БАҒдарламасы №1 басылым «08». 09. 2016 ж. Таңдау компонентінің ОҚу бағдарламасы



жүктеу 160.46 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі160.46 Kb.

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СМЖ 3 дәрежелі құжаты

ТК ОБ


ТК ОБ

042 – 18-16.1.09 / 01-2016

Таңдау компонентінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

№ 1 басылым

«08».09.2016 ж.







Таңдау компонентінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Психология тарихы

«5В010300 Педагогика және психология»
Кафедра: Психология

Курс: 2


Кредиттер саны: 3

Барлық сағат: 135

Дәрістер: 30

Семинар (тәжірибелік) сабақтар 15

Зертханалық сабақтар - жоқ

БӨЖ: 67,5 + 22,5

Курстық жұмыс (жоба): жоқ

Емтихан 2 семестр



Семей - 2016

Алғы сөз

1 ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы

Джумажанова Гульжанар Какимжановна _____________ «31» 08.2016 ж.



қолы

психология кафедрасының доценті, псх.ғ.к.
2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Кафедра отырысында «Психология»

Хаттама «31» 08. 2016 жыл, № 1.
Кафедра меңгерушісі псх.ғ.к., доцент Джумажанова Г.К. ______________

қолы
2.2 Факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында Тарих-педагогика

Хаттама «31» 08.2016 жыл, №1.


Төрайымы Абишева Ш.Ш. ______________

қолы
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама «08» 09. 2016 жыл, № 1.
ОӘК төрайымы, оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректор

саясат.ғ.д. Искакова Г.К. ______________



қолы
4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ


Мазмұны
1 Түсіндірме жазба

2 Кіріспе

3 Пәннің негізгі бөлімдері

4 Зертхана (тәжірибелік), семинар сабақтардың тақырыбының тізімі

5 Білім алушылардың өзіндік жұмысының тақырыптарының тізімі

6 Ұсынылған әдебиеттер тізімі



1 ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Психология тарихы» КП (ТК) пәні бойынша оқу әдістемелік кешен 5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы студенттеріне арналған. Ол студенттерді курс мазмұнымен, оның өзектілігімен, курс саясатымен, оқу процесі барысындағы студенттердің білуге және істеуге тиіс білімдерімен таныстырады. «Психология тарихы» КП пәннің оқу бағдарламасы (Силлабус) келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстары негізінде әзірленді:

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген ҚР Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

  • КП ТК пән ЖОО-ның ОӘК отырысының шешімімен 08.09.2016 ж. №1 хаттамамен бекітілген.

Дәріс сабағын тындау барысында, психология ғылымының даму тенденциялары, бағыттары және ежелгі кезден бастап қазіргі кезге дейінгі психологиялық ойлардың қалыптасуымен пайда болу тарихы ашылады. Студенттер психологиялық ғылымның алғы шартының қалыптасуының негізгі кезендерімен, негізгі психологиялық пәндердің дамуымен, қазіргі кездегі бағыттарымен, ғылыми мектептермен және психологиялық ғылымның даму тенденциясымен танысады. Практикалық (семинар) сабақтарында теориялық материал бекітіліп, жүйеленеді. Студенттердің әр-түрлі өзіндік жұмыстары қамтылған: рефераттарды дайындау, әр-түрлі уақыт кезеніндегі психология бойынша ғылыми зерттеу картотекасын құрау, алғашқы әдебиеттерді талдау және қысқаша жазу, әдіснамалық семинарларды, пікірталас және пікір сайысын жүргізу. Негізгі психологиялық курсы бойынша студенттердің білімін ескеруі, материалдарды жоспарлау барысында басқа психологиялық пәндердің мазмұнымен үйлесуін және материалдарды қайталамауына мүмкіндік береді.

Психология тарихы әр түрлі дәуірдегі әр тараптағы халықтардың ойшылдары мен ғалымдарының үздіксіз сұхбаты ретінде көрінеді және онда әр қайсысы психология ғылымына көптеген үлестерін қосқан. Курста негізі психологиялық категориялар мен көзқарастардың дамуындағы сабақтастық, әр түрлі ғылыми мектептер мен бағыттардың әрекеттестігі қадағаланып отырады.



Пәннің мақсаты: студенттерді психология тарихының өзекті мәселелері мен және зерттеу әдістері мен әдіснамалық мәселелермен таныстыру. Психология тарихы пәнінің толық түсіну үшін психологиялық әдіс – тәсілдерді меңгерту, психология тарихының түсінігін және оның құрылымын, зерттелу тарихы туралы ғылыми білімдер жүйесін қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

  • Психология ғылымының әлеуметтік, тарихи, ғылыми-теориялық дамуының негізін қалыптастыру;

  • Психологияның қазіргі кездегі тенденцияларының даму кезені және пайда болу сатысы туралы білімді қалыптастыру;

  • Студенттердің тарихи-психологиялық бейнелі ойлауын дамыту;

  • Әртүрлі уақыт кезеңіндегі психологиялық ғылымының құрылу үдерісі арқылы студентердің ғылыми көзқарасын дамыту;

  • Психологияның даму қисынының ұғынуын, тарихи негіздерімен жұмыс істеу икемділігін қалыптастыру.

Құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері):

Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы білуі қажет:



білу:

  • психология тарихының мақсаты және олардың мазмұны;

  • психология тарихы пәніне байланысты психологиялық білімдер жүйесін меңгеру;

  • психология тарихының негізгі ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру;

  • оқу-танымдық әрекет процесіндегі алған білімдерімен өз бетімен қарулану;

  • курсқа байланысты меңгерген білімдерін практикада қолдана білу;

  • психология ғылымының даму тенденциясы;

  • психология ғылымының қазіргі кездегі жағдайы, көзқарастары, психологиялық ойлардың пайда болу үдерісінің тарихи туралы жан-жақты білу;

  • жүйелі білімді қалыптастыру.

орындай алу:

  • алған білімді теорияда қолдана білуді дамыту;

  • психология тарихының негізінде қалыптасқан теорияларды негізге ала отырып, тұлғаны жан-жақты өмірге даярлауға машықтандыру;

  • ғылыми зерттеудің әдістемелік құралдарымен;

  • пәннің категориялық аппаратымен.

дағдысының болуы:

  • осы курсты ұйымдастыруды;

  • бағдарламаны бейімдеуді;

  • оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды;

  • топта жұмыс жасауды.

құзыретті болуы:

  • жаратылыс ғылымдары (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндер саласындағы базалық білімдерін меңгеру;

  • күнделікті кәсіби қызметте қажетті жаңа білімдерге ие болу дағдыларын игеру және білімін магистратурада жалғастыру;

  • қажетті эксперименттерді жоспарлай алу және өткізу, қорытынды жасау алу іскерлігі.

Курстың пререквизиті: Психологиялық-педагогикалық мамандыққа кіріспе, психология және адам дамуы, жалпы психология

Курстың постреквизиті: Тәрбие жұмысының әдістемесі мен теориясы, психокоррекция және кеңес беру негіздері, тренинг жұмысының технологиясы.


2 КІРІСПЕ
Жалпы пән 3 кредитті (135 сағат) құрайды, оның ішінде дәріс сабағы 2 кредит (30 сағ.), тәжірибелік (семинар) сабақтары 1 кредит (15 сағ.). Білім алушының өздік жұмысына 67,5 + 22,5 сағат бөлінеді.
3 ПӘННІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІ
Модуль 1. Психология тарихы пәніне кіріспе

Модуль 2. ХYІІІ ғасырдағы психология

Модуль 3. Психологияның қазіргі тарихы

Модуль 4. Қазақ зиялылардың психологиялық идеялары


4 ЗЕРТХАНА (ТӘЖІРИБЕЛІК), СЕМИНАР САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫБЫНЫҢ ТІЗІМІ
1. Психология тарихына кіріспе

Психология тарихының пәні және міндеттері. Оның қазіргі заманда алатын орны. Психология ғылымының функциялары және принциптері. Психология тарихының даму кезеңдері. Зерттеу әдістері



2. Ежелгі шығыс ойшылдарының психологиялық идеялары

Ежелгі Египет кезеңіндегі рухани жағдай. Ежелгі Индиядағы индуистік ағымдар және олардың тарихи қайнар көзі. Психологиялық білімдердің ежелгі Қытай философиясындағы дамуы.Сюнь Цзы адамдық мәннің табиғаты туралы.Қазіргі шығыс елдерінде психологиялық ойлардың даму ерекшеліктері



3. Антикалық ойшылдардың психологиялық идеялары

Алғашқы қоғамда және Антика кезеңінде психика туралы түсініктер Антикалық психологиядағы идеалистік көзқарастар. Антикалық психологияда материалистік ілімнің негізгі қағидалары. Материалистік психология бағытының өкілдері. Антика дәуіндегі психологиялық көзқарастың дамуы. Антика дәрігерлерінің жетістіктері.



4. Орта ғасырдағы психология

Араб тілдес философтардың ілімде жан мен тән мәселесі. Араб елдерінде Аристотельдің көзқарастарын дамытушылар. Психологияның діни философия шеңберінде дамуы. Орта ғасыр психологиясындағы материалистік идеялар. Психологияның қайта өрлеу кезеңінде дамуы.



5. Р.Декарт, Дж.Локк және Б.Спинозаның психологиялық ілімдері

Сананы психиканың критерии ретінде бөлуі. Рефлекс түсінігінің анықтамасы. Р.Декарттың рационалистік психологиясы. Дуализм. Б.Спинозаның психологиялық көзқарастары. Неміс эмпирикалық психологияның қалыптасуы

Дж.Локк жан туралы идеясы. Санасыз психика туралы түнісіктер

6. И.М.Сеченов және оның психологиядағы идеялары және эксперименттік психологияның бастауы: Э.Вебер, Г.Фехнер, В.Вунт

И.М. Сеченов психолог ретінде. Сеченовтың психологияны дамыту бағдарламасы. "Бас миының рефлекстері" еңбегінің орыс және дүние жүзілік психологияның кейінгі дамуы үшін мәні мен маңызы. Психологияның жеке ғылымға бөлінуінің ғылыми алғышарттары. Э. Вебер ашылымдары. Г.Фехнердің психофизика негізін қалауы. Вундтың психология пәні мен ондағы эксперименттің ролі жайлы түсінігі жан дүниесі заңдары. Алғашқы психологиялық лабораториялар Г.Гельмгольц: сезім мүшелерінің эксперименталды психофизиологиясы.



7. Француз социологиялық мектебі және оның психологияға әсері

Француз социологиялық мектептің негізгі қағидалары. Э.Дюргеймнің психологиялық идеялары. Ж.Пиаженің негізгі теориясы. Француз социологиялық мектеп өкілдері және олардың тұжырымдамалары.



8. Психологияның қолданбалы салалары: педагогикалық, медициналық, еңбек психологиясы

Педагогикалық психологияның қалыптасып дамуы. Педагогикалық психологияның негізгі зерттеулері мен ашулары. Медициналық психология және эксперименталды психологияның өзара байланысы. Еңбек психологиясы және оның басты мәселелері.



9. Психоанализ тарихы және қазіргі заман

З.Фрейд психоанализдің негізін салушысы. Психоанализдің қалыптасу мен дамудың басты мәселелері. Психоанализ мектебінің негізгі бағыттарының пайда болуы: К.Юнг және А.Адлер мектептері. Неофрейдизм және оның ерекшеліктері.



10. Гештальтпсихология және бихевиоризм тарихы мен қазіргі жағдайы

Гештальтпсихологияның қалыптасып, дамуы. Гештальтпсихологияның басты идеялары. Неогештальтпсихологияның өкілдері және олардың идеялары. Бихевиоризм және Скинердің басты идеялары. Бихевиоризмнің басты психологиялық жаңалықтары. Необихевиоризм және оның өкідерінің өзіндік идеялары.



11. Шетелдегі даму психологиясы: Ж.Пиаже, А. Валлон, Ш. Бюлер

Даму психологиясының жетекші мәселелері. Ж. Пиаженің ақыл-ойды сатылап қалыптастыру теориясы. Ш. Бюлердің бала психологиясын зерттеуі. В.Прейердің «Бала жаны» еңбегінің мәні.



12. Когнетивтік психология: тарихы және қазіргі күйі

Когнетивті психологияның жетекші идеялары. Когнетивті психология өкілдерінің психологиялық идеялары. Когнетивті психологияның басқа психологиялық мектептерді сынға алуы



13. Ресейдегі ХІХ-ХХ ғасыр шебіндегі идеалистік философиялық психология

ХІХ ғ. Ресей психологиясының екі бағытта дамуы. Ресейде эксперименталды психология дамуының алғы шарттары. Ресейдегі алғашқы психологиялық эксперименталды лабораториялар. Ресейдің әлемдік психологиялық идеялардағы ролі.



14. Қазақ психологиясы тарихының елеулі кезеңдері және Қазақстандағы психологияның бүгінгі жағдайы

Ежелгі түрік жазбаларындағы психологиялық ойлар. 15-18 ғғ. Қазақ зиялыларының психологиялық көзқарастары. 19-20 ғ. Қазақ ағартушыларының психология ғылымына қосқан үлесі. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуынан бастап психологиядағы жетістері.


5 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
5.1 Тәуелсіз Қазақстанда психологияның дамуы. Психология тарихының мақсат, міндеттері (конспектілеу, глоссарий)

5.2 Қазақ ағартушыларының шығармаларындағы психологиялық идеялары (тақырып бойынша конспект, слайд әзірлеу)

5.3 О.К. Тихомиро, М. Мұқанов, Б.Ф. Зейгарниктің зерттеулері (реферат түрінде)

5.4 Аристотель мен Әл–Фарабидің психологиялық көзқарастарын салыстырмалы талдау (сызба түрінде)

5.5 Ж. Аймауытов, Т. Тәжібаев, М. Мұқановтың Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуындағы қосқан үлестері (тақырып бойынша шағын эссе жазу)
6. ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

6.1 Негізгі әдебиет

6.1.1 Жарикбаев К.Б. Развитие психологической мысли в Казахстане: Со второй половины ХIХ в. и до наших дней. - Алматы, 1998

6.1.2 Ждан А.Н. История психологии: от античности к современности: Учебник. - М., 1999, 1990

6.1.3 Марциновская Т.Д. История психологии: учебное пособие для студ. вузов 4-е изд., стереот. - М.: Академия, 2004

6.1.4 Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии:В 2т.: Для студентов ВУЗов. - Р. н/Д., 1996

6.1.5 Шульц Д.П., Шульц С.Э. История современной психологии – СПб., 1998
6.2 Қосымша әдебиет

6.2.1 Аюрзанаев О.И. Пространство и время в буддизме/ Психология и соционика межличностных отношений. - 2003, № 11

6.2.2 Донских О.А., Кочеркин А.Н. Античная философия. Мифология в зеркале рефлексии – М., 1993

6.2.3 Намазбаева Ж.И. Психология. Оқулық - Алматы, 2006

6.2.4 Жалпы психология /Богословский В.В. - Алматы, 1990

6.2.5 Зинченко В.П., Моргунов Е.В. Человек развивающейся. Очерки российской психологии – М., 1994

6.2.6 Изучение традиций и научных школ в истории советской психологии / под ред. А.Н.Ждан. – М., 1992

6.2.7 Кузнецов В.Н. Западно-европейская философия 18 века. – М., 1996

6.2.8 Лейбин В.М. История зарубежной психологии. – М., 1994

6.2.9 Лучинин А.С. История психологии. – Ростов н/Д., Феникс, 2005

6.2.10 Материалисты древней Греции / под ред. М.А. Дынина. – М., 1995

6.2.11 Нарский И.С. Западно-европейская философия 19 века. – М., 1986

6.2.12 Немов Р.С. Психология: Учебник для вузов в 3-х т.- Т.1. - М., 2001

6.2.13 Общая психология: Учебник для студ. пед. ин-тов /Под ред. А.В.Петровского - М., 1996

6.2.14 Петровский А.В. История советской психологии. Формирование основ психологической науки. - М., 1997

6.2.15 Петровский А.В., Ярошевский М.Г. Психология: Учебник для вузов - М., 2001

6.2.16 Петровский А.В., Ярошевский М.Г. Основы теоретической психологии: Учеб. пособие - М., 1999

6.2.17 Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии - СПб., 2004

6.2.18 Табылдиев Қазақ тағылымы – А., Қаз институт, 1992

6.2.19 Ұзақбаева Тамырлы терең тәрбие – А., Білім, 1995

6.2.20 Хрестоматия по истории психологии: Период открытого кризиса (нач. 10-х гг. - середина 30-х гг. ХХ в.): Учеб. пособие /Под ред. П.Я.Гальперина, А.Н.Ждан - М., 1990

6.2.21 Якунин В.Я. История психологии. – М., 2001

6.2.22 Ярошевский М.Г. Психология в 20-ом столетии. – М., 1994
6.3 Интернет-ресурстар

6.3.1 smit_r_istoriya_psihologii.rar

6.3.2 http://www.psychology.ru/

6.3.3 http://www.nsu.ru/psych/internet



6.3.4 http://usite.ru/Psychology/Psychology

6.3.5 ethnopsyhology.narod.ru

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет