Бағдарламасы «Мамандыққа кіріспе»

Loading...


жүктеу 220.84 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі220.84 Kb.
түріБағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-10.1.56

/02-2013



ПОӘК

Студенттерге арналған пәннің бағдарламасы



«Мамандыққа кіріспе»

№ 1 басылым

18.09.2013 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Мамандыққа кіріспе»



5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»

мамандығы үшін


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2013

c:\users\admin\desktop\сканы\1 - 0007.jpgМазмұны


1.

Жалпы ережелер

4

2.

Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

6

3.

Пәнді оқып білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

12

4.

Курс форматы

13

5.

Курс саясаты

13

6.

Баға қоюдың саясаты

13

7.

Әдебиет тізімі

18


1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер:

Қасымова Жанар Сайлаубековна, биология ғылымдарының кандидаты‚ доцент

Химия кафедрасы

Байланыс ақпараты – тел:35-05-90, оқу ғимараты № 9, кабинет № 409

Сабақ өткізу орны – дәрісхана № 409

Берілген пән бойынша кредиттер саны - 2


1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:

Хими́ялық техноло́гия - тұтыну өнімдеріне және аралық өнімдерге шикі табиғи материалдарды ең экономикалық және экологиялық әдістерімен өндеу туралы ғылым. Химиялық технология жеке білім саласы және оқу пәні ретінде XVIII ғ. екінші жартысында бөлінді.

Химиялық технологияның барлық процестерін жалпы кинетикалық заңдылықтарға тәуелді 5 негізгі топқа бөледі:



  • гидромеханикалық;

  • жылу;

  • масса алмасу (немесе диффузиялық) процестер;

  • химиялық процестер;

  • механикалық процестер.

Ұйымдасу-техникалық құрылысына байланысты процестер периодты және периодты емес болады.

Химиялық процестер бейорганикалық заттардың (қышқылдар, сілтілер, содалар, силикат материалдары, минералдық тыңайтқыштар, тұздар және т.б.) технологиясына және органикалық заттардың (жасанды каучук, пластмассалар, бояғыштар, спирттер, органикалық қышқылдар және т.б.) технологиясына бөлінеді. Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандарының жетістіктері жаңа ғылыми-өндіріс бағыттарын құру және жетілдіру негізі болып табылады. Адам қызметінің барлық салаларына химиялық технологияның еңуі оны терең оқытуды қажет етеді.


1.3Пәнді оқып-білудің мақсаты: өздері таңдаған мамандықпен, оқу бағдарламасымен, химик-технолог кәсіптік дайындығына негізгі талаптарымен, химиялық технологияның даму тарихымен, химиялық өндіріс саласының мазмұнымен таңыстыру.
1.4Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті:

- химиялық өндірістің инженер-технолог кәсіптік қызметінің ролі және маңызы; инженерлік қызметінің объектілері, мысалы ШҚО және жалпы Қазақстан Республикасында кәсіпорындарды зерттеу; технология пәні қалыптасуының негізгі жолдары; химиялық өндірісте технологияның ролі және маңызы; өндірістің химиялық саласы мазмұның, негізгі органикалық синтез технологиясының әдістері мен әдістемесін зерттеу туралы студенттердің білімін қалыптастыру.


1.5Оқып-білудің нәтижелелері:

Пәнді оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:



  • кәсіптік қызметінің мәнін және қоғамда маңызын, қызмет істеу нақты саласын анықтаушы негізгі ғылыми мәселелерін; технологиялық объектілерді жобалау негіздерін; химиялық технология гидродинамикалық, жылу, масса алмасу және реакциялық процестерінің, сонымен қатар термиялық, каталитикалық процестерінің, физика-химиялық негіздерін; заттарды химиялық және инструменталдық анализ әдістерін, олардың сапасын бақылау, автоматтық басқару жүйелерінің функцияларын, құрылу принциптерін және жеке базасын; өндіріс ғимараттары конструкцияларының және кәсіпорындарының бас жоспарларының негізгі элементтерін; кәсіпорындар қызметінің ұйымдастыру-экономикалық негіздерін; органикалық заттар мен материалдар шығару және өндеу технологиялық схемалар құру және технологиялық құралдарды таңдау принциптерін; аз қалдықсыз және экологиялық қауіпсіз технологияларды құруды білуі тиіс;

  • ойлау және ой білдіру мәдениетін; қазіргі замаңғы ақпараттық технологияларды, ақпаратты жинау, сақтау және өндеу компьютерлік әдістерді; техникалық, қаржы және адам факторлары есебімен негізгі өндіріс қатынастарын және басқару принциптерін; техникалық құралдардың жобасын, конструкциясын құру, таңдау, есептеу тәсілдерін меңгеру тиіс;

  • алынған тәжірибе мәліметтері негізінде химиялық есептер техникасын игеру тиіс;

  • қазіргі замаңғы ақпараттық білім беру технологияларды қолданып, жаңа білімдерді; мамандық бойынша әдебиетті оқу, рефераттарды, іс қағаздарды құру; кәсіптік функцияларды еңгізумен байланысты мақсат қою және есептер қалыптастыру, оларды шешуде зерттелген пәндердің әдістерін қолдана алуы тиіс;

  • негізгі ғылыми-техникалық мәселелерді және химиялық технология даму болашағын түсіну тиіс;

  • ғылым, техника және өндіріс дамуында химиялық технологияның орны және ролі; негізгі химиялық өндірістер, шикі зат көздері, химика-технологиялық жүйелерді құру және талдау принциптері; химиялық технология даму тенденциялары; бейорганикалық заттардың химиялық технология өндірісі және өндеу саласында негізгі ғылыми-техникалық мәселелер мен даму болашағы және жақын салалармен өзара байланысы жайында мәлімет болуы тиіс;

  • технологиялық құралдарды таңдау және есептеу; химиялық өндірістің жылу және материалдық балансын құру; инженерлік шешімдердің техника-экономикалық анализі, органикалық заттар мен материалдарды алу және зерттеу әдістері жайында мәлімет алуы тиіс.

1.6Курстың пререквизиттері:

1.6.1 физика (мектеп бағдарламасы);

1.6.2 сызу (мектеп бағдарламасы);

1.6.3 химия (мектеп бағдарламасы).

1.7Курстың постреквизиттері:

1.7.1 бейорганикалық химия;

1.7.2 аналитикалық химия;

1.7.3 органикалық химия;

1.7.4 физикалық химия;

1.7.5 жалпы химиялық технология.
2 Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

1 кесте


т/б


Тақырып атауы

Сағаттар

Әдебиет

Дәріс

ПС

ОСӨЖ

СӨЖ

1.

Кіріспе. 5В072000 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасы, біліктілік және лауазымдар тізбесі

1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

2.

Білім беру үрдісін ұйымдастыру ережелері. Оқытудың кредиттік жүйесінің негізгі ережелері, студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру, оқытушының жетекшілігімен студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру, студенттердің оқу жетістіктерің бақылау және бағалау жүйесі, жазғы семестрді ұйымдастыру, түлектің білім алуын жалғастыру мүмкіншіліктері

1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

3.

5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы маман- дығы бойынша білім беру бағдарламалары. Мамандықтың білім беру бағдарламасының мақсаттары мен есептері, білім беру үрдісін ұйымдастыру және өткізу формалары, әдістері және тәсілдері, оқу жылдарында нәтижелері

1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

4.

Химиялық білім мен химиялық техниканың даму тарихы. Қолөнер өндiрiсiнің салалары. Металлургия. Шыны және керамика. Құрылыстұтқыр материал. Фармация және парфюмерия. Бояулар және бояу техникасы. Грегі натурфилософия. Алхимия: араб әлемінде, Батыс Еуропада, алхимия жетістіктері. Қазіргі химияның пайда болуы: ятрохимия, механикалық философия, техникалық химия.

1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

5.

Химиялық технология ғылым ретінде және оның есептері.

Технологияның теориялық негіздері, технология түрлері, химиялық технологияның қысқыша тарихы, химиялық технологияның негізгі есептері, химиялық технология мен технологияның негізгі даму бағыттары, химика-технологиялық процестердің жіктелуі, технологиялық процестердің тепе-теңдігі, технологиялық процестердің жылдамдығы және оны жоғарлату, технологиялық есептер, технологиялық прогресс және халық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін химиялық өндірістің маңызы



1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

6.

Органикалық синтез. Түсінігі, мақсаты, жіктелу, даму тарихы, бағыттары, ақпараттық қамтылу, әдістемесі, реакциялар

1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

7.

Жіңішке органикалық синтез. Жіңішке органикалық синтез өнімдерінің түрлері: бояуштар, дәрілік препараттар, пестицидтер, мақта-көмекші және хош иісті заттар, химикаттар-полимерлы материалдарға қосымшалар, химикаттар кинофотоматериалдарға, хим. реактивтер және басқалар. Өндіріс маңызы және мемлекеттің химиялық өндірісі дамуының жалпы деңгейінде орны. Өндіріс көлемі, өндірістің әр түрлі салаларында пайдалану. Шикі зат, алу технологиясының стадиялары, өндіріс есептері және схемалары

1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

8.

Негізгі органикалық синтез. Негізгі органикалық синтездің негізгі өнімдері. Түсінігі, жіктелуі, негізгі өнімдері.
Нефтехимиялық өндіріс, өндірістің маңызы және мемлекет химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны. Өндіріс көлемі, өндірістің әр түрлі салаларында пайдалану. Шикі зат, алу технологиясының стадиялары, өндіріс есептері және схемалары

1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

9.

Негізгі органикалық синтез. Негізгі органикалық синтездің негізгі өнімдері. Коксохимиялық өндіріс, өндірістің маңызы және мемлекет химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны. Өндіріс көлемі, өндірістің әр түрлі салаларында пайдалану. Шикі зат, алу технологиясының стадиялары, өндіріс есептері және схемалары

1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

10.

Негізгі органикалық синтездің жартылай өнім түрлері. Түсінігі, мақсаты, жіктелу, өндірістің маңызы және мемлекет химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны. Өндіріс көлемі, өндірістің әр түрлі салаларында пайдалану. Шикі зат, алу технологиясының стадиялары, өндіріс есептері және схемалары

1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

11.

Негізгі органикалық синтездің соңғы өнім түрлері. Түсінігі, мақсаты, жіктелу, өндірістің маңызы және мемлекет химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны. Өндіріс көлемі, өндірістің әр түрлі салаларында пайдалану. Шикі зат, алу технологиясының стадиялары, өндіріс есептері және схемалары

1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

12.

Химиялық өндірістің шикі заты. Технологиялық процесте түсінігі және ролі. Шикі зат классификациясы. Пайдалы қазбалардың қоры. Шикі затты кешендік пайдалану. Химиялық өндірісте суды пайдалану

1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

13.

Химиялық өндірісте қолданатын энергия түрлері және көздері. Әр түрлі өнеркәсіптердің энергосыйымдылығы

1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

14.

Химиялық өндіріс аппараттарының шығымын күшейту. Негізгі бейорганикалық синтез өнімінің көлемі, экспорты, импорты. Катализ: катализ типтері. Гетерогендік катализдің каталитикалық әрекетінің кезектері. Адсорбция. Бейорганикалық заттардың технологиясының маңызды каталитикалық процестері мен катализаторлары. Катализатодың эксплуатациялық сипаттамасы

1

1

1

3

7.1.1-7.1.5

15.

Қазақстан Республикасының органикалық заттар өндірісінің кәсіпорындары. Әр түрлі өндіріс кәсіпорындарының технологиялық цехтарында өнеркәсіп практикаларын ұйымдастыру және жүргізу

1

1

1

3

7.1.1-7.1.5




БАРЛЫҒЫ:

15

15

15

45





3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Мамандыққа кіріспе курсын оқыту өзара байланысты төрт форманы қажет етеді: дәріс, практикалық (семинар) жұмыс, ОСӨЖ-оқытушының студентпен өздік жұмысы, және СӨЖ - студенттің өздік жұмысы.

Дәрістер конспектілері материалды игеруге негіз болып табылады. Дәрісте конспект жазуға әрбір студент міндетті. Конспекті оқулықтардан және оқу құралдарынан алынған материалмен толықтырып, жазып алған өте пайдалы. Конспекті лектор беретін кеңестер кезінде де толықтыруға болады. Практикалық (семинар) сабағына дайындалуда келесі қажет болады: практикалық сабақтың тақырыбына сәйкес оқу құралдардан және дәріс материалы бойынша ұсынылған теориялық материалдарды зерттеу; практикум немесе нақты әдістемелік нұсқаулардан жұмыстың мазмұнымен, қажетті құралдар, реактивтер, ыдыспен таңысу; алғашқы сабаққа жіберілу алыңған соң жеке тапсырма орындау; қорытындысымен орындалған жұмыстың есебін жазу және оны қорғау. ОСӨЖ және СӨЖ күнделікті және міндетті дайындықты талап етеді, нақты тапсырма бойынша орындалады және күнделікті оқытушымен тексеріледі. Аудиториядан тыс өздік жұмыста студенттер әдебиетпен жұмыс істеп, үй тапсырмасын орындап, практикалық сабақтарға дайындалады.
4 КУРС ФОРМАТЫ

«Мамандыққа кіріспе» – 2 кредит.

Курс бойынша 50 минуттық дәріс, 50 минуттық практикалық сабақ және 50 минуттық ОСӨЖ аптасына 1 рет болады. Дәрістерге, практикалық сабаққа, ОСӨЖ-ге қатысуға студент міндетті. Себепсіз босатылған сабақтар қайталап оқытылмайды. Жазбаша үй тапсырмалары (ЖҮТ) көрсетілген уақытта өткізілмесе, қабылданбайды, сондықтан студент белгілі бір балын жоғалтады. Практикалық сабақтар студентті өздігінен жұмыс істеуге үйретеді, ойлау қабілетін арттырады, сондықтан сабаққа нұсқаудағы сұрақтарға толық жауап беріп және тәжірибе жүргізу үшін кейбір физико-химиялық параметрлердің мәнін анықтамалық кітаптан тауып, химиялық реакциялар тендеуін жазып келуі керек. Сол жағдайда ғана тәжірибелік жұмысқа толық қорытынды жасауға болады. Сабаққа дайын емес студент практикалық сабаққа жіберілмейді, қосымша сабақ жүргізілмейді.


5 курс саясаты

Студент пәнді оқып-білу үрдісінде белсенді және өздік қабілеттерін көрсету міндетті, қалып келу, себепсіз сабақтан қалу, дер уақытта жұмыстарды тапсырмау және оқу үрдісінде пассивті болуда баллдарды алу түрінде штрафтар салынады.


6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

Пән бойынша емтихан бағасы модульдар бойынша, межелік бақылау бойынша және соңғы аттестация бойынша (60%) көрсеткіштер мен емтихан нәтижесінің (40%) қосынды балы түрінде қорытылады, қосындысы 100% құрайды.

Апта және бақылау түрлері бойынша баллдардың таратылуы кестеде келтірілген

«Мамандыққа кіріспе» пәні бойынша балдардың таратылуы

2 кесте


Апта

Бақылау түрі

Балдардың барлығы

Қосымша

1-7

Аудиториялық сабақтарына қатысу және даярлық

30

Оқытушы электрондық журналда оқушының тек сабаққа қатыспау фактісін көрсетеді

Практикалық жұмыстарды орындау (есеп, қорғау)

1

Кіріспе. Мамандықтың жалпы сипаттамасы

15

Практикалық сабақта

2

Білім беру үрдісін ұйымдастыру ережелері

15

Практикалық сабақта

3

5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары

15

Практикалық сабақта

4

Химиялық білім мен химиялық техниканың даму тарихы

15

Практикалық сабақта

5

Химиялық технология ғылым ретінде және оның есептері

15

Практикалық сабақта

6

Органикалық синтез

15

Практикалық сабақта

7

Жіңішке органикалық синтез. Жіңішке органикалық синтез өнімдерінің түрлері

15

Практикалық сабақта

Студенттің өздік жұмысы

1

5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша бакалавр негізгі компетенцияларына қойылатын талаптар және оқу нәтижелері

10

Сабақ кестесіне сәйкес

2

Білім беру кредиттік технология бойынша негізгі түсініктер мен анықтамалар бойынша глоссарий құру

10

Сабақ кестесіне сәйкес

3

Білім беру үрдісін ұйымдастыру формалары, әдістері және тәсілдері туралы глоссарий құру

10

Сабақ кестесіне сәйкес

4

Қол өнер салалары

10

Сабақ кестесіне сәйкес

5

Технология теориялық негіздері жөнінде негізгі түсініктер мен терминдердің глоссарийің құру

10

Сабақ кестесіне сәйкес

6

Органикалық синтез жөнінде негізгі түсініктер мен терминдер глоссарийің құру

10

Сабақ кестесіне сәйкес

7

Жіңішке органикалық синтез өндірісінің маңызы және ҚР мемлекетінің химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны

15

Сабақ кестесіне сәйкес

Оқытушымен студенттің өздік жұмысы

1

5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы кәсіби қызметінің мазмұны

4


Сабақ кестесіне сәйкес

2

Білім беру кредит жүйесінде СӨЖ және ОСӨЖ ұйымдастыру

4

Сабақ кестесіне сәйкес

3

Мамандықтың типтік оқу жоспары

4




4

Алхимия араб әлемінде, Батыс Еуропада

4

Сабақ кестесіне сәйкес

5

Химиялық технологияның қысқаша тарихы

4

Сабақ кестесіне сәйкес

6

Органикалық синтездің маңызы. Қазақстанда органикалық заттарды шығаратын кәсіпорындар

5

Сабақ кестесіне сәйкес

7

Жіңішке органикалық синтез технологиясы дамуының қысқаша тарихы

5

Сабақ кестесіне сәйкес

7

Межелік бақылау 1- 1-7 апта дәріс материалдары бойынша кешендік тестілеу

60 б.

Сабақ кестесіне сәйкес

1 апта мен 7 апта аралығында оқу нәтижелері бойынша балдардың барлығы

30+270




8-15

Аудиториялық сабақтарына қатысу және даярлық

30

Оқытушы электрондық журналда оқушының тек сабаққа қатыспау фактісін көрсетеді

Практикалық жұмыстарды орындау (есеп, қорғау)

8

Негізгі органикалық синтез. Негізгі органикалық синтездің негізгі өнімдері. Нефтехимиялық өндіріс

13

Практикалық сабақта

9

Негізгі органикалық синтез. Негізгі органикалық синтездің негізгі өнімдері. Коксохимиялық өндіріс

13

Практикалық сабақта

10

Негізгі органикалық синтездің жартылай өнім түрлері

13

Практикалық сабақта

11

Негізгі органикалық синтездің соңғы өнім түрлері

13

Практикалық сабақта

12

Химиялық өндірісінің шикі заты

13

Практикалық сабақта

13

Химиялық өндірісте қолданатын энергия түрлері және көздері

13

Практикалық сабақта

14

Химиялық өндіріс аппараттарының шығымын күшейту

13

Практикалық сабақта

15

Қазақстан Республикасы органикалық заттарды шығару кәсіпорындары

14

Практикалық сабақта

Студенттің өздік жұмысы

8

Негізгі органикалық синтез өндірісінің маңызы және ҚР мемлекетінің химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны

9


Сабақ кестесіне сәйкес

9

Коксохимиялық өндірісінің маңызы және көлемі, ҚР мемлекетінің химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны

9

Сабақ кестесіне сәйкес

10

Негізгі органикалық синтездің жартылай өнім түрлері, өндіріс маңызы және көлемі, ҚР мемлекетінің химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны

9

Сабақ кестесіне сәйкес

11

Негізгі органикалық синтездің соңғы өнім түрлерін шығару өндірісінің маңызы және көлемі, ҚР мемлекетінің химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны

9

Сабақ кестесіне сәйкес

12

«Химиялық өндіріс шикі заты» тақырыбының негізгі түсініктері мен терминдері глоссарийің құру

9

Сабақ кестесіне сәйкес

13

«Химиялық өндірісте қолданатын энергия түрлері және көздері» тақырыбының негізгі түсініктері мен терминдері глоссарийің құру

10

Сабақ кестесіне сәйкес

14

«Химиялық өндіріс шығымын күшейту. Катализ» тақырыбының негізгі түсініктері мен терминдері глоссарийің құру

10

Сабақ кестесіне сәйкес

15

Қазақстан Республикасы органикалық заттарды шығару кәсіпорындарының сипаттамасы

10

Сабақ кестесіне сәйкес

Оқытушымен студенттің өздік жұмысы

8

Негізгі органикалық синтез өндірісі технологиясының дамуының қысқаша тарихы

4


Сабақ кестесіне сәйкес

9

Коксохимиялық өндірісітехнологиясының дамуының қысқаша тарихы

4

Сабақ кестесіне сәйкес

10

Негізгі органикалық синтездің жартылай өнім түрлерін ашу және алу тарихы

4


Сабақ кестесіне сәйкес

11

Негізгі органикалық синтез технологиясының дамуының қысқаша тарихы

4


Сабақ кестесіне сәйкес

12

Органикалық заттар өндірісінде шикі заттар, қосымша заттар, реагенттер, отын, су шығым нормаларының есебі

4

Сабақ кестесіне сәйкес

13

Химиялық өндірісте материалдық және жылу ағымдарының есебі

4

Сабақ кестесіне сәйкес

14

Гомогендік және гетерогендік катализдың салыстырмалы сипаты

3

Сабақ кестесіне сәйкес

15

Өндіріс практикаларын ұйымдастыру және жүргізу

3

Сабақ кестесіне сәйкес

15

Межелік бақылау 1- 8-15 апта дәріс материалдары бойынша кешендік тестілеу

60 б.

Сабақ кестесіне сәйкес

8 апта мен 15 апта аралығында оқу нәтижелері бойынша балдардың барлығы

30+270




Емтихан балдарының барлығы

400




Академиялық мерзімде балдардың барлығы

1000



Студенттердің білім бағалау шкаласы:




Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

Проценттік мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

-«-
В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3.00

80-84

75-79


-«-

В-

2,67

-«-

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,00

65-69

-«-

С-

1,67

60-64

-«-

Д+

1,33

55-59

-«-

Д

1,00

50-54

-«-

Ғ

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз




  1. ӘДЕБИЕТ

    1. Негізгі әдебиет

7.1.1 Касымова Ж.С. Введение в специальность для студентов специальности 5В072000 – Химическая технология неорганических веществ / учебное пособие – Семей, 2013. – 239 б.

7.1.2 Смит В. Органический синтез: наука и искусство / В. Смит, А. Бочков – М.: Мир, 2001. – 573 с.

7.1.3 Аблесимов Н.Е. Синопсис химии: Справочно-учебное пособие по общей химии – Хабаровск: Изд-во ДВГУПС, 2005. – 84 с.

7.1.4 Химия и жизнь - XXI век. – 2009. – № 5. – С. 49-52.

7.1.5 Интернет ресурсы.

7.2 Қосымша әдебиет


7.2.1 Крылов О.В. Гетерогенный катализ. Учебное пособие для вузов. М.: ИКЦ «Академкнига»», 2004.-679 б.: ил. ISBN 5-94628-141-0.

7.2.2 Бенедек П., Ласло А., Научные основы химической технологии, Л., 1970.

7.2.3 Лебедев Н.Н., Химия и технология основного органического и нефтехимического синтеза, М., 1971.

7.2.4 Хайлов В.С., Брандт Б.Б., Введение в технологию основного органического синтеза, Л., 1969.

7.2.5 Юкельсон И.И., Технология основного органического синтеза, М., 1968.

7.2.6 Об утверждении Программы по развитию химической промышленности Республики Казахстан на 2010 – 2014 годы. Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 2010 года № 1001. [Электрон. Ресурс].- 2010. – URL: http://city.tomsk.net/~amiak/htm (қатысу мерзімі: 12.11.2012).



7.2.7 Краткий справочник физико-химических величин/С.-П.: «Иван Федоров», 2003.
: ebook -> umkd
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Саясаттанумамандығына арналған «КӘсіби қазақ тілі» пәнінің
umkd -> ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> Доцент Ж. Ш.Әбіш Іскерлік әлемі. Экономикалық терминология негіздері. Сөздің дәлдігі. Тақырыптың тірек сөздері
umkd -> Анкета көмегімен жаппай мәлімет жинау әдісі
umkd -> «ветеринариялық санитариядағЫ Ғылыми зерттеу негіздері»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...