Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06



жүктеу 118.89 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі118.89 Kb.

Жұмыс бағдарламасы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/06


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Сәулет және дизайн кафедрасы


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Cызба геометриясы 1 пәні бойынша

5В010700 Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттері үшін

Павлодар



1 ПӘННІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


    1. Пәннің мақсаты :

- кез келген мамандық инженеріне сызу арқылы техникалық ойларын баяндау үшін, сондай-ақ сызу бойынша берілген техникалық бұйымның құрылымы мен жұмыс істеу принципін және геометриялық құрылымдаудың аппараты негіздерін түсіну үшін қажет білімдер мен дағдыларды студенттерге беруге бейімделген.

Пәннің міндеттері:

- нүкте, түзу, жазықтық және кеңістік кескіндерін тұрғызудың геометриялық негіздерін меңгеру;

- тікбұрышты проекцияларда және аксонометрияда қарапайым заттардың кескінін тұрғызу әдістерін үйрену, сондай-ақ бір жүйедегі конструкторлық құжатқа (БКҚЖ) кіретін сызба стандартын меңгеру;

студенттер білуге тиісті:


  • Проекциялау әдістері мен заттың көрінісін салудың теориялық негіздерін;

  • Мәтіндік құжаттар мен сызуды рәсімдеу және орындау ережелерін.

студенттер істей білуге тиісті:

- әр түрлі позициялық және метрлік есептерді шешуге;

- әр түрлі геометриялық салуларды және проекциялық кескіндерін қолдан және компьютерді қолдану арқылы орындауға;

- сызба арқылы бұйымдардың геометриялық формаларын және өлшемдерін анықтауға;

- кеңістіктік фигуралардың сызбаларын орындау және оқуға.
2 ПРЕРЕКВЕЗИТТЕР
Пәнді меңгеру келесі пәндерді оқу кезінде алынған білімдеріне негізделеді:

1. Сурет (кеңістіктегі перпендикулярлық, көпқырлылар, айналу денелері, координат әдісі, есептерді кешендік әдістермен шығару бөлімдері).



3 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Пәннің тақырыптық Нысан

жоспары ПМУ ҰС 7.18.2/07



ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

№ р/с

Тақырып атауы

Сағаттар саны

Дәріс

Тәж.

Зерт

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Сызба геометриясының пәні, оның мақсаттары мен мамандарды дайындаудағы орны. Нүкте мен түзу. Жазықтық

5

3




13

2

Көпжақтар мен беттер. Позициялық есептер. Метрлік есептер. Ортогоналды проекцияларды түрлендіру әдістері

4

4




13

3

Беттердің жазбалары..

1

1




3,5

БАРЛЫҒЫ:

15

15




60

3.1 Теориялық курстың мазмұны
Тақырып 1. Сызба геометрия пәні, оның мақсаттары мен мамандарды дайындаудағы орны. Нүкте және түзу. Жазықтық.

Сызбаны графикалық безендіру стандарттарына қойылатын негізгі талаптар. Проекциялау әдістері. Орталық, параллель, тік бұрышты проекциялау және олардың қасиеттері. Проекцияның екі және үш жазықтықтарында сызбаның айналғыштығы. Нүкте және түзу. Нүктенің тік бұрышты координаталары мен оның екі және үш жазықтықтағы кескіні. Түзу сызбадағы тапсырмалар мен кескіндер. Проекция жазықтығына қатысты түзу қалпы. Қиылысатын, параллель, айқасушы түзулер. Жазықтық. Сызбадағы жазықтықтың тапсырмалары. Жалпы және жеке қалыптағы жазықтықтар. Жазықтықтағы нүкте. Кеңістіктегі екі жазықтықтың өзара орналасуы. Жазықтықтағы нүкте. Кеңістікте түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы.


Тақырып 2. Көпжақтар мен беттер. Позициялық есептер. Метрлік есептер. Ортогоналды проекцияларды түрлендіру әдістері.

Көпжақтар. Беттер. Беттердің анықтамасы мен пайда болуы. Қисық беттер мен олардың классификациясы. Құрушының сипаты мен пішініне байланысты қисық беттердің пайда болуы. Беттердің анықтауыштары. Сызбадағы беттердің кескіні мен тапсырмалар. Сызықты жазылмайтын және жазылушы беттер. Айналу беттері. Позициялық есептерді шешу алгоритмі. Жазықтық және кеңістіктің нүкте мен түзуінің анықтамасы. Түзу мен жазықтықтың параллельділігі. Екі жазықтықтың параллельділігі. Беттердің қиылысуы (қиюшы центрлес сфераларды және жекелеген қалпындағы қиюшы жазықтықтарды қолдану). Метрлік есептер. Метрлік есептерді шешу алгоритмі. Нүктеден түзуге дейінгі, жазықтықа дейінгі, бұрыштардың табиғи өлшеміне дейінгі қашықтықты анықтау. Ортогоналды проекцияларды түрлендіру әдістері. Проекцияны түрлендіру әдісімен метрлік есептерді шешу. Көпқырлылар мен қисық беттердің жазбасы.


Тақырып 3. Беттердің жазбалары.

Көпжақтардың жазбалары. Айналу беттердің жазбалары.



3.2 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

Тәжірибелік сабақтардың мақсаты курсты талдау және жекелеген жағдайларда қарастыру болып табылады.





ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫ ОРЫНДАУ ГРАФИГІ МЕН МАЗМҰНЫ

р/с


Тақырыптардың атауы

Мазмұны

Бақылау түрі

Орындау мерзімі

Сағат көлемінде

1

2

3

4

5

6

1

Геометриялық элементтерді проекциялау. Сызбаны түрлендіру.

Проекция әдісі. Ортогональды проекциялардағы кешенді сызба. Нүкте және түзу. Жалпы және жекелеген жағдайдағы түзу сызықтар. Жазықтық. Жазықтықтың бас сызықтары. Сызбаны түрлендіру әдістері.

Үй тапсырмасы. Графикалық жұмыс.

2-5

3

2

Беттердің кешенді сызбалары

Көпқырлылар. Көпқырлылардың кешенді сызбасы. Айналу беттері. Айналу беттерінің кешенді сызбалары.

Үй тапсырмасы. Графикалық жұмыс.

11-12

4

3

Беттердің жазбалары.

Көпжақтардың жазбалары. Айналу беттердің жазбалары.

Үй тапсырмас Графикалық жұмыс.ы.

13

1

Барлығы:

15


3.3 СӨЖ мазмұны

СӨЖ жұмыс бағдарламасында көрсетілген уақыт ішінде студенттер аудиториядан тыс келесі жұмыстарды орындаулары керек:

- дәрістерді пысықтау;

- практикалық сабақтарға дайындалу;

- графикалық және зертханалық жұмыстарды орындау;

- кеңестер алу;

- графикалық және зәртханалық жұмыстарды қорғау;

- рубеждік бақылауға дайындалу.

Практикалық сабақтарға дайындалуға, графикалық және зәртханалық жұмыстарды орындауға орташа алғанда бір сабаққа 1 сағат бөлінеді. Әрбір дәрісте дәрісті талдауға 0,3 сағаттан кетеді. Бақалау іс-шараларына дайындалу үшін 3 сағаттан кетеді.




СӨЖ түрі

Есеп түрі

Бақылау түрі

Сағат көлемінде

1

Дәріс сабақтарына дайындық



Сабақтарға қатысу

10

2

Практикалық сабақтарға дайындалу

Қажетті материалдың конспектісі

Сабақтарға қатысу

10

3

Графикалық және зертханалық жұмыстарды қорғауға дайындалу

Графикалық жұмыстар

ГЖ қорғау

30

4

Аудиториялық сабақтар мазмұнына енбейтін материалдарды меңгеру

Конспект

Сұрақтарға жауаптар

5

5

Бақылау іс-шараларына дайындалу



РБ1, РБ2



5

Барлығы

60



Студенттердің өз бетінше меңгеруіне арналған тақырыптар
Тақырып №1 Жаңа тақырыпты меңгеру:

- Түзу сызық пен жазықтықтың, екі жазықтықтың өзара орналасуы;

- Сызбаны түрлендіру әдістері.

Ұсынылатын әдебиет: [4], 35-47 б., 48-52 б., [10], 44-46 б., 49-54 б.



Тақырып №2 Жаңа тақырыпты меңгеру:

- Қисық сызықтар;

- Айналу беттерінің пайда болуы.

Ұсынылатын әдебиет: [4], 68 - 84 б.


Тақырып №3 Жаңа тақырыпты меңгеру:

- геометриялық бейнелердің аксонометриялық проекциясын салу.

Ұсынылатын әдебиет: [4], 123 - 134 стр., [10], 80 - 87 стр.



Тақырып №4 Жаңа тақырыпты меңгеру:

- Бұйым пішіні конструкциясының геометриялық негіздері;

- Шартты белгілер.

Ұсынылатын әдебиет: [4], 144 - 163 б.



Тақырып №5 Жаңа тақырыпты меңгеру:

- Өлшемдерді енгізу ережелері;

- Резьбалар және бекіту бұйымдары;

- Жалпы түрдегі сызбалар;

- Құрастыру сызбалары және спецификациясы.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 97-106 б., 123-135 б., 141 – 148 б.

Тақырып №6 Жаңа тақырыпты меңгеру:

- Химия-технологиялық схемаларды орындау және оқу ережелері.




Мамандықтың жұмыс

оқу жоспарынан ҰС ПМУ 7.18.1/10

үзінді Форма




4 ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН ҮЗІНДІ

Пәннің атауы Cызба геометриясы 1


Оқу түрі


Бақылау түрі



Оқитындардың сағат мөлшеріндегі жұмыс көлемі

Курс және семестр бойынша сағаттарды бөлу





барлығы





емт.


сын.

кжоба

кж

ЕГЖ

кж

жалпы

ауд

СӨЖ

Дәр.

пр.

зерт

СРСП

СӨЖ

1.

ОКО негізіндегі күндізгі




























1 семестр




5












90


30

60


15

15




30


60


5 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
5.1 Негізгі әдебиет:
1 Лагерь А.И., Колесникова З.А. Инженерная графика.-М.:Высшая школа,1985.-175 с

2 Миронова Р.С., Миронов Б.Г. Сборник заданий по черчению. - М.: Высшая школа,

1984.- 264 с.

3 Федоренко В.А., Шошин А.И. Справочник по машиностроительному черчению.-Л.:

Машиностроение, 1977.- 328 с.

4 Чекмарев А.А. Инженерная графика. – М.: Высшая школа, 1988.- 335 с.


5.2 Қосымша әдебиет:

5 Методические указания к выполнению контрольной работы №1 по дисциплине «Инженерная и компьютерная графика» для студентов энергетических специальностей, заочная форма обучения / Шкреба Е.В., Стаценко А.А. – Павлодар, ПГУ, 2003.-30 с.

7 Методические указания к выполнению контрольной работы №1 по дисциплине «Начертательная геометрия, черчение и машинная графика» для студентов машиностроительных специальностей, заочная форма обучения / Шкреба Е.В., Рожкова Л.А. – Павлодар, ПГУ, 2003. – 50 с.

8 Методические указания к выполнению графических работ по дисциплине «Инженерная и компьютерная графика» по теме «Начертательная геометрия» для студентов энергетических специальностей, дневная форма обучения / Шкреба Е.В., Стаценко А.А.- Павлодар, ПГУ, 2004.-30с.



9 Методические указания к выполнению графических работ по дисциплине «Инженерная и компьютерная графика» по теме «Построение изображений» для студентов энергетических специальностей, дневная форма обучения / Шкреба Е.В., Стаценко А.А.- Павлодар, ПГУ, 2004.-38с.

10 Начертательная геометрия. Краткий курс лекций по дисциплине «Инженерная и компьютерная графика» для студентов энергетических специальностей. (учебное пособие) / Шкреба Е.В. – Павлодар, ПГУ, 2004.- 90с.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет