Бакирова Алия Тельмановна



жүктеу 74.43 Kb.
Дата24.05.2017
өлшемі74.43 Kb.
Тараз политехникалық колледжі

Бакирова Алия Тельмановна

Қоғамдық пәндер оқытушысы

«Тұлғаның адамгершілік қасиетін дамыту- өзекті мәселе»

«Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі»



Ыбырай Алтынсарин
Жалпы жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Қазіргі таңда ҚР 2020-2050 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес , білім беру мазмұнын жаңғырту жолында «Өзін-өзі тану» оқытушыларына курстар ұйымдастырылды. Бұл курс барысында қазіргі кезде өскелең ұрпақты тәрбиелеу алға қойып отырған негізгі мақсаттардың бірі – қоғамда өзіндік орны бар, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін жан-жақты дамыған, жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Қоғам мақсатымен өз мақсатын ұштастырып байланыстыра алатын, шығармашыл, қоршаған ортадағы жағдайға бейімделгіш, өз бетімен шешім қабылдай алатын, іскер, ой-өрісі дамыған интеллектуалды, зиялы, мәдениетті, парасатты, елжанды, жеке азаматты тәрбиелеу қазіргі қоғамға қойылатын талап. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру да оқушының жас ерекшелік және жеке дара мүмкіндіктерін ескере отырып, оқушы тұлғасын дамыту. Ендеше, жеке тұлғаның рухани- адамгершілік қасиеттерін дамыту тұлғаның адамға жоғары құндылық ретінде саналы қатынасын көрсететін адамгершілік қасиеттерінің бірлігін білдіреді. Ол тұлғаның сапалы қасиеті ретінде басқа адамдармен қарым- қатынас процесінде қалыптасады. Сол сияқты жеке рухани – адамгершілігі адамдар мен достық, мейірімділік, басқаны түсіну, біреудің қайғысы мен қуанышына ортақтасу , өзгенің мінез - құлқы мен пікіріне төзімділік таныту кезінде аңғарылады.

XXI ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білімінің түп-тамыры тереңде жатыр. Ол халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, тағылымдық ой - толғауларынан бастау алады. «Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану – адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ғылым, ол өз бойындағы бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтар жүйесін жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесімен біртұтас қарауға негізделеді. «Өзін-өзі тану» пәні білім берудің басымдылықтары – рухани-адамгершілік білімді іске асыруға, ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетті үйренуге ықпал етеді.

Қазақ халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан тұлғаның бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Менің пікірімше тұлғаның жоғары адамгершілік қасиеттеріндамыту ісін екі жақты процесс деп қарастырған жөн болар. Себебі, бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.

Тұлғаның өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тұлғаның адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары тұлғаның мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.

Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың тәрбиеленушімен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, тәрбиеленушілерге арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады.

Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.

Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани-адамгершілік дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани рахат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық»-деп, атап көрсеткен.

Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.

Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік болып есептеледі. Тұлғаның бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Жалпы адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

Аса көрнекті педагогтардың бірі В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Жалпы адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасында ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны абзал. Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады.

Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық-адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жалпы тұлғаның жақсы адамгершілік қасиеттерінің түп негізі отбасында қалыптасатыны бәрімізге белгілі. Тұлғаның адамгершілік қасиеттері ізгілікпен ұштасады.

Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы жалпы орта білім беретін оқу орындарында пән ретінде жүргізіліп келеді.

«Өзін-өзі тану» пәні — тұлғаның жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді.

Адам бойына кішіпейілдік, сыпайлық, жанашарлық, сыйластық сынды қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де «Өзін-өзі тану» пәнінің үлесіне тимек.

Адамгершiлiк мәдениетi мәселесiнiң педагогикалық – психологиялық әдебиеттерде зерттелуі “Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiм- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi”- деп Әл- Фараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi категорияларының бiрi- тәрбие болмақ. Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын- ала адамның рухани өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен жақын адамдарға және өзiн қоршаған ортаға қатынасын орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетiн сақтата отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын ұрпақтан- ұрпаққа жеткiзедi. Адам тiршiлiгiне тек қана материалдық жағдайлар ғана емес, тәрбие — адамзат тiршiлiгiнiң мiндеттi шарты.

В.Соловьев: “Адамгершiлiк бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”- деп адамгершiлiктiң құндылығына ерекше тоқталған.

Негізінде еңбекке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие, эстетикалық тәрбие, адамгершiлiк тәрбиесi, экологиялық тәрбие, дене тәрбиесi. Осы барлық тәрбиенiң өзегi- тұлғаның адамгершiлiк тәрбиесi, бiрақ ол жападан жалғыз әрекет етпейдi, ол осы аталған тәрбие түрлерiмен бiрлiкте, демек адамгершiлiкпен қоса барлық тәрбие түрлерiмен бiрiге келе адамгершiлiк мәдениетi мен сапалары қалыптасады. Адамгершiлiк сапаларын индивидтiң өзi анықтап, адамгершiлiк ұстанымын да өзi қалыптастырады.

Адамгершiлiк – қоғамдық өмiрдiң объективтiк заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негiз болып табылатын талапқа сай белгiлi бiр имандылық шарттарын бiлдiретiн ұғым.

Атақты ағылшын драматургы В. Шекспир: “Жақсы әдет жақсылыққа бастайтын перiште” десе, орыс педагогы К. Д. Ушинский: “Жақсы әдет өсiмге берген ақша, адам өмiр бойы соның жемiсiн пайдаланады, жаман әдет- борыш, адам өмiр бойы сол борыштың өсiмiнен азап шегедi”- дейдi.

Ал М.Жұмабаевтың ойынша “Ұлттық тәрбиенiң негiзi – адамгершiлiк, еңбек тәрбиесi”-деген екен халық ағартушысы.

Сөзімізді қорытындылай келгенде тұлғаның адамгершілік тәрбиесінде алдымен тұлғаны тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым, һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.

Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаты болмақ. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.



«Өзін-өзі тану» пәнінің авторы Сара Алпысқызы атап өткендей, «Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды. Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қарапайымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс», яғни әрбір баланың, ата-ананың жүрегін жылылық нұрын ұялатуда әрқайсымыздың орнымыз ерекше.
Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Өзіндік таным» № 2 2007 № 5-6 2006 ж

  2. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші Орынбор, 1924.

  3. Құрманбаева М. «Тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеу». - Бастауыш мектеп, №1.2005ж.

  4. Утебаева А. «Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат». - Бастауыш мектеп, №9. 2005ж.

  5. Жұмабаев М. Шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1989. 448б.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет