Бағдарламасы (Syllabus) mpei 5304 «Экономикалық зерттеулердің әдістемесі»



жүктеу 0.6 Mb.
бет1/4
Дата28.05.2017
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3   4

Нысан

ПМУ ҰС Н -7.18.4/19




Пән бағдарламасының титулдық парағы (Syllabus)




Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Менеджмент кафедрасы

пән бағдарламасы (Syllabus)
MPEI 5304 «Экономикалық зерттеулердің әдістемесі»

Павлодар 2014ж




Нысан

ПМУ ҰС Н -7.18.4/19




Пән бағдарламасын бекіту парағы (Syllabus)



БЕКІТЕМІН

Қаржы-экономика факультетінің деканы

_____________ Т.Я. Эрназаров

«___» ____________ 20 __ ж.


Құрастырушы:

«Менеджмент» кафедрасының доценті, э.ғ.к. _________ Н.Б.Әбілшайықов


Пән бағдарламасы
МРЕІ 5304 «Менеджмент» мамандығының магистранттарына арналған «Экономикалық зерттеулердің әдістемесі» пәні бойынша

(ғылыми магистратура)

Бағдарлама жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылып,

бекітілген «___»_____________20___ж.

Кафедра кеңес отырысында кепілдеме берілген «11» қараша 2013 жыл Хаттама № 6

Кафедра меңгерушісі__________Г.М.Бейсембаева «___»__________ 20___ж.

Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«___» _________ 20 __ ж., хаттама № __


ОӘК төрайымы ____________ А.Б. Темиргалиева «___»_________20__ж.





  1. Оқу пәнінің куәлігі


Пән атауы – «Экономикалық зерттеулердің әдістемесі»
Кредиттер саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 1

Семестр: 2



Дәрісханалық сабақтардың барлығы – 30 сағат

Дәріс – 15 сағат

Тәжрибелік / семинарлық сабақ – 15 сағат

ММЖ – 90 сағат

Соның ішінде ММЖЖ – 22,5 сағат

Жұмыстың барлығы – 135 сағат


Бақылаудың нысаны

Емтихан – 2 семестр



Пререквизиттер

Осы пәнді оқып үйрену үшін «Экономика теориясы», «Өнеркәсіп экономикасы», «Макроэкономика», «Микроэкономика» пәндерін оқу кезінде білім, біліктілік және дағдыны алу керек.



Постреквизиттер

Пәндерді оқу кезінде алынған білім, біліктілік және дағдылар магистрлық ғылыми жұмысты табысты орындау үшін керек.





  1. Ұстаздар туралы ақпарат және байланысу ақпараты

Әбілшайықов Нариман Бақтыбайұлы

Э.ғ.к., менеджмент кафедрасының доценті.

Менеджмент кафедрасы университеттің бас оқу корпусында орналасқан, Павлодар қ., Ломов көшесі 64, А-524 кабинет, байланыс телефоны: 67-36-46

Кафедраның қабылдау уақыты дайындық кестесі бойынша




  1. Пәні, мақсаты және міндеттері


Пәні – тәжірибе сауалдары және ғылымның алдыңғы қатарлы трендтарымен сәйкестендірілген, экономикалық зерттеулерді өткізудің әдістері мен әдістемелері.
Пәнді оқыту мақсаты – ғылыми зерттеулерді өткізудің сапасын жоғарлату және оны тәжірибеде іске асыруды жеткізу.
Пәнді оқыту міндеті:

– ғылыми зерттеулерді өткізуді негізі ретінде әдістер мен әдістемелерді зерттеу;

– экономикалық зерттеулерді өткізу әдістемесін ойлап табудағы кешенді тұрғыны зерттеу;

– экономикалық теория, заңдарға шолу және оларды экономикалық зерттеулерде қолдану аспектілерді зерттеу;

– экономикалық-ұйымдастырушылық механизмдерді құрастыруды және экономикалық модельдеу сұрақтарын зерттеу;

– Қазақстан Республикасының тәжірибесінде және әлем тәжірибесінде заманауи экономикалық зерттеулердің басымдылығын зерттеу.




  1. Білімдерге, білулерге, дағдыларға және құзырларға талаптар

Студент білуі тиіс:

– экономикалық зерттеулерді өткізу әдістері мен әдістемелерінің мәні мен мағынасын;

– экономикалық зерттеулерді өткізуді ойлап табуға заманауи тұрғы;

– экономикалық-ұйымдастырушылық механизмдерді және экономикалық модельдерді құрастырушы құрама элементтерін;

– Қазақстан Республикасының тәжірибесінде және әлем тәжірибесінде заманауи экономикалық зерттеулердің басымдылығын.

Білу керек

– ғылыми зерттеулерді өткізудің негізін қалайтын әдістерді (аналитикалық және синтетикалық әдіс, дедуктивті әдіс, индуктивті әдіс, диалекті әдіс, интуитивті әдіс, экспериментальді әдіс, ғылыми әдіс);

– зерттеуді өткізудің ғылыми әдістерінің құрама элементтері;

– ғылыми зерттеулерді өткізу әдістемелерінің құрама элементтері.

Қолынан келу керек:

– өткізіліп жатқан ғылыми зерттеудің объекті мен пәнін құрастыру;

– ғылыми зерттеуді өткізу шеңберінде гипотезін ойлап табу және құрастыру;

– экономикалық зерттеулерді өткізу үшін ғылыми теориялар мен заңдардың таңдауын жүргізу.

Тәжірибелік дағдысын қалыптастыру:

– экономикалық зерттеулерді өткізу шеңберінде экономикалық теория мен заңдарды қолдану бойынша;

– ғылыми эксперименттерді өткізу бойынша.

Құзырлы болу:



– экономикалық-ұйымдастырушылық механизмдерді және экономикалық модельдерді құрастыруда.



  1. Пәнді оқытудың тематикалық жоспары


Пән түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу

р/с

Тақырып атауы

Пән түрлері бойынша дәрісханалық сағат саны

СӨЖЖ

Дәріс

Практ.

Барл-ығы ығы

СОӨӨ Ж с.і.

1

Ғылыми зерттеулерді өткізуді негізі ретінде әдістер мен әдістемелер

3

3

24

6

2

Ғылыми зерттеулерді өткізу әдістемесін құрастыру

3

3

24

6

3

экономикалық теория, заңдарға шолу және оларды экономикалық зерттеулерде қолдану

3

3

24

6

4

экономикалық-ұйымдастырушылық механизмдерді құрастыру және экономикалық модельдеу

3

3

24

6

5

Қазақстан Республикасының тәжрибесінде және әлем тәжрибесінде заманауи экономикалық зерттеулердің басымдылығы

3

3

24

6

Барлығы: 90

15

15

120

30




  1. Дәріс сабақтарының мазмұны


Тақырып 1. Ғылыми жұмыстарды өткізу негізі ретіндегі әдістер мен әдістемелер

1 Әдістің мәні мен мағынасы. Негізін қалайтын әдістер;

2 Ғылыми әдіс және оның құрама бөлшектері;

3 Ғылыми зерттеу әдістемесінің құрылымы.
Әдіс (гректін – зерттеу жолы немесе оқу жолы) – белгілі міндетті шешуге немесе белгілі мақсатқа жетуге қолданылатын жүйеленген қадамдар жиынтығы, іс-әрекет.

Әдіс субъективті болып есептелінеді, бұл дегеніміз нақты индивидпен немесе ғылыми немесе тәжірибелік мектептін ғалымдар топтарымен құрылады.

Әдіс ескіреді, басқа әдістерге өзгереді, қоғамның талабына сай ғылыми және техникалық ойлардың жетістіктеріне сай уақытпен бірге дамиды.

Біркелкі әдістердің жиынтығы - ғылыми тұрғы өзгереді. Әдістердің дамыту ғылыми ойлардың дамуының табиғи салдары болып есептеледі.

Әр түрлі салаларда келесі әдістер қолданылып жатыр:

– аналитикалық және синтетикалық әдіс;

– дедукциялық әдіс;

– индукциялық әдіс;

– диалектикалық әдіс;

– интуициялық әдіс;

– эксперименталді әдіс;

– ғылыми әдіс.



Аналитикалық әдіс (грек –«жіктеу», «бөлшектеу») – ойлау әдісі, мұнда зерттеліп жатқан құбылыс оны құрап тұрған бөлшектерге бөлінеді, сонда оны қойылған есеп бойынша, толық, сыртқы байланыстардан және кездейсоқ әсерлерден абстрактандырып нақты зерттеуге болады.

Әрі қарай аналитикалық әдіс міндетті түрде қарама-қарсы синтетикалық тұрғыға ауысады, ол зерттеліп жатқан обьектіні орнына келтіреді. Аналитикалық және синтетикалық қабылдаулардың өзара әрекеттесуі және алмасуы – ғылыми, ұғымдық ойлаулардың маңызды заңдылығы.



Дедукциялық әдіс (deductio - латынша – біржола жою) – ойлау әдісі, мұнда ортақ жағдайлар және құбылыстар негізінде логикалық жолымен дербес жағдайлар өндеп шығарылады.

Индукциялық әдіс (inductio - латынша – «біржола жою, көрсету») – ойлау әдісі, мұнда дербес жағдайлар және құбылыстар негізінде логикалық жолымен ортақ жағдайлар өндеп шығарылады.

Диалектикалық әдіс (грек тіл. – дауласу өнері, пікір ауысу) – рефлексиялық теориялық ойлаулар жолы және нысаны, дәлелдемелер әдісі.

Интуициялық әдіс (intuitio - латынша – «пайымдау, қадала бақылау») – логикалық талдаусыз әр түрлі құбылыстардың және процесстердің ақиқаттарына тікелей жетуі;

Эксперименталді (эмпирикалық) әдіс (experimentum латынша – сынақ, тәжірибе) – басқару шарттардағы құбылыстарды зерттеу әдісі.

Ғылыми әдіс – кез келген ғылымдар шеңберіңде есептерді шешу және жаңа білімдерді алу тәсілдерінің негізгі жиынтығы. Сонымен бірге ғылыми әдіс бұрын алған білімдерді түзетуін немесе олардың жоюын болжайды.

Ғылыми әдісті іске асыру үшін диалектикалық және эксперименталды тұрғы қолданылады.

Ғылыми әдіс құрама элементтері 1 суретте көрсеткен.

Болжам (грек – «негіз», «жорамал») – дәлелденбеген бекіту, жорамал немесе болжам.

Болжам (мысалдарға) расталған бақылаулар негізде айтылады және шынға ұқсас көрінеді. Болжамды кейіннен немесе дәлелдейді, (теорияға) қойылған айғақта оны өзгертеді немесе (мысалы, контр мысал көрсетіп), жалған бекітулер дәрежесіне ауыстырып теріске шығарады.

Дәлелденбеген және теріске шығарылмаған болжам ашық мәселе деп аталды.

Ғылыми әдіс

Теориялық әдіс

Эмпирикалық әдіс

Болжам қойылымы

Теория құрылымы

Заңды бекіту

Ғылыми модельдеу

Эксперимент өткізу

Бақылау

Сурет 1 – ғылыми әдістің құрама бөліктері
Теория (грек – «қарастыру, зерттеу») – әлдеқандай құбылыстарға қатысты болжамдау күшіне ие білім жүйесі.

Теорияны тексерудің үйреншікті әдісі – тура экспериментпен тексеру («тәжірибе – ақиқат белгісі»). Теорияны жиі тура экспериментпен тексеру мүмкін емес, немесе мұндай тексеру өте қиын немесе қымбат (макроэкономикалық және әлеуметтік теориялар).



Заң – эксперименталды мағлұматтармен келісетін, айғақтар негізде әлде қандай құбылыстардың дамуын суреттейтін құрастырылған бекіту.

Теория және заңдардың негізде модельдеу іске асады.

Теориялық әдіс кешенінде келесі кезеңдер қамтылады:

– мәліметтер жиыны;

құбылыстарды бақылау;

– талдау;

– болжамдарды өндіру;

– кең жоспарда жорамалдар негізінде феноменді түсінікті ететін теория әзірлеу.



Эксперимент (experimentum латынша – сынақ, тәжірибе) – болжам немесе ғылыми зерттеулерді тексеру үшін орындалатын бақылау және іс-әрекет жиыны (шындықтар және жалғандықтар).

Бақылау – құбылыстың өзгерулері және олардың сипаттамасындағы бекітуі әр түрлі тенденциялардың қабылдау процесіне мақсатты бағытталған. Қажетті мағыналы нәтижелер алу үшін бірнеше рет бақылау керек.

Ғылыми әдістерді қолдану ғылыми зерттеулердің негізіне жатады:

– теориялардың тексеруі, ашуы және теріске шығаруы;

– жаңа білімдердің алуы;

– тәжірибелердің өткізуі.

Әдістемелік – нақты процесстер және құбылыстар шеңберінде әр түрлі әдістерді қолдану туралы оқу.

Әдістеменің құрама бөліктері 2 суретте көрсетілген.


Методология

Объект және зат

Әдіс таңдауы

Деңгейлерді анықтау

Технология

Сурет 2 – Әдістеменің құрама бөліктері


Әдебиет: [1-3]
Тақырып 2. Ғылыми зерттеулерді өткізу әдістемесін әзірлеу

  1. Әдістеме және оның құрастыру алгоритмі;

  2. Ғылыми зерттеулердің тақырып таңдауы;

  3. Ғылыми басқаруды дәлелдеу;

  4. Объекттің қойылуы және зерттелу пәні;

  5. Зерттеудің өзектіліктерінің дәлелдеуі;

  6. Зерттеудің мақсаты мен міндетінің қойылуы;

  7. Ғылыми зерттеудің жоспарының әзірленуі.



Әдістеме және оның құрастырылу алгоритмі
Әдістемелік – ғылымда әр түрлі әдістердің қолдануы туралы оқу. Әдістеменің құрастыруы белгілі кезеңдерді қатар қамтып жатыр:

  • зерттеулер тақырыптарының таңдауы;

  • ғылыми басқаруларды дәлелдеу;

  • объекттің қойылуы және зерттелу пәні;

  • зерттеудің өзектіліктерінің дәлелдеуі;

  • зерттеудің мақсаты мен міндетінің қойылуы;

  • ғылыми зерттеудің жоспарының әзірленуі;

  • обьектіге және зерттеу пәніне қатысты теориялық негіздерді зерттеу (теориялар және заңдар);

  • зерттеу пәнінің зерттеу талдауы;

  • зерттеулер өткізу әдістердің таңдауы;

  • зерттеу кезеңдерің анықтау;

  • зерттеулер технологияларың әзірлеу;

  • ғылыми жаңалық, тәжірибелік маңыздылығын дәлелдеу;

  • ғылыми нәтижелерің ресімдеу.



Зерттеу тақырыбын таңдау
Зерттеу тақырыбын таңдау – ғылыми мамандыққа қатысты жұмысты жазуға әзірленуде бұл маңызды кезең. Түбегейлі табысты дәрежеде өтуі маңызды дәрежеден түпкі қорытынды жетістіктің мүмкіндік тәуелді болып жатыр. Егер тақырып таңдауы сәтсіз болса, онда ұзақ ғылыми-зерттеу жұмыс сәтсіздікке ұшырайды. Бұл жаңа маңызды нәтижелер алуға болатын тақырыптардың болуына, сонымен қатар практикалық қорытынды алу күрделі болуына байланысты:

– зерттеу әдістемесінің жоқтығы. Әдістеме - бұл әлдеқандай ғылыми зерттеулер өткізу үшін алгоритм, процедура. Әдістеме синонимі болып «технология» термині келеді. Әдістеменің нақты қабылдаулар және міндеттерден айырмашылығы бар;

– ақпараттардың шектеуі;

– теория және заңдардың шектеуі;



  • статистикалық мәлеметтердің шектеуі;

– ғылыми бағыт бойынша авторлық зерттеулердің шектеуі.

Қазіргі кезенде ғылыми зерттеу жоспарының бағытын таңдау негізінде құрылған зерттеулер тізімі бар:

– ғылыми жұмысты өткізу базасында құрылған ғылыми ұйымдардың сол зерттеу тізімі;

кәсіби экономикалық журналдар, аналитикалық-шолу ғылыми мақалалар, мақсатты бағыт бойынша мемлекеттік даму бағдарламаларына сәйкес оқу негізінде алынатын сол зерттеу тізімі;

Ғылыми ұйымдарда сол мамандыққа қатысты зерттеу жұмыстары тиімсіз жұмыстарды зерттеуді алдын-алу үшін ғана қолданылмайтының бекіту үрдісі.

Тәжірибе көрсеткендей, сол ғылыми зерттеулер саны негізгі көпшілік жиынмен бағаланады.

Ғылыми зерттеулер шеңберлерде нақтылы жағдайларда ғылыми жұмыстардың тақырыптары қайталананып келеді, ол дегеніміз ғылыми жұмыс өзі ақиқат болып табылады.

Атқаратын ғылыми зерттеулерге шеңберлерде нақтылы жағдайларда ғылыми жұмыстардың тақырып қайталана алады, не тікелей өзімізді ғылыми жұмыстардың тепе-теңдіктер айғақпен келмейді.

Ғылыми зерттеулердің таңдалған тақырыбы ғылыми ұйымда орындалатын ғылыми-іздеу тақырыптарымен тікелей немесе жанама сабақтасуы тиіс.

«Менеджмент» кафедрасында ғылыми іздеу зерттеулері мына ғылыми бағыттар бойынша жүргізіледі:

– тұрақты даму экономикасы;

– индустриалды-инновациялық дамыту;

– еңбектік қорлар нарығының орын ауыстыруы;

– креативті кәсіпкерлік.

Сонымен бірге аяқталған ғылыми зерттеулердің қатары бар:

– салалық нарық бойынша маркетинг;

– басқару консалтингі.

Зерттеу тақырыбын таңдау кезінде оның макроэкономикалық аспектіге қатынасын ескеру керек.



Ғылыми жетекшіні дәлелдеу
Ізденуші үшін ғылыми жетекші (консультантпен) мамандыққа сәйкес немесе соңғы бес жыл ішіндегі ғылыми мамандыққа сәйкес зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми жұмыстар орындаған ғылым кандидаттары мен докторлар арасынан таңдап алынады.

Егер ғылыми жұмыс мамандықтар тоғысқан жерде орындалса және екі мамандық бойынша бекітілсе, онда жетекшілікке жапсарлас мамандық бойынша мамандандырылған екінші жетекшіні тартуға болады.

Ізденушінің ғылыми жетекшісі диссертацияның үстінен ғылыми басқару ісін жүзеге асырады, бекіткен жеке жоспардың орындалуын бақылап отырады және белгіленген мерзімде диссертациялардың сапалы жазылуы мен қорғалуына дербес жауапкершілік артады.

Зерттеу объектісі және пәнінің қойылуы
Ғылымда зерттеулер объектісі – ғылыми іздеулердегі қосымшалардың бұл негізгі облысы. Бір ғылыми тақырыптар шеңберлерде сирек зерттеулерде екі объектісі ерекшеленеді. Экономикалық ғылымда зерттеулердің өте таралған объектілері болып мыналар табылады:

– салалық нарықтар;

– экономика салалары және оның интеграцияланған жиынтығы;

– экономика салалары.

Зерттеу пәні ретінде ғылыми іздеулер облысының жеке құрама элементтері қолданылады. Ғылыми зерттеулердің пәні ретінде өте жиi мыналар пайдаланады:

– ұйымдастырушылық және экономикалық тетіктер;

– менеджмент және маркетинг жүйесі;

– салалық нарықтағы сұраныс және ұсыныс;

– ұйымдастырушылық-басқару құрылымдар;

– инфрақұрылым және оның элементтері;

– экономиканың мемлекеттік реттеуі;

– кадрлық реттеу және қамтамасыз ету жүйесі.



Зерттеу өзектілігін дәлелдеу
Өзектілік – осы мезетте ғылыми зерттеудің негізі мен маңыздылығы (экономиканың жұмыс жасауының уақытша кезені.

Өзектілікті әзірлеуі келесі кезеңдер қамтып жатыр :

– енгізу бөлігі– зерттеу пәні мен обьектісіне, олардың елдің экономикасын жақсарту үшін заманауи тенденциясы мен маңыздылығына кысқа жалпы сипаттама беріледі.

– негізгі бөлігі – зерттеу пәні мен обьектісінің даму бағыты бойынша макро және микроэкономикалық сипаттағы іс-әрекет кешенің сипаттайды.

– негізгі бөлігі – зерттеу пәні мен обьектісі шеңберінде шешілмеген макро және микроэкономикалық мәселелер спектрлары сипатталынады.

Зерттеудің мақсаты мен міндетінің қойылуы
Зерттеу мақсаты кешенді, жүйелі сипатқа ие және диссертациялық зерттеу тақырыбының басында көрсетілген (диссертация тақырыбы –диссертация зертеуінің мақсаты).

Диссертация зертеуінің міндеттері үш ауқымды бағытты қамтиды:

– зерттеу объектісі және пәнінің теориялық негіздерің зерттеу;

– зерттеу объектісінің және пәнінің тенденцияларың және динамикасын талдау;

– зерттеу объектін және пәнін дамыту бойынша ғылыми жағдайларды әзірлеу.

Қойылған мақсат және міндеттер негізінде ғылыми зерттеудің (диссертацияның) жоспары құрылалы.



Ғылыми зерттеудің жоспарың құрастыру
Ғылыми жұмыстің жоспары болу керек және оны жүзеге асыру керек. Сондай жоспар шығармашылық үрдісте ескетулерді есепке алумен қатар алдын-ела елестетуге болатындай етіп болжау керек. Ғылымда кездейсоқ ашулулар болуы ықтимал, бірақ кездейсоқтықта бағдарлап ғылыми зерттеуді жазу мүмкін емес.. Тек қана жоспарлы зерттеу барлық төңіректегі шындықтың жаңа нақты заңдылықтар сенімді адым адыммен тануға мүмкіндік береді.

Магистрлық диссертация – ғылыми жұмысын алғаш жазуын бастауында магистранттын шығармашылық үрдісін жоспарлауы өте маңызды болып келеді.

Жұмыстын жоспарлауы алдағы зерттеуде қолданылатын өзіндік көрнекі кестесі ұсынатын жұмыс жоспарын құрастырудан басталады. Сондай жоспар жұмыстын бірінші кезендерінде пайдалынады, онда зерттеп жатқан мәселені әр түрлі нұсқада көруге болады, осының арқасында келешекте диссертацияның рубрикасы мен композициясының жалпы бағасын беруде ғылыми жетекшінің жұмысын жеңілдетеді.

Жұмыс жоспары магистранттын ғылыми жетекшісінің тікелей қатысуда құрастырылады және зерттеу тақырыбына негізделеді, бұл дегеніміз жоспарланған ғылыми жұмыстын болжамын көрсетеді. Мүмкін, осы ойдың негізіне болжам жасалады, бұл дегеніміз алдын-ала сезу (алдын ала сезулерге) негізінде, сонымен қатар алдын-ала игерілген болжамдар (біресе бірдемені алдын ала түсіндіру мақсатында) бойынша жазу. Осындай қойылу барлық келесі жұмысты жүйелеуге және реттеуге мүмкіндік береді.

Алғаш жұмыс жоспары негізгі сызықтарда зерттеу пәнін сипаттайды, бірақ та алда осындай жоспар айқындалады және айқындалуы тиіс, бірақ жалпы жұмыс алдында тұрған негізгі міндеттер өзгеріссіз қалуы тиіс.

Бастапқы жұмыс жоспар кез келген форманы ала алады. Әдетте ол маңыздылығы ме лайықтылығы туралы сөз айтуға болатын және берілген зерттеу тақырыбы бойынша ішкі логикасымен байланысқан айдарлар бағанында орналасқан тізбектерден тұрады. Жоспардың жеке айдарларын жеке карточкаларда жазу керек (немесе қағаз жолақтарында). Осы зертеудің орналасу кестесі үшін нәтижесінде өте қисынды және қолайлы механикалық орын ауыстыруға мүмкіндік береді.

Жұмыс жоспар құрамына жеке жолдармен ерекшелеуген бастардан басқа, мәтінмен таңдап алуға бастар, бастау – мәтінішілік ерекшеліктерді қосқан жөн (мәтіннің үзінділерінің тақырыбын белгілейтін мәтіннің сөздері және сөзтіркестері).Бұл диссертациялық шығарманың әр түрлі бастаулар мен параграфтарда кішігірім бастаулардың біркелкі қолданылуына баға береді.

Жұмыстын кешірегірек кезеңдерде жоспар-даңғыл құрастырылады, бұл дегеніміз сұрақтардың логикалық қатарында реферат сияқты жазылып орналасқан жоспар, ол арқылы алда жиналған айқын материалдардың барлығы жүйеленеді.

Жоспар – даңғыл өткізіліп жатқан зертеудің мақсаты мен міндеттеріне байланысты магистранттын жұмысына ғылыми жетекшінің ары қара баға беруі үшін негіз болып табылады. Осы жоспар бойынша болашақ диссертацияның мазмұнының жағдайлары туралы, тақырыпты ашу принципы туралы, жеке бөліктерінің қарым-қатынасы және құрылуы туралы айқындауға болады.

Жоспар-даңғыл тәжрибеде – бұл диссертацияның бастауы мен параграфтарының рефераттық мазмұнын ашу ең алғашқы бастауы.

Жоспар-даңғылдың құрастырулары қажеттілігі сол жоспарға барлық жаңа және жаңа мәлеметтерді құрылымдық кестенің саңына дейінғі жүйелі жолмен анықталынады.

Диссертациялық жұмыстын жоспарын құрып болған соң магистрантқа алдағы орындауға тиіс жұмыстын кезектілігін және логикалық тізбегін айқындау керек. Белгілі реттілікте орындауда міндеттері мүмкіншіліктеріне байланысты орындалады және олардың орындалу реті өзгеріске ұшырауы мүмкін, бірақ белгіленген мерзім ішінде барлық жұмыс орындалуы керек деген шартпен ғана.

Логикалық кезектілік міндеттердің мәнін ашады. Бірінші бөлімнің мәні ашылып болдмағанша, екінші бөлімге ауысуға болмайды.Қандайда болмасын жұмыста дәл сол уақытта көңілін бөлу керек негізін тауып алған дұрыс. Осының арқасында жоспарланған міндеттін тиімді шешімдерін табуға мүмкінддік береді.

Осындай әдістемелік тұрғы ғылыми жұмысқа тактика және стратегиясын есептеу керек қажеттілігін туғызады. Бұл дегеніміз зерттеуші өз жұмысында жалпы басты мақсатты анықтайды, орталық міндеттірді құрастырады, ойы және ниетін жүзеге асыру үшін барлық түсінікті резервтерді айқындайды, қажетті іс-әрекеттін әдіс-тәсілдерін таңдайды, әр жұмысты орындауға қолайлы мерзімді табады.

Бұл дегеніміз қосымша міндеттерді қарастырмау керек деген сөз емес. Кесісінше, ғылыми жұмыстын тактикасы мен стратегиясы негізгі бөлімдегі жоспарларды орындауға көңіл бөлгенде жұмыстын қосымша бағыттарын көзден тыс қалдырмау керектігін талап етеді, кейде бұны «бөлшектер» немесе «ұсақтар» деп ойламастан қарастырады.

Шығармашылық зерттеуде жоспар әрқашан динамикалық, қозғалмалы мінезге ие және жұмыста қандайда бір айқын және белгілі ғылыми бағытты сақтау кезінде ойлардың дамуы мен зерттеу ниетін байланыстырмауы керек, байланыстыра алмайды да.

Жоспар мәтінді дайындау үдерісінде табылған жаңа мүмкін деген аспектілерді қамту үшін солқылдақ болуы керек. Жоспарды құрастыру кезінде мынадай сұрақтарды тиянақты қарастырындар: құрастырылып жатқан мәтін бойынша сен не білесін және не білу керек. Содан қандай ретте сіз өзініңіздің бірінші қадамынызды бастайтынызды шешіңіз.

Магистрлық диссертацияның аяқталған логигалық түрдегі жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:

– кіріспе;

– теориялық бөлім;

– аналитикалық-зерттеу бөлімі;

– практикалық бөлім (авторлық ұсыныс);

– қорытынды;

–қолданылған әдебиеттер тізімі;

– қосымшалар.

Ғылыми жетекші болашақ диссертацияның жұмыс жоспарын құрастыруда ғана емес қатысады, сонымен бірге потенциалды авторымен және жұмысты жүргізеді, жиі мыналарды:

– мәтін бойынша қажетті әдебиеттерді, анықтау, статистикалық және архив материялдарын және басқа да мәлімет көздерін ұсынады;

–  жүйелі, болжанған әңгімелер және консультациялар кестесін өткізеді;

–  орындалған диссертацияның мазмұның бөлім бойынша, сонымен қатар жалпы жұмысты бағалайды;

– диссертацияны қорғауға көрсетуге келісімін береді.

Осылай ғылыми жетекші ғылыми және әдістемелік көмегін тигізеді, жұмыстың орындалуын жүйелі бақылайды, белгілі өзгерістер жасайды, қабылдаған және басқа шешімнің мақсаттылығы туралы ұсыныстар береді, сонымен қатар жалпы жұмыстың дайын екндігіне қорытынды жасайды.
Әдебиет: [4-6]



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет