Бағдарламасы Астана, 2010 ж. Мазмұны



жүктеу 0.73 Mb.
бет1/5
Дата15.05.2017
өлшемі0.73 Mb.
  1   2   3   4   5


Жоба

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың

2011-2020 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы

Астана, 2010 ж.
Мазмұны







































































































I. Төлқұжат (негізгі параметрлері)



















































































Педагогтардың орташа жалақы деңгейі экономикадағы орташа жалақы деңгейіне жетеді




Ваучерлік қаржыландыру принципі бойынша педагогтардың 70%-ы біліктілік арттырудан өтеді




Білім беру ұйымдарының 90%-ында Қамқоршылық кеңестері құрылады




Орта білім беру ұйымдарының 90%-ы электрондық оқыту жүйесі қолданылады




100 % балалар ұйымдастырылған мектепке дейін қамтумен қамтамасыз етіледі




2020 жылы 12 жылдық мектепке толық көшу іске асырылады










Тәуелсіз тестілеу нәтижелері бойынша жоғары оқу орындарына түсу үшін шектік деңгейден өте алмаған түлектер санының үлесі 22,2 %-дан 10 %-ға кемиді




100 % мектептерде «Өзін өзі тану» тұлғаның адамгершілік-рухани даму бағдарламасы іске асырылады










Жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті тәуелсіз бағалаудан алғашқы реттен өткен техникалық және кәсіптік білім беру түлектерінің үлесі - 80% болады




Жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті тәуелсіз бағалаудан алғашқы реттен өткен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру түлектерінің үлесі - 60% болады




Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бір жыл жыл ішінде жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі 80 %-ға дейін жетеді




Білім беру ұйымдарына бірыңғай электронды оқыту жүйесін енгізіледі








ІІ. Кіріспе
Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейінгі адам капиталына, оның ішінде, білім беруге бөлінген инвестицияның қоғам мен экономикаға елеулі әсер ететінін көрсетіп отыр.

Бай минералды ресурстар, қолайлы жағдайлар, нарықтық қарым-қатынастарды дамыту және мұнай экспортынан түскен жоғары табыстар нәтижесінде Қазақстан экономиканың жоғары қарқынмен өсуін сақтап қалды. Минералды ресурстарды игеру бүгінгі күнге дейін орасан зор мүмкіндікті және орта- және ұзақ мерзімді кезеңде қолайлы өсу перспективасын сақтауды қамтамасыз етіп отыр.

Алайда, үнемі өзгеріп отырған экономикалық жағдайлар ұлттың ұзақ мерзімді экономикалық дамуын қамтамасыз ете аламайды. 2020 жылдан бастап мұнайды өндірудің физикалық көлемі өсуді тоқтатады немесе тіпті төмендейді. Экономиканы көтеру шикізаттық емес өндірісті өсіру негізінде қамтамасыз етілетін болады.

Экономикалық гүлденудің ұзақ мерзімді негізі және өмір сүру деңгейінің ең негізгі көрсеткіші өндірістің тұрақты дамуы болып табылады. Ол экономика белгілі деңгейінде пайдаланылатын ресурстарды бар ресурстарды интенсивтірек, тиімдірек немесе шығармашылықпен қолдану есебінен көбірек өндіргенде жүзеге асады. Өндіріс өсуінің негізгі бөлігінің бірі адам капиталына бөлінген инвестицияның сапасы мен деңгейі болып табылады.

Адам капиталына инвестиция бөлу тез өзгеретін әлемге бейімделе алатын техникалық дамушы, өндіруші жұмыс күшін қалыптастыру үшін өте қажет. Болашақтың табысты экономикасы адам капиталы мен барлық сектордағы дәстүрлі ерекшеліктерді қоса алғандар бола алады. Сондықтан жұртшылықтың білім, білік және дағдыларына қаржыландыру Қазақстанды дамытудың негізгі бағыты болып табылады. Бүгінде білім беруді жай ғана әлеуметтік қажеттілікке жұмсалатын шығыс емес экономикалық инвестиция деп түсіну қажет.

Білім беру мен экономикалық дамуды байланыстырушы көптеген дәлелдер бар:

- макро және микроэкономикадағы халықаралық зерттеулер білім беру, табыс пен өндірушіліктің тығыз байланыста екенін көрсетіп отыр. Оқытудың ерте кезеңіндегі инвестицияның үлкен қайтарымы болатынын көрсететін байланыс бірізді болмайды.

- зерттеулер білімді экономика тұрақтырақ болатынын, білім беруді дамытуға жұмсалған қаржының ол сауаттылық кезеңіндегі фокус болсын немесе оқытудың орташа ұзақтығын жақсарту болсын өте маңызды екенін дәлелдеп отыр. Білім беруді қаржыландырушы мемлекеттердің экономикалық өсу көрсеткіштері де жоғары. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының зерттеулері (бұдан әрі - ЭЫДҰ) еңбекке қабілетті жастағы тұрғындардың орташа білім деңгейін 1 жылға арттырудың экономиканың 3-6%-н және экономика өсу шапшаңдығының 1%-ға артатынын дәлелдеп отыр.

Осыған орай жаңа ұлттық көзқарас ұсынылады: 2020 жылға дейін Қазақстан – білімді мемлекет, ақылды экономика және жоғары білікті жұмыс күші. Білім беруді дамыту мемлекеттің экономикалық гүлденуінің негізі болуы керек.

Қазақстанға білім беруді түбегейлі модернизациялау қажет: ауқымды және тұрақты білім беруді және оның сапасын жақсартуды инвестициялау көлемін арттыру.

Экономикалық табыстармен қатар білім беру басқа да әлеуметтік табыстарды қалыптастырады. Азаматтық қатысудың үлкен үлесін, жоғары әлеуметтік тығыздылық және интеграцияны, төменгі деңгейдегі құқық бұзушылықты қамтитын қоғамның – әлеуметтік капиталдың қалптасуына ықпал етеді. Ең ерте жастағы білім беру әлеуметтік, эмоционалды және басқа да өмірге қажетті біліктердің қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

Білім беру қызметінің барлық спекторының алдағы дамуы пайдасының дәлелді аргументтері осында.

Қазақстандық білім беруді жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан кейін – Бағдарлама) Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық негізі болуы тиіс.

Бағдарлама білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушы негізі ретінде білім берудің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық формаларының және экономикалық-қаржылық механизмдерінің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді құрайтын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен байланыстағы шаралар кешені болып табылады.

Аталған элементтердің әрқайсысының автономды дамуы білім беру жүйесінің мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі кезеңдегі деңгейіне көтерілуіне мүмкіндік бермейді.

Одан басқа, Бағдарлама шараларын жүзеге асыру салааралық мазмұнға ие және бірыңғай білім беру саясатын жүргізуге мүмкіндік беретін, бірыңғай білім беру және ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды, білім беру жүйесінің өңірлік дамуындағы сәйкессіздік мәселелерін қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің барлық субъектілеріне бағытталған.



III. Білім беру жүйесінің ағымдағы жай-күйін талдау
Қазақстан Республикасындағы мемлекет басшылығының адам капиталын дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігін және білім беру жүйесін реформалауды бастау мен жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді прогрессивті дамыту мен модернизациялау мүмкін болып отыр.

Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» Стратегиясының негізгі приоритеттерінің бірі болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Қазақстан Президенті әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда білім беру жүйесін дамыту маңызды роль атқарады.

Жаңа мақсаттарды шешу үшін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Қазақстан балалары» бағдарламасы секілді бірқатар бағдарламалық құжаттар мен нормативті актілер қабылданды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жас дарынды қазақстандықтарға әлемдегі үздік университеттерде білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасы еліміздегі адам капиталының дамуына қосылған елеулі үлес болды.

Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы барлық негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл жоғары білім саласындағы жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясы, Балалар құқығы туралы Конвенция, Халықаралық адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары Декларациясы, Болон және Лиссабон Конвенциялары және басқалар. Джомтьен мен Дакардағы «Баршаға арналған білім» Дүниежүзілік форумының ұсынымдарын қолдау және жүзеге асыру мақсатында Қазақстан «Баршаға арналған білім» атты Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдады.

Қазақстанның 2010 жылы Еуропа Ынтымақтастығы мен Қауіпсіздігі Ұйымына (бұдан әрі - ЕЫҚҰ) басшылық жасауы Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне шығуына мүмкіндік беретін қосымша факт болып табылады. Осылайша біздің республикамыз кеңес үкіметі елдерінің және Азия елдерінің ішінде алғашқы беделді халықаралық ұйымдардың бірін басқаруға ие болған ел болды. Сонымен қатар, бұл – бүгінде біздің мемлекетімізді алдыңғы қатарлы батыс елдерінің толық құқықты әріптес ретінде қабылдауын көрсететін Қазақстанның әлемдік кеңістікке белсенді кірігуінің тағы бір дәлелі.

2020 жылға дейінгі елімізді дамытудың Стратегиялық жоспарының жоғары басымдылығы ретінде адам ресурстарын дамыту болды. Экономикалық пайда болашақта жұмысшы күшінің өнімділігі мен сапасын едәуір көтеретін білім берудегі инвестицияларға байланыста болады. Сондықтан да алдағы онжылдықта білім беру қызметінің сапасын жақсартуға баса назар аударылатын болады.

Ақпарттың, интеллектуалды өнімнің және идеялардың еркін қозғалысы жаһандандырудың бір факторы, сонымен қатар нәтижесі болып табылады. Жалпы тәуелсіздік алған жылдары ескі стереотиптердің шайқалуы мен жаңа демократиялық құндылықтардың және жаңа саяси және құқықтық мәдениеттің қалыптасуына байланысты қазақстандықтардың көпшілік көзқарасы өзгерді. Жас ұрпақ жаңа идеяларға ашық, жаһанша және болашақ санатында ойлайды.

БҰҰДБ мәліметі бойынша Қазақстандағы сауатты тұрғындар 99,6 %-ды құрайды. Қазақстандықтардың білімнің құндылығын түсінуі, білімге, жаңа білуге ұмтылуы, дамуға және шыңдалуға дайындығы маңызды ресурс болып табылады.

Жеке тұлғаның дамуының, мәдениаралық алмасулардың, пікірін еркін білдірудің, жаңашыл жобаларды, шығармашылық ойларды іске асырудың түпқазығы ретінде Қазақстанда қолайлы орта қалыптасқан. Бұл, өз кезегінде, жас ұлттың талаптары мен қызығушылығына барынша жауап беретін білім берудің прогрессивті жүйесін қалыптастырумен анықталады. Осылайша Қазақстанның қазіргі даму кезеңде білім беру негізгі роль атқарады.

Еліміздің қазіргі әлемдегі орны адам капиталының сапасымен, білім берудің жай-күйімен және өнідірісте техника мен ғылымды пайдалану деңгейімен анықталады. Технологияның дамуы жаһанданудың катализаторы және еліміздің бәсекелестік басымдылығы дамуының маңызды факторы болып табылады. Қазіргі білім мен технологияларға негізделген экономика жоғары технологиялы қоғам құрудағы сапалы жаңа өзгерістерге жетудегі табыстың кепілі болып табылады.

Қазіргі заманғы технологиялар ақпараттарды жылдам және сапалы беру мен қайта өңдеуге мүмкіндік береді, бұл, өз кезегінде,елдің алдағы тұрақты дамуының маңызды факторы болып табылады.

Қазіргі кезеңде елімізде жаңа инновациялық инфраструктураны құру, сонымен қатар, барын дамыту мен пайдалануға барлық мүмкіндік бар. Қазіргі заманғы ақпараттық- телекоммуникациялық технологияларды және басқа да ғылыми технологияларды дамытуға, оларды ғылыми-техникалық қызметке және өндіріс процесіне ендіру жалғастырылуда. Жоғары технологиялық өндірісті дамытуға ықпал ету, технология трансферттерін ұйымдастыру мақсатында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыруды үлестіру жүзеге асырылуда.

Үлкен ара қашықтық секілді кедергіні жеңетін, ақпаратты көпшілік тұрғындарға қолжетімді ететін, ал білімді беруді жылдам және тиімді ететін қазіргі заманғы технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануды ескере отырып, білім беруді қаржыландыру арқылы адам капиталын сапалы дамыту секілді реалды қол жеткізуге мүмкін мақсаттар бар.

Бүгінде Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесіде білім берудің барлық деңгейі тиісті ұйымдар жүйесімен институционалды қамтамасыз етілген. Білім берудің құрылымы ЮНЕСКО-97 халықаралық стандарттар жіктеуішіне сәйкес келтірілді. 12 жылдық оқытуды енгізу үшін жағдайлар жасалуда. Техникалық және кәсіптік білім қайтадан қалпына келтірілді. Бакалавр-магистр - Ph.D докторы үш деңгейлі мамандарды даярлау енгізілді. 2009 жылы іріленген мамандықтар топтарын құрайтын Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандар жіктеуіші бекітілді.

Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі құрылды. Ол тәуелсіз сыртқы бағалаудың барлық элементтерін (лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, рейтинг, бірыңғай ұлттық тестілеу (бұдан әрі- ҰБТ), мемлекеттік аралық бақылау (МАБ), түлектерді кешенді тестілеу және басқалары) қамтиды.

Барлық облыстарда білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесі енгізілуде.

Білім берудің барлық деңгейлерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда.

Білім беру сапасы арттырылуда: ҰБТ-ң нәтижелері жақсаруда, халықаралық олимпиада жеңімпаздарының саны артуда.

Инклюзивті білім беру даму үстінде.

Балаларды ыстық тамақпен қамту және тасу мәселелері шешілуде.

Жыл сайын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мамандарды даярлауға мемлекеттік білім тапсырыстар көлемі артуда.

Білім беруді ақпараттандыруды іске асырылуда. Білім берудің мазмұны мен технологиясы үнемі жетілдірілуде.

Жаратылыстану және математикалық білім сапасын арттыру бойынша өнімді жұмыс атқарылуда. Оның көрсеткіші ретінде қазақстандық оқушылардың халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне 2007 жылғы Trends in Mathematics and Science Study (бұдан әрі – TIMSS ­ 2007) (36 елдің ішінде математика бойынша 5-ші орын және жаратылыстану бойынша 11-ші орын). Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің 3 интеллектуалды мектебі жұмыс істейді.



Үш тілде оқатын дарынды балаларға арналған арнайы мектептердің желісін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезде республикада үш тілде оқытатын 33 мектеп жұмыс істейді. Оларда 3749 бала оқиды.

Білім және ғылым саласы бойынша 130 халықаралық келісім шарттарға қол қойылды. 150 –ден астам білім және ғылым ұйымдары шетелдік серіктестермен тікелей байланыста.

Сөйте тұра қазақстандық білім беру саласы әлі де бәсекеге қабілетті бола алмай отыр.


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (бұдан әрі – МТО)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызын арттыру жалпы дүние жүзілік тенденциялар санына жатады. Балабақшаларға баратын балалар аз ауырады, білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдайды, жалпы өмірде табысты болып келеді.

Мектепке дейінгі білім беру уақыты бала дамуының анағұрлым белсенді кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде мектепке дейінгі жастағы балалардың ұлттық рухани-мәдени құндылықтар негізінде дене, нерв-психикалық, ой-өрісі сияқты өмірлік дағдылары қалыптасады.

Сапалы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту балалардың әлеуметтік жағдайы мен тұратын орнына қарамастан барлық балаларға берілуі тиіс.

Қазіргі кезде Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен балалардың тек қана 38,7% ғана қамтылған, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90-100%.

Туу деңгейінің артуына байланысты балабақшалардағы орын тапшылығы елімізде орта есеппен жыл сайын 5-7 %-ды құрайды. Одан басқа 5 өңірде (Оңтүстік Қазақстан (8,1%), Қызылорда (11,8%), Жамбыл (10,7%) облыстарында, Алматы (11,3%), Астана (13,6%) қалаларында) туу көрсеткіші мен миграция әсерінен бұл көрсеткіш 11,1%-ды құрайды.

Балабақшаларда орта есеппен 100 орынға 111 баладан келеді, қалалық жерлерде – 120. Қалалық жерлерде әрбір үшінші бала, ауылдық жерлерде 100 баланың ішінен 5-і ғана балабақшаға барады. Инклюзивті оқыту да назардан тыс қалып отыр.

Елімізде, жекеменшік балабақшалардың желісі дамымаған, олардың үлесі балабақшалардың жалпы санының 4,8%-ын ғана құрайды (4972-нің 237-сі).

Мектепке дейінгі тәрбиеге кететін және оқытуға кететін мемлекеттік бюджет шығынының үлесі соңғы жылдарда ішкі жалпы өнімнің (бұдан әрі –ІЖӨ) шамамен 0,1% құрайды. ЭЫДҰ елдерінде бұл шығын ІЖӨ-нің 1-ден 2%-ға дейін құрайды.

Орта білім

Орта білім Қазақстанның адами капиталын қалыптастыруда басты рөль атқарады, себебі ол негізгі деңгей және оны тегін алу құқығы мемлекетпен кепілдендірілген.

Орта білім сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптар білім берудің қазіргі заманғы ұлттық үлгісін қалыптастыру мен оны әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуін қажет етеді.

Дарынды балаларға арналған 107 білім беру ұйымдары әртүрлі бағыттағы арнайы бағдарламалар: жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық, көп бейінді, музыкалық-эстетикалық, әскери және спорттық бағыттар бойынша элитарлы білім береді.

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардан табыспен оралып жүр. Олар халықаралық олимпиадаларда салмақты бәсекелеске айналуда. Жеңімпаздардың саны тұрақты түрде дамуда.

Елбасы тапсырмасын орындау шеңберінде жаратылыстану-математика бағытындағы оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын, оқушы қызығушылығын, бейімділігі мен қабілетін толық ескеру үшін жағдайлар жасайтын «Назарбаев Интеллектуалды мектептері» желісін құру басталды. Қазіргі уақытта физика-математика бағытындағы 3 мектеп Астана, Семей және Көкшетау қалаларында жұмыс істейді.

Сонымен қатар орта білім беру жүйесінде материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік базалардың нашар жабдықталуына, білім берудің мазмұны мен әдістемесін жаңартуға байланысты маңызды проблемалар орын алуда.

Қазіргі уақытта республикада 7576 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Мектептердің жалпы санының 64%-ы үлгілік, 35,4%-ы - ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан, 201 мектеп апатты жағдайда. Мектептердің 37,4%-ы тасымалды суды қолданады. 70 мектеп 3 ауысымда, 1 мектеп – 4 ауысымда жұмыс істейді. Күрделі жөндеуді мектептердің 25,1%-ы қажет етеді. Республиканың бастауыш және орта мектептерінің 47,4 % -ында жаңа үлгідегі физика кабинеттерімен, 13,2 %-ы химия, 16,3%-ы биология, 46,7%-ы ЛМК-мен жабдықталған. Әрбір бесінші мектепте асхана мен буфет жоқ. 80 % мектептік асхананың құрылғылары мен жабдықтары ескірген. 26,4 % (1999) мектепте спорт залдары жоқ. Мемлекет есебінен қаржыландырылатын арнайы автобустармен балаларды мектептерге тасу бағдарламасы жоқ.

Республиканың көптеген мектептерінде жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік оқыту, ерте жастан кәсіптік бағдарды іске асыру үшін жағдайлар жасалмаған. Есептерге сүйенсек Бейіндік мектептерде 40 % 10 сыныптың түлектері оқуын жалғастырады. Сонымен қатар Бейіндік мектептердің жұмысын, оның ішінде жобалық қуаты 200 оқушы орындық, олардың көбісі - ауылдық жерлерден, жатақхананың жұмысын ұйымдастыруға тура келеді.

Қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшілігі – шағын жинақты мектептердің (бұдан әрі – ШЖМ) болуы.

Қазақстанның 7576 жалпы орта білім беретін ұйымының 4288-і ШЖМ, бұл жалпы санның 56,5%-ын құрайды. Ауылдық жерде - 4139 (68,6%) ШЖМ.

Соңғы 15 жылда негізгі ШЖМ-ның саны 2 есеге көбейді. Әрбір төртінші мұғалім ШЖМ жағдайында жұмыс істеп, әрбір алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ жағдайында білім алады.

Мүмкіндіктері шектеулі балалар саны ұлғаюда. Егер 2002 жылы олардың саны 120 мыңды құраса, 2009 жылы 149 246 мыңды құрады. Олардың 38%-ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылған.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесін құру, оқытудың иннвациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіптік құзыреттілігіне жоңары талаптар қоюда. Алайда қазіргі кезде талаптарға сай заңнамалық база және педагог еңбегін материалдық және моралдық жағынан ынталандыратын, оның әлеуметтік мәртебесін көтеретін жүйе құрылмаған.

Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 274914 педагог еңбек етеді. Олардың 236271-і (86%) жоғары білімді, 34882-сі (12,7%)- орта кәсіптік, 2831-і (1%) – аяқталмаған жоғары, 930-ы (0,3 %) – жалпы орта білімді. Жоғары санатты - 39111 (14,2 %), бірінші - 80978 (29,5 %), екінші - 81348 (29,6%) санатты, санаты жоқтар - 73477 (26,7%).

2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2008 жылғы 24 желтоқсанда № 111-IV «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк сала қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау және ынталандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы күшіне енді. Осы бағдарламаны іске асыру мақсатында ауылдық жерлерге келген жас мамандарға тұрғын үй алуға 2009 жылдан бастап 70 АЕК, 2010 жылдан – 630 АЕК шамасында көтерме ақы (90 мың теңгеден аса) қарастырылған.

Мемлекеттік білім беру ұйымдардындағы педагогикалық қызметкерлерді азаматтық қызметкерлер деп танылуына байланысты 2008 жылдан бастап жыл сайынғы еңбек демалысын беру кезінде денсаулығын түзеуге бір лауазымдық еңбекақы мөлшерінде жәрдемақы беріледі.

2008 жылдан бастап білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері үшін аптасына 18 сағаттық нортативті оқу жүктемесі бекілді. Осыған байланысты олардың жалақысы 10 % -ға артты.



Қала жағдайында педагогтік қызметпен айналысатын педагог қызметкерлердің ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес процентке арттырылып белгіленеді.

Педагогикалық қызметкерлердің мәртебесін арттыру үшін бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Әрбір жартыжылдық қорытындылары бойынша ең үздік білім беру қызметкерлеріне 75, 50, 30 мың теңге көлемінде жыл сайынғы сыйақы белгіленген.

Сонымен қатар, әрбір бесінші мұғалім 50 және одан үлкен жаста. Педагогтардың жалпы санынан 3 жылға дейінгі өтілі барлар – 13 %. Жыл сайынғы жас кадрлар есебінен толығу тек 2,6 %-ды құрып отыр.

Гендерлік сәйкессіздік, мамадықтың феминизациясы (83,1 % мұғалім әйелдер) байқалып отыр. Төмен жалақы (еліміздегі орташа жалақының 60 %-ға жуығы), педагог мамандығының беделінің болмауы жоғары білікті мамандардың бұл саладан кетуіне ықпал етеді. Инженер-педагогикалық қызметкерлердің мәртебесінің төмен болуы техникалық және кәсіптік білім беруге жоғары білікті кадрларды тартуға мүмкіндік бермейді.

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу жүйесін дамыту болып табылады. Алайда білім беру ұйымдарының және балалар қоғамдық ұйымдарының тәрбие беру әлеуетінің тиімділігі төмен болып отыр. Мектептерде еңбекпен тәрбиелеу және кәсіптік бағыт беру жүйесі құрыған, мектептердегі және мектептен тыс ұйымдардағы әдеби және музыкалық шығармашылық үйірмелерінің, спорт секцияларының саны жеткіліксіз. Балалар және мектептік қоғамдық ұйымдардың қызметі нашар қойылған. Балаларды қосымша білім берумен қамту басқа елдермен салыстырғанда (30-50%) барлығы 21,5%-ды ғана құрайды.

Республикадағы орта білім берудің сапасы мен тиімділігіне кері әсер ететін факторлар - ескірген әдістемелік білім беру мазмұнын таңдау үрдісі, оқуға деген ынтаны төмендететін және оқушылардың денсаулығын нашарлататын ақпараттың шамадан тыс болуы, тұлғаның дамуына емес үстірт нәтижелер алуға бағытталу, оқу жетістіктерін бағалаудың ескірген жүйесінің сақталуы болып табылады.

Осылайша бар мәселелер орта білім беру жүйесін қазақстандық қоғам дамуының және әлемдік білім беру кеңістіне кірігу шарттарының қазіргі заманғы талаптарға сәйкес жаңғыртуды талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет