БАҒдарламасы бағдарламаға жауапты: Кафедра меңгерушісі Абралиев О. А. Алматы, 2014 Қаржы пәннің мазмұны

Loading...


жүктеу 0.65 Mb.
бет1/2
Дата09.09.2017
өлшемі0.65 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


БЕКІТЕМІН

«Экономика және құқық» факультетінің деканы

_______________ Р.Еркимбекулы

«___» ________ 2014 ж.
6М050900 – «ҚАРЖЫ»

мамандығы бойынша магистратураға қабылдауға арналған емтихан
БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарламаға жауапты: Кафедра меңгерушісі ______________ Абралиев О.А.



АЛМАТЫ, 2014

ҚАРЖЫ
Пәннің мазмұны:

1-Тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары және рөлі

Құндық экономикалық категория ретіндегі қаржы ұғымы.Ақша және қаржы. Объективтік және субъективтік себептермен анықталатын қаржының қажеттігі. Қаржының табиғаты. Тауар-ақшалай қатынастар және қаржы. Ұдайыөндірістік шарттар жүйесінде ұлттық өндіріс көлемдерін өлшеу. ІЖӨ және ЖҰӨ.

Қаржылық қатынастардың қатысушылары. Қаржы құрамы, оның іс-әрекет сферасы. Қаржының айрықшалықты белгілері, тауар-ақшалай қатынастар жүйесіндегі олардың іс-әрекет шекаралары. Рынок жағдайында жаңа қаржылық қатынастардың дамуы.

Қаржының функциялары. Қоғамдық ұдайы өндірістегі экономикалық категорияның функциялары мен рөлін шектеу. Қаржының функцияларына экономистер көзқарастарының эволюциясы. Қаржының бөлгіштік және ұдайыөндірістік тұжырымдамалары.

Қаржының басқа экономикалық категориялармен (ақшалай бағамен, еңбекақымен, кредитпен) өз ара байланысы қаржылық ресурстар мен қорлар қаржылық қатынастардың материалдық-заттай алып жүрушілері ретінде.

2-Тақырып. Қаржы жүйесін ұйымдастыру

Қаржыға қатынасты «жүйе» ұғымы. Категорияның жұмыс істеу сипатына сапалық тәсілдемелерді бейнелеп көрсететін қаржы жүйесінің элементтері. Қаржы жүйесі сыныптамасының белгілері. Қаржылық қатынастар объектілерінің жиынтық түрде айқындайтын қаржы жүйесінің бөліктері мен буындары. Функциялық белгі бойынша қаржы жүйесінің құрылымы. Қаржы жүйесінің сызбасы. «Кең» және «тар» түсініктегі қаржы жүйесі. Жиынтық ақшалай- қаржы жүйесі ұғымы.

Қаржы жүйесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары. Қаржының тұтастық қабылдамасындағы бұл қағидаттардың рөлі мен маңызы.

Қаржы жүйесін жетілдіру бағыттары. Рыноктық тұрпаттағы экономиканы құрудағы қаржы жүйесінің рөлі. Қаржы жүйесінің құрылымына рыноктық жаңғыртудың әсері.


3-Тақырып. Қаржылық саясат және қаржылық механизм

Қаржылық саясат ұғымы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы оның орны.

Қаржы саясатының міндеттері, мақсаттары және қағидаттары. Қаржылық стратегия мен қаржылық тактика. Қазақстан Республикасы қаржылық саясатының кезеңдері. Фискалдық саясат.

Экономикалық механизм жүйесіндегі қаржылық механизм, оның мазмұны мен құрылымы. Қаржылық механизміге қойылатын талаптар. Қаржылық механизмінің динамизмі.

Қаржылық саясат пен қаржылық механизмнің ұдайы өндіріске әсері. Қаржылық механизмнің рынок жағдайларындағы іс-әрекеті.

Қаржыны басқару туралы ұғым. Басқару элементтері, қағидаттары. Қаржыны басқаруды жетілдірудің қажеттігі.

Қаржылық аппарат, оның құрылымы. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқарудың қаржылық аппараты. Қаржылық менеджмент ұғымы.

Қаржылық қызмет пен қаржылық есеп-қисаптарды басқарудың автоматтандырылған жүйесі.

Қаржылық жоспарлаудың мазмұны, оның ерекшеліктері және әлеуметтік- экономикалық жоспарлаумен байланысы. Қаржылық болжаудың дамуы.

Қаржылық жоспарлауының қағидаттары, әдістері, кезеңдері.

Қаржы жоспарлаудың жүйесі. Аумақтық қаржылық жоспарлау.

Шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінің қаржылық көрсеткіштері.

Рыноктық ортада қаржылық жоспарлау мен болжауды жетілдірудің негізгі бағыттары.Нәтижеге бағдарланған қаржылық жоспарлау.

Қаржылық қатынастарды құқықтық реттеу. Қаржылық құқық және оның құрамды бөліктері.Қаржы-құқықтық нормалар, олардың түрлері.Қаржылық құқықтық қатынастар және экономикаға қаржы-құқықтық ықпал ету механизмі.

Қаржы-құқықтық реттеудің әдістері. Мемлекеттің қаржылық қызметі,оны жүзеге асыру әдістері.

Қаржы құқықтық актілер, олардың түрлері. Әлеуметтік –экономикалық реформалар үдерісінде шаруашылық қызметті құқықтық реттеудегі өзгерістер.

Қаржылық бақылау ұғымы, оның объективті шарттастығы, жүргізудің алғышарттары. Қаржылық бақылаудың қағидаттары мен міндеттері. Рыноктық экономикада қаржылық бақылау.

Қаржылық бақылаудың сыныптамасы.

Аудит, оның ерекшеліктері,міндеттері, ұйымдастырылуы, тиімділігі.

Қаржылық бақылаудың органдары, олардың құқықтары мен міндеттіліктері. Бақылаудың жоғарғы органдары. Қаржы органдары мен салық службаларының бақылауы. Ведомствалық қаржылық бақылау.


4-Тақырып. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы

Қаржы жүйесінің жетекші буыны ретіндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, ұдайы өндірістік үдерістегі олардың рөлі, әлеуметтік-экономикалық мәні.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының функциялары мен негізгі белгілері.

Бастапқы шаруашылық буынның қаржылық қатынастарын топтастыру.

Әр түрлі белгілер бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы. Экономикалық қызметтің әр түрлі сфераларының ерекшеліктері және қаржыға олардың әсері. Материалдық өндіріс сферасы мен өндірістік емес сфера қаржылары.

Меншіктің түрлі нысандарының шаруашылық органдары қызметінің ұйымдық-құқықтық аспектілері. Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет, шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысын ұйымдастыруға оның әсер етуі.

Меншікті жаңғыртудың қаржылық аспектілері: мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру, құрылымды өзгерту.

Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржысы. Ұлттық компаниялар мен холдингтердің қаржысы. Мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік. Өндірістік ұйымдастырудың кластерлік нысаны және оның қаржыларды бейнелеуі.

Коммерциялық негізде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысын ұйымдастырудың қағидаттары. Коммерциялық (шаруашылық) есеп.

Коммерциялық шаруашылық субъектілердің қаржылық ресурстары, оларды қалыптастыру мен пайдаланудың негіздері.

Өндірістік қорлардың (капиталдардың) толық айналымындағы қаржының рөлі. Өндірістік капиталды жасаудың және оның өсімін қаржыландырудың көздері.

Өнімді өткізуден және қызметтер көрсетуден алынған табыс.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығындары. Жиынтық пайда, жиындық пайда (зиян), оны бөлу. Компаниялардағы, фирмалардағы қаржылық менеджменті, оны жүзеге асырудың шарттары.

Коммерциялық емес қызметтің сипаттамасы, оның түрлері. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қызметінің материалдық негізі.

Коммерциялық емес сферада шаруашылық жүргізудің әдістері.

Ұйымдар мен мекемелерді қаржыландырудың көздері.

Қызмет түрімен анықталатын шығыстар құрылымындағы айырмашылықтар. Мекемені қаржыландырудың жеке-дара жоспарларындағы (сметаларындағы) шығыстардың экономикалық сыныптамасы.

Қазіргі жағдайларда қызметтің коммерциялық емес сферасын қаржыландырудың қағидаттары.


5-Тақырып. Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы. Мемлекеттің табыстары мен шығыстары

Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметі. Рыноктың жетілдірілмегендігі және ресурстарды қайта бөлу. Жанама нәтижелер: шығындар мен пайдалар, оларды реттеу. Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер, олардың ерекшеліктері. Қоғамдық тауарладың, игіліктердің және қызметтердің өндірісі ауықымын анықтаудың ерекшеліктері.

Мемлекет қаржысының ұғымы, қаржылық қатынастардың жүйесіндегі оның орны мен рөлі. Рыноктық шаруашылықтағы мемлекет қаржысы.

Мемлекет қаржысының құрамы, олардың буындарының қысқаша сипаттамасы. Мемлекет қаржысының функциялық мазмұнының ерекшеліктері, олардың сыныптамалық белгілері, қаржы жүйесі құрылымында бейнеленуі.

Мемлекет табыстарының ұғымы. Табыстардың диалектикасы. Бастапқы және түпкілікті мемлекеттік табыстар.

Мемлекет табыстарының құрамы мен құрылымы. Мемлекет табыстарының сыныптамасы. Мемлекет табыстарының көлемі мен құрылымына экономикалық, саяси факторлардың әсері. Таза табыс, оны өсіру факторлары.

Мемлекет шығыстарының ұғымы. Мемлекет шығыстарының, мемлекет табыстарының және қаржылық ресурстардың ара қатынасы.

Мемлекет шығыстарының жүйесі, оларды ұйымдастырудың қағидаттары. Рынок жағдайларында мемлекеттің шығыстары саясатының өзгеруі. Мемлекет шығыстарының құрамы мен құрылымы.

Мемлекет шығыстарының сыныптамасы. Экономиканы қаржыландыру. Экономикаға жұмсалатын шығыстардың негізгі түрлерінің сипаттамасы. Қаржылық резервтер және экономиканың балансты дамуы үшін олардың маңызы.

Ғылыми техникалық прогресті қаржыландыру.

Әлеуметтікмәдени шараларға жұмсалатын шығыстар. Білім беруге, денсаулық сақтауға, мәдениетке, жалпы ақпарат құралдарына, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығыстар.

Басқару мен қорғанысқа жұмсалатын шығыстары.


6 -Тақырып. Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру

Салықтар үғымы, олардың мәні. Салықтардың функциялары. Мемлекеттің дамуымен және тауар - ақшалай қатынастардың жетілдіруімен байланысты салықтардың және олардың функцияларының эволюциясы. Салық салудың және салықтарды ұтымды ұйымдастырудың қағидаттары.

Салық жүйесі, рыноктық экономика жағдайларында оны құруға қойылатын негізгі талаптар. Қазақстанның салық жүйесі.

Әр түрлі белгілері бойынша салықтардың сыныптамасы. Қазақстан Республикасы салықтардың түрлері. Салықтық кодекс.

Салықты ұйымдастырудың және алудың негізі ретіндегі салық элементтері.

Жанама салықтар, оларды алуды ұйымдастыру. Қосылған құн салығының рөлі. Акциздер, олардың фискалдық және реттеуші рөлі.

Тура салықтар олардың рөлі және оларды ұйымдастыру. Тура салықтардың негізгі түрі ретіндегі корпоративтік табыс салығы. Жеке табыс салығы, халықтың табыстарын реттеудегі оның рөлі.

Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланудағы және жұмсаудағы олардың маңызы.

Меншікке салынатын салықтар: жер салығы, мүлік салығы, көлік құралдарың салығы, олардың арналымы және жергілікті бюджеттерді қалыптастырудағы рөлі. Құмар ойын бизнес салығы.

Арнаулы салық режімдері.

Алымдар, баждар және ақылар бюджеттердің кірістерінің рөлі.

Салықтарды аударып салу және салықтан жалтарыну проблемалары. Салық ауыртпалығын бөлудің проблемалары.

Салықтық түсімдерді қамтамасыз ету жөніндегі салық службасының жұмысы. Салықтық әкімшілік ету. Салықтық санкциялар.

7-Тақырып. Мемлекеттік бюджет

Мемлекеттік бюдеттің мәні, оның айрықшалықты белгілері. Мемлекеттік бюджет қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде, оның функциялары.

Бюджеттік қатынастардың материалдық-заттай іске асуы.

Ұдайыөндірістік үдерістердегі және қоғамның әлеуметтік дамуындағы бюджеттік қатынастардың рөлі мен маңызы.

Мемлкеттік бюджеттің құрылымы.

Мемлекеттік бюджеттің кірістері, олардың құрамы мен құрылымы. Салықтар бюджет кірістерінің негізгі түрі ретінде. Әлеуметтік - рыноктың экономикадағы мемлекеттік бюджет кірістерінің өсу шарттары.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары, олардың құрамы мен құрылымы. Рыноктық тұрпаттағы экономикадағы бюджет шығыстарының ерекшеліктері. Бюджеттік кредиттер.

Бюджеттік сыпыптама.

Бюджет балансы. Бюджет орнықтылығы мен теңгерімділігінің проболемалары. Бюджет тапшылығының экономикалық және әлеуметтік салдарлары.

Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексі.

Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы. Бюджет жүйесін құрудың қағидаттары. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамы. Шоғырландырылған бюджет, республикалық бюджет, жергілікті бюджеттер жүйесінің құжаттары.

Бюджетаралық қатынастар.

Бюджеттік үдеріс, оның кезеңдері. Бюджеттік жоспарлау. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі.

Бюджеттердің атқарылуы. Мемлекеттік, аумақтық және салалық бағдарламаларды, мемлекеттік органдарды дамытудың стратегиялық жоспарларын қаржыландыру. Бюджет жүйесінің буындары арасында кірістермен шығыстарды бөлу. Бюджеттің атқарылуы туралы есеп.

Жергілікті қаржылардың мәні, қаржы жүйесінің құрамындағы олардың орны. Өңірлердің әлеуметтік экономикалық дамудағы жергілікті қаржыларың маңызы. Қаржылық саясатты жүргізудегі басқарудың жергілікті органдары дербестігінің проблемалары.

Жергілікті бюджеттердің кірістері, әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық құрылымды дамытудағы олардың рөлі.

Арнаулы экономикалық аймақтардың (АЭА) және технопарктердің қаржысын ұйымдастыру, әлеуметтік-экономикалық дамуындағы олардың рөлі. Басқарудың жергілікті органдары мен жекеше бизнесті ұйымдастырудың нысаны ретіндегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар.
8-Тақырып. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар

Мемлекеттік бдюджеттен тыс қорлардың қажеттігі мен мәні. Қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамыуындағы бюджеттен тыс қорлардың рөлі. Бюджеттен тыс қорлардың сыныптамасы. Басқарудың жергілікті органдарының бюджеттен тыс қорлары.

Қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың проблемалары. Дағдарыстық даму кезеңіндегі Қазақстандағы бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуіндегі қайшылықтар.

Әлеуметтік бюжеттен тыс қорлар. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі.

Әлеуметтік сақтандыру қоры оны қалыптастыру мен пайдаланудың ерекшеліктері.

Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары.

Қазақстанның үдемелі индустриялық - инновациялық дамуының стратегиясын іске асырудың қаржылық көзі ретінде инвестициялық қор.

Әл-ауқат ұлттық қоры. Қазақстанның индустриялық – инновациялық дамуының жаңа стратегиясы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, оның елдің экономикасы мен қаржы жүйесін тұрақты дамуындағы рөлі.

Кәсіпкерлікті дамыту қоры.


9-Тақырып. Мемлекеттік кредит және мемлекеттік борыш

Мемлекеттік кредиттің мәні мен маңызы. Мемлекеттік кредиттің функциялары. Кредиттік әдістермен халықтың шаруашылық органдардың қаражаттарын жұмылдырудың ауқымына әсер етуші факторлар. Ақша айналысының жай-күйіне мемлекеттік кредиттің әсері.

Мемлекеттік кредиттің түрлері нысандары және әдістері.

Қарыздар, оның сыныптамасы және мемлекеттің қажеттіліктерін қаржыландыру тиімділігі. Мемлекеттік бағалы қағаздар, олардың түрлері және сиппаттамасы. Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы, қаржы рыногында оларды орналастыру проблемалары. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алулары.

Халықаралық мемлекеттік кредит оның нысандары. Мемлекеттік борыш ұғымы оның түрлері. Мемлекеттік борышты басқару. Сыртқы мемлекеттік борыш. Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышы құрылымының ерекшеліктері. Мемлекеттік берешектер параметрлерін заңнамалық реттеу. Экономикалық және саяси аспектілердегі берешек проблемалары.

2008 жылғы сыртқы кредиттеудің дағдарысы және оның салдарлары.


10-Тақырып. Үй шаруашылықтарының қаржысы

Үй шаруашылықтары экономикалық қызметінің субъектілері ретінде. Ұдайыөндірістік үдерістегі экономикалық ресурстардың толық айналымын қамтамасыз етудегі үй шаруашылықтардың рөлі. Өндіріс факторлардың рыногы және оған үй шаруашылықтарының қатысуы. Үй шаруашылықтары қаржысының мәні, олардың функцияларының мазмұны.

Үй шаруашылықтарының қаржылық ресурстарының ұғымы,олардың құрамы мен құрылымы.

Үй шаруашылықтарының бюджеті.Кірістердің қалыптасуы. Ақшалай қорлар: дара,бірлескен қорлар.

Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың сыныптамасы. Үй шаруашылықтарының жалпы табысы. Үй шаруашылығының тұрақты және ауыспалы табыстары.Үй шаруашылықтарының табыстарын қалыптастыруда еңбекке ақы төлеудің рөлі.

Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, оның түрлері. Кәсіпкерлік қызметтен түскен табысты бөлу. Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу. Ең төменгі күнкөріс деңгейі және тұтыну себетінің құны, оны анықтаудың амалдары. Қазақстандағы төменгі күнкөріс деңгейі мен тұтыну себеті көрсеткіштерінің динамикасы. Кедейшілік, кедейшілік индикаторлары, зейнетақымен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің реформасы. Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер. Зейнетақымен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің реформасы. Мемлекеттік жәрдемақылар.

Халықтың әлеуметтік топтарының табыстарын салықтық - бюджеттік реттеу. Лоренцтің қисық сызығы.

Үй шаруашылықтарының шығыстары, олардың сыныптамасы және құрылымы. Ақшалай шығыстар. Түпкілікті тұтыну мен қорланымға жұмсалатын үй шаруашылықтарының шығыстары.


11-Тақырып. Сақтандыру

Сақтандырудың экономикалық мәні, оның іс-әрекет сферасы. Сақтандыру мен қаржы категорияларының ортақ белгілері.

Сақтандыру қатынастарын мақсатты нысаналылығы бойынша топтастыру, олардың сипаттамасы.

Сақтық қорлары, оларды жасаудың әдістері және пайдалану бағыттары. Рыноктық экономика жағдайларында сақтық қатынастарының дамуы. Сақтық ісін коммерцияландыру.

Әлеуметтік сақтандырудың мәні және обьективті қажеттігі. Халықты әлеуметтік қорғау. Әлеуметтік сақтандыру сферасындағы мемлекетік саясаты. Әлеуметтік сақтандыру туралы заңнама. Міндетті мемлекеттік және ерікті әлеуметтік сақтандыру.

Әлеуметтік сақтандыру қорлары, оларды қалыптастыру қағидаттары, өзара байланысы, қалыптастыру мен пайдалану проблемалары.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары.

Рыноктық экономикадағы әлеуметтік кепілдіктердің мәселелері.

Жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандырудың ерекшеліктері, оның экономикалық мәні және функциялары. Жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандырудың сыныптамасы.

Сақтық ісі: негізгі ұғымдар мен терминдер. Жалпы сақтандырумен өмірді салықтандыруды басқаруды ұйымдастыру

Сақтық қадағалау. Қазақстандағы сақтық рыногының дамуы.
12-Тақырып. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу ұғымы, оның қажеттігі.

Қаржылық реттеудің алғышарттары мен шарттары. Ұдайы өндіріске тура және жанама ықпал ету.

Экономиканы қаржылық реттеудің сыныптамасы. Микроэкономикалық тепе-теңдік және оны қамтамасыз етудегі қаржының рөлі. Шығыстардың, салықтардың, баланстандырылған бюджеттің мультипликаторы.

Мына теориялардағы фискальдық саясаттың нұсқалары: «мемлекеттік қызметтер», «мемлекет шығыстарының таза теориясы» классикалық және кеинстік модельдер, «неоклассикалық синтез», монетаризм тұжырымдамасындағы, «ұсыным экономикасы» теориясындағы неолибералдық бағыт; институционализм және неинституционализм, орнықты даму теориясы.

Рыноктық тепе-теңдігіне салықтардың әсері. Лаффердің қисық сызығы.

Капиталды инвестициялау үдерісіне салықтардың әсері.

Дағдарыстық сезінімнің (2007-2009жж) және экономика мен қаржыларды постдағдарыстық реттеудің (2010-2011жж) ерекшеліктері.


13-Тақырып. Қаржы рыногы

Қаржы рыногы ақшалай-қаржылық қатынастардың айрықша сферасы ретінде. Қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен бөлудегі қаржы рыногының рөлі. Қаржы рыногының жұмыс істеуінің алғышарттары мен шарттары. Қаржы рыногы және 2007-2009жж ғаламдық экономикалық дағдарыс.

Бағалы қағаздар рыногы. Бағалы қағаздардың түрлері, олардың қысқаша сипаттамасы бағалы қағаздардың бастапқы және қайталама рыноктары қаржы рыгының құралдары. Қор рыногы. Бағалы қағаздарды шығару және олардың айналысы. Корпоративтік бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздар.

Қаржы рыногының инфрақұрылымы. Қаржы рыногының қатысушылары. Инвестициялық институттар және қорлар. Инвестициялық жекешелендіру қорлары.

Меншіктің акционерлік нысанын ұйымдастыру қаржы рыногының жұмыс істеуінің негізі.

Қор биржасы, оның қызметін ұйымдастыру. Қор рыногының индикаторлары.

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы, Исламдық қаржыландыру
14-Тақырып. Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы

Сыртқы экономикалық қызметтің түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы.

Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің ерекешеліктері және оның даму перспективалары. Республиканың халықаралық қорларға қатысуы. Шетелдік капиталды тарту проблемалары.

Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері. Тура және жанама әдістер. Валюта бағамы. Салықтық және кедендік реттеу. Мемлекеттің, билік пен басқарудың жергілікті органдарының, шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюталық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану.

Елдің төлем балансы. Қазақстан төлем балансының құрылымы, оның ерекшеліктері және динамикасы.
15-Тақырып. Қаржы және инфляция

Инфляция әрекетінің факторлары. Инфляция мен қаржының өзара байланысы және өзара іс-әрекеті. Инфляцияны өлшеу. Инфляцияның түрлері мен тұрпаттары. Сұраным (тұтынушылар) инфляциясының және ұсыным (өндірушілер) инфляциясының ерекшеліктері.

Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары. Ақшалай табыстар мен жинақақшалардың құнсыздануы. Табыстар мен байлықты қайта бөлу. Ақшалай қаражаттарды заттандыру. Инвестициялық қызметтің төмендеуі. Халықтың және кәсіпорындардың ақшалай қаражаттарын бүркелмелі тәркілеу. Экономика басқарымдылығының нашарлауы, инфляция және жұмыссыздық. Қазақстандағы инфляцияның ерекшеліктері.

Бейімделу саясатының шаралары. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты. Ақшалай-кредиттік шаралар. Баға мен еңбекке ақы төлеуді реттеу. Сыртқы экономикалық қызмет сферасындағы салықтық және бюджеттік саясат. Инфляциялық таргеттеу.


Негізгі және қосымша әдебиеттер:

Нормативтік актілер

  1. 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

  2. 2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы және ерекше бөліктері)

  3. 3. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы

  4. 4. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі

  5. 5. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жылсайынғы Жолдауы

  6. 6. 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық – инновациялық даму стратегиясы.

  7. 7. Республикалық бюджет туралы (тиісті жылға арналған)

  8. Салықтар және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салықтық кодекс) Қазақстан Республикасы кодексі

  9. 8. Қазақстан республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы үдемелі

9.Шаруашылық серіктестіктері туралы

10.Акционерлік қоғамдар туралы

11.Бағалы қағаздар рыногы туралы

12.Инвестициялық қорлар туралы

13. Қазақстанның инвестициялық қоры туралы

14. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы

15. Жекеше кәсіпкерлік туралы

16. Мемлекеттік кәсіпорын туралы

17. Өндірістік кооператив туралы

18. Коммерциялық емес ұйымдар туралы

19. Арнаулы экономикалық аймақтар туралы

20. Банкроттық туралы

21. Аудиторлық қызмет туралы

22. Ең төменгі күнкөріс деңгейі туралы

23. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы

24. Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы

25. Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек туралы

26. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы туралы

27. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы

28. Білім туралы

29. Ғылым туралы

30. Сақтық қызметі туралы

31. Валюталық реттеу туралы

32. Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы

33. Қазақстан Республикасының Кедендік кодексі

34. Кедендік одақтық кедендік кодексі

35. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы қағида

36.2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының министрлігінің стратегиялық жоспары.


Негізгі әдебиеттер

  1. 1. Мельников В.Д. Основы финансов. Учебник для вузов. – Алматы: Издательство «Экономика», 2011

  2. 2. Құлпыбаев С.К., Мельников В. Д. Каржы негіздері. Учебник для вузов. – Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2009

  3. 3. Финансы. Учебник для вузов. Под ред. М. В. Романовского и др. – М.: Перспектива, «Юнити», 2005

  4. 4. Финансы. Под ред. А. Г. Грязновой, Е. В. Маркиной. – М.: Финансы и статистика, 2008

  5. 5. Финансы. Учебник для вузов / Под ред. Г.Б. Поляка. – 2-е изд.– М.: ЮНИТИ – ДАНА, 2004

  6. 6. Брайчева Т. В. Государственные финансы. Учебное пособие. – СПб: Питер, 2001

  7. 7. Лихачева Н. О., Щуров С. А. Долгосрочная и краткосрочная финансовая политика предприятия. Учебное пособие. – М.: Вузовский учебник, 2008

8. Вавилов Ю. Я. Государственный кредит. Учебн. пособие для вузов. – М.: Финансы и статистика, 2004

9. Рудый К. В. Международные валютные, кредитные и финансовые отношения. Учеб. пособие. – М.: Новое знание, 2007



  1. 10. Шуляк П. Н. Финансы предприятия. Учебник. – М.: Изд. дом «Дашков и К», 2000

  2. 11. Большаков С. В. Финансовая политика государства и предприятия. Курс лекций. – М.: Книжный мир, 2002

12. Утибаев Б. С., Жунусова Р. М., Саткалиева В. А. Государственный бюджет: Учебник / Под общ. Ред. Б. С. Утибаева – Алматы: Экономика, 2006

13. Щегорцов В. А., Таран В. А. Мировая экономика. Мировая финансовая система. Международный финансовый контроль. Учебник. – М.: ЮНИТИ – ДАНА,2005




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...