БАҒдарламасы (силлабус) Пәннің атауы: «Бухгалтерлік есеп» Мамандығы: 050508 «Есеп және аудит»



жүктеу 0.85 Mb.
бет1/4
Дата08.02.2017
өлшемі0.85 Mb.
  1   2   3   4



ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ


«Бек


«Бекітемін»

ОӘІ жөніндегі проректор

э.ғ.д., профессор

______________ Г.Ж. Нурмуханова

«____» ______2009 ж.

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН КУРСТЫҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(СИЛЛАБУС)
Пәннің атауы: «Бухгалтерлік есеп »

Мамандығы: 050508 «Есеп және аудит»

Оқу түрі: Күндізгі

Барлық кредит:3

Курс: 2

Семестр: 4



Дәріс 30 сағат

АБ саны: 2

СОӨЖ:15 сағат

СӨЖ 45 сағат

Барлығы 90 сағат

Емтихан: 4 семестр


Алматы, 2009

Курстың оқу бағдарламасын «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының оқытушысы Жолаева Рита Ахантаевна 050508 «Есеп және аудит» мамандығына арналған «Бухгалтерлік есеп» пәнінің типтік бағдарламасының негізінде жасады

Оқу бағдарламасы «БЕ және А» кафедрасының отырысында талқыланды

№ хаттама «_____» _________ 2009 ж.
Кафедра меңгерушісі: э.ғ.к., доцент З.Н.Әжібаева

«Экономика және есеп» факультетінің деканы

э.ғ.д., доцент А.У.Мухаммедов

Оқу бағдарламасы университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде қуатталды

№ хаттама «_____» _______ 2009 ж.

КІРІСПЕ
Бухгалтерлік есеп және аудит – ұйымның қалыпты шаруашылық қызметін жүргізу үшін жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттерге бизнес пен бухгалтерлік есепті таныстыруға арналған бірқатар тақырыптардың құрылымынан тұрады. Курстың басты мақсаты – экономика саласында кез- келген мамандыққа оқып жатқан студенттерді бизнес тілімен таныстыру. Оларға бухгалтерлік есеп ақпараттарын қалай қолдану қажеттілігін және осы ақпараттардың қайдан алынғандығы жайлы түсінікпен таныстыруды көздейді. Бұл курс қаржылық есептің бастамасы, яғни бастапқы курсы болып табылады және де мұнда қаржылық қорытынды есеп беруді дайындау мен бухгалтерлік есеп кезеңдеріне және аудит негіздеріне шолу жүргізіледі.

Бухгалтерлік есеп және аудит курсы бухгалтерлік есеп ақпараттарын дұрыс пайдалану үшін, қаржылық есепті енгізу тәртібі мен оның талаптарға сай әдістемесі және ұйымдастырылуы жайлы маркетинг пен менеджмент салаларында маманданып жатқан студенттерге қажетті білім береді.



Курстың басты мақсаты бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша білім алып, оқу нәрімен сусындап жатқан білімгерлерді бизнес тілімен таныстыру. Оларға бухгалтерлік есеп пен аудиттің тарихы және қаржылық ақпараттардың қайдан алынып, қалай қолдану қажеттілігі жайлы, ұйымды басқарудағы бухгалтерлік есеп жүйесі, бухгалтерлік баланс, бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері, шоттар жүйесі мен екі жақты жазу, актив, міндеттеме және кәсіпорынның меншікті капиталы туралы түсінікпен олардың анықтамасын таныстыруды, сонымен қатар ҚР аудит қызметінің жағдайы мен жалпы экономикалық негізі туралы типтік бағдарламаға сәйкес білім беруді көздейді.

Курстың міндеті:

- бухгалтерлік есеп пен аудиттің мазмұны мен маңызын түсіндіру;

- студеттерге ұйымның мүліктері және олардың қалыптасу көздері туралы түсінік беру;

- ұйымның мүліктері бойынша операцияларды құжаттқа түсіруді үйрету;

- барлық операциялар бойынша бухгалтерлік жазуды үйрету;

- курс бойынша есептер мен тәжірибелік тапсырмаларды орындауды үйрету

- тағы басқа да курс бойынша есеп объектілері туралы толық білім беру.

Бухгалтерлік есеп және аудит курсы екі бөлімнен тұрады. Оның бірінші бөлімінде бухгалтерлік есептің теориясы, активтер мен олардың құралу көздерінің есебіне қатысты барлық сұрақтар, ал екінші бөлімінде аудит негіздерінің сұрақтары қарастырылады.



Пәннің пререквизиттері: Білімгер нақты курсты оқып білуі үшін, келесі пәндерден базалық білімі болуы қажет: экономикалық теория, статистика.

Пәннің постреквизиттері: Білімгер курсты аяқтаған соң ұйымдардың алғашқы есебінің ұйымдастырылу тәртіптерін, баланс құруды, шоттар корреспонденциясын, бухгалтерлік есептің әдіс тәсілдерін, бухгалтерлік есеп пен басқарушылық есептің айырмашылығын, ұйымдардағы активтер мен міндеттемелердің есебін жүргізуді, ұйымдардың негізгі құралдары мен құнды қағаздарын бағалауды, амортизация есептеуді, есептен шығаруды, жалпы айтқанда ұйымдағы барлық шаруашылық процестері бойынша есеп ұйымдастыруды, ұйымның қаржылық-шаруашылық жағдайына баға беруді, сонымен қатар ұйымдарда тәуелсіз аудиттің ұйымдастырудың жалпы жағдайлары мен шарттарын білуге тиісті.



  1. Оқу пәнінің сипаттамасы

Курс құрылымы:



Календарлық - тақырыптық жоспар


Апта

Аудиторлық сабақтар

СӨЖ (ӨСӨЖ)

Тақырып атауы

Дәрістер

Тәжірибелік сабақтар

Оқу үшін арналған тараулар

1

Негізгі құралдар есебі (Ұзақ мерзімді активтер):

-негізгі құралдар, оларды классификациялау және бағалау;

-құжаттық рәсімделуі және қозғалыс есебі;

-амортизация мен құнсыздану есебі;

-негізгі құралдар инвентаризациясы.


1

2

І тарау бойынша

  1. Үйге жазбаша тапсырма

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

  1. Топтың призентация

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

2

Негізгі құралдардың жал есебі.

  • жал және оны классификациялау;

  • операциондық жал есебі;

  • қаржылық жал есебі.

1

2

ІІ тарау бойынша

  1. Үйге жазбаша тапсырма

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

  1. Топтық призентация

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

3

Материалдық емес активтер есебі.

-Материалдық емес активтер классификациясы

- Материалдық емес активтердің келіп түсуі;

- Материалдық емес активтердің амортизациясы..


1

2

ІІІ тарау бойынша

  1. Үйге жазбаша тапсырма

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

  1. Топтық призентация

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

4

Қысқа мерзімді міндеттемелер есебі

-жеткізушілермен мердігерлермен есеп айырысу есебі;

-басқа да кредиторлармен есеп айырысу есебі.


1

2

ІV тарау бойынша

  1. Үйге жазбаша тапсырма

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

  1. Топтық призентация

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

5

Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі


1

2

V тарау бойынша

  1. Үйге жазбаша тапсырма

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

  1. Топтық призентация

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

6

Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді қарыз есебі

1

2

VІ тарау бойынша

  1. Үйге жазбаша тапсырма

  2. Топтық

призентация

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)



7

Еңбекақы есептелуі және ұсталымдары

- қызметкерлердің жұмыс уақыт кестесін пайдалануы



-еңбекақы жүйесі мен формасы.

1

2

VІІ тарау бойынша

  1. Үйге жазбаша тапсырма

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

  1. Топтық призентация

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

8

Еңбекақы ұсталымдары мен шегерімдері

  • еңбекақы ұсталымдары мен шегерімдер есебі.

  • Қызметкерлердің еңбекақысы бойынша синтетикалық және аналитикалық есептілігі




1

2

VІІІ тарау бойынша

  1. Үйге жазбаша тапсырма

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

  1. Топтық призентация

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

9

Демалыс ақысын есептеу және төлеу

  • демалыс ақысын есептеу

  • демалыс ақысын төлеу




1

2

VІІІ тарау бойынша

  1. Үйге жазбаша тапсырма

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

  1. Топтың призентация

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

10

Банк займдар есебі

  • банктің қысқа мерзімді қарыз есебі

  • банктің ұзақ мерзімді қарыз есебі

1

2

ІХ тарау бойынша

  1. Үйге жазбаша тапсырма

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

  1. Топтың призентация

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

11

Инвестициялар есебі

  • қаржылық инвестиция түсінігі және оның классификациясы

  • қаржылық инвестиция есебі.

1

2

Х тарау бойынша

  1. Үйге жазбаша тапсырма

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

  1. Топтың призентация

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

12

Капитал мен резервтер

  • жарғылыұ капиталға салым есебі

  • резервтік капитал есебі

  • қосымша төленген капитал есебі.

1

2

Х тарау бойынша

  1. Үйге жазбаша тапсырма

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

  1. Топтың призентация

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

13

Өндірістік өнімнің шығындар есебін ұйымдастыру

-өндіріс түрлері

-өндіріс типтері

-шығындар классификациясы;

-өнімнің өзіндікқұнын калькуляциялау және өндіріс шығындар есебінің әдістері


1

2

Х тарау бойынша

  1. Үйге жазбаша тапсырма

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

  1. Топтың призентация

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

14

Қаржылық есеп беруді ұсыну және құру тәртібі

  • меншікті капитал туралы есептілік

  • ақшалай қаражат қозғалысы туралы есептілік

  • кіріс және шығыс туралы есептілік

1

2

ХІ тарау бойынша

  1. Үйге жазбаша тапсырма

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

  1. Топтың призентация

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

15

Қателерді түзету

- корректорлық түзету

-қызыл сторно әдісі


1

2

ХІ тарау бойынша

  1. Топтың призентация

(СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаманы қара)

16

Қорытынды емтихан

















    1. СӨЖ орындау және тапсыру кестесі

Р-к №

Тапсырма тақырыбы

Тапсырманың мазмұны

Әдебиеттер

Бақылау құралы

Тапсыру

аптасы


Ең жоғары бағалау балы

1

Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде

1. Бухгалтерлік есептің пайда болуының және қалыптасуы тарихи аспектісі;

2. Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау



1. 2002 жылғы 24 маусымдағы № 329 Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы

2. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 2005

3. «Қаржылық есептің халықаралық стандарттары» Астана, 2006


Ауызша жауап

2

1

2

Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары

1. Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізі

2. Ақпараттық есеп қағидаларының негізін құрушы: есептеу, үздіксіз әрекет

3. Қаржылық есеп берудің ұстамдары


-//-

Реферат, ауызша жауап

2

1

3

Қаржылық есеп берудің элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері

1. Шаруашылық процесстер

2. Ұзақ мерзімді активтер.

3. Ағымдағы активтер

4. Меншікті капитал, ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелер

5. Табыс және шығыстар, оларды тану әдістері


-//-

Реферат, ауызша жауап

3




4

Бухгалтерлік баланс

Бухгалтерлік баланстағы өзгерістер

-//

Есептер шығару

3

1

5

Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу

1. Бухгалтерлік есеп шоттары, құрылымы мен мазмұны және жіктелуі.

2. Жай және күрделі шоттар корреспонденциясы.

3. Топтамалық және талдамалық шоттар мен олардың өзара байланысы

4. Ұйымдардың бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары



-//-

Ауызша жауап, есептер шығару

4

1

6

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

1. Қазақстан Рес-публикасындағы бухгалтерлік есептің заңды түрде реттелуі

2.Ұйымдардың есеп саясаты.



-//-

Реферат

4-5




7

Есепті кезең және қаржылық есеп беруді дайындау

Есептік цикл. Бухгалтерлік есеп шоттарының ашылуы

Шаруашылық операцияларының тіркелуі мен олардың бухгалтерік есеп шоттарында көрсетілуі

Бухгалтерлік есеп шоттарының жабылуы Қорытынды баланс


-//-

Реферат,

ауызша жауап



4-5

1

7

Ағымдағы активтердің есебі

1. Ақшасыз есеп айырысу түрлері және олардың сипаттамасы

2.Ақша қаражат-тарының қозғалысын ішкі бақылау жүйесі



-//-

Бақылау жұмысы

6

1

8

Дебиторлық берешектер есебі

1. Күдікті берешек-терді есептеудің тәсілдері

2. Есепке алынатын қосылған құн салығы есебі



-//-

Есептер шығару

6




9

Тауарлы-материалдық құндылықтар-дың есебі

1. ТМҚ бағалаудың әдістері және олардың артықшылықтары мен кемшіліктері (ФИФО, орташа өлшем, арнайы идентификациялау)

-//-

Есептер шығару

7

2

10

Ұзақ мерзімді активтердің есебі

1. Негізгі құралдардың жіктелуі, олардың бағалануы

2. Негізгі құралдардың моральдық және физикалық тозуы



-//-

Ауызша жауап, есептер шығару

7

2

11

Ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелер-дің есебі

1. Банк несиелерінің түрлері және несиелеу тәртіптері

2. Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша есеп айырысу есебі



-//-

Тест

8

2

12

Кірістер мен шығыстар есебі

1. Ұйымдардағы кірістер мен шығыстардың түрлері және оларды қаржылық қорытынды есепте көрсету тәртіптері

-//-

Бақылау жұмысы

8

1

13

Меншікті капиталдың есебі

1. Жарғылық капи-талдың есебі

2. Төленбеген капи-тал, резервтік капиталдың есебі

3. Қосымша төлен-ген және төленбеген капиталдың есебі

4. Жиынтық табыс (зиян)



-//-

Есептер шығару, тест

9-10

2

14

Қаржылық есеп беруді дайындау және ұсыну

1. Қаржылық есеп берудің нысандары

2. Ақша қозғалысы есебін, бухгалтерлік баланысты жасау



-//-

Ситуациялық есептер шығару

10

2




    1. СОӨЖ өткізу және тапсыру кестесі

Р-к №

Тапсырма тақырыбы

Тапсырманың мазмұны

Әдебиеттер

Бақылау құралы

Тапсыру

аптасы


Ең жоғары бағалау баллы

1

Қаржылық есептің элементтері

Қаржылық есептің элементтеріне сипаттама беру және оларды жіктеу

1. Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2006

21. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 2005

3. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары. Бухгалтер бюлетені (ББ), Алматы, 30 шілде, 2007 ж.

4. Бетке И. Балансоведение пер. с анг. М: Бухгалтерский учет 2000



Ауызша жауап, есептер шығару

2

1

2

Бухгалтерлік баланс

Бухгалтерлік баланстағы өзгерістер бойынша тәжірибелік тапсырмалар орындау

-//-

Есептер шығару

3

1

3

Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу

Шаруашылық операцияларына байланысты шоттар корреспонденция-сын құру


-//-

Есептер шығару

4

1

4

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

1. Қазақстан Рес-публикасындағы бухгалтерлік есептің заңды түрде реттелуі

2.Ұйымдардың есеп саясаты.



-//-

Реферат

4-5

1

5

Есепті кезең және қаржылық есеп беруді дайындау

Ситуациялық жаттығу орындау және қаржылық есеп беруді жасау

-//-

Есептер шығару

4-5

1

6

Ағымдағы активтердің есебі

Ағымдағы активтер қозғалысын құжатпен жабдықтау

-//-

Бақылау жұмысы

6

1

7

Дебиторлық берешектер есебі

Дебиторлық берешектер бойынша есеп айырысу операцияларын құру және оларды қаржылық есепте көрсету

-//-

Есептер шығару

6

1

7

Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі

ТМҚ кірісі, шығысы бойынша алғашқы құжаттар мен есеп регистрлерін толтыру, бағалау

-//-

Есептер шығару, тапсыр-малар орындау

7

2

8

Ұзақ мерзімді активтердің есебі

1. Негізгі құралдардың жіктелуіне сипаттама беру және оларды бағалау; негізгі құралдардың тозу есебін жүргізу

-//-

Ауызша жауап, есептер шығару

7

2

9

Ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі

Міндеттемелер бойынша есеп айырысу есебін ұйымдастыру

-//-

Есептер шығару

8

2

10

Кірістер мен шығыстар есебі

Кірістер мен шы-ғыстарды қаржылық қорытынды есепте көрсету тәртіптерін көрсету

-//-

Бақылау жұмысы

8

2

11

Меншікті капиталдың есебі

Ситуациялық жаттығулар

-//-

Есептер шығару, тест

9-10

2

12

Қаржылық есеп беруді дайындау және ұсыну

Қаржылық есепті жасау

-//-

Ситуа-циялық есептер шығару

10

2





Негізгі әдебиеттер
1. Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2006

2. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии»

Алматы, 2002

3. АдамсА.,Основы аудита. М; Аудит, ЮНИТИ, 2005

4. Дюсембаев К.Ш. Теория аудита: Учебник: Алматы, Экономика, 2005ж.

5. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру, Алматы 2005


Қосымша әдебиеттер
1. Бетке И. Балансоведение пер. с анг. М: Бухгалтерский учет 2002

2. Ержанов М.С. Теория и практика аудита, Алматы,Гылым, 2000

3. Аренс А, Лоббек Дж. Аудит

4. Данилевский Ю.А. Аудит: организация и методика проведения М: Финансы и статистика, 2002

5. Әжібаева З.Н. Аудит: Учебник, Алматы, Экономика, 2005
Нормативтік-құқықтық база


  1. 2002 жылғы 24 маусымдағы №329 Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы

  2. ҚР-ң Конституциясы - Алматы: Адилет-пресс, 1997.

  3. ҚР-ның "Аудиторлық қызмет туралы" заңы, 20.11.1998 ж.

  4. ҚР Азаматтық кодексі Алматы: Борки, 1999.

  5. ҚР Аудиторлық этикалар Кодексі "Қаржы қаражат"1995


Басылымдар
1. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарты., Астана, 2006

2. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары. Бухгалтер бюллетені (ББ), Алматы30 шілде, 2007

3. ҚР Аудит Стандарттары Алматы "Қаржы қаражат" 1995ж.

ҚР Аудиторлық этикалар Кодексі "Қаржы қаражат"1995

Аудиттің халықаралық стандарттары

Кеулімжаев Қ.К. «Корреспонденция счетов». Алматы, БИКО 2000





    1. Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары


Рефераттардың тақырыптары


  1. Ғылым ретіндегі бухгалтерлік есепітің пайда болуы және қалыптасуының тарихи аспектісі.

  2. Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау.

  3. Бухгалтерлік есептің концептуалды негізі.

  4. Қаржылық есеп берудің элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері.

  5. Бухгалтерлік есеп объектілерінің түсінігі. Шаруашылық процестер мен олардың нәтижелері.

  6. Бухгалтерлік баланс, құрылымы мен мазмұны. Негізгі бухгалтерлік теңдеу.

  7. Бухгалтерлік шоттар және шаруашылық операцияларының екі жақты жазу әдісі мен көрсетілуі.

  8. Бухгалтерлік есеп шоттары, құрылымы мен мазмұны және жіктелуі.

  9. Екі жақты жазу жүйесі. Жай және күрделі шоттар корреспонденциясы.

  10. Топтамалық және талдамалық шоттар мен олардың өзара байланыстары.

  11. Есепті кезең және қаржылық есеп беруді дайындау.

  12. Есептік цикл. Бухгалтерлік есеп шоттарының ашылуы.

  13. Шаруашылық операцияларының тіркелуі мен олардың бухгалтерік есеп шоттарында көрсетілуі.

  14. Бухгалтерлік есеп шоттарының жабылуы. Қорытынды баланс

  15. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің заңды түрде реттелуі.

  16. Есеп саясаты.

  17. Бухгалтерлік есеп әдістері.

  18. Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі.

  19. Дебиторлық борыштардың есебі.

  20. Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі.

  21. Ұзақ мерзімді активтердің есебі.

  22. Материалды емес активтердің есебі.

  23. Негізгі құралдардың есебі.

  24. Міндеттемелердің есебі.

  25. Ағымдағы міндеттемелер есебі.

  26. Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі.

  27. Жарғылық капиталдың есебі.

  28. Төленбеген капитал, резервтік капиталдың есебі.

  29. Қосымша төленген және төленбеген капиатлдың есебі.

  30. Жиынтық табыс (зиян).

  31. Есеп беруді дайындау.

  32. Қаржылық есеп берудің нысандары.

  33. Бухгалтерлік баланс.

  34. Табыстар мен шығыстар жөнінде есептеме.

  35. Ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде есептеме.

  36. Меншікті капиталдағы өзгерісі жөнінде есеп беру. Түсіндірме жазба хат.

  37. Аудиттің мәні, мақсаты және маңызы.

  38. Аудиттің шығу тарихы және дамуы

  39. Қазақстанда аудиттің құрылуы мен дамуы

  40. Аудит пәні, объектілері мен қызметтері

  41. Аудит түрлерінің жіктелуі

  42. ҚР-да аудитті реттеу нормативтік жүйесі

  43. ҚР-да аудит қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге шолу

  44. Аудиторлық қызметті реттейтін қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдар қызметі

  45. Аудиторларды лицензиялау және мамандық этикалық жүйесі

  46. Халықаралық аудит стандарттары және оның маңызы

  47. ҚР-да аудит стандарттары

  48. Кәсіпқой аудиторлар этикалық Кодексі. Аудитордың этикалық нормалары (қағидаттары)

  49. Фирма аралық аудиторлық стандарттар

  50. Маңыздылық түсінігі. Заңсыз әрекеттер мен қателіктер.

  51. Бұрмалаушылық анықталған жағдайдағы аудитордың әрекеті

  52. Әлемдік тәжірибеде маңыздылық деңгейін анықтау. Аудит нәтижесін талдауда маңыздылық қағидатын қолдану

  53. Қаржылық есеп беруге элементтері аудитінің мақсаты

  54. Аудит жүргізуге кезеңдік және объектілік қадам

  55. Сатып алу кезеңі шоттары мен аудиторлық тексеру бағытының өзара байланысы

  56. Сатып алу кезеңі аудитіндегі ақпарат көздері.

  57. Қаржылық есепте сатып алу кезеңі шоттарының дұрыстығы критериі және аудит жүргізу барысында тексеруге жататын негізгі ұсынымдар

  58. Бастапқы тәуекелділік деңгейін бағалауды рстау мақсатында бақылау құралдарын тестілеу

  59. Кассадағы ақша қаражаттар аудиті

  60. Банктегі және басқа да шоттардағы ақша қаражаттары аудиті

  61. Есеп беруге тиісті сомалар аудиті

  62. Аудит жүргізу барысында тексеруге жататын негізгі бектілімдер

  63. Бақылау құралдар тестері

  64. Сату және сатып алу аудитінің ақпарат көздері және қаржылық нәтижені қалыптастыру

  65. Сату және сатып алу кезеңі шоттары дұрыстығының критериялері және қаржылық есеп беру

  66. Аудиторлық тексеру жүргізуге жататын негізгі дәлелдемелер


Бақылау жұмыстарының сұрақтары


  1. Бухгалтерлік есептің пайда болуының және қалыптасуы тарихи аспектісі.

  2. Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау.

  3. Бухгалтерлік есеп пәні, әдісі және міндеті.

  4. Шаруашылық құралдары мен олардың көздері

  5. Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізі.

  6. Ақпараттық есеп қағидаларының негізін құрушы: есептеу, үздіксіз әрекет.

  7. Қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамасы: түсініктілік, сенімділік, сақтық, сәйкестілік.

  8. Бухгалтерлік есеп объектілерінің түсінігі.

  9. Шаруашылық процесстер мен олардың нәтижелері.

  10. Қаржылық есеп берудің элементтері.

  11. Ұзақ мерзімді активтер.

  12. Ағымдағы активтер.

  13. Меншікті капитал, ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелер.

  14. Табыс және шығыстар, оларды тану әдістері.

  15. Бухгалтерлік есеп шоттары, құрылымы мен мазмұны және жіктелуі.

  16. Екі жақты жазу жүйесі.

  17. Жай және күрделі шоттар корреспонденциясы.

  18. Топтамалық және талдамалық шоттар мен олардың өзара байланысы.

  19. Айналым ведомосы.

  20. Бухгалтерлік баланс, құрылымы мен мазмұны.

  21. Негізгі бухгалтерлік теңдеу.

  22. Бухгалтерлік балансқа шаруашылық операцияларының әсері.

  23. Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу.

  24. Есептік цикл. Бухгалтерлік есеп шоттарының ашылуы.

  25. Шаруашылық операцияларының тіркелуі мен олардың бухгалтерік есеп шоттарында көрсетілуі.

  26. Бухгалтерлік есеп шоттарының жабылуы. Қорытынды баланс.

  27. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің заңды түрде реттелуі

  28. Есеп саясаты.

29. Бухгалтерлік құжаттар.

30. Түгендеу.

31. Есеп регистрлері.

32. Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары.

33. Ағымдағы активтердің есебі.

34. Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттеріінң есебі

35. Дебиторлық борыштардың есебі.

36. Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі.



37. Материалдық емес активтердің есебі.

  1. Негізгі құралдардың есебі.

  2. Ағымдағы міндеттемелер есебі.

  3. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі.

  4. Жарғылық капиталдың есебі.

  5. Төленбеген капитал, резервтік капиталдың есебі.

  6. Қосымша төленген және төленбеген капиатлдың есебі.

  7. Жиынтық табыс (зиян).

  8. Қаржылық есеп берудің нысандары.

  9. Табыстар мен шығыстар жөнінде есептеме.

  10. Ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде есептеме.

  11. Меншікті капиталдағы өзгерісі жөнінде есеп беру. Түсіндірме жазба хат.

  12. Аудиттің мәні мен маңызы.

  13. Аудиттің мақсаты.

  14. Аудиттің міндеттері.

  15. Қазақстанда аудитторлық қызметтін нормативті құқықтық реттеу.

  16. Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңы және аудитті реттеуші басқада заңдар.

  17. Аудитторларды кәсіби аттестациялау және лицензиялау жүйесі.

  18. Жұмыс құжаттарының мақсаты және маңызы.

  19. Аудиторлық қызметтің сапасын бақылау.

  20. Аудиторлық қызмет көрсетудің Қазақстандық рыногының сапасын бақылау.

  21. Аудиторлық тәуекелдік және оның компонентері.

  22. Бөлінбейтін тәуелділік.

  23. Маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуелділік арасындағы өзара байланыс.

  24. Аудиторлық қорытындының құрылымы мен нысандары.

  25. Ескертусіз (шартсыз) аудиторлық қорытынды.


Өзін өзі бақылау үшін тест сұрақтары


  1. Бухгалтерлік есепке анықтама беріңіз.

  2. Бухгалтерлік есептің принциптеріне түсініктеме беріңіз.

  3. Бухгалтерлік есептің пәніне және объектісіне түсініктеме беру керек.

  4. Бухгалтерлік есептің элементіне түсініктеме беру керек.

  5. Екі жақты жазу әдісіне түсініктеме беріңіз.

  6. Баланстың активтік бөліміне түсініктеме беріңіз.

  7. Баланстың пассивтік бөліміне түсініктеме беріңіз.

  8. Бухгалтерлік есептің мақсаты

  9. Бухгалтерлік есептің объектілерін анықтау

  10. Бухгалтерлік есептің элементтерін жіктеңіз

  11. “Меншікті капиталмен міндеттерінің маңызымен мәнін” анықтаңыз

  12. Бухгалтерлік есеп счеттарының схемасын көрсетіңіз

  13. Екі жақты жазу әдісіне түсініктеме беріңіз

  14. Бухгалтерлік есеп пәні мен объектілеріне анықтама беріңіз.

  15. Инвентаризация не мағына береді.

  16. Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты

  17. Бухгалтерлік есептің принциптерін таңдаңыз

  18. Қаржылық есепке талдау жасаңыз

  19. Бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдалану.

  20. Неліктен бухгалтерлік есеп жүйесін «бизнестің тілі» деп атаймыз?

  21. Шаруашылық фактілері немесе шаруашылық операциялары қалай қалыптасады және бұлар бухгалтерлік есептің қандай кезеңдік объектілерін сипаттайды?

  22. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде әрбір бухгалтер қанша және қандай сабақтастық мәселелерді орындауы керек?

  23. Шаруашылық фактілерін бағалауды, топтастыруды, жіктеуді қалай түсінесіз?

  24. Ішкі, сыртқы, осы сәттегі, үзақ мерзімді және күрделі түрғыдағы шаруашылық фактілерін сипаттаңыз.

  25. Макро және микро есеп үғымдарына қысқаша түсінік беріңіз.

  26. Активтер, меншікті капитал, инвестицияланған капитал, міндеттемелер терминдеріне түсінік беріп, бұлар қандай мағынада қолданылатындығын түсіндіріңіз.

  27. Баланстық теңдіктің теңдеуін жазып, мұның мәні мен мәнісін түсіндіріңіз.

  28. Бухгалтерлік баланстың активі мен пассивіне анықтама беріңіз.

  29. Ұйымдардағы активті қаражаттар не үшін керек? Актив үғымына анықтама беріңіз?

  30. Қор көздері қандай типтерден құралады?

  31. Меншік иесінің және инвесторлардың салған қаражаттары қалай аталады?

  32. Бухгалтерлік есеп жүргізудің негізгі принципі қалай аталады, мұның маңызы неде?

  33. Ұйымдардың қалдық капиталын сипаттаушы принцип қалай аталады?

  34. Баланстың актив жағы қандай тараулар мен элементтерден құралады?

  35. Бухгалтерлік баланстың активті қаражаттары қандай тарауларға бөлінген

  36. Баланстың пассив жағы қандай тараулар мен элементтерден құралады?

  37. Баланстың пассивтік көздері қандай тарауларға бөлінген?

  38. Счеттарды классификациялық топтарға бөлудің мақсаты неде?

  39. Счеттардың классификациясына анықтама беріңіз.

  40. Счеттарды экономикалық маңызына қарай классификациялаудың мақсатын түсіндіріңіз?

  41. Өркениетті шетелдерде счеттар классификациясы қалай құрылған, бұлардың ерекшеліктері қандай?

  42. Счеттарды экономикалық жағынан классификациялау бухгалтерлік есеп объектілерінің қандай салаларына арналған?

  43. Счеттардың экономикалық мазмұнына қарай классификациялануының сүлбесін сызып, мұндағы категорияларға қысқаша түсінік беріңіз.

  44. Активтер қүрамы мен қозғалысы есебін жүргізуге арналған счеттарды атап, бұларға қысқаша сипаттама беріңіз.

  45. Пассивтер құрамы мен қозғалысы есебін жүргізуге арналған счеттарды атап, бұларға қысқаша сипаттама беріңіз.

  46. Бухгалтерлік есеп счеттарының құрылымы



Курс бойынша бағдарламалық және қорытынды тест сұрақтары


  1. Бухгалтерлік есептің мәні болып табылатыны:

a) қалыптасу көзімен өзара байланысқан шаруашылуқ құралдарды мен шаруашылық қызмет процесіндегі олардың айналымы;

b) өндіріс, бөлініс, айналыс, тұтыныс;

c) қорлар, табыс, банк несиелері;

d) шаруашылық операциялары, шаруашылық процестері;

e) меншікті капитал және міндеттемелер.


  1. Мыналардың қайсысы шаруашылық операциясы деп аталады?

a) біртектес шаруашылық операцияларының жиынтығы;

b) тауарлы – материалдық құндылықтарды алу;

c) шаруашылыққұралдарының қозғалысы мен өзгерісінің құжатпен ресімделген фактісі;

d) өндірістік қорларды әзірлеу;

e) материалдық емес активтерді сатуп алу.


  1. Мыналдардың қайсысы шаруашылық процессі деп аталады?

a) біртектес шаруашылық операцияларының жиынтығы;

b) өндіріс және оның сату;

c) өндірістік қорларды әзірлеу;

d) дайын өнімді өткізу және ол үшін ақша алу;

e) дайын өнімді сату.
4. Басқалардың алдында борышкер болатын кәсіпорын қалай аталады?

a) кредитор;

b) дебитор;

c) қарызгер;

d) жеткізуші;

e) сатып алушы.


5. Қандай кәсіпорын кредитор деп аталады?

a) несие беретін кәсіпорын;

b) акция шығаратын кәсіпорын;

c) айналым құралдары бар кәсіпорын;

d) ақша қаражаттары жоқ кәсіпорын;

e) сатып аушы кәсіпорын.

6. Мына операциялардың қайсысы шаруашылық операциясы болып саналмайды?

a) шоты жақын арада қойылатын қызметтер көрсету;

b) болашақ қызметтер бойынша келісім – шартқа қол қою;

c) кейінірек көрсетілетің қызметке қолма-қол ақша қаражаттарын алу;

d) бұрын несиеге алынған материалдарды төлеу;

e) жұмысшыларға желтоқсан айы үшін жалақы төлеу.


7. Шоттардың қандай түрлері болады?

a) активтік және пассивтік;

b) қарпайым және күрделі;

c) дебеттік және кредиттік;

d) талдамалы және жинақтаушы;

e) сальдолық.


8. Баланстың актив жағында қайсысы көрсетіледі?

a) ұзақ мерзімді және ағымдағы пассивтер;

b) қаржылай инвестициялар және меншікті капитал;

c) ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер;

d) дебиторлық жәнекредиторлық берешек;

e) номинал құнынан тыс төленген капитал.


9. Баланстын пассив жағында қандай ақпарат ашылып көрсетіледі?

a) меншікті капитал туралы, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелер туралы;

b) қаржылық инвестициялар туралы

c) қаржылық жағдай туралы;

d) табыстар мен шығыстар.

e) алдағы кезеңдердің шығыстары туралы;


10. Түгендеу деп нені түсінеміз?

a) есептік жазбалардағы құралардың нақты қолда барымен салыстыру;

b) материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттардың бар-жоғын және жай-күйін тексеру;

c) ұрлық-қарлықты ашу мақсатымен құралдардың бар-жоғын тексеру;

d) материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттардың бар-жоғын және жай-күйін тексеру;

e) құралдардың пайда болу көзінің есебі мен есептік жазбаларлдың дұрыстығын анықтау.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет