БАҒдарламасы 6М073100- «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы Тау-кен факультеті «Кеніштік аэрология и еңбек қорғау»



жүктеу 110.01 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі110.01 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



БЕКІТЕМІН

Ғылыми Кеңес Төрағасы,

ҚарМТУ ректоры

_____________ М. Ибатов

«___» ___________ 2017 ж.


Қабылдау емтиханы

БАҒДАРЛАМАСЫ

6М073100– «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған

ортаны қорғау» мамандығы

Тау-кен факультеті

«Кеніштік аэрология и еңбек қорғау» кафедрасы


2017


6М073100

«Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған

ортаны қорғау»

мамандығы бойынша қабылдау емтиханы пәндерінің тізімі





пп


Пән атаулары

Сұрақтар саны

Беттер

1

«Еңбек қорғау»

50

3

2

«Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі»

60

5

3

«Ғылыми зерттеу негіздері»

20

8

4

«Қоршаған ортаны қорғау»

20

9

Емтихан жазбаша түрде өтеді. Емтихандық билеттер әр түрлі пәндер бойынша 5 сұрақтардан тұрады.


Мамандық бойынша қабылдау емтиханның бағалары.


Бағалар

Дұрыс жауаптар проценттері

Өте жақсы

90÷100

жақсы

75÷89

қанағат

50÷74

қанағаттанарлықсыз

0÷49



«Еңбек қорғау»

пәні бойынша сұрақтар тізімі
1. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негізгі ережелері.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері.

3. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері.

4. Еңбек тәртіптмесі. Еңбек тәртібі.

5. Жұмыс уақыты және жұмыс күні.

6. Кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек қорғауды басқару жүйесі (ЕҚБЖ).

7. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау.

8. Мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтары мен міндеттері.

9. Кәсіпорындарда жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне негізделген инструктаж және оқыту.

10. Өндірістік жарақаттануды талдау әдістері.

11. Жарақат, жазатайым оқиға, кәсіптік ауру туралы түсінік.

12. Еңбек шартының қалыптасуына әсер ететін факторлар. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі.

13. Еңбек қорғау бойынша заңнаманы, ережелер мен нұсқаулықтарды бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері.

14. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алудың жалпы ережелері.

15. Өндірістік жарақаттану жағдайларын арнайы тергеп-тексеру.

16. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі.

17. Тыныс алу органдарын, көзді және қолды қорғайтын жеке қорғану құралдары (ЖҚҚ).

18. Жұмыс аймағы микроклиматы. Микроклимат параметрлерін өлшеуге арналған аспаптар.

19. Зиянды заттардың адам ағзасына әсері. Зиянды заттарды гигиеналық нормалау.

20. Шаң, кәсіби зияндылық ретінде. Шаңның жарылғыш қасиеттері.

21. Ауаны шаңнан және зиянды заттар тазартудың тәсілдері мен құралдары.

22. Өндірістік жарықтандыру және оны нормалау түрлері.

23. Өндірістік жарықтандыру сандық сапалық көрсеткіштері. Жасанды жарықтандыру есептеу әдістері.

24. Шу және оның сипаттамалары.

25. Шудың адам ағзасына әсері. Шудың әсерінен қорғау құралдары мен әдістері.

26. Діріл: негізгі параметрлері, адам ағзасына әсері.

27. Дірілдің әсерінен қорғау құралдары мен әдістері.

28. Ультрадыбыс және инфрадыбыс, олардың адам ағзасына әсері және гигиеналық нормалау.

29. Ультрадыбыстың және инфрадыбыстың әсерінен қорғау құралдары мен әдістері.

30. Электромагниттік сәулелер, олардың адам ағзасына әсері және гигиеналық нормалау мен қорғау принциптері.

31. Иондық сәулеленулер, олардың адам ағзасына әсері және гигиеналық нормалау. Иондық сәулелену әсерінен қорғану.

32. Лазерлі сәулелену, оның адам ағзасына әсері және гигиеналық нормалау.

33. Электр тоғының адам ағзасына әсері. Электр тогымен зақымданудың қауіптілігін талдау.

34. Электрқауіптілік дәрежесі бойынша электр жабдықтар үй-жайларын жіктеу.

35. Электр тогы соғудан қорғау, электрдің статикалық жинақталуы.

36. Электр құрылғыларын орнатуға қойылатын негізгі талаптар. Электр қондырғыларындағы қорғау шаралары.

37. Электр тогымен зақымдану кезінде алғашқы көмек көрсету.

38. Кәсіпорындар нысандары құрылғыларына қойылатын санитарлық талаптар.

39. Жану түрлерін жіктеу : газдар, сұйықтар, шаңдардың жануы.

40. Өндірістегі өрт-жарылыс қауіпсіздігі.

41. Жарылыс, өрт-жарылыс қаупі мен өрт қауіптілігі бойынша өнеркәсіп нысандарын жіктеу. Ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігі.

42. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өрт қауіпсіздігі шаралары.

43. Электр жабдықтары және электр желілерінің өрт қауіпсіздігі.

44. Өрт сөндіру әдістері мен құралдары.

45. Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау.

46. Өрт туралы хабарлама құралдар және дабылдар.

47. Автоматты өрт сөндіргіш құрылғылар: спринклерлік және дренчерлік.

48. Адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету.

49. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік.

50. Көтергіш-көлік машиналар мен қондырғылар қауіпсіздігі.



«Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» пәні бойынша сұрақтар тізімі
1. Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негізгі мақсаттары мен міндеттері.

2. Адамға қоршаған орта әсерінің табиғи факторлері.

3. Тіршілік ету ортасының қауіптілігі.

4. Төтенше жағдайлар туралы жалпы мәліметтер.

5. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.

6. Төтенше жағдайлардың сыныптамасы.

7. Өндірістік нысандардағы ТЖ мүмкіндіктерін және салдарын азайтудың негізгі бағыттары.

8. Төтенше жағдайлардың салдарын жою.

9. Халықты және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері мен тәсілдері.

10. Қорғаныш құрылыстары.

11. Дүлей зілзала салдары сипаттамасы (жер сілкінісі, сел, сырғыма, қарлы көшкін құрсауында қалу, дауыл, боран, құйын, су тасқыны, цунами).

12. Орман өрттері амақтары. Орман өрттерінің түрлері. Орман өрттерін сөндірудің әдістері.

13. Экзогендік өрттер. Эндогендік өрттер.

14. Шаруашылық объектілерінің тұрақтылығы.

15. Өндірістік ортаның жағымсыз факторларының жіктелуі.

16. Техносфера аймақтарының ластануы.

17. Техносфераның энергетикалық ластанулары.

18. Экология және оларды пайдалану қауіпсіздігі талаптарына сәйкес өндірістік қызметті ұйымдастыру негіздері.

19. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының рөлі мен маңызы.

20. Азаматтық қорғаныс күштері, олардың құрамы, мәні мен қолдану тәртібі.

21. Республикасының аумағындағы ықтимал төтенше жағдайлар, олардың сипаттамасы мен салдары.

22. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халықты қорғаудың негізгі әдістері мен принциптері.

23. Бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда халықты инженерлік қорғау.

24. Халықты радиациядан қорғау бойынша шаралар.

25. Күшті әсер ететін улы заттар (КӘЕУЗ)халықты қорғау бойынша шаралар.

26. Табиғи апаттар, ірі өндірістік авариялар мен апаттар салдарын жоюды ұйымдастыру және оның тәртібі.

27. Жер сілкінісі қаупінде және пайда болуында халықты қорғау.

28. Жер сілкінісін болжау. Жер сілкінісі болған жағдайда адам өмірін сақтау мен шығынды азайту жөніндегі іс-шаралар.

29. Төтенше жағдайларда халықты басшы құрамды дайындау, азаматтық қорғанысты қалыптастыру және оқыту іс-әрекеттеріне дайындау жүйесі.

30. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда Азаматтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлау.

31.Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда шаруашылық нысандары жұмыс істеу салалары тұрақтылығын арттыру жолдары мен тәсілдері.

32. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда эвакошараларды жүргізуді ұйымдастыру.

33. Стихиялық апаттар және олардың ықтимал зардаптары.

34. Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері.

35. Төтенше жағдайларда зардап шеккендерге бірінші медициналық көмек көрсету.

36. Терорлық лаңкестік қаупі төнгенде немесе туындаған кезде халықтың және лауазымды тұлғалардың іс-әрекеті.

37. Биологиялық қарудан халықты және ауыл шаруашылық малдарын қорғауды күшейту бойынша шаралар кешені.

38. Қазақстан Республикасының су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

39. Төтенше жағдайларда іс-әрекеттерге дайындық кезіндегі ҚР қоғамдық ұйымдарының мүмкіндіктері мен міндеттері.

40. Тұрмыстық өрттер пайда болған кездегі халықтың іс-әрекеті.

41. Еріген қар суынан болған су тасқыны.

42. АЭС (атом электр станциялары) және ЯОЦ (ядролық-отындық цикл).

43.Кәсіпорындарда, қоймаларда және жарылыс-өрт қауіпті заттар қоймаларындағы апаттар.

44. Адамдардың жаппай ауыруы.

45. Радиациялық және химиялық қауіп

46. Жаппай қырып-жою қаруларынан қорғау.

47. Техносфера және техносферлік қауіпсіздіктің қазіргі жай-күйі.

48. Төтенше жағдайларда экономика нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы.

46. Жаппай қырып-жою қаруларынан қорғау.

50. Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.

51. Гидродинамикалық апаттар.

52. Газ, мұнай өрттері.

53. Вулканикалық қызмет.

54. Химиялық қауіпті нысандардағы апаттар.

55. Суицид және психологиялық жарақаттар.

56. Жануарлардың инфекциялық аурулары.

57. Өсімдіктердің инфекциялық аурулары.

58. Өзендердегі су тоқтаулары мен жабулары.

59. Қала құрылысындағы өрттер.

60. Энергетикалық жүйелердегі авариялар.


«Ғылыми зерттеу негіздері» пәні бойынша сұрақтар тізімі

1. Ғылыми зерттеу бағытын таңдау.

2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының кезеңдері.

3. Зерттеулердегі математикалық әдістерді зерттеу.

4. Ғылыми зерттеулердегі ұқсастық және үлгілеу.

5. Моделдер түрлері.

6. Қауіпсіздік және тәуекел теорияларының негізгі ұғымдары мен түсініктері.

7.Қауіптердің сипаттамасы және жіктелуі.

8. Тәуекелдің жалпы мазмұны және құрылымы.

9. Сенімділікті сынау мақсаты мен түрлері.

10. Нысандардың сенімділігі кешенді қасиет ретінде.

11. Нысандардың істен шығулар классификациясы.

12. Сенімділіктің кешенді көрсеткіштері.

13. Нысандардың сенімділігіне әсер ететін факторлар.

14. Күрделі жүйелер жабдықтарының ұзақ мерзімге жарамдылығын бағалау және болжау принциптері.

15. Жабдықтар ресурсын бағалау және болжау әдістері.

16. Экспериментке міндеттер қою. Нысанның бақыланатын параметрлерін таңдау.

17. Сенімділікті арттыру әдістерін жіктеу.

18.Сенімділікке сынау. Сенімділікке сынау мақсаты.

18.Сенімділікке сынау. Сенімділікке сынау мақсаты.

20. Күрделі жүйелер жедел персоналы қателерін жіктеу.

«Қоршаған ортаны қорғау» пәні бойынша сұрақтар тізімі

1. Зиянды заттарды жалпы жіктеу.

2. Зиянды заттардың арнайы жіктелуі.

3. Диоксиндердің адам организміне әсері.

4. Қоршаған ортаның сапасын нормалау.

5. Экологическая экспертиза: понятие, виды, цель, объекты, субъекты, порядок и сроки проведения, заключение.

6. Экологиялық рұқсаттар: түрлері, табиғатты пайдалану шарттары, беру мерзімі, беру негіздемесі, әрекет ету мерзімі.

7. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологиялық реттеу механизмдері.

8. Экологиялық бақылау: мақсаты, түрлері, міндеттері, бағыттары, ұйымдастыру.

9. Өндірістік экологиялық бақылау: мақсаты, түрлері, жүргізу тәртібі, есепке алу және есеп беру.

10. Парниктік газдар және Киото хаттамасы.

11. Қоршаған ортаның мониторингі.

12. Шығарындыларды тазартудың құрғақ және дымқыл әдістері.

13. Шығарындылары химиялық тазалау.

14. Электрсүзгілерде газдар шаңнан тазалау.

15. Табиғи сулардың құрамы.

16. Биологиялық суды тазалау әдістері.

17. Механикалық суды тазалау әдістері.

18. Суды физика-химиялық тазарту әдістері.

19. Қалдықтарды залалсыздандыру және кәдеге жаратудың негізгі әдістері.

20. Қатты қалдықтарды қайта өңдеу.
Әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, 23 қараша 2015 жыл № 414-V.

2. ҚР «Азаматтық қорғаныс» Заңы сәуір 2014 ж.

3. Полтев М.К. Охрана труда в машиностроении: Учебник. – М.: Высш.школа, 1990. – 294 с.

4.Куценко Г.И., Жашкова И.А. Основы гигиены труда и производственной санитарии М.: Высшая школа, 1990.

5. Белов С.В. Безопасность жизнедеятельности: Учеб. для ВУЗов М.: Высшая школа, 2002. –380 с.

6. Фролов А. В. Безопасность жизнедеятельности и охрана труда Ростов на Дону: Феникс, 2005. –735 с.

7. Русак О. Н., Малаян К. Р., Занько Н. Г. Безопасность жизнедеятельности. / Под ред. О. Н. Русака. – СПб.: Издательство «Лань», Москва: ООО «Омега-Л» 2004 г. – 448с.

8. Крючек Н. А., Латчук В. Н, Мирнов С. К. Безопасность и защита населения в чрезвычайных ситуациях: Учебник для населения / Под общ. Ред. Г. Н. Кириллова. – Москва: Изд-во НЦ ЭНАС, 2003.-264 с.

9. Гринин А.С., Новиков В.Н. Безопасность жизнедеятельности: Уч.пособие. М.:ФАИР – ПРЕСС, 2002.-288с.

10. Безопасность жизнедеятельности. Безопасность в чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера: Учеб.пособие / В.А.Акимов, Ю.Л. Воробьев, М.И. Фадеев и др. Изд.2-е, перераб. - М.: Высш.шк.,2007.-592 с.:ил.

11. Безопасность жизнедеятельности: Учебник для вузов/ С.В. Белов, А.В. Ильницкая, А.Ф. Козьяков и др.: Под общ.ред. С.В. Белова.4-е изд.-М.: Высшая школа,2004.-606с.

12. Аманжолов Ж.К. Охрана труда и техника безопасности: Учебное пособие. – Астана: Фолиант, 2007.-444с.

13. Акимбекова Н.Н. Пожарная безопасность: Учебное пособие. - Изд-во КарГТУ, 2016. 95с.

14. Г.И. Шевелева. Патентоведение и основы научных исследований: Учебное пособие – КемТИПП, 2003.-80с.

15. Основы патентного права и патентоведения в Республике Казахстан: учебное пособие/ Отв. Редактор Т.Е. Каудыров.-Алматы: Жетi жарғы, 2003.-С.392.

16. Патентоведение: Учебник для вузов/ Е.И. Артемьев, М.М. Богуславский, Р.П. Вчерашний и др.; Под ред. В.А. Рясенцева. – 3-е изд. перераб. и доп. – М.: Машиностроение, 1984. – 352 с.

17. Прахов Б.Г., Зенкин Н.М. Изобретательство и патентоведение. – 2-е изд. перераб. и доп. – К.: Техника, 1988. – 356 с.

18. С.К. Кабиева, Р.Р. Ахмеджанов, М.В. Белоусов, А.Т. Оралова, Н.К. Цой Вредные вещества в промышленности. – Караганда: Изд-во КарГТУ, 2015. – 114 с.

19. Экологический кодекс Республики Казахстан от 09.01.2007 г.

20. И.В. Семенова Промышленная экология. – М.: Издательский центр «Академия», 2012. – 528 с.

21. А.Г. Ветошкин Процессы и аппараты защиты окружающей среды. – М.: Высш.шк., 2008. – 639 с.

КА және ЕҚ кафедрасының отырысында талқыланды

Хаттама № _____ от _______2017ж.



КА және ЕҚ каф.меңг. __________ Н.Р. Жолмагамбетов

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет