Б корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға облыс әкімі аппараты мен облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік



жүктеу 151.98 Kb.
Дата15.04.2017
өлшемі151.98 Kb.
Б» корпусының бос әкімшілік

мемлекеттік лауазымдарына орналасуға облыс әкімі аппараты мен облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Д-О-2 санаты үшін: Жоғары білім.  

Келесі құзыреттер болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.*

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



Д-О-3 санаты үшін: Жоғары білім.  

Келесі құзыреттер болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*

 5) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.*

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

* Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін, сондай-ақ конкурстан тыс негізде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің, кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының лауазымдарына тағайындалатын адамдарға қойылады.

      ** Ескерту: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.



Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-О-2

163 233

220 697

D-О-3

109 932

148 242

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты 160023, Шымкент қ., Нұрсәт ш/а, Астана даңғылы, ӘІО ғимараты «В» корпусы, 302 бөлме. Анықтама үшін сымтетік: 24-71-73, эл. почта s.tileuov@ontustik.gov.kz

1. Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары Д-О-2 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Міндеттер бөлісуге сәйкес бекітіліп берілген бөлімдерге жетекшілік жасайды. Жетекшілік ететін салаларына мемлекеттік сатып алу бойынша мониторинг жүргізу жұмыстарын үйлестіреді. Бюджеттік мониторинг жасауды ұйымдастырады. Басқармаға тиесілі мемлекеттік сатып алулар бойынша есептердің уақытылы веб-порталға ұсынылуын үйлестіреді. Басқармада іс-қағаздардың қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүргізілуін үйлестіреді. Электрондық үкімет бағдарламасы бойынша кіріс-шығыс хаттардың жағдайына талдау жасайды. Жетекшілік жасайтын бөлім қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді. Жетекшілік ететін бөлімдердің облыстық бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi жұмыстарды үйлестіреді. Облыстық бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсынылған бюджеттiк кредиттердi берудi, оларға қызмет көрсетiлуiн жүзеге асырады, олардың есепке алынуын, мониторингiн және қайтарылуын қамтамасыз етедi. Бақылау функциясы: жетекшілік ететін бөлімдердің жұмысына және қызметкерлердің функционалдық міндеттерінің орындалуына бақылау жасайды. Үйлестіру функциясы: жетекшілік жасайтын бөлімдердің жұмыстарын үйлестiредi.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика, қаржы, құқық, есеп және аудит.
2. Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы басқармасы ұйымдастыру-құқықтық және әкімшілік бөлімінің басшысы Д-О-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және жоспарлайды, бөлім қызметкерлерінің орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын қадағалайды. Басқарманың қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Басқарманың заңнаманы қолдану практикасын қорытады. Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсiндiру, басқармада жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң және заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзiрлеуге қатысады. Соттарда және басқа да мекеме, ұйым және кәсіпорындарда басқарманың мүддесін қорғайды. Басқармада іс-қағаздарды жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Басқарманың қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастырады. Үйлестіру функциясы: құқықтық мәселелер бойынша бөлімдердің жұмысын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Кұқық, мемлекеттік және жергілікті басқару.
3. Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Д-О-2 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Басқарма басшысының бұйрығымен анықталған бөлімдердің жұмысына басшылық етеді, жетекшілік ететін бөлімдердің тоқсандық жұмыс жоспарын бекітеді. Тоқсан сайын жетекшілік ететін бөлімдердің атқарған қызметіне сараптама жасайды және тиістілігіне қарай басқарма басшысына есеп береді. Бөлімдерде дайындалған мәліметтерді, есептерді, анықтамаларды және сұраныстарды сараптап, өз құзыреті шегінде қол қояды; Жетекшілік ететін бөлімдер бойынша: Облыс дамуының әлеуметтік-экономикалық болжамын әзірлеуін. Облыстың 5 жылға арналған даму бағдарламасына мониторинг жүргізуін. Шағын және моноқалаларды дамыту бойынша іс-шараларының орындалуына мониторинг жүргізуін. Облыс әкімі үшін түйінді нысаналы индикаторлары бойынша меморандум жобасын әзірлеуін. 2020 жылға дейін Шымкент агломерациясын дамыту іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторинг жүргізуін. Шекара маңындағы аудандардың елді мекендерін, тіректі ауылдық елді мекендері және аудан орталықтарын дамытуды іске асыру бойынша жұмыстарына мониторинг жүргізуін. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде ақпарат дайындауын. Облыстың әлеуметтік-экономикалық паспортын дайындауын ұйымдастырады. Жетекшілік ететін бөлімдер бойынша қажеттілігіне қарай жоғары тұрған органдарға, облыс әкімдігіне БАҚ және т.б. мекемелер мен ұйымдарға ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару.
4. Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының нақты секторды дамыту бөлімінің басшысы Д-О-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Жетекшілік ететін салалары бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлер болжамы негізінде бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне жоспарлы кезеңге шығыстар көлемін (лимитін) есептеп, жеткізу, сондай-ақ, жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджетті нақтылау немесе түзету енгізу барысында тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсынылған бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламаларын заңнамаларға сәйкестігін қарау, талдау жүргізу, нәтижесі бойынша. Облыстық бюджеттік комиссиясының қарауына қорытынды және тиісті ұсыныстар мен мәліметтерді дайындау. Мақұлданған ұсыныстар бойынша облыстық мәслихатқа тиісті материалдарды (облыс әкімдігінің қаулы жобасы және т.б.) әзірлеп, ұсыну. Облыстық мәслихатпен бекітілген шешімді іске асыру бойынша облыс әкімдігінің қаулысын әзірлеу шараларына қатысады. Жетекшілік ететін салалары бойынша тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жоспарлы кезеңге жалпы сипаттағы трансферттер (субвенция) көлемін қалыптастыру барысында, оған қатысты есептерін қарау және келісу шараларына қатысады. Жетекшілік ететін салалары бойынша тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшілері ұсынған бюджеттік инвестицияларға талдау жасау, заңнама талаптарына сәйкестігін қарап, нәтижесі бойынша экономикалық қорытындылар әзірлеуге, сондай-ақ, бюджеттік инвестицияларды іске асыру мониторингіне және олардың тиімділігін бағалауға қатысады. Жетекшілік ететін салалары бойынша қажеттілігіне қарай облыс әкімдігіне, жоғары тұрған органдарға, БАҚ және т.б. мекемелер мен ұйымдарға ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару.
5. Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қорғаныс және құқық қорғау органдары бөлімінің басшысы Д-О-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Қорғаныс және құқық қорғау органдары бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлер болжамы негізінде бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне жоспарлы кезеңге шығыстар көлемін (лимитін) есептеп, жеткізу, сондай-ақ, жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджетті нақтылау немесе түзету енгізу барысында тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсынылған бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламаларын заңнамаларға сәйкестігін қарау, талдау жүргізу, нәтижесі бойынша: Облыстық бюджеттік комиссиясының қарауына қорытынды және тиісті ұсыныстар мен мәліметтерді дайындау. Мақұлданған ұсыныстар бойынша облыстық мәслихатқа тиісті материалдарды (облыс әкімдігінің қаулы жобасы және т.б.) әзірлеп, ұсыну. Облыстық мәслихатпен бекітілген шешімді іске асыру бойынша облыс әкімдігінің қаулысын әзірлеу шараларына қатысады. Қорғаныс және құқық қорғау органдары бойынша тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жоспарлы кезеңге жалпы сипаттағы трансферттер (субвенция) көлемін қалыптастыру барысында, оған қатысты есептерін қарау және келісу шараларына қатысады. Қорғаныс және құқық қорғау органдары бойынша қажеттілігіне қарай облыс әкімдігіне, жоғары тұрған органдарға, БАҚ және т.б. мекемелер мен ұйымдарға ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару.
6. Оңтүстік Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль басқармасы құжаттандыруды қамтамасыз ету, жұмыстарды ұйымдастыру және заң қызметі бөлімінің басшысы Д-О-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Басқармада «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуын ұйымдастыру және бақылау. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, ҚР Үкіметі Кеңсесінің және орталық мемлекеттік органдардың, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, облыс әкімдігінің қаулыларына, облыс әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмаларына басқармаға қатысты бөлігінде мониторинг жүргізу, олардың мерзімінде орындалуын бақылау және мәліметтердің облыс әкімі аппаратына ұсынылуын ұйымдастыру. Басқармадағы жалпы құжат айналымының, Электрондық құжат айналымы Ережесіне сәйкес жүргізуілуін үйлестіру және бақылау. Басқарманың веб сайтындағы ақпараттарды облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметімен келісіп, жаңартылуын ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың хаттарын белгіленген тәртіппен қаралып, орындалуын ұйымдастыру. Мемлекеттік орган басшысы мен оның орынбасарларының бекітілген азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қабылдау жүргізілуін ұйымдастыру. Қызметкерлердің басқарма регламенті мен еңбек тәртібін сақтауына бақылау жасау, қолданыстағы заңнамада және басқарманың Ережесінде қаралған функциялардың, сонымен қатар Басқарма басшысы айқындайтын басқа да функциялардың орындалуын қамтамасыз ету. Бағынышты қызметкерлерінің жұмыстарын жобалау және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және дәлелдеу қабілеті.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқықтану, халықаралық құқық, халықаралық қатынастар, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару.
7. Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы Д-О-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізуді ұйымдастыру. Объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылыс тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау үшін ұсыныстар енгізу. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілген қызметтерді жүзеге асыратын құқығы бар сарапшылардың жұмыстарын заңға сәйкес тексеріп, шаралар қолдану. Жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдануды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құрылыс немесе құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі, сәулет және ғимарат.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi (ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні).

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар – оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде өтеді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізеді, оған оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметiнің құқықтық негіздерін, сондай-ақ оның жұмысын ұйымдастыру тәртібiн белгілейтін заңда айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.

Адам мемлекеттік әкімшілік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге де жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шықпаса, ішкі конкурстың қорытындылары бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға құқылы.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысады және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www. kyzmet.gov.kz

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет