Б. момышұлы және патриоттық ТӘрбие



жүктеу 44.81 Kb.
Дата29.04.2017
өлшемі44.81 Kb.
Б.МОМЫШҰЛЫ ЖӘНЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ

Ибраимова Л.Н., п.ғ.к., доцент

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Тараз қ-сы., leskul.ibraimova@ mail.ru

Түйін:

Мақалада Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығының жас ұрпақты тәрбиелеуде ықпалы туралы айтылады.



Аннотация

В статье рассказывается о воспитательном значений жизни и творчества Халық қаһарманы Б.Момышулы.



Кілттік сөздер: патриотизм, фактор, ұлттық тәрбие, халық, «Ұшқан ұя».

Кіріспе

Бүгінгі жаңа Қазақстанның дербес даму жолын таңдау кезеңі жас ұрпақ тәрбиелеуде халықтық педагогиканың бастауы мен қайнар көздерінен асыл қазыналарды, мәдени мұраларды тауып, оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануды талап етеді. Себебі, еліміздің көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.

Қазақстан Республикасының Президенті «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Біздің бірлескен шешімдеріміз бен тындырған істеріміздің нәтижелері жаңа жалпы қазақстандық патриотизмнің іргетасын қалап, біздің Отанымыздың, біздің барша көпұлтты және конфессиялы қоғамымыздың, біздің балаларымыздың тамаша келешегі бар екеніне негізді мақтаныш пен сенімділікті туындатады. Қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер – жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары», - деп атап көрсетеді. Бұл өз кезегінде жас ұрпақ тәрбиесіндегі халықтық мәдени мұраның алатын орны мен маңызын арттыра түседі [1].

Мазмұны
«Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауда Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет! [2].

Стратегия – күннен күнге, жылдан жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы. Мен әлемнің озық елдері арасындағы Отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгілікке біріктіретініне сенімдімін деп көрсеткен болатын.

Осы орайда, жастарға патриоттық тәрбие беруде, ұлтымыздың батыр перзенттерінің өмірі мен шығармашылықтарын зерделеу және дәріптеу- бүгінгі күннің талабы. Халық қаһарманы Б.Момышұлының қанатты сөздерінің тәрбиелік маңызы тереңде.

Бауыржан Момышұлы – Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы.

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24-желтоқсан күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында қарапайым, мал бағатын шаруа отбасында дүниеге келді. Бабасы Имаш 1911 жылы 92 жасында дүние салған,орта бойлы,от жанарлы, шымыр кісі болған. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашып, өле өлгенше  оқып – тоқыған, тіпті, орыс алфавитін де ежіктеп оқи алған. Сонысымен де бүкіл аймаққа әйгілі, сыйлы болыпты. Жас күнінде ағаш ұстасы, етікші ретінде де аты шығыпты.Тәуіпшілдігі де бар екен. Әсіресе, заңгерлікті жақсы көрген. Ел ішінде одан өтке ұста болмаған. Зергерлік өнерін қартайғанда да тастамаған. Ат жалын тартып мініп,бозбала халге жеткенде Имаш қария шаруа билігін Момыштың қолына берген. Сөйтіп, ағайын –туыс арасындағы алыс – беріс, көші-қон мәселесі, ас –той, дау - дамай , бәрі – бәрі Момыштың араласуынсыз бітпеген. Әжесі Қызтумас қартайғанда «сары кемпір» атанған аса ажарлы , ақ дидарлы кісі екен. Анасы Рәзия ерте қайтыс болғандықтан, Бауыржан үш жасынан бастап Қызтумас әжесінің тәрбиесімен өсіп – жетіледі. Әлемнің пайда болуы,тірлік дамуы, адамзаттың шығуы, өмір жайлы жан баурайтын аңыздар мен ертегілерді, ненің жақсы, ненің жаман екенін де ол ең алғаш әжесінен естіп біледі. Адам ретінде қалыптасуына да сол кісінің ықпалы зор болғанын Бауыржан өзінің «Ұшқан ұясында»: «Әрине, ол кезде мен де өзге сәбилер сияқты әжем айтқан ертегі мен аңыздардың түпкі байыбына бара бермейтінмін. Енді ойласам, мен сол әңгімелерден адамзат өресінің өрісін тани берген екем ғой...» [3] деп құрметпен еске алады. Осы орайда,ол ертексіз өскен баланы рухани мүгедек адамға балайды, қазіргі балалардың апа тәрізді ғұлама әжелері азайып бара жатқанына қабырғасы қайысады.

Жаһандану тек біздің ұлтымызға ғана емес, жалпы барлық ұлтқа қиындық төндіріп тұр. Сондықтан да отбасында берілетін тәрбиеден бастап, мектептің тәрбие жүйесі этнопедагогикалық принциптерге негізделіп, ұлттық мазмұнда құрылуы тиіс. Ұлттық тәрбие алған адам өз ұлттын өз ата – анасындай сыйлайтын, өз елі мен жерін Отаным деп сүйе білетін, халқының тіліне, өнері мен мәдениетіне құрметпен қарайтын иманжүзді ұлтжанды азамат болады.

Қорытынды

Бауыржан Момышұлының мірдің оғындай қанатты сөздері халықтың аузында жүр. Сөйтсе де сол сөздерді жүйелеп беріп, жинақтаса, ол жаңа бір сипатқа еніп, халқымыздың батыр ұлының абыздық қырын аша түседі екен.

Кез келген ғылымның табан тірер түбірі немесе бастау алар көзі болады. Біздегі педагогика ғылымының қайнар көзі – қазақ этнопедагогикасы. Өзен – көлдер бұлақтан бастау алатыны белгілі, бұлақтың қайнар көзін жауып тастасақ, табиғатқа оның нәтижесі қалай әсер етер еді. Ғылым да өзара сондай сабақтастықта. Сондықтан, Жаһандастыру өткеніңді ұмытып келсең ғана қабылдаймыз деп тұрған жоқ. Ұлтыңды ұлықтап, мәдениетіңді дәріптеп, болмысынды ұмытпай барсаң ғана жаһанданудың мықтысы бола аласың.

Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.

Ежелден ер тілегі – ел тілегі. Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.

Опасызда Отан жоқ.

Отанда опасызға орын жоқ.

Отаның үшін отқа түс – күймейсің» деген сұрақтың жауабын Б.Момышұлы тұжырымды ойлармен береді.

Тәрбие адам бойында жақсы мінез-құлық қалыптастырады.

Көнтерілілік, көнбістік – асқақ адамның сергек ойына тұсау.

Ойлау дегеніміз – алған әсерді біртіндеп ендей отырып,
объективті шындықты бейнелейтін танымның жоғарғы сатысы.

«Сенімділік табысқа жетуге деген құлшынысты арттырады,


бойға қуат береді, дереу әрекет жасауға итермелейді. Кез келген шығынның орнын толтыруға болғанмен, адам шығынының орны толмайды» дейді Бауыржан Момышұлы.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Н.Ә.Назарбаев. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауы.- Астана, 2007. - 69б.

  2. Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы.- Астана. 2014ж

  3. Б.Момышұлы. ″Ұшқан ұя″. Алматы. - Жазушы. 1975. - 384 б.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет