Бағдарламасы Мазмұны Бағдарламаның паспорты Кіріспе

Loading...


бет1/4
Дата18.03.2017
өлшемі377 Kb.
  1   2   3   4
Жоба

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы




Мазмұны


1. Бағдарламаның паспорты

2. Кіріспе

3. Ағымдағы жағдайды талдау

4. Бағдарламаны іске асыру мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелердің көрсеткіштері

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

7. Қажетті ресурстар
1. Бағдарламаның паспорты


Атауы

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

1. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы
2. Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы
3. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVI пленарлық отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырма

Жауапты орындаушы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Мақсаты

Өңдеуші өнеркәсіпті әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру

Міндеттер

1) ЭЫДҰ елдері деңгейіндегі қолайлы инвестициялық ахуалды жасау;

2) бәсекені дамыту, соның ішінде мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін қысқарту және жеке кәсіпкерлікті ынталандыру арқылы;

3) шикізат емес тауарларды өткізуге арналған нарықтарды кеңейту;

4) отандық бизнестің шығындарда бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

5) еңбек ресурстарының сапасын арттыру, озық білімді тарату және өнімді жұмыспен қамтуды көбейту;

6) төзімді, бәсекеге қабілетті кластерлерді қалыптастыруда нүктелі стратегиялық инвестициялар есебінен тиімді өңірлік дамыту;

7) өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларына жаңа технологиялылық деңгейін келтіру және болашақ секторларын дамыту үшін инновациялық кластерлер арқылы негіз құру.


Іске асыру мерзімі

2015-2019 жылдар

Нысаналы индикаторлар

1) өңдеуші өнеркәсіп өнімін экспорттаудың құн көлемінің өсуі;

2) өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің өсуі;

3) өңдеуші өнеркәсібінің энергосыйымдылығын төмендету.


Қаржыландыру көздері мен көлемі

Бағдарламаны 2015 - 2019 жылдары іске асыруға республикалық бюджетте көзделген жалпы шығыстар 643 909,6 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
2015 жылы - 327 506,3 млн. теңге*
2016 жылы - 111 324,6 млн. теңге*
2017 жылы - 74 464,6 млн. теңге*
2018 жылы - 64 785,3 млн. теңге*
2019 жылы - 65 828,8 млн. теңге*

Ескертпе*


сомалар тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетке сәйкес нақтыланатын болады


2. Кіріспе

Қазақстан Республикасын индустрииялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) «Қазақстан-2050» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының «Экономиканы әртараптандыруды жеделдету» деген түйінді бағытын іске асыру үшін, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 ел қатарына кіру жөніндегі тұжырымдамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVI пленарлық отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау үшін және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленген.

Бағдарлама Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның (бұдан әрі - ҮИИДМБ) қисынды жалғасы болып табылады және оны іске асыру тәжірибесі ескерілген. Бағдарлама Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының бір бөлігі болып табылады әрі күш-жігер мен ресурстарды секторлардың шектеулі аясына, өңірлік мамандануға шоғырландыра отырып, кластерлік тәсілді қолдану арқылы өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға және тиімді салалық реттеуге бағытталған.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1497 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 — 2019 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі қағидаттары мен тәсілдерінің негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын инновациялық дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қазандағы № 1092 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының және индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттардың ережелері мен қағидаттары, сонымен қатар Қазақстан қатысушы болып табылатын халықаралық келісімшарттардың нормалары ескеріле отырып әзірленген.

Бағдарлама бизнес ахуалға ықпал ететін мемлекеттік саясат аспектілеріне өте тәуелді болып табылады. Бағдарламаның сәтті болуы Қазақстан Республикасының бизнесті жүргізу шарттарын жақсарту (Doing business), елдің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату (Global Competitiveness Index), жасыл парақтар (Yellow Pages) қағидатын ескере отырып, жоспарлы жекешелендіруді жүргізу арқылы экономикаға мемлекеттік қатысу үлесін төмендету Қазақстанның ТШИ Инвестициялық сенім индексіне кіруі (FDI Confidence Index) адами капитал индикаторы бойынша алға қойылған міндеттерге қол жеткізуіне байланысты болмақ. Бұдан басқа, Бағдарламаны іске асыру тиімділігі қаржыландыру моделіне, оны іске асыруға бюджет қаражатын бөлудің толықтығы мен уақтылылығына тікелей байланысты.
3. Ағымдағы жағдайда талдау

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында индустрия (өнеркәсіп) деген ұғым Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші негізінде анықталған, тау-кен өңдеу өнеркәсібіне және карьерлерді қазуға, өңдеуші өнеркәсібіне, электрмен жабдықтауға, газды, буды жіберуге және ауа салқындатуға, сумен жабдықтауға, канализация жүйесіне, қалдықтарды жинау мен үлестіруді бақылауға жататын секторлардың жиынтығы деп түсініледі. Сонымен қатар, Дүниежүзілік банкінің жіктеуішіне сәйкес, индустрияға құрылыс секторы да жатады. Ағымдағы бағдарламада «индустрияландыру» ұғымы құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатуға бағытталған өзге де шаралар кешенімен дәл өңдеуші өнеркәсібін дамытуға ауысуға байланысты классикалық түсінік қолданылады.

2014 жылға, Қазақстанның экономикасы құрылымында өнеркәсіп 27,6% алады, сондай-ақ оның үлесі қызметтер секторының озыңқы өсу салдарынан біртіндеп төмендеп бара жатыр. Ұқсас процестер дамыған, сол секілді дамып жатқан елдердің көбісінде байқалады.

Кен өндіру секторы жұмыспен қамтудың 3,5 %-ды және эконмикадағы жалпы қосылған құнның 15,4 %-ын, ал өңдеуші сектор - 6,3% және 10,3% тиісінше қамтамасыз етеді. Өндіруші өнеркәсіптегі негізгі капиталға инвестициялар бүгінде жалпы көлемнің 30 %-ынан асады, ал өңдеуші өнеркәсіпте бар болғаны - 11 %.

ҮИИДМБ іске асыру жылдары ішінде өңдеуші өнеркәсіптің дамуының оң серпіні байқалып отыр. Өндіріс көлемінің НКИ, 2008 жылға қарағанда, тау-кен секторынан озып (20%), 24,2%-ға өсті. Еңбек өнімділігі нақты 1,9 есе көбейді, ал ЭЫДҰ елдерінің орташа деңгейінен айырмашылық 71%-дан 57%-ға дейін қысқарды. Өткен 5 жылға қарағанда, шамамен 3 есе көп ТШИ тартылған, ал олардың жалпы көлемдегі үлестері – 7%-дан 14%-ға дейін екі есе өсті. Өндірістік себет өзгерді, дәстүрлі металлургия мен тағам өнеркәсібінен басқа, әжептеуір үлес салмағын мұнайды қайта өңдеу мен машина жасау жинап алды. 20-дан аса жаңа маңызы бар секторлар пайда болды, ал қосымша 50 тауар салыстырмалы артықшылықпен экспорттала бастады.

 Сонымен қатар, Халықаралық валюта қорының (бұдан әрі - ХВҚ) елдер бойынша 2013 жылғы қыркүйектегі есебіне сәйкес экономикада «голланд ауруының» белгілері, атап айтқанда сауда-саттықта қолайсыз жағдайлардың қалыптасқаны, экономикадағы шығыстар деңгейінің өскені және институционалдық проблемалар байқалады. Одан басқа, Қазақстан «орташа кіріс тұзағы» проблемасымен бетпе-бет келеді, Мұндай жағдайда Қазақстан біліктілігі мен инновациялары жоғары дамыған экономикалармен де, кірісі төмен, жалақы деңгейі төмен әрі өнеркәсіптік тауарлардың өндірісі арзан экономикалармен де бәсекеге түсе алмайтын болады.

Нәтижесінде, ЖІӨ-нің негізгі капиталға инвестициялар деңгейі 2005 жылдаңы рекордтық 32%-дан 2014 жылы 17%-ға дейін түсіп кетті. Сонымен бірге экономикадағы ақша массасының деңгейі 2009 жылдағы ең жоғары 40,5%-дан 33,5% дейін төмендеп бара жатыр, сондай-ақ осы көрсеткіш бойынша Қазақстан көптеген елдерден артта қалып қойды. Кенттену деңгейі өте төмен, бұл сұранысты кең аумақ бойынша бытыратады және адами капталдың сапасына әсер етеді, бизнесті жүргізу шығындарын көбейтеді. Осы күнге дейін жеке бастамалар әлсіз, оған бірнеше факторлар әсер етеді: экономикада мемлекеттің қисынсыз жоғары қатысуы, бір қатар салалардың жоғары монополизациясы, банкроттықтың әлсіз институты, кепілдеме активтердің бір бөлігін оқшауландырылған банктердегі «мәселелі» несиелердің жоғары үлесі. Салалық реттеуде, мемлекеттік сатып алуларда, сапалы адами ресурстарға қолжетімділікте, инфрақұрылымда, қаржы ресусртарында, технологияларда жеке мәселелер бар.

Сонымен қатар, осы замаңғы индустрияландыру саясаты «жаңа экономикалық нақтылықтың» келесі маңызды шарттарын ескере отырып, қайта қаралуы тиіс:


  1. 2015 жылдың басында мұнайдың «Brent» сұрыпына бағалар 1 баррель үшін 50 доллардан төмен түсті, 2015 жылдың 9 айы ішінде орташа баға шамамен 57 долларды құрады. Қазақстанның, маңыздылығы бойынша екінші экспорттық өнімі – металлдардың бағасы да төмендеп кетті. Мысалға, мыстың бағасы 2014 жылдың қаңтар айынан 2015 жылдың қаңтар айына дейін 20% аса төмендеп кетті. Көптеген сараптамалық болжаулар бойынша, дүниежүзілік шикізаттық цикл төмендеу толқынына тұрды. Бұл өндірістік кәсіпорындарға тікелей бюджеттік қаржыландыру арқылы қолдау көрсетуге мүмкіндік бермейтін қатты бюджеттік шектеу кезеңінің басталуын белгілейді.

2) Өңдеуші өнеркәсіптің үлес салмағы әртараптандыру мен экономикалық өсудің негізгі көрсеткіші болған уақыт өтіп кетті. Жаһанды тренд қызметтер секторының озыңқы өсуі болды.

Осыны, сонымен қатар Қазақстанның бірегейлі аумақтық жабықтығын ескере отырып, ЖІӨ қалыптастыруда индустрияландырудың рөлі шектелетін болады. Эконоимка мен жұмыспен қамтудың өсуі сервистік-индустриялық үлгілерге негізделетін болады, мұнда қызметтер секторлары, әсіресе экспорттайтын және нақты қосылған құнды құрайтын – көлік пен логистика, кәсіби қызметтер, туризм, ИКТ және басқалары драйверлер болады. Олардың үлестері кем дегенде ЖІӨ үштен бір бөлігін құруы тиіс, ұқсас елдер – Австралия мен Канаданың мысалдары бойынша. Бірақ индустрияландыру мен өңдеуші өнеркәсіптің дамуы:

а) экономиканың тұрақтылығын таза валюталық түсімдерді әртараптандыру арқылы қамтамасыз етуде;

б) инновацияларға және адама ресурстардың құзыреттеріне сұраныстың өсуінде;

в) дәстүрлі салалар – Қазақстанның әлемдік мамандануы – жердің (ауыл шаруашылығы), жер қойнауының (кен шығаны секторы), орналасуының (көлік пен логистика), энергетиканың тиімділігін қамтамасыз етуде сыни рөлді атқаратын болады.

3) 2015 жылдың 1 қаңтарынан ЕАЭО өз жұмысын бастады, әрі қарай кеңеюды жалғастырып жатыр: Қазақстан осы ұйымға қатысуын тереңдетуді біртіндеп жалғастырып жатыр. Одан басқа, 2015 жылы Қазақстан ДСҰ кірді, бұл бір қатар шектеулерді қабылдаудан басқа, бір қатар мүмкіндіктерді ашады, әсіресе дәстүрлі экспортқа бағытталған салалар үшін. Сонымен бірге, Ресей мен Қытайда экономикалық белсенділіктің ықтималды тежеуін ескере отырып, интеграциялық процестерінің әлсіздену қауіпі бар.


Индустриялық дамудың жаһанды трендтері.

Бағдарламаны әзірлеген кезде жаһанды трендтер ескерілген және бағаланған.

1. Ресурстардың маңыздылығын жоғарылату.

Азайып жатқан ресурстар мен олардың баға ауытқулары екі әртүрлі бағыттағы трендтерді қалыптастырады. Біріншісі – бұл ресурстардың орташа мерзімді келекше құнын жоғарылату мен қолжетімділіктің қысқаруымен сипатталатын «ресурстық ұлтшылдық», екіншісі – ресурстарды сақтайтын және ресурстық тиімді технологияларды дамыту.

2. Өндірістік тізбектерді жаһандандыру және трансформациялау.

Дүниежүзілік сауданың негізгі қатысушылары болып табылатын ТНК үнемі тиімді өндірістік, соның ішінде жергілікті алаңшалар мен серіктестерді іздестіруде. Қосылған құн тізбектері үнемі тарнсформациялауда тұр. Оларды жаһандандыру географиясы мен деңгейі өзгеріп тұрады.

3. Дамып келе жатқан елдер нарықтарының рөлдерін күшейту.

Дамып жатқан елдерде орташа кластың қалыптасуы дамып келе жатқан нарықтарға сұраныстың жылжуына әкеледі.

4. Халықаралық шектеулер және мемлекеттік араласу үшін мүмкіндіктерді тарылту.

Соңғы онжылдықтарда халықаралық ұйымдарға қатысудан, баждар мен кедергілерді төмендендетуден пайда алу үшін экономикаға мемлекеттік араласуды шектеу бойынша міндеттемелерін өзіне еркін қабылдаған халықаралық ұйымдардың қатысушы-мемлекеттердің саны үнемі өсуде. Өңірлік экономикалық одақтарға қатысу елдің индустриялық саясатына қосымша шектеулерді салуы мүмкін. Бірақ жеке жағдайларда мемлекеттер ішкі салаларды қолдау үшін қабылдаған міндеттемелерді әдейі бұзады.

5. Өндірісті орналастыру және дамыту үшін елдердің бәсекелестігі.

Соңғы онжылдықтарда дамып жатқан елдерде өндірістік алаңшалардың маңыздылығы үнемі өсіп жатыр және олардың арасындағы бәсеке күшее түседі. Өндіріс шығындары төмен және ресурстық базасы дамыған елдерге ауысып жатыр.

6. Қызметтердің үлесі мен маңыздылығын арттыру.

Өнімнің технологиялық қиындығы өскен сайын және осы замаңғы өндіріс секторларындағы модульдік конструкцияларына ауысқан сайын көп рөлді қызметтер атқарады. Экономикалық белсенділік өндірістен адами капитал көз қарасынан сыйымды қызметтер саласына ауысып жатыр. Зерттеулер мен әзірлемелер, инжиниринг пен дизайн сияқты қызметтер өндірістің бәсекеге қабілетті сектордың тарапынан сұраныс болған кезде ғана сәтті дамиды.

7. Кәсіпкерліктің рөлінің өсуі.

Индустриялық даму барлық әлемде кәсіпкерлік әлеуетке сүйенеді. Көптеген секторларда интеграцияланған компаниялар жеткізушілердің көп деңгейлі жүйелеріне орын береді, шағын мен орта бизнестің рөлі өсіп жатыр. Шағын мен орта бизнесі дамыған елдердің өз аумағында жаһанды салалсық тізбектердің жаңа сегменттерін сәтті дамытуға мүмкіндіктері ең көп.

8. Жаңа өндірістік технологияларды дамыту (Үшінші индустриялық революция).

Жаңа технологиялар өндірісті әлемдік ұйымдастыруды өзгертеді және компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайды. Кәсіпорын процестерін және жеткізулер жүйесін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып басқару, робототехниканы, зияткерлік үлгілеуді және аддитивті ьехнологияларды қолданып өндірістің жаңа материалдары мен жаңа әдістерін қолдану бәсекеге қабілетті артықшылықтарды шығаруға мүмкіндік береді және дамып жатқан елдерде өнеркәсіптің жоағры технологиялық салаларын қалыптастыру үшін мүмкіндіктерді ашады. Бұл өндіріс масштабының азаюына, ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, тұтынушылардың сұраныстарына тез жауап беруге және еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі, бұл дамып жатқан елдердің артықшылықтарына еңбек құнында әсер етеді, дамыған елдердің өндірісінде жұмыс орындарының сақталуына себепші болады.



4. Бағдарламаны іске асыру мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелердің көрсеткіштері
Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін индустриялық дамыту мақсаттары, міндеттері және жалпы нысаналы индикаторлары
Бағдарламаның мақсаты: Өңдеуші өнеркәсіпті әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру.
Міндеттері:

1) ЭЫДҰ елдері деңгейіндегі қолайлы инвестициялық ахуалды жасау;

2) бәсекені дамыту, соның ішінде мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін қысқарту және жеке кәсіпкерлікті ынталандыру арқылы;

3) шикізат емес тауарларды өткізуге арналған нарықтарды кеңейту;

4) отандық бизнестің шығындарда бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

5) еңбек ресурстарының сапасын арттыру, озық білімді тарату және өнімді жұмыспен қамтуды көбейту;

6) төзімді, бәсекеге қабілетті кластерлерді қалыптастыруда нүктелі стратегиялық инвестициялар есебінен тиімді өңірлік дамыту;

7) өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларына жаңа технологиялылық деңгейін келтіру және болашақ секторларын дамыту үшін инновациялық кластерлер арқылы негіз құру.


Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу келесі индикаторлар мәндерінің мониторингі арқылы бағаланатын болады:

1) өңдеуші өнеркәсіп өнімін экспорттаудың құн көлемінің өсуі;

2) өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің өсуі;

3) өңдеуші өнеркәсібінің энергосыйымдылығын төмендету.

Аустралия мен Канаданың тәжірибесі бойынша Бағдарламамен нысаналы индикаторларының сандық мәндері олардың күйлеріне тікелей және толық әсері болмағандықтан орнатылмайды.
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар
Бағдарлама шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шаралары, нақты айтқанда, ДСҰ «жасыл себетімен» Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ұсынылуға тиіс. Тікелей қолдау шараларынан жанама, жалпы жүйелік шараларға біртіндеп ауысу жүзеге асырылған, бесінші бесжылдықтың шегінде оларға мемлекет тарапынан негізгі күштер бағытталатын болады.

Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы арасындағы тәуелділікті ескеру қажет. Осылайша, Бағдарламаның қойылған мақсаттарына және міндеттеріне қол жеткізу Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманың стратегиялық бағыттарын бірге қалыптастыратын мемлекеттің басқа да әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын іске асыруға тұтастай байланысты болады.

Бағдарлама шеңберінде индустриялық-инновациялық қызметті бойлық, салалық және өңірлік кескінде қолдау шаралары мен құралдарының архитектурасы қалыптастырылған.

Бойлық (жалпы жүйелік) қолдау шараларының объектісі болып барлық өңдеуші өнеркәсіп болып табылады.

Тік қолдау шараларының объектісі салалар мен кәсіпорындар үшін өнімді шығарған кезде қосылған құндар тізбектерін кең қармаған перспективалық инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын экспортқа бағытталған акторлар болады.

Тікелей қолдау шараларының объектісі өңірлер үшін ұлттық кластерлердің және аумақтық кластерлердің кеңестері болып табылатын болады.
1. Жалпы жүйелік қолдау шаралары (сәтті индустриялық-инновациялық дамытудың негізгі шарттары)
1.1. Инвестициялық ахуал

Бағдарлама жекеше инвесторлардың өңдеуші өнеркәсіпке келуін ынталандыруға арналған, әсіресе жаңа экономикалық нақтылық жағдайларында – дамып жатқан нарықтардан капиталдың жылыстауы, тура инвестициялар көлемінің түсуі, сонымен қатар мемлекеттік қаржыландыру мүмкіндіктерін сығыстыру. Мемлекеттің маңызды рөлі елдің инвестициялық брендін бекітудің біркелкі саясатын жалғастыруды және қолайлы іскерлік ахуалды құруды қамтитын болады.

Инвестициялық ортаны бағалау бойынша жалпыға танылған дүниежүзілік индексті жақсарту үшін ұдайы жұмыс жүргізілетін болады: бизнесті жүргізу жағдайлары (Doing business) жақсарту, елдің бәсекеге қабілеттілігін (Global Competetivness Index) жоғарылату, шетелдік тікелей инвестицияларды көбірек тарту (World Investment Report).

 Индустриялық даму басымдықтарын іске асыруға жәрдемдесу үшін Қазақстан ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк, өнеркәсіптік даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық қайта құру және даму банкі және басқа да халықаралық институттар сияқты беделді ұйымдармен белсенді ынтымақтастық жасайтын болады. Елдік бағдарламалар шеңберінде ұлттық экономиканың, атап айтқанда өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған озық халықаралық тәжірибе пайдаланылатын болады.

ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін инвестициялыө ахуал әрі қарай жетілдірілетін болады. Бұл 2015 жылы жарияланған «5 институциялық реформаларды» және «100 нақты қадамды», «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламаны, масштабты мемлекет иелігіненалу және мемлекеттік экономикаға қатысуды қысқарту бағдарламаларын тиімді жүзеге асыруды, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмені өткізуді, сонымен қатар ЭЫДҰ айқындаған 12 сәйкессіздіктерді жоюды талап етеді. ЖІӨ-нің негізгі капиталға инвестициялар деңгейі, сондай-ақ, 2020 жылға қарай 30% жетуі тиіс және әрі қарай осы деңгейде ұсталуы тиіс.

Шетелдік инвестицияларды тарту үшін келесі бағыттар бойынша қосымша шаралар қабылданатын болады.


  1. Инвестициялық заңнаманың қолжетімділігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету:

- толық құқықтық ақпаратқа бірыңғай құқықтық порталында ағылшын тілінде қолдетімділікті ұсыну.

  1. Инвестициялық саясатты жоспарлау тиімділігін арттыру:

  • стратегиялық жоспарлау құжаттарын тиімдендіру;

  • 2020 жылға дейін инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі жол картасы. Осы жол картасы ҚР Инвестиция және даму жөніндегі министрлігінің, инвестициялық ахуалды жақсарту бөлігінде, 2020 жылға дейін «ақ» кітабы болуы тиіс.

3) Инвесторларды тарту және инвестициялық климатты жақсарту бойынша Үкіметтік және өңірлік кеңестерді құру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңында Инвестициялық штаб құрылатын болады, оның мақсаты ТНК қоса алғанда, стратегиялық инвесторларды тарту, сонымен қатар Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын жоғарылату бойынша ұсыныстарды жасау болады. Штаб әлеуетті инвестор мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында нақты жобалар бойынша конструктивтік ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін «көпір» ретінде жұмыс істейтін болады.

Ол үшін, өкімет органдары мен үкіметтік емес секторының өкілдерінен басқа, штабтың жұмысына жетекші халықаралық стратегиялық кеңесшілер, әлемдегі беделді инвестициялық банктердің өкілдері, заң кеңесшілері, сонымен қатар тәуелсіз сарапшылар қатысатын болады. Олардың жұмыстары Қазақстан Республикасына жеке инвестициялардың көлемі мен санымен өлшенетін бизнес нәтижеге қол жеткізуге ғана бағытталатын болады.

Тез және тиімді жұмысты қамтамасыз ету үшін, штаб пен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында ай сайыңғы жұмыс кездесулер жүргізілетін болады, бұл жеке жобалардың сәттілігін және Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жоғарылатуға бағытталған реттеуіш-құқықтық базасының қажетті жүйелік өзгерістері туралы ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етеді.



4) Инвестициялық ахуалды объективті бағалау:

  • Қазақстанның инвестициялық ахуалын шолуды жүйелі жариялау;

  • елдің инвестициялық ахуалының тәуелсіз жыл сайыңғы аудиты мақсатында инвестициялық ахуал бойынша жыл сайыңғы конференцияны өткізу (инвесторларға сауалнама жүргізу негізінде).

5) Инвестицияларды тарту институттарының тиімді жүйесін салу:

  • инвесторлар үшін ақпаратқа барынша қолжетімділік және инвесторды «step by step» («есіктен есікке дейін») принципі бойынша толық сүйемелдеу;

  • «open space» пішінінде фронт-кеңсені құру;

  • CRM-жүйесіне байланыстырып бірыңғай Call-орталығын құру;

  • инвестициялық брокерлердің коммуникациялар жүйелерін құру

  • инвестициялық брокерлерді ең жақсы әлем тәжірибесі бойынша консалтингтік компанияларды тартып оқыту;

  • инвестициялық тарихтар тізімін жүргізу, с.і. нашарларын да.

6) Инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін қажетті ақпаратқа қолжеткізуді жеңілдету:

  • инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтерден басқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақылы негізде берілетін ақпараттан басқа ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету: жалпыға қолжетімді тегін деректер қорын құру (жер, жер қойнауы, инфрақұрылым, өндірістік кәсіпорындар, еңбек ресурстары және т.б.) инвесторларды ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету үшін;

  • нарықтық субъектілердің контрактация тәуекелін төмендету үшін ақпаратқа қолжеткізуді жеңілдету – кәсіпкерлік субъектісі туралы мемлекеттік және басқа деректер қорынан электрондық үкіметті дамыту шеңберінде барлық ашық ақпаратты алу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Аталған бастамалар ұзақ мерзімді инвестицияларды туғызатын тұрақты макроэкономикалық ортаны қалыптастырумен сүйемелденуі тиіс.


Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» рмм төменгі лауазым болып табылмайтын
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
pages -> Мемлекеттік көсетілетін қызметтерге жауапты қызметшілер туралы мәлімет
pages -> «Қамысты ауданы әкімдігінің бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысының сұрақтары бойынша жетекші маманы
pages -> «Жітіқара ауданының Шевченковка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты e-g лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты
pages -> Конкурс туралы хабарландыру
pages -> Есэдо го (версия 18. 4) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...