Бағдарламасының «Жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуді сервистік қолдау»



жүктеу 60.94 Kb.
Дата06.03.2017
өлшемі60.94 Kb.
Жұмыс істеп тұрған бизнесті сервистік қолдау.

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының «Жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуді сервистік қолдау» төртінші бағытын жүзеге асыру аясында 2014 жылға ШҚО кәсіпкерлер палатасы 2014 жылғы маусым айының ортасынан бастап экономиканың басым бағыттарында аталған бағыт бойынша жұмыс жүргізуді бастайды.

ШОБ (шағын және орта бизнес) субъектілері үшін қызметтер ТЕГІН көрсетіледі.

Сервистік компаниялардың өкілдері ШОБ субъектілерін келесі қалалардың КҚКО кеңес беретін болады:

- Өскемен, Победа даңғылы, 6, т. 560-590

- Семей, Абай алаңы, 5, тел. 600-055

Сондай-ақ облыстың қалалары мен аудандарында айына бір рет бекітілген кесте бойынша кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының көшпелі мобильді құрамдағы кеңесшілермен қызметтер ұсынылатын болады.

Қызмет түрлері:


     № 1-қызмет. Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге, сондай-ақ мынадай мәселелер бойынша кеңестерді қоса алғанда, статистикалық есептілікті жасауға байланысты көрсетілетін қызметтер (20 475 000тг);

№ 2-қызмет. Кедендік рәсімдер бойынша қызметтер (11 700 000тг);

№ 3-қызмет. Менеджмент жүйелерін енгізу бойынша кеңес беру және бүкіл процесті толық сүйемелдеу (7 280 000тг);

№ 4-қызмет. Заң қызметтерін көрсету (17 680 000тг);

№ 5-қызмет. Маркетинг мәселелері бойынша қызметтер (соның ішінде бизнес-жоспар құру), (70 103 000тг);

№ 6-қызмет. Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы кеңестер (4 420 000 тг);

№ 7-қызмет. мемлекеттік сатып алумен, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуымен байланысты көрсетілетін қызметтер (10 530 000тг).


Анықтама: әрбір қызметке көрсетілген сома салынған, сома игерілгеннен кейін 2014 жылғы арналған қызмет аяқталды деп есептеледі.

Қосымша ақпаратты ШҚО КП, бизнесті сервистік қолдау бөлімнен 8 (7232) 702-953 тел. бойынша алуға болады.


Қызмет түрлері:


      1-қызмет. Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге, сондай-ақ мынадай мәселелер бойынша консультацияларды қоса алғанда, статистикалық есептілікті жасауға байланысты көрсетілетін қызметтер:

      1. салық салу және салықтық әкімшілендіру;
      2. салық заңнамасы және кәсіпорынның бухгалтерлік қызметін реттейтін заңнама;
      3. бастапқы құжаттарды өңдеу, салықтар мен бюджетке басқа да аударымдарды есептеу;
      4. бухгалтерлік есепті қалпына келтіру;
      5. бухгалтерлік есепті жүргізу;
      6. «1 С-Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс істеу;
      7. салықтық және статистикалық есептерді дайындау және тапсыру;
      8. тысқары ұйымдар үшін қаржылық қызмет бойынша қосымша есептерді жасау;
      9. электрондық статистикалық есептілікті ұсыну.
      
      № 2-қызмет. Мыналарды қоса алғанда, кедендік рәсімдер бойынша қызметтер:
      1. кедендік заңнама мен кедендік рәсімдер саласындағы консультациялар;
      2. тауарларды декларациялау қағидалары мен тәртібі, кедендік құнды айқындау және түзету, кедендік декларацияны толтыру бойынша консультациялар;
      3. нақты тауарлар бойынша тарифтік және тарифтік емес реттеу бойынша консультациялар;
      4. сыртқы экономикалық қызметті құжаттамалық сүйемелдеу;
      5. сыртқы экономикалық қызмет үшін лицензиялар, рұқсаттар алу бойынша консультациялар;
      6. Кеден одағы шеңберінде жүктерді декларациялау бойынша консультациялар;
      7. сыртқы сауда келісімшарт талаптары бойынша консультациялық қызметтер.


      № 3-қызмет. Мыналарды қоса алғанда, менеджмент жүйелерін енгізу бойынша консультация беру және бүкіл процесті толық сүйемелдеу:

1. ИСО 9001:2000 (Сапа менеджменті жүйесі), ИСО 14001:2004 (Экологиялық менеджмент жүйесі), ИСО 22000:2005 (Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесі), ОНSАS 18001:2007 (Денсаулық сақтау және қауіпсіздік техникасы менеджменті жүйесі) халықаралық стандарттардың және басқа да стандарттардың талаптарына сәйкес құжаттарды сертификаттауға дайындау;

2. персоналды сапа жүйесінің стандарттары талаптарына сәйкес оқыту;

3. қолданыстағы менеджмент жүйелерін ИСО 9001:2000 (Сапа менеджменті жүйесі), ИСО 14001:2004 (Экологиялық менеджмент жүйесі), ИСО 22000:2005 (Тамақ өнімдерінің қауіпсіздік менеджменті жүйесі), ОНSАS 8001:2007 (Денсаулық сақтау және қауіпсіздік техникалары менеджменті жүйесі) стандарттарының және басқа да стандарттарының талаптарына сәйкестігі түрғысынан талдау;

4. менеджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу;

5. менеджменттің интеграцияланған жүйелерін әзірлеу және енгізу;

6. ішкі аудитті жүргізуде көмек;

7. сертификаттау алдындағы аудитті жүргізу бойынша консультация беру;

8. қоршаған ортаны басқару менеджменті жүйесін сертификаттау.


      № 4-қызмет. Мыналарды қоса алғанда заң қызметтерін көрсету:
      1. кәсіпорынды (жеке кәсіпкерді) тіркеу, қайта тіркеу, жоюға құжаттар дайындау бойынша консультациялық қызметтер;
      2. кәсіпорынды (жеке кәсіпкерді) тіркеу, қайта тіркеу, жоюға құжаттар дайындау;
      3. шарттар жобаларын әзірлеу бойынша консультация беру;
      4. шарттар жобаларын әзірлеу;
      5. азаматтық және еңбек құқығы саласындағы консультация беру;
      6. құжат айналымын жүргізу бойынша консультация беру;
      7. ұсынымдар бере отырып құжат айналымының аудиті;
      8. бизнес-жоспардан басқа кредиттеуге құжаттар пакетін дайындау бойынша консультация беру;
      9. бизнес-жоспардан басқа кредиттеуге құжаттар пакетін дайындау;
      10. кадрлық құжаттаманы жүргізу бойынша консультация;
      11. ұсынымдар бере отырып кадрлық құжаттаманың аудиті;
      12. құжаттардың ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестікке тексерумен байланысты консультациялық қызметтер.


      № 5-қызмет. Мыналарды қоса алғанда маркетинг мәселелері бойынша қызметтер:


      1. баға саясатын әзірлеу бойынша консультация;
      2. нарықты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың, ұлттық компаниялар мен ұқсас тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары қорытындылары мен жоспарларын ескере отырып нақты тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша баға саясатын әзірлеу;
      3. бизнес-жоспарды әзірлеу және екінші деңгейлі банктерде қарауға дайындау бойынша консультация беру;
      4. бизнес-жоспарды әзірлеу және екінші деңгейлі банктерде қарауға дайындау;
      5. кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу бойынша консультация беру;
      6. кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу;
      7. кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын бағалау және талдау бойынша консультация беру;
      8. кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын бағалау және талдау;
      9. тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе қызметтерді жылжытуды талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе қызметтерге сұраныстың типін зерделеу бойынша консультация беру;
      10. ұсынымдар немесе қорытындылар бере отырып тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе қызметтерді жылжытуды талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе қызметтерге сұраныстың типін зерделеу;
      11. бәсекелес ортаны талдау бойынша консультация беру;
      12. нарықты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың, ұлттық компаниялар мен ұқсас тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары қорытындылары мен жоспарларын ескере отырып бәсекелес ортаны талдау;
      13. сауда маркаларын, жарнамалық компанияларды әзірлеу бойынша консультация беру;
      14. сауда маркаларын, жарнамалық компанияларды әзірлеу.
     

6-қызмет. Мыналарды қоса алғанда, ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар:


      1. интернет-ресурстарды әзірлеу және қолдау бойынша;
      2. кәсіпорынның (дара кәсіпкердің) сайт-визиткасын жасау бойынша;
      3. интернетте бизнес құру және жүргізу бойынша;
      4. есептерді электрондық тапсыру бағдарламаларын орнату және қолдау бойынша;
      5. «1 С-Бухгалтерия» бағдарламасын орнату және қолдау бойынша.
      
      № 7-қызмет. Мыналарды:
      1. конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдер дайындауды;
      2. конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдердің сараптамасын (аудитін) жүргізуді;
      3. Қазақстанның сатып алуы бойынша бірыңғай құрылымдалған
ақпараттық базаны қамтитын интернет көзіне қосуды;
      4. кәсіпорынның/дара кәсіпкердің құжаттамасын мемлекеттік және өзге де сатып алуға қатысуы үшін жетілдіру мүмкіндігі тұрғысынан сараптауды (аудит);
      5. сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекетіне/әрекетсіздігіне шағымдануды;
      6. қазақстандық қамтудың есебін;

7. сатып алудың жылдық жоспарлары негізінде Қазақстанның мемлекеттік және өзге де сатып алуларының нарық сыйымдылығы бойынша талдамалық есептер беруді қамтитын мемлекеттік сатып алумен, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуымен байланысты көрсетілетін қызметтер.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет