Бағдарламасы шеңберiнде сыйақы ставкаларын субсидиялауды беру мемлекеттік қызмет паспорты

жүктеу 37.21 Kb.
Дата25.01.2017
өлшемі37.21 Kb.

«Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберiнде сыйақы ставкаларын субсидиялауды беру» мемлекеттік қызмет паспорты

Ұсынылатын қызметтiң орны:

«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Өскемен қ., М.Горький көшесі, 40, 307 кабинет

Қызметті тұтынушылар

Жеке және заңды тұлғалар

Қызмет көрсету мерзімі

30 (отыз) күнтізбелік күн

Қажетті құжаттар

1) Бағдарламаның 1-ші бағыты бойынша:

өтініш-сауалдама;

қызмет алушыны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (қызмет алушының мөрiмен/қолымен расталған көшiрмесi);

лицензия - егер қызмет түрi лицензияланатын болса (қызмет алушының мөрiмен/қолымен расталған көшiрмесi);

жарғы, құрылтай шарты (бiр құрылтайшы болған жағдайда құрылтай шарты талап етiлмейдi). Акционерлiк қоғам акциялар эмиссиясының проспектiсiн және акционерлер тiзiлiмiнен үзiндiнi (қызмет алушының мөрiмен/қолымен расталған көшiрмесi) қосымша ұсынады;

өтiнiш берiлетiн күнге дейiн 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей берiлген салық комитетiнен бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер бойынша берешегiнiң жоқтығы туралы анықтама;

қызмет алушының соңғы қаржы жылындағы салық декларациясының көшiрмесiмен қоса, қаржы есептерi және/немесе интернет-ресурстарда орналастырылған дебиторлық және кредиторлық берешегi (оның iшiнде берешектiң сомасы, пайда болған күнi және өнiмдердiң/тауарлар мен қызметтердiң атауы) толық жазылған қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкiндiк беретiн ақпарат (қызмет алушының мөрiмен/қолымен расталған көшiрмесi);

Банктiң/Даму Банктiң Бағдарламаға қатысуға мүмкiндiк беретiн шарттарда қызмет алушыға кредит бойынша кепілдік беру немем сыйақы ставкасын төмендету мүмкiндiгi туралы оң шешiмi бар хаты.

2) Бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша:

экспорт режимiнде тауарлар/өнiмдер шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгiсi бар жүк кеден декларациясы;

Қазақстан Республикасының кеден аумағында өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органының белгiсi бар тауарды сүйемелдеу құжаттары;

соңғы есеп кезеңіндегі тиісті деңгейде валюталық пайдасының бар екенін растайтын құжаттары;

Банктiң/Даму Банктiң Бағдарламаға қатысуға мүмкiндiк беретiн шарттарда қызмет алушыға кредит бойынша кепілдік беру немем сыйақы ставкасын төмендету мүмкiндiгi туралы оң шешiмi бар хаты.

Қызметтің құны

Тегін

Қызмет көрсету нәтижесі

Шығыс Қазақстан облысының үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді беру

Шағымдану тәртібі

Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым жұмыс күндері сағ 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс және мейрам күндерінен басқа, сағ. 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен «Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының атына Өскемен қ., М.Горький көш,40 мекенжайы бойынша беріледі.

Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы, электрондық түрде немесе кеңсе арқылы қабылданады. Шағымның алғандығын растау болып шағымды қабылдаған қызметкердің аты-жөні және берілген шағымға жауап алу мезгілі мен орны көрсетілген кеңсе тіркеуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен мезгілі) болып табылады.

Шағым тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күн ішінде каралады. Шағымның қаралу нәтижесі туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы немесе кеңседе беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет бойынша ақпарат мына телефон арқылы көрсетіледі: 8 (7232) 241883.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілу тәртібі туралы ақпаратты Басқарма веб-сайтынан алуға болады: www. predprom.gov.kz, ақпараттық-анықтама қызметінің call-орталығы телефоны арқылы: 1414.

Достарыңызбен бөлісу:

©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет