Б. Х. Галиева тәрбие теориясының өзекті мәселелері



жүктеу 1.54 Mb.
бет1/8
Дата22.01.2017
өлшемі1.54 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Б. Х. Галиева



тәрбие теориясының өзекті мәселелері
Психология, педагогика және психология

бағыты бойынша білім алатын студенттер мен магистранттарға арналған оқу құралы


Павлодар


Кереку

2010


Б. Х. Галиева

тәрбие теориясының өзекті мәселелері
Психология, педагогика және психология

бағыту бойынша білім алатын студенттермен магистранттарға арналған оқу құралы

Павлодар

ӘОЖ 37.013(075.8)

КБК 74.200Я73

Г 16
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды


Пікірсарапшылар:

К. М. Кертаева – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің психология және педагогика кафедрасының профессоры;

Б. Д. Каирбекова - педагогика ғылымдарының кандидаты, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының доценті.


Галиева Б. Х.

Г 16 Тәрбие теориясының өзекті мәселелері : Психология, педагогика және психология бағыту бойынша білім алатын студенттермен магистранттарға арналған оқу құралы / Б. Х. Галиева – Павлодар : Кереку, 2010. – 96 б.


ISBN
Бұл оқу құралында тәрбие теориясының өзекті мәселелері баяндалады: тәрбиенің теориялық-тұжырымдамалық, әдіснамалық негіздері анықталады, қазіргі отандық және шетелдік тұжырымдамалық ілімдерге талдау жасалады, жастарға өзін-өзі тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыруға көмектесетін ұсыныстар мен кеңестер беріледі.

Оқу құралы барлық бағыт бойынша ғылыми-педагогикалық дайындықтағы магистранттарға, сондай-ақ педагогикалық мамандықтар студенттеріне арналған.


ӘОЖ 37.013(075.8)

КБК 74.200Я73

ISBN

© Галиева Б. Х., 2010



© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010
Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты.


Кіріспе
Ғаламдық жаһандану жағдайындағы қарқынды өзгерiстер қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Қазіргі қазақстандық қоғам жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген жан-жақты дамыған тұлғаны қажет етіп отыр, сондықтан білім беру жүйесі алдына осындай тұлғаны тәрбиелеу тәрізді үлкен талап қоюда.

Ел Президентiнiң  «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «...бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз ұрпақтарын жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады...»,- дейді.

Жастардың тәрбие мәселесі қоғам үшін әр уақытта өзекті болып келген. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу міндетін мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, сондай-ақ бүкіл әлемнің де қауіпсізідігін қамтамасыз етудегі маңызды істердің бірі ретінде ұғыну қажет. Адамзат жаһандану мен ақпарат дәуіріне, адам өмірін әлеуметтік және өзіндік мағынаға толтыруға бағытталған шақта саналы және парасатты тұлғаны тәрбиелеу – қазіргі білім берудің негізгі бағыты. Оның табысты болуы жеке басының өсу дәрежесіне байланысты – азаматтық сәйкестендіру, құқықтық сауаттандыру, жан-жақты қасиеттерді дамыту, мамандық пен өнерде өзін-өзі табу. Ең бастысы бұл кәсіби білім беру, студенттерді дамыту мен тәрбиелеуге қатысты. Студенттік жастар өз заманының ең дамыған бөлігі ретінде ертең-ақ қоғамның алға басушы күші болады, олардың ішінен саяси зиялылар қалыптасады, еліміздің және әлемнің келешегі соларға байланысты. Демек, педагогика ғылымының осы кезге дейiн қалыптасқан озық тәжiрибелерiне сүйене отырып, жаңа тәрбие идеяларын барынша пайдалану – басты талаптардың негiзi болуы шарт.

Ұсынылып отырған оқу құралының басты мақсаты – жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда жұмыс істей алатын мамандардың тәрбие саласы бойынша білімдерін кеңейту, сөйтіп оларды тәрбиелеп, дамытуға шағын да болсын үлес қосу және оларды өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру.



1 Тәрбиенің теориялық-тұжырымдамалық мәселелері
Тәрбие – педагог пен білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өзара әрекеттестігінің, олардың саяси, адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін, дене мәдениетін қалыптастырудың, қабілеттері мен рухани күш-қуаттарын дамытудың, қоршаған әлеммен және адамдармен қарым-қатынас орнатудың мақсатты, арнайы ұйымдастырылған педагогикалық үдерісі.

Тәрбие – субъектілерінің іс-әрекетімен, олардың белсенділігімен байланысты күрделі педагогикалық үдеріс. Ол тұлғаның зерделік, эмоциялық аясын байытып, жетілдіруді көздейді. Қандай іргелі идеялар тәрбие үдерісінің негізіне салынғаны жөн? Тәрбие теориясында тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін сан алуан түрлі тұжырымдамалық негіздемелер қалыптасқан.

Тұжырымдама – көзқарастар жүйесі, үдерістер мен құбылыстардың айқындалған түсінігі. Тәрбие беру тұжырымдамасын сипаттау дегеніміз тәрбиенің негізгі құрамдас бөліктерін: мақсаттарын, мазмұнын, қағидаларын, әдістерін, құралдарын және түрлері мен шарттарын – аша түсуді қажет етеді. Қазіргі заманғы әдебиетте «тұжырымдама» мағынасында «модель» термині де қолданыста жиі айналады.

Казақстанның білім беру кеңістігінде орын алған тұжырымдамалардың негізгілеріне зер салайық.


1.1 Кеңес педагогикасындағы тәрбие беру тұжырымдамасы және Қазақстандағы тәрбиенің қазіргі жағдайы
Қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі тәрбие сан түрлі тұрғыдан қарастырылады: дәстүрлі ресми тұрғыдан, сондай-ақ баламалы жүйелер де баршылық. Олардың барлығы азды-көпті коммунистік тәрбиені түбегейлі алмастыруға тырысады.

Коммунистік тәрбие жүйесі 1918 жылы В. Ленин, Н. Крупская, А. Луначарский, А. Макаренко және басқаларымен құрылған болатын. Ол Кеңес одағы кезінде 90-шы жылдардың басына дейін мемлекеттік жүйе ретінде өрбіді. Қазіргі кезде ол үлкен өзгерістерді басынан кешіруде, әйтсе де қазіргі заманғы білім беруде оның көптеген ережелері өз мағынасын сақтап қалған. Коммунистік тәрбиенің мақсаты жан-жақты дамыған, ұжымшыл азаматты, коммунизм мұрағияттарының өз ісіне берілген, саяси белсенді, отансүйгіш және интернационалистік, еңбекке коммунистік тұрғыдан қарайтын қасиеттері бар социалистік көзқарастағы тұлғаны қалыптастыру еді.

Тәрбие коммунистік бағытта және партиялыққа, коммунистік құрылыс пен өмір тығыз байланыста тәрбиелеу, ұжымда және ұжым арқылы еңбекке баулу, іс-әрекет пен сана-сезім бірлігі, педагогикалық басшылықтың ынта-ықыласы мен оқушылардың өнерпаздығының үйлесімділігі, саналы сұранысқа сай баланың жеке басына деген құрмет, балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға оң ықпал ету, жүйелі және өзіне тиесілі педагогикалық ықпал, мектеп, отбасы және қоғам тарапынан біртұтас педагогикалық талаптар тәрізді ұстанымда жүрді. Тәрбиенің осындай талаптар жүйесі білім беру ошақтарында жан-жақты жүзеге асырылды. Ол тәрбие мазмұнын былайша сипаттады: идеялық-саяси, адамгершілік, еңбек, құқықтық және т.б. Тәрбие құралдары мектептегі тәрбие жұмысы, оқу және еңбек ұжымдары, ұжым болып еңбектену мен қоғамдық қызметтен құралды.

Ұзақ жылдар бойы ресми мемлекеттік мәртебеге ие болған осы тұжырымдаманы бағалауға келсек, оның мынадай ерекшеліктерін атап өтуіміз керек:

- КОКП-ның саяси аппараты тәрбие жүйесі арқылы тұрғындардың идеологиялық бетбұрыстарын жүзеге асырды, бірыңғай ресми көзқарасты жүктеді;

- ұжым тұлғаны басу құралына айналды, конформистерді қалыптастырды;

- тәрбиенің мақсаты мен мазмұны тұлға үстінен қарауға, яғни тұлғаның емес, мемлекет пен өндіріс тұсынан құрылды;

- көбінде тәрбие ісінде авторитарлық әдістер пайдаланылды.

Қатаң идеологиялық тәрбие жүйесі кеңес заманындағы психология мен педагогиканың бай тәжірибесі мен объективті жаңалықтарын аша түскен жоқ. Л. С. Выготскийдың мәдени-тарихи мектебі, А. Н. Леонтьевтың теориялық қызметі, А. Макаренконың ұжымдық тәрбиесі, В. А. Сухомлинскийдің гуманистік педагогикасы және 60-80 жылдардағы жаңашыл педагогтардың озық тәжірибесі әлемдік ғылымға үлес қосып, қазіргі заман педагогикасында өз маңызың сақтап отыр.

Тәрбиенің мемлекеттік тұжырымдамаларының негізгі элементтері Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңдарында және басқа нормативтік құжаттарда да байқалады. Бұл көзқарасты тұлғаға бағытталған тәрбие негізіне жатқызуға болады, оның басты мақсаты тұлғаны өзін-өзі дамытуда ынталандыру, тұлғаның негізгі білімін және тұлғаның мәдениеттілігін әрі қарай дамыту, өмірде өзін-өзі билеу болып саналады. Тәрбиенің мазмұны тұлғаның бастапқы мәдениетімен сипатталады, оған өмірде өзін-өзі билеу мәдениеті, отбасылық қатынастар, қарым-қатынас мәдениеті, ақыл-ой және зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, дене, экономикалық, экологиялық, еңбек және құқықтық мәдениеті кіреді. Тәрбиенің әдістері мен формаларына: клубтар, балалар мен үлкендердің мүдделік бірлестіктері, оқытудың дәстүрлі және жаңа формалары және тәрбие жүйесіне қатысушылардың өзара ықпалдастығы (демалыс орталықтары, қоғамдық қозғалыстар, өнерпаздық ұйымдар) жатады.



Бұл тұжырымдаманы сипаттайтын негізгі белгісі – тәрбиенің коммунистік идеологияға тәуелділігін жою; жеке тұлғалық бағыт-бағдарда тәрбиелеу – айқын мақсаттар қойып, мемлекет мүддесіне емес, оқушылардың сұранысы мен мүдделеріне қарай тәрбие мазмұны мен әдістерін икемдеу, оқытушылар мен оқушылардың қарым-қатынасында демократизм мен гуманизм әдістерін пайдалану.
1.2 Шетелдік тұжырымдамаларды талдау өзектілігі
Қазіргі заманғы қазақстандық педагогика тәрбиенің жаңа нышандарын іздеуде, сондықтан да оған әлемдегі бар педагогикалық тұжырымдамалар үлкен қызығушылық тудырып отыр. Ғалымдардың ойынша, өзге елдердің педагогикалық тәжірибесі мен ғылымын тану арқылы біз өзіміздің елдегі мәселелерді шешуде, педагогикалық жүйемізді оңтайлы құрып, саналы бағамдауда көмегін тигізеді. Алайда бұл жерде ең бастысы тым шектен шығып кетпей, қайсысы қажет, қайсы бірі керек еместігін анықтап алған жөн. Атақты орыс педагогы К. Д. Ушинскийдің дәлелдемесі бойынша, әр бір халықтың өзіне тән ұлттық тәрбие әдістері бар, ол оның мәдениетіне, өмір салтына, сеніміне, құндылықтарына тікелей тәуелді. Ол оны халықтық білім беру деп атаған және өзге елдердің тәжірибесімен алмасып пайдалану шектеулі түрде қолдану керектігін алға тартқан. Бір халықтың педагогикалық тәжірибесін басқа халыққа дәл сол қалпында пайдалану мүмкін емес деп санаған. Бірақ оның сөзінде ғылымның, педагогикалық теорияның ұшы қиыры жоқ делінген, барлығына ортақ педагогикалық заңдар бар екндігі де ақиқат. Оның сөзінде өзгенің үлгісіне сүйене отырып қолдан жасалған әдістер мүмкін емес дегені шындыққа саяды. Алайда, қазіргі заманғы ғылым бойынша, әр түрлі елдердің педагогикасымен өзара алмасуына толық негіз бар деп саналады, оның ішінде: әр түрлі елдердің экономикасы, білім беруі мен мәдениетіндегі дүниежүзілік ғаламдық әдістері. Ғалымдар білім беру ісіндегі дағдарыс жайында айтады, жастардың әлеуметтену мәселелерін қозғайды. Өкінішке орай, бұл толығымен қазақстандық кеңістікте де орын алған: елдегі әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени үлкен өзгерістер біздің жастарымызды, оқушыларымызды батысқа еліктіріп әкетуде. Дәл осы жүйелер Америка, Жапония жалпы Батыс елдерінің педагогикасын танып-білуге деген өзектілігін арттырады. Бүгінде шетелдік жүйе мен теорияны объективті сараптауға толық жағдай туғызылған. Шындығында, білім беру жүйесінде өзара ықпалдасу сауалын оңтайлы түрде қойып, жастар Қазақстанда да, шетелдерде де білім алуы қажет, біздің білім беру жүйесі өзінің беделі мен ерекшілігін жоғалтпай, озық жүйемен алға басса, ал дәстүрлі қазақи тәрбие жүйесі баршылық, оны бүгінде шетелдік зерттеушілер танып отыр. Әдебиеттер мен тәжірибе талдауы көрсеткендей, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне қарамастан білім берудің педагогикалық, әдістемелік, адамгершілік-психологиялық қырлары тұрғысынан әр түрлі елдердің педагогтерінің идеялары мазмұны жағынан бір-біріне жақын келеді. Бұған мысал, АҚШтағы гуманистік педагогика және Амонашвили жұмыстары, 80-жылдардағы оқытушы-жаңашылдарының ынтымақтасқан педагогикалық идеялары, ұстанымдары, әдістері.

Батыстың тәрбие тұғыры, жалпы айтқанда, бихевиористік психология мен психоанализге негізделеді. Бихевиоризмге сәйкес, тәрбие дұрыс, қоғам құптайтын мінез-құлықты қалыптастыру болып табылады. Ал психоанализ бойынша, тәрбие –адамның бойындағы қиратушы ырықсыз әуестіктерді («Оны») «Жоғары Меннің» талаптарымен, әлеуметтегі өмірдің ережелерімен үйлестіру үдерісі. Америка мектептерінде біріккен әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық қызмет – психологтар, әлеуметтік жұмыскерлер, мұғалімдер, тәрбиешілер топтары – жұмыс істейді. Олардың міндеті – оқушыларға қиын жағдайда, сондай-ақ өзін және қоршаған ортаны тануда, оқуда, мамандық таңдауда психологиялық-педагогикалық кеңес беру және әлеуметтік қолдау жасау. Бұл үшін педагогтар дәстүрлі педагогикалық әдістермен қатар психологиялық және психотерапиялық әдістерді де қолданады: әлеуметтік, этикалық, психологиялық, медициналық, кәсіби мәселелер бойынша дәрістер, баяндамалар, әңгімелер; топтық пікіралмасулар мен рөлдік ойындар, тренингтер; жеке сұхбаттар, сабақтар, кеңестер.      Осының бәріне сабақ кестесінде арнайы уақыт бөлінеді, сондай-ақ оқушылардың санасы мен мінез-құлықтарын қалыптастыруды көздейтін сабақтар топтамасынан тұратын арнайы оқу пәндері де жүргізіледі. Мысалы, дау-дамайларды шешуге үйрететін курстар. Батыс тәрбие әдістерін талдай келе, олардың оң жағы ретінде оқушыларды өзін-өзі тануға, дамытуға, басқаруға көп көңіл бөлінетіндігін айту керек. Алайда, тәрбиеленушінің өмірлік проблемаларын психологиялық лаборатория шеңберінде ғана талқылау – кемшілігі тәрізді.

Соңғы жылдары отандық педагогика Шығыстың дәстүрлі тәрбие тәжірибесіне қызығушылық танытуда. Мәселен, жапон және корей елдерінің тәрбие жүйелеріне.

Жапон және корей тәрбие жүйелерінен дәстүрлі қазақ тәрбиесіне ұқсас ортақ тұстарды табуға болады. Мәселен, жапондықтарда да, қазақтардағыдай, баланың барынша еркін немесе қағажу көрмей өсу кезеңі бес жасқа дейін созылады. Бұл жасқа дейін жапондықтар баласын «патшасындай» құрметтесе, бес жастан он бес жасқа дейінгі аралықта «құлдай» жұмсайды, ал он бестен асқан соң «теңдесіндей» араласады. Он бес жасқа келген бала өзінің міндеттерін нақты білетін және ережелерге мүлтіксіз бағынатын ересек адам ретінде саналады. Жапон тәрбиесінің парадоксы да осында қордаланған: балалық шағында барлығы рұқсат етілген баладан тәртіпті және заңға бағына білетін азамат өсіп шығады. Расында, бұл елде кішкентай балаларға барлығы рұқсат етіледі, алайда 5-6 жасқа қарай бала әртүрлі жағдайларда қалай әрекет етуді белгілейтін ережелер мен шектеулерге толы қатаң жүйеге тап болады. Оларға бағынбау мүмкін емес, себебі барлығы да осылай жасайды, сондықтан басқаша жасауға ұмтылу ел алдында абыройдан айрылуға және ортадан аластатылуға барабар. Жапондықтар топтық немесе тобырлық санаға бағдарланған, мұнда топ мүддесі (осы тұста - отбасы) жеке бас мүддесінен жоғары қойылады.

Жапон дүниетанымының негізгі ұстанымдарының бірі – «бәрінің өз орны бар». Жапон тілінде, қазақ тіліндегідей, бір отбасының балаларын бір-біріне қатысты жалпылап атайтын атау жоқ. Мысалы, орыстардың «брат», «сестра» деген атаулары сияқты. Жапондықтар «ани» («аға»), «отоото» («іні»), «анэ» («апа», «әпке»), «имоото» («сіңлі») деп сөйлейді. Сондықтан үлкен-кіші, жоғары-төмен деген түсінік баланың санасында жүреді.

Жапондықтар балаларына дауыс көтермейді, қол жұмсамайды. Баланы ертеден дамыту ойын жапондықтар біріншілердің қатарында айтқан болатын. Жарты ғасыр бұрын әлемге әйгілі «Сони» фирмасының негізін қалаушы Масару Ибуканың «Үштен кейін кеш» атты кітабы жарық көрді. Бұл жапон педагогикасының дамуына жаңа дем бергені анық.

Корей қоғамында да балалар мен жастардың тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді. Бұған, мәселен, мынадай дәйек айғақ бола алады: Корей денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер институтының 2003 жылғы 4 қарашада басылып шыққан деректері бойынша, орташа оңтүстік корей отбасының ай сайын жұмсайтын қаражатының 56% балаларды күтіп, тәрбиелеуге және оларға білім беруге жіберіледі. Оңтүстік Корея тұрғындарының білім алу үшін жұмсайтын шығындары – әлемдегі ең жоғарыладың бірі, кейбір деректерге сүйенсек, Даниядан кейінгі екінші көрсеткішті көрсетеді. Ал жеке меншік репетиторлардың қызметін төлеу жағынан корейліктерге тең келетін ел жоқ екен.

Жапониядағыдай, Кореяда да жеті жасқа дейінгі бала – құдайдың сыйы болып табылады. Балаларға отбасында барлық жан ықыласы мен материалдық мүмкіндіктер жұмсалады. Тіпті ата-аналар арасындағы қарым-қатынас бұзылғанның өзінде де, бұл балаларға ешқандай зиянын тигізбейді. Мектепке дейінгі жастағы баланы корейліктер өте еркін ұстайды. Алайда, мұндай тәрбие стилі бала мектепке барғаннан бастап күрт өзгереді: тәрбие қатаң, баланы мұғалімге, жалпы үлкендерге құрметпен қарауды талап ететін стильге ауысады. Жалпы корей тәрбиесі Конфуцийдің іліміне сай жүзеге асырылады: ата аналарын құрметтеу – адамның бойындағы ізгі қасиеттердің жоғарғысы болып саналады, сондықтан да бұл тәрбиенің негізгі міндеті деп тұсініледі. Осы дәстүрдің сақталып келуі әр түрлі әлеуметтік ауытқуларды болдырмауға мүмкіндік береді. Корей педагогикасына балаға қатаң талап қойып, одан сол талапқа сәйкес болуына баулу, сөзі мен жүріс-тұрысына жауап беруге, ерінбей еңбек етуге үйрету тән. Әлеуметтік өсіп-жылжудың корейлік жүйесі биікке жетудің тек бір ғана жолын құптайды – білім арқылы. Әрине, корей тәрбиесінің осындай тұстары үлгі болуға лайық. Өкінішке орай, балаға асыра қысым көрсетудің теріс жақтары да жоқ емес: оның адамның бірегей шешім қабылдау қабілеттілігін төмендететіні белгілі.

Сонымен, шетел білімін алу үшін өзіңді танып-білу және жетілдіру мақсатында оның тұжырымдамаларын зерделеу қажет. Мектеп тарихында көбінде білім беру мен тәрбиенің ортақ тұжырымдамаларын философтар құрастырған. Тәрбиенің мақсаттары мен маңызы туралы, адамгершілік мұрағияттар мен құндылықтар жайында, қоғам мен тәрбиенің ықпалымен тұлға дамуының үрдістері турасындағы сауалдар - осындай мәселелердің барлығын философия қамтыды, осының шеңберінде сонау Ежелгі Шығыс пен Ежелгі Грецияда педагогика дамыды. Алайда қазіргі уақытта да педагогика өз алдына жеке ғылым бола тұра, философия бұл мәселелермен айналысып келеді, бұған арнайы сала, философиялық білімді қамтыған – тәрбие философиясы бар.

Тәрбие философиясы мен педагогиканың бір бөлімі ретіндегі тәрбие теориясының мәселелері өте жақын, негізінен, бұл педагогиканың әдістемелік сұрақтары: педагогикалық шынайылықты зерттеудегі ортақ философиялық нышанын құрастыру, тәрбие тұжырымдамаларын әзірлеу, тәрбие мен білім беруде жаңа тәсілдер іздеу. Тәрбие философиясындағы негізгі мәселелер мынадай санаттардан көрінеді, ол тәрбие, тұлға, социализация, тәрбиенің мақсаттары, мұрағияттары мен құндылықтары. Бұл тұрғыдан алғанда классикалық және қазіргі заманғы тәрбиенің шетелдік талдауы әдістемелік-теориялық мүддені алға тартады, сондай-ақ тәжірибелік: тәрбие мәселесін дұрыс қоя білу және олардың философиялық түсінігі өткенді сараптап, болашаққа болжам жасауына ықпалын тигізеді.


1.3 Педагогикалық тұжырымдамалардың жіктелуі

Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде тәрбие мен білім беру тұжырымдамалары айтарлықтай үлкен көлемде орын алған, соның негізінде оқу орындарында жүзеге асатын педагогикалық бағдарламалар, білім беру мен тәрбиенің жүйелері құрастырылған. Мынындай жағдай есте болу керек: білім мен тәрбие жөнінде көптеген авторлар оқыту мен тәрбиені егіз ұғым деп санайды, оқу және тәрбие мекемелерінде, кең әлеуметтік мағынадағы қатаң емес жағдайда басқарылатын әлеуметтік ортада өрбіту керек деп түсіндіреді. Сол себептен кейбіреулері әлеуметтендіру теориясына көңіл аударады, енді біреулері оқуға, үшінші біреулері міндетті түрде тәрбиеге, ал барлығын жинақтап келгенде оқутәрбие тұжырымдамасы шығады.

Көптеген тұжырымдамалардың түрлерін айыру үшін олардың түрлерін айыру үшін олардың ерекшеліктерін білген жөн. Педагогика теориясының тарихын талдау әдебиеттерінде сандаған ғасырлар бойы адамзат қоғамында екі үлкен бағыт негізге алынған. Оқу, тәрбие түрлері: бірінші - өктемшілдік мектебі, таңдаушы мектебі және екінші – гуманизм мектебі, бостандық мектебі. Тәрбие түрінің бағыттары, білім берудің жалпы бейнесін көрсетеді, тәрбиенің міндеттері, формалары мен әдістері, мұғалім мен оқушының қарым қатынасы, тәрбиешілердің мақсаттары, ұстанымдары, қағидалары.

Көрсетілген тәрбиенің бұл түрлерін білім беру мен педагогиканың дүниежүзілік тарихынан және қазырғы заман мектебінің педагогикасынан де көруге болады. Білім берудің бұл модельдерін белгілі бір мерзімде мектеп тарихында бірге жүретінін көрсетеді. Ғасырлар тарихына тереңірек үнілген сайын авторитарлық жүйенің басымдылығын аңғарамыз жаңа заманда, әсіресе 19 – 20 ғасырларда еуропвлық мектептердің көбі және педагогтар гуманистік педагогикаға баса назар аударды. Білім беру жүйесінде адамзат қатал құрбандықтан, дәстүрлі мектептен гуманистік жеке тәрбиеге бағыт алып отыр.

Ежелгі Египет, Үндістан, Қытай, Спартаның білім беру жүйесі орта ғасырлық Еуропа мектептеріндегідей өктемшілді болған. Бұл жағдай тәрбиенің негізгі моделі ретінде бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Тәрбиедегі өктемшілдік мынадай белгілерден көрінеді: оқушының мұғалімге қалтқысыз бағуыны заң болып есептелді; тәрбиеленушілердің өмір салтын, неге және қалай оқыту тәрбиелеу керек екендігін мұғалімге Үкімет анықтап береді; оқыту мен тәрбие міндеттеуге негізделді, түсінбей жаттап алу, балалардың ұсыныстарын ескермеу. «Баланың құлағы арқасында өседі» деген педагогиканы сынай айтқан ежелгі мысыр мақалы бар. Екінші жағынан қарағанда Платонның оқушыларымен Афина академиясының бағындағы әңгімесі, оның ұстазы Сократтың педагогикалық қағидалары, әл-Фарабидің міндеттеу емес сыпайы түрде түсіндірмесі кеңінен талқыға салынған. Осындай гуманистік көз қарас Коменский, Локк, Песталоцци, Дистервег, Ушинский және басқаларының еңбектерінде тәрбие мәселелері орын тапқан. Руссо әлемге «еркін тәрбиені» енгізген, оның басты қағидаларынің негізі тәрбиеде баланың табиғи дамуына кедергі жасамай тәрбиелеуге шақырады. Баланың оқу, жазу, ғылымды тануды міндеттеп емес осының барлығын балалар мұғалімнің көмегімен, өз ықыласымен жасауға жағдай туғызу. Тәрбиенің ерекшелігі – баланың табиғи күшінің оянуы және өз шығармашылығының дамуына жол ашу. Руссоның идеялары 19 – 20 ғасырлардағы Еуропадағы реформаторлар мектептеріне, Толстойдың педагогикалық ойларына ұлкен әсер етті. 19 ғасырда дәстүрлі классикалық білім беруден ерекшелінген тәрбие қазіргі заманғы тұжырымдамасы дәл осылардан бастау алды. Сонымен, бірқатар тұжырымдамалардың пайда болғанына жүз жылдан астам уақыт өтсе де, өзінің әдістемелік мағынасын бүгінгі күнге дейін сақтап отыр, соның негізінде оқу-тәрбие жүйесінің бағдарламалары құрылып отыр, олар бүгінде нақты оқу-тәрбие орындарында іске асырылуда.

Батыс педагогикасы ғылымда көрсетілген екі модель шеңберінде қандай білім беру түрлері, тұжырымдарға баса назар аударады?



Өктемшілдік бағытқа, сөзсіз, бихевиористік педагогиканы жатқызуға болады. Бұған шартты көлемде неотомизм педагогикасын, Парсонстың әлеуметтендіру бағытындағы «қатаң» теориясын жатқызғанымыз да жөн.

Гуманистік бағытқа неопедоцентризм, экзистенциализм, кейбір неопозитивистік ағымдар жатады.

Кейбір тұжырымдамалар ерекше қасиетке ие, олар екі бірдей модельдің қызметін атқарады, мәселен, педагогикалық технология (оқытудың технологиясы). «Өктемшілдік» сөзі тым өткір қабылданады. Дұрысырақ айтқанда, бұл педагогика оқушыға мақсатты түрде белсенді әсер ету, өзін-өзі басқарып, жеке тұлғаның дамуына ықпал етумен салыстырғанда қатал түрде басқаратын педагогикалық жүйеге жақын.

Сонымен, қазіргі заманғы педагогиканың тұжырымдамасын оқушының дамуы мен тәрбиесін басқару сипатына қарай екі түрге бөліп қарастыруға болады. Тұжырымдама түрлерінің түпкі мағынасы философиялық және ғылыми бағыттарға бөлінеді, оның құрамына: прагматизм, бихевиоризм және басқалары енеді.
1.3.1 Бихевиористік педагогика
20-ғасырдың басында пайда болған психология осы негізде құрылған. Классикалық бихевиоризмнің пайымдауы бойынша, жеке тұлғаның мінез-құлқын бақылау кезінде оның ішкі жан дүниесін ғылыми әдіс-тәсілдерсіз зерттелінбейтінін көрсетті. Демек, психология пәні  мінез-құлық, адамның белсенділігі, бихевиористердің «реакция» деп атаған және зерттеу барысында табиғи-ғылыми әдістерді қолдануға тырысқан, адам психикасы туралы объективті ғылыми білім болып саналады. Жеке тұлға, қоздырғыш жағдаяттар әсеріне байланысты психикасын таниды, ол Павлов оқуларындағы шартты рефлекстерінде де көрініс тапты. Сондықтан да олардың пікірінше, адамды оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыда қолдауға ие болатын, жігерлендіру мақсатында «дұрыс» әсер ететін, өмірде кездесетін жағдайлар ретінде қарастыру керек.

Кейінде жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару күрделене түсті. Аса ірі необихевиористердің бірі Б. Ф. Скиннер аңғарғандай, жеке тұлғаның мінез-құлқы оның ынта-жігерін ғана анықтап қоймай, оны қоршаған ортаның әсері, сондай-ақ адамның ішкі жан дүниесі: мәселен, адамның пайымдауы (тәжірибесі, бағыт-бағдарына сай) «реакциясының» нәтижесі, белгілі бір жағдайлардағы іс-әрекеті. Жеке тұлғаның мінез-құлқын реттеп отыру үшін Скиннердің ойынша, оң реакция тудыруда жағымды әрі жағымсыз қосымша күшті пайдалану керек деп санаған.

Адамның жағымды әсер (күш) алуы үшін және жағымсыз күштен арылуы  құпталмай, пікірталасу үстінде  Скиннердің айтуынша, «оперантты міңезқұлыққа» жатқызады. Өзінің мінезқұлқындағы рационалды бағытты анықтап алмайынша, адам ештеңе істей алмайды, сол арқылы қоғамның құптайтын ісәрекеттеріне мойынсұнып, сынға түскен мінезқұлықтан бойын аулақ ұстай алады. Көрсетілген мұндай көзқарастан адамның мінезқұлқы оқыту мен тәрбие үрдісін құруға жағдай жасайтынын аңғару қиын емес. Скиннердің бағдарламалық оқытуды құрушылардың бірі болғандығы, әрі оқытудың нәтижесін біртіндепбақылап отыруды ұсынған ғалым екендігі баршамызға мәлім. Скиннер және оны жақтаушылардың ойынша, бұл көзқарас «дұрыс» азаматтарды қалыптастыру жолындағы мәселелердің оң шешімін табуға көмектеседі. Олар арнайы мінезқұлық туралы «мінезқұлық технологиясын» құру керек деп есептеген. Скиннердің тұжырымдамасына сәйкес, қоғамдық өмірді басқару үшін қосымша күшті пайдалана отырып жоспарлау керек, жастардың қарсылығын тудырмай, әлеуметке зиян келтірмей, осы көрсетілген қасиеттерге сай қоғам мүшелерін қалыптастыру. Бұл үрдісті ол «модификациялық мінез-құлық»  дейді. Жеке тұлғаның қалыптасуында әлеуметтік құпталған мінезқұлыққа итермелеуді көздейді. Оның ойынша, оперантты ісәрекет, яғни қосымша күш жүйесіне сәйкестендірілген мінез-құлық адамның моральдік таңдауынан арылу адамгершілік және рухани факторлардың барлығы мінез-құлықты төмен деңгейге түсірмейді. Осылайша оперантты мінез-құлық адамның нағыз еркін болуына жол ашады. Егер адам қоғам тарапынан берілетін жағымды қосымша күшті пайдаланса, онда ол адам өзін ерікті әрі бақытты сезінеді. Бұдан қоғамның өзі кемелдене түседі. Ол бұл ойларын ғылыми әдебиеттерде ғана жариялап қана өоймай, «Уолден екінші» таңғажайып қияли шығармасында да дамыта түскен.

Бихевиоризмді оқу арқылы адамның мінез-құлқын зерттеу ісінде ілгері жылжу байқалып, педагогика, психология және психотерапия ілімдеріне оң әсерін тигізді. Соңынан мұғалім, әлеуметтік қызметкер, мектеп психологтары туралы кепілдеме де анықталды. Ол мұғалімдердің кәсіби мінез-құлықтарын бихевиоризм әдістері негізінде құрды: мұғалім өзінің іс-тәжірибесінде оқушыға ықпал ету әрекетін мегеріп, іс жүзінде тиімді қолдана білуі керек. Негізінен жағымды қосымша күш көілге оң әсерін тигізеді, себебі олар қанағаттану сенімі мен қол жеткен жетістіктерді бекіту сезімін тудырады. Мұғалімдардің лексикасын өзгерту жөнінде ұсыныс та жасалды. «Балалармен жұмыс барысында қолданылатын жүз сөз» тізімі де жасалған еді, мысалы, онда: жарайсың, мен сен үшін қуаныштымын, мақтауға тұрарлық және басқа сөздерді кездестіруге болады. Оқушының білімі жоғары бағаға жетпеген жағдайда, «сыпайы» түрдегі жағымсыз қосымша күшті пайдаланып, баға беруден бас тартып, «тағы ойлан» деген кеңес беріледі. Бихевиористік педагогика дами келе, гуманистік педагогикаға жақындайды: қосымша күш техникасының болмысы бойынша «Баланы психологтың жылы қабылдауы және сезім рефлексиясы, яғни аффективті-бихевиористі тұрғы ретінде қарастырылады». Бұл баланың сезімін білдіру және онымен өзара байланысындағы жағдайлардың ескеру керектігін білдіреді. Тұтасымен бихевиористік педагогика биоинженерлік тәрбиеге технологиялық тұрғыдан қарауды ұсынады. (Скиннер өзінің зерттеулерінде жануарлармен тәжірибе жасағаны бекер емес). Бихевиористік педагогика тәрбиені технологиялық тұрғысынан ынталандыра түсті. Осыған орай жеке тұлғаның көрсетілген қасиеттер жиынтығы, оқушының моделі, құралдар жүйесі мен әдістері, жобалары жасалды. Бұл педагогикада технократикалық бетбұрысқа ықпал етеді: жеке тұлғаны қалыптастыруда ғылыми-педагогикалық әдістерді жетілдіру арқылы қоғамды бақылауға алу. Оқушылар мен үлкендер арасындағы психотроптық әсері теориясы мен практикасы технократикалық тұрғысын көрсетеді. Формокологиялық препараттың көмегімен тәрбиелеу ісі барлық адамгершілік және құқықтық нормаларға қайшы келеді.

Скиннердің ғылыми ойлары ең алдымен жеке тұлғаны өрескел түрде пайдаланғандығын сынға алып және сыналу қалпында қарастырады. Бихевиоризм адам өмірін биологиялық, механикалық әсеріне қарай жіктей келе, оның сана-сезімін, құндылықтарын, адамгершілік қағидаларын, көзқарастарын, түрткілерін, ерік-жігерін  яғни, жеке тұлғаның мінез-құлығын айқындайтын барлық ерекшеліктерін ескермейді. Скиннердің қарсыластары, оны адамның гуманистік қасиеттеріне қарсы болғандығын, жеке адамды басқару ойын қатаң сынға алады. Әйтсе де оның «мінез-құлық технологиясын» жақтаушылар жоқ емес. (Әсіресе, АҚШта). Олардың пайымдауынша, тәрбие жүйесінде, мектептерде тәртіпті, тіл алғыш, қоғамда өз рөлін бұлжытпай орындаушы, жауапкершілігі мол азаматтарды тәрбиелеуді жақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет