БАҒдарламасы (Syllabus) Павлодар Пән бойынша оқыту пму ұс н 18. 3/38 бағдарламасы (Syllabus)



жүктеу 183.98 Kb.
Дата18.02.2017
өлшемі183.98 Kb.
Пән бойынша оқыту ПМУ ҰС Н 7.18.3/37

бағдарламасы

(Syllabus)
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
География және туризм кафедрасы

Биогеография пәні бойынша


050807-Орман шаруашылық ісі мамандығының студенттері үшін
ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ

БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)





Павлодар

Пән бойынша оқыту ПМУ ҰС Н 7.18.3/38

бағдарламасы

(Syllabus)

БЕКІТЕМІН

ХТжЖФ деканы

_______ Қ.Қ. Ахметов

«___»__________20 ж.


Құрастырушы: аға оқытушы Чашина Б.А. _______________


География және туризм кафедрасы
ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Биогеография пәні бойынша
050807-Орман шаруашылық ісі мамандығының студенттері үшін
Бағдарлама «____» ___________20 ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды
«___» __________ 20 ж. Хаттама № __ кафедра мәжілісінде ұсынылды

Кафедра меңгерушісі____________________ А.А.Калиева

Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«___» ________20 ж. Хаттама № _______


ОӘК төрайымы _______________ Ұ.Д.Бүркітбаева

КЕЛІСІЛДІ

Кафедра меңгерушісі _______________ Ж.М.Исимбеков

«___» ________20 ж.




1 Оқытушы жөнінде мәлімет және байланысу ақпараттары:

Химиялық технология және жаратылыстану факультеті

География және туризм кафедрасы

аға оқытушы Чашина Б.А.

Тел. (8-3182) 67-36-85 (ішкі 1277)

Қабылдау уақыты: сәрсенбі – 1200-ден 1300-ге дейін, ауд. № 313а


2 Пән жөнінде ақпарат

Пән 15 аптадан тұратын 3-ші семестрде оқытылады. Пәннің жалпы көлемі 135 сағат, оның ішінде 45 сағат аудиториялық сабақтарға және 90 сағаты пәнді оқу бойынша студенттің өздік жұмысына (СӨЖ) жұмсалады. Сабақтың түріне қарай аудиториялық уақыттың бөлінуі күнтізбелік жоспарда келтірілген.



Биогеография – тірі ағзалар мен олардың қауымдастықтарының географиялық таралуы жайлы ғылым. Биогеография тірі ағзалардың таралу заңдылықтары, оның себеп-салдары, тарихи дамуы мәселелерімен айналысады. Биогеография негіздерін биосфералық ресурстарды қорғау және тиімді пайдалану ісін жүзеге асыру үшін меңгеру қажет.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Семестр

Кредит саны

Аудиториялық сабақтардың түрі бойынша сағаттар саны

СӨЖ сағаттарының саны

Бақылау түрі

барлық

дәріс

тәжір.

зерт.

барлық

ОСӨЖ

3

3

45

15

30

-

90

45

емтихан


4 Пәннің мақсаты студенттерде биосфера туралы біртұтас жүйе ретінде, тірі ағзалардың таралуының заңдылықтары және олардың таралуына әсер тигізетін факторлар туралы түсінік қалыптастыру.
5 Міндеттері:

  • Экожүйелер мен биосфераның ұйымдастырылу ұстанымдарын анықтау;

  • Тірі ағзалардың жер беті мен суда таралу заңдылықтарын айқындау;

  • Биосфераның таксономиялық құрылымына сипаттама беру;

  • Климаттық ерекшеліктеріне байланысты биоценоздардың түрлеріне сипаттама беру;

  • Биогеографиялық патшалықтардың шекараларын анықтап, олардың ерекшеліктерін көрсету;

  • Биосфераны қорғау және тиімді пайдалану қағидаларын меңгеру.


Білімге, икемділікке және дағды машықтарға қойылатын талаптар

5 Студент білу керек:

  • Экожүйелердің құрам бөліктері мен экожүйедегі байланыстарының сипатын;

  • Тірі ағзалардың таралу факторларын;

  • Ареалдардың түрлерін;

  • Тірі ағзалар түрлерінің жіктемесін;

  • Экожүйелер мен биоценоздардың таралуы мен негізгі көрсеткіштерін;

  • Органикалық әлемді қорғау және тиімді пайдалану ұстанымдарын.



Студент істей білу керек:

  • Экожүйелердегі байланыстардың сипатын және байланыстардың бұзылуын анықтай білу;

  • Биоценоздардың аймақтық ұйымдастырылуы мен таралуын белгілеу;

  • әр түрлі климаттық белдеулердегі экожүйелер мен биоценоздарға сипаттама беру;

  • биосфераға антропогендік әсердің дәрежесін анықтай білу.

6 Пререквизиттері: мектеп курсындағы биология, география, экология, орман ботаника, дендрология.
8 Пәннің тақырыптық жоспары

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ






р/с




Тақырыптың атауы


Сағаттар саны





Дәр.

Тәж.

Зерт.

СӨЖ




1

2

3

4

5

6




1

Биогеография пәнінің мақсат-міндеттері мен мазмұны

1

-

-

-




2

Экожүйелер мен жалпы биосфераның ұйымдастырылу ұстанымдары

1

3

8

5




3

Тірі ағзалардың географиялық таралу заңдылықтары

2

3

8

5




4

Филогенетикалық талдау негізіндегі биогеографиялық талдаудың ұстанымдары

1

2

10

5




5

Аймақты биогеографиялық тұрғыдан аудандастыру

2

3

10

5




6

Жер бетіндегі экожүйелер мен биоценоздардың ерекшеліктері

2

5

12

5




7

Құрлықтың биогеографиялық патшалықтары мен облыстары

2

4

12

5




8

Аралдардың биогеографиясы

1

3

10

5




9

Теңіздік және тұщы сулы қауымдастықтардың ерекшеліктері

1

3

10

5




10

Тірі ағзаларды қорғау және биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері

2

4

10

5




БАРЛЫҒЫ:

15

30

90

45




Пән бойынша барлығы

135 сағат





9 Пәннің қысқаша мазмұны

Биогеография (био... және география)- жер шарындағы әр түрлі биоценоздың, сондай- ақ жануарлар мен өсімдіктердің, микроорганизмдердің таралуы мен орналасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Биогеография екі салаға бөлінеді: организмдер географиясы (микроорганизмдер, жануарлар және өсімдіктер географиясы) және жануарлар мен өсімдіктердің дүниесінің жалпы географиясы (микробоценоз, фитоценоз және зооценоз географиясы). Биогеография биология және география ғылымдарымен байланысты..


10 Курстың компоненттері

Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
1 Тақырып. Экожүйелер мен жалпы биосфераның ұйымдастырылу ұстанымдары

1.В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімінің негізгі қағидалары.

2.Биосфераның құрылысы мен қасиеттері.

3.Биосфераның экологиялық қызметтері.


2 Тақырып. Тірі ағзалардың географиялық таралу заңдылықтары

1.Тірі ағзалардың (белгілі бір түрлерінің) таралу ареалдары белгіленген карталарды талдау.


3 Тақырып. Филогенетикалық талдау негізіндегі биогеографиялық талдаудың ұстанымдары

1.Алуантүрліліктің ақпараттық индекстерін анықтау және белгілі бір аумақтың ареалдық, географиялық-генетикалық және жастық талдауын жасау


4 Тақырып. Аймақты биогеографиялық тұрғыдан аудандастыру

1.Биоценоздардың иерархиялық құрылымына сипаттама беру, биоценоздық жіктемелердің ұстанымдарын анықтау

5 Тақырып. Жер бетіндегі экожүйелер мен биоценоздардың ерекшеліктері

1.Мангр қауымдастықтарының ерекшеліктері.

2.Дала, прерия, пампалардағы шөптесінді қауымдастықтар.

3. Тундралар.

4.Таулы экожүйелердің сипаттамасы
6 Тақырып. Құрлықтың биогеографиялық патшалықтары мен облыстары

1.Жер бетіндегі биогеографиялық патшалықтар мен облыстарға сипаттама беру


7 Тақырып. Аралдардың биогеографиясы

1.Аралдардағы реликті және эндемик түрлері.

2.Маржан аралдарындағы экожүйелердің ерекшеліктері.

3.Мадагаскар, Жапония, Жаңа Зеландия, Мұхит аралдарындағы

биоценоздардың сипаттамасы
8 Тақырып. Теңіздік және тұщы сулы қауымдастықтардың ерекшеліктері

1.Мұхиттар мен теңіздердегі тіршілік етудің жағдайлары.

2.Биоөнімділігі мен биомассасы өте жоғары мұхиттың бөліктері.

3.Мұхиттағы биогеографиялық патшалықтар.


9 Тақырып. Тірі ағзаларды қорғау және биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері

1.Қазақстан мен Павлодар өңіріндегі ерекше қорғалатын аймақтар.


Студенттің өздік жұмысының тақырыптары
1 Тақырып. Биогеография пәнінің мақсат-міндеттері мен мазмұны

  1. Биогеография пәнінің мақсаты мен міндеттері.

  2. Биогеографияның өзгешелігі.

  3. Биогеографияда қолданылатын негізгі терминдері мен ұғымдары. Биогеографияның басқа пәндермен байланысы.

Тапсырма. Ұсынылған әдебиеттер мен дәріс мәліметтерін пайдаланып, дәріс, тәжірибелік және зертханалық сабақтарға дайындалу. Терминдер мен ұғымдарға анықтама беріп, оларды жаттау

2 Тақырып. Экожүйелер мен жалпы биосфераның ұйымдастырылу ұстанымдары



  1. Экожүйелер тұжырымдамасы.

  2. Биосфера – ғаламдық экожүйе ретінде.

  3. Экожүйелердің бөлінуі.

  4. Фотоавтотрофты, хемоавтотрофты, прототрофты, хемогетеротрофты ағзалар. Экожүйелердегі энергия, зат, ылғал айналымдары.

  5. Экожүйелердегі байланыстардың сипаты: заттық, энергиялық және ақпараттық байланыстар. Экожүйенің трофтық деңгейлерінің ара-қатынасы.

Тапсырма. Ұсынылған әдебиеттер мен дәріс мәліметтерін пайдаланып, дәріс, тәжірибелік және зертханалық сабақтарға дайындалу. Терминдер мен ұғымдарға анықтама беріп, оларды жаттау

3 Тақырып. Тірі ағзалардың географиялық таралу заңдылықтары



  1. Ағзалардың таралу факторлары.

  2. Либихтың минимум ережесі. Жылу мен ылғал қатынасы.

  3. Тарихи және биотикалық факторлар.

  4. Ендік зоналылық және биіктік белдеулілік заңдылықтары.

  5. Ареалдың конфигурациясы мен құрылымы. Ареалдардың өзгеруі. Ареалдардың түрлері. Космополиттік ареалдар. Эндемиктердің ареалдары.

Тапсырма. Ұсынылған әдебиеттер мен дәріс мәліметтерін пайдаланып, дәріс, тәжірибелік және зертханалық сабақтарға дайындалу. Терминдер мен ұғымдарға анықтама беріп, оларды жаттау

4 Тақырып. Филогенетикалық талдау негізіндегі биогеографиялық талдаудың ұстанымдары



  1. Филогенетикалық құрылым ұғымы.

  2. Тірі ағзалар қауымдастықтарын жүйелеу қажеттілігі.

  3. Таксономиялық құрылым.

  4. Ареалогиялық, географиялық-генетикалық және жастық (сатылы) талдау.

Тапсырма. Ұсынылған әдебиеттер мен дәріс мәліметтерін пайдаланып, дәріс, тәжірибелік және зертханалық сабақтарға дайындалу. Терминдер мен ұғымдарға анықтама беріп, оларды жаттау

5 Тақырып. Аймақты биогеографиялық тұрғыдан аудандастыру



  1. Тірі ағзалардың аймақтық топтамалардың жіктемесі.

  2. Аналогиялық және гомологиялық белгілер.

  3. Типологиялық және аймақтық келіс.

  4. Аналогиялық белгілері бойынша жіктеу, карталау және аудандастыру.

  5. Жер бетіндегі биомасса мен биоөнімділіктің таралуы.

  6. Гомологиялық белгілеріне қарай жіктеу және аудандастыру.

Тапсырма. Ұсынылған әдебиеттер мен дәріс мәліметтерін пайдаланып, дәріс, тәжірибелік және зертханалық сабақтарға дайындалу. Терминдер мен ұғымдарға анықтама беріп, оларды жаттау

6 Тақырып. Жер бетіндегі экожүйелер мен биоценоздардың ерекшеліктері



  1. Мәңгі жасыл тропиктік және экваторлық ормандар.

  2. Жаңбырлы тропиктік ормандар мен саванналық сирек ормандар.

  3. Субтропиктік және қалыпты жылы қатты жапырақты, қылқанды ормандар.

  4. Шөлдер, шөлейттер және тікенекті ксерофитті өсімдік қауымдастықтары.

Тапсырма. Ұсынылған әдебиеттер мен дәріс мәліметтерін пайдаланып, дәріс, тәжірибелік және зертханалық сабақтарға дайындалу. Терминдер мен ұғымдарға анықтама беріп, оларды жаттау

7 Тақырып. Құрлықтың биогеографиялық патшалықтары мен облыстары

Ориенталь, Эфиопиялық, Мадагаскар, Кап, Австралиялық, Антарктикалық, Неотропиктік, Неарктикалық, Палеарктикалық патшалықтардың сипаттамасы.

Тапсырма. Ұсынылған әдебиеттер мен дәріс мәліметтерін пайдаланып, дәріс, тәжірибелік және зертханалық сабақтарға дайындалу. Терминдер мен ұғымдарға анықтама беріп, оларды жаттау

8 Тақырып. Аралдардың биогеографиясы


  1. Аралдық биоценоздардың ерекшеліктері.

  2. Эндемиктер.

  3. Биогенді, жанартаулық, геосинклинальді, материктік аралдардағы биоценоз қауымдастықтарының сипаттамасы

Тапсырма. Ұсынылған әдебиеттер мен дәріс мәліметтерін пайдаланып, дәріс, тәжірибелік және зертханалық сабақтарға дайындалу. Терминдер мен ұғымдарға анықтама беріп, оларды жаттау

9 Тақырып. Теңіздік және тұщы сулы қауымдастықтардың ерекшеліктері



  1. Су экожүйелердегі жылу мен ылғалы айналымы.

  2. Су ортасының ерекшеліктері.

  3. Судағы тірі ағзалардың топтамалары: планктон, нектон және бентос. Пелагиаль және бенталь бөліктері.

  4. Мұхиттық кеңістіктерді биогеографиялық тұрғыдан аудандастыру.

Тапсырма. Ұсынылған әдебиеттер мен дәріс мәліметтерін пайдаланып, дәріс, тәжірибелік және зертханалық сабақтарға дайындалу. Терминдер мен ұғымдарға анықтама беріп, оларды жаттау

10 Тақырып. Тірі ағзаларды қорғау және биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері



  1. Биологиялық және экологиялық алуантүрлілік ұғымдары.

  2. Бисфералық алуантүрліліктің тәжірибелік құндылығы.

  3. Тірі ағзаларды қорғау мәселесі.

  4. Флора және фаунаның түрлік құрамын, экологиялық алуантүрлілікті сақтау бағыттары.

  5. Ерекше қорғалатын аймақтар: қорықтар, қорықшалар, ұлттық парктер, резерваттар т.б.

Тапсырма. Ұсынылған әдебиеттер мен дәріс мәліметтерін пайдаланып, дәріс, тәжірибелік және зертханалық сабақтарға дайындалу. Терминдер мен ұғымдарға анықтама беріп, оларды жаттау
СӨЖ мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Көлемі, сағат

1

Дәріс сабақтарына дайындық

Жазбаша жұмыс

Сабаққа қатысу

15

2

Сарамандық сабақтарға дайындық

Жазбаша жұмыс

Ауызша сұрау

30

3

Биогеографияда қолданылатын терминдер мен түсініктер сөздігін құрастыру

Глоссарий

Ауызша сұрау

10

4

Биогеографиялық карталармен жұмыс жасау

Кескін карталар

Ауызша сұрау

15

5

«Әлемдегі әйгілі қорықтар мен ұлттық парктер» тақырыбына бойынша баяндама жасау

Жазбаша жұмыс

Ауызша сұрау

10

6

Бақылау шараларына дайындық

-

ШБ, ШБ, коллоквиум

10

Барлығы

90



Ағымдағы үлгерім мен межелгі бақылау бойынша салмақты үлестердің бөлінуі




р/с

Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Салмақты үлестері

1

Емтихан

Ағымдағы үлгерім

0,7

Межелгі бақылау

0,3


Қорытынды бақылау мен ағымдағы үлгерімді бақылау бойынша салмақты үлестердің бөлінуі




р/с

Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Салмақты үлестері

1

Емтихан

Емтихан

0,4

Ағымдағы үлгерімді бақылау

0,6

11 Курстың саясаты

Студент дәріс сабақтарына міндетті қатысу тиіс. Сабаққа қатысу әр бір сабақта белгіленеді (сабақтың басында немесе ортасында). Егер белгілеу кезінде студент болмаса, ол белгілеуден кейін келсе де сабақта жоқ деп есептеледі.

Сабақтардағы кез келген бұзушылық жазаланады, тіпті аудиториядан шығарып жіберуге де жету мүмкін. Ал белсенді жұмыс бағаланады. Сабақтан қалмау керек және кешігіп келуге болмайды. Сабақты босату және кешігіп келу үшін төмендегі айыпты санкциялар қолданылады:


  • Орынды себепсіз дәріс сабағына қатыспағаны үшін – минус екі балл;

  • Аудиторияда тәртіпті бұзғаны үшін – сабаққа келгені үшін алған баллдан айырылады.

Талаптар мен айыпты санкциялар:

  1. Оқу процесіне белсенді қатысу.

  2. Сабаққа кешікпеу.

  3. Аудиторияға сыртқы киімді шешіп кіру.

  4. Сабақ барысында бір-бірімен сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефондарды өшіру, сағыз шайнамау.

  5. Оқу бөлмелерінде шылым шекпеу және тәртіпсіз сөздерді қолданбау

  6. Босатылған дәрісті өздігінен игеріп тапсыру негізгі балл мөлшерінің 50%-мен бағаланады.

7. Уақытында орындалмаған тапсырмалар (бақылаудың барлық түрлері) негізгі балл мөлшерінің 50%-мен бағаланады. Тапсырмаларды орындамағаны үшін қорытынды баға төмендетіледі.

Аталған талаптарды орындау емтиханға қатысуды қамтамасыз етеді.



Соңғы қорытынды баға төмендегілерден шығарылады:

  1. Дәріс сабақтарына қатысу

  2. Дәріс сабақтарына белсенді қатысу және барлық тәжірибелік, зертханалық жұмыстар мен СӨЖ орындау мен қорғау

  3. Білімдердің шекті бақылауы

  4. Емтихан (сынақ) бағасы

Білімді бағалау баллдық-рейтинг жүйесін қолданумен жүзеге асырылады, студент күнтізбелік кестеге сүйеніп өз білім деңгейін өзі бағалай алады. Қажетті баллдар санын жинау үшін студент барлық дәріс, тәжірибелік, зертханалық сабақтарға белсенді қатысу қажет. Егер аталған шарт орындалмаса, студент барлық тақырыптарды игеріп тапсырудан кейін ғана емтиханға жіберіледі.

Семестр бойы білім деңгейі үнемі тексеріледі.

Орындалған жұмыстарды тапсыру бақылау шараларының күнтізбелік кестесі бойынша жүзеге асырылуы шарт.

Босатылған сабақтардың тақырыптарын игеріп тапсыру:

Орынды себеппен зертханалық жұмысты орындамаған студент оны келесі жұмада тапсыра алады, бірақ сол жағдайда жұмыстың орындалуы 1 баллға төмендетіліп бағаланады.

Шекті бақылау кезінде басқа студенттен жазбаша жұмысты көшіріп алуға тыйым салынады (көшірілген жұмыс есептелмейді).

Емтихан ауызша түрде өтеді. Студент үш сұраққа жауап беру тиісті. Емтиханда берілген жауап төмендегідей бағаланады:

-100 балл – барлық сұрақтарға толық жауап үшін;

-75 балл – екі сұраққа толық жауап үшін;

-75 балл – барлық сұрақтарға толық емес жауап үшін;

-85 балл – екі сұраққа толық жауап, ал үшіншісіне толық емес жауап үшін;

-50 балл – бір сұраққа ғана толық жауабы үшін;

-0 балл – жауабы болмаған жағдайда.


Әдебиет

Негізгі:

  1. Биогеография / под редакцией Г.М. Абдурахманова и др. – Москва: Академия, 2003. – 474 с.

  2. Биогеография / под редакцией Г.М. Абдурахманова. – Москва: Академия, 2007. – 473 с.

  3. Второв П.П. Биогеография: учебник для вузов. – Москва: Владос, 2001. – 303 с.

  4. Второв П.П. Биогеография: учебное пособие для вузов. – Москва: Просвещение, 1978. – 270 с.

Қосымша:

  1. Вахненко Д.В. Биология с основами экологии: учебник для вузов. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2003. – 506 с.

  2. Колесников С.И. Биология с основами экологии. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2004. – 220 с.

  3. Константинов А.С. Общая гидробиология. – Москва: Высшая школа, 1967. – 431 с.

  4. Лебедева Н.В. Биологическое разнообразие. – Москва: Владос, 2004. – 432 с.

  5. Пехов А.П. Биология с основами экологии. – Санкт-Петербург: Лань, 2004. – 687 с.

  6. Прозорова Т.А., Черных И.Б. Биоразнообразие растительности Баянаульского национального парка. – Павлодар: ЭКО; 2001. – 188 с.

  7. Прозорова Т.А., Черных И.Б. Биоразнообразие растительности Павлодарского Прииртышья. – Павлодар: ЭКО, 2001. – 237 с.

Пән бойынша оқыту ПМУ ҰС Н 7.18.3/38



бағдарламасының

(Syllabus)



келісу парағы

050807-Орман шаруашылық ісі мамандығының студенттері үшін Биогеография пәнінің жұмыс бағдарламасының келісу парағы

2010-2011 оқу жылы


КЕЛІСУ ПАРАҒЫ

Шығаратынкафедра

Кафедра меңгерушісінің аты-жөні

Қолы

Келісу күні

Агротехнология кафедрасы

Ұ.Х.Альмишев








Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет