«Б» корпусының бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Loading...


жүктеу 48.31 Kb.
Дата28.03.2017
өлшемі48.31 Kb.
«Б» корпусының бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы (бұдан әрі - Басқарма), 020000, Көкшетау қаласы, Қ.Сәтбаев көшесі, 1 «Б», анықтама телефоны: 25-68-57, e-mail: land.akmo@mail.ru, «Б» корпусының бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Жер қатынастары реттеуін үйлестіру бөлімінің бас маманы (санаты

D-О-4), 1 бірлік, қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық қызметақысы 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.



Функционалдық міндеттері: Жер заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде жер учаскелердің нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстарды дайындау; жер заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде қауымдық сервитутты белгілеу жөнінде ұсыныстарды дайындау; ауылшаруашылық мақсатындағы пайдаланылмайтын жер учаскелердің мемлекет иелігіне қайтару бойынша аудандардың және қалалардың (облыс маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарымен өткізілетін жұмысты реттеу; кепілдегі ауылшаруашылық жер учаскелері бойынша сұрақтарды реттеу және мониторингті жүзеге асыру; орталық және жергілікті атқарушы органдарымен, “Азаматтарға арналған Үкімет” Мемлекеттік корпорациясымен, облыстағы жер құқық қатынастарында басқа да мемлекеттік мемлекеттік органдарымен және жүргізуші мемлекеттік жер кадастрымен өзара іс-қимыл; есеп беруді құрастыру және тапсыру, басқарманың қызметіне қатысты бағдарламаларды әзірлеу, баяндамаларды және комиссиялар мен кеңес мәжілістерінің хаттамаларын дайындау; жер учаскелерінің жалдау ақысының есебі; базалық ставкалар бойынша жер учаскелерінің кадастрлық ақысын анықтау; жер қатынастары және басқа құқық қатынастары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; бөлім басшысымен анықталған басқа да өкілеттіктерді орындау.

Жалпы конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білімі жоғары қызметтер (жерге орналастыру немесе кадастр аясында) немесе ауылшаруашылығы ғылымдары (агрономия немесе топырақтану және агрохимия немесе мелиорация, рекультивация және жерді қорғау аясында) немесе құқық немесе экономика және бизнес (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы аясында) салаларында.

Келесі қасиеттердің бар болуы: жігерлілік, бейімділік, талдаушылық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бейімделу, тұтынушыға бейімделу, жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесіне талаптар қойылмайды.




Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы бүйрығымен бекітілген “Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсты өткізу ережелері” негізінде өткізіледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған

сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған өшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді

мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.


Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн Басқармаға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде Басқарманың электрондық поштасы не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің және Ақмола облысының жер қатынастары басқармасының интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткізу туралы соңғы жарнама орналастырылған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде 020000, Көкшетау қаласы Қ.Сәтбаев көшесі, 1«Б», 250-кабинет, Ақмола облысының жер қатынастары басқармасының мекенжайы бойынша немесе land.akmo@mail.ru электрондық поштасы бойынша ұсынылуы тиіс. Анықтама телефоны: 25-68-57.

Үміткерлермен әңгімелесу, олар әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарландыру күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде Басқарманың ғимаратында, Көкшетау қаласы, Қ.Сәтбаев көшесі, 1 «Б» мекенжайында өтеді.



Конкурсқа қатысу бойынша шығындарды (конкурсты өткізу орнына және кері қарай жол ақысы, тұру және т.б.) азаматтар өз қаражаты есебінен жасайды.
: sites -> default -> files -> pages
pages -> «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» рмм төменгі лауазым болып табылмайтын
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
pages -> Мемлекеттік көсетілетін қызметтерге жауапты қызметшілер туралы мәлімет
pages -> «Қамысты ауданы әкімдігінің бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысының сұрақтары бойынша жетекші маманы
pages -> «Жітіқара ауданының Шевченковка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты e-g лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты
pages -> Конкурс туралы хабарландыру
pages -> Есэдо го (версия 18. 4) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...