бұл ретте ақын өлеңдері І.Жансүгіровтің «Ой, балалар, балалар» деп басталатын «Жазғытұрым», «Күз» өлеңдерін еске түсіреді. Өтебай ақын «Балқаш көлге барайық»- деп аталатын тағы бір өлеңінде балаларға:



Балалар-ау, балалар!

Қатар басып, барабар

«Балығы тайдай тулаған,

Бақасы қойдай шулаған»

Балқаш көлге барайық-деп тілек білдіреді.

Ө.Тұрманжанов - Ы,Алтынсарин, С.Көбеев, С.Дөнентаев секілді ағартушы ақындардың дәстүрін жалғастырушы. Ақын өз ұстаз ағалары сияқты балаларды өнер-білім үйренуге шақырады.

Ө.Тұрманжановтың дидактикалық өлеңдері құрғақ ақыл айтумен шектелмейді. Ойын суретке жалғайды. Кейде белгілі бір оқиға, көріністі суреттей бастап, ойын ақылмен түйеді. Осының бәрі табиғи өріліп, өзара әдемі жымдасып жатыр. Ақынның ақыл айтқан қай өлеңі болсын, қимыл-қозғалысқа, бояуға толы динамикалы өлең болып келеді.

Қарапайым апорт алмасын суреттеген ақын «Тәтті алма» өлеңінде мынадай ой айтады:



Бір апортқа нысапты

Екі бала тояды.

Тату қылып тәтті алма,

Табыстырып қояды.

Бұл өлеңде «өле жегенше, бөле же!» деген ой бар. «Көбелектерді сыйладым» өлеңінде лирикалық кейіпкер аулаға гүл егіп, көріктендіреді. Гүлді көріп көбелек ұшып келеді. Осы сәтті ақын былай суреттейді:



Гүл өсіріп, қуантып,

Көбелектерді сыйладым.

Жаз сұлуын мұңайтып,

Сыйламауға қимадым.

Ақын балалар шығармаларын бала тілімен бойлап,қиялмен қиыстырып,терең зерттей отырып жазды.




С.Ерубаев c:\documents and settings\сая\рабочий стол\88.jpg

Горькийдің 20-жылдардың аяғы мен

30-жылдардың басында жарыққа шыққан “Тағы да сауаттылық туралы”, “Балалар әдебиеті туралы”, “Балаларға-әдебиет”, “Тақырыптар туралы”, “Балалар кітаптары мен ойындары туралы жазбалар” мақалаларында да болашақ балалар жазушыларын тәрбиелеу мәселесі басты орынға қойылды. Саттар мақаласының нысанасы да осыған саяды: “… нақтылы міндеттемелер алыңыздар, балалар көркем әдебиетін жасауда өздеріңізді жауапты деп санаңыздар. Өздерінің тілегендерінен қызғылықты, түсінікті кітап, әңгіме, өлеңдер жазып беріңдер, балалар өміріне жақын келіңдер. Балалар өмірінің өзгешелігімен танысыңыздар, балалардың өз тілімен өз өмірлерінен де жазып беріңдер”. Ендеше, қандай тақырыпта жазылмасын, балалар шығармаларының басты кейіпкері баланың өзі болуға тиіс. Балалар әдебиетінің осынау басты ерекшелігін Саттар ақын-жазушыларға “…балалардың өз тілімен өз өмірлерінен де жазып беріңдер” деу арқылы аңғартып өтеді. Сөйтіп, С.Ерубаевтың аталған мақаласынан балалар әдебиетін ересектер әдебиетінен дараландырып тұратын сипаттарға сол тұстағы қазақ қаламгерлерінің назарын аудармақ болған мақсатын байқағандаймыз. Жасөспірімді дұрыс бағытқа сілтеп, сол үшін ат салысатынның бірі - балалар әдебиеті. Балалар әдебиеті - жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл дамытатын, оларды адамгершілікке тәрбиелейтін өмір оқулығы. Оның мақсаты - мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап, он алты жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды беру. Осының барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Оның келешегіне жол ашады, бағыт сілтейді. Өмірге жанасымды, икемді, төзімді күрескер етеді.

Балалар әдебиеті - әрбір ұлт мәдениетінің мықтап қаланған тас іргесі, халықтың рухани ахуалын балалар әдебиетінің дамуымен өлшеу керек, балалар әдебиеті жолға қойылмай тұрып, әдебиетіміз кемелдену үстінде деп айта алмаймыз.




Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің алатын орны

Халық ауыз әдебиеті - талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай, асыл қазына, халық шежіресі.Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз, халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз.
Балабақшада бүлдіршіндерді ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу балабақша тәрбиешілерінің міндеті болып табылады. Бүлдіршіндердің ой - өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын дамытуда ауыз әдебиет үлгілері - ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштардың тигізетін пайдасы ұшан - теңіз. Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал - мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ – жаңылтпаштар - бәрі де балабақшада кеңінен пайдаланатын дүниелер. Бұлар балаларды елін сүюге, батылдыққа, адамгершілікке үйретеді. Балабақша бағдарламасында ауыз әдебиет үлгілері үйретуге баса назар аударылған. Онда оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып, әңгімелеп беруге үйрету, ертегі мазмұнында кездесетін кейіпкерлердің іс - әрекетіне сай образды сөздер мен диалогтарды, кейбір өлең шумақтарды бұлжытпай жатқа айта білуге, екі адамның диалогында кездесетін сұрақ, қорқыныш, талап тілектерді білдіретін сөздерге дауыс екпінін дұрыс қойып, мәнерлі айта білуге тәрбиелеу болып табылады.
Қазақ халқының тұрмыс салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу сызу өнері болмаған кездің өзінде – ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша да, жазбаша да жеткізіп келеді.
Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе, әділдік үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталып отырады.
Әсіресе, адам өміріне байланысты іс - әрекеттер өткір сықақ - мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді.
Балалар жағымсыз кейіпкерлердің жаман әрекеттерінен бойларын аулақ ұстап, жақсылыққа құмартады. Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды бала санасына лайықтап жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі бастылары:
Қиял - ғажайып ертегілері
Хайуанаттар жайындағы ертегілері
Тұрмыс - салт ертегілері
Аңыз ертегілері
Мектеп жасына дейінгі балаларға осы аталғандардың бастапқы екі түрі оқытылады. Ертегілер балалардың жас ерекшелігіне сай жоспарланады.
Кіші топтарда (3 - 4 жас) ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады. Ересектер тобында (5 - 6 жас) оқығанды тыңдату мен әңгімелеп беру қатар жүргізіледі.
Мұндағы мақсат – ертегіні әңгімелеуге үйрете отырып, оқылған ертегіні шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету болып табылады.
Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы - мақал мен мәтелдер арқылы да беріледі. Қазақтың мақал - мәтелдері негізінен елдікке, ынтымақ - бірлікке, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелейді. Халықтық шығармалар ішінде жұмбақтар үлкен рөл атқарады. Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой - қиялын ұштастыруға көп әсер етеді. Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімдейтін жанр – жаңылтпаш. Балалар жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді.
Бала тілін дамытуда, ой - өрісін кеңейтуде халық ауыз әдебиетін балабақшада пайдаланудың маңызы зор.
Жазба әдебиет сияқты, ауыз әдебиетінің де өз тыңдаушысы, оқушысы бар. Ертегі шығарушылар оларды да ескереді. Ертегіні кімге айтады, не үшін айтады, ертегінің мақсаты не? Ертегі шығарушылар мұны да аңғарған. Мысалы, «Қотыр торғай», «Өзі бір қарыс, сақалы қырық қарыс», «Құйыршық» ертегілері құрылысы, сюжеті, тілі жағынан басқа ертегілерден мүлде ерекше. Бұлар балалардың ой-санасы, дүниетану дәрежесіне лайықталып шығарылған ертегілер. Халық ертегілеріндегі фантастика балалардың ойына қозғау салады, ақыл-ой қызметінің дамуына жәрдемдеседі. Халық ертегісін балалардың сүйіп оқитыны, ықыласпен тыңдайтыны оның көркем, әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Қазақ балалар фольклорындағы «Тазша баланың өтірігі», «Айлакер тазшаның өтірігі», «Тоқсанбай мен тоғыз жасар бала», «Екі суайт» және т.б. ертегілердің қай-қайсысы болсын балаларды тапқырлыққа, алғырлыққа баулиды. Қиыннан қиыстыра айта білетін шешендік өнерге жетілдіреді. Аталған ертегілер балалардағы логикалық ойдың даму процесін жеделдетуге көмектеседі. Қазақ ертегілеріндегі тазшалар сырт-пішіні жағынан елеусіз болып көрінсе де, ақыл-айласы бәрінен де асып түседі. Алдынан ажал тосып тұрса да, сабыр сақтайтыны, жол тауып құтылып кете беретіні балаларды сүйсіндіреді, ойға қалдырады. Халық ертегісіндегі өтірік өлеңдер балаларды неше алуан жәндіктердің атымен, олардың тіршілігімен таныстырады. Сирек қолданылатын көне атауларды еске түсіреді. Күлдіргі ертегілер «Ши бұт, қағанақ бас, қыл тамақ», «Қаңбақ шал», «Байбай шал», «Айлалы шал», «Ұр, тоқпақ», «Тазшаның қырық ертегісі» т.б. көбінесе ықшам да қысқа келеді. Сол себепті ертегі баланың есінде сақталуына, жатталуына икемделіп тұрады.


Ертегілер


Қазіргі заман ертегілері

Шыншыл ертегі

Хайуанаттар жайлы ертегілер

Қиял ғажайып ертегілер



Аңыз әңгімелер. Қазақ халық прозасының бір саласы «Ертегілерден тыс прозалық жанрлар» болып табылады. Бұны фольклоршылар «Аңыздық проза» деп атайды. Бұлар өзінің мазмұн-мағынасына қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді: миф, әпсана, хикая, аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер -өмірде болған оқиғаларға қатысты туған шығармалар. Аңыз дегеніміз –бір мекеннің, жергілікті жердің, я болмаса бір елдің, тайпаның, рудың ауызекі шежіресі, бір аймақта болған оқиғаның әңгімесі. «Онда, көбінесе, өмірде болған нақты оқиғалар алынады да, оған қызық-ғажайып сюжеттер қосылып, тыңдаушыны баурап алатындай әңгіме жүйесі ерекше әсерлі құрылады.

Аңыз әңгімелер: 1. Аспан әлемі, жан-жануар, ер, су, мекен аттары туралы. Жетіқарақшы, Үркер жұлдыздары, Самұрық, Бозінген туралы аңыз әңгімелерде жұлдыздар мен құстар адамша сөйлеп, ғажап тірлік пен ғажайып оқиғаларды басынан кешеді. 2. Үш жүз, Алты арыс Алаш, Домалақ ене т.б. аңыз әңгімелерінде ру, тайпалардың шығу тегі туралы өсиетті-өнегелі ойлар айтылады. 3. Діни мистикаға(дәріптеу – қиял-ғажайып). Лұқман Хакім, Қағбаның қара тасы т.б. аңыз әңгімелерде діни сенімдер уағыздалып, мистикалық(діни сенім ғажайыптары) нанымдар дәріптеледі. 4. Әлеуметтік утопияға(үміт, қиял). Жерұйық атты аңыз әңгімеде әлеуметтік арман-талап, мұң-мұқтаждың қиялдағы ғажап жақсылықтары орындалып, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» бейбітшілік заман суреттеліп, молшылық тұрмыс-ахуалдың дәуірлеген кезеңі баяндалады. 5. Тарихи қаһармандық туралы құрылады. Тарихи қаһармандықты насихаттап, данышпандар мен шешендерді, батырларды үлгі-өнеге етіп көрсететін аңыз әңгімелер өте көп. Асан қайғы қазақ еліне жақсы жай іздейді. Қорқыт ата халыққа өлмейтін өмір, өшпейтін өнер іздейді. Төле би қазақ халқының бірлігін көксеп, басын біріктіреді..Қажымұқан дүние жүзіндегі ең күшті палуан – қазақ деген мақтаныш туғызады. Төлеген Тоқтаров ерліктің ерлігін көрсетеді, Мәншүк пен Әлия – ержүрек қазақ қызының бейнесін көрсетеді. Сонымен аңыз әңгімелер жанрлық жағынан үшке бөлінеді:топонимикалық аңыз әңгімелер, күй аңыздары, тарихи аңыздар.




Аңыз
тономикалық аңыз

Тарихи


күй

Эпостық жырлар тағылымы

  1. Эпостық жырлар

2. Батырлық эпос

Эпостық жырлар. Отан соғысы аяқталғаннан кейінгі кезеңде кеңестік көркем өнерді жаңа идеялық творчестволық белестерге көтереміз, әлемге социалистік мәдениеттің артықшылығын танытамыз деген даурықпаның желі көтерілді. Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитеті 1947 жылы 21 ақпанда «Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының саяси өрескел қателері туралы» қаулы алып, әдебиеттану саласында көрініс берген кейбір кемшіліктерді қатты сынға алды, мәдени-әдеби мұраны тапшылдық тұрғыдан зерттеу қажеттігін нығарлап көрсетті.

«Бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ әдебиеті мен тілі бойынша оқулықтардағы өрескел қателіктер туралы» 1951 жылғы 28 тамыздағы қаулы тағы да қазақ тарихын, әдебиетін жүдеушілікке ұшыратты. Осы талқандау процесі 1953 жылы ауыз әдебиетінің халықтығы деген проблемаға ұласып, өзінің шырқау биігіне жетті. Осының нәтижесінде қазақтың ауыз әдебиеті тарихының көп шығармалары ескішіл деп жарияланып, оларды оқуға тыйым салынды. Батырлар мен эпос кейіпкерлері шыққан тегіне қарай жіктелді. Қобыланды, Алпамыс – байдың балалары, байларды қорғаған батырлар, Төлеген – бай баласы, Қыз Жібек – хан қызы ретінде бағаланды. Қазақтың бай эпосынан кедейдің ішінен шыққан Қамбар батыр халықтық деп танылды. Үш жүзге тарта батырлар жырынан тек төрт-бесеуін ғана зерттеу нысанасына алынды.

Қазақ халық поэзиясының ең бір көркем, ең көлемді саласы - эпостық жырлар. Тақырыптық жағынан қазақ эпосы үлкен он салаға жіктеледі. Жанрлық жағынан эпостық мұраларымыз төмендегіше бөлінеді:көне эпос, батырлық эпос, лиро-эпос, тарихи жырлар. Қазақтың жалпы эпостық мұраларының жиналуы мен зерттелу тарихы бар. Бұған қатысты көл-көсір әдебиеттер жазылды. Қазақ батырлық жырларын жазып алуда Ш.Ш.Уәлиханов, Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, А.В.Васильев, И.Н.Березин, Ә.Диваев, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Ж.Көпеевтер айтарлықтай үлес қосты. Ғылыми тұрғыда зерттеу ісінде А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов. С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.О.Әуезов, Е.Ысмайлов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, О.Нұрмағамбетов және т.б. құнды еңбектер қалдырды. Бүгінгі фольклортану ғылымында қазақ эпосына қатысты Р.Бердібай, С.Қасқабасов, Ш.Ыбыраев т.б. жаңаша зерттеулерімен танылды.

Тарихи жырлар




Эпостық жырлар
Батырлар эпосы

Лиро эпост


С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының кітапханасынан мынадай кітаптарды оқуға кеңес береміз

  тел.5-40-99






Үш тілді Ермек Өтетілеуұлының кітаптары; «Бәрінен де қымбатты Дороже всех Tne deapelt», «Суреттер сөйлейді»,«Қазақстан-Отаным»,«Қазақ оркестрі», «Апта Неделя Tne week»,Сұлтан Қалиұлы «Бақыт құсы», Алдар Көсе хикаялар жинағы бойынша, Ш.Ахметов ХIХ ғасырдағы балалар әдебиеті I том




Қиял-ғажайып, жануарлар, әжемнің ертегісі, өнегелі ертегі кітаптары бойынша Ш.Ахметов ХIХ ғасырдағы балалар әдебиеті II том




Орысша-қазақша ертегілер: «Ақылды құмырсқа», «Жақсылыққа жақсылық», «Түлкіні алдаған шал»,«Сақтықта қорлық жоқ», «Дүниеде не күшті», «Жақсылық ұмытылмайды»,«Түйе неге түкіреді», «Біреуге ор қазба», Ш.Ахметов ХIХ ғасырдағы балалар әдебиеті III том



Әлем халық ертегілерінің Алтын жинағы.

Әлем ертегісімен қазақ ертегілерінің ұқсастығын салыстыру.





Балалар әлемінен Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»,

Ермек Өтетілеуұлы «Әдептілік-әдемілік»,«Хорошие манеры»,Сәкен Иманасов«Жәнібек пен атасы»





Б.Майтанов «Абай», Ш.Күмісбайұлы «Қаракерей Қабанбай», Ж.Қасымбаев «Абылай хан»,«Кенесары Қасымов», Г.А.Галиев «Керей мен Жәнібек»,Г.А.Галиев «Томирис»,Б.Е.Көмеков, Г.А.Галиев «Шыңғыс хан»,Күмісбайұлы.Ш. «Қанжығалы Бөгенбай», «Шақшақұлы Жәнібек», «Қаракерей Қабанбай»,Қ.Омарұлы, Ә.Нұршайықов

«Қамбар батыр», Э.Н.Батталова «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Алпамыс батыр»,Б.Көмеков,Қ.Сәки «Байбарыс Сұлтан», Күмісбайұлы.Ш.С.Ахтанов «Қобыланды батыр», М.Құл-Мұхаммед «Мөңке би»






«Жеті ғасыр жырлайды», Ы.Алтынсарин «Кел,балалар,оқылық», А.Құнанбаев шығармалар жинағы, М.Жұмабаев «Шолпанның күнәсі»,С.Торайғыров «Қамар сұлу», М.Әуезов «Жетім»,«Көксерек», «Балалық шақ»,Абай жолы романынан үзінді., Д.Исабеков «Шойынқұлақ», Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» роман, Ж.Аймауытов «Ақбілек», С.Сейфуллин «Аққудың айрылуы», С.Бегалин шығармалар жинағы, Қ.Мырза-Әлі шығармалар жинағы, Ш.Мұртаза «Интернат наны»



С.Шаймерденов «Битабар балуан» повесі, М.Әуезов «Абай жолы» романы, С.Мұқанов «Мөлдір махаббат», Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты», Ғ.Мұстафин «Қарағанды», М.Мағауин «Тазының өлімі»,О.Бөкей «Жылымық», «Атау кере», М.Мақатаев «Аманат»,





Қ.Қайсенов «Жау тылында»,Ә.Нұрпейсов «Қан мен тер», І.Есенберлин «Қаһар», Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейнесі», Д.Исабеков «Біз соғысты көрген жоқпыз», Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз», М.Әуезов «Қилы заман», «Жетім», Ә.Шәріпов «Партизан қызы», Б.Момышұлы «Ұшқан ұя», Т.Молдағалиев «22 июнь,1941 жыл» өлеңі, Сайын Мұратбеков «Жабайы алма»,Тахауи Ахтанов «Қаһарлы күндер»,Қасым Аманжолов «Дариға, сол қыз»,Баубек Бұлқышев«Заман біздікі»,Мамытбек Қалдыбай «Атақ пен шатақ»



Ф.Оңғарсынова шығармалар жинағы,Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалар жинағы, А.Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш», М.Шаханов «Эверестке шығу», Ш.Айтматов «Қош бол,Гүлсары» М.Мағауин «Алдаспан», Орынбай Жанайдаров «Менің елім Қазақстаным»


Қорытынды: Кітапхана-кітап арқылы жас жеткіншектердің ой-өрісін дамытуға,парасаттылыққа тәрбиелей алатын мәдениет орталығы. Сондықтан мәдени ошақтарды жандандыру,оның ішінде балаларға қызмет көрсететін мектеп кітапханаларының еңсесін көтеру,дәстүрімізді сақтай отырып,өскелең ұрпақтың білімін,рухани байлығын арттыру,тиімді ақпаратпен қамтамасыз ету өз қолымызда. Өйткені білімді, білікті, мәдениетті, көзі ашық баланың тәрбиесі – тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағы болары сөзсіз.

Кітапхана болашақ ұрпақтың ғылым мен білім нәріне сусындайтын қайнар орнына айналсын!
Негізгі әдебиеттер

Әбдіғали Бекішев,  РМК «Ғылым ордасы» Сирек кездесетін кітаптар

мұражайының меңгерушісі.

Б. Ыбырайым  "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы,

"Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Қазақ әдебиетіндегі балалар әдебиетінің туралы мәліметтер "Мектептегі кітапхана" : №1-2013,№2-2011,№6-2011,№5-2009



Ы.Алтынсарин,Ө.Тұрманжанов,С.Ерубаев туралы материалдар "Googul" сайтынан

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет