Бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулардың Титул парағы

Loading...


жүктеу 246.83 Kb.
Дата13.06.2017
өлшемі246.83 Kb.

Практикадан өтудің бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулардың

Титул парағы







Нысан

ПМУ ҰСН 7.18.04/11


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Психология және педагогика кафедрасы

5В010300-Педагогика және психология мамандығы студенттері үшін

Психологиялық-педагогикалық әлеуметтік практикасын өту бойынша

Бағдарлама және әдістемелік нұсқаулар

Павлодар



Практиканы өту, практикалардың бағдарламасы бойынша бағдарлама және әдістемелік нұсқаулардың парағы





Нысан

ПМУ ҰСН 7.18.04/11









Бекітемін

ОІ бойынша проректоры ___________ ПфейферН.Э.

«___»_____________20__г.


5В010300-Педагогика және психология мамандығы студенттері үшін

Психологиялық-педагогикалық әлеуметтік практикасын өту бойынша


Бағдарлама және әдістемелік нұсқау

Бағдарлама ҚР Үкіметінің, 23.08.2012 ж. №1080 бабымен бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен ҚР ҮҚ 17 мамыр 2013 ж,. №499 бекітілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мекемелердің іс әрекетінің типтік ережелері негізінде құрастырылған.


Құрастырушы: _________ аға оқытушы, пед магистрі Жомартова А.Д.

Психология және педагогика кафедрасы

Кафедра отырысында ұсынылған, «___»_________20__ж. № хаттамасы
Кафедра меңгерушісі _____________Бурдина Е.И. «___» __________20__ж

ГПФ ОӘК мақұлдаған «_____»______________20__ж. №____ Хаттамасы


ОӘК төрайымы ______________Ксембаева С.К.«____» ________20__ж.
          1. КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы _____________Сарбалаев Ж.Т. «____» ________20__ж.
Мақұлданды:

КПжЖОБ бастығы___________Жанпеисова З.М.«____» ________20__ж.

ОӘБ бастығы _________Жуманкулова Е.Н. «____» ________20__ж.
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдады:

«____»______________20__ж. №____ Хаттамасы



Психологиялық-педагогикалық әлеуметтік практиканың мақсаты мен міндеттері

Студенттердің жоғары кәсіби сапасын қалыптастыру-қиын және көп қырлы жүйе, кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы дәріс оқу, тәжірибелік және семинарлық сабақтар өткізу, студенттерді қоғамдық өмірге қатыстыру сияқты бірлескен жұмыс нәтижесінде іске асырып келеді. Білім беру жүйесінің бас құрамының бірі ретінде әлеуметтік психология-педагогикалық тәжірибе маңызды рөл алады.

Тәжірибе кезінде болашақ психолог-педагог университеттен алған құзыреттілігін қолданатын жағдайға кездесіп жатады. Осындай жағдайда тәжірибеден өтуші студент кәсіби сенімділігін, кез келген жағдайда жол таба білуді, мақсатқа негізделген шешім қабылдау сияқты тұлғалық қасиеттерін көрсете алады. Тәжірибе студенттің көзқарасын кеңейтіп, кәсіби құзыреттілігін қалыптастырады.

Әлеуметтік психология-педагогикалық тәжірибеден өтуге дайындық кезінде кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы студенттің психология-педагогикалық іс-әрекетке бейінділігін үнемі қатынас барысында жеке қасиеттерін зерттейді. Тәжірмибедегі жеке тапсырма үшін орыны, қызметі, көлемі ең маңыздысы болып табылады.

Қоғам дамуының жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайы, әлемдік мәдени-білімділік кеңістігіне шығу, шет елдердегі білім жүйесі және педагогика ғылымының даму тепе-тендігі, тәжірибе талдауы, әлемдік педагогикада қордаланған мәселелер педагогтің сапалы және т.с.с дайындығын талап етеді.

Жаңа форматты педагог өзгермелі әлеуметтік жағдайда тез бейімделіп, ойлау қабылеті жоғары, педагогикалық жүйенің болашағын дұрыс жоспарлап, кәсіби іс-әрекетінің жеке-шығармашылық стилін құруға бағытталған, оқушылармен серіктестік құруға дайын болуы керек.

Болашақ психолог-педагогті кәсіби дайындау жүйесінде әлеуметтік психология-педагогикалық тәжірибе маңызды рөл алады. Жоғары оқу орынының маңызды бөлшегі болатын педагогті дайындау барысындағы теория мен тәжірибенің тұтастығын қамтамасыз етеді.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына» сәйкес психология –педагогика кешенді пәнінің 2 курсында «Әлеуметтік психология-педагогикалық» тәжірибеден өту қарастырылыған.

«Әлеуметтік психология-педагогикалық» тәжірибеден өту төмендегілерді есепке ала отырып іске асырылады:

- педагог – психологтың кәсіби қызметінің объектісі ретінде тұтас педагогикалық үдерісті түсінуге бағытталған теориялық және практикалық дайындықтың үйлесімділігі;

- студенттердің іс - әрекетін бірітіндеп қиындатуды жоспарлайтын психологиялық педагогикалық практиканы ұйымдастырудағы кезеңділік және жүйелілік;

Бұның негіздемесі кәсіби дайындықтың әрбір кезеңінде оқыту міндеттерін кеңейту, теориялық қамтамасыз ету деңгейі, дербестік деңгейі мен студенттердің жеке ерекшеліктерін есепке алу;

- психологиялық - педагогикалық ғылым мен практиканың классикалық және инновациялық жетістіктерін интеграциялау;

- практиканы өткен кезде болашақ педагогтің ғылыми-зерттеушілік жұмысына бағыт -бағдар беру;

- педагогикалық практиканың болашақ педагогтің нақты мамандандырылуына бағытталуы;

«Психологиялық- педагогикалық әлеуметтік» практиканы ұйымдастыру негізі білім беру мектептері және инновациялық типтегі мектептер (гимназия- мектептер, лицей- мектептер және т.б.)



Практиканың мақсаты

Психологиялық-педагогикалық әлеуметтік практика студенттерді болашақ педагог-психолог мамандығына даярлаудағы негізгі кезең болып табылады, оны басты мақсаты: болашақ қызмет саласында педагог психолог жұмысының міндеттері мен мазмұнымен таныстыру, университетте теориялық және практикалық курстарды оқыған кезде қалыптасқан кәсіби құзыреттіліктерді кеңейту және бекіту.

Болашақ педагог психологтің практикалық қызметінің объектісі психологиялық- педагогикалық әлеуметтік құбылыстар, оқушылардың тәртібі мен оқу - тәрбие саласында айқындалатын процестер, құбылыстар.

Психологиялық- педагогикалық әлеуметтік практика кезінде келесідей міндеттер шешіледі:

- болашақ педагог- психологтарда психологиялық – педагогикалық ептіліктерді, тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттерді және ептіліктерді қалыптастыру және дамыту;

- студенттерде психологиялық-педагогикалық мамандыққа деген қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін, өздігінен білім алуға құштарлықтарын тәрбиелеу;

- психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік қызметке шығармашылық, зерттеушілік көзқарастарын қалыптастыру;

- мектептегі оқу – тәрбие жұмысының қазіргі заманғы жай-күйімен, озық педагогикалық тәжірибемен таныстыру;

- студенттерде оқушылардың денсаулық сақтауға бағытталған ептіліктерін қалыптастыру;

- студенттердің зерделеу, бақылау, талдау, педагог – психологтардың кәсіби қызметінің тәжірибесін тарату, сондай–ақ өзіндік практикалық тәжірибені тарату дағдыларын қалыптастыру;

- психологиялық жұмысты жүргізген және практика бойынша жеке тапсырмаларын орындаған және практика бойынша жеке тапсырмаларды орындаған кезде оқу, оқу- әдістемелік, ғылыми әдістемелік, дидактикалық үлестіру материалдарымен жұмыс істеу ептіліктері мен дағдыларын дамыту;

- өз іс-әрекетіне шығармашылық, зерттеу көзқарасын қалыптастыру және ғылыми жұмыстың тақырыбы бойынша эксперименталдық материалдарды жинау және өңдеу;

- күнделікті психологиялық құбылыстарды бақылау және оларға талдау жасауға үйрету және бұл бақылаулардың нәтижелерін практика бойынша күнделікте белгілеу;

- практика нәтижелері бойынша есептік материалды дайындау;

Психологиялық – педагогикалық әлеуметтік практика тиімділіктің негізгі жағдайлары оның теориялық негіздемесі, оқыту және тәрбиелеу сипаты, оның мазмұны мен ұйымдастыруға кешенді көзқарас, оны өткізудегі жүйелілік және өнегелілік.

Психологиялық – педагогикалық әлеуметтік практика мынадай ептіліктердің қалыптасуына әсер етуі тиіс:

- оқушылардың жастық және жеке ерекшеліктерін және ұжымның әлеуметтік- педагогикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып ҚР тәрбиелеу концепциясына сүйене отырып, нақты оқу-тәрбие міндеттерін айқындау;

- білім берудің әлеуметтік ортасымен танысу;

- оқушы тұлғасын мен оқушылар ұжымының даму мен тәрбиеленуін диагностикалау және жобалау мақсатында зерделеу;

- «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы», «ата-ана – оқушы -оқушы» жүйесінде өзара қарым-қатынасты зерделеу;

- кіші топ түсінігін, оның параметрлері және мектеп ұжымының социометриялық құрылымын зерделеу;

- педагогикалық іс-әрекеттің ағымдағы және болашақ жоспарлауды (пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмысты, балалардың әртүрлі іс-әрекетін және т.б.) жүзеге асыру;

- оқушылардың оқу- танымдық іс-әрекетін басқарудың әртүрлі формалары мен әдістерін қолдану;

- балалар ұжымын қойылған міндеттерді орындау үшін ұйымдастыру: өз іс –әрекетінің және оқушылар іс-әрекетінің бірізділігін анықтау және активті ұйымдастыру, актив пен ұжымды тапсырмаларды орындау әдістеріне үйрету, бақылауды, қорытынды жасау мен жұмыс талдауын ұйымдастыру;

- балаларды тәрбиелеуге қатысатын мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, тәрбиелеушілермен, ата-аналармен және басқадай тұлғалармен ынтымақтастықты жүргізу;

- оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау, оны түзету, психологиялық -педагогикалық пәндер бойынша зерттеушілік жұмысты жүргізу;

- ата-аналар арасында психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік насихаттауды жүргізу.



Пререквизиттер: 2 –курс студенттердің осы «Психологиялық – педагогикалық практикасы» «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсын зерделеуге негізделеді. Студенттердің практикалық іс-әрекетін ұйымдастырудың ғылыми негізі «Жалпы психология», «Педагогика» және жалпы білім беру цикліндегі пәндер.

Постреквизиттер: Психологиялық – педагогикалық әлеуметтік практиканы өту кезінде қалыптасқан құзыреттіліктер мына пәндерді игеруде қажет: даму психологиясы, педагогикалық менеджмент, педагогикалық шеберлік, тұлғаның психологиялық -педагогикалық диагностикасы.
Практиканы өту кестесі, іс-әрекеттің мазмұны



Ііс-әрекеттің мазмұны мен мақсаты

Ұйымдастыру формалары мен әдістері

1

Қазіргі заманғы кезең міндеттермен және мектеп жұмысының негізгі негізгі бағыттармен танысу

Мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушісімен, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдаст ырушыларымен, мұғалімдермен әңгімелесу. Мектеп бойынша экскурсия.

2

Сынып жетекшісі мен мектеп психологының іс-әрекетінің ерекшеліктерімен танысу

Практиканы өту жеке жоспарын құрастыру. Сынып сағатына қатысу;

Сынып жетекшісімен әңгімелесу;

Мектеп психологымен танысу.


3

Мектептегі қоғамдық іс –әрекетпен танысу

  1. Сынып сағатын дайындауға сынып жетекшісіне көмектесу,

  2. Тәрбие жұмысы бойынша меңгерушімен әңгімелесу.

  3. Мектеп, сыныптың тәрбие жоспарын зерделеу.

  4. Мектептегі үйірмелер, секциялар, клубтар мен тренингтік сабақтар жұмысымен танысу.

  5. Мектептегі үйірмелер, секциялар, клубтар сабақтарына қатысу.

4

Бақылау жасалатын топтың жұмысымен танысу

Топта жұмыс істейтін мұғаліммен әңгімелесу, топ жұмысына қатысу (тапсыр-маны орындаған кезде оқушыларға көмек көрсету)

5

Оқушылардың жас ерекшілік және жеке ерекшеліктерін зерделеу

Бақылау, эксперимент, әңгімелесу, интервью, іс әрекет нәтижесінің талдауы әдісімен оқушылар жеке тұлғасын зерделеу жөнінде оқытушының кеңесі

6

Қорытынды

Есеп құжаттарын тапсыру

Практика мазмұны:

Орта-арнайы кәсіби білім беру орнының жұмыс жүйесін бекітілген нормативтік құжаттарына сәйкес танысу:



  • Оқу пәнінің типтік бағдарламаларымен, мемлекеттік стандартпен;

  • Оқу орнының (директордың қызметі, директор орынбасарларының және т.б.);

  • Оқыту мен тәрбиелеу үдерісін бағыттаушы құжаттарымен (оқу орнының жұмыс жоспарымен, тәрбиелеу шараларының жоспарлары);

  • Әртүрлі әдістерді қолдану негізінде оқытушы қызметімен (бақылау, анкета жүргізу, сауалнама жүргізу, мектеп құжаттарын зерттеу және т.б.);

  • Психолог қызметімен;

  • Оқу орнының санитарлық-гигиеналық шарттарымен;

  • Қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау ережелерімен;

  • Оқу орнының материалды-техникалық қамтылуымен.

Толықтай педагогикалық үдеріске қатысу:

- класс жетекшісінің немесе куратордың жұмыс жоспарына сәйкес студенттердің тәрбиелеу шараларына;

- оқытушының нақты сабаққа дидактикалық материалдарды жинастыруға;

- сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге;

- оқу сабақтарының жоспарын дайындауға және сабақтан тыс шараларға;

- оқу сабақтарын талдаудың сызбасымен және құрылымымен таныстыру; педагогикалық пәндер бойынша ақпараттарды өзіндік алу мақсатында студенттердің мүмкіндіктерін кеңейту ретінде.
Тәжірибе тарауларының орындалу нұсқаулары:

Практиканың өтетін алдында студент бағдарламанны мұқият оқып білу керек, сонымен қатар тәжірибе жетекшінің берілген арнайы тәжірибелік нұсқауларды орындауға дайын болу керек. Педагогикалық практиканың негізі бойынша студент- практикант пен практика жетекшісі екеуінің нақты педагогикалық тәжірибеге арналған жоспар құрылу керек.

Бірінші аптасынан бастап студент білім беру мекемесімен, оның педагогтармен, топпен- сыныппен танысуы болады, яғни үйреншілік кезеңі басталады. Үйреншілік кезеңі эмоционалды- психологиялық қарбаластықпен өтуі мүмкін. Бұл жаңа ортаға келіп, таныс емес адамдармен қарым- қатынасуы. Практиканың бірінші күннен-ақ бастап келген білім беру мекеменің ұйымдастыру ережелермен жақынрақ танысуы қажет. Оның ішінде практиканттың сырт бейнесі, сабақтан қалмауы, білім беру ережелерін сақтау, өзін- өзі мәдениетті ұстауы. Осы кезде бұрын өткен (ІІ-ІІІ курста) тәжірибені қолдануы керек. Сынып ішінде дұрыс қарым- қатынас орнатқаннан кейін білм беру мен тәрбиелеу жағынан жетестіктерге жетуге болады. Сондықтан 1 аптасынан бастап сынып балаларман әңгімелесу арқылы дұрыс қарым- қатынасты орнату, басқа сабақтарға қатысу арқылы бақылау жұмыстарын жүргізу.

1 аптаның аяғында тәжірибе жұмысының жеке жоспары құрылу керек. Бұл жоспар курстың білім беруіне сай болу тиісті. Арнайы курс бойынша нақты тақырыптарды шешіп, олардың сағат санын, пән олардың ерекшелігін анықтау. Курс бойынша студент пен білім беру мекеменің психологы берілетін сабақтардың тақырыптарын, мерзімін, уақытын анықтау керек. Аталған барлық мағлұматтар студенттің тәжірибе жеке жоспарына кіру керек.

Педагогикалық тәжірибенің жеке жоспарының үлгісі:

Жоспарланған жұмыс түрлері (сабақтар, тыс сабақтар, психолог манның нұсқауы бойынша жүргізілетін жұмыс)

Жоспарланған жұмыстың календарлық мерзімі

Орындалғанның бағасы

  1. «Ес» тақырыбына арналған семинарлық сабақ

12.03.2014 ж.

орындалды

Келесі негізгі жағдай- жеке жоспарының құрылуы. Жеке жоспарды құрған кезде белгілеген мерзімі бойынша аудиториядан тыс шаралардың өтілуін талқылауы жатады. Аудиториядан тыс шаралардың ішіне әртүрлі психологиялық тренингтерді, психологиялық викториналар, т.б. түрлерін ұсынуға болады. Егер тәжірибелікті бір уақытта бір неше студент өтсе, сонда олардың білімдерін бірігуі арқылы психология пәні бойынша олимпиадаларды, «психология пәннің апталығы» өткізуге болады.

Сонымен қатар педагогикалық тәжірибенің жеке жоспарында жұмыстың негізгі түрлерін (сабақ, сабақтан тыс шаралар) және жұмыстың ағымды түрлерін (әдіскер мен мұғалімнен ақыл- кеңес алу, оқушылармен әңгімелесу) кіргізу керек.

Апта сайын университеттің әдіскер мен оқытушының кеңес сабақтарына қатысады. Бұл кеңестерде практика бойынша пайда болған қиындықтардың талдауы мен саралауы, олардан жеңіп шығатын жолдарын қарастыру, келешекте өткізетін сабақтардың, сабақтан тыс шараларының жоспарларын құрастыру. Әдіскердің кеңесі үйрететін, дамытатын, бақылайтын қызметін атқарады.

Өзінің бірінші сабағын студент оның басталуына 4 күн кем қалмайтын уақытта дайындау керек. Дайындықты берілген ұсыныстар бойынша өткізілуі қажет: тақырыптық жоспарлау (мұғаліммен бірге дайындалу керек, сабақ сайын әрқарай құрастыруды студент өзбетінше жүргізу керек), сабаққа дайындылық жүргізу (оқулықтарды, қажетті, қосымша әдебиетті оқу, практикалық тапсырмаларды, арнайы сұрақтарды қарастыру, сабақ жоспарын құрастыру), сабақ жоспарын мекеменің психологтың бекітуі, қажет болса сабақ жоспарының түзетуі.

Практика бойынша студент кем дегенде 4 сағат (академиялық) өткізу керек. Тәжірибелік күнделігінде күн сайын өзінің куні бойы істеген жұмысының қысқаша мәліметтер жазылу керек. Өткізген жұмысының негізгісі ғана жазылуы қажет.


Практика кезінде студенттердің міндеттері

Студент практиканың бағдарламасымен қарастырылған, барлық жұмыс түрлерін уақытында орындауы керек.

Практика барысында ол қоғамдық белсенділігін, терең қызығушылық пен оқушыларға, педагогикалық кәсіпке сүйіспеншілігін көрсетіп, педагогикалық тактын ұйымдастырушылық үлгісі болуы керек.

Студент ата-аналар мен мұғалімдер тобымен бекітілген, практика бағдарламасына сәйкес өзінің жеке жоспарын оқу-тәрбиелеу жұмысына оқушылармен жасайды. Практика барысында студент өндірістік, оқу және оқу-танымдық практика бойынша күнделік жүргізіп, балаларға бақылау жүргізгендерін белгілеп өзінің оқу-тәрбиелік жұмысына талдау жасайды.

Практика өтуші әкімшілік пен практика жетекшісімен ұсынылған, мекеменің ішкі тәртібінің ережелеріне бағынады. Практика өтушіге қойылған талаптарды орындамаған жағдайда, ол практика өтуде шығарылуы мүмкін. Практикадан шығарылған немесе жұмысынан екілік баға алған жағдайда студент, оқу жоспарын орындамаған болып есептелінеді. Практика қорытындысы блйынша студентке сынақ кітапшасына сараланған сынақ қойылады.

Мекемеде практика барысында студенттердің бірі топ старостасы болып тағайындалады. Старостаның міндетіне студенттердің практикаға келулері, топтың жұмысын жалпы ұйымдастыру, практика жетекшісінің берген жұмыстарын орындау кіреді.


Педагогикалық практикасы бойынша есептік құжаттамасы

  1. Титулдық бет.

  2. Оқу және оқу-танымдық практика бойынша күнделік;

  3. Сыныптан тыс сабақтарды (әңгімелесу, сынып сағаттары және т.б.) өз бетінше жүргізген конспекттері;

  4. Практика базасындағы тәжірибе жетекшісінің студентке берген мінездемесі (ресми мөрмен расталған)


Қорытынды конференцияға есеп пен ауызша сөйлеуді дайындау бойынша ұсыныстар

Практиканы аяқтағаннан соң жазылатын, есеп практиканың қысқаша мақсаттарының қойылуын, білім беру мекемесінің нақты сипаттамалары мен оның жұмысының шарттарын, педагогикалық микроклиматтың бағасын, орындалған шаралардың жалпылама мазмұндалуы болуы керек.

Қорытынды конференция үшін, студентке бес минуттық шығу сөзін дайындап, онда студентке практика барысында орындалған жұмыстары мен оның соның нәтижелерге қатынасын көрсетіп, дайындауы керек. Міндетті түрде, ол әлеуметтік мекеменің қызметін жақсарту үшін өзінің ұсыныстарын, сонымен қатар алған білімдері мен біліктерін, қойылған мақсаттарды орындай алғандарын, көрсетулері керек.

Практика нәтижелерінің бағалау критерийлері.

Білім алушының есебі кафедра меңгерушісімен бекітіліп құрылған, комиссия алдында қорғалынады және практика жетекшісімен тексеріледі. Есепті қорғау нәтижесі баллдық-рейтингілік әріп жүйесі бойынша сараланған сынақпен бағаланады.



Сонымен қатар ерекше есепке алынады:

  • Сипаттауда айтылған, пікірлер;

  • Күнделіктегі жазбалардың мазмұны мен оны кірістіру ұқыптылығы;

  • Есептің сапалығы;

  • Қорытында конференциядағы сөз сөйлеуі.

Әлбетте, есепті тапсырудың мерзімінен кеш тапсырғаны, кей тапсырмалар орындамай себепсіщ сабаққа қатыспаулары, күнделікті дұрыс толтырылмағаны үшін бағасы төмендетіледі.
Білім алушылардың білімін бағалау критерийлері:

95-100б. А «Үздік» - күнделіктегі жазбалар мазмұны практика тапсырмаларына сай, оларды орындаудағы студенттің шығармашыл тұрғысы, есепке практика материалдарды ұсынылған (оқушыларжың диагностикалау қорытындылары, сыныптан тыс шараларды дайындау, сабақтардың жоспар-конспектілері, олардың талдануы, тәрбие жұмыстарының жоспарлары және т.б.), білім алушының практикасын сынып жетекшісімен, пән мұғалімімен, мектеп психологымен жоғары бағаланса, практиканың мақсаты, міндеттері мен қысқаша мазмұндалған жағдайда;

90-94б. А- «Үздік» - күнделіктегі жазбалар мазмұны практика тапсырмаларына сай, оларды орындаудағы студенттің шығармашыл тұрғысы, есепке практика материалдарды ұсынылған (оқушыларжың диагностикалау қорытындылары, сыныптан тыс шараларды дайындау, сабақтардың жоспар-конспектілері, олардың талдануы, тәрбие жұмыстарының жоспарлары және т.б.), білім алушының практикасын сынып жетекшісімен, пән мұғалімімен, мектеп психологымен жоғары бағаланса, практиканың мақсаты, міндеттері мен қысқаша мазмұндалған жағдайда;

85-89б. В+ «Жақсы» - күнделіктегі жазбалар мазмұны практика тапсырмаларына сай, тапсырмалардың көп бөлігі жоғары шығармашылық деңгейде орындалған, есепке практика материалдарды ұсынылған (оқушыларжың диагностикалау қорытындылары, сыныптан тыс шараларды дайындау, сабақтардың жоспар-конспектілері, олардың талдануы, тәрбие жұмыстарының жоспарлары және т.б.), білім алушының практикасын сынып жетекшісімен, пән мұғалімімен, мектеп психологымен жоғары бағаланса, практиканың мақсаты, міндеттері мен қысқаша мазмұндалған жағдайда;

80-84б. В «Жақсы» - күнделіктегі жазбалар мазмұны практика тапсырмаларына сай, тапсырмалардың бөлігі жоғары шығармашылық деңгейде орындалған, есепке практика материалдарды ұсынылған (оқушыларжың диагностикалау қорытындылары, сыныптан тыс шараларды дайындау, сабақтардың жоспар-конспектілері, олардың талдануы, тәрбие жұмыстарының жоспарлары және т.б.), білім алушының практикасын сынып жетекшісімен, пән мұғалімімен, мектеп психологымен жоғары бағаланса, практиканың мақсаты, міндеттері мен қысқаша мазмұндалған жағдайда;

75-79б. В- «Жақсы» - күнделіктегі жазбалар мазмұны практика тапсырмаларына сай, есепке практика материалдарды ұсынылған (оқушыларжың диагностикалау қорытындылары, сыныптан тыс шараларды дайындау, сабақтардың жоспар-конспектілері, олардың талдануы, тәрбие жұмыстарының жоспарлары және т.б.), білім алушының практикасын сынып жетекшісімен, пән мұғалімімен, мектеп психологымен жоғары бағаланған, білім алушының есебі практиканың мақсатымен және міндеттеріне сәйкес келген жағдайда;

70-74б. С+ «Қанағаттанарлық» - күнділікте жазбалар мазмұны жеткілікті шамада сәйкес келеді, практикалық әрекеттік материалдары бар: жүргізілген сабақтарды конспект-жоспарлары, тәрбиелеу істерінің жүргізілген материалдары, білім алушының практикасы сынып жетекшісімен, пән мұғалімімен, мектеп психологымен қанағаттанарлық бағаланған, есеп білім алушының жұмысының барлық негізгі бағыттары бойынша жасалған жағдайда;

65-696. С «Қанағаттанарлық» - күнділікте практиканың тапсырмаларының орындалуы жайлы жазбалары, практикалық әрекеттік материалдары бар: жүргізілген сабақтарды конспект-жоспарлары, тәрбиелеу істерінің жүргізілген материалдары, білім алушының практикасы сынып жетекшісімен, пән мұғалімімен, мектеп психологымен қанағаттанарлық бағаланған, білім алушының толықтай есебі болған жағдайда;

60-646. С- «Қанағаттанарлық» - күнділікте практиканың тапсырмаларының орындалуы жайлы жазбалары, практикалық әрекеттік материалдары: жүргізілген сабақтарды конспект-жоспарлары, тәрбиелеу істерінің жүргізілген материалдары қысқаша, білім алушының практикасы сынып жетекшісімен, пән мұғалімімен, мектеп психологымен қанағаттанарлық бағаланған, есебі қысқаша болған жағдайда;

55-596. D+ «Қанағаттанарлық» - күнділікте практиканың тапсырмаларының орындалуы жайлы жазбалары, практикалық әрекеттік материалдары: жүргізілген сабақтарды конспект-жоспарлары қысқаша, пән мұғалімімен бағаланған, жүргізілген тәрбиелеу істерінің материалдары аздап көрсетілген, есепте практиканың негізгі мазмұны қысқаша мазмұндалған жағдайда;

50-546. D «Қанағаттанарлық» - күнділікте практиканың тапсырмаларының орындалуы жайлы жазбалары, практикалық әрекеттік материалдары: жүргізілген сабақтарды конспект-жоспарлары, жүргізілген тәрбиелеу істерінің материалдары аздап көрсетілген, есепте жұмыстың негізгі бағыттары көрсетілген жағдайда;

0-496. F «Қанағаттанарлықсыщ» күнділіктегі жазбалар мазмұны практиканың тапсырмаларына сәйкес келмеуі, практикалық әрекеттік материалдары: дәрістердің конспект-жоспарлары, сыныптан тыс шаралардың әзірлемелері жоқ, практика бойынша есебі болмаған жағдайда;
Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі:

  1. Иванон И.11. Методика коммунарского воспитания. - М, 2009.

  2. Классному руководителю. Учебно-методическое пособие / Под ред. М.И.Рожкова - М. Туманит, изд. центр ВЛАДОС, 2009.-280 с.

  3. Конаржевский К).А. Анализ урока - М.:Центр «Педагогический поиск», 2009. - 336 с.

  4. Методика воспитательной работы: Учебное пособие для студентов высш. пед. учеб.заведений /Л.А.Байкова, Л.К.Гребенкина, О.В.Еремкина и др.; Под ред. В.А.Сластенииа - М.: Издат. центр «Академия», 2010. - 144с.

  5. Педагогика. Курс лекции. — Алматы: «Нурлы элем», 2012.

  6. Селевко Г.К. Педагогические технологии на основе дидактического и методического усовершенствования УВП - М.: Серия: Энциклопедия образовательных технологий, 2005.

  7. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса: Учебное пособие (В помощь преподавателям, аспирантам, магистрантам, студентам) - Алматы: АТУ им.Абая, 2009. - 90с.

  8. Чернявская А.П. Педагогическая техника в работе учителя - М.: Центр «Педагогический поиск, 2011. - 176 с.

  9. Щуркова Н.Е. Классное руководство: игровые методики. - М: Педагогическое общество России, 2012. - 224с.

Қосымша:

10.Бондаревская Е.В. Гуманистическая парадигма личностно-ориентированного образования //Педагогика, 2010, №4.С. 11-17.

11.Бондаревская Е.В. Смыслы и стратегии личностно-ориентированного воспитания // Педагогика. - № 1, 2009. - С. 17-24.

12.Кукушкин В.С. Теория и методика воспитательной работы в школе: Учебное пособие. - Ростов н/Дону: Издательский центр «МарТ», 2005. - 320 с. (Серия «Педагогическое образование»).

13. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. - М., 2006.

14.Фридман Л.М., Пушкина Т.А., Каплунович И.Я. Изучение личности учащегося и ученический коллективов. -М.;2006.

15.Цукерман Г.А. Психология саморазвития: задача для подростков и их педагогов. - Рига, 2009. - 239 с.
ҚОСЫМША А

Оқушының жеке басын зерттейтін болжалды бағдарлама

Оқушы туралы жалпы мәлімет: жасы, денсаулығы, балалар және жастар ұйымының құрамына қатыстығы.

2. Оқушының жанұядағы тәрбие жағдайына сипаттама: жанұядағы мәдени- тұрмыстық жағдайы, отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері, отбасының оқушыға деген көзқарасы, қамқорлық.

3. Сынып ұжымына сипаттама: сынып белсенділері, қоғамдық жұмыстарға және қоғамдық пайдалы еңбекке көзқарасы, оқу үлгерімі және тәртібі, жеке тұлғаның ұжымдағы қарым-қатынасы, ұнату, ұнатпау, достық, ұжымшылдық, балалар ұжымындағы дәстүрлік жүйе.

4. Оқушының ұжымға деген көзқарасы: ұжымның мүшесі болуды қажетсіну, көзқарасымен санасу, оның адалдығы үшін күресу, ұжымда оқушының жолдастарының арасындағы беделі, жұғымдылығы және басқа адамдарды түсінуі, ұжымдағы кері әсерлерге көзқарасы- көшіру, сыбырлап қою, көралмаушылқ және т.б.

5. Жеке тұлғаның бағыттанушылығы: жеке, қоғамдық, іскерлік.

6. Саналы уәждер мінездемесі: Қызығушылығы, оның тереңдігі, кеңдігі, тұрақтылық әсерлілігі, аса ашық көрінген танымдық қызығушылығы.

7. Көзқарасы және сенімі. Сана-сезім және мінез құлық тұтастығы. Оқушының талпынысы, ниеті, арманы, мұраты.

8. Талаптану деңгейі: төмен, сәйкес, жоғары. Өзін-өзі бағалау және талаптану деңгейінің арақатынасы, оқушыға тән өз мүмкіншілігін бағалауы, өзіне талап қоюы, мұғалімдер мен жолдастарының сыни ескертпелеріне көзқарасы, оқушылардың өзін-өзі тәрбилеуге көзқарасы.

9. Оқушы әр түрлі әркетте. Оқушылардың білімге, оқу үлгеріміне және тәртіпке деген көзқарасы, оқу дағдысының жетілу деңгейі. Еңбек әрекетіне деген көзқарас, оқушының күнделікті еңбегі, оқушы өміріндегі оқу, еңбек, ойын әрекеттерінің арақатынасы, оқушының қоғамдағы белсенділігі.

10. Танымдық әрекетіне сипттама. Ұғыну ерекшелігі, байқағыштығы, есте сақтауы. Шығармашылық және қиялдау арасындағы қатынас, ойлау ерекшелігі, өздігінен талқылай және түйіндей алуы, ауызша және жазбаша тілінің даму деңгейі.

11. Қызба өріс (эмоционалды) жағдайының ерекшелігі: мұғалімнің іс-әрекетіне қызба мінез әрекеті, адамгершілік, зияткерлік, эстетикалық сезімдердің дамуы, көңіл күй басымдылығы, эмоцианольды қозу дәрежесі, эмоцианольды күйзелісті тоқтата білу және оны өзгерте білу.

12. Еріктік ерекшелігі: мақсаткерлік, дербестік, жігерлік, батылдық, табандылық, сабырлық, еріктің адамгершілік тәрбиесі.

13.Қабілеттіліктер: жалпы және арнайы, көп ерешеленетін оқушының қабілеттері.

14.Темперамент және оны көрінуі.

15. Білім алуға қатысты көрінетін мінез-құлық , мінез-құлық сипаттары - ұқыптылық, белсенділік, тәртіптілік және бұл қатынастың басқа да көрсеткіштері. сыныпқа және мектепке қатысты байқалатын мінез-құлық ерекшеліктері. Өз сыныбы мен мектебінің табысқа жетуін немесе табысқа жетпеуін уайымдауы, мектепте, сыныпта және т.б. өтетін іс- шараларға деген қарым –қатынасы; қоғамдық міндет пен тапсырмаларға қатысты байқалатын мінез-құлық ерекшеліктері: атқарылатын қоғамдық жұмысы, ұжым алдында атқарылатын жұмысқа жауапкершілік сезімі және парызы: еңбекке қатысты байқалатын мінез-құлық ерекшелігі: еңбексүйгіштік, адалдық, жауапкершілік және т.б.; үлкендерге, жолдастарына қатысты байқалатын мінез ерекшелігі: қайырымдылық, тіл табысушылық, иландырушылық және т.б.; заттарға қатысты байқалатын мінез-құлық ерекшелігі: ұқыптылық немесе ұқыпсыздық, құнттылық құнтсыздық және т.б. ; өз-өзіне қатысты байқалатын мінез ерекшелігі: намыс, адалдық, өзін жоғары көтеруі, қарапайымдылық, ибалық, тәкаппарлық.

16. Педагогикалық тұжырымдама: осы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарындағы мүмкін болатын түзетулер

ҚОСЫМША В

«Мектеп, отбасы және қоғаммен бірлескен тәрбиелік жұмыс»

Тәжірибелік тапсырмалар:

1. Оқушылардың ата-аналарына дәріс дайындау: «Жеке тұлға аралықтың қалыптасуына отбасы жүйесінің маңыздылығы»

2. Жасөспірімге мінездеме беру.

3. Шағын аудандағы мектептердің ата-аналары көтеретін педагогикалық мәселелерді шешу:

1. Мектептің шағын ауданында оқушылардың бос уақытын қалай жақсы ұйымдастыруға болады?

2. Шағын ауданда Тимурліктердің жұмысын ұйымдастыру.

3. Оқушыларды мектепке қалай дайындауға болады?

4. Мектептік реформаға байланысты ата-аналармен кезең-кезең сұхбат өткізу:

- «Қазіргі қоғам өміріндегі мектеп реформасының маңыздылығы».

- «Отбасылық және әлеуметтік тәрбие міндеттері».

- «Мамандық таңдау және еңбек тәрбиесі».

5. «Қиын» балаларды тәрбиелеу бойынша мектептің ата-аналар комитеті мен шағын аудан Кеңесінің бірлескен мәжілісінің тақырыбын ойластыру.

ҚОСЫМША С

Оқушылармен қосымша сабақ өткізуге арналған

дайындықтың үлгілік жоспары:
1. Артта қалушы оқушының білім деңгейін қалай анықтап, олқылықтарын айқындау жолдары.

2. Оқудағы артта қалушылықтың себептері.

3. Білімі жағынан артта қалушы оқушылармен қосымша сабақтар өткізу жоспарын жасау жолдары.

4. Артта қалушы оқушылармен өткізілетін сабақтарға дайындалу тәсілдері.

5. Сабақты өткізу әдісі.

ҚОСЫМША Д
Студенттерді үйірмелік сабақтарға дайындаудың үлгілік жоспары

1.Үйірменің жұмыс мазмұнын оның бағытына сәйкес қалай айқындау жолдары.

2. Үйірме жұмысының үлгілік тақырыбы.

3. Үйірме сабақтарына дайындалу тәсілдері.

4. Үйірме сабақтарын өткізу тәсілдері.

5.Үйірме мүшелерімен жеке жұмыс істеу тәсілдері.

6. Үйірме мүшелерінің әрекетін бағалау.

7. Үйірме жұмысының мерзімді қортындысын шығару формалары.



ҚОСЫМША Е

Педагог-психологке «қиын» жасөспірімдермен жұмыс жүргізу жадынамасы.

1. Жасөспірімнің отбасындағы өмір жағдайымен танысу (материалдық жағдайы, мәдени деңгейі, тұрмысы, денсаулық жағдайы).

2. Жасөспірімге ата-аналарының жолдастарының, қоршаған ортаның қандай әсер ететінін анықтау.

3. Қызығушылықтарын, бейімділіктерін анықтау.

4. Оқушылардың еңбек пен дене жұмысына деген қарым-қатынасын анықтау.

5. Тұрғаның теріс қасиеттерін анықтау.

6. Тәртіп пен әлеуметтік нормаларды бұзу себептерін анықтау.

7. Жеткіншектердің көңілін үйірме жұмыстарымен спортқа баулу арқылы жағымсыз орта әсерінен қорғау.

8.Жасөспірімді әдеби шығармаларды оқуға тарту және оқырмандық қызығушылығын бағыттау.

9. Жасөспірімнің табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру (жануарларға, жасыл әлемге және т.б.)



10. Мектептен тыс уақытта оқушының үй тапсырмасын орындауына жүйелі бақылау жасау.

11. Жасөспірімді өзін-өзі тәрбиелеуге жетелеу және өзін-өзі тәрбиелеуде тапсырма таңдауына көмек көрсету.
: arm -> upload -> umk
umk -> Тәжірибелік сабақтардың жоспары
umk -> Р/с Тақырыптың аталуы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілік пен дағдыны қалыптастыру
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсынымдар 050106 «Музыкалық білім» мамандығының студенттеріне
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Ф со пгу 18. 2/07 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...