Бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер бойынша кепілдіктер беру мемлекеттік

Loading...


Дата28.01.2017
өлшемі20.4 Kb.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік

мемлекеттік қызметі бойынша әдістемелік ақпарат




Қызметті ұсынатын мемлекеттік орган

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы



Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің стандартын әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі



Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің регламентін әзірлеуші

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы



Өтініштерді қабылдау және нәтижесін алу

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының кеңсесі арқылы



Көрсетілетін қызметті алушы

Жеке және заңды тұлғалар



Қызмет нәтижесі

Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы хаттамасының көшірмесі



Қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде



Қызмет ақысы

Ақылы. Көрсетілетін қызметті алушы Кепілдік беру шартына қол қойғанға дейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамына кепілдікті беру үшін кепілдік беру мерзіміне байланысты: 2 (екі) жылға дейін қоса алғанда - кепілдік беру сомасыннан 0,05 %; 2 (екі) жылдан астам - кепілдік беру сомасынан 0,1 % төлейді.



Қызмет көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты 1 (бір) сағаттан аспайды.



Қажетті құжаттар топтамасы

180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес қатысуға арналған өтінім;

2) кәсіпкердің кепілдік сомасы есептелінген кредит алу мүмкіндігі туралы екінші деңгейдегі банктің/Даму банкінің оң шешімі бар хаты;

3) көрсетілетін қызметті алушының кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін алуға келісімі (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша);

4) көрсетілетін қызметті алушының қаржы агенттігімен жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісімі (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

5) кепілдікті тарту туралы шешім қабылдаған көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының шешімі.

180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес, қатысуға өтініш;

2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама;

3) қызмет түріне лицензияның көшірмесі (егер қызмет түрі лицензияланатын болса);

4) өтінішпен жүгінген кезде күнтізбелік 30 күн бұрын берілген, бюджетке міндетті төлемдер бойынша қарыздардың бар-жоғы туралы салық комитетінен анықтама;

5) жарғы (егер заңды тұлға-кәсіпкер акционерлік қоғам нысанында құрылған болса, акциялар эмиссиясының проспектісі мен акционерлер тізілімінен үзінді көшірме (мөртаңбамен куәландырылған көшірме/түпнұсқа) қосымша ұсынылады);

6) салық декларациясының көшірмесін немесе интернет-ресурстарда жарияланған қаржылық жағдай туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпаратты, бірінші басшысы куәландырған (заңды тұлғалар үшін) дебиторлық және кредиторлық берешектердің таратылып жазылуларымен қоса бере отырып, кәсіпкердің соңғы қаржы жылындағы қаржылық есептерінің көшірмелері;

7) кепіл сомасының есебімен қоса, кәсіпкерді кредиттеу мүмкіндігі туралы екінші деңгейдегі банктің/Даму банкінің оң шешімі бар хаты;

8) қаржы агентігінің кәсіпкерді кепілдендіру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатының көшірмесі (екінші деңгейдегі банктің/Даму банкінің мөрімен куәландырылған);

9) кәсіпкердің жобасын іске асыру бойынша болжамды мерзімдер, жобаны іске асыру шарттары қамтылған бизнес-жоспары.





Ақпараттық жүйеден алынатын құжаттар топтамасы

-



Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығы

Каталог: sites -> default -> files -> Zhupar -> documents -> gos uslugi -> Pasport
Pasport -> «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызметі бойынша әдістемелік ақпарат
gos uslugi -> Регламенті Жалпы ережелер
gos uslugi -> Регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Pasport -> «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою» мемлекеттік қызметі бойынша әдістемелік ақпарат
Pasport -> «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру»
Pasport -> «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...