«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына жалпы конкурс



жүктеу 157.65 Kb.
Дата08.09.2017
өлшемі157.65 Kb.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына жалпы конкурс


Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

C-5 санаты үшін: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;


     жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-5


104 103

140 747

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, 010000, Астана қ., Бейбітшілік көшесі 10, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 70-99-35 электронды мекен-жайы: e.gafiyatulina@kgd.gov.kz бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

  1. Cалық бақылау департаментінің Аудит басқармасының сарапшысы, С-5 санаты (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері:

Өз құзіреті шегінде салықтық тексеру жүргізу бөлігінде салықтық бақылау жүргізу кезінде бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін қамтамасыз ету, тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік тексеру және өзге де кедендік бақылау нысандарын жүргізу, «Салық аудитін электронды бақылау» ақпараттық жүйесі арқылы салық органдарының салықтық аудитіне бақылау жасауды ұйымдастыру, ақпараттық жүйені пайдалану арқылы салықтық, кедендік тексеру бойынша салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, салықтық тексеруді ұйымдастыру және қатысу, құқық қорғау органдарымен бірлесіп салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді дұрыс есептеу, салықтық және кедендік заңнамасын үйрену, салық және кеден заңнамасына өзгерістер мен толықтырула ренгізу бойынша жұмысқа қатысу, басқару мәселелері бойынша өзге мемлекеттік органдар мен өзара іс-қимыл орнатуға қатысу, Басқарма құзыретіне қатысты салық төлеушілердің өтініштерін қарастыру, заңды және жеке тұлғалардың мәліметтері мен материалдарын салықтық және кеден заңнамасын бұзу фактілері мен салықты төлеуден жалтару жобаларын қолдану фактілеріне талдау жасау, талдау жұмыстарының нәтижесі бойынша салықтық және кеден заңнамасына қатысты бұзушылықтарды, салық төлеуден жалтару фактілерін болдырмау және алдын алу бойынша ұсыныстар жасау. кеден заңнамасының сақталуы мәселелері бойынша шаруашылық субъектілеріне тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік тексеру және кедендік бақылау нысандарын жүргізу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 (2015 жылғы 30 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12639 болып тіркелген). бұйрығымен анықталған, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін бағдарламалық тестілеуде көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты старегиясын білу. Салық және кеден заңнамаларын білген жөн. Басқа да міндетті білімдер.


  1. Салық бақылау департаментінің Камералдық бақылау басқармасының сарапшысы С-5 санаты (1 бірлік, уақытша 01.05.2018 жылға дейін бос)

Функционалдық міндеттері:

Өз құзіреті шегінде салықтық және кедендік бақылау жүргізу кезінде бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін қамтамасыз ету, камералдық кедендік тексерулерді жүргізу, салықтық камералдық бақылау жүргізу, ақпараттық жүйені пайдалану арқылы кедендік камералдық тексеру, салықтық камералдық бақылау нәтижесі бойынша салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, кедендік камералдық тексеруді ұйымдастыру және қатысу, камералдық бақылау нәтижесін камералдық бақылау «Хабарламақоюрежимі» «Бірыңғай деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы, салық және кеден заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмысқа қатысу, басқару мәселелері бойынша өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл орнатуға қатысу, Басқарма құзыретіне қатысты салық төлеушілердің өтініштерін қарастыру, заңды және жеке тұлғалардың мәліметтері мен материалдарын салықтық және кеденз аңнамасын бұзу фактілері мен салықты төлеуден жалтару жобаларын қолдану фактілеріне талдау жасау, талдау жұмыстарының нәтижесі бойынша салықтық және кеден заңнамасына қатысты бұзушылықтарды, салық төлеуден жалтару фактілерін болдырмау және алдыналу бойынша ұсыныстар жасау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 (2015 жылғы 30 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12639 болып тіркелген). бұйрығымен анықталған, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін бағдарламалық тестілеуде көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты старегиясын білу. Салық заңнамасын білген жөн. Басқа да міндетті білімдер.


  1. Салық бақылау департаментінің Берешектермен жұмыс басқармасының сарапшысы, С-5 санаты (1-бірлік )

Функционалдық міндеттері:

Басшылық тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау; мәжбүрлі өндіріп алу тәсілдері мен шараларын уақтылы және толық қарастыруды қамтамасыз ету; салық берешегін мәжбүрлі өндіріп алу тәсілдері тұрғысынан талдамалы жұмысты жүзеге асыруды ұйымдастыру; берешегі бар борышкерлер туралы мәліметтерді қалыптастырып, анықтамаларды, банкроттау рәсімдерінің айқын жүргізілу туралы басқа да ақпараттарды өкілетті органдардың сайтына орналастыру; Мемлекеттік кірістер комитеті әзірлейтін нормативтік құқықтық актілерге ескертулер мен ұсыныстар енгізу; Басқарма басшылығының құзыретіне енетін мәселелер жөнінде ұсыныстарды Басқарма басшысының қарауына шығару; Басқарма қызметкерлерін және мемлекеттік кірістер органдарының басшыларын ынталандыру және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстарды басшылыққа ұсыну; басқарманың құзыретіне енетін мәселелер жөніндегі жұмысты ұйымдастыруда төмен тұрған мемлекеттік кірістер органдарына практикалық және әдістемелік көмек көрсету; Басқарма басшылығының құзыретіне енетін мәселелер жөнінде жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан, төмен тұрған мемлекеттік кірістер органдарынан келіп түскен өтініштерді қарастыру және жауап дайындау; еңбек тәртібін және Мемлекеттік қызметшінің ар-намыс кодексін сақтау; мемлекеттік және қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 (2015 жылғы 30 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12639 болып тіркелген). бұйрығымен анықталған, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін бағдарламалық тестілеуде көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты старегиясын білу. Салық, кеден заңнамаларын, сондай-ақ оңалту және банкроттық туралы заңнаманы білу жөн. Басқа да міндетті білімдер.
4. Салық бақылау департаментінің Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының сарапшысы, С-5 санаты (уақытша: 2-бірлік, 1-бірлік - 21.01.2019ж. дейін бос, 2-бірлік – 05.09.2017ж. дейін бос )

Функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшелерімен және ҚР ҚМ МКК басқармаларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

Басқарманыңқұзыреті шегінде, нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарына қатысу; Басқарманыңқұзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуді жүзеге асыру; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ҚР ҚМ МКК басқармаларына, мемлекеттік кірістердің аумақтық органдарына, салық төлеушілерге қажетті консультациялық көмек көрсету; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды және ақпараттық материалдарды дайындауға ҚР ҚМ МКК басқа басқармаларымен бірлесе қатысу; Басқарманың құзыреті бөлігінде мемлекеттік кірістердің аумақтық органдарының экономикалық-бақылау жұмысына жүргізілетін тексерулерге қатысу; ҚРҚМ МКК басшыларының тапсырмаларына сәйкес оған жүктелген өзге, сондай-ақ Басқарманың функцияларынан шығатын міндетті орындауды қамтамасыз ету; түсіндірме сипатындағы хаттарды дайындауды жүзеге асыру; Басқарманыңқұзыреті шегінде, салық салу жөніндегі мәселелерді дайындауды және бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіруді жүзеге асыру; салық төлеушілер өткізетін семинарлардың жұмысына дайындықты жүзеге асыру және қатысу; Басқарманыңқұзыреті шегінде, дайындау жәнеұсыныстарға талдауды жүзеге асыру; мемлекеттік кірістердің аумақтық органдарымен әдіснамалық жұмыстар жүргізуге қатысу және өткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе техникалықғылымдар және технологиялар. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 (2015 жылғы 30 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12639 болып тіркелген). бұйрығымен анықталған, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін бағдарламалық тестілеуде көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты старегиясын білу. Салық заңнамасын білген жөн. Басқа да міндетті білімдер.

5. Салық салу әдіснама департаментінің Әдіснама басқармасының сарапшысы С-5 санаты (1-бірлік)

Функционалдық міндеттері:

Корпоративтік табыс салығын, жеке табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, көлік құралдары салығын, жер салығын, мүлік салығын, ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу бөлігінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасының нормаларын түсіндіру және жетілдіру бойынша ұсыныстарды түсіндіреді және енгізеді, арнаулы салық режимдерін қолдану; мүлік салығын, жер салығын, көлік құралдары салығын, арнаулы салық режимдерін және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді әкімшілендіру; құзыреті бойынша салық есептілігі нысандарын әзірлеу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 (2015 жылғы 30 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12639 болып тіркелген). бұйрығымен анықталған, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін бағдарламалық тестілеуде көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты старегиясын білу. Салық заңнамасын білген жөн. Басқа да міндетті білімдер.

6. Салық салу әдіснама департаментінің Резидент еместерге салық салу басқармасының сарапшысы, С-5 санаты (уақытша: 1-бірлік, 24.08.2017ж. дейін бос)

Функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасының салық төлеушілерін салықтарды толық есептеу мен бюджетке уақтылы төлеу мәселесі бойынша тексерулерге қатысу, қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттардың ережелерін қолдану; халықаралық шарттар жобаларына салықтық сараптама жасау; халықаралық салық салу мен халықаралық шарттарды әкімшілендіру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; халықаралық шарттарды әзірлеу мен жасасу бойынша келіссөздерге қатысу; халықаралық салық салу мәселелері бойынша шетел мемлекеттердің құзыретті органдарымен ақпарат пен тәжірибе алмасуды жүзеге асыру; халықаралық салық салу мәселелері және қосарланған салық салуды бодырмау туралы, қарыздар, гранттар туралы халықаралық шарттарды әкімшілендіруге байланысты өзге де сұрақтарды қарастыру; шет тілдерді білу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 (2015 жылғы 30 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12639 болып тіркелген). бұйрығымен анықталған, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін бағдарламалық тестілеуде көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты старегиясын білу. Салық заңнамасын білген жөн. Басқа да міндетті білімдер.
Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні.

2016 жылдың 22 шілдеден бастап 2016 жылғы 1 тамызға дейін 7 жұмыс күні ішінде.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына e.gafiyatulina@kgd.gov.kz электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін:



  1. 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Конкурс комиссиясының қарауына азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына (e.gafiyatulina@kgd.gov.kz) электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады (олардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірмей береді, оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді).

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының олардын қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетте, 010000, Астана қ., Бейбітшілік көшесі 10 мекен жайы бойынша, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 70-99-35 кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

С-5 cанаттары үшін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер. Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутті құрайды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

Конкурс комиссиясының жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Мемлекеттік органның басшысының (жауапты хатшысының) келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 

___________________________


(мемлекеттік орган)  

Өтініш


      Мені ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.
   Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу
және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме
аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

      Қоса берілген құжаттар: ________________________________________________________________


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

__________                       _______________________________


   (қолы)                            (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«____» _______________ 20__ ж.

Әңгімелесуді өткізу тілі ________________________

байланыс телефоны ___________________________


«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 3-қосымша 

Фотосурет орны
(4х6)

САУАЛНАМА
(Өз қолымен толтырылады)

      1. Тегі________________________________________________________


      Аты ___________________________________________________________
      Әкесінің аты (болған жағдайда) ________________________________
      2. Азаматтығы__________________________________________________
      Егер өзгертiлсе, уақытын көрсетiңiз____________________________
      3. Бұрын сотталған ба едiңiз, қашан және не үшiн ______________
      4. Шет елде оқыған немесе жұмыс iстеген кезiңiз _______________
      Болған елiңiз _________________________________________________
      Болған уақытыңыз ______________________________________________
      Жұмыс iстеген немесе оқыған жерiңiз ___________________________
      5. Соттың шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетiңiз төмен немесе
шектелген деп танылдыңыз ба, қашан және не үшін _____________________
      6. Белгiлi бiр мерзiмге мемлекеттiк қызметті атқару құқынан
айырылдыңыз ба, қашан және не үшiн __________________________________
      7. Сіз мынадай:
      1) Сіз үміттенген лауазымға тікелей бағынысты;
      2) Сіз үміттенген лауазым тікелей бағынысындағы лауазымдарды
атқаратын мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы,
бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және
ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі,
немересі, жұбайы немесе зайыбы) болып табыласыз ба _________________.
      8. Тілдерді білуі: ____________________________________________
      9. Мекенжайы және байланыс телефоны ___________________________
      _______________________________________________________________

                                     



        _____________(жеке қолы)
                                             «___»_____________ 20 ж.
                                                 (толтыру күні)

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет