Бағдарламасын іске асыру бойынша 2015 жылдың 9 айына атқарылған жұмыстардың есебі



жүктеу 35.46 Kb.
Дата03.02.2017
өлшемі35.46 Kb.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020»

бағдарламасын іске асыру бойынша

2015 жылдың 9 айына атқарылған жұмыстардың есебі
2015 жылы Приозерск қаласында «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен- 21 270 мың теңге және Жұмыспен қамту орталығын қаржыландыруға- 10 629 мың теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 9 айына – 7 466 мың теңге немесе 70,2% игерілді.

Анықтама: 2-ші бағыт бойынша:

- Кәсіпкерлік негізін оқытуға-176,0 мың теңге,

- шағын несиеге -15 000,0 мың теңге,

3-ші бағыт бойынша:

- әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне - 3 257,0 мың теңге,

- оқуға - 1 606,0 мың теңге ( 2014 жылдан өткен кәсіби даярлау курсы)

- қайта даярлауға - 1 231,0 мың теңге




2015 жылы бағдарламаны іске асыру мақсатында бағдарламаға қатысу бойынша 105 азаматқа ақпараттық – түсіндіру жұмысы жүргізілді. 104 келісім-шартқа қол қойған азаматтың ішінен, қайта даярлау курсына - 5адам, жұмысқа орналастырылды- 99 адам, оның ішінде мемлекеттік қолдаусыз тұрақты жұмысқа - 74 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 21 адам, жастар тәжірибесіне- 4 адам жіберілді. Тұрақты жұмысқа орналасқан 99 адамның ішінен 80 адамның МЗЖ (міндетті зейнетақы жарнасы) бар, яғни 81%.

Анықтама: Жұмысқа орналасқан 99 адамның - 2 аз қамтылған отбасынан, 11- оралман отбасы, 3 азамат мүмкіндігі шектеулі, 3азамат - 50 жастан асқан, 3 – бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылғандар.

Қарағанды облысы «Казагромаркетинг» АҚ филиалына 4 кәсіпкерлік негізінде оқыды. Оқуға республикалық бюджеттен – 176,0 мың теңге бөлініп, 159,0 мың теңге игерілді. Бағдарламаның 2-ші бағыты шеңберінде республикалық бюджеттен – 15 млн.теңге 5 адамға өз кәсібін ашу және кеңейту мақсатында бөлінді. Шағын несие алуға 32 адам өтініш білдіріп, 13 адам 1-ші кезеңнен өтті, 6 бағдарлама қатысушы 2-ші кезеңнен өтті, өзге бағдарламаға қатысушылары өз еркімен бас тартты. 2015 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша 6 млн.теңге игерілді. 2015 жылдың 1-ші қазанына «Ауыл шаруашылығының қаржылық қолдау қоры» АҚ 9,0 млн.теңге сомасында 4 кредиттік өтінім қарауда тұр.


Анықтама:

- Бостанова Х.К., фермерлік шаруашылықты кеңейтуге- 3млн.теңге (реинвест),

- Струментов А.В., демалыс саябағын ашуға- 3 млн.теңге.


Шағын несие алған бағдарлама қатысушылары, мемлекеттік кіріс органдарында ЖК ретінде тіркелген. Шағын несие алған бағдарлама қатысушылары 2 қосымша жұмыс орнын ашты және 10% МЗЖ бар. Әлеуметтік жұмыс орнына жалақыны ішінара субсидиялауға республикалық бюджеттен 2 400,0 мың теңге бөлініп, 1 500 мың.теңге игерілді немесе 50%. Жоспар бойынша - 15 адам, жоспарды орындау барысында 21 жұмыссыз азамат 20 000 теңге көлемінде айлық еңбек ақымен жіберілді.

Анықтама: ЖК Жусиповаға -2 адам , ЖК Берсигуроваға -4 адам, ЖК Абильдиноваға -3 адам, ЖК Каланбаеваға -5 адам, ЖК Куликовскийге -1 адам, ЖК Джасароваға -1адам, ЖК Такси 777-1 адам, ТОО «СтройПремиум»-2 адам, ТОО «Жайлау-2008»-1 адам , ТОО «Астау»-1 адам.

Әлеуметтік жұмыс орнына жіберілгендер Бағдарлама қатысушыларына жұмыс берушілер міндетті түрде 10% МЗЖ аударып, 100% құрайды.

Жоғары оқу орны, колледж түлектеріне, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ азаматтарға ерекше назар аударылады. Бағдарламаны іске асырудың бірден бір практикалық мүмкіндігі жастар тәжірибесі болып табылады. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жастар тәжірибесін ұйымдастыруға -857,0 мың теңге бөлінді, 428 мың теңге игерілді немесе 50%. Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап жастар тәжірибесіне Бағдарламаның 4 қатысушысы, 6 ай мерзімімен жолданды. Бағдарламаның бір қатысушысына айына 18 құрайды.



Анықтама:

Приозерск қаласының әкім аппаратына- 1адам,

«Балақай» ҚМКҚ бала бақшасына- 2 адам

«Балбөбек» ҚМКҚ бала бақшасына- 1 адам.




10% міндетті зейнетақы жарнасының аударымы 100 % құрайды.

Бағдарлама 3 қатысушысы 10 айлық кәсіптік оқу курсын 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап 2015 жылдың шілде айы аралығында «пластмасс дәнекерлеуші» мамандығы бойынша оқу курсын аяқтап, тұрақты жұмысқа орналасты.

Кәсіптік оқуға (2014 жылдан өткен) 1 611 мың теңге бөлінді, 1 606 мың теңге игерілді, 2015 жылдың маусым айында үнемдеу есебінен 5,0 мың теңге қаражат бюджетке қайтарылып алынды.

2015 жылдың қыркүйек айынан бастап 3 айлық қайта даярлау курсына повар мамандығы бойынша - 3адам (Қарағанды тамақтандыру және сервистік колледжі), дәнекерлеуші мамандығына- 2 адам (Қарағанды технико- құрылыс колледжі) жіберілді.

2015 жылы, жоспарға сәйкес, қайта даярлау курсына - 1 231 мың теңге 5 адамға бөлінді. Оқу мерзімінің 3,5 айдан 3 айға қысқартылуына және оқу ақысының төмен болуына байланысты 949 мың теңгеге келісім-шарт жасалды. Қалған 282,0 мың теңге көлеміндегі қаражатты Республикалық бюджетке қайтаруға өтініш білдірілді.

2012-2015 жылдың 1 шілде арлығында Достық көшесі 7 үйге 24 отбасы қоныс аударды, оның ішінде экономикалық даму әлеуеті төмен аудандардан қоныс аударғандар 3 отбасы. 20 Бағдарламалар қатысушылары оралмандар. 1 Бағдарлама қатысушысы - ата-ана қамқорынсыз қалған.



Директор м.а. Д.Бижанова



Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет